Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушыларыдың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселелері

Андатпа

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасын қалыптасгыру оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту - бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі туралы сөз болды. Оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін қалыптастыру мәселелері туралы шет елдік, қазақстандық ғалымдар жан - жақты талдау жасады.

Қорыта келгенде, оқушылардың танымдық іс-әрекетін мақсатты ұйымдастырып, бірте-бірте күрделендіре, олардың тапсырманы дербестікте шығармашылықпен орындауына мүмкіндік туғызу қажет, -деп санаймыз.

Қазақстан Республикасының Білім заңына сәйкес адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасы 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басымдылықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту көзделіп отыр.

Еліміз білім беру жүйесін мемлекеттің даму, өркендеу саясатымен ұштастыра отырып, қайта қарауды жаңартуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Білім жүйесін жаңартудың басты мақсаты ұлттық білім үлгісін жасау болып табылады. Ұлттық білім үлгісінің бағыты адамдарды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану. Әрине, бұл халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.

Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда гуманизм идеялары еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашылыққа бейім адамның ғана қолынан келеді. Тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керектігі айқындалып отыр.

Бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту - бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.

Қазақ баласы табиғатының өзі шығармашылыққа бейім екендігі туралы Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сияқты ұлы педагогтардың пікірлері бар. Мысалы, М.Жұмабаев: "Қазақ баласының атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы, қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті. Яғни ол әдебиет,тарих сықылды қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті" - деп орынды айтқан. Бұл көзқарас психолог-ғалымдардың (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев т.б.) мидың жүйке саласының құрылымында туысатын нерв қызметінің ерекше түрі, яғни нышанның болатындығын дәлелдеген теориясымен ұштасады.

Қазіргі таңда білім беруді ізгіліктендіру мен байланысты сабақ барысында оқушының шығармашылық әрекетін қамтуға көп көңіл бөліну мақсаты қойылуда. Сабақтың тиімділігін оның дайындығымен байланыстыра отырып, профессор Қ.Аймағамбетова мұғалімнің шығармашылық дайындығы мен оқушының білім дәрежесі сай келгенде ғана сабақ өз деңгейінде өтеді, - деген құнды тұжырым жасайды [ 1, 220-221].

Профессор С.Р.Рахметова бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздей отырып, оны сауат ашу, әдебиеттік оқу, грамматика, жазу, байланыстырып сөйлеуде жүзеге асырудың жолдарын қарастырған. Қазақ тілінің әрбір бөлімін тіл дамытудың мақсаты, міндеттері, әдіс- тәсілдері, ерекшеліктері мен олардың әр саласында тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптарды нақты айқындап берген. Сондай-ақ зерттеуші-ғалым мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстарды көрсете отырып, мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстарға: а) оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу; мұғалімнің әңгімесі; ұжымдасқан түрде әңгіме айту: экскурсияда байқағандарын пайдалану; суреттерді қарау; сұрақтар қою; т.б. жатқызып, олардың әрқайсысына түсініктеме берген. Мысалы: оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызуда кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қорғауға жәрдем етеді. Сонымен шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да баламен дүниетанымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді деп тұжырым жасаған [2, 56-58]. Біз автордың ұсынған шығармашылық жұмыс түрлеріне қосыла отырып, өлеңді аяқта, айтыс жолдарын құрастыр, оқылған шығармаға ұқсас әңгіме, ертегі құрастыр т.с.с. жұмыс түрлерін ұсыну қажет деп санаймыз.

В.Павленко "Сауат ашу" пәнін оқытуда әліппе кезеңінде әртүрлі деңгейлік тапсырмалардың бағдарлама мазмұнына сәйкес екі деңгейін бөліп көрсеткен. Іздену деңгейі орташа күрделі тапсырмалар, сыныптағы барлық оқушыларға арналған. Шығармашылық деңгей жоғары күрделі тапсырмалар, ол сыныптағы "күшті" өте жақсы оқитындарға арналған. Оқулықта ол арнайы белгімен белгіленген. Тапсырмалар күрделілігі оқушылардың орындаған тапсырмалардың көлемі мен жаттығулардың қиындық деңгейіне байланысты өздігінен орындауымен айқындалған. Шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларға тапсырма қиындығы мен бірге оның сипатына, яғни алынған нәтижеге шығармашылық қатынастың болуын жатқызады.Оларға: оқу жаттығуында сөзді тұтас оқу, жазуға өздігінен жаттығу,оқылған шығармаға талдау жасап, оны шығармашылықпен түсіну. Шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындауға талпынуда оқушы талдау, жинақтау, кеңейту, жіктеу амалдарын жүзеге асырады. "Әліппедегі" екі деңгейлі тапсырмалар біртіндеп оқушылардың оқу әрекетін меңгеруіне байланысты, шығармашылық тапсырмаларды орындауға деген ынтасын оятып, ойлауын дамытады дей келе оқытудың тәрбиелік қызметін зерделеу арқылы оларды төмендегідей етіп жіктеген. I топ тұлғаның санасын қалыптастырудың әдістері (ұғымдарды қалыптастыру, заңдарды, теорияларды, көзқарастарды, идеалдарды, сенімдерді) оларға сөздік әдістері жатады. II топқа әрекеттерді ұйымдастыру әдістері мен қоғамдық тәртіптің тәжірибесін қалыптастыру, - деп оларға жаттығу әдістері, көркем шығармашылық, ойын әрекеттерін енгізген [3, 172-173].

