Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ойын технологиясы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы

Андатпа

Бул мақалада ойын технологиясы, танымдық қызығушылық жөнінде озық ойлы пікірлер, әртүрлі тәжірибелер қамтылған. Бастауыш сыныптың математика сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары қарастырылған.

Қазіргі білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысына мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқытуға қатысты кешенді міндеттер қойылып отыр. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін математика пәніне ерекше орын беріліп отыр. Сондықтан математиканы оқытуда мұғалім алдында тұрған міндеттердің бірі - оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Оқушының танымдық қызығушылығын қалыптасыру - бұл ынтаны оятатын, оқушыға оқу материалдарына қызыға кірісу сезімін тудыратын мұғалім әрекетінің жүйесі.

Ойын технологиясы педагоги кал ық технологияның құрамды бөлігі болып табылады. Оқыту технологияларының ішінде ойын технологиясы тікелей ойын элементтерін қолданумен ерекшеленеді. Білім беру үрдісінде ойын технологиясын қолдану мәселесі педагогикалық теория мен практикада жаңа қолға алынды деуге болмайды. Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып келеді.

Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.

Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д. Ушинский, П.Ф. Лесгафт, Л.Н. Толстой, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, П.П. Блонский жэне т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф. Шиллер, К. Гросс, В. Вундт және ағылшын элеументтанушысы Г. Спенсер ерекше ден қойды.

Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И. Микитинская, Т.К. Жикалкина, т.б.).

Психолог А.С. Выготский: "Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді" - деп өз ойын білдірді [1].

Н.К. Крупская "Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді" - дейді. К.Д. Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді - деді [2].

Давыдов "Дұрыс ұйымдастырылған ойын балаға өмірге қажетті көп нәрселерді үйретеді. Ойынның өзі ғана уақытында баланың жаңа психологиялық жағдайы өзінің ойын мазмұнына қарай көрінеді" - деген [3].

Ұлы-классик педагогтар Я.А. Коменский, И. Песталоцци, А. Макаренко, Н.К. Крупская қалдырған педагогикалық мұраларды жан-жақгы зерттей отырып, В.А. Сухомлинский ойынның маңызын былайша түсіндірді: «Ойынның ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ жэне болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңгейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы» [4].

Ойынды педагогика ғылымы саласында алғаш негіздеген Квинтилиан болды. Одан беріде Ф. Рабле, Я.А. Коменский, Д. Локк, Г.В. Лейбниц, Ж.Ж. Pycco., отандық ғылымдар Ы. Алтынсарин., А. Байтұрсынов., М. Жұмабаев., Ж. Аймауытов., М. Дулатов., тәрізді ғалымдар баланың жан-жақты дамуындағы ойынның рөлін анықтап, ойын өсіп келе жатқан адамның ойлауына, сезіміне, еркіне, мінезіне, санасына, құлқына өзіндік әсерін тигізетінін, сондықтан оны оқу әрекетінде орынды қолдану қажеттігін көрсетті.

Ойын теориясын, оның әдіснамалық негізін құрумен, оның әлеуметгік табиғатын айқындау және тұлғаның дамуына ықпалын зерттеу ісімен Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин жэне т.байналысты.

«Ойын» сөзі тура мағынасында ғылыми термин болып табылмайды. Сондықтан болар, бірқатар зерттеушілер «ойын» сөзімен байланысқан саналуан және түрлі қасиеттегі әрекеттер арасынан ортақтықты табуға тырысты. Ойын теориясын құру бастамасы XIX ғ. Ф. Шиллер, Г. Спенсер, В. Вундт секілді ойшылдардың есімдерімен байланысты.

Өздерінің философиялық, психологиялық және ең бастысы эстетикалық тұрғыдағы көзқарастарын білдіре отырып, олар ойынға қатысты, оны өнермен байланысқан өмірдегі кең тараған құбылыс ретінде қарастырып, бірнеше тұжырым жасайды. Педагогикалық әдебиеттерде ойынның дидактикалық мүмкіндіктеріне деген түрлі көзқарастар кездеседі. Кейбір ғалымдар мәселен, Л.С. Шубина, Л.И. Крюкова және т.б. оларды оқыту әдісіне жатқызады. В.П. Бедерканова, Н.Н. Богомолова ойындарды оқыту құралы ретінде сипаттайды. Ойын іс-әрекетін өзекті мәселе ретінде К.Д. Ушинский, П.П. Блонский, С.Л. Рубинштейн қарастырған.

