Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кеңес одағының күйреуі: оның қазақстан халқына тигізген пайдасы мен зияны

Аңдатпа

Мақалада Кеңес Одағының құрылуы мен тарау себептері, оның қазақ халқына тигізген пайдасы мен зияны, социализм туралы маркстік-лениндік көзқарастар қарастырылған. Соңғы кездері кейбір ғалымдар Совет Одағының таралуымен социализмнің ыдырауын марксизм-ленинизм ілімінен көруде. Шындығында бұған ол ілім кінәлі емес, керісінше оны іс жүзінде дұрыс іске асыра алмаған адамдар кінәлі екендігі туралы талдаулар жасалынған.

КІРІСПЕ

Кеңес Одағының құрылуы, Лениннің социалистік революция жеке алған бір елде, имперализмнің ең осал буынында жеңеді деген идеясының іске асуы еді.

ХХ ғасырдың басында имперализмнің ең осал буыны Ресей болды. Онда ішкі және сыртқы қайшылықтар барынша шиеленісті, жұмыссыздық көбейді, халықтың тұрмыс жағдайы төмендеді, елде революциялық ситуация қалыптасты. Соған байланысты, бір елде Ресейде, социализм жеңді, КСРО алып державаға айналды. Бұл тарихи шындық. КСРО тарағаннан кейін, оның тарау себебін марксизм-ленинизм ілімінен көретін, бұл ілімді жалған, утопия деген көзқарастар пайда болды.

Мақалада автор, КСРО-ның тарауына маркстік-лениндік идея кінәлі ма? Социалистік қоғам құру адамзат тарихындағы қателік пе? Капиитализм социализмге қарағанда артық қоғам ба? КСРО-дағы социализмнен қазақ халқы қандай пайда немесе зиян көрді? Деген мәселелерге жауап беруге тырысады. Бұл мәселе – теориялық және практикалық мәні бар, өзекті мәселе.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ХХ ғасырдың аяғына таман, марксизм-ленинизмнің салтанат құруы деп жүрген Кеңестер Одағы, социализмнің дүниежүзілік жүйесі тарап, ыдырады, оның орнына көптеген тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Бірақ күні бүгінге дейін КСРО- ны жоқтаушылар, аңсаушылар баршылық.

Олардың пікірінше КСРО кезінде, барлық ұлттық республикалардың халқы әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани салаларда зор табыстарға жетті. Қазіргі кезде бұларға қарама-қарсы пікірлерде пайда болды. Оларша, КСРО әуелден, халықтың еркімен емес, зорлықпен құрылған мемлекет, оның құрылуы тарихи заңдылық емес, кездейсоқтық, оның саясаты халыққа қарсы, ол халықтардың түрмесіне айналған қоғамды құрды, сондықтан оның тарауы заңды.

Бұдан көретініміз, КСРО-ның құрылуы мен тарауы жөнінде қазіргі саясаткерлердің, идеологтардың, ғалымдардың арасында бір тұжырымға келген пікір жоқ.

Сөзіміз дәлелді болу үшін, Ақиқат журналының 2013 ж. №8 жарияланған «СССР-дің күйреуі: қазаққа ұлт ретінде тигізген пайдасы мен зияны» деген тақырыпта өткізілген келелі кеңестегі кейбір ғалымдардың пікіріне тоқталайық.

Зардыхан Қинаятұлы: «Социализм деген кәдімгі қоғамның даму барысындағы заңдылық арқылы келген жүйе емес, күшпен құрылған кездейсоқ оқиға» деген қорытынды айтады.

Дос Көшім: «Мен өз басым Кеңес үкіметінде ешқандай социализм болған жоқ деп ойлаймын. Екіншіден, ең үлкен минус, ең үлкен кемшілігі, ең үлкен патша үкіметінен кеңес үкіметіне көшкен кездерде ұлы державалық шовинизм сол қалпы қалды, тек қана ол коммунистік идеологиямен аралас ұсынылды», - деп көрсетеді.

Кеңес одағының күйреуін заңды құбылыс екендігін айта келіп, Н. Мұқанбетқанұлы былай дейді: «Сол күйреудің ең үлкені Ресейде құрылған КСРО. Сондықтан, бұл тарихи заңдылық бойынша бір деңгейіне көтерілмеген қоғамдық жүйе. Оның сол дүниеге келген күнінен бастап, оның ішкі клеткаларын вирус қаптаған. Ақыры сол вирус бүкіл денесін жеп болды. Демек, Кеңес Одағының ыдырауы тарихи заңдылық».

