Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепалды даярлықтағы оқу әрекетінің гісихологиялық - педагогикалық ерекшеліктері

Аңдатпа

Болашақ мектеп оқушысының мектептегі маңызды функцияларын дамытуға бағыталған мектепалды даярлықта оқу әрекетін ұйымдастырудың ерекшелігі қарастырылған. Мектепке дейінгі білім беруге қатысты теориялық материал жарияланған.

Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыруда, шешімін табуды қажет ететін міндеттердің бірі - мектепалды даярлықта балалардың білім сапасын жетілдіру болып табылды. Ал мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерту үшін осы кезеңдегі балаларға мектепалды білім беру, олардың оқу әрекетінің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін айқындау маңызды шарт [1].

Мектепалды даярлық баланың интеллектісі дамуының іргетасы оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Сондай - ақ, баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдердің бірі. Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері олардың айналадағы өміріне адамдарға, оқиғаларға, деректерге қызығушылық танытуы болып келеді. Бала қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Осыдан келгенде, оқу әрекетін таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады. Оны әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің, әрбір орындалатын оқу тапсырмасының өзегі деп түсіну керек.

Оқытудың тиімділігі баланы қоршаған дүниені түсініп, танып-білуіне байланыстылығын Я.А. Коменский "жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге, таныстан бейтанысқа" деген дидактиканың ережесіне негіздеген [2].

А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, Б.Т. Ананьев, Л.И. Божович, Г.И. Щукина, Н.Ф. Талызина, П.Я. Гальперин еңбектерінде оқу әрекеті проблемаларының түрліше жақтары қарастырылған [3].

Қазақстандық педагог-ғалымдар A.F. Қазмағанбетов, Қ.Б. Сейталиев, Ш.К. Құрманалина, А.Х. Аренова, С.Е. Қаңтарбайдың еңбектерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі, жолдары әр қырынан талданғаны белгілі [4].

А.Ғ. Қазмағанбетов балалардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалауын оқу әрекетін белсендіру құралы ретінде қарастырса, Ш.К. Құрманалина оқу тапсырмаларын әр түрлі тәсілдермен орындау жолдары, А.Х. Аренова мектеп балаларының танымдық дербес іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың орны мен маңызын, С.Е. Қаңтарбай оқу әрекетін еңбек құралы ретінде қалыптастыру туралы зерттеулерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаның дамуына ықпалы теориялық және практикалық жағы қарастырылған [5].

Жаңа стандартқа сүйенсек, негізгі талап, балаларды құзыреттілік тұрғысынан дамыту болып табылады.

Құзыреттілік - балалардың іс- әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс- әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді. Білім саласы бойынша түйінді құзыреттіліктер қалыптасады. Білім салалары мектепалды даярлықта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен жүзеге асады. [6].

Оқу әрекетінің ерекшелігін төмендегідей сипаттауға болады:

  • оқу әрекетінің негізгі қызметі материалдық немесе басқа нәтижелерді алу емес, мектепалды даярлық балалардың дамуына бағытталады;
  • оқудың негізгі мазмұны тапсырманы шешуде әрекет етудің жалпы тәсілдері болуы тиіс, себебі баллар әрекеті осы жалпы тәсілдерді игеруге бағытталады;
  • оқу әрекетінің тағы бір жалпы ерекшелігі мектепалды даярлық балалардың саналы және өз бетімен әрекеттің бағдарлы негізін құру бойынша адам әрекет етеді;
  • оқу әрекетін қалыптастыру үрдісі мазмұныды жалпылау қағидасына негізделеді.

Сонымен, осындай күрделі оқу әрекетіне байланысты балалардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Ол белсенді сөйлеу әрекеті арқылы іске асады.

Оқу әрекеті - бала мен тәрбиешінің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен құралатын күрделі әрекет. Оқыту тәрбиешінің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, тәжірибелік әрекеті. Мектепалды даярлықта бала оқу әрекетінде өзінің танымдық қабілеттерін арттырады. Оқу баладан ойлау әрекетімен қатар, басқада психикалық үрдістерді: сезімдері мен эмоцияларын, мотивтері мен қызығуларын, жігері мен қабілеттерін т.б. жеке бастың қасиеттерін қажетсінеді деуге болады.

