Оқушыларды толеранттылық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу

Андатпа:

Бұл мақалада толераттылық уғымына түсінік беріліп, оқушыларды толеранттылық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу бірінші отбасынан басталып, мектепте жалғасатыны айтылады. Сондықтан толеранттылықты дамыту өзара қарым-қатынасты өзгерту, өзара тусіністік орнату, білімге, көзқарасқа, қарым- қатынастарға, сезімдерге және т.б. тулғаның бағыттылығын орнату қажеттігі қарастырылады.

Елбасы Нурсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауындағы мемлекетімізді дүние жүзіндегі бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына енгізу бағдарламасы еліміздің білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттігін меңзейді.[1]

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі таңда мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелмен өзгеріп келе жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектептің алдында күрделі, үнемі өзгеріп отыратын өмірде өз орнын таба білетін мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.

Сондықтан қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесі неғұрлым маңызды болып отыр, себебі оқушыларды ересек өмірге даярлауға қойылатын қазіргі талаптар өзгерді. Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесі әрдайым педагогика ғылымының назарында болып келді және түрлі аспектілерде қарастырылды (қарым-қатынас, мінез-құлық, тұлғааралық қатынастар мәдениеті, тіл мәдениеті және т.б.) Қарым-қатынас мәдениеті тәрбиеленушілер мен педагогтардың өзара байланысты мәдениеті ретінде қалыптасады және жетілдіріледі. Қарым- қатынас мәдениеті саласы - тұлға өмір сүретін әлеуметтік кеңістіктің қажетті бөлігі. «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының ғылыми мазмұны қарым-қатынас, ақпараттық байланыс, төзімділік (толеранттылық) ұғымдарының мазмұнымен айқындалады. Қарым-қатынас - оның барысында психикалық байланыс пайда болатын адамдар арасындағы байланыс, ол ақпарат алмасудан, өзара әсерден, өзара түсіністіктен көрінеді. Қарым-қатынас адамдар арасында байланыс орнатуға бағытталған. Оның мақсаты - адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты өзгерту, өзара түсіністік орнату, білімге, көзқарасқа, қарым-қатынастарға, сезімдерге және т.б. тұлғаның бағыттылығын орнату. Адамдар арасындағы байланыс қарым- қатынастан тұрады, ол - индивидтіңтіршілік етуінің қажетті шарты[2].

Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген. Педагогика ғылымында оның саласы ретінде «толеранттылық педагогикасы» даму үстінде, онда толеранттылықтың мәнін зерттеу және оны әлеуметтік норма, әлеуметтік құндылық ретінде практикаға ендіруге негізгі көңіл бөлінеді. Менталитет» және «толеранттылық» категориялары білім беру жүйесіне тікелей қатысты. Өйткені ол адам мен социумның менталдық қасиеттерін белсенді әрі мақсатты қалыптастырады. Сондықтан болашақ педагогтар бұл түсінікпен өздерінің кәсіби қызметін бастамас бұрын танысу тиіс, өйткені олар көпмәдениетті ортада жұмыс жасауға даярланады. Еліміздің білім беру жүйесінде басқа да қоғамдық институттар сияқты қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар өз көрінісін табады.

Әр отбасынан келген балаларды бір-біріне үйрету педагог мамандар өзінің кәсіби іс-әрекетінде «басқа», «бөтен» ортада жұмыс жасауға дайындау, басқа ортаға үйрету құндылықтарын құрметтеуге қабілетті болуы тиіс. Сол себептен оқу- тәрбие процесінің субъектілері мен объектілерінде толеранттылық қалыптастыру қажеттігі туындайды. Осы қажеттілікті қанағаттандырудың бір жолы - педагог мамандарды кәсіби даярлау барысында толеранттылықты қалыптастыру және оның деңгейін көтеру міндетін шешу болып табылады. Мәселен, XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы гуманистік және антропологиялық (К. Ясперс), биогенетикалық (С. Холл) және психотерапевтикалық (Дж. Дьюи және басқалар) бағыттар өкілдері толеранттылық қарым-қатынас табиғатына талдау жасаған.[3].

