Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Эпостық жырларда кездесетін батыс қазақстан жеріндегі ежелгі мекендер

Аңдатпа

Мақалада жыр-эпостарда кездесетін Батыс Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалар мен елді мекендер туралы зерттеулер берілген. Соңғы кезде жазбаша деректер де табылуда. Келешекте отырықшылық мәдениет туралы зерттеулер жүргізгенде осы деректерді де пайдалануға болады. Осы мәселе мақалада баяндалады.

КІРІСПЕ

Ақын жыршылар толғауларында ежелгі қалалар мен елді мекендер атаулары кездеседі. Ақын жыршылар тарих пен географиялық атауларды жақсы білген. Олардың толғауларында мекен аттары, орналасқан жері және жер атары туралы деректер бар.

Батыс Қазақстан жеріндегі қала-мекендер аттары да олардың жыр толғауларында айтылады. Олардың орналасу аймағы жырларда суреттеледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Анықталып, археологиялық зерттеулер жүргізілген Қорғанша қаласы туралы деректер негізінен тек жыр толғауда ғана кездеседі- Қала туралы жазбаша деректер табылмай отыр. Оның бұрынғы аты да басқаша болуы мүмкін. Негізгі дерек көзі жыр-дастандар мен аңыздар ғана. Қорғанша қаласы үстіне қорған тұрғызып, жау келгенде хабарлау үшін қарауыл мұнарасын орнатқан деген аңыз бар.

Аңыз бойынша Асан Қайғы Еділден бері көшкенде бірнеше жүз адаммен сол жерге мекен салып он жыл отырған. Ол, туралы деректі жыршы Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906 ж.) - «Үш қиян» - деген жыр толғауынында кездестіреміз.

«Ақтөбе мен Қоғанша,

Асанқайғы бабаның,

Қызыл тастан үй салдырып,

Oh жыл тұтас отырып,

Әңгіме құрып кеткен жер...» - дейді.

Мұрат Мөңкеұлы тағы бір жырында Асан Қайғының тастан үй салғанын айтады.

Қарақұнан Қалдыбай,

Жалғыз ағаш Жақсыбай,

Асанқайғы бабаның,

Қызыл тастан үй салып,

Әңгіме құрып көшкен жер...- еді деп жырлайды.

Мұнда Асанқайғы бабамыз отырып кетсе, онда қала XV ғасырда салынған болады [1].

1860 жылы ақын Нұрым Шыршығұлұлы «Байбоз-Жанбоз» - атты жырында Асанқайғы жұртын Қорғанша (күдірі-белесі) дейді.

Қарабау мен Тайсоған

Ол, Қайғы Асанның жұрты екен, Қарауыл салып қараған

Қорғанша деген күдірден - деп жырлайды [2].

XIX ғасырдың ақындары Қорғанша қаласын Асанқайғы салдыртқан дейді. Қорғанша қаласы Қарабау мен Тайсоған ауданы жерінде орналасқан. Алаштың ардақтысы Халел Досмұхамедов қазақ тарихын жазам деушілер Мұрат Мөңкеұлының шежіресін пайдалану қажет деген [3].

Ал, Шынияз Шанайұлы ақын (1819-1875 жж.) Қорғаншаны салдырған Нұралы хан деп жырлайды.

«Хан болған одан кейін Нұралы еді,

Төренің арқар деген ұраны еді.

Хан ауылын Сырым шауып тоздырғанда, Ақылды Алдар биден сұрап еді.

Қараға хан баласы әкім болған, Ежелден келе жатқан мұраң еді. Тұрғызып Тайсоғаннан Қорғаншаны, Oh жылдай мекен еткен тұрағы еді», - деген [4].

Нұралы хан 1710-1790 жж. өмір сүрген. 1748-1786 жж. Кіші жүз ханы болған. Әбілхайыр ханның баласы. Ол, Бөкей ханнның (1801-1852 жж.) әкесі. Еділ қалмақтарына қарсы табысты соғыс жүргізген.

Нұралы хан хандыққа дейін байұлы руын басқарған. 1740 жылдың аяғында Хиуа ханы болды. 1741 жылы Парсы шахы Надирден қашып өз көшіне келеді. Екі айдан кейін әкесі қайтыс болған соң Кіші жүз және Орта жүз старшындарының қолдауымен хан болды.

1749 жылы 10 маусымда Елизавета императордың бұйрығымен хан болып бекітілді. Оның әкесі сияқты көшбасшылық қасиеті болмады. Орыс патшалығы осы кезеңде кіші жүзге өз үстемдігін жүргізе бастады.

