Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тмд кеңістігіндегі мойындалмаған мемлекеттер

Аңдатпа

Мақала КСРО-ның ыдырау кезеңіндегі этникалық қайшылықтар мен территориялық талас проблемаларына байланысты тәуелсіздіктерін жариялаған Таулы Карабақ, Абхазия сияқты автономиялар мен Оңтүстік Осетия және Приднестровье сынды мемлекеттік құрылымдардың пайда болу себептері мен қазіргі жағдайын сараптайды. Зерттеу осы тақырыпқа жазылған ғылыми-танымдық әдебиеттерді саралау негізінде жазылып, бұл ресми танылмаған мемлекеттердің ТМД, Еуразиядағы геосаяси ахуалға кері әсері туралы тұжырымдайды.

ХХ ғасырдың аяғында тәуелсіздігін жариялаған Таулы Карабақ, Абхазия, оңтүстік Осетия, Приднестровье республикаларының болашағы және бұл проблеманың халықаралық қатынастарға ықпалы қарастырылады.

ТМД кеңістігіндегі мойындалмаған мемлекеттердің пайда болуының басты себебі кеңестік ұлт саясатының қателіктерінен өрбіді. Сондықтан КСРО-ның ыдырауы кезінде – орталық пен ұлттық республикалардың қайшылығы: республика мен автономиялық құрылым және территориялық талас деңгейлерінде жалғасын тапты. Яғни, ұлттық қайшылықтар КСРО-ның ыдыратуда басты рөл атқарды. Олар тек одақтас республикалардың тәуелсіздіктерін жариялатып қана қоймай, олардың құрамындағы автономиялық аймақтар мен этникалық топтардың ұлттық бөлінушілік (сепаратизм) қозғалысын тудырды.

ХХ ғ. 80-90 жж., ұлттық қайшылықтар ең көп ширыққан Закавказьеде болса, КСРО-ң ыдырауына байланысты өзін-өзі жариялаудың жаңа толқыны белең алды. Олар – Таулы Қарабақ (Әзербайжан КСР), Приднестровьелік Молдова (Молдавия КСР), Грузия құрамындағы Оңтүстік Осетия, Абхазия Республикалары. Алайда халықаралық қауымдастық қатаң позицияны ұстанып, жаңа мемлекеттік құрылымдарды мойындаудан бас тартты.

Таулы Қарабақ қайшылығы Сумгаит оқиғасынан басталды, 1992-1993 жж. ерекше күшейіп, мемлекетаралық (Әзербайжан-Армения) сипат алды. 1991 жылы Әзербайжан КСР-ы құрамындағы Таулы Карабақ автономиялық облыстың орталығы болып саналатын Степанакертте Таулы-Карабақ Республикасы құрылғаны туралы жарияланды. Ресми Баку бұл актіні заңсыз деп танып, Карабақ автономиясын жояды. Ходжалы оқиғасы – Қарабақ қайшылығының ең жоғарғы нүктесі болды. Осыдан кейін Қарабақ проблемасы Армения мен Әзербайжан арасындағы соғысқа ұласты. Қарабақ жанжалы – бұрынғы Кеңестік территориядағы салдары жойқын қайшылықтардың бірі [1].

Кейін Армения мен Әзербайжан қайшылықты реттеудің бейбіт жолдарын іздестіре бастады. Жанжалда қазіргі әскери техника кеңінен қолданылып, екі жақтан шабуыл - операциялар жасалып, кең көлемдегі босқындар проблемасы туындады және 1990-1994 жж. дейін жалғасты

1994 жылдың 12-мамырында татуласу жайлы келісім күшіне енген еді. Оның нәтижесінде Әзірбайжан Таулы Карабахты мүлдем қолынан шығарып, оған жапсарлас 7 ауданды да бақылау мүмкіндігінен айрылады. 1992 жылдан ЕҚЫҰ-ның Минск тобы аясында шиеленісті реттеу мақсатында келіссөздер жүргізіліп келеді [5].

Бұл топтың тең төрағалары АҚШ, Ресей және Франция. Әзірбайжан аумақтық тұтастығын сақтауды көздесе, Армения мойындалмаған республиканың мүддесін қорғайды. «Пакеттік реттеу» талабы – Таулы Карабақтың статусы туралы мәселе. Оның Тәуелсіздігі туралы және Арменияға қосылуы талабы қатты талас тудырып, келіссөздер тығырыққа тірелді.

