Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Математика сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктері

Аңдатпа

Бұл мақалада іс-тәжірибеде жүзеге асырылған ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру және дамыту, оқу үрдісін дараландыру мақсатымен олардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру туралы айтылған.

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші – адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалу керек. Жоғары оқу орындары жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесінде, ашық машықтанған потенциалды тұлғаға айналуы өзінен-өзі түсінікті.

«Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады.

Математика пәнін оқытуда жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Осы мақсатта оқыту бағдарламалары, дәрістерді қолдауға арналған электронды оқулықтар, тексеру бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді [2] .

Болашақтың адамы тек қана сауатты емес, сонымен қатар оның «екінші» компьютерлік сауаттылығы болуы қажет. Қашықтан оқыту, мультимедиа құралдарының дамуы оқушының білім алуын, олардың белсенділігін арттырады.

Оқушының сабақта көзделетін нысандары, құбылыстары туралы өз бетінше оқу-тәрбие процесінде ақпаратты жинауы, өңдеуі, оны жүзеге асыра білуі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың даму өрісіне байланысты. Сондықтан, пән мұғалімдерін дайындауда тек информатика курсын оқытуда пайдалану ғана емес, сонымен қатар, нақты пәннің оқу бағдарламасында ақпараттық технологияларды қолданылуын жүзеге асырылуын енгізуге баса назар аудару керек.

Сонымен қатар математика пәнінің мұғалімдері өзінің кәсіби қызметінде келесі негізгі бағыттарды бөліп алуға болады:

Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:

  • қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;
  • оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;
  • ақпараттық әдістемелерді оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.
  1. Жергілікті және жалпы тораптағы ақпараттық қарым-қатынас.
  2. Оқыту-тәрбиелеу процесінің білімді ақпараттандыру шарттарындағы ерекшеліктері, сонымен бірге әдістемелік практиканың қолданылуы, соның ішінде, математикалық ақпараттық жүйелері.
  3. Электрондық құралдардың құрылымын, қолданылуларын, жобалауы және бағаланылуын және мазмұндық-әдістемелік құндылығын білу.
  4. Электронды есептеуіш техниканың, ақпараттық және коммуникациялық құралдардың әдістемелік-эргономикалық шарттары.
  5. Тесттік, диагностикалық әдістемелердің компьютерлік қолданылуының ерекшеліктері, оның оқушылардың білім деңгейін бағалауы және анықтауы, сонымен бірге, бақылауы және өз білімін бағалауы.

НЕГІЗІГІ БӨЛІМ

Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технологиялар мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін ашық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.

Мектеп оқушысының ақпараттық мәдениетін дамыту көзқарасы тұрғысынан да мұғалімге кез-келген пәнді информатика заңдары негізінде түсіндіру мүмкіндігін беру маңызды. Сондықтан да мектепте қазіргі уақытта фундаменталды пәндерді, соның ішінде математиканы да оқытуды компьютерлендіру оқу үрдісін ұйымдастыру – негізгі маңызды мәселелерінің бірі [4].

Математика мұғалімі компьютерге оқу үрдісінде өзінің электрондық ассистенті ретінде сенуіне болады. Мұнда тек қана қандай қызмет түрлерін компьютерге, ал қайсысын мұғалімге беру зерттеліп жатқан пәндік облысқа және әрбір жеке мұғалімнің әдістемелік тәсілдер жүйесіне байланысты.

Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әртүрлі бөлімдерінің құрылымдық байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді. Мұғалімнің назары негізінде белгілі бір типті есептер шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыруға жұмсалады.

Математиканы оқытудың дағдылы әдістемесін компьютерлік қолдау арқылы толықтыру жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге көмектеседі, ол үшін математикалық үлгілеу әдістерін білуді қажет ететін қолданбалы және зерттеулік мінезді есептерді, бірнеше пән түйісінде пайда болған есептерді қарастыру математикалық білімді жүйелендіруге көп әсер етеді.

Математикаға оқыту – бұл жеке әрбір оқушыға бағытталған өнер. Ол бір күй сияқты, қоңырау салынғанда басталып, қоңыраумен аяқталатын. Көптеген мұғалімдер сабақты «орташа қарқынмен» жүргізіп, орташа оқитын оқушылардың «ыңғайына» қарайды. Мұндай қарқынмен сабақ өткізу барлық оқушылар үшін ыңғайлы емес. Себебі нашар оқитын оқушылар бұл «орташа қарқынға» ілесе алмай, яғни мұғалімнің айтқанын меңгеріп түсіне алмай, қалып қояды. Бұл жағдайда мұғалім «асығыстық» жасады деуге болады. Ал, мұғалімнің айтқанын тез қабылдайтын оқушылардың дамуында тежеу басталып, ол оқушылар меңгеретін материал «жеңіл» болып, мұғалім оны «баяу» баяндағандықтан жалыға бастайды. Сонымен қатар, мұғалім «орташа» оқитын оқушының білім деңгейін ескере отырып сабақты жүргізетіндіктен білімнің белгілі бөлігі меңгерілмей қалады. Оқушылардың барлық (жақсы, орташа, нашар оқитын) категориясына бірдей ыңғайлы болатын әмбебап әдістемені жасауға болмайтын болғандықтан, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. Ол жеке ерекшеліктер әрбір оқушының оқу материалдарын жеке-дара мысалдан бастап түсіндіріп, содан кейін жалпы жағдайға көшсе жақсы түсініп, материалды жеңіл түсініп кетеді. Ал, басқа бір оқушылар алдымен жалпы жағдайды қарастырып, содан кейін, оған жеке-дара мысалдар келтірсе, жақсы түсініп материалды меңгеруі артады [5] .

