Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Математика - болашақтың тілі

Аңдатпа

Бұл мақалада оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту, олардың білімдерін игеру арқылы мүмкіндігін шыңдап, өз биігіне көтеретін, табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттері ашылған, өз бетімен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға болатыны туралы айтылған.

Нақты ғылымдардың бірі, болашақтың тілі – математика. Тіл адамзаттың балалық ойының туындысы. Табиғи тіл – ұлттық түске ие болады. Математика – жоғары дәрежеде дамыған абстракты ойынның туындысы, ол ұлттық түс алмайды. Математика адам ойында туындаған абстракты таңбалар жүйесі.

Математика – жүйеленген, орнықты, үнемі дамуда болатын және мазмұны ғасырлар бойы өзгеріске ұшырамаған, логикалық қатал, ой қорытудың жемісі, ешбір пікірді дәлелдеусіз қабылдамайтын ғылым.

«Адам баласының зерттеу, тектеу әрекеті ғылым бола алмайды. Бұл әрекет математиканың бейнелеу формасы (тәсілі) арқылы және математикалық дәлелдеуден өтіп өзіне жол ашқанда ғана ғылым болады.» деген әйгілі суретші Леонардо да Винчи. Математикалық тіл – дүниедегі математика және ғылымдар әлемінің ортақ қолданысы.

Әлемдік жаһандану үрдісінде бейнелеуге қолайлы болу үшін жалаң табиғи тілді қолдану тиімсіз болғандықтан, таңбалық тіл – математикалық таңба арқылы сандарды, шаманы, суретті, сөз-сөйлемдерді, әдісті, заңдылықты, байланысты, идеяны және т.б. ұғымдарды өрнектейді. Математика - таңбалық тіл – кең көлемде және тез орындалатын тіл. Математика – ой-өрісінің дамуы, сандық тәуелділіктер мен кеңістік формаларды ой қорыту тәсілі, заттардың сандық шамасын анықтау, суреттеу, талдау, жобалау теориясы. Ой қорыту болмаса, математика және оның дамуы да болмас еді. Математикадағы ой қорытудың беріктілігіне және жалпылығына басқа ғылымдар теңесе алмайды. Ой қорытудың беріктілігі – оның қолданбалылығында.

Математикалық идея – ғылыми идеяның басты құрамдас бөлігі. Ғылыми және ақылдылық, шынайылық пен қарапайымдылық, ақиқат пен жаңашылдыққа талпындырады. Мәселелердің ықшам шешімдерін іздестіреді.

Математика ғылымы туралы айтылған ұлы ғұлама ғалымдардың сөздері

«Математикалық ғылымдардың бірі қолданылмаған және математикамен еш байланысы жоқ ғылымдарға ешбір сенім жоқ» деген Леонардо да Винчи.

«Барлығын өлшеуге үйрететін ғылым – математика» деп атап көрсеткен орыс математигі Н. Муравьев.

«Математика барлық мақсаттарға жеткізуге қабілетті» деп атап көрсеткен американдық математик Морж Клайн.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің деңгейіне көтеру қажеттігін, оқыту нәтижесінде ақпаратты оқушылар өздері тауып, талдау жасай алатындай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – дербес тұлға қалыптастыруды міндеттеді. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетсе, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілігін байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» делінген.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, ақпараттық қоғам, техникалық мәдениет дәуірі, айналамыздағы дүниеге адамгершілік және адамдардың денсаулығына, «кәсіби» мәдениеттілігіне зер салатын дәуір. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда ақпарат ағымымен қалыспауда, ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану ерекшеліктері көз алдымызда өтуде.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланыстырып, әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткеніндей, ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

  • компьютерлік техника, интернет, компьютерлік желі, электрондық, телекоммунициялық құралдар, интерактифті құралдар т.б оқу үрдісінде тиімді пайдалану,
  • жаңалыққа талпыну – үздіксіз өріс ашып жүректілікпен жаңалық ашу. Ал, жаңалық ашу – математиканың жаны.

Қазіргі кезеңдегі техника мен технологияның теориялық негізі – математика болып отыр. Қазақстан Республикасының қарқынды даму кезеңінде математика шешуші рөл атқаруда, ал ақпараттық технологиялар білім беру үрдісінде қабілеттілікті дамытып, педагогикалық шеберліктерін күшейтуге мүмкіндіктер беруде.

Елбасымыз «Нанотехнологиялық ізденістерді дамыту керек» деген пікірі жүзеге асуда. Наноэлектроника тұрмыста, өндіріс пен шаруашылықта, есептеу және радиотехникасында, телекоммуникацияда жүзеге асса, физикалық электроника, радиофизика, радио-электрокоммуникацияда, микро-нанотехнологияда, биотехнологияда және т.б ғылыми зерттеулерде қолданылады.

