Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы ұлттық бірыңғай тесті есептерін тез орындау әдістері

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселе – оқушылардың өзіндік қабілттерін жетілдіріп, жеке тұлғаларды тәрбиелеу екендігі, сондықтан математика сабағында ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындау барысында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептер шешімін өз бетінше табуын жетілдіру болып табылатындығы айтылған.

Қазіргі кезде еліміздегі білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне ене бастағанда, біздер пән оқытушылары да, заман талабына сай педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерді қабылдай отырып, өз сабағымызда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануымыз керек. Дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін оқыту тәжірибесі көрсетіп отыр. Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа сай тәрбиелеу үшін XXI ғасырдың оқытушысы қандай болуы керек? Бұл – арнайы мамандандырылған, өз пәнін жетік меңгерген, оқушылардың кез-келген тосын сауалдарына жауап қайтара алатын ұстаз болуы шарт.

Қазіргі таңда ұстаздар алдында тұрған жауапты міндет жан-жақты дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу және сапалы білім беру. Осыған орай мектепте оқушыларға жеке пәндерден терең жүйелі білім беру қажеттілігіне айрықша мән берілуде.

Ол үшін оқытушы үнемі ізденісте болып, өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей оқытушының шеберлігіне байланысты болады. Инновациялық процесс – жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды. Инновациялық оқыту – білім берудің ерекше түрі. Математика пәні оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады.

Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, олардың білім алуының сапасын жақсарту мақсатында және шектеулі уақытты тиімді пайдалану үшін «Өзін-өзі жетілдіру» әдісін қолданған тиімдірек болады.

ҰБТ – оқушы өміріндегі аса маңызды, әрі жауапты кезең. Өйткені оның нәтижелері оның болашақтағы тағдырын шешуге әсер етеді, өзі таңдаған болашақтағы кәсіби мамандығына алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабына сай ұлттық бірыңғай тестке дайындау әр пән мұғалімінің басты міндеті болып отыр. ҰБТ-де математика негізгі пәндердің бірі екендігі баршаға мәлім. Сондықтан пән мұғалімдерінің мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыру.

Математика пәні бойынша тестілеуге дайындаудың ерекшелігі зор. Мұнда оқушылар дайындау барысында бүкіл математика курсын жүйелі қайталап, білімдегі олқылықты өз бетімен ізденіп оқып, толықтыруды іске асырады.

Қазақстан Республикасындағы басты мәселелердің бірі – жастарға білім беру. Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселе – оқушылардың өзіндік қабілеттерін жетілдіріп, жеке тұлғаларды тәрбиелеу. Математика сабағында тестілеуге дайындау барысында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептер шешімін өз бетінше табуын жетілдіру ұстаздардың басты міндеті.

Тапсырманы орындаудың тиімді тәсілін меңгерген оқушы тез арады дұрыс жауабын таба алады. Кешенді тестілеу технологиясы мынадай басты міндеттерді атқарады:

  • әр оқушының біліктілігі мен танымдылық деңгейін анықтайды,
  • оқушыларды жаңа нәтижелерге жетуге деген ұмтылысын арттырады,
  • өздігімен жұмыс істеу дағдыларына бағыттайды.

Өздігімен дайындыққа бағыттауда мынадай шаралар қолданылды.

  1. Ұлттық тестілеудің әр оқушының жақсы аттестат алуы мен жоғарғы оқу грантына ие болуындағы маңызы мен мәнін түсіндіру;
  2. Мектеп психологымен бірлесе отырып, әр оқушының психологиялық жағынан дайындау шараларын жүргізу;
  3. Ата-аналармен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаларының жан- жақты тыңғылықты білім алуы мен бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындығына жағдай жасап, көмек беріп қолдауын ұйымдастыру;
  4. Оқушылардың өз біліміндегі бұрын-соңды жіберген білім олқылықтарын толықтыру және іздену, мүмкіндігінше өздігінен толықтыруға баулу.
  5. Оқушыларға сыныптан тыс уақыттарында жеке және топтық дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, мүмкін болса дайындық орталықтарына баруына кеңес беру.

Оқушылардың дайындығында мынадай мәселелерге үзбей көңіл аудару қажет:

  • Орта және жоғарғы буындарда мән берілмейтін ауызша санауды үзбей қолдану ҰБТ-ның тапсырмаларының кейбір есептерін ауызша шығаруға мүмкіндік бере отырып, уақыт үнемдетеді.
  • 5-9 сыныптардың теориялық материалдарын 10-11 сыныптарда барлық курс бойы қайталау – ұмытылған ережелердің қолданбалылық маңызын түсінуге мүмкіндік береді.
  • Аз жазу арқылы тез шығару тәсілдерін іздеу және тапқан тәсілдерді меңгерту, сонымен жауап нұсқаларымен жұмыс істей білу. Бұл әсіресе талапкердің тапсырманы орындауға мүмкіндігі аз болған жағдайда логикалық ойлау көмегімен дұрыс шешімді жауаптарды іріктеу арқылы тауып алуына көмектеседі.
  • Оқушылардың математикалық формулаларды 100% есіне сақтатуды қамтамасыз ету керек, ол үшін жиі формулаларды есте қалу деңгейін тексеру сынақтарын алған дұрыс және сонымен қатар, ережелерді жеңіл есте сақтау тәсілдерін үйрету.

