Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шамғали сарыбаевтың ғылыми - әдістемелік еңбектерінің дидактикалық ерекшеліктері

Андатпа

Бул мақалада батыс өңірінің тумасы, қазақ тлін оқыту әдістемесінің негізін салушы Шамғали Сарыбаевтың ғылыми- әдістемелік еңбектеріндегі дидактикалық ұстанымдары қарастырылады.

Әр ғылымның өзіндік даму жолдары бар, оны дамытуда ерекше қызмет атқарған белгілі тұлғалар бар. Сондықтан ғылымның даму тарихын білу қандай қажет болса, ғылымның бастау кезінде тұрған, іргетасын қалаған тұлғаларды білу де сондай қажет.

Бұл орайда жерлесіміз, батыс өңірінің тұлғасы Шамғали Сарыбаевтың ғылыми- әдістемелік еңбектерінің орны ерекше. Ана тілін мектептерде оқыту әдістерін зерттеп, нақты әдістемелік еңбектер жазған белгілі әдістемеші - Шамғали Сарыбайұлы. Ол қазақ тілін оқыту әдістемесін жеке ғылым ретінде қалыптасуына айрықша үлес қосқан алғашқылардың бірі.

Шамғали Сарыбаевтың ірі ғылыми әдістемелік еңбегі «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» деп аталады, ол екі кітаптан тұрады. Бірінші кітабы 1959 жылы шыққан. Екінші кітабы ғалым қайтыс болғаннан кейін, 1956 жылы басылып шығады. Осы саладағы келесі бір еңбегі «III кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқаулар» деген атпен 1955 жылы баспадан шыққан. Жалпы осы әдістеме мәселесіне қатысты 40- тың үстінде мақала, еңбектер жариялаған ғалымның баспадан шығып үлгермеген жазбалары да жоқ емес. Айталық ғалымның «Орыстарға қазақша сөйлету методикасы» (263 беттік машинкаға басылған қолжазба) атты екі бөлімнен тұратын көлемді қолжазбасы кезінде түрлі себептерге орай жарық көре алмаған. Қолжазба қазір ғалымның ізін жалғастырушы ұлы, бұл күнде өзі де үлкен ғалым Шора Сарыбаевтың жеке архивінде сақтаулы тұр.

Әдетте ғалымдар не бірыңғай бастауыш мектеп әдістемесімен, не бірыңғай орта мектепте қаазақтілін оқыту әдістемесімен айналысады. Бұл орайда біз

Ш. Х.Сарыбаевтың ерекшелігі мол осы екі саланың екеуін де зерттеу ісімен шұғылданғанын көреміз. Осының өзі - ақ ғалымның әдістеме ілімінің бір саласымен ғана шектеліп қалмай, құлашын кең сермеп, жалпы мектепте қазақ тілін оқыту мәселесін зерттеу ісін өзінің төл ісі деп санағанын анық дәлелдейді.

Ш.Х.Сарыбаев « Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері » атты ірі әдістемелік еңбегінде қазақ тілінің әр сабағының әдістемесін жасап берген. Бұл өз кезінде мұғалімдерге үлкен көмек болды. Тіл мұғалімдері Ш.Х. Сарыбаевтың осы еңбегі арқылы әр тақырыптағы сабақтарды қалай оқытуды үйренді, оның тиімді үлгісін көрді. Осы еңбекте ғалым тілдегі әр тақырыпты қалай оқытудың үлгісін береді, онда қолданылатын әдіс - тәсілдерді көрсетеді. Ғалым өз еңбегінде тілдегі әр тақырыпты оқытқанда, мұғалім кездесетін қиыншылықтардан жеңіл өтудің жолдарын да, қате жолға түспеу үшін істелетін жұмыстарды да көрсетіп отырған. Қысқасы, әдіскер - ғалым әр тақырыптағы сабақтың алғашқы минутынан соңғы минутына дейінгі әр кезеңдегі жұмыстың жүргізілу әдісін жүйелі түрде көрсетеді. Сол арқылы мұғалімдердің сабақта қателеспеуіне жағдай жасаған. Бұл, әсіресе, жас мұғалімдер үшін жасалған үлкен қамқорлық болды, тәжірибелі мұғалімдер үшін де өте пайдалы еді.