Дүниеге келген сәбидің ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының басты белгі, бедері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шығармашылық мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып білінеді. Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын - баланың өзіндік өмірі»», - деген ортақ тұжырым жасайды. Сондықтан оқыту үдерісінде де ойын түрлерін ұйымдастыруды үнемі ескеріп отыру қажет. Өйткені ойын, ең алдымен, оқушының ой-өрісін, қиялын дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Оқытуда қолданылатын ойын әдістері - ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдіс. Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып, қызықтыру мақсатында қолданылады.

Д.Н. Узнадзенің пікірі бойынша, ойын психогенді мінез-құлықтың, яғни тұлғаның ішкі дүниесіне тән формасы болып табылады [5].

Л.С Выготский ойынды баланың «ішкі әлеуметтену» кеңістігі және әлеуметтік шарттарды меңгеру құралы ретінде қарастырды [1].

Осы ұғымға қызықты түсінік берген А.Н. Леонтьев болатын, ол ойынды тұлғаның қиялдаудағы еркіндігі ретінде, «жүзеге аспаған қызығушылықтарды иллюзиялық іске асыру» деп түсіндірді. Біздің көзқарасымызша, осы ұғымға кеңінен толық түсінік берген В.С. Кукушин. Оның пікірінше, ойын - қоғамдық тәжірибені құруға және меңгеруге бағытталған ситуациялық жағдайлардағы іс-әрекет түрі [6].

Еңбек және оқумен қатар ойын да адам іс-әрекетінің негізгі түрінің бірі. Ойын - қоғамдық тәжірибені құруға және меңгеруге бағытталған жағдаяттар тұрғысындағы іс-әрекет түрі [7].

Оқу үрдісін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын алады. Осы орайда оқыту үрдісін жетілдіру формасы ретінде ойын технологиясын тереңінен қарастырған ғалымдар С.Ф. Занько, Ю.С. Тюнников және С.М. Тюнникова болатын. Олар «проблемалық оқыту теориясы дамығанға дейін ойын өзінің негізгі ұғымын, принциптерін, әдістерін, оны құрудың педагогикалық логикасын, ойын үрдісін жүзеге асыру аспектілерін қарастыра алмаған болатын» деп болжам жасайды [8]

Олардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша - оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру болып табылады.

Ал Б.П. Никитин ойынды кубиктерден, кірпіштерден, шаршылардан құралған тапсырмалар жүйесімен ұсынады. Б.П. Никитинның дамытушы ойындар технологиясы қызықтылығы сол, ойын іс-әрекетінің бағдарламасы дамытушы ойындар жиынтығынан тұрады [9].

Оқытудың ойын әдісін нақты және кеңінен сипаттаған А.А. Вербицкий болатын, ол іскерлік ойынның принциптерін дәл анықтады [10].

Іскерлік ойынды дамытуға зор үлес қосқан Ю.Н. Кулюткин, ол ойынды өткізудің негізгі кезеңдерін сипаттап ұсынды [11].

Ойын білімді меңгеруді қажеттілік бойынша емес, оқушылардың қалауы бойынша меңгеруіне ықпал етеді және формальды түрде емес, үлкен қызығушылықпен жүреді. Бұл туралы кеңес психологы А.Н. Лук былай деп жазады: «Ойында күштеу болмайды, онда тікелей өмірлік қажеттілік те жоқ. Бұл - таза ерікті іс-әрекет» [12].

Балалық жастағы оқу көп жағдайда күштеуге құрылады, ал ойын ерекше қуанышпен қабылданады, өз кезегінде қуаныш баланың оқу пәніне деген қызығушылығын арттырады. Ойын күнделікті оқу әрекетіне көп түрлі өзгерістер енгізеді, ойынға ғана емес, оқу пәніне деген қызығушылықты дамытуға ықпал етеді. Қызығушылықты дамытудың белгілі бір ағымы болады, құбылыстардың сыртқы жағына деген қызығушылық, оның ішкі мәніне деген қызығушылыққа ауысады. Кез келген ойында оның формасы, белгілі бір істің мәні үшін сыртқы форма болып саналады.

Ойын оқушыларға басқа оқушылардың көзқарасы тұрғысында, өзін бағалауға мүмкіндік береді. Өзін дұрыс бағалау білігі - адамның өмірінде көмектесетін маңызды қабілеті болып табылады: өзінің қабілеттерін жеткілікті бағаламау адамға бастамашыл, шешім қабылдағыш, күшті болуға кедергі келтіреді.