Армения осы мәселеге орай үш жақты кездесу өткізді және Әзірбайжан тарапынан Кавказда тұрақтылық пен бейбітшілік орнату мақсатында шиеленісті реттеу жөніндегі «жол картасы» ұсынылды. Армения мен Әзербайжан арасында реттеушілік рөлді Ресей атқарады. Бірақ, Армения Әзербайжан ұсынысын қабылдауға даяр емес. Армения өз ұстанымынан бас тартпайтынын, Карабахтың мәртебесін қайтарып алмайынша ешқандай «Жол картасына» қол қойылмайтынын мәлімдеді. Олар үшін ең маңыздысы – Карабақтың мәртебесін қайтару» [4].

Закавказьедегі этникалық қайшылықтардың тағы бір ошағы – 1989 жылғы Грузиядағы ұлттық қозғалыстар. Мұнда Грузия құрамындағы абхаз, осетин халықтарының ұлттық санасының оянуы абхаздар мен грузиндер арасындағы және осетин-грузин этникалық теке-тірестеріне әкеп соқтырды. Бұл грузин зиялыларының өз халқының кең пейілділігі, интернациональдығы туралы пікірлерін жоққа шығарып, аталмыш қайшылықтар армян-әзербайжан қайшылығынан кем болмады.

1992 жылдың 8-12 тамызында Оңтүстік Осетия мен Абхазия Грузиядан шығатынын мәлімдеп, қарулы қақтығыс басталды. Абхаз АССР Жоғарғы Кеңесі қалпына келтіріліп, Абхазия болды, оған сәйкес Абхазия КСР Конституциясы қабылданып, тәуелсіз мемлекет боп жарияланды [18].

1992 жылы 14 тамызда басталған Грузия мен Абхазия арасындағы соғыс қыркүйекке дейін созылды және бұл соғыста Грузия Абхазияны кері қайтара алмады. 1994 жылдың 14 мамырында Мәскеуде Ресейдің араласуымен грузиндер мен абхаздар атысты тоқтату жөнінде келісімге келдіОсы құжат негізінде 1994 жылдың маусым айынан бастап қақтығыс аймағында ТМД Ұжымдық бітімгерлік күштері (МДАЦ) енгізілді.

Абхазияның Грузия құрамынан шығып, Ресей Федерациясына кіруге ұсыныс жасауы грузин-абхаз шеңберінен шығып, одақтық деңгейге көтерілді. Грузия қайшылықты тереңдеткені үшін Ресейді кінәлады.

Одан кейін осындай жағдай Грузияның территориялық аймағы – Оңтүстік Осетияда қайталанды. Тарихқа жүгінсек, 1801 жылы Оңтүстік Осетия Грузияның бөлігі ретінде Ресей империясының құрамына кірген еді. Қазан төңкерісінен кейін, Оңтүстік Осетия Грузия Кеңес Республикасының бөлігі болды, ал Солтүстік Осетия Ресей құрамында қалды. 1918-1920 жылдардағы осетин көтерілістерінде халық тәуелсіздікті талап етеді. Грузия Демократиялық Республикасының үкіметі осы мәлімдеменің жолын кесті. Кейін 1922 жылы сәуірде Грузияда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, Оңтүстік Осетия Грузия құрамындағы автономиялық облыс боп құрылды. 1990 жылы 20 қыркүйекте Халық депутаттары кеңесі декларация қабылданғаннан кейін Оңтүстік Осетия Кеңестік Демократиялық Республикасы болып жарияланды.

1992 жылы 19 қаңтарда Оңтүстік Осетия Республикасының тәуелсіздігі туралы референдум өтті [3]. Себебі Осетияның солтүстігі Ресей құрамында еді. Оңтүстік Осетия Грузия мен Ресей құрамында екіге бөлінген этникалық территориясын тұтастандырып, Ресей құрамында автономиялық республика құруды жоспарлады. Алайда бұнымен Грузия келіспеді. Осылайша Абхазия және Оңтүстік Осетия республикаларының Грузия құрамынан шығып, Ресейге қосылу әрекеттері Ресей мен Грузия арасындағы қатынасты шиеленістірді. Оңтүстік Осетия Республикасының аумағында осетиндер мен грузиндер, орыстар арасында ұлттық қайшылық пайда болып, қарулы атысқа жол берілді.

