Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Web - сайт жасау технологиясы

Аңдатпа

Интернет пайдаланушыға жер шарының кез келген нүктесіндегі адамдармен байланысқа түсуге жағдай жасайтын, қажетті ақпаратты тез және арнайы іздеп табатын, оның өзінің де бүкіл әлемге хабарлағысы келетін жалпы мәлімет жиынтығын жариялай алатын өте күрделі және жоғары технологиялық жүйе. Бұл мақалада Web - сайтты және оның басқа да құрамды компоненттерін жасаған кезде сайттың қандай мақсат, міндетте жасалу керектігін және осы негізде аталған міндеттерді шешудің нақты жоспары көрсетілген.

КІРІСПЕ

Интернетті қолданушылар саны жыл сайын элем бойынша және Қазақстанда да бірнеше есе артуда. Қазіргі таңда Интернет желісінің кең өріс алуына байланысты web-сайттар жасау жұмыстары маңызды іске айналды. Әрбір мекеме немесе жеке тұлға өзі не бизнесі жайлы жарнамалық мәліметтерді жылдам құрастырып, өзгертетін деңгейде болуы тиіс.

Web-технологиялар дегеніміз - ақпаратпен жұмыс жасау концепциясы. Компьютерлік желілер web-технологиялардың техникалық негізі болып табылады.

Web- сайт - бір серверде орналасқан, ұқсас тақырыптар бойынша топтастырылған, жеке тұлғаның немесе мекеменің web-парақтары жиыны. Бір ғана web-парақтан тұратын web-сайттарды да кездестіруге болады.

Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.

Бүкіләлемдік өрмектің негізі HTML (Hyper Text Markup Language) - гипермәтінді белгілеутілі болып табылады.

HTML, CSS, JavaScript жэне DOM(Document Object Model құжаттармен қатынас құруға рналған программалық интерфейс) - жиынын көп жағдайда динамикалық HTML - Dynamic HTML немесе DHTML деп атайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Барлық web-сайттар белгілі бір мақсатта жасалады. Сапалы web-сайтты жасау ұзақ әрі көп уақытты талап ететін үрдіс. Сайтты құрастырмас бұрын алдымен оның болашақтағы қызметін, атқаратын міндетін, мазмұнын, қолданатын саласын, қолданушыларға тигізетін пайдасын анықтап алу қажет.

Web-сайтты жасақтау - ол бірнеше дәйекті кезеңдерден тұратын үрдіс: Дайындық кезеңі

Бұл кезеңде болашақ сайттың идеясын құру қажет:

с Сайтта қандай мақсат болатынын анықтау қажет, мысалы, мақсат мынада болуы мүмкін: оқыту, ойын-сауық, интернет-дүкен, бизнес сайт, немесе сайттан пайда табу.

2 Мақсатты аудиторияны анықтау қажет(жынысы, жасы, білімі), яғни бұл сайт қандай ортаға арналғандығын. Сайтты қараушы қандай ақпарат күтетінін білуіміз керек, ол бізге сайттағы контенті(текстік ақпарат) анықтауға қажет.

2 Содан кейін техникалық жағын анықтау қажет. Желіге орташа қосылуын және бағдарламалық қамсыздандыруын ескеру керек.

2 Навигация -бұл маңызды пункт. Интуициялық деңгейде бәрі түсінікті болуы шарт. Қолданушы сайтта қажетті ақпаратын іздеп бос аралап жүрмей, бірден бағдар ала білу керек.

Бұл этапта ТТ(техникалық тапсырма) құрылады.

  1. Макетті жасақтау

TT пунктеріне бағытталып болашақ үлгі, немесе үлгілер жасалады. Бұл этапта қандай графикалық элементтер қолданылатыны, беттерде қандай құрылым болатындығы және қандай түстер кездесетінін, яғни дизайн толығымен қалай көрінетіні анықталады.

  1. Беттеу(верстка)

Дайын макетті бөліктерге бөліп, одан әрі сайтқа бекіту үшін беттеуші қажет. Беттеу дегеніміз не? Ол веб-беттерді HTML және CSS кодтарында жазу үрдісі. Әрбір код беттегі барлық элементтердің өз орнында орналасуына жауап береді. Беттеуші барлық броузердің ерекшелігін білу қажет, себебі әр броузерге өзіндік беттеу керек.