Дайындық кезінде қолданған тәсілдер:

  1. Диагностикалық жұмыстар;
  2. Деңгейлік топтар құру, олармен жұмыс жасау;
  3. Жеке жұмыс, жұппен жұмыс;
  4. Өзара көмек беру, нәтижені өздік тексеру;
  5. Деңгейлік топтардағы қозғалыстар;
  6. Сараптама мониторинг.

Осы мәселерді шешу үшін алдымен тестілік тапсырмаларда қамтылған негізгі тақырыптар бойынша әрбір оқушының білім деңгейін анықтау мақсатында тестілеу жүргізілді. Тестілеу кезенінде жеке тақырып бойынша берілген есептер титерінің түрлері ұсынылды. Осындай тексеру нәтижесінде біліктілік пен қатар білімсіздік айқындалады.

ҰБТ-нің математика пәні үшін тиімді де, тиімсіз де жағы бар. Жоғары білім беретін мектептердің түлектерін ҰБТ аттестациялау, оларды жоғарғы оқу орнына түсуге дайындау пән мұғалімдерін үлкен жауапкершілікке міндеттейді. Пәнді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға, ізденуге итермелейді.

ҰБТ кезінде мектеп бітірушілердің көпшілігінің басқа пәндерге қарағанда математика тесттерінен көп қиналатындықтары және осы себепті математикадан жоғары нәтижеге қол жеткізе алмай жататындығы бәрімізге де белгіді жағдай. Мұның себебі басқа пәнге қарағанда математика пәнінен тест тапсыру күрделі, себебі бұл жерде әрі теориялық, әрі практикалық біліктілікпен қоса шапшаңдық қажет. Оған көз жеткізу үшін тест жинағынан оқушы үшін қиын деп есептейтін кез келген бір тапсырманы таңдап алып, оны таза математикалық жолмен орындап көру, сонда ғана ҰБТ тапсыруда математика пәнінің күрделі де қиын екендігін көз жеткізуге болады. Бұдан аса маңызды қорытынды шығаруға болады: ҰБТ кезінде уақытты тиімді пайдалануға баса көңіл бөлу керек.

Әрине, тиянақты әрі терең математикалық біліммен қарулану, сондай -ақ белгілі бір екепті шешудің өзіңдік математикалық әдісі мен жолын білу ҰБТ-да математикадан жоғары нәтиже көрсетудің бірден-бір, аса қажетті шарты болып табылады. Ол талас тудырмайтын және әркімге де, математика мұғаліміне де мектеп бітірушіге, де ата-анаға да түсінікті жайт. Алайда оқушының есептерді шығарудың таза математикалық жолын ғана білуі жеткілікті емес. Кейбір тест есептерін орындаудың әркім біле бермейтін аса қарапайым және оңай әдістері, технологиялары бар. Сондықтан оқушының математикалық білімдерін тереңдету мәселесімен ғана шектеліп қалмай, оны осы технологияларды меңгеруге және оларды ҰБТ кезінде тиімді пайдалана білуге үйреткеніміз жөн деп ойлаймын. Сондықтан әртүрлі есептерді шешкенде тез есептеудің тиімді тәсілдерін оқушыларға үйретіп отыру керек.

Ол үшін тест жүйесінде математикадан есептерді және тапсырмаларды тез, жылдам есептеу қажет екендігі сөзсіз.

ҰБТ тапсырмаларын тез орындау үшін мынадай алгоритмді іске асыру тиіс.

  • Есептің берілгені мен шарттарын асықпай, мұқият оқып шығу (асыққан адам қателікке жиі ұрынады),
  • Тапсырманы орындауға қажетті анықтама, теорема қасиеттерді, формулаларды қарап шығу, анық байқалып тұрған қажетсіз жауапты сызып тастау (мысалы анықталу облысын қанағаттандырмайтын жауап),
  • Есеп шығарудың тиімді тәсілін ойластыру. Бұл орайда есептерді, теңдеулерді, теңсіздіктер, өрнекті ықшамдау, логикалық, геометриялық деп топтарға бөлуге болады. Теңдеу шешімінен гөрі көбінесе айнымалының мәнін орнына қойып тексерген жөн. Бірақ теңдеу күрделі болса, алдымен оны ықшамдап, мәндес теңдеумен алмастырған қолайлы. Теңсіздік шешкенде оны қанағаттандырмайтын сандар аймағын есепке алу (мысалы логарифмдік теңсіздіктерде т.б),

Алдымен оңай тапсырмаларды орындау уақыт үнемдеуге әсер етеді. Бұл жерде оқушының тиянақты, математикалық білімі мен аңғарымпаздығы басты рөл атқарады.

90

Математикадан ҰБТ тестілерін тез орындаудың дәстүрлі емес әдістерімен үнемі таныстырылып, шығарылып отырылса, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін уақытты үнемдеп, жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болады.

Оқушының өз күшіне деген сенімін арттырып, қанаттандырсақ олар өз бетімен жұмыс жасау әрекеттерін саналы түрде ұйымдастырады, яғни ҰБТ-ге өз бетімен дайындалу мотивациясы пайда болады.

Әдебиеттер тізімі

  1. «Математика және Физика» ғылыми әдістемелік журналы 2013, 2014 ж.
  2. Скопец А. Векторлар және оларға амалдар қолдану. А. 2013.
  3. Рустюмова И.П. Рустюмова С.Т. «Пособие по математике» I, II, III ч. А. 2011.
Тег: Оқыту
Жыл: 2016
Қала: Атырау
Категория: Педагогика