Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Математика сабақтарында топтық жүйеде оқыту әдісінің тиімділігі

Аңдатпа

Бұл баяндама математика сабақтарында топтық жүйеде оқыту әдісі сыныптағы оқушылардың білім сапасын көтеруге мүмкіндік болатындығын дәлелдейтіндей етіп құрылған. Мұғалім топтық жүйеде оқыту нәтижесінде оқушыларға берілген материалдарды толық қамтуына, өз беттерімен ізденуіне, өз білімі мен жолдастарының білімдерін саралай, бағалай білулеріне, ұйымдастырушылық қабілеттерінің артуына, көшбасшы болуына қорытынды тұжырымдар жасап, талдау жасаған. Топтық жүйеде оқыту оқушының білім, білік дағдыларын арттыруға, оқушының интеллектуалдық даралығын анықтауға мүмкіндік береді.

ХХІ ғасырда білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту маңызды мәселелердің бірі. Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиялық жолдауында «біз білім-ғылым-инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, бұл - уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры деп атап көрсеткен болатын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында жаңаша көзқарастағы мұғалімдердің қажеттілігі жайлы мәселе көтерген еді. Осы мәселені іске асыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылып, соның ішінде педагогикалық шеберлік орталықтары да құрылды. Педагогикалық шеберлік орталықтары Кембридж университетімен келісімшарт жасау нәтижесінде, Кембридж университеті Қазақстан үшін 7 модульге топтастырылған бағдарлама ұсынды. Бағдарламаны оқытуда Лев Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағы» (Зона ближайшего развития) деген ұғымынша, «Айналы нейрон» деген психологиялық зерттеу арқылы топтар бір-біріне қарап-ақ бел-сенділіктері артып, ойлары жандана түседі екен. «Сабақ - оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», - деп А. Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп ойландым. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының - көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпараттық техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор, өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.

ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар пайдалану мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

  1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
  2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
  3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.
  4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
  5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім алуына көмектеседі. Оқушылар міндетті түрде топтасып отырса, қарым-қатынастары нығайып, жақсы білім алуға мүмкіндік табады. Жеке жұмыс жасалып, оны міндетті түрде жұптық жұмыс арқылы талдайды, топта талқылайды, содан кейін барып қорғауға шығарады. Оқушының сабақ үстіндегі әрекеті, ол топтық және жұптық қызметін атқару. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу болып табылады. Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып қызығушылығын арттыру арқылы, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Зерттеудің нысаны - топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • оқушылардың топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,
  • пәнге деген қызығушылығын арттыруда жаңа технологияларды (СТО, АКТ мүмкіншілігін) пайдалану.

Зерттеу сұрақтары:

  • Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру;
  • Оқытудағы кедергілерді қалай анықтауға және шешу жолдарын табуға болады?
  • Іс-әрекеттегі зерттеудің бір маңызды ерекшелігі - оны іс-әрекетке қатысты оқытушылар немесе оқушыларды зерттейтін сырттан келген зерттеу тобы емес, сол ұйымдағы не қоғамдағы мүше немесе сол ұжымның өзге мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатынында (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 91-бет).

Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:

  • Оқу міндетін анықтау үшін сынып топтарға бөлінеді;
  • Әр топ тапсырманы орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген);
  • Топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;
  • Топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді;әр деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;

Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде, ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түсетіні анық. Сабақ барысында модульдерді қолданып, топтық жұмыс жасау нәтижесінде:

  • Оқушылардың жас ерекшілектеріне сәйкес оқыту және оқу;
  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды орындауда,танымдылық қасиеті артады;
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту;
  • Шығармашылық қабілеті толығынан ашылады. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану;
  • АКТ-ны қолдана отыра, есте сақтау қабілеті артады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
  • Қалыптастырушы бағасынан,жиынтық бағасы шығатынын түсінеді;
  • Құрдастарын, өзін әділ бағалауға үйренді. Сыни түрғыдан ойлауға үйрету;
  • Әр жауабын сыни ойлап талдауға дағдыланды, өз бетімен жұмыс жасауға үйренді.