Сайт құрудағы беттеу түрлері:

  • Блоктық. Блоктық беттеудің артықшылығы - әртүрлі құрылғыларда(мысалы, ұялы телефондарда) сайттағы барлық элементтердің дұрыс көрсетілуі. Ықшам код, сондықтанда барлық элементтер аз орын алады, демек web-бет тез ашылады. Кемшілігі: әртүрлі броузерлерді қолданғанда беттеу өзгеріп кетуі мүмкін.
  • Кестелік. Кесгелік беттеуде бағаналар, кестелер құруға болады. Ол броузерде бірдей көрінеді. Кемшілігі: бұл беттеудің коды өте үлкен, сондықтанда web-бет жай ашылады.
  1. Программалау

Бұл этапта болашақта компания қызметкерлерінің сайттағы ақпаратты

жаңартуға/өзгертуге мүмкіндік беретін сайтты басқару жүйесінің механизм! жасақталады. Яғни, графикалық және текстік ақпарат салынуға дайын жұмыс нұсқасы жасалады.

Ең кең таралған программалау тілдері: Java, C, C++, Delphi, Basic, PHP, Perl және т.б.

Осы әрекеттерден кейін сайт желіде жарияланады.

  1. Сайтты контентпен толтыру

Сайттың тиімді жұмыс жасауы контентке байланысты. Сайтқа жарияланатын мәліметтерді тапсырыс беруші береді, егер болмаса фрилансерлерге қажетті мақала жазуға тапсырыс жіберледі.

  1. Сайтты жарнамалау

Сіздің сайтыңызға қараушылар кірсін десеңіз, бірінші кезекте ол туралы мәлімдеуіңіз керек. Көптеген қолданушылар сайтқа іздеу жүйесі арқылы кіреді. Демек, ресурстың танымал болуы, оның іздеу нәтижесінің рейтингтегі орнында.

Сайтты қараушылар көп болу үшін оны іздеу жүйесіне тіркеу қажет, және де сілтемелерді басқа сайтқа кіргізу. Баннерді жарнама ретінде қолдануға болады.

  1. Сайпы демеу

Web-сайтты жарнамалап жариялап болған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру керек.

Сапалы web-сайтты анықтайтын қасиеттер:

J web-сайт назарды аударту керек.

J web-сайт навигацияда қарапайым болуы керек.

J web-сайт тез жүктелуі керек.

  • s web-сайтта жұмыс жасамайтын сілтемелер болмауы керек.

J web-сайтта орналасқан текстерде қате болмауы керек.

  • s web-сайт қызықты ақпаратпен толуы керек.
  • s web-сайт іздеу жүйесіне оңтайлануы керек.

Сайттың құрылымы - сайттағы көрінетін ақпараттың формалары мен бірінен кейін бірі тұру негізі. Сайттың құрылымы дұрыс құрылса пайдаланушылар бір беттен екінші бетке оңай өте алады.

Қазіргі таңда көпшіліктің таңдауы сайт құрылымының үшдеңгейлі моделді(иерархиялық) болуы. Оның аты айтып тұрғандай, ол үш деңгейден тұрады: • бастапқы бет • тақырыптық бөлімдер • оның одан темен бөлімшелері

ҚОРЫТЫНДЫ

Интернет - әлемдік компьютерлік желі. Ол ақпарат алмасуының қабілеттік құралы стандартты келісімдермен және адресацияның біртұтас желісімен біріктерілген әртүрлі компьютерлік желілерден тұрады. TCP/IP ұясының хаттамасын интернет пайдаланады. Жақсылығы сонда, бұлар байланыстың онша сенімді емес желісі бойынша да ақпаратты сенімді әрі тез жеткізуге арзан мүмкіндік жасай алады, сондай - ақ кез келген аппаратурамен жұмыс үшін қажетті бағдарламалар қамтамасыз етуді бере алады. Адресация жүйесі әр компьютердің және әрбір интернет пайдаланушыны өзгеше координатамен қамтамасыз етеді.

Жақсы жасалған Web-сайт арқасында пайдаланушы аз уақыт ішінде өзіне қажетті ақпаратты тез тауып ала алады. Осы жиынтықтардың бәрі пайдаланушының сеніміне кіріп, ол сіздің сайтыңызды есіне міндетті түрде сақтап және қайтып сіздің сайтыңызға кіргісі келеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. 1. Бөрібаева Б., Мадьярова Г.А. Web-технологиялар-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
  2. 2. Дэвид Моррис Flash 8. Создание Web-сайтов. Книга быстрого обучения - M.: NT Press, 2006.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.