Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқытудың инновациялық әдістерін қолданудың психологиялық аспектілері

Аңдатпа

Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі негізі болуы үшін студенттер санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет. Студенттерге инновациялық-дидактикалық, деңгейлеп саралап оқыту, оңтайлы әдіспен оқыту, модулдік технологиясы арқылы білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеуден басталды. Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы - оқыту. Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Білім берудегі инновациялар - қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарныа сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылы/угардың сақталуына ықпал етсе,екінші жағынан, олар барлық ескі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өзгерте алады.

КІРІСПЕ

Тәрбиенің басты мақсаты қоғамның нарықтық қарым-қатынас кезеңінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын XXI ғасырды құрушы, шебер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеп дамыту - деген тұжырымдаманы негізге ала отырып Қазақстан Республикасы қазіргі отандық білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі ұштасып жататын азамат етіп тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым және тәрбие жетістіктері мен қатар ұлттық рух пен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптасгырып, дамытуға жағдай жасау қажеттілігі айтылған [1].

Уақыт талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы тәрбие талабы жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына эсер етіп отыр. Бұл тұрғыда философиялық, психологиялық және педагогикалық тақырыптағы ғылыми зерттеулер кеңінен арналған.

Біз қадам басқан XXI ғасыр жан-жақгы дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуын білдіреді, мұнда әрбір студент ақпаратқа, қазіргі инновациялық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс. Яғни, біз өмір сүріп отыған әлем - жаңару үстіндегі ақпараттық ілімдік орта. Олай болса, педагогикалық және ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың үйлесуі білім беру үдерісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс.

НЕПЗП БӨЛІМ

Білім берудегі инновациялар - қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарныа сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе,екінші жағынан, олар барлық ескі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өзгерте алады. Осыдан келіп, оқу процесін жаңаша жүргізуге талпынғандарға арналаған ерекше талаптар туындайды.

Жеке тұлға алдымен өз әрекеті арқылы дамиды. Технология - жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технология - жан-жақты оқытудың,сапалы білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың тың ізденістерін, тиімді, нәтижелі ізденістерін талап етеді [2].Студенттердің білім алу, даму іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету,білімді өз ынтасымен алуына жағдай жасау-педагогикалық технологиялардың басты белгілері болып табылады.

Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды қолданудағы мақсат - студентті ғылыми ойлауға, болмысты тануға, өз бетінше білім алуға, ізденуге дағдыландыру, шәкіртті оқу процесінде мұғаліммен бірдей субьект ретінде қабылдап, қарым-қатынасын жетілдіріп, студенттердің танымдық құндылықтарын, тәжірибелік іс-әрекеттерін дамыту, студенттің ақыл-ой әлеуетін қалыптастыруға белсене қатысу, жеке тұлғаның рухани жаңаруына жағдай жасау, дарынды балалардың қабілетін дамытуға қолайлы жағдай туғызу, шығармашылық жұмысқа бағыттау. [3].

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үлгісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр:білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:

  • Білім мазмұны жаңа біліктерімен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
  • Ақпараттық дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон немесе радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
  • Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
  • Мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі роліне мән берілуді.

Кез келген елдің экономикалыққуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіркеледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің, қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі»,- деп көрсетеді С.В.Селевко. [4].

Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізері мәлім. Ал, техникалық прогресс қоғамдық жэне жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да егізі деп білуіміз керек.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады [5].

Шынында, бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі обьективті қайшылықты анықтаумен байланысты.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңы. 2011.
  2. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.Основы педагогического мастерства. Зязюн И.А. 1989.
  3. Беспалько В.Н. Слагаемые педагогические технологии. М,1989.
  4. Амонашвили Ш.А. Личность - гуманная основа педагогического процесса. М, 1990.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.