Профессор А. Айталының пікірі бойынша, «Одақты күйреткен мәскеулік шовинистік партия және мемлекеттік аппарат пен ұлттардың еркіндікке ұмтылысы».

Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды сол, яғни, КСРО құрылғаннан бастап, тарағанға дейін, қоғамдық өмірдің дамуына сәйкес келмейтін кездейсоқ жүйе, сондықтан оның күйреуі заңды құбылыс.

Біздің ойымызша, бұл айтылған көзқарастар, КСРО-ның тарауына біржақты көзқарастар қалыптастырады. КСРО-ның күйреуін марксизм-ленинизм ілімінен көру, оның тарауын заңдылық деп санау дұрыс емес. Себебі, егер біз, капитализм өміршең социализмнің болашағы жоқ, оның күйреуі заңды құбылыс деп санайтын болсақ, қазіргі марксизм-ленинизм ілімінен бастарпай, социализм құрып жатқан елдердегі құбылыстарды қалай түсіндіреміз? Неге бір миллиард жарымға жақын халқы бар Қытай гүлденіп, даму үстінде? Ол социализмнің капитализмнен кемшілігі ме?

Олай болса, КСРО-ның күйреуі себебін марксизм-ленинизмнің социализм идеясынан емес, басқа себептерден іздеу керек.

Біздің ойымызша, Одақтың күйреуін, социализмнің дүниежүзілік жүйесінің ыдырауының басты себебі, социалистік елдердің,оның ішінде КСРО-ның теріс саясатынан, марксизм-ленинизмнің социализм идеясын дұрыс түсінбегенінен.

КСРО-да, социализм тоқырауды, дағдарысты білмейтін, үнемі дамып отыратын қоғам деген көзқарасты қалыптастырады, үнемі болып отыратын дағдарыс, күйзеліс капитализмге тән деп есептелген көзқарас қалыптасты. Сөйтіп, өдерін дүниежүзінде болып жатқан ғылым мен техникалық жаңалықтардан, өркениеттен алшақтатты, томаға-тұйықтыққа тірелді, әлемдік өркениеттен кеңде қалды, социализм жақсы, капитализм жаман деп жүргенде, социализм оған ілесе алмай дағдарысқа ұшырады. Бұл социализм тарауының, КСРО-ның күйреуінің басты себебі.

Екіншіден, КСРО-ның, социализмнің ыдырауына, социалистік қоғамды қай бағытта дамыту жолын, маркстік-лениндік социализм идеясын заман талабына байланысты дамытып, қолдана алмаған билік басындағы адамдар кінәлі. Лениннің «Марксизм догма емес, әске басшылық» деген қағидасы ескерілмеді. Кейбір мемлекет басшыларының «ұлт мәселесі толықтай, біржола шешілді», «кемелденген социализм құрдық», «жеке бір елде коммунизм орнату» туралы желікпе сөздерін, марксизм-ленинизм іліміне қосқан зор үлес деп есептедік. Шыныдығында, бұл ілім дамытылған жоқ, дамытты дегендердің бәрі қате болды. Социалистік қоғамды қалай дамытудың жолдары көрсетілмеді. Оны қалай дамытуға басы жеткен Дэн Сяопиннің реформасы арқасында Қытай бүгінгідей социалистік даму жолына түсті.

Үшіншіден, социализмнің ыдырауына коммунистік партияның басшылығы мен оның идеологиясы, соған сүйеніп жасалған, тоталитарлық жүйе кінәлі. Коммунистік партия мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың жұмысына араласты, бірпартиялық жүйе орнатып, пікір плюраизміне, оппозицияға жол бермеді, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекеттің, демократияның принциптері бұзылды, қоғам мен жеке адамның өмірі мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында болып, адамның құқы, еркіндігі, бостандығы тұншықтырылды. Сондықтан, ондай қоғамды жоюға адамдардың ұмтылысын туғызды.