Ойын бағалаудың жаңа критерийін ұсынады. Жеңімпаз ретінде көп жағдайда көп білетін бала емес, қиялы дамыған, бақылай білетін, ойын ситуациясында тез және дәл жауап беретін, жақсы есте сақтау қабілеті бар, есте сақтаудың байлығын қолдана алатын бала алынады.

Ойын екі жоспардың болуымен сипатталады. Бір жағынан, ойын ойнаушы нақты, стандартты емес тапсырмаларды шешумен байланысты, шынайы іс- әрекеттерді орындайды; екінші жағынан, осы іс-әрекеттің бірқатар сәттерінің шартты сипаты болады, бұл өз кезегінде шынайы жағдаяттан ауытқуға мүмкіндік береді, бұнда қорқыныш, күлкілі болудан қорқу кедергілерін алып, қиялдауға ерік береді. Ойын бүкіл ұжымның бірлестігін талап етеді. Ол жарыс атмосферасын құрады, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жұмылдырады, себебі оның жауабынан тек баға алу емес, команданың жеңісі тәуелді болады. Ойын оқушылардың ұжым алдындағы борыш сезімін қалыптастырады.

А.С. Макаренко былай деп жазды: «оқушылардың ойынға жұмсайтын күші жемісті болып табылады, ойында оқушылар өздері үшін байқалмайтын, оқу пәні үшін қажет білік пен дағдыларды меңгереді. Ойындар қабілеттерді көрсетуге ғана көмектеспейді, сонымен бірге оларды жетілдіруге ықпал етеді» [13].

Ал В.А. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің мазда п жанар оты», - дейді [4].

Демек жақсы ұйымдастырушының қолындағы ойын оқыту мен тәрбиенің әрекеттік құралына айналады, ол ойынға қатысушыларға үлкен ақыл-ой қүш жұмсауды талап етеді және үлкен қанағаттану сезіміне бөлейді.

А.М. Горький: "Ойын арқылы бала дүниені таниды», - дейді. Шынында да, бала үшін ойын - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.

Ойынның субъективті маңызы ойын әрекеті үдерісіндегі бастауыш сынып баласының рахаттану сезімімен анықталса, ал объективті маңызы оның өмірлік көзқарасын, физиологиялық қабілеттерін қалыптастыруынан көрінеді. «Психология игры» деген кітабында Д.Б. Эльконин былай деп жазады: «Ойынның даму жолы нақты заттық әрекеттен жалпыланған ойын әрекетіне қарай және одан рөлдік ойындық әрекетке қарай жүреді», «рөл - ойынның мәнді орталығы болып табылады және оны іске асыру үшін ойындық жағдаят пен ойындық әрекеттер жасалынады. Ойынның қажеттілігі баланың ол рөлдерді меңгеруінен көрінеді. Өйткені ойындағы баланың әрекетін, қимылын анықтайтын қоғамдық өмірдің функциялары мен әрекет тәртіптері» [4].

Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын - баланың өзіндік өмірі» деген ортақ тұжырым жасайды. Сондықтан оқыту үдерісінде де ойын түрлерін ұйымдастыруды үнемі ескеріп отыру қажет. Өйткені ойын, ең алдымен, оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуіне, еркін пікір алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады.

Педагогикалық ойындар дидактикалық мақсатына, ұйымдастыру құрылымына, оларды қолданудағы жас ерекшелік мүмкіндіктеріне және арнайы мазмұнына қарай алуан түрлі болып келеді.

Бастауыш мектепте математиканы оқытудың қазіргі тәжірибесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, инттелектуалдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Математика сабақтарынада оқушылардың дербес оқу-танымдық қызметін ұйымдастыруға арналған «Дидактикалық материалдар» құралында математикалық білімді темен і рек деңгейден біртіндеп жоғары деңгейге көтере түсу мәселесі мұқият ескерілген. Сондықтан мұнда әрбір өзіндік жұмыс күрделілігі тұрғысынан терт түрлі деңгейдегі жаттығулар түрінде берілген. 1, 2 және 3-деңгейдегі жаттығулар математикалық білім мазмұнының мемлекеттік стандартынан туындайтын міндетті деңгей болса, ал 4-деңгейдегі жаттығулар мүмкін деңгей талаптарына сәйкес іріктелген. Атап айтқанда, 2-деңгейде оны біршама өзгерген жағдайда, 3-деңгейде жаңа жағдайда қолдануға тура келеді. Ал 4-деңгейдегі жаттығуларды орындау шығармашылық іс-әрекетті талап етеді. Осыған орай, олар, көбінесе, дәстүрлі емес түрде ұсынылады және топшылау мен болжамдарға негізделген эр алуан бағыттағы шығармашылық ізденістермен байланысты болып келеді.

