Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тереңдетіп оқыту - математикадан білім сапасын арттырудың тиімді жолы

Аңдатпа

Бұл мақалада орта мектептерде тереңдетіп оқытатын сыныптардың жабылу мәселесі, ауыл мектептерінде тереңдетілген сыныптардың жоқтығы және де ауыл мектептерінде оқушылардың кәсіби білім алу проблемалары қарастырылып, білікті ұстаздар даярлауға ұсыныстар берілген.

Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы – оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Заманның даму барысы бұрын болып көрмегендей қарқын алып, алға қарай қарышты қадам жасауда. Соған сай қоғам өмірінің барлық салалары бойынша өмірге келер жаңалықтар кезек күттірмейтін дүниеге есігін ашып, өздерінің талаптарын қойса, экономикалық түбірлі өзгерістер Қазақстан ғылымы алдына аса зор ауқымды міндеттер қойып отырғаны белгілі.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, ойлау қабілетінің жоғары, шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Болашақ ұрпаққа білім берудің іргетасы, ұлттық ғылым мен мәдениет бастауы – ауыл мектептері болғандықтан үздіксіз білім беру жүйесінің дамып жетілуі де сол ауыл мектебіне байланысты. Бүгінгі таңдағы ауыл мектептерінің хал-ахуалы, тұрмыс жайы, білім беру деңгейінің жоғары талапқа сай келмейтіндігі бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөз беттерінде жиі айтылып та, жазылып та жүргені белгілі. Ауыл мектебінің білім беру деңгейінің төмендігі не себепті?

Олимпиадалардан орын алуда, ұлттық біріңғай тестіде төмен көрсеткіштер, әсіресе математика пәні бойынша сапаның төмендігі. Енді сол ауыл мектебінің кейбір проблемаларына тоқталсақ:

  1. ауыл мектебіне бөлінетін қаржының аздығы, оқу материалдық базасы талапқа сай емес болып келетіндігі;
  2. ауыл мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайы;
  3. оқушылардың әлеуметтік жағдайы;
  4. мамандардың білім дәрежесінің төмендігі;
  5. дарынды балаларға арналған мектептермен сыныптардың жоқтығы.

«Математика – адамдардың табиғатпен техникамен қарым-қатынас құралы» дегендей, математика ғылымы барлық ғылымдардың мұрындығы десек артық болмайды, себебі оның практикалық қолданылымы орасан зор. Күнделікті тіршілігіміз, табиғат заңдарын ашып, оны адам игілігіне жарату, еліміздің экономикасын және әлеуметтік зерттеулердің бәрі де математикалық ойлаусыз іске аспайды. Сондықтан математика табиғаттану ғылымдарының негізі, және математикасыз бірде-біреуін терең меңгеруге болмайды.

Лобачевскийдің «Егер математикалық дәлелдеуден өтпесе, онда кез-келген зерттеу жұмысының нәтижесін ақиқат деуге болмайды», - деп бұдан 150 жыл бұрын айтқан тұжырымдамасынан оның маңыздылығын көруге болады.

Математика жетістіктерін барлық салада пайдалану – компьютерлік сауаттылықтың қазіргі заманның басты талабына айналуы, талапкерлердің білімін сынаудағы тест жүйесінде барлық оқу бөлімдеріне математиканың енгізілуі соның айғағы.

Сондықтан оқушылардың, әсіресе, ауыл мектебіндегі оқушылардың математикалық білімін жоғары деңгейде оқыту, яғни тереңдету әр ұстаздың алдындағы міндеті.

«Ауыл мектебі дегеніміз – ол қазақ мектебі, дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің кәусар бұлағы» - демекші, ауыл мектебінде небір қабілетті, дарынды, алғыр балалар баршылық. Спорт, өнер және басқа да салаларда әлемдік деңгейде көптеген саңлақтарын шығарған дарынды елдің ұл-қыздарының математикалық сайыста жұлдыздарының жанбауы не себепті?