Төртіншіден, Одақтың күйреуіне тоталитарлық жүйе кезіндегі ұлт саясатындағы көптеген қателіктер әсер етті. Олар: ұлттық тіліне, дініне, мәдениетіне, салт-дәтүріне деген сыңаржақтық, астамшылық, шовинистік көзқарастар. Осы саясаттың кесірінен, қазақ халқы қазақтың тілінен, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінен айырыла жаздады. Оны қолдаған адамдар «ұлтшылдар» деп есептелді.

Бесіншіден, ел басқарудағы сыңаржақтық, білімсіздік, болашақты болжай алмаушылық. Мысалы, М.С. Горбачевтың ел басқарған кезінде, тоталитарлық жүйе туралы, бұдан әрі бұл жүйені сақтауға болмайды, оны қайта құру, өзгерту керек деп жариялауы дұрыс еді, бірақ онан әрі қалай өзгерту керек, қайда барамыз? Деген сұраққа дұрыс жауап таба алмады, ел тығырыққа тірелді. Бұның өзі КСРО-ның тарауына әсерін тигізді. Одақтың тарауына бұдан басқа да себептер баршылық. Біз тек қана кейбір себептерін атадық.

Енді КСРО қазақ халқына қандай пайда берді, одан қандай зиян көрдік деген мәселелерге тоқталайық.

КСРО-ның құрамында, Қазақстанда социалистік қоғам жағдайында өмір сүрдік. Ол біздің тарихымыз. Тарихымыз жаман болсын, жақсы болсын, оны біз зерттеп, шындықты ашуымыз керек.

Социалистік КСРО-дан қазақ халқының пайдасы: алдымен шашылып кеткен территорияны жинадық, кезінде тарқатылған мемлекетімізді құрдық, кезінде билік пен саясаттан тыс қалған қазақ азаматтарын партиялық, кеңестік органдарға қызметке тарттық, халыққа жүйелі жұмыс бердік, артта қалған көшпелі аграрлы елден, отырықшы өнеркәсіптік-аграрлы елге айналдық, білім беру, денсаулық сақтау салаларында көптеген табыстарға жеттік, жаппай сауатты елге айналдық, бірді-бір жоғары оқу орны, театры жоқ елден оқу орны мен арнаулы оқу орындары, театрлары, мәдениет сарайлары салынды, экономика, ғылым мен техника дамыды, басқада жетістіктерге жеттік. Сондықтан КСРО мен социалистік қоғам бізге тек зорлық-зомбылық, зиянкестік әкелді деген біржақты пікір қате. КСРО-ның қазақ халқына тигізген пайдасымен қатар зияны да жеткілікті. Біздің пайдамыз бен зиянымызды, ұтқанымыз бен ұтылғанымызды пайызбен өлшеу қиын. Біріншіден, КСРО-дағы социализм – адам құндылығын жойды. Тоталитарлық жүйе, адамзат болмысына қайшы жүйе болғандықтан, олар адам құндылығын бір тиын көрді, адам құрт-құмырсқа қатарында саналды. Басқарушы билік халықтан бөлінді, өздерін олардан жоғары қойды, қатардағы адамның мұң-мұқтажы ескерілмеді. Сондықтан кеңестік жүйеде 3-4 миллион қазақ қырылды. Екіншіден, Кеңес Одағындағы бүкіл халықтың, оның ішінде ең зардап шеккен қазақ халқының көрген қиянаты – Сталиндік репрессия болды. Оның басты себебі, Сталиннің социализм неғұрлым дамыған сайын, тап күресі өрши береді деген теориялық қателігіне байланысты. Осы репрессияның нәтижесінде, қазақ халқы, ұлттың аймағы – ұлттың интеллигенциясынан айырылды. Қазақстандағы социализм құру ісі – білімі жоқ, надан, топас, негізінен шолақ белсенділердің қолына тиді.

Үшіншіден, КСРО-дағы социализм отаршылдық ұлыдержавалық орыстық шовинистік көзқарастың негізінде құрылды. Орта Азия, Қазақстан сияқты шет аймақтардың ұлттық мүддесі ескерілмеді. Олардың тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі, мәдениеті ескерілмеді. Бәрі «аға ұлттың» мүддесіне бағандырылды. Барлық ұлттар орыс тілінде сөйлеп, мемлекеттік құжаттар сол тілде жүргізілді. Егер жиналыстарды бір орыс откізген болса, бүкіл қазақ сол тілде сөйлеу керек болды. Төртіншіден, отаршылдық, шовинистік идеология – қазақта отарлық бағынушылық психологиясын қалыптастырды: екіжүзділік, жалтақтық, өтірікшілік, сатқындық т.б.

