Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Батырлар жырының тілдік ерекшеліктері

Аңдатпа

Мақала халық ауыз әдебиетінің үлгісі саналатын батырлар жырының тілдік ерекшеліктерін лингвистикалық тұрғыдан талдауға арналған. Әдеби кейіпкер бейнесінің тілдік негізде саралануына маңыз беріледі.

КІРІСПЕ

Эпос - әдеби тіліміздің қалыптасуында айрықша маңызға ие, халықтың дүниетанымы мен болмысынан хабар беретін, сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауын дәріптейтін фольклордың ерекше түрі. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме-дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс- тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады.

Батырлар жыры - ел тарихының поэзия түріндегі көркем шежіресі. Мұнда қазақ халқының арғы заманда өмір сүрген ата-бабаларының іс-әрекеттері мен бертінгі оқиғалардың іздері, сұлбасы сақталған.

Ал лингвистикалық тұрғыдан алып қарасақ, батырлар жырының тілі - құрамы мен құрылымы жағынан күрделі болып келетін, әлі толық зерттеліп болмаған зерттеу нысаны. Фольклорлық шығармалардағы тілдік айғақтар фольклорлық контексте саралануы аса қажет. Тілтануда эпостың тілін мәтіннен тыс қарастырмай, онымен тығыз сабақтастықта талдау мәселесі жолға қойылуы шарт. Себебі, эпос тілінің алуан түрлі ерекшеліктері эпос мәтінінде, контексте көрініс беріп, сол арқылы айқындалып, дараланады. Эпостың негізгі нысаны, зерттеу көзі – мәтін, ал оның тілдік белгі сипаттары лингвистиканың еншісіндегі мәселе.

Қай кезеңдегі әдеби тілді алып қарасақ та, оны ауыз әдебиеті тілімен теңестіруге болмайды. Өйткені олардың арасында елеулі жақындық болғанымен, олар екі түрлі категория. Е. Жұбанов «Эпос тілінің өрнектері» деген еңбегінде фольклор тілінің ерекшеліктерін жан-жақты қарастырған. Ғалым фольклордың табиғатын тіл фактілері арқылы зерттеп, оның әдеби тілге арақатынасын көрсетуді алдына негізгі мақсат етті. Мұны зерттеуші былай түсіндіреді: «фольклор сөз өнерінің айрықша бір саласы ретінде кейінгі жазба әдебиеттің, тіпті, бүкіл әдеби тіліміздің қалыптасуына қажетті мол азық болғаны мәлім» [1] (сілтеме өзгеріссіз алынды). Сол кітаптың кіріспесінде академик І. Кеңесбаев фольклор тілі әдеби тілдің «негізгі арналарының бірі болған» дейді. Оның пікірінше: «Халықтың ауызекі сөз өнері қазақ әдеби тілін дүниеге келтірген, оған нәр берген негізгі арналардың бірі болғаны баршамызға мәлім».

Осы дұрыс пікірді қолдап келген қазақ тілінің кейбір мамандары бұл мәселеге енді басқаша баға беретін болды. Мысалы: «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары» (1981) деген жинақтағы мақала авторларының біразы ауызша тілді де, фольклор тілін де әдеби тіл деп таниды. Аталған жинақтағы «Қазақ ауыз әдебиеті және әдеби тіл» деген мақаланың авторы Е. Жұбановта фольклор тілін әдеби тілге жақындатады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері әртүрлі болатындықтан, оны дәуірлеуге болады. Ал ауыз әдебиеті тілін олай дәуірлеуге болмайды, себебі ол ауызекі тіл байлықтарын бойына сіңіре отырып, ерекше әдеби тілдік жаңа сапа, жаңа дәрежеге көтеріле алмады, халық тілінің жоғары формасы бола алмай, ру- тайпалық, халықтық ауызекі тіл дағдысынан қол үзбеді. Оның себебі – ауыз әдебиетінің өмір сүру жағдайымен байланысты. Ауыз әдебиеті үлгілерінің тілінде ел- жұрттың сана-сезіміне, ойлау қабілетіне сәйкес тіл көркемділігі – теңеу, әсірелеу, суреттеу, мақал-мәтел, тұрақты тіркестердің жұмсалуымен қатар, қарапайым сөйлеу тілінің элементтері, тіл ала-құлалықтары жиі кездеседі [5, 363-364].

