Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектеп оқушыларының күрделі сезімдерін ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру

Аңдатпа

Мақалада мектеп оқушыларының патриоттық, эстетикалық сезімдерін қалыптастыруда ұлттық сәндік қолданбалы өнер мен олардың турлерінің алатын орны, баяндалады. Жасөспірімдер ұлттық мәдениет пен салт дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп, дуниеге көзқарасы, озық ойлау жуйесі қалыптасатыны анық. Мектеп оқушылары өзін қоршаған ортаның әсемдігін сезіну, тану, қабылдау қасиеттері мен рухани мәдениетін қалыптастырып тәрбиелеу білім беру жуйесінің бір міндетті. Жасөспірімдер ұлттық мәдениет пен салт дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп, дуниеге көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық. Мектеп оқушылары өзін қоршаған ортаның әсемдігін сезіну, тану, қабылдау қасиеттері мен рухани мәдениетін қалыптастырып тәрбиелеу білім беру жуйесінің бір міндеті.

КІРІСПЕ

Елжандылық жэне өзгеде сезімдер адам баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс танып білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Бүгінгі таңда өмірлік тәжірибесі аз жас ұрпақтың дүниетанымдық патриоттық, эстетикалық және инттелектуалдық сезімдерін қалыптастыру өзекті мәселе болғандықтан, бұл бағыттағы мәселелерді шешуде ұлттық сәндік қолданбалы өнердің алатын орны ерекше.

Сезім - бұл, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұратын күрделі психикалық құбылыс. Психология ғылымында ғылыми негізде айқындалған адамгершілік (моральдық), инттелектуалдық (сенсорлық), эстетикалық сезім түрлерін мектеп оқушыларына ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру бүгінде оң нәтижесін беруде. Демек, халық мұрасындағы сәндік қолданбалы өнермен еңбек пәнінің өзара байланысы арқылы мектеп оқушыларының патриоттық, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру бүгінде өзекті мәселелердің бірі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі кезде елімізде ұлттық кұндылыктардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы "Мәдени мұра бағдарламасындағы мақсаттардың бірі - «халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау»."Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде" еңбегіндегі "Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр "деген сөзі біз көтеріп отырған мәселеге нақты айғақ бола алады.

Жасөспірімдер ұлттық мәдениет пен салт дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп, дүниеге көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық. Мектеп оқушылары өзін қоршаған ортаның әсемдігін сезіну, тану, қабылдау қасиеттері мен рухани мәдениетін қалыптастырып тәрбиелеу білім беру жүйесінің бір міндеті. Демек, мектептегі технология, еңбек, бейнелеу сабақтары балалардың патриоттық, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру мәселесін көркем - шығармашылық іс-әрекеттен бөліп қарамай оны ұлттық сәндік қолданбалы өнермен тығыз байланыстырып ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімді қалыптастыру мәселесін шешуге болады. Олай болса ұлттық сәндік қолданбалы өнерді үйретіп оқыту арқылы ұлттық мәдениетті қалыптастыру оқу тәрбие үрдісінің негізгі міндеттерінің бірі болып келеді. [1].

«Сәндік - қолданбалы өнер» ұғымы XX ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін- бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қолөнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді.

