Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атырау өлкесінде xx ғасырдың 20-30 жылдарында жүргізілген бай-феодалдарды тәркілеу шаралары (теңіз ауданы мысалында)

Аңдатпа

Мақалада XX ғ. 20-30 жж. Атырау өлкесінде бай-феодалдарды тәркілеу жөніндегі мәселелер мұрағатдеректері негізінде баяндалған.

Кеңестік дәуірде коммунистік идеологияның ықпалымен қазақ жұртшылығының әлеуметтік құрамына байланысты шешімдер бүкіл Ресей мемлекетінде қалыптасқан стереотиптер шеңберінде қабылданды.

Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мүлде ескерілмей, жұртшылықты үстем тап пен қанаушы тапқа бөліп қарастырды. Ал шындығында Қазақ қоғамында Европа мен Ресейдегідей кедейлерді сүліктей сорған бай-феодалдардың болмағандығын орыс зерттеушілері профессор Кушнер мен Полочанский 20- жылдары атап көрсеткен болатын. Мәселен, Кушнер қазақ ауылында тап күресі өршіп тұр дегенге қарсы өз пікірін былай деп жазды: «Мен тап күресін және әлеуметтік таптарды босқа іздеппін, нақты тап түсінігіне сәйкестікті іздедім, бірақ таппадым». Қазақ қоғамындағы ауқатты мен қара шаруаның тұрмыстағы айырмашылықтарының шамалы екенін, ал бұл олардың өзара қарым-қатынасында елеулі рөл атқаратынын 1926 жылы Е.Полочанский де жазған еді. Қазақ ауылындағы байлар мен ауқаттылардың үлкен ұйымдастырушылық беделін байқаған ол былай дейді: «Бұқарада таптық сананың мүлде болмауы жағдайында, ол (бай), жайлымдық мал шаруашылығы жағдайында, ешқандай қанаушы ретінде емес, керісінше шаруашылықтың - рулық негізде қалыптасқан қоғамның орны толмас және пайдалы мүшесі ретінде құрметтеледі».

Қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының: «Қазақтарда бай мен кедейдің арасында таптық қайшылық жоқ, оларда рулық мүдде немесе жалпы қазақтық мүдде таптық мүддеден басым түсіп жатады» - деген пікірлері кейіннен большевиктер тарапынан «реакциялық теория» ретінде өткір сынға алынды. Соның кесірі бай-феодалдарды тәркілеу кезінде айқын көрініс тапты.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін Атырау облыстық мұрағатында 88 жыл бойы сақталған №3 қордың, 4-тізіміндегі «Теңіз ауданындағы ірі байлар мен феодалдардың мал-мүлкін тәркілеуге дайындық және оны жүргізу шаралары» атты №1 іс материалдарын оқушы назарына сол күйінде ұсынамыз.

Конфискация жөніндегі округтік комиссияға Көшірмесі: БКП (б)-ның Округтік комитетіне Теңіз ауданы бойынша өкіл Орынтаевтан

БАЯНДАМА

ОКРИК-тің 1928 жылы 9 қыркүйектегі №3263 куәлігінің негізінде мен 10 қыркүйек күні ірі байлар мен жартылай феодалдардың малы мен мүлкін тәркілеу үшін Теңіз ауданына іссапарға шықтым, бірақ байланыстың нашарлығынан аудан орталығына тек 1928 жылдың 16 қыркүйегі күні ғана жеттім. Демалыс күні болғанына қарамастан БКП (б)-ның Аудандық комитетінің отырысы шақырылып, хабарлама жасап келген мақсатыммен таныстырғаннан кейін, сол отырыста ауданның неғұрлым жауапты қызметкерлері арасынан кандидатураларды анықтап, оларды Аудандық тәркілеу комиссиясы құрамына және ауылдық өкілдер қызметіне тағайындадық. Сөйтіп, жоғары органдардың директиваларының негізінде аудандық комиссия құрамына төмендегілер енді :