Жалпы қазақ әдебиетінде эпос – өте қомақты жанр. Эпос тілінің әдеби тілге, қазақтың ескі жазба тіліне, тіпті осы күнгі жазба әдеби тіліне қайнар көз болудағы орны ерекше.

Қазақ халқының өткен дәуірлердегі негізгі шаруашылық күн-көрісі малға, мал өсіретін кеңістік пен табиғатқа қатысты болғандықтан, образдардың да басымы осы саладан алынады. Оған дәлел ретінде метафора, теңеулердің көбі мал, оның ішінде жүйрік ат, нар, бота, қозы, қой атауларымен берілетіндігін келтіруге болады. Мысалы, «Қобыланды» жырындағы Қарлығаш өзін «Берік үстінде шоқтымын, қоңыр шұнақ тоқтымын» деп, ағасы Қобыландының «Судан шыққан сүйрігім, суырып озған жүйрігім» десе, Алпамысты ағасы Тортай: «Жалғыз ұлы бар еді, жалғыз да болса нар еді» деп бейнелейді.

Теңеудің негізінде белгілі бір сөз-образдардың символға айналуы эпос тілінде көп кездеседі. Қазақ ауыз әдебиетінде бөрі (Тарғындайын бөріңіз), арыстан (Арыстанымның барында оқалы байпақ кигенім), ақ сұңқар (Байлауда қалған ақ сұңқар Бұрынғыдай бола алмас), алтайы қызыл түлкі, құмай жүйрік, құлын, бота, қозы сияқты сөздер символ ретінде келіп, әбден тұрақталып, дәстүрге айналған элементтер.

Сол секілді жалқы есімді символға айналдыру лингвофольклористикаға тән. Мысалы, «Қобыланды» жырында Қарақан тау – Отанның, кір жуып, кіндік кескен жердің символы: Қарақан таудың аршасы. Қарақан тауда бабамыз. «Алпамыс» жырында Жиделібайсын да осындай символ. Есебі жоқ көп жылқы – Жиделібайсын даласы. Барғаныңда не дейсің Жиделібайсын қалаға. Байсын деген өз елім, Жиделі – байтақ қаламыз.

Монологтің немесе жаңа оқиға желісінің бастауы болып келетін стереотиптер де көбінесе мал образымен беріледі. Мысалы,

Ерлер мінер алаға, көңілім толды санаға.

Батырлар мінер қызылды, Жал-құйрығы ұзын-ды.

Жылқы ішінде ала-ды, қылшық жүнді қара-ды деген жолдар кез келген батырлар жырында кездеседі [6, 44-45].

Халықтың ауыз әдебиеті тіліндегі образдар тек қана мал шаруашылығы емес, қазақ қауымының тұрмыс-тіршілік қалпынан да, айналаны қоршаған табиғаттан да алынады. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырындағы аламанға жел берген, азды көпке теңгерген деген фразеологизм халық қамын жеп, халықты азаттық үшін күреске шақырған ер дегеннің образы ретінде қолданылған. Батырлықты, ел қорғауды, азаттықты идея өзегі еткен батырлар жырында образдар моделі де қолданылады. Батырды арыстанға, қыран құсқа, сұлулықты аққуға, толған айға теңеп образ жасау батырлар жырында жиі кездеседі. Мысалы, «Ер Тарғын» жырында Тарғын батыр бірде бөрі, бірде арыстан, бірде ақ сұңқар теңеулерімен бейнеленеді.

Фольклор тіліндегі поэтикалық фразеологизмдердің компоненттері мейлінше тұрақты болып келеді. Мысалы, «қырық сан Қырым елі» деген фразеологизм отыз сан, он сан, алты сан Қырым елі деп өзгертіліп айтылмайды. Сол сияқты «алты сан Алаш» деген тұрақты тіркестің анықтауыш компоненті он, қырық, отыз сан деген сөздермен ауыспайды. О баста, сөз жоқ, бұл эпитеттердің нақты бір мағынаға (қырық ру-тайпадан немесе алты тайпадан құрылған этникалық одақтың атауы ретінде) қатысы болған болу керек, бірақ келе-келе бұл анықтауыштар тұрақты тіркестер компонентін құрап, поэтикалық фразеологизм элементіне айналған, бұған олардың эвфоникалық сипаты, яғни аллитерациялы, ассонансты сөздер (басқа дыбыстары біріккен сөздер) тіркесін жасауы да (Қырық сан Қырым, Алты сан Алаш, Он екі баулы Өзбек) көмектескен тәрізді.

