Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Гурьев уезінде бай-феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу шаралары (1938 ж)

Аңдатпа

Мақалада Атырау облыстық мұрағаттың №3 қорынан алынған бұрын-соңды жарияланбаған 1928 жылдың 9 қарашасындағы Гурьев округтік тәркілеу комиссиясының есебі таданады. Өлкедегі ірі байлар мен әлеуметтік қауіпті деп танылған жеке тұлғаларды тәркілеу ісшараларына сипаттама беріледі.

Қазақ АССР Орталық атқару комитеті мен халық Комиссиялар кеңесінің 1928 жылғы 27 тамыздағы декретіне орай ірі байлар мен әлеуметтік қауыпты элементтерді кәмпескелеу шараларын жүргізу жөнінде комиссия құрылды:

  1. Округтік атқару комитетінің төрағасы Мыңбаев - комиссия төрағасы;
  2. Округтік бөлім бастығы Мартынов - комиссия мүшесі;
  3. Округтік жер басқармасының бастығы Жиенбаев - комиссия мүшесі;
  4. Жер-Орман Одағының төрағасы Төришев - мүше;
  5. Қосшы Одағының төрағасы Сағындықов - мүше;
  6. Округтік прокурор Дауылбаев - мүше;

Округ бойынша барлық жеті ауданға өкілдер бөлініп, олардың барлығы 22 адамнан құралды. Өкілдер кәмпескелеу науқанына байланысты барлық насихаттық және басшылық құралдарымен толықтай қамтамасыз етілгендігінен кейін 10 қыркүйекте аудандарға жіберілді.

Кәмпескелеу науқанына байланысты үгіт-насихаттық материалдармен барлық аудандық атқару комитеттері де қамтамасыз етілді. Шындығында жергілікті жерлердегі дайындық жұмыстары 11-19 қыркүйек аралығында, (тек жекелеген жақын аудандарға, мысалы Теңіз ауданында) 19 қыркүйектен бастап жүргізілген [1]. Аудан орталықтарына келгеннен кейін БКП(б) аудандық комитеттерімен, аудандық атқару комитеттерінің отырыстары, Доссор ауданында Доссор өндірістік активтерінің жиналыстары өткізілді. Есбол ауданы бойынша аудандық комиссия комитетінің бюросы, ауылсоветтердің төрағаларының, Есбол жетіжылдық мектебі мұғалімдерінің жиналыстары өткізіліп, олардың саны төменде берілген кестеден көрініс тапты:

1

БКП(б)аудандық комиттерінің отырысы

6

2

Аудандық атқару комитеттері отырысы

6

3

Аудандық комсомол комитеттері бюролары

J

4

Аудан активтері жиналысы

2

5

Ауылдық Советтер төрағаларының жалпы жиналыстары

J

6

Ұлттық партия жиналыстары

1

Бұл жиналыстарда осы кампанияны өткізу үшін ауылдарға уәкілдер бөлініп, аудандық әкімшілік ауылдарын түгелдей қамту көзделді, алайда әрбір ауылға бір- бірден уәкілдер бөлудің сәті түспегендіктен (себебі, кейбір аудандарда ауылдары әрі көп, әрі бір-бірінен өте шалғай орналасқан еді) бір уәкілді бірнеше ауылға бөлуге тура келді, тек Теңіз ауданында ғана талапқа сай бөлінді, ал Новобогат ауданында осы себепке орай бұл жұмысты ұйымдастыру 7 ауылдық Кеңестері мен Қосшыларына жүктелді (кесте 2) [2].

Кесте 2 - Уәкілдердің аудандарға бөлінуі

Р/с

Аудандардың атауы

Әкімшілік ауылдар

саны

Бөлінген уәкілдер саны

1

Новобогат

14

14

2

Теңіз

11

22

3

Есбол

27

10

4

Қызылқоға

34

23

5

Доссор

14

20

6

Жаманқала

14

J

7

Жылойқоса

32

-

 

Барлығы

145

31

Ескерту:

  1. Жаманқала ауданында тек ғана 7 ауылда кәмпескелеу жүргізілді, қалған 13 орыс поселкелерінде тек үгіт компаниялары өтті.