Проблеманы шешу ұзаққа созылып, тек соғысты тоқтату шаралары жүзеге асырылды. Бітімгершілік күштерін ұйымдастыру нәтижесінде атыс тоқтатылды [6].

Абхазия мәселесіне келсек, 1921 жылдың 4 наурызында Абхазия кеңестік билік аумағында құрылған болатын, ал 31 наурызда Абхазия Кеңестік Социалистік Республикасы болып жарияланды. 1931 жылы КСР Абхазия автономиялық республика болып қайта құрылды. Осылайша Абхазияның егемендігі шектеліп, Грузия құрамында қалды [7]. Ұлттық дәстүрлерді, тілді шектеу шаралары жүргізілді. Абхаз тілін орта мектептерде оқыту міндетті болмады. 1990-шы жылдардың басында абхаздар Абхазия АССР-да жалпы халықтың тек 17%-ын құрады. КСРО-ның ыдырау кезеңінде Абхазияда ұлттық сана өсуі этносаралық қақтығысқа әкеп соқты. Абхаздар кеңес заманында да: 1957 жылы сәуір, 1967 жылы мамыр және 1978 жылы Грузиядан шығып, РСФСР-ға қосылу үшін қажетті бұқаралық шерулер өткізген еді.

1989 жылдың шілдеде кезекті жанжалдың нәтижесінде Сухумиде орын алған Грузия және Абхазия арасындағы қақтығыстарда 16 адам қаза тауып, шамамен 1402 жараланды. Жаппай тәртіпсіздікті жоюға Кеңес Ішкі істер министрлігі әскерін қолданылды [3].

Жағдайды ушықтырған Грузияның жаңа сайланған президенті Звиад Гамсахурдия болды. КСРО құлағаннан кейін, 1992 жылы 21 ақпан тәуелсіз Грузияның әскери кеңесі болды. 1978 жылы Грузин КСР Конституциясының күшін жою туралы жариялады. Грузин КСР Конституциясының жойылуына байланысты Грузияның автономдық облыстарымен қатынасы нашарлап, Абхазия автономиялық республика боп жарияланды. 1992 жылдың 8-12 тамызда Оңтүстік Осетия мен Абхазия арасында болған қарулы қақтығыстан кейін Абхаз АССР Жоғарғы Кеңесі қалпына келтіріліп, Абхазия болды, оған сәйкес Конституция қабылданып, тәуелсіз мемлекет жарияланды.

90-жж. қарулы күрес тоқтатылғанмен проблема шешілмеді. Грузия тағы да осы үшін Ресейді кінәлады.

Молдавия сияқты одақтас республикада молдавандар мен орыстар, молдавандар мен гагауздар арасында басталған ұлттық қайшылықтар, ақырында Молдавияның КСРО-дан шығу мәселесін көтерілуіне ықпал етті. Бұл жерде басты себеп – Кеңес өкіметінің ұлт саясатындағы өрескел қателіктер, тоталитарлық қысым саясаты ықпал етті. Өйткені Молдавия мемлекетінің құрылуының өзі 1940 ж. КСРО- ның фашистік Германиямен қол қойған Молотов-Риббентроп пактісіне сәйкес зорлық әрекет арқылы жүзеге асты. Молдавияның мемлекеттік территориясы – Бессарабия және КСРО құрамындағы Днестр өзенінің сол жағалауларын қамтитын террриториядан (орысша Приднестровье) қалыптасқан еді. Сондықтан Румыниядан қосылған Бессарабия аймағы тұрғындары КСРО-ның ыдырауы барысында Румынияға қайта қосылуға ниет білдіргенде, Приднестровье аймағы оны қолдамады. Екі жақтың шиеленісті текетіресі 1992 жылы қарулы қақтығысқа ұласып, оның аяғы қайғылы жағдайға, бірталай адам шығынына апарып соқтырды. Қарулы қақтығыс Ресей әскерлерінің араласуымен ғана тоқтатылды. 1992 жылдың 7 шілдесінде Ресей мен Молдовияның арасында мәселені бейбіт жолмен шешу жоспары бекітіліп, 21 шілдеде келісімге қол қойылды. Оны Преднестровье жағы да мақұлдады [8].