1786 жылы қол астындағы старшындардың оның саясатына қарсы болуына байланысты, Екатерина II император оны Уфа қаласына жер аударды. Төрт жылдан соң қайтыс болды. 16-17 әйелі, 15 күңі, 40 ұлы, 34 қызы болды [5].

Қорғанша қаласын Нұралы хан салдырса, ол XVIII ғасырдың II жартысында салынған болады. Бұл деректен біз Кіші жүз хандары тек көшпелі өмір сүрмегенін көреміз. Олардың өз орда-қалалары болған. Жазба деректерден Нұралы ханның орда қаласы туралы дерек табылған жоқ.

Ал, Ақтөбе қаласының орны әлі белгісіз болып отыр. Батыс Қазақстан аймағы жерінде қазіргі кезде Ақтөбе аттас қала, тек Атырау қаласы маңындағы Ақтөбе - Лаэти қаласы. Оның салынған кезеңі XIII - XV ғасырға жатады. Алтын Орданың қол өнер қаласы. Сарайшық қаласынан оңтүстікте 50 шақырым қашықта. Каспий теңізінің көтерілуінен жойылған. Мәскеулік археолог Л.Л.Галкин 1974-1977 жылдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген [6].

«Ақтөбе мен Қоғанша,

Асанқайғы бабаның...деген,

Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» - деген жыр толғауынында кездестін «Ақтөбе» қаласы осы болуы керек.

Тоқсан баулы ноғайлар Мәслиқат тебе басында, Жылап кеңес құрады. Темірдің темен қасында. Жем өзенінің қасында. Жем өзенінің жағасы. Мекен еткен қаласы [7].

Бұл жырда Темір өзені өңіріндегі қала туралы айтылады. Соңғы археологиялық зерттеулер Темір мен Жем өзендері өңірінен Ащыбасшат қаласын ашты.

Қаланы ғалым Серікбол Қондыбай, қалмақ ноғай қаласы болған деп есептейді. Мақала авторы да осы пікірді қолдайды.

Темірдің басы құба бел,...

Жемнің басы - Мұқалжар... [8].

XV ғасырда өмір сүрген Доспамбет Жырау (XV ғ. 90 жыл - 1523 ж.) сол кезеңдегі қала қамалдары туралы тамаша теңеулер жасап, қала шайқасы туралы жырлаған.

Қалаға қабылан жаулар тигей ме, Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме, Қатарланып, қарланып, Қайран ер қарт күреңге мінгей ме! Қабырғадан қараған Достым мен дұспаным:

«Апырай, ер Доспамбет!» - дегей ме!... [9].

Сондай ақ батырлар жырларында қалмақ қалалары туралы да, көптеген деректер бар. Тарихшыларда қалмақтар отырықшылық өмір сүрмеген, тек көшпенді өмір сүрген деген көзқарас қалыптасқан. Жыр аңыздар басқаша мәлімет береді.

XVI-XVII ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген Жиембет жырау былай деп жырлаған.

«Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Қаланың қасы бүлгенде, Хандар қалаға тығылған, Сұлтандар сауға сұраған, Қаз мойынды ханша Қалда тұрып жылаған...

Taл шарбаққа мал сақтап, Tac қалаға жан сақтап, Тасқан екен мына хан [10].

Басқа да жырларда «қалмақ» қала-қорғандары туралы айтылады. Соған қарағанда қалмақтар тек көшпелі ғана емес, сонымен бірге мекен-қамалдар салып, немесе бұрынғы мекендерде де тұрған болса керек.

Еділ - Жайық бойында. Боғданың бергі жағасы, Хантөрткүлдің басы еді. Мұсаханның салған қаласы. (Сексен аршын қаласы) [11].

Тоқсан би кеңесіп Тоқтамысқа Едігені алты айшылық қалмақ қаласына жіберуге кеңес береді. Өтеген би ханға былайдейді:

 

Алты айлық жерде қалмақ шахарына, Қазір барып хабар алмақ керекдүр, Ләшкер тартып Төкешханның үстінен, Бажы, салығын алмақ керекдүр [12].

***

Өтеген би айтар ондай болмасқа, Ләшкер алып белді кісі бармаса, Қырық бір жылғы қаржыны бермесе, Басып қаласын алмақ керекдүр [13].

Едіге ата-анасымен қоштасып қалмақ қаласына аттанады.

 

Жаным аман тұрса тәнімнен шықпай, Мен келермін ата - анам қынжылмаң. Қайтпаспын қалмақтың қаласын жықпай, Қарарым жоқ ата - анам қынжылмақ [14].