Ауылдарға аудан орталықтарынан бөлінген барлық уәкілдер арнаулы жиналыстарда қажетті нұсқаулар беріліп, үгіт материалдарымен, тезистермен, кеңестермен қамтамасыз етілді. Кәмпескелеу нұсқауына орай жекелеген әкімшілік ауылдары бойынша кедейлер мен батырақтардан тұратын ықпал ету комиссиялары құрылды. Алынған мәліметтерге сәйкес төмендегі аталған комиссиялар осы аудандарға құрылды:

  1. Қызылқоға ауданында 260 мүшелік 10 комиссия.
  2. Доссор ауданында 12 комиссия құрылып, олардың ішінде 67 адам болды
  3. Есбол ауданында, толық емес мәліметтерге сүйінсек, әрқайсысында 13 адамнан тұратын комиссиялар 12 әкімшілік ауылдарда жұмыс істеді.
  4. Жанақала ауданында кәмпеске жүретін 7 ауылда 15 адамнан құралған бір комиссия болған.
  5. Новобогат ауданы бойынша кәмпеске жүргізу көзделген 4 ауылда комиссиялар құрылып, олардың жұмысына 80 адам тартылды. Олардың 51 – кедей, 6 – батырақ, 13 – орта шаруа болды.
  6. Теңіз ауданы бойынша 11 комиссия құрылып, оларға 191 мүше кірді. Олардың 103 – кедей, 25 – батырақ, 41 – коммунист, 10 – комсомол мүшесі және 9 әйел болды.

Ықпал ету комиссияларының жұмысы туралы айтқанда, олардың құрамындағы кедейлер мен батырақтардың байлардың мал-мүлкін кәмпескелеу шараларына жан-тәндерімен араласқанын, олардан тартып алынған малдарын айдауға, қорғауға шын ниеттерімен араласқанына тоқталған жөн. Олар бұл жұмыстарға жауапкершілікпен қарады, бастарту немесе кедергі келтіру фактілері болған жоқ. Аудандардан бөлінген уәкілдердің және ықпал ету комиссиялар тарапынан жергілікті ұйымдар арқылы барлық ауылдарда байлардың мал-мүлкін тәркілеу ісіне байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, төмендегі күн тәртібіне байланысты көптеген жиналыстар өткізілді.

  1. Кәмпескелеу туралы
  2. Ауылдар мен деревнялардағы партияның кезектегі міндеттері. Әсіресе, кәмпескелеу болатын ауылдарға ерекше көңіл бөлінді. Алынған мәліметтерге сай, 1928 жылдың 9 қазанында округ бойынша осындай санда жиналыстар өткізіліп, оларда осынша адам қатысқан [3].

Аудандар- дың аты

Жиналыс саны

Қатысқан дар саны

Олардың ішінде

Батырақ

Кедейлер

Орташа

Әйел

 

Қызылқоға

91

11705

6173

4137

1395

-

2

Доссор

37

562

342

62

-

-

3

Есбол

37

3144

144

3000

   

4

Сол ауданының 8 ауылында

 

491

300

88

"83

 

~5~

Новобогат

59

3247

235

1405

1606

 

6

Жаманқала

-

1200

300

500

378

22

7

Теңіз

56

4670

890

3027

753

659

 

Барлығы:

290

23014

8187

12432

4689

774

116

Жұртшылықтың көңіл-күйі кәмпескеленуді өткізу кезінде қанағаттанарлық болды, яғни кедей-батырақтар мен оларға жақынырақ орташалар тәркілеуге түсіністікпен қарауда. Партия мен совет үкіметінің саясатына сай олар ірі байлардың және әлеуметтік қауіпті элементтердің ауылды кеңестердің шараларына кедергі келтіріп отырғандарын дұрыс түсіне отырып, аталғандарды әшкерлеу ісінде барлық елді мекендерде қолдарынан келген көмектерін беруге әрқашанда дайын екендіктерін өздерінің сөзімен де ісімен де дәлелдеп бақты. Оны төмендегі мысалдардан көруге болады.