Мектепалды даярлықта баланың оқу әрекеті мазмұнына: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал - тәсілдерін меңгеру кіреді. Осыған орай, баланың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.

Мектепалды даярлықта балаларының жетекші әрекеті оның мінез -құлық мотивтерін елеуі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.

Мектепалды даярлық балаларының қабылдау қабілеті әлі ұйымдастырылмаған және тұрақсыз және болғанымен жаңа нәрсені қызығушылықпен қабылдайды. Олар қоршаған ортаны үлкен қызығушылықпен қабылдап, өздері үшін күн сайын жаңа нәрсе ашады. Мектепалды даярлықтың соңына қарай балалардың қабылдауы күрделеніп, талдамалы, ұйымдасқан сипатқа ие болады.

Мектепалды даярлық балаларының зейіні тұрақсыз, көлемі шектеулі келеді. Сондай - ақ, ойлауы эмоцинальды - бейнеліктен, абстрактылы - логикалық бағытында дамиды. Ойлауы сөйлеумен байланыста дамиды. Қазіргі үшінші сынып балаларының сөздік қоры шамамен 3500 - 4000 сөзді құрайды. Мектепте оқытудың ықпалы сөздік қорды молайтудан ғана емес, срнымен қатар маңызды біліктілік болып саналатын баланың өз ойын жазбаша және ауызша түрде еркін жеткізуден көрінеді. Бұл кезде бала нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнінде әлі таныс емес. Олар тек математика, сауат ашу және басқа пәндерді тереңдеп оқу кезінде қалыптасады.

Мектепалды даярлықта баланың дамуы өте күрделі процесс. Бұл кезеңнің адам дамуындағы орны ерекше. Бұл кезде өмірінің әрбір күнін тиімді пайдалағаны дұрыс. Бұл кезеңдегі негізгі міндет-қоршаған әлемді, табиғатты, адами қарым- қатынасты танып білу. Осы кезеңде алға қарай өмір бойы өзгеріссіз қалатын әлеуметтік, адамгершілік және интеллектуалдық сапалар қалыптасады.

Мектепалды даярлықта бала мектептегі өмірінің басталуымен бірге балалардың әрекетінің жетекші түрі де өзгереді: ойыннан, баланың жоғары күш- қуаты мен интеллектуалдық, ерік - жігер сапасын талап ететін, оқу әрекетіне ауысады.

Мектепалды даярлық балаларының белгілі бір дәрежедегі жеке дамуын мектепалды даярлықтың оқу үрдісін баланың оқу әрекетіне сәкес ұйымдастырған жағдайда ғана байқала бастайды. Міне, осы кезеңде көптеген балалардың танымдық қызығушылығы оянып, ойлауы ішінара логикалық қорыту сипатына ие болып, өзіне - өзі және жолдастарына баға беруі қалыптаса бастайды.

Мектепалды даярлықта балаларының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, дидактикалық ұстанымдарға сай жүйеленген білім мазмұны мен адамдық жауапкершілік сезімдерге негізделген педагогикалық талаптардың бірлігінен тұратын оқу үрдісінің бағытына тәуелді болмақ.

Мектепалды даярлықта бала әрбір даму кезендерінде пайда болатын, жетекші роль атқаратын қажеттіктеріне сәйкестіндіріп, оны қанағаттандыратындай дәрежеде ұйымдастырып, оған себеп болатын мотивтердің өзін қоршаған дүниені танытуға ұмтылу, сол танымға септесетін әрекет тәсілдерін меңгеру, өзін жеке тұлға ретінде бағалай алу, өз бойындағы қабілеттерін жетілдіру, өзін-өзі дамыту т.б тұрғысында қалыптастырудың мәні мектеп алдында тұрған үлкен міндеттің-жеке тұлға қалыптастыру міндетінің жүзеге асуының алғы шарты болып табылады. Бұл мәселе баланы өз әрекетінің субъектісі деп бағалауды, оның жеке мақсаттарын қоғам талаптарымен ұштастыруды қажет етеді.

