Математика сабағында оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту

Аңдатпа

Бұл мақалада логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін жақсартады, сондықтан логикалық есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс істеу әрбір оқушыға тиімдлігі айтылған. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасатындығы көрсетілген.

КІРІСПЕ

«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. А.Н. Леоньтев.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек». Психолог-ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А. Петров, А.Н. Леонтьев «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; ойлау белсенділігін дамыту.

«Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», - деп көрсетті К.Д. Ушинский.

Логика (гр. λογι^ - «талдауға құрылған», λ0γος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Логика - адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті кұрал болмақ.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат - өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлғаның бойындағы батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:

  • шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
  • жүйелі түрде шығармашылық әрекет жайында болу;
  • шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру.

Баланың іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз - баланы ойлай білуге үйрету болып табылады. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпестен бұрын соған үйреткен дұрыс. Ойлап үйрену үшін оқушының зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту керек. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын (шығармашылығын) дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді, іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі - оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде басқару, оқушылар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді. Әйтсе де бұл баланы қайткенде де неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды. Шығармашылық жаттығулар ұсынылғанда, балалардың алдындағы мақсатқа өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете алмайтын проблемалық жағдай пайда болып, ол баланың интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін. Осының барысында бала жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс-әрекеттер орындауға талпынады. Шығармашылық тапсырмалар балалардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі. Мектепалды даярлық балаларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз. Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып білу үшін ерекше айқын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады.

Талдау - бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • қызығушылығын арттыру;
  • ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
  • шығармашылық ізденісін дамыту.
  • логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.

Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Машық. Сергіту;
  2. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
  3. Іздену тапсырмаларын орындату;
  4. Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анаграмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);
  2. есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).

Логикалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі. Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді, соларға жеке- жеке тоқталайық.

І. Граф әдісі

Бұл әдіс кейбіреулері қырлары деп аталатын сызықтар мен қосылатын нүктелердің шектеулі жиыны.

Есеп: Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ.

Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш жанкүйер былай деп жауап берді.

а) Әлия – ІІ, Динара – ІІІ

ә) Әлия – І, Ғалия – ІІ

б) Мадина – ІІ, Динара – ІҮ.

Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табу керек.

Жауабы: Әлия -I

Мадина – ІІ

Динара - III

Ғалия - ІҮ

Логикалық есептердің келесі түрі өлшеумен байланысты.

Есеп: Бөтелкеде, стаканда, құмырада, банкада сүт, лимонад, квас, су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес.

Лимонад құйылған ыдыс құмыра мен квас құйылған ыдыстың арасында. Банкаға құйылған лимонад та су да емес. Стакан банка мен сүт құйылған ыдыстың қасында. Қандай сұйық қай ыдысқа құйылған.

Жауабы: Сүт құмыраға, лимонад бөтелкеге, квас банкага, су стаканга құйылған.

Логикалық есептерді теңдеу құрып шығаруға да болады.

1. Айдананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда 100 шықты. Айдана қандай сан ойлады?

Шешуі: сан - х

Т/қ: (х-9) + 11 =100

х - 9 = 99

х = 108

203

  1. Қанаттан «сыныпта неше қыз бала бар?», - деп сұрағанда, ол «қыз балалардың санынан ең кіші екі таңбалы санды азайтып, нәтижеге 80 - ді қосса, 88 шығады» деп жауап берді. Сыныпта неше қыз бар?

Шешуі: қыздар саны - х

Т/қ: (х - 11) + 80= 88

х - 11 = 8

х = 19

Қыңырдың жасы

Есепке құмар бір кісі қыңырдан:

Жасың нешеде? - деп сұрапты. Сонда ол:

Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?

Жетесінде жоқ,

Жете сыйламайды.

Шешуі: Қыңырдың қазіргі жасын -х десек, есеп шарты бойынша:

3(х+3) - 3(х-3) = 3х+9 - 3х + 9 =18

204

ҚОРЫТЫНДЫ

Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс істеу әрбір оқушыға тиімді дер едім. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады.

Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор. Оқушының логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Оқушылардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.

Математиканы оқып – үйрену, есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білуге, өз қабілетіңді жетілдіру үшін де қажет. Біз өз өмірімізді мәнді қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғаттағы білімді пайдалана білуіміз керек [№3, 2003ж, Математика және физика].

Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше деуге болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Алдамуратова Т.А, Байшоланов Е.С Математика. Алматы. «Атамұра». 2010.
  2. Әбілқасымова А.Е., Төлеубаева С.Қ Математика сабағында ұлттық ойындар мен түрлі жанрларды қолдану. А. 2012.
  3. Әлімқұлова С. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы. А. 2013.
  4. Б. Байжұманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастауыш мектеп, №12, 1998.
  5. Ж. Жақсығалиев «ҰБТ: логикалық тест – заман талабы». Қаратөбе ұстазы. 20 мамыр 2011 ж.
  6. Жунусова М.Р. Жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Қарағанды. 2008
  7. Рахымбек. Д. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998.
  8. Математика және физика. №3, 2003.
  9. «Математика Қазақстан мектебінде» №1 2006, № 4 2008, №1 2010.
  10. «Ақ бота» интеллектуалды марафонының тапсырмалары мен шешімдері Шымкент. 2008.
Тег: Талдау
Жыл: 2016
Қала: Атырау