Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сағыз өңіріндегі археологиялық ескерткіштер

Аңдатпа

Мақалада Атырау жеріндегі, Сағыз ауылы маңындағы құмдарда жүргізілген археологиялық зерттеу есебі берілген. Сағыз құмы ұзақ жылдар бойы зерттеуден тыс қалған өңір болған. Құм ертедегі адамдар мекендеуіне қолайлы болды, Сағыз өзені өңіріндегі құмдарарды жаппай адамдар мекендеді. Соңғы зерттеулер көрсеткендей өлкеде адамдар сонау неолит заманында-ақ қоныстанғаны айқындалып, жаңа тас ғасырының бірнеше тұрақтары анықталды. Сонымен бірге қола, темір және ортағасыр қоныстары анықталды. Құмдардың көшуіне байланысты бұл тұрақтар нашар сақталған немесе жойылып кеткен. Сақталған тұрақтар өте құнды деректер бергендігі туралы мақалада баяндалды. Келешекте Сағыз өңіріндегі құмдарды жүйеле зерттеу көптеген археологиялық нысандардың ашылуына себеп болатынына сенім тудырды.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданында Сағыз ауылы орналасқан, жағасында – Сағыз өзені. Өзен өңірінде қазіргі кезде көптегеген ескерткіштер орны бар. Сарышағыл құмтөбелі тұрақтары Сағыз ауылының солтүстігінен 2 км қашықтықта орналасқан. «Құмтөбелі тұрақта» жүргізген барлаудан, тастан, темірден, қыштан жасалған заттар табылды. Құмтөбелі қабірлер Батыс Қазақстан аймағындағы құмдарда кездесетін ерекше ескерткіштер. Тек Сағыз ауылы маңында қазіргі кезеңде 21 археологялық ескерткіш белгілі [1].

Сағыз ауылы маңы ерте кезеңнен, географиялық орналасуымен адамдар қоныстануына өте қолайлы болған. Тұшы су мен құнарлы топырақ, егіншілік пен мал жайлымы үшін өте қолайлы болды. Сондықтан бұл жерде адамдар тас ғасырынан бастап ортағасырға дейін және қазір де мекендеуде, және де олардың көбісі сармат кезеңіне тән.

Сарышағыл тұрағы. Координатасы: N 48º15.520. ЕО 54º50.853. Тұрақ Сағыз ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым құм басқан шағылда орналасқан. Көлемі: 100х100 метр, жел үрлеп кеткен жер бетінен тас қырғыш, шапқы, тас

Сурет 1. Сарышағыл құмы көрінісі

Сарышағыл 1 тұрағы. Координатасы: N 48º15.628. ЕО 54º50.438. Сарышағыл 1 тұрағы Сарышағыл тұрағынан оңтүстік-шығысқа қарай 500 м қашықтықта орналасқан. Алаңда тастан жасалған қырғыш, шапқы, тас жаңқалардың 20 данасы, қыш құмыралардың 10 сынығы, көлемі 15 х 20 см, дән үккіштің сынығы мен адам және мал сүйектері табылды, және де оларда неолит және темір дәуірі кезеңіне жатады [3].

Қатты жел соққанда әртүрлі бұйымдар мен құмыралар шығады. Құм астындағы заттар өте жақсы сақталған. 2010 жылы автор Сарышағыл құмынан ежелгі заттар тауып алды. Сол заттарға сипаттама жасайық.

Қыш көзе. Жақсы сақталған. Биіктігі - 10 см, ернеу диаметрі - 5 см, түсі - қызыл күрең. Біркелкі жақсы күйдіріліп сапалы жасалған. Бұндай көзелер ерте темір кезеңінде кездеседі. Біздің дәуірімізге дейін ІІІ ғасырға жатады. (Сурет 2)

Сурет 2. Сарышағыл тұрағы. Қыш көзелер

Қола біздер. 3 дана. Екі басы үшкірленіп, төртқырлы болып жасалған. Көлемі: ұзындықтары – 5,4,3 см, жуандығы – 0,3-0,5 см аралығында.