Математикадан жыл сайын өткізілетін олимпиадаларда ауыл мектебінің түлектерінің көзге түспеуі, жоғарғы оқу орнынан сүрініп жатуы, қазіргі кездегі математикадан алынған тест балдарының көрсеткішінің төмен болуы көп жылдар ойландырған, ойландырып жатқан мәселе болуда.

Математиканы оқытуда оқушылардың математикалық қабілетін және оны дамыту мәселесінің ролінің ерекшелігіне байланысты мына жағдайларды ескеру қажет:

  1. Математика сабақтарында сыныпта 10-12 оқушыдан аспауы тиіс.
  2. Сапалы оқулықсыз, әдістемелік құралсыз, сыныптан тыс жұмыстарға арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттерсіз жоғары деңгейдегі нәтижеге жету мүмкін емес.
  3. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек
  4. Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, білімін тереңдетіп, оларды бұл ғылымның сырын ашу шығармашылығына икемдейтіндей маман болуы қажет.
  5. Белгілі бір пәндерге өзіндік ынта-ықыласы жоғары балалар кез-келген жалпы білім беретін мектептерде кездеседі, бірақ олардың зеректігі уақыт өте келе жалпылама білім шеңберінде қалып қоятыны табиғи жай, өйткені оқу бағдарламасында тереңдетіп оқыту мәселесі қарастырылмаған. Сондықтан аудан орталығында қабілетті балалар мектебін ашу өте керек.
  6. Оқушылардың бәрі де жақсы оқығысы келеді, бірақ олардың ақыл-ой қабілеті, бағдарламадағы материалды ұғуы бірдей емес, сондықтан оқушыларды білімге жеткізу үшін өз мүмкіндіктеріне, бейіміне қарай оқытудың, үйретудің маңызы зор.
  7. Жоғарыда айтылған мәселелерді іске асыруда мектеп басшыларының жұмысты ұйымдастыра білу қабілеті жоғары болып, оқушылардың білімін тереңдету жағдайларына қолдау көрсетуі керек.
  8. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында 7-9 сыныптарда математиканы оқытуға апталық жүктемелері 5 сағаттан бөлінген. (оның өзі 2013 жылдан бері) Ал қалалардағы әдейі математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде әлде қайда көп сағат бөлінген, ал ол оқушылардың барлығы бірдей ұлттық біріңғай тестіге қатысады да, ондай мектептері жоқ ауыл мектебінің сапасы әрине төмен болады.
  9. Қазіргі кезеңде оқытудың жаңа тәсілдері арқылы оқушы өз бетінше білімін жетілдіру арқылы нәтижелерге қол жеткізуде, ал математиканы тәжірибелі мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше толық меңгеруі мүмкін емес, меңгеруі үшін өтілген материалдарға сай жеткілікті дәрежеде есептеу техникасын қалыптастыруы қажет.
  10. Жалпы білім беру бағдарламасы 9-сыныппен толық аяқталып, 10-11 сыныптарда мамандық беру бағытында (жаратылыстану және гуманитарлық) оқытылып, жоғарғы оқу орындарында математика пәні мамандығына өз дәрежесінде дайындауға жете көңіл бөлінсе.

Ауыл мектебінің оқушыларының математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін тереңдету, практикалық есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру, сол бағытта мамандықтар алуы мақсатында көп жылдық іс-тәжірибемде көптеген жұмыстар жүргізілді. Сол жүргізілген жұмыстардың барысында оқушылардың математикалық білімін тереңдетіп оқытудың маңызы зор екендігін біліп, әдістемелік жағдайларына тоқталсақ:

  1. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда, бағдарламалық материалды одан әрі тереңдетуде, қиындығы мол есептер шығаруда, кәсіптік бағдар беруде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың математикалық үйірме, викториналар, конкурстар, олимпиадалар, кештер, баяндамалар мен шығармалар жазу, қабырға газеттерін шығару сияқты түрлері көп.
  2. Сыныптан тыс жұмыстарды теориялық және практикалық бағытта жүргізу керек, олардың бір-бірімен байланыстылығын, сабақтастығын нығайту барысында төмендегі нәтижеге қол жеткізуге болады:
  • оқушылардың математикаға қызығушылығы артады
  • бағдарламадағы қамтылған материалды тереңірек және кеңірек оқиды
  • оқушылардың математикалық қаблеттері және іздену дағдылары артады, ойлары тереңдейді
  • ғылыми көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білуге үйренеді
  • математикадан алған білімін ғылым мен техникада, өмірде пайдалана біледі
  1. Факультативтік сабақ математикаға ынталы, пәнге ықыласы мол, өзінің математикалық мәдениетін көтеруге, білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге ынталы оқушыларға арналған. Факультативтік сабақтарға арнайы сағаттар бөлінген, 8-сыныптан бастап (қазір төменгі сыныптан бастап) белгілі бір бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі, оның арнайы әр сыныпқа арналған оқулықтары бар. Ауыл мектептерінде факультативтік сабаққа арналған оқулықтар, оқу- әдістемелік құралдар аз, бағдарламалары жоқ болып келді, ал қазіргі таңда мұғалім интернет желісі арқылы тауып алып, оны басшылыққа алып, барлық жағдайды ескере отырып бағдарламалық материалды өзі құрауға болады.

Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде 1999 жылы «Емтихан есептерін шығару жолдары» атты, 2005 жылы «Есептер жинағы» деген кітапшам жарық көріп аудан мұғалімдеріне таратылды. 2000 жылдан бері біршама материалдар ғылыми- әдістемелік журналдарға шықты.

Тереңдетілген сынып бағдарламасы жалпы білім беретін сыныпқа арналған бағдарламасынан құрылымдық өзгерісі күрделі, жай деңгейдегі тақырыптарды тереңірек және ауқымдырақ қамтыған, көптеген қосымша тақырыптар енгізілген.

Соңғы жылдарды жалпы білім беретін орта мектептерде тереңдетіп оқытатын сыныптарды жауып тастауы дұрыс емес, ауыл мектептерінде ондай сыныптар ашуға мүмкіндіктер болса, оқытатын білікті ұстаздар болса оқушылар табылады деп ойлаймын.

Математикалық сыныптарда жай сыныппен салыстырғанда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар:

  1. математиканы оқыту үшін көптеген қосымша әдебиеттер және математикалық журналдар пайдаланылады;
  2. оқыту әдістері мен бақылау әр түрлі жолдармен тексеріледі, сынақтар көп алынады, практикалық есептер көп шығарылады;
  3. оқу жылының соңында оқушылардан сыныптан сыныпқа көшу үшін ауызша, жазбаша емтихан жұмыстары алынады;
  4. математикалық сыныптардағы жазбаша жұмыстарының мазмұны жай сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі болады;
  5. математиканың қолданбалылығына байланысты әр түрлі тақырыптарда семинарлар, конференциялар, арнайы сабақтар көп жүргізіледі;
  6. олимпиадаға, ғылыми қоғам жұмыстарына, әр түрлі байқауларға жиі қатысып отырады.

Жалпы өз тұжырымдамам бойынша ауылымызда оқушылардың математикалық білімін көтеруде мүмкіндігінше математикадан тереңдетілген мектептер (сыныптар) ашудың, немесе аудан орталығынан дарынды оқушыларға арналған мектеп ашудың маңызы зор екендігін айтқым келеді.

Жалпы білім беру ісін зерттеу бір сәтке тоқтап көрген емес. Жаңа ғасырдың жасаушыларын білімді, қабілетті, дербес, адамзатқа тән асыл өнер мен имандылықты бойына жиған жеке тұлғалар болып қалыптастыру – білім беру жүйесінің зор мақсаты. Білім саласындағы реформаның жаңару мен жаңғырудың куәсі болып қана қоймай, қолдаушысы да, сынаушысы да, белсенді жауынгері болу ұстаз қауымының парызы. Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпаған жөн.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақ мектебі: бүгінгі жайы және даму болашағы. А. 2002.
  2. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. „Білім“. А. 2011.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.