Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ілияс романындағы құндылықтар

Аңдатпа

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихи оқиғаларға да, сан алуан көркем шығармаларға да бай кезең болып табылады. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры дерлік кезеңнің әлі де ашылмаған қырлары бар екендігі күмәнсіз. Қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтеруге ат салысқан сол кезеңдегі ұлт жанашырлары бұл жолда аянбай тер төкті. Кейбір кенжелеп қалған әдебиет жанрларын әдебиетке алып келуде ақын-жазушыларымыз тыңнан жол салды, жаңа тақырыптарды игеріп, көркем әдебиеттің өзегіне айналдыруға күш-жігерін жұмсады. Өзіне салсаң, мүмкін, тек поэзия майданынан табылар «қазақ поэзиясының құлагері» Ілияс Жансүгіров те өз замандас, қанаттас, қаламдастары сынды сахналық пьеса үшін драматургияға, жұртын дүниежүзілік классиакалық шығармалармен таныстыру үшін аудармаға, қазақ прозасын дамыту мақсатында роман, повесть, әңгімеге, фельетондар жазу үшін сатираға қалам тартты. Ілияс қаламының ерекшелігі - қай салада қаламгер қалам тартпасын, қайсысы да шебер, көркем тілді, терең ойлы шығармалар қатарынан табылды. Мақалада ақынның «Жолдастар» романының жазылу тарихы автор тағдырымен байланыста қарастырылады. І.Жансүгіров шығармашылығы бүгінге дейін зерттеліп келгенімен, ақын романының көркемдік сипаты мен ұрпақ танымындағы алатын бағасы бүгінгі күн тұрғысынан әлі де тереңіне үңіліп, аша түсуді қажет етеді. Ғылыми мақалада негізінен І.Жансүгіров романының жазылу әрі зерттелу тарихына қатысты материалдарға талдау жасалып, маңызды анықталады. Сонымен қатар мақалада І.Жансүгіровтың суреткерлік шеберлігі қарастырылады. Қазақтың әрлі де нәрлі асыл сөздерін тереңінен меңгерген ұлы тұлғаның прозалық шығармасының көркемдік сипаты жоғары дәрежеде. Сондықтан да бұл шығарма өз құндылығын жоймақ емес.

КІРІСПЕ

1937-38 жылдардың саяси репрессия құрбаны болмағанда, Ілиястың «Жолдастар» романы да трилогияға айналып, тұтас бір тарихи кезеңнің әдебиеттегі толыққанды бейнесі жасалар ма еді? ХХ ғасыр басы қазақ халқы үшін де тарихи дүрбелеңмен бірге ақын-жазушыларымыздың дүл-дүл шығармаларының дүние есігін ашқан кезі. Әдебиеттің бар жанрында дерлік қалам тартқан айтулы кезеңнің алып тұлғалары Стендальдің сөзімен айтқанда "үлкен жолдағы айна» саналатын көлемді жанр романдардан да кенде болған жоқ. Революциялық әдебиет болсын, жалпы орыс әдебиеті болсын сол халықтың ұлы жазушысы әрі ойшылы саналатын Максим Горькийдің: "Дегенмен байқаусыз түрде бізде шын мәнісіндегі және аса көркем тарихи роман жасалды... Революцияға дейінгі әдебиетте мұндай роман болған жоқ" - деген пікірі геосаяси тұрғыдан ортақ тағдыры бар көп ұлттарға да тиесілі еді[1, 153]. Ағылшын жазушысы Джеймс Олдридж: "Менің Михаил Шолоховқа алғысым шексіз. Кеңес Үкіметінің немен тыныстап, қандай қиындықтардан өткенін 1938 жылы «Тынық Донды» оқығаннан соң ғана түсіндім»[2] - деген екен. Бұл тұрғыдан "Тынық Дон" сынды ірілі-ұсақты революция тақырыбынан туған шығармалар қаншама? Бұл шығармалар әр түрлі деңгейде болды, әрі өз кезеңіндегі уақыт, дәуір талабына өз деңгейінде жауап беріп жатты. Романның, көркем шығарманың міндеті - күнделікті өмірде, тарихи уақиғада болатын барлық кездейсоқтықтарды бөліп алып, өмірдің қойнына, жүрегіне сүңгу - деп көрсеткен еді орыс сынының классигі В.Г.Белинский[3]. Бұл пікірді ғалым Айқын Нұрқатов: "... романшының негізгі мақсаты - өзі бейнелеп отырған дәуірдің рухын аңдату, шешуші сипаттарын көрсету. Осы нысанасына жету жолында ол өзінің творчестволық қиялы арқылы ойдан шығаруға, яғни көркемдік әсірелеуді (художественный вымысел) қолдануға ықтиярлы, өз кезінде Пушкин де: "Қазіргі уақытта роман деген сөзді - әсіреленген баяндау арқылы өрбітілген тарихи дәуір деп ұғамыз"[4, 400]- деп негіздей түседі. Б.Майлиннің прозасын жан-жақты сараптай отырып Т.Нұртазин "Роман мен повесть таңдаулы поэзиямен қатар қарапайым прозаны да, тіпті сүреңсіз хабар, хроника мен цифрларды да бойына сыйыстырып, жарасым дарытып, тамаша көркем поэзия болып шыға береді. Ендігі поэзияның күші - роман мен повесте қалды" – сынды ұлы сыншының пікіріне қосылатындығын жеткізген[5,102].