Қазіргі кезеңде мұндай еңбектер жеке мақала ретінде болмаса, бізде кең орын ала қойған жоқ. Ал жас мұғалімдер эр заманда бар екендігі белгілі. Осы орайда шетелдік тәжірибелер көңілге оралады. Айталық, шет елдерде мұғалімдерге әр сабақтың әдістемесі жасалынып, мұғалімге дайын күйінде берілетіндігі бар. Онда әр сабақтың өтілу жолы, оған керек нақтылы құралдардың беті көрсетіліп, көрнекі құралдар аталып, таблица, схема, карточкалар беріледі. Сондай - ақ қолданылатын видео- аудио материалдардың қолдану реті, т.б. сабақтың басынан аяғына дейін атқарылатын жұмыстардың бәрі рет- ретімен дайындалып, жеке папкамен берілетіндігі белгілі болып отыр. Мұғалімнің әр сабақты өзі дайындап отырмай, маман әдіскерлер арнайы дайындаған тәсілмен сабақты өткізу арқылы сабақ сапасын қамтамасыз етуі шетелдерде қазір кең орын алып отыр. Міне, осы шетелде қазір кең қолданылып отырған әр сабақ әдістемесін дайын түрде ұсынуды біздің елімізде Ш. X. Сарыбаевтың бастағандығын мақганышпен айтуға тура келеді. Біздің бұлай деуімізге ғалымның жоғарыда аталған «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты әдістемелік еңбегі толық дәлел. Оның «III кластың қазақ тілі оқулығына методкалық нұсқаулар » атты еңбегі де осы бағытта жазылған. Бұл айтылғандар қазақ тілін оқытуда эр жеке сабақ әдістемесін жасаудың көш басында тұрған, оның негізін қалаушы - Ш.Х. Сарыбаев екендігі айқын дәлел.

Әдіскер ғалым осы жолды неге таңдағандығын төмендегіше түсіндіреді:

«Жалпы айтқанда, методика екі жолмен баяндалады:

Бірінші жол - грамматикалық тақырып (белгілі бір тақырып) алынады да, методика сол тақырып бойынша жазылады, мұның арқасында оқулықтағы тақырыптың мазмұны бөлшектелмейді, методика тақырыптағы тақырыпшаларды түгел қамтиды;

екінші жол - методикалық бір ережеге жазылады да, ол ережеге сай мысалдар оқулықтағы грамматкалық тақырыптардың әрқайсысынан алынады, бүйткенде белгілі бір тақырыптың не тақырыпшаның оқыту методикасы түгелденбей, тілдік тақырыптың бойындағы оқыту әдісі ашылмастан, тұйық қалпында қалады. Мұның салдарынан мұғалімнің сабаққа методикалық әзірлігі нашарланады және оқытайын деп отырған белгілі бір тілдік тақырыптың сабақ барысындағы түрлі бұрылыстары мен варианттарының методикасы баяндалмаған болып шығады» 1

Ш. Х.Сарыбаев тілдегі әр тақырыпты оқыту әдістемесін жазу әрі тілдік тақырыпты білдіру, әрі тақырыпты оқушыға білдірудің нақтылы ұтымды әдістемесін меңгерту деп санап, осы жолды ұстанғанын оның мына төмендегі сөзінен көруге болады: «Бір сағаттық тіл сабағының өзін түрлі «бунақты » деп түсінсек, сол бунақтардың әрқайсысының методикасы өз тұсында орындалмаса, сабақ көңілдегідей болып шықпақ емес. Қысқасы, тілдік тақырыптың басынан аяғына шейін өн бойындағы методикасы сол тақырыппен байланысты түрде жазылмаса, жазылғанмен түгелденбесе, ондай еңбек нәтижелі болып табылмайды. Сондықтан осы методикалық еңбекті жазғанымызда белгілі бір тілдк тақырыптың түгелденуін де сол тақырыпқа байланысты методиканың да түгелденуін де көздедік; тілдік тақырыпты басынан аяғына шейін түгел меңгеру үшін, сол тақырыпқа керекті методиканың бәрін де қолданарлық түрде жаздық». 1

Әдіскер ғалым өз еңбектерінде әр тақырыпқа арналған тіл сабағының нақтылы әдістемесін жазып беріп, мұғалімдерге үлкен көмек етеді. Сабақ деген қатып қалған нәрсе емес, оны шебер мұғалім түрлі жағдайда түрліше өткізіп, тәжірибеде ең тиімді жол іздейтіні - үнемі болып тұратын құбылыс. Ондай ізденістер ешқашан тоқталмайды. Сондықтан ғалым тіл тақырыбын тек ол көрсеткен үлгі бойынша өткізуді талап еткен деуге болмайды. Ол өзі де бір тақырыпты түрліше оқытуға болатынын ескертіп отырған. Ғалым бірсыпыра жағдайда тақырыпты оқытудың бірнеше жолын көрсетіп отырады. Мысалы, ерін дыбыстарын екі түрлі жолмен оқытуға болатынын төмендегіше айтқан: «Осы ерін дыбыстарын екі түрлі жолмен оқытуға болады : 1 - тура айтып беру және көрсету жолымен оқыту. Бұл жолмен оқытқанда, мұғалім б, м, п әріптерін тақтаға жазып қойып, бұл дыбыстарды айтқанда, екі ерін бір - біріне тиетіндігін, бұл екеуі бір - біріне тимесе, бұл дыбыстардың бір де бірін айтуға болмайтындығын тәжірибе арқылы көрсете айтып оқытады. 2 жолы - сұрай оқыту. Бұл жолмен оқытқанда, мұғалім оқушыларға «екі еріндеріңді бір - біріне тигізбестен б дыбысын айтып қараңдаршы» деп тапсырады. Оқушылар екі ерінді бір - біріне тигізбесе, б дыбысы шықпайтындығын байқайды. Кейін мұғалім еріндердің бір - біріне тиіп ашылуының арқасында б дыбысының пайда болатындығын, сондықтан б дыбысын ерін дыбысы деп атайтындығымызды айтады. Өйткені б дыбысының жасалу орны ерін екендігін ескертеді. Еріндік дыбыстарының қалғандарын да ( м, п ) осы жолмен оқытады». 2

