Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасында білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері

Аңдатпа

Мақалада бастауыш білім берудің мазмұнын құрудың теориясы мен тәжірибесіне терең талдау жасалып, оны жаңартудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері қазіргі көзқарастар тұрғысынан қарастырылған

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

«100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберіндегі бес институционалдық реформа бойынша білім беру саласында 12 жылдық білім беруді ендіру және функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте білім берудің стандартын жаңарту жоспарланған. Осы тұрғыдан білім мазмұнын жаңарту ұлт болашағының кепілі ретінде қарастырылуда [1,5б].

Осыған орай, Қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі білім берудің мазмұнын жаңарту болып отыр. Бүгінгі күн талаптарына сай жаңа білім беру оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның өзін -өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін білімділік, тәжірибе және әмбебап қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталуы тиіс [2,3б].

Қазақстандық білім беру саласына белгілі бағыт берілді, бұл ізгіліктік, тұлғалық, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұрғылыр негізінде білім беру. Оның басты мақсаты - оқушының өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру. Мектепте әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс. Мектептің негізгі міндеті - баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына, тұрақтануына көмек беру. Бұл білім беру мазмұнына өзгеріс енгізу қажеттілігінің бір көрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу міндеті білім берудің философиясы мен педагогика ғылымының парадигмалық өзгерісін әдіснамалық тұрғыдан терең талдау жасауға алып келеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Бүгінгі күні әлемдік білім беру үрдісінде негізгі білім беру парадигмалары қарастырылып, олардың салыстырмалы сипаттамасы жасалды. Парадигмалардың көптүрлілігі білім беру мен мәдениеттің басты мақсатына әртүрлі тұрғылар арқылы:

  1. құндылықтық (аксиологиялық) - білім беру (мәдениет) адамның өмірінің мәні ретінде қабылданады, яғни мәдениетті жасау және оған жету;
  2. іс-әрекеттік - білім беру (мәдениет) материалдық және рухани құндылықтарды жасауда сыналған іс-әрекеттің әдісі ретінде түсіндіріледі;
  3. тұлғалық - білім беру (мәдениет) белгілі бір тұлға типінен көрініс табады.

Сондықтан мәдениетке деген әртүрлі көзқарас білім беруде әртүрлі парадигмаларға алғышарт ретінде алынады (Т. Кун, В.Н. Садовский, А.М. Новиков, Г.П. Щедровицкий, Е.В. Бондаревская, А.П. Сейтешов, Ш.Т. Таубаева және т.б.) [3,61 б; 4,64б; 5, 365б; 6,7б].

Бұл бағыттар еліміздегі білім берудің жаңа мазмұнын құрастыру арқылы әлемдік білім кеңістігімен интеграцияланып, осы кеңістіктегі білім беру талаптарына жауап бере алатын деңгейге жеткізуді көздейді. Осыған орай, қазіргі отандық педагогикалық қоғам білім берудің нәтижеге бағытталған жаңа мазмұнын құрастыру, сынақтан өткізу және оны тәжірибеге енгізудің ауқымды міндеттерін жүзеге асыруда.

Білім беру мазмұны мәселесі педагогика ғылымында негізгі болып табылады. Ең алдымен мазмұны арқылы білім беру мекемесі білім беру өмірдің сұранысы мен талаптарына жауап береді, әртүрлі өмірлік сфераларда ұрпақтардың сабақтастығын қамтамасыз етеді, тұлғаның, оның дүниеге көзқарасының, әлемге және өз-өзіне деген адамгершілік қатынасының қалыптасуындағы рөлі зор.