Қазақтың ұлттық өнерін зерттеуші ғалымдардың бір тобы К. Әмірғазин, Е. Асылханов, Қ. Болатбаев, М. Мырзақанов, Ж. Балкенов, С. Жолдасбекова, Ұ. Әбдіғапбарова және т.б. авторлар «сәндік-қолданбалы» өнер түрлерін жіктеп: тоқыма өнері, киіз өнері, кесте және тігін өнері, ши өнері деп белее, қазақ ұлттық киімдерінің шығу, даму тарихын, әлеуметтік мәнін, мазмұндық, технологиялық, стильдік ерекшеліктерін саяхатшы -ғалымдар: И.П. Фальк., П.С. Паллас., И. Георги., Г.И. Спасский., А.И. Левшин жэне т.б. авторлар қарастырса, этнографтар: Ө. Жәнібеков., С. Қасиманов., Ә. Марғұлан., М.С. Муканов және т.б этникалық ерекшеліктерге байланысты қазақ халқының мәдениетін, технологтар: С.Ж. Асанова., М.А. Нұржасарова., өнертанушылар: Э. Рассохина., К. Ибраева., Б. Асанова., суретшілер: Р.Д. Ходжаева., И.В. Захарова., Г. Тәкішева., А. Құралов., Қ. Саматұлы ұлттық мәдениетті ой елегінен өткізсе, қазақ ұлттық киімдеріне бейнеленетін ою - өрнектердің тәлім - тәрбиелік мүмкіндіктерін, ұлттық киім саласынан білімдерді жоғары оқу орнының оқу - тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын педагогтар: Ұ.М. Әбдіғапбарова., С.А. Жолдасбекова., Н.Б. Рахметова., Р.А. Дәрменова зерттеп зерделеген. [2].

Сонымен аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге сүйенсек, онда ұлттық сәндік қолөнер оның шығу тарихы, тәрбиелік мәні біршама зерттелгенмен, күні бүгінге дейін ұлттық сәндік қолөнердің мектеп оқушыларының жоғарғы сезімдерін қалыптастыру мәселесі әліде педагогикалық - психологиялық бағытта толық зерттелмеген. Демек, мектеп оқушыларының жоғарғы сезімдерін тәрбиелеп қалыптастыруда ұлттық сәндік қолөнердің бірі:

а) кесте тігу. Кесте - сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады.

Кесте тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде кестені зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиһаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік- туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі, биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер - тұрмандарды, т.б. тұрмысқа қажетті заттарды безендіру үшін кесте көп пайдаланылған. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Алтын жіппен тігу түркі халықтарының бәріне тән өнер. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, қамзол, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі.

Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гул шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кесте тігудің де бірнеше түрлері бар. Тышқан із, біз кесте, шым ши, шынжыр тігіс, толқынды тігіс. Бұл кесте тігістерімен орамалды, кимешектерді, көйлектерді, әйел адамдардың бас киімдерін кестелеп тігеді. Ол үшін арнайы кергіш қолданады. Әр түрлі жіптермен кестелейді. Мәселен, кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою - өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. [7]. Шым кесте - тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі. Кесте матаның кесте түсер тұстарының жібін суырып тастап немесе қалың мата бетін алдын ала ойып алып та тігеді. [4].

Сонымен, мектеп оқушылары ұлттық сәндік қолөнердің бір түрі кесте тігуге үйреніп, дағдыланып шығармашылық іс әрекетпен айналысады. Демек, ұлттық сәндік өнердің бұл түрі балалардың танымдық қызығушылықтарын тудырып, сезімін оятып ішкі рухани жан дүриесін байытады. Кесте тігуді үйренген әрбір мектеп оқушысы өз ісінен ләззат алып, сүйіспеншілік сезімі оянып қана қоймайды, эстетикалық сезімі қалыптасады. [5].

ә) кестенің тағы бір ерекшелігі - ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес домалақ жылтыр материалмен орындау.

Бисер деп кішкентай ғана формалары мен орындалу технологиясы әр түрлі кішкене ғана моншақтарды айтамыз. Оларды формалары дөңгелек, шар тәрізді, цилиндр тәрізді, қырлы т.б. болып келеді. Бисердің тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алынады. Жіп ұсақ моншақпен түстес болуы қажет. [3].

Бисер тоқу өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан, халық шығармашылығының әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресей, шет елдер сияқты Қазақстанда да өте жоғары бағаланады.

Бисермен жұмысқа Kipicnec бұрын алдымен үлгі жасап қарау керек, ол түстердің дұрыс таңдалғанына, бояуының қанық орналасқанына т.б. ерекше мән береді. Сондай-ақ схема бойынша жүріп, әр жұмысты өз орнымен, уақытымен, орналасу тәртібімен жүргенін ескеру керек. Бисердің көлемі мен саны, түрі мен түсі, бояу қанықтылығы жасалынатын бұйымның әдемі, мықты, сапалы болуына кепілдік береді.