Фольклор тіліндегі поэтикалық тұрақты тіркестердің осындай эпитеттер тобы мейлінше мол, бай әрі біздің күнімізге дейін жеткен көркем тіл қазынасын құрайды. Әсіресе бұлар әскери лексика тобында: қару-жарақ атауларында, батырдың, оның ата-анасының, сүйген жарының портреттерінде, астына мінген атының суреттерінде т.б. орын алады. Мысалы, ауыз әдебиеті үлгілерінде қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары ешқашан бір өзі дара аталмайды, олардың алдында сан алуан, көбінесе тұрақты эпитеттер жүреді: балдағы алтын ақ берен, алтын құндақ ақ берен, көк сүңгі, толғамалы ақ сүңгі, бадана көзді ақ сауыт, шашақты найза, алтын қалпақ, жез телпек, шар болат, қозы жауырын жебе, алмас қылыш, тобылғы торы ат, т.б. [6, 4849].

Фольклор тіліндегі жер-су аттары нақтылы мекенді атаудан гөрі, образдық элементтер ретінде келеді, сондықтан олардың да көбінесе бейнелі эпитеттері болады: Алты айшылық Еділге Тарланды талай салғанмын (Ер Тарғын). Еділ-Жайық екі су. Еділден шыққан ен Шаған. Қараже, Қобан қанды су, Үш өзен, Самар даңды су, Қырық қақпалы Қазан.

Грамматикалық тұлғалардың белгілі бір стильдік мақсатта жұмсалуына келгенде, -ып жұрнақты өткен шақ көсемшенің орны айрықша. Фольклорлық поэзия бұл тұлғамен келген сөздерді әрі ұйқасқа қатыстырып, әрі қимыл-әрекеттің қалай орындалғанын баяндайтын амал констатациясы ретінде келтіріп образ жасайды. Мысалы: Құйысқанын қысқартып, Екі айылын берік тартып, Енді атына мінеді (Ер Тарғын). Іс-әрекеттің баяндалуын оның қалай орындалғаны жайындағы сурет (амал) арқылы беру, яғни -ып жұрнақты көсемшенің ұйқасқа қатысып, өлеңнің құрылымдық бөлігін жасайтыны қазақ жырларында тіпті жиі кездеседі. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырындағы Құртқаны суреттеуде: Сонда сұлу қыз Құртқа, Қылаң етіп, қылт етіп, Сылаң етіп, сылт етіп, Шекеде шоғы бұлт етіп, Алтынды тоны жылт етіп.

Белгілі бір жай-күйдің, іс-әрекеттің формулалары ретінде қалыптасқан штамптар жыр сайын орын алады. Мысалы, жауынгерлік айбаттың формуласы буырқанып, бұрсанды, мұздай темір құрсанды. қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз тоңып. қорамсаққа қол салды, бір салғанда молсалды», жауға аттанудың формуласы: қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып, ауыр әскер қол алып, ал қара бас ту алып т.б. болып келеді.

Ғалым Р. Сыздық қазақтың ауыз әдебиеті мен ауызша тараған авторлы әдебиетінің мазмұн жағынан, яғни шығарманың сюжеті, уәжі, образдары жағынан аса бірдей болмағанмен, тілдік көрінісі тұрғысынан, яғни поэтикасы жағынан іліктестік барын айтады. Академик Р. Сыздық фольклор тіліндегі образдардың тілдік көрінісі кейін қалыптасқан ақын-жыраулар поэзиясы тілінде кең орын алғанын айтады. Оның айқын дәлелі ертедегі әскери-соғыс істеріне, тұрмыс-салтқа қатысты фразеологизмдерді таңдауда және орнымен қолдануда қазақтың ауызша дамыған әдеби тілінің бірден-бір көзі – ауыз әдебиеті үлгілері [6, 52] дейді ғалым.

