Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сатылай кешенді талдау технологиясымен математика пәнін оқыту

Аңдатпа

Математика пәнін сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша оқыту нәтижесінде оқушылар ғылыми тілде сөйлеуге жаттығады, болжаммен сөйлеуден құтқарады, дәлдікке, нақтылыққа, реттілікке, жүйелі ойлау мен сөйлеуге үйренеді, ізденуге мәжбүрлік туады, оқу дағдысы қалыптасатындығы айтылған.

Педагогикалық технологиядағы басты мәселебіріншіден, оқушының оқу танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұны, екіншіден, технологияландырудың түбегейлі проблемасы ретінде мақсат құру әдіснамасы алынады да, ал мақсат кез- келген технологияны көру процесін басқарудың негізі болып табылады. Педагогикалық технологияның басты мәні алға қойған мақсатқа толықтай жету болса, осыдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады [4.21бет].

Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы дегеніміз – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын және т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі [3.5 бет] .

Бұл технологияны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының төл ғалымдарының оқытулары, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады. ОСКТТ-ның теориялық негізін А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Шонанов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамаларын басшылыққа алып, ағартушылық негізін – Ыбырай, Абай, Шоқан т.б. ағартушылардың педагогикалық ұстанымдарын технология авторы ұлттық құндылыққа негізделген әдіс-тәсілдер енгізіп, бастауыш сыныптардан бастап төменгідей пәндерге енгізудің жолдарын көрсетті, олар: қазақ тілі, ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, география, биология, физика, химия, информатика [6.3бет] .

Технологияның ерекшелігі мынада:

  • оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі;
  • табиғилығы;
  • дағдыға басым бағыт беруі;
  • білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
  • оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
  • оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
  • оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейде кем емес білім алуға еріктілігі;
  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

ОСКТТ-ның 2-ші деңгейінен бастап мұғалім тек бағыт-бағдар беруші субъектілік қызмет атқарады. Жалпы білім беру жүйесіндегі пәндерге ОСКТТ-ны енгізудің мақсаты – математика пәнінен оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге машықтандыратын, білімді тек қана белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттердің үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі.

Мұғалім оқушыларға мәселе қояды, ойлаудың жолдарын үйретеді, оқып- үйрену барысында өз бетінше жұмыс жасау әрекетіне бағыт-бағдар береді, сондықтан оқушы белсенді субъектіге айналады. Оқушылар өзара заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорытып, бірлескен ұжымдық әрекет жасайды. Олар өзін-өзі, бірін-бірі бақылау, бағалау, пікір айту, баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылық, зерттеушілікке бейімделеді. Оқушыларда өз біліміне деген сенімділік орнап, кез келген ортада құзыретті тұлға ретінде түрлі жағдаяттан шығуға машықтанады.

  1. ОСКТТ-ны өрнектеу жолдары: тірек сызбалар, алгоритм, кестелер, жүйелеу (тараулар, тақырыптар, түрлер). Тірек сызбалар – нәтижеге жету мақсатында біртіндеп сатылай орындалатын әрекеттер тізбегі. Алгоритм - нұсқаулар нәтижесінің шешімі.
  2. ОСКТТ-ның шартты белгілері: берілген тапсырмаларды таңбалар арқылы өрнектеу.

«Сатылай кешенді талдау» технологиясының мақсаты:

  • тақырыптар бойынша терең білім беру;
  • оқу материалын оқушылардың түгел игеруі;
  • оқушылардың зерттеушілікке, ғылымға құштарлығын ояту;
  • түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу;
  • берілген материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, ғылыми негізде меңгерту;
  • бақылау жұмыстарын сауатты жоғары деңгейде шығармашылықпен орындай білуге төселдіру [5.60бет] ;

Математика пәні бойынша «Сатылай кешенді талдау» технологиясының құрылысы:

  1. Оқушыны бағыттау, белсенділігін арттыру, ынта-ықыласын аудару;
  2. Материалды (сан, өрнек, теңдеу т.б.) жазбаша СКТТ бойынша толық талдау, ауызша есептей білу;
  3. Материалды қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша толық ауызша талдау;
  4. Математикалық ұғымдарды математикалық тілде (сан, әріп, амал таңбасы мен белгілерін) көрсетіп жазу әрі оқу.

«Сатылай кешенді талдау» технологиясының негізі - тірек сызбалар. Өтілетін материалдардың негізгілері, ең басты теориялық мағлұматтар сызбаға жүйелеп орналастырылады. Әр саты бір-бірімен үндесіп, бір-біріне сілтеме жасап, бірін-бірі толықтырып, тұтас кешенді береді.

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе, негізгі талап Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Бәсекеге сай білімді де, өркениетті елдің ұрпағын дайындау» болып табылады. Математика пәнін сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша оқыту нәтижесінде оқушылар ғылыми тілде сөйлеуге жаттығады, болжаммен сөйлеуден құтқарады, дәлдікке, нақтылыққа, реттілікке, жүйелі ойлау мен сөйлеуге үйренеді, ізденуге мәжбүрлік туады, оқу дағдысы қалыптасады.

СКТТ оқушыны терең білім көзімен нәрлендіріп қана қоймайды, оны алған білімі негізінде бүгінгі өмір талабына сай, кез келген мәселені талдап, қорытындылап, мәселе түйінін өзі шешуге, шешім қабылдай білуге, бүгінгі өмір талабына сай өмір сүруге бейімдеп шығарады.

ҰБТ-ге, олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындалудың оңтайлы тәсілі, оқушының шығармашылық ізденісін дамытады, сабақтың ғылыми сипаты артады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Алдамұратова Т. А. Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқулығы А. «Атамұра». 2015.
  2. Алдамұратова Т. А. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқулығы А. «Атамұра». 2015.
  3. Ешмұқамет Б.Ү. Бейсебаев С.Н. Оразахынова Н.А. Сатылай кешенді талдау технологиясы. А. 2011.
  4. Математика журналы. 2010. №2., 21 б.
  5. Уайсбай Е.Б. Қартабаева А.Б. Математика. А. 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.