Әдіскер ғалым осы мәселені екі жолмен оқытуға болатынын ғана көрсетіп қоймай, оның қайсысын қандай жағдайда қолдану керек екенін және осы екі жолдың екеуін де сабақта қолдануға болатындығын айтады. Оны төмендегі сөзінен көреміз : «оқушылар тыңдаудан жалығып отырған болса, осы айтылған сұрасу жолымен оқытамыз; керісінше болса, алдыңғы айтылған жолмен оқытамыз. Кейде бұл екі жолдың екеуін де қолданамыз. Бұлай болғанда, б - ны бірінші жолмен оқытсақ, м - ді екінші жолмен оқытамыз. Кейде бұл екеуін де оқытудың аралас жолын қолданамыз»- дейді. 2

Шамғали Сарыбааевтың жоғарыда аталған методикалық нұсқауында бүгінгі оқыту үдерісінде ұтымды қолдануға ыңғайлы әдіс - тәсілдер өте көп. Мәселен, зат есімнің тәуелдік жағын оқыту туралы ол былай деп жазады: « тақтаға кітап - кітабым, кітап- кітабың, кітап - кітабы, парта - партасы » деген сияқты бірі - тәуелді, бірі - тәуелсіз түбірлес екі сөз жазады. Мұғалім тақтадағы сөздерді көрсете тұрып, былайша түсіндіреді: кітабым десем, кітап менікі болады, аяғындағы - ым қосымшасын алып тастап, кітап десем, кітап ешкімдікі болмайды. Сөйтіп - ым қосымшасы менікі деген мағынаны білдіреді.

Тәуелдік жалғаулардың қалғандарын да осы жолмен түсіндірсек: - м- менің деген мағынаны , - ы (ыңыз) - сіздің деген мағынаны білідіретін болып шығады. 2/ Осылайша, автор тәуелдік жалғаулары менің, (біздің), сенің (сіздің, сендердің) , оның (олардың) деген мағыналарда жұмсалатынын тайға таңба басқандай айқын аңғарта отырып, бұл жалғаулардың меншіктік мағына білдіретінін оңай меңгертуге болатынын көрсеткен.

«Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы » тақырыбын оқушыларға меңгерту біршама қиындық келтіріп жүргендігі белгілі.

Ш. Сарыбайұлының методикалық нұсқауынан осы сұрақтардың жауабын табуға болады. Бұл туралы ол : «Тақтаға тауда, қырда кең жайлау бар деп жаздырады. Мұғалім бұл тауда деген сөз бен қырда сұраулары қайда? екендігін байқатады. Тағы бір оқушыға тау да, қыр да кең жайлауға айналды деп жаздырады. Бұл сөйлемдегі тау да , қыр да - ның сұрауы қайда еместігін ескертеді. Tay да -ның, қыр да - ның жауап берсе, бірге жазылады, ал егер қайда? сұрағына жауап бермесе, белек жазылады деп түсіндіру керек екен.

Шылау (- да) жатые жалғауы (да) - ны бір - бірінен айыра танудың екінші жолы шылау да есімдерге қосылғанда, көбінесе да жалғанған сөздің мағынасынан басқа да бірдеменің бұл мағыналы сөзге ортақтастығы бар екендігін білдіреді. Мысалы, Мен де оқимын деген сөйлем- бұл айтылғанға дәлел . Өйткені Мен де оқимын дегенде меннен басқа да біреудің ортақтығы байқалады, ал Менде кітап бар десек, әлгіндей ортақтық білінбейді, кітаптың қайда екендігін білдіреді. Сондықтан «да» шылауы болғандықтан, бөлек жазылады да, соңғы да - жатые септік жалғауы болғандықтан, өзінен бұрынғы сөзге қосылып жазылады. 2. Осы айтылғандар ғалымның әдістемелк еңбектерінде қазіргі оқыту барысында қолдануға оңтайлы әдіс- тәсілдердің мол екендігін аңғартады.