Қоғамдық өмірдегі толеранттылықтың орны мен ролі туралы қағидалар Б.С. Гершунский, В.А. Лекторский, А.Н. Леонтьев, М. Мчедлов, А.В. Петровский, В.А. Тишков, О. Хеффе, т.б. еңбектерінде кездеседі. Бұл авторлар негізінен толеранттылықтың әлеуметтік-мәдени және этникалық сипаттарына көңіл бөледі.Педагогикалық зерттеулердің бірқатарында толеранттылық проблемасымен астасып жататын мәселелерге назар аударылады: ұлтаралық қарым-қатынастар, ұлтаралық қарым-қатынастарды тәрбиелеу, т.б. Толеранттылықтың жекелеген аспектілері қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне де арқау болды: Г.К. Искакова, М.А. Кучерова, П.И. Мамедова, Б.А. Тұрғынбаева, т.б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, С. Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г.А. Уманов осы жерде маңыздылыққа ие болады.

«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда - иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни организмнің ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің болмауы. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі. Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі - өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым- қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады.«Толеранттылық» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексізтөзу, шыдауды білдіреді.[4,5]

Толеранттылық қазіргі ғылымда эр түрлі аспектіде қарастырылады: әлеуметтік, діни, саяси, жыныстық, этникалық, т.б. Педагогикалық шарттар кешені этникалық толеранттылықты қалыптастырудың әдістемелік жағын сипаттайтын оқу- тәрбие жұмысының ұйымдық формаларының жиынтығын іске асырумен толықтырылады. Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықгардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтынын дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.

Индивид пен қоғамның мәдениетінің даму деңгейінің сипаттамасы ретінде, адамның өзімен және өзгелерімен үйлесімді қатынаста өмір сүруін сипаттайтын мәселе - толеранттылық болып табылады. Қоғамның еркін дамуы мен жалпы өмір сүруіне деген күреске қажетті принциптер мен құндылықтарды алға қою бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелерімен тікелей байланысты.

Астанада өткен Қазақстан халқының Ассамблеясының 15-ші сессиясында Нурсултан Әбішұлы Назарбаев қоғамда білім беру жүйесі мен тәрбие арқылы азаматтық сәйкестендіру, толеранттылықты дамыту қажеттілігі жайында сөз айтып республикамыздың мектептеріне толеранттылық негіздері атты курстар енгізуді усынды.

Саяси мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық орнығып болды деу қиын. "Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек", - деді Нурсултан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс. Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта. Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу жолдарына келетін болсақ, М.И. Рожков пен М.А Ковальчук толеранттылыққа тәрбиелеуде оқушылармен ата- аналардың өзара қарым-қатынасының сәтті шешу үшін педагог-психологқа субъектілік, тепе-теңдік, жекелеу, рефлексивтік көзқарас, толерантты орта жасау принциптерін ұсынды. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер. Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан "біз қазақ деген мал баққан елміз" деп басталып, "досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз", "берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!"деп аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады[б].

Қарама-қарсы беталыс, бағыт, пікір, идеялар қай мемлекет пен қоғамда да бар. Халықтың даналығы, ел басқарудың өнері осы үрдістерді белгілі мәмілеге келтіріп, асауға тұсау салып, үйлесім, жарасым таптыруда. Толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді: күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, ешкімге бұра тартпай, шынайы жанашырлықпен, халықпен ақылдаса отырып, олардың шешімін табуды талап етеді. Сондықтан "толеранттылы", "тұрақты қоғам" деген ұғымдар шартты түрде ғана қолданылып, жайбарақаттылыққа жол берілмеуге тиіс.

Мемлекет басшысы - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы XXI ғасырдың реалийлеріне сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе, Президенттің қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен теориялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі - толерант тылық болса, ал үшіншісі - тарихи тағдырлардың қауымдастығы[7].

Толеранттылық XXI ғасырда экономикалық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр. Қазақстанда бұл тәсіл уақытпен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дәлелденген. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біpiктіре алады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. . Қазақстан Республикасының Президент! Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар.
  2. Колесников Л.Ф. Актуальные проблемы нравственного воспитания -M.: Наука, 1987. 3.
  3. Комогоров П.Ф. Философско-психологические основы толерантности как педагогического феномена / Комогоров П.Ф.// Образование и наука.2000. -№ 1 (3). 118.
  4. Асмолов А.Г. О смыслах понятия толерантность / Асмолов А.Г., Сол-датова Г.У., Шайгерова Л.А.// Век толерантности. 2001. - № 1.
  5. Асмолов А.Г. Толерантность: различные парадигмы анализа. Толерантность в общественном сознании России. M., 1998.
  6. Рожков М.И. Воспитание толерантности у школьников / Рожков М.И., Байбородова Л.В., Ковальчук М.А.,Ярославль: Академия развития, 2003.
  7. Назарбаев Н. «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивтік дәріс. Астана. 5 қыркүйек, 2012
Жыл: 2016
Қала: Атырау
Категория: Тарих