Профессор Ж. Жақып «Қазақ лингвофольклортануы бастауында» (академик С.А. Қасқабасов еңбектері негізінде) зерттеу мақаласында лингвофольклористика туралы құнды ғылыми пікірлер айтады. Фольклортанулық және фольклор тіліне азды көпті қатысы бар тілтанулық еңбектерді көздей шолғанда бір байқалған жайт – фольклор тіліне бірыңғай фольклортанулық я бірыңғай тілтанулық ыңғаймен келуге болмайды екен. Олай дейтініміз қазақ фольклортануы мәтін беткейіндегі құбылыстарға ден қойса, қазақ тілтануы тілдік құбылыстарды поэтикамен, фольклорлық мәтіннің көркем құрылымымен, тұтас туындымен байланыстырмай қарайтыны байқалады. Әрине, жекелеген еңбектерде тілтанушылар фольклорлық сөздің эстетикалық құндылығын аңдатарлық пікірлер білдірді (Е. Жұбанов, Р. Сыздық т.б.), десек те тілдік айғақтар тіркеліп, оған тек лингвистика шегінде ғана құрылымдық-семантикалық талдаулар ғана жасалған. Және бұл тілдік айғақтар өзінің контексінен жатсындырылып оңашаландырыла қаралды.

Қазақ филологиясы үшін фольклор тілін зерттейтін арнаулы пәннің керектігі сонда, фольклор сөзін халықтың көркем шығармаларының сипаты ретіндегі табиғатын ашумен ғана шектелмей, мұндай арнаулы сала ауызша көркем сөзді зерттеудің өзгеше бір біріктірмелі әдістері мен әдістануын іздеп табуға сеп болады деп санаймыз. Бұл негізінен, фольклортану мен тілтануды ықпалдастыру, басқа да ғылыми салалардың жетістіктерін жасампаздықпен пайдалану деген сөз.

Соңғы жылдарда лингвистикада бейнені суреттеу антропологиялық парадигма негізінде жүзеге аса бастады. Бұл бағыттағы зерттеушілердің бірі Ю.Д. Апресянның басты еңбегі «Тіл мәліметтері бойынша адам бейнесі: жүйелі сипаттау әрекеті» деп аталады. Мұнда автор адам бейнесін – адам санасындағы әлемнің қарапайым суреті арқылы түсіндіреді. Ю.Д. Апресян адам бейнесін қозғалғыштығына қарай 3 түрге бөледі: физикалық, ақылдық (интеллектілік) және тілдік. Адамға тән жағдайлар арасынан ол қабылдау, армандау, пікір, эмоцияны бөліп қарайды. «Әрбір қызмет түрі, жағдайдың әрбір типі, әрбір әрекет бір жүйеге бағынады. Бұл жүйе белгілі бір мүшеде орналасып, нақты әрекетті орындайды. Кейде сол бір мүше бірнеше жүйені қамтиды, ал бір жүйені бірнеше мүшелер қамтамасыз етеді [4, 40]. Ғалым адамның негізгі сегіз түрлі сипат белгісін қарастырады:

  1. физиологиялық жағдайы (аштық, шөл, ауру);
  2. физикалық қабылдауы (көру, есту, сезіну, иіс сезу, дәмді айыру);
  3. сыртқы және ішкі әрекеттерге физиологиялық жауап қайтаруы (тоңу, тітіркену, қызару, күю, жүрек соғысының жиілеуі т.б.);
  4. физикалық әрекеті және қызметі (жұмыс істеу, демалу, жүру, тұру, сурет салу т.б.);
  5. армандауы (бір нәрсені қалау, ұмтылу т.б.);
  6. ойлауы (елестету, интуиция, тұжырым жасау, білу, үйрену);
  7. эмоциясы (қорқу, қуану, жақсы көру, ашулану, үміттену т.б.);
  8. сөйлеу (хабарлау, уәде беру, сұрау, кеңес беру және т.б.).

Ю.Д. Апресян адамның жалпы схемасын ондағы процестермен байланыстырады. Автор адамның сегіз қызметтік белгісін бөліп көрсетумен қатар осы жүйелерді біріктіріп, адам бейнесін жасауға қатыстыларын бөліп көрсетеді. Ғалымның адам бейнесін лексиканың әртүрлі салаларын талдау арқылы жасауға тырысуы оң нәтижесін берді. Соның қорытындысы ретінде 1999 жылы «Синонимдердің түсіндірме сөздігі» жарық көрді.