Едіге қалмақ қаласына келіп оның дуалының биіктігі қырық кез екенін көріп

былай дейді.

Қателесіп бұл қалаға келіппін, Мен өзімді, алла саған тапсырдым. Мұнан аман шығуымды білмеймін, Мен өзімді аллам, саған тапсырдым. Меруерт тастан болса бұның бинасы, Қырық кез екен қалмақ ханның қаласы. Сенсең енді ғаріптердің панасы, Я, жаратқан, өзімді саған тапсырдым. Мен білемін мұнда жүрмін зар болып, Өлер болдым бұл қалада қор болып, Мен өзімді аллам, саған тапсырдым. Едіге дер саған тұтым жүзімді, Жас толтырып жылап екі көзімді, Бұл қалада өлтіреді өзімді -депті [15].

Едіге қалмақ қаласына кіреді. Қалмақтарды жеңеді. Төке ханнан көп салық алып еліне қайтқанда артынан қуғыншы шығады:

Сарайыма келіп сойқандар салып,

- деп артынан

-Кеткенді ұстап алып қайтың алтынды,

-Төке хан дер барса келмес қаламыз,

-Бұл қалада енді қалай тұрамыз,

-Сіздер барың, біздер кейін барамыз,

-Бекер, барып алып қайтың алтынды

Есқай палуан атанды Бұл шумақтардан қалмақтардың қала

мекендерінің болғанын көреміз [16].

Қобыланды батыр жырында да қалмақ қалалары аталады. Оны мына шумақтардан көруге болады.

 

Қалмақтың қала тас қала. Әскері мол масқара.

Тасқала деген қалаға, Аңқытып шауып жетеді [17].

***

 

«Қыс қыстауы Қараспан, Қараспан көке таласқан» [18].

Қараспан тауында, әкесі Тоқтарбайдың қыстауы болған.

Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы жерінде Кальмыков кньяз қаласы, қалмақ қаласы болған деген жорамал бар. Келешекте қалмақтардың мекендерін жүйелі зерттеу қажет.

 

Жау қаласы тасқала , Тағы бөлек бес қала» [19].

***

Қалмақ ханы Темірхан қаласы:

Эпостарда қызылбастармен шайқас суретеледі. Қызылбастар ирандық парсылар екені белгілі. Жырларда олардың қала мен мекендерді жаулауы баяндалады.

«...Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып, Ноғайлының жеріндегі, Қырлы қала, Сырлы қала деген екі қаласын тартып алады.

«Сырлы дейтін қаласы,

 

Қорғансыз сырты ашық - ты. «Қырлы» дейтін қалаға Атарман да шабарман, Бектері басы н қосыпты.

***

Қырлы қала шәрінің Бір жағы судың жағасы, Алты қабат ор қазып, Бекіткенін қарашы.

Қырық жерден қойдырып, Болаттан соғып қақпаны [20].

Қазан хан қалалары болған.

 

Ортасында қаланың Тысқы қорған ішінде, Ішкі қорған тысында, Ep Қазанның аузына Қобланды құйды балшықты [21].

- Қобландының әкесі мен шешесі Тоқтарбай мен Аналықтың тұрған қаласы

да аталады.

Балаларын ертіп ап, Көктім Аймақ шәһәріне, Шеру тартып барысты [22].

***

Қара қала ерлері, Түгесіліп болған соң [23].

Қызылбастардың Алшағыр ханы шәһәрі.

 

Кешегі қалған қызылбас Қаласына келеді, Қақпасына енеді. Қырылған жанын есептеп, Мың - мыңнан салып кесектеп.

Оба қылып көмеді [24].

Бір ескере кететін мәселе кейбір деректерде Ғазан хан мен Қазан қаласын бір атау деп шатастырады.

Б.К.Кенжебаев бұл жыр Қазан оқиғасы емес, Қызылбастың Ғазан ханының қыпшақ - қият елдеріне жасаған шабуылдарымен байланысты алып қарауымыз керек деген пікірді алғаш рет ұсынды.

Қазақтар «қызылбас» деп атайтын Иран елінде Ғазан деген ханның болуы тарихи дәлелденген. Грузин тарихының айтуынша Ғазан 1295 ж. хан болады. Ғазан хандығы (Иран хандығы) ильхандардың ішіндегі күшті хан болған [25].

Ғазан 1295 ж. хан болады. 1304 ж. өлді. 1297 ж. Грузин патшасы Давид VIII бен соғысты. 1299 ж. Ғазан Египетпен соғысты. Бұл пікірді ғалым Мәлік Ғабдулин де қолдайды. Қазан хан Ғазан хан болғанын [26].