Білім беру мазмұны педагогикалық үдерістің мәнді жағымен де шартталады, өйткені тұлғалық сипаттағы сұрақтарға жауап береді. «Өзбетті өмірге қандай тұлға енеді?», «Ол динамикалық дамып жатқан ортада өмір сүруге қабілетті ме?», «Өзінің және қоғамның қызығушылықтары бойынша өзін-өзі өзектендіруге дайын ба?», «Қандай құндылық бағдарлардың тасымалдаушысы болады?», «Ойлары мен идеялары қаншалықты шығармашыл болады?», «Тұлға қоғамда қандай өмірлік позицияны ұстанады?», «Қоршаған ортаға, басқа адамдарға қандай қатынасының көрінуімен сипатталады?».

Білім беру мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері, қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта және тағы басқалар туралы ойлары көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды [6,34б] .

Сан мыңдаған даму тарихында адамзат өте көп білім жинақтады. Жасөспірім ұрпақ осы білімді игерген кезде ғана өркениет дамуы жүзеге асады. Бірақ, жинақталған білімнің барлығын адам түгелдей меңгере алуы мүмкін емес. Сондықтан ең маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді таңдау мәселесінің орны ерекше. Әлеуметтік тәжірибе мектептегі білім беру мазмұнында түрлі пәндерге бөлініп көрініс табады. Сонымен, білім беру мазмұнын оқушылар үшін сұрыптау мәселесі И.Я. Лернер, В.С. Леднев, В.В. Краевский, М.Ж. Джадрина т.б. еңбектерде ашылған. Онда ғылыми білімнің пәндік құрылымының өскелең ұрпаққа білім берудің пәндік аймағына әсері қарастырылады [7,67б; 8,43б; 9,44б; 10,9б] .

Білім беру мазмұны – педагогикалық бейімделген білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық-құндылықтық қатынасы, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Жалпы білім берудің мазмұны оқушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуын қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын ондағы өз орнын анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге көзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.

Білім мазмұнының қайнар көзі – материалдық және рухани мәдениетте бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 элементті енгізеді:

  1. білім. Олардың түрлерінің жиынтығы индивидте қоршаған шындық туралы жалпы түсінік және қажетті іс-әрекетте бағытталғандығын анықтайды;
  2. іс-әрекеттің тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі. Оны меңгеру барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың қызметі жинақталған мәдениетті қайта жасап, сақтап және дамыту болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс-әрекеті қамтамасыз етіледі;
  3. шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, оның функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту;
  4. шындыққа, өз іс-әрекетіне, өз-өзіне деген эмоционалдық- құндылықтық қатынастың тәжірибесі [9,47].

Педагогикада жалпы орта білім мазмұнын қалыптастырудың негізгі жалпы әдіснамалық ұстанымдары: оқу материалының жалпы білім беру сипаты, мазмұнның азаматтық және адамгершілік бағыттылығы, оқу материалының қоғам өзгерісіндегі практикамен байланысы, оқу материалының негізгі және жүйелік сипаты, оқу курсының интеграциялығы, білім мазмұнының ізгіліктігі, этикалық бағыттылығы, оқу материалының дамытушылық сипаты, оқу пәндерінің өзара байланыстылығы, білім мазмұнының эстетикалық аспектілері түрінде көрсетілген [9,49].

Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Білім мен ғылымды дамытудың 20142016 жылдарға арналған басым бағыттарын іске асыру аясында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып орта білім мазмұнын жаңартуда «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін мектептеріне жүйелі бейімдеу мен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде [2,26б; 11,5б] .

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жаңарту «өмірлік білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасына қарай өтуге, білімді үнсіз тыңдаудан ынталылыққа, білімнен құзыреттілікке бағытталған.

Бүгінгі таңда «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпығы міндетті стандарты» әзірленіп, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген [12,3б]. ББ МЖМС-ның инновациялық сипаты оның тек білімді меңгертуден алған білімді өмірде қолдана алу парадигмасына ауысуымен танылады. Оның түп мәні оқытудың мақсаттары кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру арқылы оқытудың нәтижесіне қарай бағытталуында. ББ МЖМС негізінде «НЗМ» ДББҰ жаңашыл тәжірибелерін есепке алумен бастауыш білім берудің жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары әзірленген.

