Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Математиканы оқытудағы инновациялық технология

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім берілуін қарастырылғандығы айтылған. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістер мен тәсілдерді жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылатындығы айтылған.

КІРІСПЕ

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлегіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәденинетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбилеу ұстазға сеніп тапсырылған. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап – оның сапасын арттыру.

Орта білім берудің мақсаты – жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыратын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен жауапты дұрыс шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру (Қазақстан Республикасы 2015 жылына дейін білімді дамыту тұжырымдамасы).

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика.

Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу – бүгінгі ұстаздардың жауапты істері болуы керек. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдында мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологиялардың үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ал оларды даярлау үшін қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын пайдалану керек.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсаты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларың дамуына негізін салу болып табылады. Шығармашылық – негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып, олармен дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет.

  1. Оқушылардың өз бетінше ойлай білу, есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір әдісі. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуге үйренуі пәнге қызығушылығын арттыру басты мақсат.
  2. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.
  3. Ал қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Олар: сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар, математикалық сайыстар, эстафеталар, жарыстар, олимпиадалар, тіпті жақсы дайындықпен өткізген күнделікті сабақтар. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді.

Орта білім белсенді, білімді және табыстарға бағдарланған тұлғаларды тәрбиелеуге жауап береді. Оқушылар «ешқашан бастауды тоқтатпа, ешқашан тоқтауды бастама» деген ақиқаттан адаспауы тиіс деп атап көрсетті.

Осы тұрғыда математика пәні жан-жақты дамыған, білімді және тәрбиелі жас жеткіншектер дайындауда жалпы білім беретін мектептер алдында тұрған жалпы міндеттерді орындауға үлкен үлес қосуға міндетті.

Мектепте математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттері білім беру процесіндегі оқытудың негізгі міндеті – оқушылардың білім жүйесін және ойлау қабілетін кең түрде дамыту, математиканың қолданылуын қамтамасыз ету. Математиканың мектеп курсындағы мәні оның көп қырлығында, яғни негізгі объектілері нақты өмірге негізделгенде.

Ғылым мен техниканың жетістіктерін өмірге пайдалана білу үшін де қазіргі компьютерлік технологияларды меңгеру үшін, нарықтық экономикаға байланысты қатынастарды игеру үшін, қалыптасқан экологиялық жағдайларды зерттеу үшін де математика ауадай қажет. Математиканың көмегімен қоғамдағы және табиғаттағы өзгерістерді модельдер арқылы түрлі есептеулер жүргізілді.

Осы талаптарға оң жауап алуда математика сабағында қолданбалы өміршең, өндірістік-техникалық мазмұнды есептер шығару өте маңызды орынға ие. Өндірістік- техникалық мазмұнда қолданбалы есептер математикалық білімнің мүмкіндіктерінен құралады, оларды таңдап алуда қажет кейбір жалпы принциптерді атап өтейік:

  1. Мектепте оқып үйрену үшін пайдаланылатын өндірістік мазмұнды жаттығулар бағдарлама бойынша өтілетін математикалық материалмен тығыз байланыста болуы тиіс.
  2. Оқушылардың білімін арттыруда өндірістік фактілердің мазмұнының көп салалығы ескерілуі қажет.
  3. Практикалық жағдай нақты жағдайға және осы күнгі жаңа серпінді өндірістің ерекшеліктеріне сай, оны дұрыс бейнелейтіндей болуы қажет.
  4. Сабақта пайдаланылатын практикалық материалдарда ескірген, үнемсіз тәсілдер мен практикада шындығында жүргізілмейтін операциялар насихатталмауы қажет.
  5. Өмірде алынған мәліметтер, оған сәйкес есептің практикалық мазмұны оқушыларды қызықтыратындай болуы қажет.
  6. Практикалық мазмұнды есептердің тәрбиелік мәні болуға тиіс.
  7. Есептерде пайдаланылатын практикалық материал тек белгілі бір мамандықты ғана емес, негізінен жалпы өзгешеліктерді сипаттайтындай болуы қажет.
  8. Есептің мазмұнындағы келтірілген оқиға белгілі бір мақсатты көздеуі шарт. Практикалық мазмұнды есептерді шығарғанда оқушылар қосымша білім алатын, олар өздері белгілі бір қортындыға келетін болуы тиіс. Бұл үшін проблемалық оқиғалар тудырып отыру қажет.

Математиканы мектепте оқытудың басты мақсаты – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті өмірі мен еңбек қызметіне қажетті аралас пәндерді үйрету мен білім беруді жалғастыруға жеткілікті жүйелі математикалық білімді меңгерген, икемді, саналы жеке зерделі оқушыны қамтамасыз ету. Жаңа техника мен технологияны меңгеріп, басқару үшін алып шығатын жалпы дайындық құрамына сапалы математикалық білім қажет. Математикалық дайындықтың сапалық деңгейіне математиканың қоршаған ортамен, жаңа өндіріспен байланыстыра оқыту арқылы жетуге болады. Бұл байланыстардың мүмкіншілігі төменгі жағдайлардан туындайды:

  1. Мектеп математикасында оқытылған көптеген математикалық заңдылықтардың кәсіпорындарда, технологияларда, жаңа өндірістегі экономикада, белгілі өндірістік процестерде кеңінен қолданылуы;
  2. Мектеп математикасының бағдарламасы қамтитын математикалық білім мен біліктіліктің өндірістік еңбектерде тікелей қолданылуы;
  3. Бүгінгі таңдағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің математикалық білімсіз іске асырылмауы.

Бұл байланыстарды мектепте математиканы оқытудың барлық кезеңдерінде үзбей іске асыруға болады.