  1. Дүйсебаев (Аудандық атқару комитеті) кейіннен ол аудандық партия комитетінің хатшысы Саналиевпен ауыстырылды.
  2. Досмайылов (Қосшы одағы)
  3. Дүйінов (жер бөлімі)
  4. Хайруллин (жұмысшы комитеті)

Ертеңіне, яғни 17.09.1928 жылы ауыл өкілдері қатысқан Партактивте, мен тәркілеу туралы толық баяндама жасап, Қазақ өлкесі партия Комитеті директиваларымен, осы жылғы 27 тамыздағы үкіметтің декретімен, ҚАССР Совнаркомы ұсыныстарымен егжейлі-тегжейлі таныстырғаннан соң, актив менің баяндамамды жан-жақты талқылай отырып, бірауыздан төмендегідей қаулы қабылдады: «Орынтаев жолдастың экспроприация кампаниясына дайындықтың маңызы туралы баяндамасын тыңдай отырып, ауылдық өкілдердің қатысуымен өткен актив жиналысы экпроприация принципін ауылдың таптық жіктелуін қамтамасыз ететін қажетті шара деп, кедейлер мен батрактарды байлардың қанауынан құтқару құралы деп бірауыздан қабылдады,сонымен қатар Теңіз ауданы көшіп-қонушылар аз таза өндірістік аудан болғандықтан, мал саны аса көп емес аудан болып табылады. Аудан жұртшылығының арасында патша шенеуніктері аз емес: олар болыстар, хатшы-песірлер, кеңесшілер, депутат-старшиналар және т.б, олар патша өкіметіне ұзақ уақыт мінсіз қызмет еткені үшін наградалар алғандар. Одан көретініміз, олар мал басын өсірмей, көбейтпей, керісінше оларды ақша капиталына айналдыруға тырысқан, немесе малды жасанды түрде бөлшектеумен айналысқан, сондықтан жартылай көшпелі ауданның нормасы біздің жағдайға мүлде сәйкеспейді, осыны ескеріп, Округтік орталықтың алдына біздің ауданды отырықшы аудандардың қатарына жатқызу қажет»

Осындай шешімдер барлық әкімшілік аудандардың кедейлерінің жиналыстарында, Аудандық партия Комитеті бекіткен кедейлер мен батырақтардың партиядан тыс конференцияларында қабылданды. Осыған байланысты актив пен жергілікті жұртшылықтың пікірлерімен келісе отырып, аудандық комиссия жартылай көшпелі ауылдардың қатарына төмендегі елді мекендерді: Мыңтөбе, Дыңғызыл, Қарағайлы ауылдарын, ал қалғандарын шаруашылық түріне орай отырықшыларға жатқызуды жөн көріп, ол жөнінде орталықтың рұқсатын алу үшін сұранысын телеграф арқылы уақытында жіберді. Сол жиналыста байлар мен жартылай феодалдардың тізімі талқыланды, ондайлар ауданда 43 адам болып шықты, бірақ бұл тізімге тек ірі байлар ғана ілінетін есепке алынбады, сонымен қатар тізімдегілердің мүмкіндік жағдайы толықтай анықталмағандықтан, актив өзінің қаулысымен кетіп бара жатқан ауыл өкілдерін үш күн ішінде кәмпескеге жататындардың мүліктік жағдайының 1928 жылдың 1 қаңтарындағы нақты мөлшерін анықтап, ол жөнінде Аудандық комиссияға хабарлауды қатаң міндеттеді. Одан кейін Аудандық комиссияның жұмыс жоспарын, ұсыныстарын дайындауға өкілдерді ауылдарға жіберу үшін ат-көліктерді іздестіруге кірісіп оларды барлық қажетті ережелермен, директивалармен қамтамасыз ете отырып байларды тәркілеуге қажетті үгіт-насихат жұмыстарын 19 қыркүйектен бастап, 1928 жылдың 1 қазанында бітіруді жоспарладық.