  1. Новобогат ауданы аудандардың бірінде болған жиналыста кедейлердің басым көпшілігі ірі бай Жармағанбетов Ерғалиды кәмпескелеуге байланысты декреттің ықпалына енгізуге бір ауыздан дауыс беріп қана қоймай, сол ауылдың кедейі Жантазиев Жақып байдың басқа да «былықтарын»жария етті. Жантазиев Жармағанбетовтың 1916 жылы ауыл старшинасы болған кезде тыл жұмыстарына алу туралы патша жарлығына сәйкес тізімге өзін енгізгенін, кейін старшинаның бір бұқа мен 3 сом мөлшерінде пара бергеннен кейін ол тізімнен шығарылғанын «Жерден жеті қоян тапқандай» етіп айтыпты. Жантазиевтің айтуынша Жармағанбетов өзінен басқа да кедейлерге тізесін батырған болып шықты. Сондықтан оны мал-мүлкінен айырып қана қоймай басқа елге жер аудару керектігін басып айтты.
  2. Есбол ауданы бойынша: кедейлермен батырақтар ірі рулардың басшыларының өздеріне кіші руларға әкімшілік тұрғыдан жасайтын әлімжеттіктері мен бассыздықтары туралы ашына айтты.

Мысалы:

а) 1-2 ауылдардың кедейлері Имашев пен Берешев өз сөздерінде үкіметтің қараларын қолдай отырып, жиналыста болғандарды байлардың тарапынан көрсетілген барлық қарсылықтарға, теке-тіреске қарамастан оларды кәмпескелеу шараларын ешқандай ымыраға келмей жүргізуге шақырып, кедейлер мен қалың жұртшылықты ғасырлар бойы қанап келген үстем тап өкілдерін батыл айыптады.

б) №2 ауылдың азаматы Қарабаев Қаржаубай Алжанов Ибраштың зиянкестік әрекетіне тоқталды. №8 ауылдың азаматы Тастайбеков Қаржау өз сөзінде «Себек» руының байы Өтешова Есекеннің шапқан шөбін тартып алғандығын көлденен тартты.

в) №2 ауылда өткізілген жиналыстан кейін, сол ауылдың молдасы Дүйісовтың әлеуметтік жау элементтер қатарына жататынын немесе жатпайтынын анықтау мақсатында, екінші рет жиналыс өткізіп, оны анықтау өтпелі Комитетінің құзырына тапсырылды.

Бұдан басқа Қызылқоға, Есбол, Теңіз, Жаманқала және Доссор аудандары бойынша кедейлердің аудандық Конференциялары өткізіліп, оларға Қызылқоға аудандық конференциясына – 40, Есбол конференциясына – 193 делегат қатысты. Конференциялар қызықты өтті, сұрақ берушілер көп болды, олар өз сөздеріне партия мен совет үкіметінің кәмпескелеуге байланысты барлық шараларын қолдайтындарына уәде бере отырып, ауылдарына бара сала бұл маңызды іске құлшына кірісетіндеріне сендірді. Соның дәлелі ретінде конференция президиумына келген телеграммалар мазмұнындағы төмендегі сөздерді келтіруге болады:

  1. Есбол ауданынан келген азамат Тағаниязов (кедей) өз сөзінде Қазан төңкерісінен кейін 10 жыл уақыт өтсе де ауылда байлар мен атқамінелердің әлі де билеп төстейтінін ашына айтты. Егер біз өткенді еске түсірсек, патша үкіметінің кезінде кедейлер байлардың озбырлығына амалсыздан көнді. Енді олар неге басынады? Әлеуметтік қауіпті элементтер қатарына жататын Мамышев, Қожаров, Қодаров және басқалар шын мәнінде кедейлерді күні бүгінге дейін қанап келген. Менің ойымша бүгінгі күн ғасырлар бойы қанауда болған кедейлер мен батырақтар мен азаттық алған күні. Сондықтан совет үкіметінің қанаушылар мені ірі феодалдарға қарсы бағытталған іс-шараларын толықтай қолдай отырып, жұртшылықты бұл маңызды шаруаға белсене араласуға шақырды (Тағаниязовтың сөзі)
  2. Азамат Сүйелбаев Кеңес үкіметінің басты жауы – байлар дей отырып, Қытайдағы жағдайды мысалға келтірді. Онда пролетариаттың капиталистердің жемтігі екендігін, сондықтан бізде де байлардың тарапынан ешқандай аяушылықтың болмайтынын ескерте отырып, қазіргі жағдайды пайдаланып, олардың жау элементтер ретінде көздерін құртуға шақырды.
  3. Азамат Темірзақов: «Совет үкіметі мен Коммунистік партияның бізге жүктеген тапсырмаларын орындау қолымыздан келеді, себебі олар ауыл жағдайына өте сәйкес келеді», - деп тұжырымдады.
  4. Бұдан басқа конференцияға қатысушылар тарапынан ауыл шаруашылығы салығын шамадан тыс салмау, шөп шабатын жерлерді кедейлер мен батырақтарға байланысты алалап бөлу сынды сұрақтарға президиумге берілді. Сол аудан бойынша, кедейлердің 37 мүшеден тұратын 6 тобы, Кооперация мен Қосшы ұйымдары БКП(б)мен БЖО ұйымдары құрылды. Мұрағаттың бұл деректерінен біз Совет үкіметінің ауылды ұжымдастыру