Есептерді құрастыру және тақырыпқа сай іріктеу барысында мына талаптарға жауап беруін ескеруіміз қажет:

  1. танымдық мақсаты және оның оқушыларды тәрбиелеуге ықпалы;
  2. оқушыларға есеп мазмұнындағы математикалық емес материалдардың түсініктілігі;
  3. есептің шартындағы жағдайлардың, сандық көрсеткіштердің, сұрақтың қойылуы және табылған шешімнің ақиқаттығы.

Оқушылардың математикалық білімін бекіту, тереңдету мақсатында математикалық емес мазмұндағы есептерді қолдану формалары да әртүрлі болады.

Әдетте, қолдану формасына қарай оларды мына түрлерге бөліп жүрміз:

  1. өтілген математикалық материалды меңгеру бағытталған;
  2. математиканың өндірістік қызметте қолданылуын айқындайтын;
  3. шешу әдістері мен қорытындысы практикада қолданыс табатын.

Ал, біз өз тарапымыздан қосымша тағы бір қолданысын айқындап төртке бөлеміз:

  1. жаңа математикалық білімнің қажеттілігін мойындататын;
  2. өтілген математикалық материалды меңгеруге бағытталған;
  3. математиканың өндірістік қызметте қолданылуын айқындайтын;
  4. шешу әдістері мен қорытындысы практикада қолданыс табатын.

Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған тиімді. Олар: деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және т.б.

Оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезеңде – мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен таныстырады. Белгілі ғалымдардың тарихынан мәліметтер жинақтату, сонымен бірге әр түрлі тарихи есептер, ертегі есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептер және әзіл есептер шығарту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек. Оқушының әр қадамын көңіл бөліп мадақтап, қадағалап отырған дұрыс. Есептердің шығарылу жолына нұсқау беріп, өз бетімен орындауға мүмкіндік беру.

Екінші кезеңде – мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп, талқылап, есеп шығару кезінде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана білуге үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен орындалуын талап етеді. Әр түрлі қиындықтардағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, оқу құралдарын, қосымша анықтамалық материалдарды пайдалану қажет.

Үшінші кезеңде – мұғалім оқушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушы өз жұмысына талдау жасап, кеткен кемшіліктерін талдап, өзінің нені жетік білмейтіне көз жеткізеді. Алдағы істейтін, оқып-үйренетін материалдарын жоспарлайды, ізденеді.

Төртінші кезеңде – оқушының шығармашылық ізденістерінің нәтижесі көрінеді. Математикалық ережелерді, заңдылықтарды, теоремаларды дәлелдеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін тауып, есептерді шешуге тиімдісін пайдаланады. Оқушыны белгілі бір тақырыптарға ой толғап, суреттеп, еске түсіріп, болжап, жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға ынталанады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Математика пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты арнайы педогикалық әдістер мен тәсілдерді жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Математика пәнін игерудегі оқушы қызметі:

математикалық формулалар мен ережелерді жатқа білу;

  • күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыру;
  • өтілген тақырыптарды қайталау.

Математика пәні мұғалімнің негізгі қызметі:

  • тез, ұтымды есептеулерге жаттықтыру;
  • теориялық ілімдерді меңгертуді практикалық әдіс-тәсілмен ұштастыра білу;
  • оқушы білімін үнемі тексеріп, қадағалап отыру;
  • оқушы дәптерін назарда ұстау;
  • жаңа технологияларды пайдалана отырып, интерактивті тақта арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беру.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені белгілі:

  • оқушыға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру,
  • оқушыларға топтасып есеп шығаруға жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату, іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты «дайын білімді» қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан, оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту - балалардың білімді өздігінен оқып-үйренуіне, есеп шығаруына бағытталуы керек.

Математиканы тиімді оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегі іскерліктерін практикада қолдануды көздейді, олар:

  • формулалар мен ережелерді есте сақтау (аса көп күшті қажет етпейді);
  • олардың мәні мен маңызын түсіндіру;
  • шыққан есептің нәтижелерін дағдылы және жаңа жағдайларды қолдану;
  • анализ (нәтижеге бірнеше есеп шығару жолымен жету);
  • синтез (нәтижелерді топтастыру);
  • бағалау (есептің мазмұны мен сапасы туралы пікір бөлісу);

Осы жұмыстардың нәтижесінде төмендегідей ұсыныстар белгіленді:

  • оқулықтар қайтадан жазылуы керек, ол оқулықтарды тәжірбиесі бар, мектеп мұғалімдері жазса,
  • тереңдетіліп оқытылатын пәндерді есепке алмай, бірыңғай математикалық бағдарлама жасақтау;
  • сағат санын ретке келтірілуі;
  • оқушылардың жеке қабілеттерін жан-жақты есепке алу;
  • химия, физика, информатика, биология пәндерімен интегралды сабақтастық қалыптастыру;
  • оқытудың ір кезеңінде оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын қалыптастырып, дамытып отыру;
  • оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге баулу;
  • сыныптағы бала санын 25-тен 20 ға азайту немесе математика пәнін екі топқа бөліп оқыту;
  • есептеуіш құралдарды пайдаландырмау;
  • математика пәнін оқытылуын бастауыш сыныптан қолға алу керек.

«Білім негізі-бастауышта» қаланатынын әр уақытта жадымызда ұстау қажет.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. «Математика және физика» журналы 2012. №1.
  2. «Математика және физика» журналы 2008. №4.
  3. «Математика» журналы 2006. №3.
  4. «Алгорифм» журналы 2007. №4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.