Орыс филологиясында зерттеуші А.Т. Хроленко лингвофольклортануды сапалық деңгейге көтеріп, оның фольклорлық сөз семантикасы, фольклорлық лексикография, фольклорлық мәтіндегі идиолект, кроссмәдени лингвофольклортану сияқты салаларын дамытуға назар аударған [7, 20]. Қалай десек те, лингвофольклортанудың бір тірегі фольклортану болуға тиісті. Осы тұрғыдан келгенде, академик Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың еңбектеріндегі бірқатар тұжырым мен пайымдаулар қазақ лингвофольклортануына зор үлес болып қосылатыны даусыз.

Зерттеуші Ж. Жақып орыс тіл білімінде лингвофольклористикаға байланысты пікір айтқан А.Н. Веселовский, А.Т. Хорленко сияқты ғалымдардың тұжырымдарын саралай келе, мынадай қорытындыға келеді: «қазақ тілтанушылары фольклорлық шығармалардағы тілдік айғақтарды ендігі жерде бұрынғы әдетпен көркем әдебиет тілімен бірдей етіп қарастырмай фольклорлық контексте саралауға тиісті» [7, 22-23].

Фольклор туындыларынан автор іздемеу керек екені белгілі, десек те, мәтін деңгейінде таразыланатын авторлық модальділік санаты сипаттарының лингвофольклортануға қатысы бар екені байқалады. Бұл ойға С. Қасқабасов көрсеткен мына бір айғақ қозғау салатыны анық: «Тегінде, фольклордың өмірді бейнелеу принципі объективті емес, көп жағдайда субъекти вті және нормативті болады. Бірақ бір жанрда бұл екі принциптің біреуі ғана басты болады. Мысалы, эпоста субъективті принцип негізгі болып саналады. Алайда, мұнда субъективтілік объективті формада көрінеді. Мысалы, қаһармандық эпоста батырдың ерлік қимылы мен іс-әрекеті мадақтала жырланады, яғни жыршы ерлікті объективті түрде бейнелеген болып көрінеді, ал, шындығында, ол өз сезімін білдіре, өзінің ой елегінен өткізе бейнелейді және өзіне ұнаған іс-әрекетті мадақтай, дәріптей жырлайды. Сондықтан да эпос «дәріптеу поэзиясы» («идеальная поэзия») деп аталады. Сонымен қатар эпоста нормативті принцип те көрінеді: суреттелетін нақтылы батыр емес, батыр қандай болу керектігі көрсетіледі.

Жыршы болмысты, батырдың өмірін суреттегенде, оны белгілі бір схемаға, қалыпқа салады, сөйтіп кейіпкер бейнесін идеалды типтік сипатқа түсіреді, оның ешбір даралық қасиетін қалдырмайды, бейнеленіп отырған қоғамның түсінігіне, тыңдаушы пайымына сәйкес дәріптеп, мадақтайды» [2, 41] (сілтеме өзгеріссіз алынды) [7, 25].

Ғалым Ж. Жақып академик С.А. Қасқабасов еңбегіндегі ертегілерге қатысты фольклорлық формулалардың тілдік көріністеріне (тұрақты тіркесімдер – "айлық жерді алты аттап, жылдық жерді жеті аттап", тұрақты эпитеттер – "ай десе аузы бар", тұрақты қайталанып отыратын сөйлемдер – "атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді т.б. ") тоқталып, ертегі поэтикасын құрайтын көркемдеу құралдары мен тіл өрнегінің эстетикалық функциясы лингвофольклортанудың да қағидасы екенін алға тартады [7, 26].

Ғалым Г. Сыздықова «Эпостағы сан есімдердің функционалды-семантикалық сипаты» атты зерттеу мақаласында «Фольклор тілі – аса маңызды, құрылымы – аса күрделі. Фольклор мәтініне тән мұндай маңыздылық пен күрделілік мәтін құрамындағы сөз таптарының контекстегі қызметімен, қолданысымен және басқа да сөздермен тіркесіндегі мағынасымен тікелей байланысты.