ісіне бел шешіп кіріскенін көреміз, алайда бұл шара халықтың арасынан өсіп -өнген ауқаттылар мен зиялылардың ақ адал малдарын бас көзге қарамай тартып алумен, ешқандай жазығы жоқ адамдардың көз жасына қалумен қатар жүргізілді. Еңбек етуге қыры жоқ, өмір бақи мал жинамаған, кісі есігінде жүрген кедейлер мен батырақтарды айтақтап, «Ой бой,сендердің күндерің туды, заман сендердікі», -деп большевиктер өз дегендерін істеді. Оның қандай масштабтағы трагедияға әкелгенін тарих көрсетті. Осы есептен байларды жақтап, оларды арашалауға тырысқан адамдардың болғанын білдік. Мәселен, Новобогат ауданы конференциясында кәмпескелеу тізіміне енген Жанғожин Жұмағали деген байды, кедейлердің бірқатары, тәркілеуден босатуын округтік атқару комитетінен сұраған. Олар өз өтініштерінде байдың елге жасаған қамқорлығы мен бандаға қарсы күресін алға тартқанын алға тартты. Сол себек Амангалиға қарсы күрескен адам емес пе екен?

Алғашқыда Өлке орталығының жоспары бойынша біздің округте 40 шаруашылық тәркіленуге белгіленген, оның 35-і I-топқа, 5-і 11 топқа жатқызылған. Біздер телеграфпен 49 адамды тәркілеуге Өлкелік орталықтың бекітуін сұрадық (шаш ал десе, бас алатын деп осындайды айтады), бірақ өлке ақыр соңында 25 адамды бекітті, оның ішінде 1 топқа 19 адам, 2 –шí топқа 6 адам қалды. Мына қызықты қараңыз: Жергілікті белсендісымақтар тәркіленушілер санының азабына қапаланып, өз есептеріне былай жалғастырады. Өлкенің тәркіленушілер санын 35 тен 25-ке дейін азайтуын орталықтың шараға қажетті нұсқаушылар мен мәліметтерді кешіктіріп жіберуінің нәтижесінде жергілікті жерлерді дұрыс дайындық жүргізілмегендіктен, кәмпескелеу шараларының уақыты 20 қыркүйектен 30-на дейін шегеріліп бір жағынан жекелеген аудандардың шаруа қожалықтарының бір-бірінен шалғайда орналасуы да кесірін тигізді. Сөйтіп, аудандар бойынша тәркілену ең соңында былай жүрді.

Р- с

Аудандардың атауы

Кәмпескелеуге бекітілгендер саны

Олардың ішінде

Жалпы саны

Малдың жалпы саны

I-топ-

II-топ

Аудан көлемінде

Көшпенді- лер

^¡~

Жаманқала

1

1

-

1 ¯

-

440

2

Есбол

1

1

-

1

-

310

3

Новобогат

5

3

2

5

-

1272

4

Қызылқоға

6

3

3

3

3

3049

5

Доссор

8

8

-

-

-

325

6

Теңіз

4

2

1

4

3

870

 

Барлығы

25

I 19

6

14

3

3197

Көшіп жүргендердің малы көшу қоныстарында жүргізіледі. Ол жұмысты округ пен аудан орталықтарынан келген уәкілдер жүзеге асырып, тартып алынған малдарды жаңадан құрылған шаруашылықтарға апаруды қадағалады.

Аудандардың арасында тек Қызылқоға ауданында байларды тәркілеу кезінде түсінбеушілік пен кедергілер кездесті. Себебі ол ауданнан алынған мәліметтер анық болмай, тәркілеу шаралары кешіктірілді. Ол сайып келгенде байлардың малдарының санын дұрыс көрсетпеуге, кейбіреуін жасырып қалуға мүмкіндік берді. Мысалы:

  1. Алғашқы мәлімет бойынша, Шолаев Сахидың 660 бас малы болады, ал тәркілеу кезінде барлығы 15 мал шықты.
  2. Жанаисов Ізбасар 410 бас малы болса, қолға түскені 102 бас мал болды.
  3. Есболғанов Бейсенбай 420 бас малынан,тек 138 бас тәркіленеді.
  4. Мырзағалиев Жақсығалидың 340 бас малынан 100 бас мал тәркіленеді.