Ұршықбас. Қыштан жасалған. Диаметрі - 4 см.

Тас қайрақ сынығы. Ені - 2 см, сақталған ұзындығы - 3 см. Басында тесігі бар.

Темір жебе ұшы. Түрі жалпақ болып соғылған, ұзындығы - 5 см, ені - 1,5 см.

Қыш сынығы. Қыш көзе ернеуі. Көлемі 7х7 см, қалыңдығы 0,5 см. Қышына құм мен шамот қосылған. Қызыл түсті, бетіне сызықты өрнек салынған (Қола дәуірі кезеңіне жатады).

Қола тоға. Көлемі - 2х2 см. Жіп өткізетін төрт жағында тесіктері бар.

Тас құрал. Домалақ түрде жасалған. Сұр құм тас. Диаметрі - 5х6 см. Екі жағы қажалып өңделген.

Тас тоқпақ - шапқы. Көлемі ұзындығы 10 см. Басы жалпақ, қырлы, тұтқасы саусақпен ұстауға ыңғайлы түрде жасалған, сары түсті құм тастан жасалған (Тас дәуірі кезеңі, палеолит).

Мыс үзеңгі. Ернеуіне ою өрнек салынған - ХІХ ғасыр.

Сонымен бірге тұрақтан көптеген қыш, темір, сүйек қалдықтары табылды. Аталған жәдігерлер төмендегі суреттерде көрсетілді.

Сурет 3. Сарышағыл жәдігерлері

Сурет 4. Сарышағыл жәдігерлері

Сарматтар өз заманында алыс елдерден сауда-саттық байланысы арқылы тұрмыстық және сәндік заттар алып отырған. Сарышағыл құмтөбелі тұрағынан жиналған заттар бұл жерде темір дәуірінде адамдар тұрып өмір сүргенін білдіреді. Тек Батыс Қазақстан аймағында ғана кездесетін сарматтық «Құмтөбелі тұрақтар» өзінің құрылысымен және орналасуымен ерекшеленеді. Бұл тұрақтар ерекшелігі сонда, тек Тайсойған, Бүйрек, Сарықамыс, Нарын құмдарында б.э.д. VIII-I ғасырларда сарматтар мекендеп, осы құмдарға көптеген «Құмтөбелі тұрақтар» қалдырған.

Жалпы Атырау жеріндегі сарматтық ескерткіштер зерттелмей жатыр. Соңғы кезде өңірден жаңадан жүздеген сармат обалары мен қоныстары анықталды. Соның ішінде көлемі: биіктігі 3-5 м, диаметрі 100 м., ор ені 3-6 м болатын Қылыш, Қызылқабақ патша қорғандарын ерекше атауға болады.

Атыраудан табылған Жолайшағыл, Құмтөбелі обалар бұйымдары өзінің ерекшелігімен сармат мәдениетінен хабар береді. Біртұтас Сармат тарихын қамту үшін Атырау жеріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштерін кешенді зерттеу қажет. Сонда ғана сарматтардың ежелгі мәдениетін, шаруашылығын, аймақтағы тарихи саяси орнын анықтай аламыз.

Қорыта келгенде Сарышағыл шағыл құмтөбелі тұрағы Сарматтың дәуіріне жатады. Өз заманында сарматтар Каспий ойпатын мекендегені белгілі. Олардың жалпы мекендеген аумағы біздің эрамызға дейін VII-I ғасырларда шығыста Арал теңізі, солтүстікте Орал тауына, оңтүстікте Каспий, Үстірт өңірін, батыста Дунайға дейін қамтып жатқан алып империя болған. Грек, Рим, Шығыс, Европамен, Сақтармен сауда жасады. Сарышағы құмтөбелі тұрағы біздің эрамызға дейінгі III-I ғасырларға жатады.