Информация аз уақыт ішінде шығару, өңдеу, қабылдау мәселелерін шешсе, нано-масштаб (өте шұғыл, тез) заңдылықтарды меңгеріп, (банктің қауіпсіздігі, жер серігімен байланыс, зіл-заланың алдын алу, су тасқынына тосқауыл) және т.б кезек күттірмейтін өткір мәселелерді шұғыл шешуге септігін тигізеді. Синергетика - грек тілінен аударғанда бірлескен әрекет энергиясы, синергия - бірлескен әрекет. Әлеуметтік салада синергетика қоғамның негізі ретінде адам өмірінің барлық саласындағы биотехнология, кардиограмма, томмография, ауыл шаруашылығында және т.б. бірлесе еңбек ету түрінде қарастырылады. Микро-нанотехнология - сезімталдығы өте жоғары микроскоптардың іске асуы (жете және жедел тексеру) медицинада ауруды анықтау мен құқық қорғауда қылмыскерді әшкерелеу. Энергетика - күн сәулесінен энергия алу (жел, қоқысты өңдеу арқылы және т.б). Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген.

Математика дүниедегі барлық құбылыстарды модельдеу үшін керек. Германия математигі Хилберт «Математика ғылымының дамуындағы ерекшелік - оның тамырының тереңге жайылуында» дегендей, елордамыз Астана қаласының ғимараттарының архитектурасы да математиканың тілімен тығыз байланысты. «Бәйтерек», «Қазақ елі» монументі (симметрия), «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Хан шатыры» және сфера түрінде жобаланған «Астана ЭКСПО-2017» кешеніндегі сәулетті де сәнді ғимараттар моделі геометриялық фигураларға негізделген.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың қарыштап даму барысында, «Мәңгілік ел-2050» стратегиясы аясында Еуразия жүрегі - Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрме өткізу мәртебесіне ие болуы - Қазақ елін бүкіл әлемге танытпақшы.

Бүгінгі таңдағы Қазақсатанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген мүдделігі - әлем таныған, дамыған 30 елдің қатарына ену міндеттілігінен туындап отыр. Өйткені, ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейтуде. Техникалық прогресс керемет жылдамдықпен алға жылжуда, неғұрлым жетілдірілген және неғұрлым тиімді техника пайда болуда. Қазақстан мектептері мен оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, бәсекелестік тудыру.

Атап айтқанда, ақпарат көздерінен біліп жүргеніміздей, Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім беру жүйесі стандарты мен көрші Ресей елінің В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің білім беру стандарты бәсекелес деп айтылуда. Педагогтарды қайта даярлаудан өткізу, озық елдердің - Сингапур, Гонконг, Қытай, Ұлыбритания, Жапония т.б оқыту технологияларын басшылыққа алу және тәжірибеде қолдану жедел жүргізілуде. І, ІІ, ІІІ деңгейлік бағдарламалық курстардан өту, мысалы, Жапонияның (1970 жылдардан) LESSON STUDY әдісімен оқыту қазіргі таңда Қазақстан мектептері мен оқу ошақтарында орын алуда.

Елбасының «Қазақстан-2050» Жолдауы аясында Назарбаев университеті моделі негізінде үш ғылыми мектепке топтастырылған, оның бірі және бірегейі жаратылыстану және математика ғылыми мектебі. Осы мамандық бойынша жаңа заманауи орталықтары ашылған. Бұл дегеніміз - математиканың өміршеңдігін көрсетеді. Адамзат болғалы математикалық білім үзілмек емес. Ол заман ағымына қарай қарыштап дами бермек. Бір сөзбен айтқанда, ақпараттық коммуникациялық технология тілі - символдық математика тілі. Бұл болашақтың тілі

Қортындылай келе, оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамытуда, олардың білімдерін игеру арқылы мүмкіндігін шыңдап, өз биігіне көтеретін, табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттері ашылған, өз бетімен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Әр саладағы мамандық иелерімен сұхбаттасу сәтінде елбасымыз Н. Назарбаев «Математика – болашақтың тілі» деп нақты ғылым екендігін атап көрсеткендей, ақпараттық коммуникациялық технологияның қарқын алып дамып тұрған заманда, әрине болашақты математикасыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да, қоғам өміріндегі нақты ғылым – математика.

Әдебиеттер тізімі

  1. Гернек Ф. Альберт Энштейн. Издательство «Мир». Москва 1979.
  2. Альфред Реньи «Диалоги о Математике». Издательство «Мир». Москва, 1969.
  3. Белькинд. Л.Д. Андре – Мари Ампер. Издательство «Наука». Москва, 1968.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.