Математика сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру дегеніміз - сабақта оқушылардың оқу материалдарымен белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, сабақты үнемі түрлендіріп математикалық ойындар мен жұмбақтарды, техникалық құралдар мен көрнекі құралдарды ұтымды қолдану, оларды сабақтың орынды жерінде пайдалану амалдары. Мұндай амалдар оқушылардың логикалық ойлау тәсілдері мен амалдарын өрістетіп, олардың ғылым негіздерін меңгеруін тиянақты етеді.

Оқу процесінің тиімділігі дегеніміз - ең алдымен оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру, олардың оқу-білімге белсенді көзқарасын өмір қажеттігіне біртіндеп айналдыру. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін, олардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлері мен ізденімпаздық қабілеттерін ұдайы дамытудың маңызы ерекше. Өтілген тақырыптың практикалық маңызына оқушылардың көзін жеткізу, тақырып бойынша көтерілетін негізгі идеяны даралап таныту, сабақта проблемалы ситуация туғызу - осының бәрі оқушының танымдық белсенділігін көтеруге әкелетін, сөйтіп, олардың білуге, тануға деген ынта - ықыласын арттыруға, қабылдау дағдыларын дамытып нығайтуға қолайлы жағдай жасайтын бірден-бір қажетті факторлар.

Г.Н. Щукина өзінің «Педагогические проблемы формирования познавательных интересов» атты еңбегінде пәнге танымдық қызығуды дамытудың үш шарты бар деп көрсеткен:

Біріншісі - мазмұнның жаңартылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау,

Екіншісі - өз бетінше жұмыс істеудің әр қилы түрлеріне негізделген, проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды зерттеуге және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері,

Үшіншісі - оқушының қабілетін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың күш - мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті.

Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқуға қызығушылығын оятудағы өзіндік белгілерін ескеру қажет.

Ішкі белгілер:

  • сабаққа белсенді қатысу;
  • сабақ үстінде сұрақ қою;
  • пәнмен айналысам деген тілегі;
  • берілген тапсырмаларды толығымен орындауы.

Сыртқы белгілері:

  • оқушылардың көңіл-күйінің көтерілуі;
  • көздерінде ұшқын пайда болуы;
  • бет-әлпетіндегі қуаныштың көрінісі [14].

Сабақта ойынды жүргізудің сәтті болуы толығымен мұғалімге байланысты болады. Педагог оқушылардың шығармашылық ойынын ұйымдастыруы керек, оларды ойынға енгізуі және керектігі болып табылыды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Выготский, JI.C. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка Л.С. Выготский вопросы психологии, 1966. №6. - 42-56 с.
  2. Ушинский К.Д. Избранные педагогические произведения.-M.,1968.
  3. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения.-Москва., Педагогика,1986.- 275 с.
  4. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. Сухомлинский В.А. -Киев: Реденька школа, 1969. -381с.
  5. Узнадзе Д.Н. Формы поведения человека. - Тбилиси: Мецниереба, Труды, 1967. - 5 с(на груз. яз.).
  6. Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия "Школа развивающего обучения"). - Ростов н/Д: изд- во, "Феникс", - 2003. С. 86-96.
  7. Шмаков, С.А. Игра учащихся феномен культуры /С.А.Шмаков. -M., 1994.-238С.
  8. Занько С.Ф.,ТюнникоЮ.С.,Тюнникова С.М.Игра иучение,-Москва:Логос, 1992
  9. Никитин Б.П. Развивающие игры / Б.П. Никитин: 2-е изд. M.: Педагогика,1985.
  10. Вербицкий А.А. Деловая учебная игра.-В кн.: Основы педагогики и психологии высшей школы./ Под ред. Петровского А.В.. - Изд-во МГУ, 1986. - 208- 217 с.
  11. Кулюткин Ю.Н. Мотивация познавательной деятельности. -Москва.СПб, 2002
  12. Лук А.Н. Мышление и творчество. - Москва, 1976
  13. Макаренко А.С. Педагогические сочинения в 4-х гг.М.,1987.Т. 1.575с.
  14. Щукина, Г.Н. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов / M., 1988.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.