Қаламгер Ғабит Мүсіреповтің романның ішкі талабына байланысты: "Бірінші - әрбір шығарманың ішкі мінездемелері, сыртқы сипаттаулары, жаратылысты суреттеулері сияқты егжей-тегжейлілердің бәрі де шындылықпен көрсетілуге тиісті, екінші - типтілік образдарға да, образдардың әрекет етер жағдайларына да бірдей қойылатын талап, екінші сөзбен айтқанда, типтік характерлер қай уақытта да типтілік жағдайларында жасалуға тиісті" [6,351]- деген пікірі күні бүгін де көнере қойған жоқ.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ХХ ғасыр тарихынан саяси репрессияға ұшыраған қаламгерлердің екі мүшелдей уақыт халық санасынан алшақтатылғандығы белгілі жайт. Жылымық кезең келіп, азаматтарымыз қайта оралған сәтте ақын Ілияс Жансүгіров туралы алғаш сүбелі зерттеу еңбек жазған ғалым Мырзабек Дүйсенов болатын. Демек Ілияс Жансүгіровтың «Жолдастар» романы туралы айтылатын ой-пікірде М.Дүйсенов еңбегіне тоқталу заңдылық болса керек. Біз де келесі кезекте "Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңіп, жаңа қоғам орнату күресінде де, социализмнің тиянақты орнығу кезінде де жаңа дәуір жазушыларға өзекті тақырыптарды алға көлденең тартты. Революция, сол кездегі шиеленіскен халықаралық жағдай, социалистік құрылыстың алғашқы жеңістері, ауылдағы тап күрестері, еңбекке деген көзқарас, мәдени революция, санадағы өзгеріс, тағы басқа көптеген қоғамдық мән- мағынасы бар мәселелер күн тәртібінде ерекше тұрды. Уақыт тудырған тақырыптың өзін таңдай, талғай білу, оның көркемдік шешімін табу жазушының иедялық бағытымен тығыз байланыста жатады. Совет ақыны бүгінгі өмірге тікелей қатысы бар күрделі жайларды сөз етіп, оны пролетариат диктатурасының үстемдік алуы, социализмнің жеңуі тұрғысынан жырлайды. Ілиястың "Жолдастар" романы да осылай туған дәуір жемісі» - деп бағалаған ғалым пікірін басты назарда ұстайтын боламыз [7, 68].