Бұл тәсілдің нәтижесінде оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында қойылған мақсаттарға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына, есепті өзара біріге шығаруға дағдыландырдым. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдым. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамын. 7 модульге топтасатырылып өткізілген сабақтың нәтежиелігі сол, оқушылар міндетті түрде топтасып отырып, қарым- қатытастары нығаяды, есеп шығару қабілеттері артты. Топтардағы бірлескен жұмыс мынадай мақсаттарға жетеді. Мәселені бірлесіп шешудің амалын табады, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізеді, күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы орта қалыптасады. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек.

Жоғары сыныптарға «Төртбұрыштардың ауданы» тақырыбында өткізген сабағымда әрбір топ оқушылары өз ойларын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдай отырып, топтық шешім қабылдап бір тоқтамға келді. Талқылай отырып қорытынды шығара білді. Яғни, төртбұрыштың, параллелограмның ұзындығын жіппен өлшей отырып, формула арқылы тапқан өлшеммен салыстыра алды. Сонымен қатар шығармашылық есептер құрастырып, жоғары деңгейде шығара білді. Сабақта әр топ оқушылары креативті бағалауды үйренді. Бұл сабақта екі топ ой- пайымдарының негізін құрып, мәнін ұқты. Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы орта қамтамасыз етілді. Топ мүшелерінің қабілеттері танылды. Топ мүшелері өзін-өзі танытты, өздеріне деген сенімділік қалыптасты. Екі топ төртбұрыштардың қасиеттерін дәйекті дәлелдемелер келтіре отырып, талқылап қорытынды шығара білді. Оқушылар өздерін-өзі бағалай алды және өздерінің оқуын қалай жақсартуды түсінді. Оқушылардың топтық жұмыста белсенділігі жоғарлады. Сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:«Тұйық» оқушылар еркін сөйлейді, бір- біріне сұрақ қоюға, оған нақты жауап беруге үйренді. Оқытуды басқару және көшбасшылық: Дарынды оқушылар арасынан көшбасшылық қасиеті бар оқушы болып танылады. Тұлғалық даму факторы ретінде оқушылардың ойын, коммуникативтік, практикалық, зерттеушілік, іс-әрекетіне бейімдеу өзгелерді тыңдау және түсіну, өзін көрсету, шешімді табу, топ ішінде өзара әрекет ету, ымыраға келу, топта жұмыс істеу, өзінің және достарының іс-әрекеттерінің нәтижесіне арнайы баға беру. Тапсырманы орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, ойларын ашық айтуға үйрене отыра, олар білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды.

Топтық жүйеде оқыту технологиясының тиімділігі:

  1. Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды толық қамтуға мүмкіндік туады.
  2. Оқушылардың өз беттерімен ізденістері туындайды, қосымша оқулықтармен немесе өз оқулықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады.
  3. Өз білімімен жолдастарының білімін саралай, бағалай білулеріне толығырақ мүмкіндік туады.
  4. Бір-бірлеріне бар ынта-жігерімен көмектесуге, үйретуге, бейім болады, үйретіп жүріп өзіде үйренеді.
  5. Оқушылардың бір-біріне жолдастық достық қарым-қатынастары арта түседі.
  6. Топтық жұмыстар кезінде ұйымдастыруды жөн жобаларын үйренеді, ұйымдастырушылық қабілеті арта түседі.
  7. Бағалау жұмысын салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе асыра аламыз.

Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, бұл жаңа әдіс-тәсілдің әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр.

Нәтиже және табыс критерийлері

  • Мұғалімдер сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданады;
  • Оқу белсенділігі төмен оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;
  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұны өзгереді;
  • Оқушылар өздерін-өздері бағалай алады және өздерінің оқуын қалай жақсартуын біледі;
  • Бағалауды енгізу нәтижесінде оқу сапасы артады;
  • Оқушылардың сабаққа көзқарасы өзгереді;
  • Ортақ шешімге келеді;
  • Әр оқушы өзін еркін ұстайды;
  • Оқу сапасын көтеруге ықпал етеді;
  • Сыныпта өзара ынтымақтастық орнайды;
  • Топтық жұмыста белсенділік жоғарылайды.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. “Математика және физика” журналы. 2013. №6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.