Білім беру мазмұнының негізгі мақсаты - оның жан-жақты әрі тұтас тұлғаны тәрбиелеудің құралы ретінде балалардың оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға, іс-әрекет субьектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау.

Қазіргі мектепалды даярлықта баланың бастауыш мектептерде қалыптасқан білім беру ісі баланың бойына дайын білім мазмұнын беруді көздейді.

Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылатындықтан оның ерекшеліктерін білуіміз қажет, оның үлкен мәні бар. Олар:

  • жаттығу, есеп, тапсырмаларының үздіксіз орындалуы;
  • оқу тапсырмаларының енді игерілетін және өткен материалды қамтуы;
  • тапсырманы саралап және жеке беруге мүмкіндігі;
  • басшылыққа алынатын төрт жетекші ұстанымдардың (ізгіліктендіру, демократияландыру, саралап және даралап оқыту) жүзеге асыруына мүмкіндіктің болуы;
  • уақытты үнемдеуге болатындығы;
  • тапсырманы саналы игеруге жағдайдың тууы:
  • жеке, топтық, ұжымдық жұмысты ұйымдастыру;
  • оқу тапсырмаларын құрастыруға мүмкіндіктің барлығы;
  • оқу тапсырмасын саналы орындау.

Мектепалды даярлықта балалардың оқу үрдісінде әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың ортақ тәсілдерін, әрекетін бақылап- бағалауды, нәтижесін эталон мен салыстыруды меңгереді.

Құзыреттілік - балалардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді [6].

Осы талаптар негізінде оқу тапсырмаларын орындауда талдау мен мақсатты анықтаудың әдіс-тәсілдерін пайдалану және оның тиімділігін дәлелдеуді қажет деп санадық.

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілген кейбір нәтижелер мектепалды даярлықта балаларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, сұрақ қоя отырып ақпарат алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйретеді.

Баланың оқу әрекеті барлық рухани жүйелерінің қатысуын қажет ететін күрделі, жан-жақты үрдіс болып табыллады. Ондай күйде болудың басты шарттарының бірі-белсенді ой әрекеті болуы тиіс.

Педагогика, психология ғылымдарының соңғы зерттеулерінде кез келген әрекетті сол әрекетке сәйкес міндеттерді орындау тұрғысынан қарастырады.

Бүгінде мектепалды даярлықтағы оқу әрекетінің басты міндеті - баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын, қызығушылығын қамтамасыз ету. Мектепалды даярлықта мектеп баланың өзін іс жүзінде көрсету, мінез-құлық мәдениеті элементтерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады [7].

Мұнымен бірге балалардан ойланып-толғанып әрекет ету, алға дұрыс мақсат қоя білу соған жету кәсіби және өмірлік сынақтардан дұрыс жол таба білу талап етіледі. Ал осы айтылған міндеттерге әмбебап тәсілдер (талдау, мақсатты анықтау) арқылы жетуге болады.

Сонымен, мектепалды даярлыққа ұсынылған білім мазмұнын толық меңгерту үшін оқу әрекетінің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін ескеру қажет, яғни оқу іс-әрекеті мен баланың оқуға деген мотивациясы бір-біріне сәйкес келуі тиіс. Сондықтан да, біздің міндетіміз - мектепалды даярлық балаларының жас ерекшелігі мен нақты мүмкіншілігін танып білу және оның даму құзыреттілігін оқу іс- әрекеті арқылы қалыптастыру болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Дошкольная образовательная программа (воспитания, обучения и развития детей 5 лет). Попова Т.Н., Еденбаева З.Д. - Алматы, Алматы кітап, 2006
  2. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинение: в 2 - х т. - M., - 1982. -331с.
  3. Божович Л.И. Личность и её формирование в детском возрасте - M., Просвещение, 1968. - 4646.
  4. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. - Астана: Фолиант, 2004. - 4266.
  5. Аренова А.Х. Научно-педагогические основы самостоятельной учебной деятельности младших школьников: автореферат. ... докт. пед. наук. 13. 00. 01. - Алматы,2001.
  6. Мектепке дейінгі тэрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. № 1080 қаулы 2012 жылғы 23 тамыз (Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292)
  7. Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы. Астана, 2016.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.