А.Х.Аренованың пайымдауынша, кіші жастағы оқушылардың өзіндік оқу іс- әрекетін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау үшін өзіндік оқу іс-әрекеті ұғымының мәнін ашу керектігіне тоқталып, оның мазмұны мен құрылымы анықталған жағдайда ғана мүмкін екеніне көз жеткізеді. Автор кіші жастағы оқушылардың өздігінен оқу іс-әрекетін басқаруда мұғалімдерге педагогикалық технология мен оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін тұтас педагогикалық жүйеде қалыптастыру қажеттігін ескерте отырып, оны жүзеге асыру үшін "Кіші мектеп жастағы оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетінің арнаулы бағдарламасын" және "Оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін мұғалімнің басқаруы" атты ғылыми-әдістемелік кешен жасап ұсынған. Зерттеу нәтижесінде автор кіші жастағылардың өзіндік оқу іс-әрекетінің құрылымын төмендегідей етіп ұсынады. Өзіндік техникалық қалыптастырушылық өзіндік ойлау өзіндік әрекет оқу әрекетінің шығармашылық сипаты мақсат қоюшылық оқу моделі өзіндік басқару өзіндік тексеру нәтиже [4, 28]. Оқушылардың осындай әрекеттерінің нәтижесінде оқу міндеттерін әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауда алдыңғы алған білімге сүйеніп шешуге болатындығына көз жеткізген.

Б.Т.Қабатай оқыту процесіндегі шығармашылық деп, оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың себеп-салдарын өз көзқарасынша қабылдап, түсіне отырып, қиялы мен белсенді ой еңбегі арқасында бала үшін бұрын болмаған, жаңалық болып табылатын пайдалы іс-әрекетті орындау нәтижесін атайды. [5, 33 б.]. Шығармашылық жайлы еңбектерді талдай келе, төмендегідей қорытындыға келдік. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс әрекет түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталатын адам әрекеті деген қорытынды жасаймыз: - шығармашылықтағы қарама -қайшылықтардың болуы; әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы; шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы; нәтиженің жаңалығы, сонылығы.

Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субъективті- жаңалық.

Белгілі психолог И.С.Конның пікірі бойынша "Шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді",- деген [6, 59]. Біз ғалымның пікіріне қосыла отырып, бастауыш сынып мұғалімі әрбір сабақты ұйымдастыруда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатындай жағдай жасауы тиіс деп санаймыз.

Ол үшін мұғаліммің өзі әрбір сабаққа үлкен ізденіспен, шығармашылықпен дайындалып, оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыруы керек. Баланың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру бүгінгі оқыту процесінің алдында тұрған міндеттердің бірінен саналады. Осы міндетті шешу барысында мұғалім арнайы дамытушылық тапсырмаларды ойластырып, оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекетінің дамуына жағдай жасайды. Психолог - педагогтардың ғылыми ой-тұжырымдарын қорыта келе, біз оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың төмендегідей жағдайларын бөліп алдық.

  • оқу материалдарының дамытушылық мүмкіндіктерін баса көрсету;
  • мазмұндас, ұқсас тапсырмалардың басымдығы;
  • білімді игеруде өзіндік зерттеу практикасының басымдылығы;
  • тапсырманы орындауда балама шешімді таба алу, ой-өрісінің кеңдігі;
  • проблеманы тыңғылықты шешуге, зерттеуге ұмтылу;
  • оқу іс-әрекетінің дербестігі, өздігінен білім алуға, ізденуге проблеманы зерттей білуі;
  • даралап, саралап оқыту, жеке бас мүмкіншіліктерін дамыту;
  • проблемалық оқыту, балалар алдына проблемалық ситуациялар қою.