Бисермен жүмыс жасаудағы ең қажетті процесс - шынжырлап тоқу. Ол бисермен жұмыстың ең негізгі процессі болып саналады. Онсыз бисермен жұмыстың ең қарапайым түрі де жүрмейді. Оның екі түрі бар.

Біріншісі, бір жіпке шынжырлар тізу;

Екіншісі, бірнеше жіпке шынжырлап тізу.

Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмке тоқуға болады. Бүгінде бисер өру дәстүрі қайта сәнге кіргендіктен, технология сабақтарында бисердің қолдану көбеюде.

Беделді мамандардың пікірінше, өзінің бос уақытын осы іске, яғни маржанмен кестелеуге және кесте тігуге арнаған адамдардан бірнеше сапалық қасиеттер талап етіледі. Олар:

  • талапты ақыл-ой;
  • заттарды сезіне білу талабы;
  • бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен мектеп оқушыларының сезімін ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру мәселесін психологиялық - педагогикалық тұрғыда талдай келе, ұлттық сәндік өнердің қай түрі болмасын оның ішінде кесте, бисер тігу:

  • балалардың үйлесімді, жарасымды дамуына ықал жасайды;
  • балалардың қарапайым сезімін (қуаныш, жақсы көру т.б.) және күрделі сезімдерін (моральдық - адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық) оятады;
  • балалардың сәндік, көркемдік, парасаттылығын қалыптастырады;
  • балаларды жылылыққа, сұлулыққа тәрбиелейді;

136

  • балалардың рухани танымдық қабілеттілігін дамытады;
  • балаларды ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баул иды. тәрбиелейді.

Демек, ұлттық сәндік қолөнер мектеп оқушыларына шабыт беріп, олардың көңілдерін жайландырып, шаттық сезімдерін ұялатады. Олай болса, біз қарастырған ұлттық сәндік қолөнердің бірі кесте, бисер тігу оқушылардың жағымды эмоциясын туғызып, ол эстетикалық сезімді қалыптастырады. Өйткені ұлттық сәндік өнерді игерген, меңгерген әр оқушының жүрегі жылы, нәзік болады. Жүрегі жылы, нәзік, эстетикалық талғамы бар оқушының адами адамгершілік, инттелектуалдық, патриоттық және эстетикалық сезімі жоғары болмақ [6]. Бұдан туатын тұжырым өскелең ұрпақты батыс еуропа мен күншығыс елдерінің стилі мен мәдениеттеріне ұмтылуына тосқау жасап, ұлтымыздың өзіндік қол-өнерімен, әдеп-ғұрпын, ұлттық мәдениетін жас ұрпаққа беру арқылы олардың жоғары сезімдерін қалыптастыруға болады деп санаймыз. Ол үшін ұлттық өнерімізді жас өрендер бойына сіңіруге, көптің игілігіне айналдыруға жан сала жігер жұмсап, жұмыс істеуіміз қажет-ақ. Сонда ғана шәкірттеріміздің бойында жоғары сезімдердің қалыптасуына ұлттық өнеріміздің өркен жаятыны ақиқат.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президент! - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы 18.01.2014. http://www.akorda.kz/ «Энциклопедия» Алматы. 2003.
  2. Басенов Т.К. Прикладное искусство Казахстана. - Алма - ата,1951.-269 с.
  3. Белякова О.В. Найденова А.Л. Салькова. Е.Б. Бисер для начинающих, Изд. Дом «Владис»., 2009.
  4. Дэуренбеков Ж. «Қазақстан өнері». Алматы. 1983 .
  5. Казақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік багдарламасы // "Білім әлемі" газеті, 30. 10. 2004.
  6. Қазақ өнерінің тарихы, I -III том, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары, Қазақстан Республикасының президент! Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылған. Өнер баспасы. Алматы. 2007.
  7. Мұхамеджанұлы 3. «Қазақтың кесте өнері» Алматы. 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.