ББ МЖМС тұжырымдамалық негіздері мен жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері ескеріле отырып пәнінің оқу бағдарламасы жасалып, «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізіу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №159 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 30 пилоттық мектептерінде (бірінші сыныптарында) жаңартылған оқу бағдарламалары мен жоспарлары апробациядан өткізілуде. Соңғы жылдары педагогикалық қауымдастықтың көңілін аударып отырған Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру бағдарламасы ерекше қызығушылық тудырып отырғандығы белгілі. Республикада аталған мектеп тәжірибесін жалпы білім беретін мектептер тәжірибесіне жүйелі бейімдеп тарату жұмыстары қолға алынуда.

«Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» ерекшеліктеріне тоқталамыз [12,9б]. Бұрынғы стандарттар оқушылардың іргелі білімінің қажетті деңгейін қамтамасыз еткенімен, олардың білімді өз бетімен ізденуге, оны талдап, тиімді қолдануға бағытталмаған. Бұл стандарттың қолданыстағы стандарттан айырмашылық ерекшеліктері нәтижеге негізделген білім беру моделін құру. Басқаша айтқанда, педагогикалық мақсат қоюдың мәні өзгеріп отыр, өйткені мақсат оқушы үшін де, мұғалім үшін де ортақ болып табылады.

ББ МЖМБ тұжырымдамалық негіздері төмендегідей:

  1. қоғамның даму үрдісі мен заманауи шынайылығы көрініс табатын мектептегі білім берудің құндылығы, мақсаты мен міндеттері анықталған;
  2. тұлғаның рухани адамгершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік аспекті күшейтілген;
  3. қазақстандық тұтас ұлтты ұйымдастырушы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі;
  4. кең ауқымды дағдылар түрінде ұсынылатын күтілетін нәтижелері анықталған (білімін функционалдық тұрғыдан қолдану, АКТ дағдысы, зерттеушілік, коммуникативік, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, топпен және жеке жұмыс жасау дағдылары);
  5. қоршаған ортаны біртұтас қабылдау үшін пәндер мен мазмұнның кіріктірілуі қарастырылған;
  6. пән бағдарламалары нақты күтілетін нәтижемен қамтамасыз етілген, ол білімін практикада қолдана алуға, зерттеушілік және жобалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді;
  7. білім беру саласында күтілетін нәтиже қызметтік әрекет, яғни, оқушылардың «білуі», «түсінуі», «қолдануы», «талдауы», «жинақтауы», «бағалауы» арқылы көрініс табады;
  8. бастауыш сыныптар бағдарламасына дұрыс және қауіпсіз қолдануға басымдық беріле отырып, ақпараттық коммуникативтік технологиялар бойынша пәндер енгізілген, сонымен қатар ерте жастан қоршаған орта туралы бүтін түсінік қалыптастыру үшін жаратылыстану бағыты бойынша да пәндер енгізілген;
  9. үштілді білім беруді енгізу, тілді оқытуда коммуникативтік аспект күшейеді (тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);

10.оқушының дамуына, оның оқуға деген ынта жігерін, қызығушылығын арттыруға бағытталған оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Қазіргі заман мектептеріне бес балдық бағалау жүйесі бағаның шынайылығын анықтауға мүмкіндік бермейді.

ББ МЖМС негізінде «НЗМ» ДББҰ жаңашыл тәжірибелерін есепке алумен бастауыш білім берудің жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары әзірленеді. Сонымен қатар стандартты қолдану:

  1. оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген бастауыш білім берудің мақсаттары жүйесіне қол жеткізу есебінен оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
  2. мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
  3. қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
  4. білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңмен толықтырып отыруға;
  5. күнделікті білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидасын іске асыруға;
  6. балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
  7. орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
  8. білім беру ұйымдарындағы инновациялық практиканы қолдау мен дамытуға;
  9. білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған [13,18б] .