Ілияс "Жолдастар" романының үзіндісін алғаш рет 1934 жылы "Әдебиет майданында" жариялаған. Бұл "Ак вексель" бөлімі болатын[8]. Ал 1935 жылы "Жолдастар"[9] роман ретінде 583 беттік бірінші кітап болып жарыққа шықты. Романның жоспарланып жазылуы жайлы ақынның жұбайы Фатима Ғабитованың естеліктерінен көп мәлімет алуға болады. "Жаз айларында (соңғы жылдар) дем алатын орнымыз Алматының күн жақ шығысындағы тау бөктеріне орналасқан оқытушылар қаласы болатын. Сол төңіректе киіз үй тігіп, үш айдай (июнь,июль, август) отыратынбыз. Ілияс "Жолдастар" романының бірінші кітабын 1935 жылы осы оқытушылар қаласында жазды. …"Жолдастар" - трилогия болатын, бітпей қалған екі кітабының материалдары бұл күні Ілиястың өз архивінде сақтаулы»[10] - сынды мәлімет пен ақын мұрағатындағы роман тақырыбына қатысты жиналған материалдар шындығында да «Жолдастар» романының трилогиялық туынды ретінде жоспарланғандығын дәлелдейді. Кейінгі зерттеушілердің бұл романды екі не үш томдық деп жорамалдар жасауына да автордың алғашқы жарық көрген романына «Бірінші кітап» деп баса көрсетуі ықпал етсе керек.

Ілиястай әдебиетіміздегі ірі тұлға жоспарлаған үлкен романның аяқталмай қалуы, әлбетте, өкінішті-ақ. Қазақ поэзиясы Құлагерінің қара сөзбен де бәйге алар көрікті ойларының халық игілігіне жаратылып, халық қазынасын толтырмағаны романның өз дәрежесінде бағасын ала алмағандығына алып келгендей.

Қазақ әдебиетінің көркемдік объектісіне айналмаған дала капитализмінің іске асырылу жүйесі, бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс тұсындағы қала тұрғындарының тұрмысы, 1916 жылғы маусым жарлығынан кейін соғыстың қара жұмысына жіберілген қазақтардың майдандағы ауыр жағдайы сияқты күрделі оқиғалар романда алғаш рет көрсетілген. Автор ой-мақсатын романның әр тарауында біртіндеп көркемдік кейіпке келтіріп, нақтылы жүйеге түсірген. Романның негізгі кейіпкерлері Сатан мен Мәмбет, Мардан образдары толық сомдалып шыққан. Бірінші тарау Сатанның Шалматай байдың үйінде жалшылықта жүрген кездегі тірлігін бейнелеуге арналса, екінші тарау Сатанмен тағдырлас Мәмбет пен Мардан есімді жарлы-жақыбай жастардың жалшылық өмірдегі көрген қорлығын суреттеуге арналған. Қаламгер қаһармандары уақытпен бірге өзгере бастайды, нақты уақиғалар ішінде ойлары өсіп, дүниеге көзқарастары жетіле түсіп, аңғал, сенгіш Мәмбеттерден "табандасқан жерде тартысқа белді, Кавказдың қара ала қанжарындай" өткір, өжет жігіттер шыға бастауы шынайы суреттеледі. Омбы қаласындағы алғашқы қазақ жұмысшыларының тұрмыс-тіршілігі, 1916 жылғы маусым жарлығы, бірінші империалистік соғыстағы қазақтар өмірі мен 1917 жылғы ақпан төңкерісінің ықпалымен елге оралғанғандардың Қазан төңкерісіне белсене қатысуымен романның бірінші кітабы аяқталады.

1967 жылы шыққан академиялық "Қазақ әдебиетінің тарихы" "Жолдастар" романының тілі бай, жазушы табиғатты, адам портретін беруде үлкен шеберлік көрсете алғандығын көрсете келе, «романның жалпы көркемдік сапасындағы ала- құлалықтар - сол кездегі прозалық шығарманың күрделі түріне тән ортақ құбылыс еді" [11,424] – деп түсіндіреді.

