Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұжымдағы адамдар қарым-қатынасының теориялық мәселелері

Андатпа

Мақала ұжымдағы адамдар қарым-қатынасының құрылымдық компоненттерін, қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты жақтарын анықтауға арналған.

Kipicne.

Қарым-қатынас адамның қоғамның мүшесі ретіндегі басқа адамдармен өзара қатынасының айрықша түрі, яғни қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынастары жүзеге асады.

Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар, атап айтқанда, коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталса; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруында, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез- құлқына, сенімдеріне эсер етіп,әрекет етушілердің қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда, ал перцептивті жағы қарым-қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының негізінде өзара түсінісуіндекөрінеді. Қарым- қатынастың құралдары:

  1. Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру.
  2. Бір ғана фразаның эр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық.
  3. Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады.
  4. Ым-ишара (жест) қарым-қатынастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін- яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.

Негізгі бөлім. Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтығы-олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты.

Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:

  1. "Бет-перделердің байланысуы әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеруге ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы.
  2. Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объекті ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым- қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызаланады.
  3. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.
  4. Іскерлік қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгеніменісінің одан маңызы басым.
  5. Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады.
  6. Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).
  7. Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.

Адамдардың бір-бірін қабылдау процесінде қарым-қатынастың міндетті құрамды бөлігі ретінде танылуы перцепция деп аталады. С.Л. Рубинштейнніңзерттеуі бойынша адамды мінез құлқының сыртқы көрінісі негізінде танимыз, оның сыртқы мәліметтерінің мәнін ашамыз[1]. Осы негізде алынған нәрселер қарым-қатынас процесін реттейді:

  • біріншіден, басқа адамды тану барысында танушы индивидтің өзіде дамиды.
  • екіншіден, басқа адамды танудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі өзін-өзі соның орнына қою. Бұл сол адамның ішкі жай күйін ұғынудың ең тиімді жолы. Өзіңді басқа адамның орнына қоя отырып оны түсіну амалымен эмпатия құбылысының мәні ұқсас Эмпатия—басқа адамды ішкі әлеміне еніп, оның барлық сезімдері мен ойларын ұғына отырып оны эмоцияналды түрде қабылдау қабілеті.

Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі- рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. Бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі.

Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: Сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысуынсыз. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар көзі ретінде әрі әңгімелесушіге эсер ету тәсілі ретінде көрінеді.

Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасында күнделікті сөздер оның 7% құраса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген эсер 33% құрайды екен.

Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды. Яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Адамның маңдайы, қасы, аузы (еріні, көзі, мұрыны, иегі) оның түр негізі эмоцияларын анықтайды.

Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлуметтік рөлдері бар. Осындай рөлдер жеке адам жайлы толыққанды ақпарат берумен қатар, оны кейбір тұстарын жасыруы да мүмкін. Алайда қандай рөлді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты.

Экстраверсия мен интраверсия адамның психикалық сипаттамалары ретінде қарым-қатынас арасында айқын түрде байқалады. Жүйке іс-әрекетінің неғұрлым күшті типімен байланысты, экстраверсиялық қасиеттері басым адамдар басқа адамдармен жеңіл тіл табысып кетеді, әрі таныстарының көлемі көп болады. Ондай адамдар айналасындағылардың көзқарасына тәуелді, әсерін тез алмастырып отыруға тырысады, әртүрлі істерді орындағанды ұнатады[2].

Интраверттер жүйке іс-әрекет әлсіз тиіптегі адамдар; олар өзінің ішкі жан дүниесіне бағдарланған адамдар. Таныстарының шеңбері өте тар келеді, қарым- қатынаста өз серігін іріктеп отырады, таныстарының саны көбейіп кетсе олардан шаршап кетеді.

Адам шын мәнінде басқа адамдармен өзара әрекеттестік пен қарым- қатынас жағдайларында тіршілік ететін әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік тірі ағза, тұлғалар арасындағы өзара әрекеттестіктің әрқилы формалары бар достық, махаббат, бәсекелестік, уақыт өткізу, ойын әлеуметтік эсер бағыну, дау-дамайлар, діни әрекеттестік т.б.

Адам өзін үнемі бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Жалғыз қалған адам мен басқа адамдар тобында болған адаммен арасындағы айырмашылық жер мен көктей (біршама алшақтау). Мұнда ең алдымен адамның өзі де өзгеріске түседі,- яғни оның қоршаған әлемге қатысты әсерлері, оның ойлары, сезімдері, тіптен бет әлпетіне дейін өзгереді; екіншіден, тікелей қарым-қатынас жағдайында ғана көрініс беретін түбегейлі жаңа психикалық құбылыстар орын ала баста йды.

