Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Математика сабағында оқушылардың белсенділігін арттырудағы бағалаудың тиімділігі

Аңдатпа

Бул мақалада бағалау арқылы оқытуды жақсарту үшін оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету керек. Яғни, өтілген тақырыптарды еске түсіру арқылы жаңа тақырыпты байланысгырып, уштастырып отыру тиімдірек. Муғалімнің ғана емес оқушылардың да өзіндік оқуға белсенді қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгертудің маңызы зор.

КІРІСПЕ

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай - ақ баланың дамуы, оқуы, ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің тиімділігі қандай? Осы уақытқа дейінгі мектептегі бағалау тек қана мемлекеттік емтихан нәтижесімен сертификат алуға, тоқсандық қорытындыларды шығаруға арналған ресми тәсіл болып келді. Ал енді деңгейлік курстан өткен соң мен бағалаудың мәні мен мақсаты жөніндегі теорияны меңгергеннен кейін бағалау туралы ойым мүлде өзгерді.

Бағалау-одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Демек, дұрыс жүргізілген бағалаудың оқушының білім алуына ықпалы, маңызы зор.

Жалпы бағалау ұғымы «жақын отыру» деген мағына береді (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 57-бет). Мұндағы менің түсінігім - оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушынының ыпалдаса жұмыс жасауы.

Сабақ барысында өтілген тақырыпты шолу жасап, жаңа сабақты меңгертуде болсын, топпен жұмыс жасап, жазу жұмыстарына назар аударуда да сыныптағы оқушылардың барлығын бірдей бағалай алмайсың.

Сыныптағы кейбір оқушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, қосымша қойылған сұрақтарға да жауап беріп отырады. Ал, кейбір оқушылар жазба жұмыстарына жақсы атсалысып, қосымша сұрақ қойғанда іркіліп қалады, мұндай жағдайда оқушыға осы әрекеті үшін ғана бағалап қана қоймай, сабақтың келесі кезеңдеріндегі бағаланатын әдіс-тәсілдерге араластыру арқылы бағалауға болады.

Сабақ барысында бағалау кезеңі оқушы үшін де, мұғалім үшін де маңызды сәттердің бірі екені сөзсіз. Оқушының білімін бағалау арқылы, оның түсінігінің қай деңгейде екенін көруге болатын еді. Ал, қазіргі жаңа оқыту әдістемесі, яғни оқу үшін бағалау модулінің идеясы бойынша оқушының ары қарай оқуға деген зейінін арттыруға, ынталандыруға, өзінің бағасын өзі шығаруға, өзгені бағалауға қатыса алатынын, критерий арқылы өздерінің бағасын түсінетін және әділ екенін үйрететін үдеріс екенін бағдарлама барысында алған теориялық білімімізді мектептегі іс- тәжірибемен ұштастырғанда ғана түсіндім.

НЕПЗП БӨЛІМ

Жалпы деңгейлік курстағы алған білімдерімді мектептегі тәжірибеге пайдалану кезеңінде оқушыларды бағалау үшін алдымен оқушылардың нені білетіндігін және нені істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтап алу мақсатында ойлана келе, бағалау арқылы оқытуды жақсарту үшін оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету керек деп шешілді. Мұғалімнің ғана емес оқушылардың да өзіндік оқуға белсенді қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгертудің маңызы зор. Балалардың өзін-өзі бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінуі қажет. Бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

Оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекетін бақылау, яғни, балалардың өзара қарым-қатынасын, олардың арасында болып жатқан әңгіме барысын тыңдап, берілген тапсырмаларды қадағалаудың өзі оқушыларды бағалау үшін көп ақпарат беретінін байқадым. Осының өзін іске асыру үшін де әртүрлі әдіс пайдалануға тура келді.

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізі - құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру деуге болады. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.

Критериалды бағалау-оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.

Жоғарыдағы тұжырымдарды саралай келе, мен өзім сабақ беретін сынып оқушыларымен бірлесе отырып, әр сабақта қолданылатын бағалаудың дескрипторларын жасап алуды жөн көрдім. Топ бойынша бағалау критерийлеріне қолданылатын дескрипторлар жасауға тапсырмалар бердім. Оқушылардың ойларын бір ортақ жүйеге келтіріп, әрбір маңызды дескрипторға 10 балдык өлшем арқылы есептейтін болып шештік.

Сонымен жасаған критериалды бағалау формасын төмендегідей етіп жасап, әр сабақта қолданатын болып шештік.

  • әр дұрыс шығарылған 1 есеп-10 балл
  • кері байланыста өзінің пікірін дәлелдеу-10 балл
  • үй жұмысы үшін-10 балл
  • белсенділігі мен дұрыс пікір ұсыну-10 балл
  • түйінді сұраққа жауап беру-10 балл
  • -топ мүшесіне көмектесу, ынтымақтасып жұмыс жасауы-10 балл.

Біздің бағалау жүйеміз жоғарыда айтылғандай бес балдық жүйе болғандықтан, сабақ барысында жинаған балдарын бағаға ауыстыру мәселесін де қарастырдық. Сонымен, балды бағаға ауыстыруда:

«5» -70-80 балл;

«4» -50-60 балл;

«3» -30-40 балл;

«2» -0-20 балл жинағанда деген шешім жасадық.