Қобланды жырын қай ақын жырласа, сол өзгертіп отырған. Жыршы Айса Байтабынұлы: Қобландыны өзінің туып өске жері Ақтөбе облысы, Қобда ауданында болған, Қобда өзеніне кетіп өлген деген.

Нұрпейіс Байғанин ақын өзінің жерлері туралы айтады: - Алшағыр хан Қобланды елін шабады. Қобыланды келіп жеңеді. Еліне Тайсойған, Қарабау, Тортабасы т.б. жерлерді атап кетеді [27].

Мергенбай жырау нұсқасы: «Қызылбастың Қазан деген батыры Қырлы қала, Сырлы қала деген Ноғайлының екі қаласын шауып алады» [28].

ҚОРЫТЫНДЫ

Ақын-жыршылар өлке тарихы туралы жақсы біліп, соны өз жыр дастандарында қолданған. Эпостық жыр толғаулардағы қала-мекен атаулары туралы деректерді өлке тарихының отырықшылық мәдениетінің ескерткіштерін зерттеуде қолданып, зерделенуі қажет.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Тарихи тұлғалар. Есет, Алдар, Мұрат, Шернияз. A., 2004. 17 тарау, 58 б.
  2. Сүйіншәлиев X. VIII-XVIII ғасырлардағы Қазақ әдебиеті. A., 1989. 156 б.
  3. Халел Досмұхамедов. Аламан. A., 2002. 39 б.
  4. Шынияз Шанайұлы. Бойында Үштемірдің Әлім жүрген. // Алқаласа әлеумет. A., 1991. 98 б.
  5. История Букеевского ханства, 1801-1852 г.г. A.,2002; Ерофеева И.В. Казахские ханы и ханские династии в XVIII - середине XIX в. // Культура и история Центральной Азии и Казахстана; Проблемы и перспективы исследования: Материалы к летнему университету по истории и культуре Центральной Азии и Казахстана (4-23 августа 1997 г.) Алматы, 1977. С. 79., 114-116; Ерофеева И.В. Хан Абулхайр: полководец, правитель и политик. А., 1999. С. 294.
  6. Л.Л.Галкин., М.С.Касенов., В.К.Афанасьев. Средневековое городище Актобе - Лаэти (XIII-XV вв.). Атырау, 2013.
  7. Мұрын Жырау. Қарға бойлы Қазтуған. // Батырлар жыры. А.,1990. T.VI. 73 б.
  8. Қашаған Күржіманұлы. Ай, заман - ай, заман - ай. // Бес ғасыр жырлайды. А., 1991. 2 том. 102 б.; Касенов М.С. Ащыбасшат және Алгелді қала бекіністеріндегі зерттеулер. // Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал - Каспий аймағы» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жылдығына арналғаан II халықаралық ғылыми конференция материалдары. (Ақтөбе қ., 14-18 қыркүйек 2011 ж.) Алматы - Ақтөбе, 2011. 141-145 бет.
  9. Доспамбет жырау. // Ай, заман - ай, заман - ай. / Бес ғасыр жырлайды. А., 1991.
  10. 2 том. 31 б.
  11. 10 Жиембет жырау. Есім хан. // Ай, заман - ай, заман - ай. / Бес ғасыр жырлайды. А., 1991. 2 том. 53 б.
  12. 11 Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. А., 1989. 5 том. 122 б.
  13. 12 Едіге батыр. Алматы, 1999. 314 б.
  14. 13 Едіге батыр... 315 б.
  15. 14 Едіге батыр... 315 б.
  16. 15 Едіге батыр... 315 б.
  17. 16 Едіге батыр... 318 б.
  18. 17 Батырлар жыры. // Қобланды жыры. А., 1986. 1 том. 236 б.
  19. 18 Батырлар жыры... 17 б.
  20. 19 Батырлар жыры... 247 б.
  21. 20 Батырлар жыры... 29-30 б.
  22. 21 Батырлар жыры... 69 б.
  23. 22 Батырлар жыры... 216 б.
  24. 23 Батырлар жыры... 142 б.
  25. 24 Батырлар жыры... 247 б.
  26. 25 Жұмалиев Қ.Ж. Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1958.
  27. 1 том. 40 б.
  28. Мәлік Ғабдулин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алма - Ата, 1958. 152 б.
  29. Жұмалиев Қ.Ж. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. Алматы, 1958. 1 том. 40 б.
  30. Жұмалиев Қ.Ж. Қазақ эпосы мен әдебиеттарихының мәселелері... 40 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.