Адамдардың бір-бірімен араласа бастаса болды, олардың тобын байланыстыратын тартылыс пайда бола бастайды. Ton бұл өзіндік күйі мен құрылымы бар, қандайда бір бүтін ұйым. Сіз топтың әр мүшесін жақсы білуіңіз әбден мүмкін алайда тікелей қарым-қатынастағы іс-әрекетін немесе бүтінде топтың әрекетін алдын-ала болжауыңыз қиынға соғады.

Кіші топтар ұжымның табиғи әлеуметтік- психологиялық негізі іспеттес. Ал ұжым өз кезегінде кіші топтардың жоғары дәрежеде дамуымен анықталады. Ол күтпеген жерден пайда болмай, біртіндеп мақсатты түрде қалыптаса басгайды[3].

Арнайы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, іскер және жеке қатынастар үйлесімінің дәрежесі қандайда да бір топтағы ұжымның қалыптасуының маңызды көрсеткіші болып табылады.

"Біз"-деп аталатын топтар адамның дамуы мен мінез-құлқына түбегейлі өзгерістер енгізуі мүмкін. Әлеуметтік психологияда бұл топты референтті немесе эталон топ деп те атайды.

Референтті топтар шынайы тіршілік етумен қатар, ойданда шығарылуы да мүмкін, жағымды немесе жағымсыз бола алады. Қандай жағдайда да олардың атқаратын қызметі ортақ.

  1. Референтті топ жағымдынежағымсызүлгілердіңбастауыболғандықтанәлеуметтіксалыстыруқызметіна тқарады.
  2. Референтті топ адам бейімделуге тырысатын ережелердің, нормалардың бастауы болғандықтан нормативті қызмет атқарады[4].

Іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаты мен түріне байланысты топтардың дамуының төмендегідей деңгейлері кездеседі.

  1. Атаулар тобы ұжымдық дамудың айқын көрсеткішінсіз тек қағаз жүзінде ғана тіршілік етеді. Ортақ қызығушылық, біріккен іс-әрекеттің азын-аулақ тәжірибесі бар уақытша байланыстарымен, қатынастарымен көре түседі.
  2. Ассоциация тобының өзіндік құрылымы, іс-әрекеттің ортақ мақсаты болғанмен біртұтас әлеуметтік психологиялық бүтін бола алмайды.
  3. Коорпорация (ұжымы) -топ ортақ мақсатпен және оны жүзеге асырудағы іс-әрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға тән серіктестік, топ мүшелерінің өзара әрекеттестігі, қарым-қатынастың жеткілікті дәрежедегі топтық тәжірибені құрап, оның сол іс-әрекет түріне даярлығын қамтамасыз етеді.
  4. Ұжым дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-әрекеттің негізінде қоғамдық құны бар мақсатттары мен мотивтері бар мұндай топ даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғары деңгейін сипаттайды. Яғни бұл топқа ұжымға тән әлеуметтік психологиялық ересектіктің негізгі белгілері тән[5].

Л.И.Уманский топты ұжым ретінде сипаттай отырып, оның төмендегідей белгілерін бөліп алады:

  1. Топтың адамгершілік бағытындағы бағдарының мазмұны (топ мүшелері мақсатының, мотивтерінің бірлігі).
  2. Ұйымдасушылык.
  3. Кез-келген іс-әрекет түрінде топтың бірлесуі.
  4. Психологиялық бірлік (интелектуалды, эмоциялы, еріктік)[6].

Ұжымның екі жақты табиғаты бар. Бір жағынан оның көптеген қырлары, атап айтқанда, іс-әрекет түрлері мен сипаты мүшелерінің санын анықтайтын педагогтың саналы әрі мақсаты ықпалының объектісі болып табылады. Екінші жағынан, балалар тобы өзгеше әлеуметтік психологиялық заңдылықтарға сүйенген, дербес салыстырмалы түрде тәуелсіз құбылыс.

С.Л.Рубинштейн зерттеуі бойынша сыртқы әсерлер жеке тұлғаның ішкі құрылымында өзгеріске ұшырап, оның өзіне айтарлықтай эсер етеді. Осылайша, ұжымның топтық даралығы іс-әрекеттің ұсынылған түрлерінің өзара күрделі әрекеттестігіне тәуелді келеді.Ұжымдағы өзараәрекеттестікте психологиялық ахуалдың рөлі ерекше.