Жалпы алғанда, Ш.Сарыбайұлы бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда тілдік фактілерді байқату, салыстыру әдістерін ұсынады және оны ұтымды пайдалану жолдарын көрсетеді.

Ғалымның бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуға арналған еңбектерінде балалардың тілін дамытуға қатысты айтылған құнды ойлар бар. Мәселен,

Ш. Сарыбаев "3 кластың Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқаулар" деп аталатын кітабында бастауыш сынып оқушыларына «Түбірлес сөздер» тақырыбын түсіндірудің тиімді жолдарына тоқтала келіп, түбірлес сөздер мен омонимдердің бір - бірімен өзгешелігін аңғарту үшін сөз мағыналарына ерекше назар аудару керектігін айтады.

Жалпы Ш. Сарыбаев еңбектерінде тіл дамыту, жаңа сөдердің мағыналарын оқушыларға меңгерту, сөздік жұмысын жүргізуге қатысты пікірлер де мол ұшырасады. Мысалы, зерттеуші өзінің «Қазақ тілі методкасының кейбір мәселелері» деп аталатын еңбегінде оқушыларға емле ережелерін үйрету жолдарын талдау барысында жаңа сөздерді меңгерту әдістеріне де тоқталады. «Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін, - деп жазады автор,- төмендегідей әдістерді қолданамыз:

  1. Күнделікті оқыған газет- журналдарда кездестірген советтік- интернационалистік сөздерді тергізіп, оны күн сайын тексеріп отырамыз.
  2. Сол теріліп келген сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп жазуды тапсырамыз.
  3. Кейін алфавит тәртібіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.
  4. Сөздік ретінде алынғандардың мағыналарын сөздіктерден қарап, олардың мағыналарын біліп алуды тапсырамыз.
  5. Ішіне сол сөздер енген сөйлемдер мағынасын біліп алуды тапсырамыз.
  6. Оқытып жатқан грамматикалық тақырыпқа байланыстырып, мысалды оқушылардың сөздіктерінен аламыз.

Оқытып отырған кітаптардағы емлесі қиын терминдік сөздердің жазылуын байқата оқытамыз, азырақ байқата отырып, кейін кітапты жапқызып, жаңағы көрген терминдерін екінші бір оқушыға диктант ретінде айтқызып, дәптерлеріне жаздырамыз» [3]. (тік жақшаға алынып, сілтеме алынған бет көрсетілуі керек)

Ғалымның бұл пікірі тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа сөздердің мағыналарын оқушылардың сөздік қорына берік орнықтыруына да қатысы бар. сондықтан автордың осы айтқандарын қазақ тілі сабақтарында «Сөз және оның мағынасы» тақырыбын оқыту барысында пайдалануға әбден болады. Мәселен, оқушыларға өздерің оқыған кітаптардан немесе Ана тілі сабағында оқығандарыңнан т.б мағынасы бір - біріне жуық, мәндес сөздерді тауып, жазып жүріңдер деген тапсырма беруге болады. Бұл тапсырманы арнайы дәптерге жазып, мағынасын түсіндіріп отырады, кейін өтіліп жатқан тілдік объектіге мысалды балалардың жазғандарынан алып талдауға мүмкіндік те бар.

Ал Ш. Сарыбаевтың «Жаздырып үйрету әдістері», «Күнделікті керектер» деген еңбектерінің оқушылардың тілін дамытуға тікелей қатысы бар. Автор төл еңбектерінде жалпы шығарма жазу жөнінде, жоспар жасау, текстегі 1 - жақта берілген сөйлемдерді 2- жаққа айналдырып айту, жазу, сондай- ақ жазып үйрену, т.б мәселелер жөнінде алғаш рет сөз қозғай тұрса да, көбіне сауаттылыққа үйретуге көңіл аударады. Мұның себебі сол кездегі араб әрпінен латын әрпіне көшумен байланысты болса керек. Ол емле мәселесіне бірнеше мақала арнаған. Мысалы, «Емле түрлілігіне қарсы», «Емле жүйелері», «-Ы ,-і нің жазылуы», т.б.

Жалпы алғанда, Ш. Сарыбаев еңбектерінде бүгінгі оқыту үдерісінде пайдалануға жарамды әдіс - тәсілдер мол.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Сарыбаев Ш. X қазақ тілінің методикасының кейбір мәселелері .-Алматы, 1956 - 1 бөлім, 1959 - II бөлім.
  2. Сарыбаев Ш. X. III сыныптың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқаулар - Алматы, 1955.
  3. Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші. Құрастырған: Ұлықбаев. И - Алматы, 1961.
  4. Уайсова Г. И. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы - Алматы,2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.