Соның бірі – сан есімдер. Сан – логика, философия, психология, семиотика және лингвистика салаларының түйісу нүктесі, сондықтан санды белгілейтін сөздер, яғни сан есімдер осы аталған салалардың әрқайсысының зерттеу сипатына қарай логема, филосема, психологема, мифологема қызметінде жұмсалады. Сан ұғымын білдіретін сөздердің бұл ерекшеліктері оларды белгілейтін сан есімдердің атауында, мағынасы мен қолданысында айқындалады. Сан есімдердің мұндай ерекшеліктері лингвистикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ лингвофольклористикалық жағынан да аса өзекті» дейді [8, 415]. Ғалым эпостық мәтіндерде, атап айтсақ «Орақ батыр» мен «Едіге батыр» жырында кездесетін сан есімдердің функционалды-семантикалық сипатындағы ерекшеліктеріне тоқталады: эпикалық кеңістік (үш айналып), эпикалық уақыт (үш жыл, бір жеті, алты күн, жеті күн), эпикалық заттар (бес қару, қырық кез оқ, алпыс батпан шоқ, он екі тұтам оқ т.б.), эпикалық нысандар (тоқсан басты ақ орда, мұнарасы қырық құлаш, жетпіс құлаш құдық, тоқсан шіркеу көп қала), эпикалық көптік ұғымын сипаттайтын сан есімдер (бес ата, қырық нөкер, он таңбалы, қырық таңбалы), төменгі, ортаңғы және жоғарғы жақта тұратындарды сипаттаушы (адамдар, Құдай) сан есімдер [8, 416-418].

Зерттеуші Л. Еспекова «Батырлар жырындағы теңеудің танымдық кеңістігі» атты мақаласында батырлар жырында кездесетін теңеулердің стильдік ерекшеліктерін қарастырады. Зерттеуші «батырлар жырының көркемдік ерекшелігі ондағы образдар жүйесі арқылы, олардың экспрессивті-эмоционалды сипатымен танылатыны белгілі. Сондай бейнелеу құралдарының бірі – теңеу. Теңеуді батырлар жырының стильдік ерекшелігі ретінде атап көрсетуге болады. Жырдағы теңеулердің көпшілігі халықтың өмірімен және тұрмыстық заттарымен байланысты этно- тұрмыстық сипатта кездеседі. Батырлар жырындағы теңеулердің дені -дай, -дей, - тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалған. Онда қарапайым теңеулермен қатар көркем образды теңеулердің көп кездесуі әрі олардың құрылымдық жағынан күрделілігі байқалады [9, 84] дей келе, эпостық жырлардағы теңеулерді стильдік, функционалдық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай мынадай топтарға бөледі:

  1. Дәстүрлі теңеулер. Батырлар жыры ауызша тараған дүние болғандықтан, белгілі бір теңеулердің бірнеше жырда қатар кездесуі халық ауыз әдебиеті үшін қалыпты болып табылады. Мысалы: «Омырауын көрсең есіктей» жолдары «Алпамыс батыр», Қарасай-Қази жырында да кездеседі.
  2. Көркем образды түйдектелген немесе күрделенген теңеулер. Батырлар жырында образды түйдектелген теңеулер көбіне кейіпкердің бейнесін не оның тұлпарын суреттеуде жиі ұшырасады. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында Байшұбарды суреттегенде:

Омырауын көрсең есіктей,

Мойын еті бесіктей, Талдап өрген жібектей. Кекілі сұлу Байшұбар - Базардағы мақпалдай. Сымбатты сұлу жануар Ойға тіккен ордадай.

  1. Метафоралық теңеулер – батырлар жырындағы кейіпкердің бейнесін беруде айқын байқалады. Мысалы, «Күркіресем күндей борадым» (Қарасай, Қази), «Қарсыласқан дұшпанға, Найзағайдай жасынмын» (Қарасай, Қази).