Сонымен Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Карабақ проблемасы, Молдовадағы Приднестровье, Грузия мен Ресей арасындағы геосаяси ойынның құрбанына айналып отырған Оңтүстік Осетия мен Абхазия мәселелері ТМД кеңістігіндегі даулы проблемаларға айналып, мемлекетаралық қатынастарға кері әсерін тигізді.

Бұл қайшылықты қатынастарды реттеу, олардың терең тарихи себептері мен салдарларына байланысты ХХ-ғасырдың аяғына дейін шешілмеді. Қайшылықтарды бейбіт реттеу тек соғыс қимылдарын тоқтатумен ғана шектелді.

Десек те, тарихты кері айналдыру мүмкін болмады. Тәуелсіздігін жариялаған Таулы Қарабақ, Абхазия, Оңтүстік Осетия және Приднестровье республикалары сияқты жаңа құрылымдар әбден мемлекеттік аппараты бар тұрақты мемлекет құруға кірісті. Мойындалмаған мемлекеттер күрделі тарихи-саяси және этногеографиялық процестер нәтижесінде соңғы 10 жылдықтар турасында мойындалған мемлекеттер секілді белгілері бола тұра, халықаралық мемлекеттер қауымдастығы тарапынан мойындалмауы өзекті мәселеге айналып отыр.

Тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалмаған мемлекеттердің одағын құру идеясы 1992 жылы туғанымен, тек сегіз жыл өткеннен кейін жүзеге асты. Бұл одақтың құрылғанына да 25 жылға жуықтады. 2000 жылдың 20 қарашасында Тирасполь қаласында Абхазия, Таулы Қарабақ, Приднестровиелік Молдова және Оңтүстік Осетия республикалары мойындалмаған мемлекеттер одағын құруға келісті. «СНГ-2» деп аталатын құрылымның үнемі жұмыс істейтін сыртқы істер министрлер кеңесі және сарапшылар деңгейіндегі консультативті кеңесі бар [10]. Алғашында аталған елдердің басшылары жылына екі реттен бас қосып тұруды ұйғарған. Алайда түрлі себептерге байланысты уәде орындалмай жатады.

Мойындалмаған мемлекеттер проблемасы ТМД қатынастарына өз әсерін тигізеді. Қазіргі кезеңде осыдан 25 жылдай бұрын атыс тоқтатылған қайшылықты аймақтар саналатын бұл мойындалмаған мемлекеттер проблемалары шешілді деуге болмайды.

Жақында, 2016 ж. Таулы Қарабақтағы жағдай қайта шиеленісті. Әзербайжан «Таулы Қарабақ тұрғындары аумақты заңсыз иеленіп отыр» деп өзін өзі жариялаған аймақ үкіметінің халықаралық тұрғыда мойындалмағанын көлденең тартады. Армения «Әзербайжан құрамында болса, Таулы Қарабақ дамымайды. Таулы Қарабақ халқына өз болашағын өзі анықтауға құқық беру керек» дейді. Армения айтып отырған «өзін өзі анықтау құқығының» тәуелсіздікке немесе Армения құрамына қосылуға ұласары анық. Тәуелсіздігі мойындалмаған бұл республикада 145 мың адам тұрады, олардың 95 пайызы – этникалық армяндар [5,49].

Даулы аймақта жағдайдың күрт шиеленісіп кетуіне байланысты Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Таулы Қарабақ бойынша Минск тобы теңтөрағаларының шұғыл жиыны өтеді. Таулы Қарабақты реттеуге АҚШ та мүдделі. Өйткені Қарабақ мәселесіне тек ұлттық фактор ғана емес, діни айырмашылық та әсер етеді (Әзербайжан – мұсылман, армяндар – христиандар ).

Абхазия мен оңтүстік Осетия республикалары мен Грузия қатынастары да бұрынғы деңгейде. 25 жылдай уақыт атыс тоқтатылғанмен, тараптар өз көзқарастарында қалып отыр.