Тәркілеуге төменгі аппараттың, жұртшылықтың дайындық деңгейі және кедейлер мен батырақтардың орта шаруаның көңіл күйі

Округтік атқарушы органдары мен аудандық тәркілеу комиссиясының болашақ тәркілеу шараларына кірісуге байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу туралы жарлықтарына қарамастан, бұл бағытта дұрыс жұмыс жүргізілмеген, себебі бұндай «экспроприацияға» төменгі аппаратта, қалың жұртшылықта дайын болмай шыққандықтан, кейін осы компанияның жүрісіне теріс ықпал етті. Қалың жұртшылық болашақ компанияны барлық байлардың малый тартып алып, оны кедейлерге бөліп береді деп түсінгенде, байларды жер аудару шарасынан мүлде хабарсыз болып шықты. Тәркілеу жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізгеннен кейін, қалың жұртшылықтың оның ішінде сіңірі шыққан кедейлердің көңіл-күйі едәуір көтеріліп, соңғылары «жерден жеті қоян тапқандай» қуанып, тәркілеу шарасының таптырмайтын көмекшілеріне айналып, байлардың тығып қойған малдарын анықтау ісіне құлшына кірісті.

Компанияға кедейлердің қанағаттандырарлық көзқараста болғандығын төмендегі деректер дәлелдейді.

  1. Ботақан аулында №14 Госрыбтрестің Өлеңті аулында №4 «Каспий» серіктестігінің жұмысшылары жиналысында сөйлегендер өкілдің тәркілеу туралы баяндамасы бойынша өз пікірлерін білдіріп, Совет үкіметінің ірі байлардың мал- мүлкін тәркілеу жөніндегі саясатын қолдайтындығын жеткізіп, сонымен қатар барлық жұмысшылар мен батрактарды барлық байлар мен атқамінерлерге Қазақстанның еңбекшілерінің тап жаулары ретінде күреске шақырды.
  2. Осы ауылдың «Шалбар» елді мекенінің делегаты, халық сотының өкілі Наурызова Жақұт ауыл активінің жалпы жиналысындағы өзіндік ашық сөзінде осы тәркілеу кампаниясының орасан зор саяси маңызына тоқтала отырып, жұртшылықты бұл шараға белсене қатысуға шақырып қана қоймай, өзі тарапынан экспроприацияға лайықты деп Самиев Жұмағалиды, Өтепқали, Сұлтанғали Әлиевтерді және басқаларды атап көрсетті.
  3. Партия мүшесі Төлегенов Қази партиядан тыс батрактар мен кедейлердің аудандық конференциясында Танашевтар мен Құрманбаевтардың және басқалардың қызметін сипаттай отырып, олардың 1916 жылы қазақтарды тыл жұмыстарына алу кезіндегі қазақтарға істеген қиянаттарын ашып берді. Өз сөзінде ол аталған байлардың мал- мүлкін тәркілеп қана қоймай, оларды елден жер аудару мәселесін төтесінен қойды.

Осыған ұқсас деректер барлық ауылдардың кедейлерімен өткізілген конференцияларында орын алды. Орташалардың байларды тәркілеуге байланысты көзқарасына тоқталатын болсақ, олар барлық жағдайларда түпкілікті түрде кедейлер жағында болып, бұл маңызды шараны толықтай қолдап отырды. Онысын олар сөзбен де, іспен де дәлелдеп, аудандық комиссияның ауылдарға жүріп- тұруына ат-көлікпен көмектесті. Мәселен, Бірлік және басқа ауылдарға барғанда өкілдер солардың көмегіне сүйенді. Бірақ та, кейбір орташалардың, атап айтқанда Зормата №10 ячейкасының хатшысы Оразбаев Айыптың, Ботақан ауылдық Советінің хатшысы Алекешовтың №14 Госрыбтрестің кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұғымановтың тарапынан кәмпескеге тартылған байлар Самиев Нұрғалиды, Жұбатыров Шәмішті, Әбішов Хайдарды азат ету туралы үзілді-кесілді түрде талап етулері комиссия жұмысына кесел келтіргендіктен оларды шұғыл турде жұмыстарынан босатуға шешім шығаруға тура келіп, ал Нұғмановтың ісі Аудандық партия комитетіне жолданып, оның партия қатарында болуы туралы мәселені қарау жіті тапсырылды.