Балдарды неге 10-дық жүйемен қойылды деген сұраққа, біріншіден, жиынтық бағаға айналдырғанда оқушыға да, маған да тиімді болу үшін, екіншіден оқушылар көп балл жинауға ынталанады, алға жылжуға тырысады деген оймен деп жауап беруге болады.

Жоғарыда көрсетілген бағалау критерийі сабақтың кезеңдеріне байланысты жасалған болатын және оны барлық сабақтарымда қолдану оқушы білімінің нақты көрсеткіші болмайтынын ескеріп келесі сабақтарымда өтілген тақырыбымның желісі бойынша дескрипторлар құрастырып, тақырып бойынша критериалды бағалау жасадым.

Бірақ бұл әдіс сабақтың біршама бөлігін алғандықтан барлық оқушымды қамти алмадым. Оқушылардың белгілі бір бөлігін осы тақырып бойынша жасалынған бағалау бойынша жұмыстарын тексеру барысында оқушының осы критерийлер арқылы жұмыс жасау керектігін, жұмыстарының критерийлерге бағытталғанын байқай алдым.

Менің өз сабақтарымда бағалаудың келесі үлгілерін пайдаланып жүрмін: табыс критерийі, бас бармақ арқылы бағалау, геометриялық фигуралар, смайликтер арқылы бағалау, оқушылардың өзін-өзі, топты бағалауы.

Смайликтермен бағалау.Геометриялық фигуралармен бағалау

Сыни ойлауға берілген және жаңа сабақтың мақсатын ашатын сұрақтар қою барысында, дұрыс айтылған пікірлерге, түйінді ойлар айтқан оқушыларды мадақтап, ынталандырып және олардың түсініктерін бағалап отырдым. Атап айтқанда, оқушының берген жауабына қоса толықтыруын, жетекші сұрақтар беру арқылы білімін қалыптастыруды, одан әрі ізденуін көздеп отырдым. Бұл менің оның осы мезеттегі жұмысын қорытынды жасауға берген бағдарым деп есептедім. Балалардың көпшілігі мақтау сүйетіні белгілі, сондықтан оның әрбір айтқан пікірін қолдап отырдым, қате берген жауабын басқа қырынан ойлатуға бағыттап, көңілін түсіріп тастамауға, баланың ары қарай сұраққа жауап беру үдерісін дамыту үшін, түсініктерін кеңейту үшін жетекші сұрақтар қойып отырамын. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, баланы оқытуға үйрету, оның кішігірім болса да жасаған еңбектерін бағалап отыру маңызды екендігіне көзім етті.

Баллдарды бағаға айналдырып сынып журналына түсіріп отырамын.Мұнда оқушылардың жұмыстарын формативті бағалаудан, жиынтық бағаға ауыстырылып отыратындығы белгілі.

Сабақтың соңғы әдісі ретінде рефлексия жүргізуді қалыпты жағдайға айналдырып келемін. Оқушылардың жаңа сабақ бойынша бұрыннан белгілі болған білімдерін жаңамен ұштастырып отыруға тырысамын. Мұнда оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша түсініктерін бағалауын біледі деуге болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе, бағалау арқылы оқытуды жақсарту үшін оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету керек. Яғни, өтілген тақырыптарды еске түсіру арқылы жаңа тақырыпты байланыстырып, ұштастырып отыру тиімдірек. Мұғалімнің ғана емес оқушылардың да өзіндік оқуға белсенді қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгертудің маңызы зор. Балалардың өзін-өзі бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінуі қажет. Бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді. Оқушыларға терең білім нәрін беру үшін келешекте оқушыларды бағалауда жиынтық бағалау мен формативті бағалауды қатар алып жүру керектігін ұғындым.

Критериалды бағалаудың кезеңдік және тақырыптық түрлерін барлық сабағымда қолдандып отыруға тырысамын.

Алдағы уақытта да сабақ кезеңдерінде оқушылардың түсіну дәрежесін жетілдіре түсетіндей сұрақтар мен тапсырмалар беруді одан әрі дамыта беремін. Бұл менің жұмысымның нәтижесін жақсартады деген ойдамын. Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болу үшін мұғалім оқу-білім үрдісінде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу арқылы білім сапасын арттыруға болатынына көз жеткіздім.

9 сынып бойынша математика
ііәнінен білім мониторингісі

9-сынып оқушыларының математика пәні бойынша 2015-2016 оқу жылындағы білім сапасының мониторинг!

Әр оқушымның «жеке тұлға» болып қалыптасу жолында, өзімнің тәжірибиемді ұштап отырамын. Римдік философ Сенека Луций былай деген екен: «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз». Менде оқушыларыма үйрете жүріп, өзім де үйренемін деп білем. Мұғалім жан жақты тұлға! Оның ойының ұшқырлығы қаншалықты терең болған сайын, оқу үдерісінің жаңалықтарында да соншалықты тың дүниелер пайда болады. Қазіргі таңда беріліп отырған, түрлі бағдарламалардың оқушы бойына дұрыс таралуы нағыз ұстаздың қолынан келетін іс деп білемін.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. ҚР жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру курстарының бағдарламасы. Астана, 2012 ж.
  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық 3 (негізгі деңгей) 3-басылым Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ 2012 ж.
  3. I бетпе-бет кезеңіндегі таратпа материалдар.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.