Білім беру стандарттарын құру - жоспарланатын білім беру мазмұнының бөлігін құру болып табылады. Бұл үдеріс нормативті-әдістемелік білімді құру кезеңінде аяқталады. Қазіргі көзқарастар бойынша стандарттар білім беру мазмұнына, білім беру үдерісінің соңғы нәтижесіне бағытталуы керек, яғни мазмұн оқушының жеке жетістігіне айналуы керек.

Стандарттау - бұл оқушы тұлғасының құрылымы деңгейіндегі білім беру мазмұнының нормативтік өзгеруінің тәсілі. Білім стандарттары мәндерінің бірі - мақсатқа жету диагностикасы. Білім берудің жалпы мақсатына сәйкес оған жетудің кірістірілген көрсеткіші білімділік болып табылады. Білімділік - адамда әлеуметтік тәжірибенің жекеге ауысуы үдерісінде қалыптасатын тұлғалық сапасы [14,7б;15,78б]

Классикалық дидактикада бұрыннан белгілі болғанымен жаңа мазмұнды жобалауда спиральдік (шиыршық) қағидасы қолданылған. Бұл қағида бойынша білім алушы бастауыш мектептегі білімді алу барысында тақырыптар мен ұғымдарды бірнеше рет қайталайды, ал әрбір қайталау барысында оның мазмұны күрделене түседі. Пәнаралық интеграция мен ортақ тақырыптар арқылы білім алу осы қағидаға негізделген. Оқу пәні бойынша мазмұнды жобалаудың ұстанымдары өзгерді: сызықтық ұстаным спиральдік (шиыршық) ұстанымына алмасты, яғни білім мен біліктің бірте-бірте тігінен және көлденеңінен (сынып, тақырып бойынша дағдылардың күрделенуі) ұлғайтылуы. Осыған байланысты, оқу бағдарламасы мазмұнының құрылымына негіз болған спиральдік ұстаным негізге алынып отыр. Меңгерілетін оқу материалының, құрылымының, сынып және тоқсан бойынша ұсынылған пәнаралық «ортақ тақырыптардың» спиральдік ұстанымы бойынша беріледі.

Бастауыш мектеп оқушыларын айналамен таныстырудағы алғашқы түсініктер баланы қоршаған заттар мен құбылыстардан алынған: сынып, мектеп, мектеп ұжымы, мектепте жүру ережелері, оқушылардың міндеттері мен құқықтары және т.б. Осыған сай, оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бастауыш мектеп оқушыларының айналасындағы дүниеден алынады [16,3б] .

Білім стандарттарының жалпыпәндік мазмұнының негізгі элементтерін қарастырайық. Білім мазмұны жоғарыда айтылғандай, оқушылардың өзіндік іс- әрекеттерде меңгеретін педагогикаға бейімделген әлеуметтік тәжірибе ретінде көрінеді. Танымдық, репродуктивтік, шығармашылық іс-әрекет пен эмоционалды- құндылықтық қатынастарды жүзеге асыру тәжірибесі оқытылатын шындыққа, табиғатқа, мәдениетке, техникаға, әлеуметтік коммуникациялар мен басқа да білім аймақтарындағы шынайы нысандарға қатысты сәйкес іс-әрекет тәсілдерін қолдану жолымен іске асырылуы керек [15,98б] .

Педагог оқушыларға әр түрлі іс-әрекет түрлерін меңгеруді ұсынуы керек: эмоционалдық-бейнелік, логикалық және т.б. Егер іс-әрекеттің түрлері әрбір бала үшін дара есепке алынса, бұл түрде балаларды оқытуда белгілі бір білім беру нысанын таңдаған жөн. Бұндай жағдайда барлық оқушыларға тек бір ғана білім беру траекториясы қамтамасыз етілмейді, берілген стандарттың ерекшеліктерінің көлемін меңгерту, ал жеке траектория оқушыларды жекелік дамуда білім беруге әкелуде айырмашылығы көлемі қандай мазмұны да соған сәйкес болып келеді.