Тәркілеуге ұшырайтын тұлғаларды аныңтау әдістері, байлардың жалпы көңіл күйі

Тәркілеуге жататын адамдарды анықтау кезінде олардың меншіктік жағдайы, әлеуметтік қаупі, қазіргі кездегі және бұрынғы уақыттағы қызметі, айналысатын жұмысы мен қоршаған ортаға беделінің, ықпалының деңгейі, хандар мен сұлтандарға және жартылай феодалдарға қатысы мұқият тексерілді.

Жергілікті жерлерге жіберілген өкілдердің мәліметтері бойынша 26 адамды анықтап, ол туралы қағаз түрінде 22.IX.28 Округтік комиссияға телеграфпен жіберілді.

Соңғы кезде тәркілеуге жататын және округтен жер аударатын адамдардың санының аз екендігін ескеріп, олардың арасынан 15 адамды таңдап алып, Окригтің санкциясын сұрап 1928 жылдың 26 қыркүйегінде телеграфпен хабар жіберген болатынбыз, бірақ 3 қазанға дейін ешқандай жауап ала алмадық. Округтік орталықтың бұндай жайбасарлығы сайып келгенде антикеңестік элементтердің бастарын көтеруіне, кәмпескеге қарсы әрекеттердің (Ботақан ауылы кедейлері) орын алуына әкеліп соқты. Аталған ауылсоветтің хатшысы Әлекешов деген біреу байлардың сойылын соғатын адам болып шықты. Ол туралы басында айтылды. Оның үстіне сол ауылдың байлары Шандыбаев пен Байтеленов дегендер, егер оларды жер аударған жағдайда кедейлерден кек аламыз деп қорқытты.

Байлардың белсенділігін, олардың кедейлердің арасындағы ықпалы, сондай- ақ жергілікті жердегі туған-туысқандармен белсенді «коммунистсымақтарға» (мысалы Оразбаев, Нұғманов) артқа сүйреулерін ескере отырып, біз қатаң шараларды алуға мәжбүр болып сондай адамдарды (11 адам) жабуға үкім шығардық, кейбіреуін үйлеріне қамадық.

Жұртшылықты қамту деңгейі

Сөйтіп аудан бойынша 66 жалпы жиналыс өткізіліп, оларға 4670 адам қатысты. Олардың: ерлері 4001, әйелдері 669, коммунистер 239 адам, кедейлер 2232, орташалар 723, жұмысшылар мен батрактар 710 жұмысшы мен батрак әйелдер 180, ВЛКСМ мүшесі 81, кедей әйелдер 475, процентке шаққанда қазақтар барлық сайлаушылардың 30% құрады. Бұндай процент бірнеше жағдаймен: дұрыс байланыстың болмауы, аудан ішіндегі аумақтың бір-біріне алыс орналасуы, аудан жұртшылығы көпшілігінің ауда және құмаршық жинауда жүруімен түсіндіреледі. Тәркілеу кампаниясының нәтижесін барлық жерде, оның ішінде орыс кедейлері арасында да дұрыс қабылдады, бірақ бір жерде өте қолайсыз оқиға болды: 1928 жлдың 28 қыркүйегінде Госрыбпромның есепшісі Аполихин деген біреу жұмысшылар жиналысында байларды тәркілеу туралы мәселені талқылау кезінде байларды тәркілеуді жүргізу барып тұрған тонаушылық деп бағалап, біздің өкілге жұртшылықты қарсы қоя отырып, елдегі байлардың малдарын тәркілеуге жол бермеуге шақырған. Осындай әрекеті үшін Аполихин дереу жауапқа тартылып, оның ісімен айналысу Теңіз ауданының қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