Дайындық жұмыстарының әлсіздігінен байлардың өз малдарын жасырып қалуымен қатар, өзге елді мекендерге шұғыл түрде көшіп кеткендері де анықталды. Мысалы:

  1. Игіліков Айтжан Адай округіне
  2. Жұлдызов (белгісіз)
  3. Елеубаев (белгісіз)

Осылардың ішінен Жұлдызов ұсталып, қалғандары іздестірілуде. Сонымен қатар, Новобогат ауданының кейбір байлары кәмпескелеуден құтылудың басқа да амалдарын қолданған. Мысалы:

  1. Жармағанбетов Ерғали кәмпескеленуден құтылу мақсатында 100 қойын сатқан, сол үшін прокуратураны іске қосып, ақшасын байдан өндіріп, қосшының қорына өткіздіреді.
  2. Сол аудан бойынша тәркіленген Бисалиев, Омаров, Исмағұлов деген байлар жөнінде өтініш жазған болатын, бірақ Округтік комиссия олардың өтініштерін орындаудан бас тартты. (Кеңестік бюрократтардан одан өзге жауап алу мүмкін емес еді)

Колхоздар мен совхоздарды ұйымдастыру

Қазақ орталығының директиваларына сәйкес округте бір совхоз ұйымдастыру мәселесін қарастырған округтік комиссия округтік жер комитеті арқылы жүзеге асыру жоспарын жасаған болатын, бірақ Новобогат ауданында талапқа сай совхоз құру мүмкіндігі табылмағандықтан, малы көбірек Қызылқоға ауданынан ондай үлкен шаруашылықты құру үшін – Халық комиссиялар Кеңесінің рұқсатын сұрау жөнінде шешім қабылданды. Колхоздар құру мәселесіне сай орталықтан нұсқауларды алғаннан кейін Новобогат ауданының әрбір ауылында 2 немесе 1 колхоздан құруды жүзеге асырады. Соған байланысты алғашқы кезеңнің өзінде әрбір ауылда 10-15 адамнан колхозға кіру жөнінде өтініштер келіп түскен. Бұл үлкен шараны ұйымдастыру кезінде көптеген қателіктер мен кедергілер кездескенін атап айтқан.

  1. Аудандық атқару Комитеттерінің ауылдарға тағайындаған уәкілдерін ат-көліктермен және қаражатпен қамтамасыз ете алмауы;
  2. Аудандар территорияларының шалғай орналасуы және жұртшылықтың көшіп-қонып жүруі, сондай-ақ кәмпескеге жататындардың көршілес – Қаратөбе, Ойсы аудандарына көшіп кетуі.
  3. Новобогат аудандарындағы бөлінген уәкілдердің (Махамбетов, Байболов, Дүйсекенов) уақыттарын қонақ болумен өткізіп, шараны дұрыс өткізе алмауы да жұмысқа кеселін тигізді. Уәкілдер бір үйге 20-30 адам болып жиналып күніне 3 қойға дейін сойдырып жеген фактілері кездескен. Сол ауданның Қаңбақты ауылы кеңесінің төрағасы байлардың малының санын жасырғаны әшкерленіп, ірі сотқа берілді. Аудандардағы байларды кәмпескелеу науқанының қорытындысы ауылдардың бір-бірінен өте алыста орналасқанына байланысты әлі толықтай шығарылған жоқ.

Міне, біздің өлкеде бай-феодалдарды тәркілеу шаралары осылай ешқандай кеңестік шенеуліктер тарапынан ымыраға келмей жүргізілген еді. Одан кейін кеңес үкіметінің қазақ шаруаларын ұжымдық шаруашылықтарға ұйымдастыру шараларымен ұласып, елге үлкен қасіретпен шығын әкелген болатын.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Атырау облыстық мұрағаты, №3 қор, 4 тізім, №1 іс. 3 бет.
  2. Атырау облыстық мұрағаты, №3 қор, 4 тізім, №1 іс. 5 бет.
  3. Атырау облыстық мұрағаты, №3 қор, 4 тізім, №1 іс. 8 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.