Жалпы мәдениеттің мазмұнына адамзатпен шешілетін іргелі мәселелерін, негізгі мақсатқа жету үшін жалпы орта білім беру мазмұнымен көрінетін әлеуметтік тәжірибемен шартталған негізгі ұстанымдар, мәндер және басқа компоненттерді біріктіреді. Олар шынайы білім беру нысандары және жалпы мәдени білімдері ереже бойынша сыныптарға және бөлек пәндерге бөлінбейді [15,56б].

Бастауыш деңгей - білім берудің оқушы бойында тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуы қуатты жүретін, жоғары буындармен сабақтаса дамитын және кез келген арнайы білім алудың негізі қаланатын құнды буыны. Сондықтан білім беру мазмұнын жобалау барысында бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік-мәдени, биологиялық, психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілерін басты назарда ұстаған дұрыс. Л. Выготский, Н. Талызина, т.б. зерттеулері бойынша мектептің бастауыш сатысында оқушылардың зейіні, қабылдау, есте сақтау және елестету, армандау және талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру сияқты ойлау операциялары қалыптасады. Сонымен қатар, іс-әрекетті жоспарлау, бақылау, бағалау, қорытынды шығару, өз пікірін айту, т.с.с. қабілеттері байқала бастайды [17,38б;18,153б].

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін төмендегідей сипаттауға болады: нысандар, құбылыстар мен жағдаяттардың қатынастарын және сапаларын қабылдауы жеткілікті дамыған, бұрынғы тәжірибесін жаңа қабылдағанымен салыстыруға қабілетті, көп деңгейлі, көп факторлы нысандар, құбылыстар мен жағдайлардың арасындағы байланыстарға сай логикалық ойлау мүмкіндігіне ие, өзінің ойын байланыстырып жеткізе алады. Осылайша бастауыш сынып оқушыларының танымдық психикалық және тұлғалық сапалары жаңартылған білім мазмұнын меңгеруіне мүмкіндік береді деген тұжырымға келеміз.

Тұлғаның білім беру мазмұнын игеруі, ғылыми көзқарасы оның дамуының жоғары деңгейін көрсетеді. Әйткенмен, тек дүниетанымдық білімдерді игеру тұлғаның көзқарасының тұрақтылығымен қамтамасыз етілмейді. Қандай да болмасын білімнің ішкі терең сенімділігі қажет. Бұл сенімнің мәні тек білімде емес, сонымен қатар ішкі қажеттілікте, яғни не істеу керектігі мен әрекет етуінде болып табылады.

Жаңартылған білім беру мазмұны бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғалық қасиеттерін, қызығушылықтарын арттырып, алған білімін өмірде қолдану икемділігін, құзыреттіліктерін қалыптастыруды көздейді, сондықтан білім мазмұнының іс-әрекеттік құраушысы негізгі білім беру әдістерінің бірі ретінде анықталып отыр. Себебі, оқушының бойында байқалған оқу іскерліктері іс-әрекет арқылы дамиды. Іс-әрекеттік тұрғыда білім беру оқушының әлеуеттік мүмкіндіктерін (қызығушылық, қабілет, басқа тұлғалық ерекшеліктер) есепке алу мен дамытуға бағдарланатын тұлғалық-бағдарлы білім берумен тығыз байланысты, өйткені, тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінен адами құндылықтарға бағытталады [19,214б] .

Жоғарыдағы пікірлерді талдау негізінде білім беру мазмұнының іс-әрекеттік құраушысы, білім мазмұнында оның танымдық және іс-әрекеттік құраушыларының арақатынасы мәселелері қарастырылды.