  1. жылы 2 сәуірде соған сәйкес грузин-абхаз хаттамаға қол қойылды. Кодорский шатқалы (қалған Абхазия аумағын патрульдеу) Грузия бақылауында ТМД ПКФ мен БҰҰ-ның әскери бақылаушыларына тапсырылды [2, 125].
  2. жылы грузин-абхаз қақтығысының шиеленісуі басталды. Грузияда президенті Михаил Саакашвили бастаған билік Грузия құрамындағы бұрынғы Абхазия мен Оңтүстік Осетияда автономиялы аймақты қайтаруды мақсат етті. Оған АҚШ қолдау көрсетті. Өйткені Кавказ аймағында АҚШ-тың геосаяси мақсаттары бар. Оны АҚШ-тың Ресей сияқты геосаяси қарсыласын әлсірету мақсатына сәйкес келеді.

Ресей де өз тарапынан Абхазия мен Оңтүстік Осетия республикаларын қолдаудан бас тартпайды, оны осы аймақ үшін болған 2008 ж. Ресей – грузин соғысы айқын көрсетті [9].

Шын мәнінде, Кавказдағы аталмыш мойындалмаған республикалар жеке мемлекет болып өмір сүруі күмәнді. Олар тек Ресейге сүйенеді. Ресей оларды құрамына алса, Кавказдағы ықпалы күшейеді. Бұған Грузия көнбейді. Қазіргі кездегі Грузин-Ресей қатынастарының ширығуы – соның дәлелі.

Молдова республикасы мен Приднестровье Молдово республикасы арасындағы қатынастар да өз шешімін тапқан жоқ [10]. Екі тараптың келісе алмайтын мәселесі көп, мұнда да Ресейдің қызығушылығы жоғары, өйткені Приднестровье – Ресейдің бұрынғы территориясы.

Сонымен, мойындалмаған мемлекеттер проблемасы жекелеген елдер ғана емес, ТМД, тіпті әлемдік қатынастарға ықпал ететін факторға айналды. Қазіргі қиын геосаяси жағдайларда бұрынғы қол жеткізілген тыныштықты сақтау аса маңызды.

Халықаралық ұйымдар тарапынан танылмаған, мойындалмаған мемлекеттердің әлемдегі аналогтары бар, олардың туындауының басты себебі – этникалық қайшылықтар мен территориялық талас мәселелер екендігі белгілі. КСРО-ның ыдырау кезеңінде пайда болған бұл феноменнің реттелу мүмкіндігі айқын емес, оған мемлекетаралық, геосаяси факторлар да ықпал етеді.

Мойындалмаған мемлекеттердің болуының өзі ТМД елдері арасындағы қатынастардың жалпы тенденцияларын айқындауға мүмкіндік береді және еуразиялық кеңістігіндегі интеграциялық процестерге белгілі бір дәрежеде кедергі жасайды және қайшылық өзегі боп қалады деген тұжырым жасауға болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Непризнанные государства: возможности и вызовы XXI века // Мировая экономика и международные отношения. 2006. № 12. С. 64–81.
  2. Майоров М.В. Миротворцы. Из опыта российской дипломатии в посредничестве. М.: Международные отношения, 2007. 160 с.
  3. СССР после распада. СПб., 2007. - 480 с.
  4. Большаков А.Г. Непризнанные государства постсоветского пространства в системе российских национальных интересов //Политекс. 2013. №3. http://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/17806.
  5. Фурман Д. Карабахский конфликт: национальная драма и коммунальная склока // Свободная мысль. – 1994. – № 11. — С. 48-49.
  6. Оңтүстік Осетиядағы соғыс хроникасы// Http:// lenta/ articles /2008 /08.
  7. Лобжанидзе А.А. Этнодемографическое развитие Абхазии: территориальный аспект, Москва 2010 .
  8. Козлов А.В. Непокоренное Приднестровье. Уроки военного конфликта. - М.: Вече, 2015.
  9. Бабурин С.Н. Мир империй: Территория государства и мировой порядок - СПб.: Юридический центр Пресс, 2005.
  10. Кожокина Е.М. Молдавия: современные тенденции развития. - М.: РОССПЭН, 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.