Сондай-ақ ғалым батырлар жырындағы теңеулерді іштей үш семантикалық топқа бөліп қарастырады:

  1. Адам – зоонимдер. Мысалы, «Қозыдай менің егізім» (Алпамыс), «Аш күзендей бүгілді» (Алпамыс), «Аюдай арқыраған Орағым» (Қарасай, Қази), «Көк бүркіттей түйіліп, Лашын құстай шүйіліп (Тарғын) және т.б. Жалпы батырлар жырында адамды мынадай жануарларға теңеу көп ұшырасады: жорғадай, қозыдай, тай-құлындай, атандай, аш күзендей, қасқырдай, құлындай, ақ сұңқар құстай, аш бөрідей, жолбарыстай, бүркіттей, нардай, қойдай, аюдай, бұлбұлдай, аш қабыландай, аш қарсақтай, ор қояндай, қара өгіздей, лақтай, лашын құстай, қараша құстай, ортекедей, қарт қояндай, көк бүркіттей, қарт бурадай.
  2. Адам – табиғат құбылыстары не табиғат атаулары; «Көктен құйған тамшыдай» (Қобыланды), «Дариядай болып тасады» (Алпамыс), «Күркіресем күндей борадым» (Қарасай, Қази), «Омырауы даладай» (Тарғын) т.б.
  3. Адам – металл. «Қабырғам жездей қайысқан», «Мен болаттай сарт-сұрт сынармын», «Мыстай болып солыпты» [9, 85-86].

Ғалым Л. Еспекова «теңеу танымдық үрдістің нәтижесі. Халық қоршаған ортаның қыры мен сырын бақылап, содан танып білген, жинақтаған тәжірибесі тілде көрініс тапқан. Батырлар жырындағы теңеудің семантикалық топтары жоғарыда берілген үш топпен (зоонимдер, табиғат құбылыстары, географиялық атаулар) шектелмейді. Бұл жырлардағы теңеудің танымдық кеңістігінің шексіздігін көрсетеді» деп ой қорытады [9, 85-86].

Сонымен, жоғарыда айтылған ғалымдардың пікірін саралай келе, эпос – бүкіл әдеби тіліміздің қалыптасуына ұйытқы болған, халықтың тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан, болмысынан, тарихынан және мәдениетінен хабар беретін сөз өнерінің айрықша салаларының бірі. Ал лингвистикалық тұрғыдан алып қарасақ, фольклор тілі, оның ішінде эпос тілі құрылымдық жағынан күрделі болып келетін, әлі де зерттелуді қажет ететін айрықша категория. Батырлар жыры тілінің лингвистикалық зерттелуі М. Балақаев, Е. Жұбанов, Р. Сыздық, Ж. Жақып, Г. Сыздықова, Л. Еспекованың еңбектерінде кездеседі. Тілтануда эпостың тілін талдаған кезде мәтінмен тығыз байланыстыра отырып талдау оң нәтиже беретіні анық байқалады. Өйткені эпос тілінің алуан түрлі ерекшеліктері контексте көрініс тауып, сол арқылы анықталады. Бұл ретте эпостың негізгі көзі мәтін екенін, ал оның тілдік белгілері лингвистиканың еншісінде қаралатынын ескеруіміз шарт. Мәтін негізінде эпос тілінің зерттелуі болашақтың еншісіндегі маңызды мәселе.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. 581 б.
  2. Байтұрсынұлы А. Тіл-құрал. – Алматы: Сардар, 2009. – 348 б.
  3. Шәкенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. – Алматы: Қаз.мемлекеттік оқу-пед баспасы, 1961. – 79 б.
  4. Апресян Ю.Д. Образ человека по данным языка: попытка системного описания // Вопросы языкознания. – 1995. – №1. 37-67 с.
  5. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі – Казахский литературный язык. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 472 с.
  6. Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 400 б.
  7. Жақыпов Ж.А. Қазақ лингвофольклортануы бастауында (Академик С.А. Қасқабасов еңбектерінің негізінде) // Қасқабасовтың 75 жасқа толуына арналған Халықаралық фольклортанушылар конгресінің материалдары.– Астана, 2015. 22-28 б.
  8. Сыздықова Г.О. Эпостағы сан есімдердің функционалды-семантикалық сипаты // С.А. Қасқабасовтың 75 жасқа толуына арналған Халықаралық фольклортанушылар конгресінің материалдары. – Астана, 2015. 415-418 б.
  9. Еспекова Л.Ә. Батырлар жырындағы теңеудің танымдық кеңістігі // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы. – Астана, 2015. – №3. 84-88 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.