Каспий ойпаты мен Атырау жеріндегі сармат кезеңінің ескерткішітері көптеп кездеседі. Құмдарында б.э.д. VIII-I ғасырларда сарматтар мекендеп, осы құмдарға көптеген «Құмтөбелі тұрақтар» қалдырған. Сондай ақ сонау қола дәуірінің андрон мәдениеті кезінде мекендеген тайпалардың тұрақтары мен қабірлеріде құмшағылдарда кездеседі. Бұл тұрақтардың бірнеше ерекшеліктері бар:

  1. Құмтөбелі тұрақтар өзіндік ерекшелігі сол: құм қабірлер үстінде оба, қорған жоқ. Егер құм қабір үстінде оба болған жағдайда ол тегістеліп кететіні анық.
  2. Құмтөбелі тұрақтар құрлысының, жобасының қалай жасалғаны белгісіз, өткені құм тұрақтар өз түрін сақтауы мүмкін емес. Бізге жеткен құмтөбелі тұрақтар көбінесе жел ашқан шағыл бетінде жатады.
  3. Жерлеу ғұрыпы, қаңқалар мен заттар қалай қойылғаны туралы толық мәлімет жоқ. Ашылған қаңқалар мен заттар орыны ауысып бей-берекет шышылып жатады.

Сарматтар өздерінің мәңгі жасайтынына сенген. Сондықтан олармен бірге тұрмыстық заттарды қоса жерлеген. Сармат «қазынасы» өз ұрпақтарына аман-есен жетуіне осы дәстүр себеп болған.

Сармат тұрақтары, обалары, Атырау жерінде жүздеп саналады. Сарматтар өз заманында сән-салтанатты, қайталанбас мәдениетті болған, саяси-қоға мдық орны бар мемлекет болған. Өз отанында олардың төл мәдениеті дамып, өнер мен мәдениеттің жоғарғы сатысына жетті. Олардың мәдениеті – көшіп-қону, сауда- саттық, соғыс-жорықтары арқылы Евразия, Қаратеңіз маңындағы елдерге тарады.

Сарматтар б.з.б. VII ғасырдан б.з. IV ғасырына дейін ұланғайыр территорияны мекендеп, кейін Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтар құрамына енген. Сағыз өңірін тұрақты зерттесе көптеген ескерткіштер ашылар еді.

Сағыз құмына жүргізілген зерттеу экспедициясы, өзен бойымен жаңа ескерткіштерді іздеу мақсатында, аталған маршрутты жүріп өтті, осы аралықта жаңа ескерткіштер анықталды. Табылған ескерткіштердің көбі Сағыз өзені өңірінің құмының шеткі аймақтарын бойлап орналасқан. Ол жерлерде тұщы су көздері ретінде шегенделген құдықтар қазылып, тұрақтарды адамдар кейінгі тас ғасырынан бері мекендеп келе жатырғаны дәлелденіп отыр. Бұл су көздері айналасында көптеген жәдігерлер кездеседі.

Құм шағылдар жел ыңғайымен жылдар сайын көшуі көптеген тұрақтардың ашылуын себеп болуда. Тұрақтардың ара қашықтығының жиі болуы, Сағыз құмында мал шаруашылығымен айналысқан тайпалардың біршама тығыз қоныстанғанын көрсетеді. Келешектегі зерттеулер Сағыз құмындағы тарихи ескерткіштердің көптеген жаңа түрлерін ашатынына сенім тудырды.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Қызылқоға және Индер аудандары. Атырау - Алматы, 2012.
  2. Қорғанша қаласындағы, Жолайшағыл құмтөбелі қабіріндегі археологиялық зерттеу жұмысының және Атырау облысында жүргізілген археологиялық барлау жұмысының 2006 жылғы есебі; Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Қызылқоға және Индер аудандары. Атырау - Алматы, 2012. 75-76 бет.
  3. Қорғанша қаласындағы, Жолайшағыл құмтөбелі қабіріндегі археологиялық зерттеу жұмысының және Атырау облысында жүргізілген археологиялық барлау жұмысының 2006 жылғы есебі; Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Қызылқоға және Индер аудандары. Атырау - Алматы, 2012. 103 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.