Компьютерді қолдану жас талаптың мүдде және талаптылыққа ынталандыратын ақпараттық жағдайды жасауға мүмкіндік береді

Сонымен жаттығу тапсырмаларының саны көбейеді; оқушының жұмысы ұтымды екпініне жетеді; үйренудің деңгейлі дифференциациясына оңай жетеді; оқушының бүкіл сабақ бойы белсенділігі мен қызығушылығы қамсыздандырылады.

Оқытуды жекелендіру үшін қолданбалы бағдарламалық жабдыққа (ҚБЖ) дидактикалық талаптар қойылады. Қолданбалы бағдарламалық жабдық оқытудың жаңа құралы болуы үшін бірінші кезекте дидактикалық талаптарға сай болуы керек. Біз дидактика категорияларына сүйене отырып, бағдарламалық жабдыққа қолданылатын осы талаптарды қарастырамыз. Ю.К. Бабанскийдің айтуынша, дидактика категорияларына: оқыту принциптері, білім мазмұны, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары жатады.

Рессейде шыққан (авторы Гришин Александр) «Маśţег Function» интеллектуалды бағдарламасын жекелендіріп оқыту талабы негізінде жасаған қолданбалы бағдарламалық жабдыққа осы бағдарламаны «Функцияның графиктері», «Функция графиктерін түрлендіру», «Туынды» және «Тригонометриялық функциялар» бөлімінде функция графиктерін зерттеуде және оларды тұрғызуда пайдаландық.

Оқушылардың зерттеу біліктілігін қалыптастыру және өз бетінше жұмыс істей алуын дамыту мақсатындағы мұндай бағдарламаларды пайдалану артықшылығы айқын.

  1. Оқушылар қарқынмен көрсетілген, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне жауап беретін (мысалы, темпераментіне) қозғалмалы түрлі-түсті суреттерді бақылайды. Осылайша оқу материалының қолжетімділігі және оқу іс-әрекетінің мотивациясы жоғарылайды. Бұл оқушылардың оқуға деген белсенділігінің жоғарылауына әкеледі.
  2. Бағдарлама әр қаралатын жағдайға параметр мәнін және иллюстрация санын анықтауда өз бетінше әрекет ету мүмкіндігін береді.
  3. Оқушылар дайын білім ғана алмайды, зерттеу процесі кезінде оларды «іздеп табады».
  4. Оқушылардың оқу іс-әрекеті жекеленген: әрбір оқушыны оқыту оның компьютермен сұхбаты барысында іске асады, демек оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі.

Математикалық есептерді шығаруға сан түрлі мүмкіндік беретін бағдарламалардың бірі белгілі Microsoft Office Excel. Бұл бағдарлама қарапайым және күрделі функциялардың графиктерін салуда, теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешудің графикалық түрінде, сонымен қатар үш өлшемді беттер құруда пайдалану үшін арналады [1].

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен іс-тәжірибеде жүзеге асырылған ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру және дамыту, оқу үрдісін дараландыру мақсатымен олардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру үшін келесі тұжырымдарды қайталауға болады:

  1. оқу үрдісінде компьютерді фрагментті түрде емес, үздіксіз қолдану қажет;
  2. үлкен көлемді бағдарламаны қажет ететін және «жылдам ескіретін» жеке компьютерлік бағдарламадан кетіп, белгілі математикалық пакеттерді пайдалану, тек қана оларды әдістемелік мазмұнмен жабдықтап отыру қажет;
  3. белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын бағдарламалық-әдістемелік демеудің болуы қажет;
  4. компьютерлік практикум барысында мұғалім мен оқушының белсенді рөлін қамтамасыз ететін;
  5. инструменталдық ортаның рухани ескіруіне тұрақты;
  6. толықтырулар мен өзгертулерге икемді.

Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерде қолданылуы қажет және жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде.

Математика пәнінің мұғалімдері төмендегілерді білуі қажет:

  • әр түрлі обьектілерді кескіндеуді, оны салып, тұрғызуды дисплей бетінде іске асыру және олардың динамикалық елестетілуін;
  • есептеу процесін, ақпаратты іздеу жұмыстарын, сонымен қатар мәліметтерді жинау, өңдеу жұмыстарын автоматтандыру және көрсетілген оқытылған объектілер, құбылыстар, процестер туралы мәлімет жинау;
  • математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануды қосымша оқытуды жүзеге асыру;
  • оқушылардың білім деңгейін бағалауға қойылатын негізгі критерийлерін;
  • қолданушының білімін, дайындығын бағалауға арналған компьютерлік тесттік және диагностикалық әдістерді қолдана білу;

Пайдалы сілтемелер:

  1. http://www.etudes.ru;
  2. http://www.math.ru;
  3. http://www.exponenta.ru;
  4. http://www.allmath.ru;
  5. http://graphfunk.narod.ru;
  6. http://www.neive.by.ru;
  7. http://www.problems.ru;
  8. http://zadachi.mccme.ru;
  9. http://www.mathtest.ru;
  10. http://www.math-on-line.com;
  11. http://tasks.ceemat.ru;
  12. http://www.uztest.ru;
  13. http://eqworld.ipmnet.ru

 

Әдебиеттер тізімі

  1. «Математика Қазақстан мектебінде» журналы №3 2009.
  2. «Физика және астрономия» журналы №2 2007.
  3. «Информатика негіздері» журналы №1 2005.
  4. «Информатика негіздері» журналы №5 2003.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.