Бастауыш білім беру теориясындағы жаңа тұрғылардың қалыптасуы, ең бастысы бастуыш оқытудың жаңа мазмұнын жобалау қажеттілігімен көрініп отыр. Жаңа оқу бағдарламалары проблемалық ойлаудың дамуына, педагогикалық интеграцияның, кіші мектеп жасындағы оқушының жан-жақты дамуына, даралауға, дифференциялануға, әрдеңгейде оқуға, интеллектуалды сферасының дамуына, ақыл-ойының жекелей түрде дамуының шарттарын ұйымдастырумен негізделеді. Бұл барлық жалпы психикалық даму заңдылықтарын, бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды даму сферасын ескереді. Таным – жас ерекшелігіне сай даму көптеген зерттеулерде (Ж. Пиаже, Л.В. Выготский, Г.А. Леонтьев, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, Н.Ф. Талызина және т.б.) орын алады. Мұнда 6 жасар баланың сипаттамасы ұсынылған. Жоғары эмоционалды, еліктеушілік қоршаған ортаны тануға бағыттылық, ересек адамдар мен құрдастарына әсеріне сезімшілдік. Бұл кезеңде 6 жасар баланың психикасында әр түрлі «ажыраулар» болады, яғни бала сапалы білімді қалай алады: ол ойын барысында немесе оқуда дамиды және әлеуметтік тәрбиелеу шарттары мен жеке ерекшеліктеріне сай дамиды [20,79б;17,154б; 18,97б] .

«Жеке тәжірибеге» сүйену оқушылардың жаңа білім мазмұнының құрылуына негіз бола алады. Алты жасар баланың «жеке тәжірибесі» оның жақын айналасындағылар туралы көзқарасынан тұрады: отбасы, тұратын жері, дене бөліктері, денсаулық және адамның іс-әрекеті, жануарлар мен өсімдіктер туралы. Ал, бұл дегеніміз оқу курсының мазмұны осыған байланысты басталуы керек жақыннан-алысқа қағидасына сәйкес білімнің мазмұны баланың әлеуметтік тәжірибесіне сай енгізіледі. Егер баланың оқу пәні оның күнделікті жанасатын нысандар мен субъектілер және құбылыстар болса, онда баланың мектепке бейімделуі сәтті болады [23,75б] .

Бастауыш білім беруде жүзеге асырылатын білімдік үдерістің негізгі мақсаттары:

  1. отбасында және мектепке дейінгі мекемеде басталған бала тұлғасын жан- жақты дамытуды жалғастыруға жағдай жасау;
  2. оқушыларда қоршаған ортаның біртұтас бейнесін бірізді қалыптастыру;
  3. негізгі мектепте қоғамдық-гуманитарлық курстарды одан әрі жетістікпен зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық базаны қалыптастыру;
  4. қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың адамгершілік-этикалық және қауіпсіздік нормаларын қалыптастыру.

Оқу бағдарламасының негізгі реттеуші функцияларының бірі - мұғалімнің ұйымдастырушылық-әдістемелік тұлғасы мен бастауыш мектеп оқушысының оқу қызметін қалыптастыру болып есептеледі. Қазіргі кезде оқу пәндерінің педагогикалық функциялары мынадай негізгі міндеттердің орындалуын талап етеді: оқушының жеке тұлғасы мен шығармашылық қабілетінің дамуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыру, эстетикалық сезімдер мен адамгершілікке тәрбиелеу, өзіне және қоршаған әлемге деген эмоционалдық құндылығын ояту; білім, білік, кең ауқымды дағдыларды меңгерту, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыра білу мүмкіндіктері; бала денсаулығын психикалық және физикалық нығайту, баланың жекелігін сақтау және оған құрметпен қарау.