Романды оқи отырып, бір дегеннен-ақ М.Горькийдің "Ана" романын, немесе 1926 жылы жарық көрген Ж.Аймауытовтың "Қартқожа" романымен тақырып ұқсастығын көреміз. Роман басындағы қараңғы, қара жұмысшы баласы Павка Власов пен роман соңындағы революционер, пролетариат жұмысшысы Павел Власовты алыңыз. Немесе, кедейлік пен жетімдік қысып, білімге талпынған ауыл баласынан сауатты, еңбегін еліне арнаған, жаңарған елдің жас жұмысшысына айналған Қартқожаны алыңыз. "Жолдастар" романында "Ана" романындағыдай сомдаған, типтелген, негізгі герой Власовтай қатар сомдалып, революцияға келу жолы бір уақыттағы әр орта, әр жағдайдағы бірнеше Власовты кездестіресіз. Роман композициясын осындай қиын жолмен ала отырып, Ілияс үлкен шеберлік, тапқырлықпен көздеген нысанасына жете білген

Қазақ прозасы, романдары туралы зерттеулерде "Жолдастар" романына қатысты «кейіпкерлердің толық қанды бейнелерінің жасалмағандығы» туралы бірді- екілі сындар баршылық. Ескеретін жайт, біріншіден, бұл болашақ трилогияның бірінші бөлімі. Екіншіден, романдағы оқиғалар өткен кезең - 1913 жылдан 1917 жылдың 26 қазанына дейінгі аралық болса, Ілиясқа кеңес өкіметінің белсенді қайраткерінің бейнесін жасай қоймадың деу – кеңестік идеологияның әдебиетке артқан келеңсіз салмағының салқыны деп түсінген жөн болар.

Ілияс өз кейіпкерлерін тарихи жағдай, орта оқиғаларымен байланыстыра отырып, диалектикалық үйлесімді өсіре білген. Пролетариат жазушысы өзге ұлттарға үлгі ретінде таратқан әйгілі романында бір Власов емес, бірнеше Власовты өмір соқпағының әр сүресімен жүргізе отырып, революцияға жеткізген. Бұл мектептің әсерін Ілияс қаламынан да сезінесіз. Бұған қоса Ілияс романды тақырыбына, роман суреттеген дәуірге сай, жатық тілмен жаза білген. Ілияс сөйлемдері жеңіл, әрі көркем, поэтикалық сұлу өрнектермен молынан әшекейленген. Ырғақты прозаның да саналуан салтанатын көріп, тұшына оқып отырасыз. Әлбетте, романды мүлдем кемшіліксіз деуден аулақпыз. Әйтсе де, Ілияс Жансүгіровтың "Жолдастар" романы қазақ романының алғашқы қарлығаштарының бірі, өз кезеңіндегі әдебиетіміздің үлкен жетістігі. Осы жағынан-ақ "Жолдастар" романының қазақ романдарының қатарынан алатын орны бөлек.

Роман төрт тараудан тұрады: "Бастау", "Ағын", "Толқын", "Тасқын". Әр тарау шағын тақырыпшалармен бөлінген, әрбір шағын бөлігі жинақы, тиянақты әңгіме іспеттес."Бастау" осындай отыз бір тақырыпшаға бөлінген; "Ағын" - отыз алты; "Толқын" - жиырма алты; "Тасқын" - отыз жеті тақырыпшаға бөлінген. Әңгіме Қоянды жәрмеңкесінен басталады.

"Қоянды, жолың қатты, наның тәтті. Айдаймыз ақсақ қойды, артық атты.

Айдаған осы жолға кедейшілік Арқаның арқамызға қатты батты".