Шығармашылық қабілеттің қалыптасу, дамуы туралы бұдан басқа оның қоршаған орта мен тәрбиеге тәуелділігін (О.Гельвеций, У.Эшби) сондай-ақ қабілеттіліктің дамуында іс-әрекетің құрал ретіндегі рөлін (П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев т.б.) көрсетуге арналған зерттеулері бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Ал мұның өзі бүгінгі мектептің алдына үлкен міндеттер жүктейді. Бұдан бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Осы қажеттілікті өтеу үшін оның жолдарын қарастырған жөн. Сонымен, шығармашылық әрекет дегеніміз - оқушының өзі жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет деп санаймыз. Мұндай әрекет оқушының жеке білім аумағын қалыптастыруға бағытталады. Оқушыда осындай жеке білім аумағы мен шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы сабақ арқылы іске асады. Ол үшін оқу процесін дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Оқыту барысында оқушы мен мұғалімнің біріккен әрекет нәтижесінде алға қойған мақсатқа қол жеткізіледі. Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру үшін оқушы өз тарапынан білімді қабылдауға қызығушылық білдіріп, белсенділік танытып, дербес ізденуге талпынса, мұғалім өз кезегінде оқушының қызығушылығын туғызуға, белсенділігін арттыруға, дербестік дамытуға мүмкіндік туғызуы керек. Олай болса, ол оқу әрекетінің мазмұны оқушының танымдық қызығушылық, ақыл-ой белсенділігі, дербестік және оның шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыратын сабақ деңгейіне көтеру қажет. Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру жолдарын анықтауға байланысты шығармашылық тапсырмаларды күрделендірудің үш кезеңі анықталды.

I кезең. Оқушыларға шығармашылық іс-әрекетте алғашқы бағыт-бағдар беретін тапсырмалар. Олар муғаліммен бірігіп әрекет етеді, шығармашылық әрекеттің кейбір элементтерін ғана пайдаланады. Мысалы: тап, өзгерт, ойлан тап, құрастыр деген сияқты.

II кезең. Оқушылардан мақсатты әрекетті шешімін табуды талап ететін тапсырмалар. Мұғаліммен немесе ересек адаммен біріккен шығармашылық әрекет, оқушы ескінің орнына жаңаны табуға, бұрынғыны жақсартуға, өзгертуге болатыны жөнінде түсінік алады.

III кезең. Оқушылардан дербестікті қажет ететін тапсырмалар.

Олар ертегінің, әңгіменің, ойынның, өлеңнің желісін ойлап табады, өз әрекеттерін жоспарлайды, мәнерлік құралдарды таңдайды. Мұндай тапсырмалар әр оқушының қабілетін ашады, бала өз шығармашылығының өмірде қажет екендігін сезінеді. Мысалы: өлең, ертегі, әңгіме құрастыру, суреттер көрмелері, әндер мен өлеңдер концерті, уйірмелер және т.б. шығармашылықпен орындайды.

Оқыту аясында оқушыларда қоршаған ортаны сезімталдықпен көре білу, дүниетанымын көркем жеткізе білу, шығармашылыққа деген талпыныс енеді. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың тағы бір жолы әдіс- тәсілдер мен оқытудың жаңа технологияларын кешенді әрі жүйелі түрде пайдалана білу. Оқушылардың іс-әрекеттері ойын, оқу, еңбек түрлері болса, біз осыған шығармашылық іс-әрекетті қоспақпыз. Мысалы: ойын сәттері оқушылардың шығармашылығын ұштайды десек, оның қалыптасуына өнердің де түрлері ықпал етеді. Сурет салу, музыка тыңдау, оқушыда басқаша көңіл-күй тудырып, образды жандандырады. Әрбір шығармашылық тапсырмада оқу элементі бар. Қорыта келгенде, оқушылардың танымдық іс-әрекетін мақсатты ұйымдастырып, бірте-бірте күрделендіре, олардың тапсырманы дербестікте шығармашылықпен орындауына мүмкіндік туғызу қажет, - деп санаймыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Аймағамбетова Қ.А. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы Алматы,2015.220-2216.
  2. Рахметова C.Р. Қазақ тілін оқыту әдісгемесі. - Алматы, 2016.- 56-58 б.
  3. Павленко В.К.Интегративно-дифференцированная система обучения грамоте школах. - Алматы, 2015.- 172-175С.
  4. Аренова А.Х. Методика развития познавательных навыков в учебной деятельности школьников. - Алматы, 2009. - 80-128 б.
  5. Қабатай Б.Т. Ана тілі сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі - Қарағанды: Формат и K, 2010.- 33 б.
  6. Кон И.С. Психология ранней юностей. - M., 1989. - 190 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.