Мысалы, пәндерді оқу барысында оқушылар қоршаған әлем туралы білімдерді танымның әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, түрлі көздерден алады. «Дүниетану» пәнінің мазмұнында адам, қоғам, табиғат туралы гуманитарлық және практикалық білімдер кірістіріледі. Білімнің бұл аймақтарының әрқайсысы бірнеше ғылымдардың білімін біріктіреді. Мысалы, адам оқушылар алдында әлеуметтік құбылыс ретінде (тұлға, отбасы мүшесі, ұжым мүшесі, қоғам мүшесі, азамат, жасампаз, тарихи тұлға ретінде қарастырылады), бұл негізгі мектепте қоғамтану, тарих, география сияқты ғылымдарды меңгерудің негізін салуға мүмкіндік береді және оқушылардың қоғамға қажетті адамгершілік және дүниетанымдық көзқарастарының қалыптаса бастауына жағдай жасайды [24,283б;25,16б].

ҚОРЫТЫНДЫ

Мұғалім білім беруші ретінде емес, оқушының белсенді оқу танымдық әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс. Бастауыш сыныптың білім беру үдерісін ұйымдасыруда мұғалім педагогика және психологияда айқындалған бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдау, ойлау және шығармашылық әрекетінің маңызды жас ерекшеліктерін есепке алуы қажет. Жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау, ойлау және шығармашылық әрекетін есепке алуда осы жастағы балалардың қасиеттерінің қайсысы жақсы дамығанын (мұғалім неге сүйенуі керек), қайсысы нашар дамығанын (қайсысын дамыту қажет) екенін білуі тиіс [26,261;27,240].

Бұл жастағы балаларға тән ерекшеліктер:

  • жаңаны білуге деген өткір құмарлық;
  • жаңа әсерлерге деген сарқылмас қажеттілік;
  • ашық эмоциялар (ерекше қуану, тез ренжу, жаны ашу, қатты қайғыру, толғану);
  • пайымдауды сүйеді («пәлсапалық»);
  • жеңіл ойлап табады, қиялдайды;
  • ойынға тез араласады (дайындықпен, қуанышпен, қызығушылықпен), қозғалыс ойындарын сүйеді;
  • театрландырылған қимыл әрекетке шын ниетімен қатынасады;
  • сурет салуды, қолдан бұйымдар жасауды, аппликацияны сүйеді;
  • бейнелік деңгейдегі (өлең, әуен, көркем бейне) әсемдік пен үйлесімділікке сезімтал;
  • зияткерлік ойлауы (ұғымдық ойлау, салыстыру, жинақтау, маңыздыны бөлу, қорытынды жасау);
  • зейіннің шоғырлануы төмен (оқушылардың зейіні шашыраңқы, олар ұзақ тыңдап отыра алмайды);
  • мақсатқа жетуге еріктік даярлығы нашар(оқушыларда сәтсіздік сенімсідік тудырады және қызығушылығын жояды);
  • бірсарынды жұмыстан тез шаршайды (іс-әрекетті алмастыру қажет);
  • моделдеу және шартты белгілермен жұмыс жасау дағдысы болмайды;
  • көркемдік сөйлеу әрекеті, сөздік-логикалық есте сақтауы төмен;
  • өздерінің әлеуеттік мүмкіндіктері туралы түсінігі нашар.