Осы бір өлең шумағы бүкіл оқиға арқауынан хабар беріп тұр. "Қояндыға" бай не үшін барады, кедей не үшін барады, бір ауыз сөзбен баяндалған. Бар болғаны бір қоңыр сиыр, төрт ешкімен қалған Сәтбалаға үлкен баласы Тәжи: "Байдан қой алып қыстасақ, аман қалармыз ба" - деумен, "Ақ вексілге" [12, 14-16] отыруға көндіреді. Сәтбаланың көнгісі жоқ. Әйтсе де қу кедейшілік, күнкөріс қамы, екінші жағынан қабырғасы қата қоймаған кіші баласы Сатанды жалға беру жанына батқан әже ұлына келісімін береді. "Байға не айтамыз? - деген бөлімінде қыс бойы "Ақ вексілге" алған жиырма қойы мен өзінің аз-маз тұяғының бәрі қырылып, үш-төртеуі ғана аман шыққан Тәжидің жақындап қалған жәрмеңкеден қашуы айтылса, келесі бөлімінде - Шалматай байдың повесткасымен шақыртылып алынған Тәжидің "Ақ вексіл" құнына жалғыз кәк құнаны мен інісі Сатанды бір жыл жалшылыққа беріп, бәтуаласуы баяндалады. Бұдан кейін оқиға малшылыққа, жаңа ортаға кеткен Сатанға байланысты өрбиді.

XX ғасыр басындағы қазақ даласынан есе бастаған капитализмнің алғашқы лебі, оның қоғамдық өндірістік қатынас пен санадан көрініс таба бастау элементтері - Ілияс романында Сатан және басқа кейіпкерлер арқылы ұтымды көрініс тауып, дамытылған. Қазақ даласындағы алғашқы өндірістік қатынас та кең өріс тапқан. "Ақ вексіл" операциясы бәрімізге таныс ұғым болғанымен, оның мәні неде, ол қалай өтеді, қалай жасалады, қалай жүргізіледі - деп жіктейтін болсақ, бұл дәуір туралы жазылған еңбектердің ешқайсысынан толық жауабын ала алмайсыз.

Ал "Жолдастар" романында жылына жәрмеңкеге жетпіс мыңнан кем қой салмайтын дала капиталисі Шалматай саудасы арқылы бұл операция алақанға салғандай суреттелген. Әрі бұдан осы бір дала капитализмі механизмінің іске асу жүйесін жазушының терең білгендігін аңғаруға болады. Әлбетте, байлардың жәрмеңкеге әкелген мыңдаған, он мыңдаған қойлары бір базарда түгел өтіп кетпейді. Саудаға жарамай қалған ақсақ-тоқсақ, ауру-тұрақ мұндай қойлар жылда жәрмеңке тарқарда аманатқа алушыларға таратылып отырады.. Бай "бағамын" дегеннің аты-жөнін нотариус алдында жаздырып,, "ақ вексілдеп" бере-береді. Бұл істің "Ақ вексіл" аты да осыдан шықса керек. Жазушы жәрмеңкеге жылына жүз мыңға жуық қой айдаған ірі көпестің, тиыннан тиын туғызған қу тұяқ саудагердің малдарының қалай құрылып, қалай сатылатынын оқырманға қолмен қойғандай түсінікті әрі көркем тілмен жеткізген.

Мал құрау жолы сан тарау. Мысалы, "Бойдақтың бірсыпырасы қолма-қол ақшаға алынған. Ол ақша түрлі алушылардың қойны-қойнында жүріп, талай елді аралаған болады. Әрине, ондағы қой алынған баға - мұндағы бағаның үштен біріне де жетпейді. Қойдың енді бір тобы - өткен жылғы сауданың несиесіне жиналады. Қойды жаз шығарып беруге кездемеден, шай қанттан, бас, ұлтаннан бай несие берген болады. Қойдың төртінші түрлісі - қызыл қозыдан құрылады. Ол қызыл қозы дегеніміз - тумақ түгіл әлі күйегі алынбаған қошқардың беліндегі қозыға байлар теңгелеп-тебендеп берген болады. Ол ақшалар өзінен өзі қоздап, бұзаулап мал болып, Шалматайдың жәрмеңкеге айдар кезінде маңырап, мөңіреп, жидашының алдына түседі. Одан арғы қойлар кезден кертіп жеп, қолма-қол сатқан товардан, даудан өнген, несиелі малдан, бірі екі болып өндірілген тіл-хаттан, айып-анжыдан күнде балалаған парадан, қойшы-қолаңның ақысынан, тағы-тағы басқалардан сәті түсіп, өніп, қорланып, қой болатын еді, бұл қойлардың басқа мыңдаған ірі қарамен, банкені буындырған ақшамен, тері-терсекпен, жүн-жабағы, қыл-қыбырмен келіп, Шалматайлар осы "Қоянды" жәрмеңкесіне килігетін еді. Жәрмеңкеде жаздай жатып, малын саудалап, базарды қолдан таратып, көп товармен Шалматай сықылды Жетісу байлары кейін қайтатын еді. Қайтарда саудадан бұрақ қалған ақсақ-тоқсақ, ауру қойларды оңдап-жиырмалап, Қоянды манындағы елге "ақ вексілге" тарататын еді. Мына Тәжидің Шалматайға келіп, аламын деп өтініп отырған қойы осындай брак қойлар еді"[12, 5-8].