Жағымды психологиялық ахуалмен сипаталатын ұжым ғана жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ете алады. Психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің адамгершілігімен анықталатын жеке және іс жағдайындағы өзара қатынастар эмоцианалды дәрежеде көрініс беретін, ұжымның психологиялық көңіл-күйі.

Адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің жасырын, мәнді жағдайлары айқын сипатқа ие болады: бәсекелестік немесе құпия бақталастық, ұжымшылдық немесе топтық кепілділік, дөрекі қысым немесе саналы тәртіп. Адамдар өзара әрекеттестігінің барлық жағдайлары өзара әсерлесетін терт негізгі тәсілі арқылы жүзеге асады, атап айтқанда, үгіттеу, еліктеу және сендіру әрекеттері арқылы.

Yrirrey- қандай да пікірдің немесе ой қорытындысының логикалық негізін келтіру, жеке тұлғаның эмоцианалды әрі рационалды қыры арқылы оның өзіне немесе бүтіндей топқа эсер ету. Түсіністік пен күйзелістің бірлігіне жетуді мақсат етуді көздеген екі немесе бірнеше адамдардың ашық немесе жасырын айтысын яғни талқысын үгіттеу процесі деп атауға болады, демек үгіттеу монолог бола алмайды, бұл міндетті түрде диалог түріндегі пікірталас. Басқа сөзбен айтқанда үгіттеу тәрбиенің ең күрделі түрі.

Еліктеу - индивиттің қандайда бір мінез-құлық көріністерін, мәнерлерін, әрекеттерін, қылықтарын қайталау.

Иланушылық (сендіруу адам психикасына тән қасиеттердің бірі. Әдетте, сенгіштік қасиет балаларда басымырақ келеді. Сендіру қарым-қатынастағы адамдардың өзара эсер ету процестерінің бірі ретінде ырықты немесе ырықсыз, тікелей немесе жанама болуы мүмкін, педагогикалық тұрғыда сендіру амалы дұрыс пайдаланылатын болса, ал өте күшті тәрбие құралына айналар еді[7].

Қорытынды. Қорыта айтқанда, қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың ерекше формасы болып табылады.Қарым-қатынас мәселесін қазіргі кезде философия, психология, әлеуметтану, психолингивистика сияқты іргелі ғылымдар жан-жақты зерттейді.

Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрылымдық компоненттерін анықтап, қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын (коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік) қарастырдық.

Адамдардың әлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының адамгершілік үгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке басының қасиеттері қалыптаса бастайды. Осы тұста қарым-қатынастың алар орны ерекше.

Адам өзін үнемі бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Адамның жеке қалғанымен, басқа адамдардың тобында болуының арасынада үлкен айырмашылық бар. Мұнда адамның өзі де өзгеріске түседі, яғни оның қоршаған әлемге қатысты әсерлері, оның ойлары, сезімдері, тіптен бет-әлпетіне дейін өзгереді; екіншіден, тікелей қарым-қатынас жағдайында ғана көрініс беретін түбегейлі жаңа психикалық құбылыстар орын ала бастайды.

Арнайы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, іскер және жеке қатынастар үйлесімінің дәрежесі қандайда да бір топтағы ұжымның қалыптасуының маңызды көрсеткіші болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Обозов H. Н. Психология межличностных отношений. — К.: Высшая школа, 1990.
  2. Андреева Т.М. Социальная психология.Учебник для высших учебных заведений / Г. М. Андреева. 5-е изд., испр. и доп.M.: Аспект Пресс, 2007. 363 с
  3. Лисина М.И., Шерьязданов Х.Т. Специфика воспитания общений у дошкольников. А. 1989, с. 71-72
  4. Венгер Л.А., Мухина В.С. Психология: учебное пособие. - M.: Просвещение, 1988
  5. Мұқанов М. Жас ерекшелік және педагогикалық психологиясы. А. 1986
  6. Уманский Л.И.Личность. Организаторская деятельность. Коллектив. /Избранные труды -Кострома: КГУ им. Н. А. Некрасова, 2001.- 208 с.
  7. Бодалев А.А. Психология общения TXT. M.: Издательство "Институт практической психологии", Воронеж: НПО "МОДЭК", 1996. -256 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.