Міне, бастауыш мектеп жасындағы балаларға тән осы аталған педагогикалық-психологиялық ерекшеліктердің барлығын мұғалім оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыруда есепке алуы тиіс. Бұл кеңестерді мұғалім оқушылардың нақты жағдайына бағдарлай отырып (даму деңгейі, қызығушылық аймағы, ұлттық ерекшелігі және т.б.) түзетулер енгізуіне мүмкіндігі бар.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары- Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан №3 (2873) 2016 жыл 7 қаңтар.
  2. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  3. Кун Т. Объективность, суждение и выбор теории //Современная философия науки: знание, рациональность, ценности в трудах мыслителей Запада: Учебная хрестоматия. - М.: "Логос, 1996. - С.61-82.
  4. Садовский В.Н. Смена парадигм системного мышления//Системные исследования. Ежегодник. 1992-1994. - М.: Эдиториал УРСС, 1996. - 400 с. - С.64-78.
  5. Новиков А.М. Методология образования. – М.,2006. -397с
  6. Мұханбетжанова Ә., Мұханбетжанова А.Ө. Білім берудің жаңа парадигмасы және педагогика ғылымының даму тенденциясы - «Ұлт тағылымы»№2 2010. 31-35 б.
  7. Лернер И.Я. Содержание образования // Педагогическая энциклопедия: В 2 т. - М., 1993-1999. - Т. 2. - С. 349.
  8. Леднев В.С. Содержане образования: сущность, структура, перспективы.- М., 1991.- 265с.
  9. Теоретические основы содержания общего среднего образования / Под ред. В.В. Краевского, И.Я. Лернера. - М., 1983. - С.44-57.
  10. Джадрина М.Ж. Ориентация на результат как условие реализации компетентностного подхода к образованию в школе. - Алматы.:Казахская академия образования им. Ы. Алтынсарина, 2004. -26с.
  11. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана,2012. - http://www.nao.kz
  12. «Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты». 25 сәуір,2015 жыл. -http://www.nao.kz
  13. 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. - 235 б. -http://www.nao.kz
  14. Краевский В.В., Хуторской А.В. Предметное и общепредметное в образовательных стандартах // Педагогика. — 2003. — № 2.
  15. Хуторской А.В. Методологические основы конструирования учебных программ для 12-летней школы // Школа 2000. Концепции, методики, эксперимент: сб. науч. трудов / Под ред. Ю.И. Дика., В. Хуторского — М.,
  16. - 234С.
  17. Мұханбетжанова Ә., Жумагалиева Д.Ш., Хайруллина А.Б. 12 жылдық білім беруде бастауыш мектеп оқушысының әлеуметтену құндылықтарын қалыптастыру. - Журнал «Білім әлемінде» №6, 2008 ж. 3-6 б.
  18. Выготский Л.С. // Соч.: В 6т. Проблемы общей психологии / Под ред. В.В. Давыдова - М.: Педагогика,1982. - Т. 2. - 504с.
  19. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. - М.: Изд-во МГУ, 1984.- 344с.
  20. Мұханбетжанова Ә. Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамалық және теориялық мәселелері. Поиск - Ізденіс №3, 2006ж. 214 -218 б.
  21. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. -М.: Просвещение, 1966.659с.
  22. Давыдов В.В. Психологическая теория учебной деятельности и методов наглядного обучения, основанных на содержательном обобщении. - Педагогика, 1990.- 414с.
  23. Эльконин Д.Б. Интеллектуальные возможности усвоения знаний // В кн.: Возрастные возможности усвоения знаний: Младшие классы школы / Под ред. Д.Б.Эльконина.- М.: Просвещение, 1966.- С.13-53.Омск: Пеленг,
  24. - Вып.6. -112 с.
  25. Мұханбетжанова Ә., Муханбетчина А Алты жасар балалардың танымдық белсенділігі және даму ортасы. Қазақстан мектебі. №11, 2006ж. 74-76 б.
  26. Муханбетжанова А., Жумагалиева Д.Ш., Хайруллина А.Б. Интеграция учебных предметов в образовательные области 12-летнего обучения. «Ізденіс». 2007 г. .№1, 283-286 б.
  27. Мұханбетжанова Ә. 12 жылдық білім беруде бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесі. - 12 жылдық білім- РҒӘжАС журнал. 7-12 б - Астана қ. 2006 ж. 16-19 б
  28. Мұханбетжанова А. Бастауыш мектеп педагогының түйінді құзыреттілігін қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздері. - Ізденіс №1, 2009 ж. 261264 б.
  29. Муханбетжанова А., Жумагалиева Д.Ш., Хайруллина А.Б. «Основные подходы к организации учебного процесса в 12-летней школе» «Ұлт тағылымы», №1, 2007ж. 238-242 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.