Отар елде тұратын халықтың психологиясы – ол өмір сүруді ғана ойлайды. Ал, өмір сүру, аман қалу жолында кез-келген адамды сату, кез-келген құндылықтарды сатуға да дайын тұрды. Сондықтан, репрессия кезінде қазақты қазақтың көрсетуімен, жалған арызымен жазықсыз жер айдалып кетуі, осындай жағымпаздық, сатқындық психологиядан туған.

Бесіншіден, КСРО кезінде интернациализм идеясы дәріптеліп, қазақтың патриоттық рухына нұсқан келді. Отанын, елін, жерін сүйген адамдар «ұлтшылдар» деп жарияланып, қуғын-сүргінге ұшырап, сотталып қуғындалады. Алаш зиялыларының ұлттық мүддені ойлағаннан басқа кінәлары жоқ еді.

Алтыншыдан, Кеңес Одағы, ұлттық республикаларды шикізат шығаратын елдер ретінде пайдаланып, экономикасын біржақты дамытты. Мысалы, Қазақстанның мұнайы, газы, түсті металлдары орталық Ресей заводтарында өңделіп, арзан бағамен сатылды. Осында экономиканың сыңаржақтылығынан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де зардап шегуде.

Аталған зияндардан басқа Қазақстан халқының, КСРО-дан көрген қиянаты жетерлік. Бұл айтылған кемшіліктер де КСРО-ның күйреуіне себеп болды.

Жалпы алғанда, күні бүгінге дейін КСРО-ны аңсаушылар біздің еліміздің ішінде де, таяу шет елдерде де көптеп кездеседі. Олардың көздеген мақсатттары әр түрлі. Кейбіреулері Кеңес Одағы кезіндегі экономикалық жағдайға байланысты, территориялық, мәдени бірлікті, ол кездегі халықтар достығын аңсаса, екіншілері М.С. Горбачевтан бастап, Жириновский, Жуков т.б. отаршылдық, шовинистік пиғылмен аңсайды. Олардың Қазақстанның солтүстік облыстарында көз алартулары тегін емес. Жалпы алғанда, КСРО-ның күйреу себептері осындай жағдайларға байланысты.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, кезінде КСРО-ның құрылуы туралы да, оның күйреу себептері туралы да, қоғамда қалыптасқан пікір жоқ. Олар туралы әр түрлі көзқарастар бар. Көпшілік ғалымдар КСРО-да құрылған социалистік жүйені қоғам дамуының обьективтік заңдылығына қайшы, кездейсоқ құрылым деп есептеп, оның күйреуін заңды құбылыс деп есептейді. Біздің ойымызша, капитализмге қарағанда артық қоғамдық жүйе екендігін, жоғарыда айтқандай, кейбір салаларда көрсетті де. Бірақ, өкінішке орай, Коммунистік партияның өктемдігімен орнаған тоталитарлық жүйе, тарихтың берген бұл шансын Кеңес Одағы кезінде пайдалана алмайды. Социализм туралы марксизм-ленинизм идеясы бұрмаланды. Оның еркіндік, теңдік, әділеттік, бостандық идеяларын іске ассыру жолдары дұрыс түсінілмеді. КСРО-да бұрмаланған, казармалық социализм құрылды. Олай болса, КСРО-ның күйреуіне социализм туралы маркстік-лениндік идея емес, оны дұрыс іске асыра алмаған, оны заман талабына байланысты дамытып, қолдана алмаған мемлекет басшылары, олар құрған тоталитарлық жүйе, Коммунистік партия мен оның біржақты идеологиясы кінәлі.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Молдахмет М. СССР —дің күйреуі: қазаққа ұлт ретінде тигізген пайдасы мен зияны. Ақиқат, №8, 2013, 29-30 б б.
  2. Айталы А. Одақты күйреткен мәскеулік шовинистік партия және мемлекеттік аппарат пен ұлттардың еркіндікке ұмтылысы. Ақиқат, №8,2013,36 б б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.