Шалматайда екі жыл, Шаяхмет байда бір жыл жұмыс істеген Сатан көп нәрсеге үйренеді, өмірді көреді. Жазушы кейіпкерін тек қой соңына салып қоймай, өмір мектебінің түрлі белдеулерінен өткізіп, ысылтып, небір шытырман оқиғаның қан сорпасына түсіріп, пісіреді. Сүйгеніне қосылмаған Нәзипаның жайы, басына түскен күндестік хал, көзі ашық, дүниеге материалистік көзқараспен қарайтын Балабай уезінің татары Фазыл Жиянгелдин мен ауылдың қожа-молдалары арасындағы тартыс, шербешнай сьездерге қатысу, Шалматайдың жұмсауымен барымтаға, Досайдың жүйрік аттарын ұрлауға араласуы - қой аузынан шөп алмас Сатаннан ысылған, пысық Сатанды өсіріп шығарады. Шаяхмет байға қызметке келіп, Құсайынның бала-шағасымен Жетісуға келе жатқан Сатанға халық арасына аңыз болып тараған, байлардың қас жауы Тәуке, Самалық сынды батырларды кездестіруі, Тәуке батырдың асау сөздері көп ой тастайды. Осылайша ұтымды композициялық құрылым арқылы Ілияс кейіпкерлерін шынайы шыңдай түседі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, Ілияс Жансүгіровтың "Жолдастар" романы Б.Майлиннің "Азамат Азаматыч". Ж.Аймауытовтың "Қартқожа" романдарымен тақырыптас 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ халқының өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, замана адамдары психологиясымен, халықтың салт-дәстүрімен, қазақ қоғамының этнографиялық тұрмысынан мол мәлімет беретін, сол кездегі қазақ тұрмысының тарихи ортасынан қайнап шыққан білгір, көреген жазушының көркем шығармасы болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Горький М. Полное собрание сочинений, т.24. -М., 1949. - с.153.
  2. Джеймс Олдридж. Тихий Дон // Литературная газета, - М., 1975. - 1 января.
  3. Белинский В.Г. Избарнные статьи. -М.: Детская литература, 1973.
  4. Нұрқатов А. Әуезов творчествосы [мақалалар]. -Алматы: Ж азушы, 1965. -400 б.
  5. Нұртазин Т.Б.Майлин творчествосы.-Алматы:Жазушы, 1966. -324 б.227 б.
  6. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. -Алматы: Жазушы, 1970.-543 б. 351 б.
  7. Дүйсенов М. І.Жансүгіров. -Алматы: Ғылым, 1965. -68 б.
  8. Жансүгіров І. Ақ вексель. "Жолдастар " романынан үзінді //Әдебиет майданы, 1934. -18-19 б.
  9. Жансүгіров І. Жолдастар, роман, 1 кітап. Алматы:Қазкөркемәдеббас, 1935. -583 б.
  10. Ғабитова Ф. Ұмытылмас өмір. //Журналда: Жұлдыз. N5, 1996.
  11. Қазақ әдебиетінің тарихы, 3 том, 1 кітап. -Алматы: Ғылым, 1967.- 644 б.
  12. Ілияс Жансүгіров. Шығармалар жинағы, 3 том. -Алматы: Жазушы, 1987. - 416 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.