Ыңпал ету комиссиясы

Теңіз ауданында барлығы 11 әкімшілік қазақ ауылы бар, олардың барлығында 15-тен 25 адамнан тұратын ықпал ету комиссиялары құрылып, 191 адамнан тұрды. Олардың ішінде кедейлер 106, батрактар мен жұмысшылар 25 адам, әйелдер 9, коммунистер - 41 , комсомолдар - 10 адам. Комиссия мүшелерінің тәркілеу кампаниясына байланысты қызметін, оның дайындық кезімен жүрісін қанағаттандырарлық деп айтуға болады. Олар байларды тәркілеу кезінде тәркілеу комиссиясының барлық тапсырмаларын бұлжытпай орындап отырды, орталықтың директивалары мен ережелерін, комиссияның құжаттарын елді мекендерге көп жағдайда, көліктің болмауы себепті жаяу, кейде күніне 12-14 шақырым жерлерге апарып жеткізіп отырды. Тәркілеуге байланысты өткізілген батрактар мен кедейлердің жалпы жиналыстарында сөйлеушілер партия мен үкіметтің саясатын бірауыздан қолдайтынын, жұртшылық арасында бөтен элементтерден құтылу қажеттігін, тәркіленген ірі байлардың мал-мүлкін ортаға салып ұжымдық шаруашылықтар құру туралы тоқталды.

Теңіз аудандық партиядан тыс адамдардың конференциялары 1 қазаннан бастап өткізілді. Күн тәртібінде мынандай мәселелер талқыланды:

  1. Тәркілеу туралы және тәркілену кампаниясына дайындықтың нәтижелері туралы.
  2. Партия мен Совет үкіметінің ауылдар мен деревнялардағы кезекті міндеттері.
  3. Шабындық жерлерді белу және ауыл шаруашылығы салықтары туралы есеп.

Конференцияның бірінші мәселесі бойынша өз қаулысымен осы жылғы 27 тамыздағы үкіметтің Декретін қолдай отырып, шаруалар мен кедейлерді жергілікті жерлерде байларды қолдаушыларға қарсы аяусыз күрес жүргізе отырып, Оразбаев сияқтыларды және төменде көрсетілгендерді тәркілеу түрінде немесе ең болмаса жер аудару түрінде жазалауға шақырды:

1. Танашев Құсайынды

2. Өтепқали және Сұлтанғали Алиевтерді

- Бірлік ауылы

- // //

3. Самиев Жұмағалиды

- H H

4. Жұбатыров Шәмішті

- Зормата ауылы

5. АртықовХаристі

- Нұржау ауылы

6. Танашев Өтеғалиды

- Ботақан ауылы

7. Исатаев Өтепқалиды

- Мыңтөбе ауылы

8. Құрманбаев Қайырлыны

- Забурун ауылы

9. Сәрсенғалиев Сырымды

- Забурун ауылы

10. Байтенов Әмірғалиды

- Ботақан ауылы

11. Құдайбергенов Алпанды

- Забурун ауылы

12. Оңдыбаев Мұхамеджанды

- Забурун ауылы

13. Қондыбаев Қасымды

- Морской ауылы

14. Үсібалиев Махмудты

- Өлеңті ауылы

15. Бекбаев Мұхамедшәріпті

- Нұржау ауылы

Сонымен қатар конференцияда БКП (б) Қазөлкекомитеті мен Қазақ атқару комитетіне БКП (б) өлкелік комитетіне төмендегі мәтінді салтанатты телеграмма жіберуді жөн деп тапты:

Қызылорда БКП ( б) Қазақ өлкелік партия комитетіне, Қазақ атқару комитетіне «Теңіз аудандық кедейлер конференциясы барлық ауыл кедейлері атынан бай элеметтерімен патша жартылай феодалдарының мүлкін тәркілеу туралы заңды толықтай қолдай отырып, бұл шараның ауылды кеңестендіру ісіне және кедей мен орта шаруаның одағының одан әрі нығая түсуіне бастайтын ірі жол деп санайды. Аудан кедейлері ірі байлар мен феодалдардың мал мүлкін тәркілеу ісінде өздерінің барлық күш жігерін аямайтындығын өлкелік басшылықа жеткізуді сұрайды. Ауылдың шын мәніндегі таптық бөлінуі жасасын!

Партия мен Советтердің өлкелік ұйымдары жасасын!»

Конференция Президиумы Тәркіленудің жүрісі

Құлшурин жолдастың 4 қазандағы № 96 телеграммасына сәйкес, біз Танашев Құсайынның, Құрманбаев Қайырлының, Өтепқали және Сұлтанғали Әлиевтердің мал- мүлкін тәркілеуге кірістік, алайда бұл шаруа тәркілеуге дайындық кезеңіне қарағанда әлдеқайда қиынырақ болып шықты, себебі байлар бұл шараға әбден алдын- ала дайындалып алыпты, кейбір жағдайларда күні бұрын малдарын жасырып үлгерген немесе оларды бөліп-бөліп ағайындарына, туған туысқандарына, мәселен әйелінің, ағасының т.б атына жазып қойған. Мысалы Танашевтың шаруашылығы бөлшектеніп, өзінің атына және кіші әйелі Күлжамалдың атына жазылса, Құрманбаевтың малы балаларына бөлініп жазылыпты. Бірақ, оған қарамастан жергілікті билік бұл құжаттарды заңдылық күші жоқ деп тауып, олардың «күнәсін» сол күйінде қалдыруға шешім шығарды.

Танашевтың Астрахань округіндегі Марфин ауданына, Алиев Сұлтанғалидың Краснояр ауданына көшуі тәркілеуге қиындық келтіргеніне қарамастан, комиссия ол қиындықтарды жеңе отырып, төмендегі нәтижеге қол жеткізді.

Ең әуелі Танашевқа тоқталсақ:

1. Танашев Қусайын Теңіз ауданы Бірлік ауылының азаматы, 63 жаста, жеті атасынан бері бай, өзі бұрынғы старшина және округ болысының көмекшісі, балық өндірісінің ірі иегері, саудагер, түзелмейтін рушыл, тек Теңіз ауданына ғана емес, букіл округке ықпалы мықты адам. 1916 жылғы қазақтарды тыл жұмыстарына алу кезінде Танашев қазақтарға көп қиянат жасап, оларды тонады. Соңғы кезде Танашев Астрахань округінің Марфин ауданында тұрды, ондағы мақсаты Қазақстанда жүргізілетін тәркілеу шараларынан бас сауғалап, малын жасыру еді. Танашевтың бағымындағы жанұяда 5 адам бар. Барлық деңгейдегі жиналыстарда Танашевты қоғамға қауіпті элемент ретінде бүкіл отбасымен Гурьев округінен аластату мәселесін бірауыздан кедейлер қолдады. Танашев Құсайынның мал- мүлкін тәркілеу үшін БКП (б) Нұржау ұясының хатшысы Төлегеновке, аудандық партия комитетінің қызметкері Оспановқа өкілеттілік беріліп,олар төмендегі мәліметтерді жеткізді. Осы жылдың 1 қаңтарында Танашев меншігінде 70 бас ірі қара мал болған, бірақ тәркілеуге ірі қарадан және ұсақ жандығын қосқанда 37 бас қана малы есептелген. Ал қалғандарын төмендегі адамдарға бөліп қойыпты:

  1. Бірлік ауылының тұрғыны Бугаевтың көрсетуімен Танашевтың 5 малы Байды ауылының тұрғыны Төлегенов Мұқанбетқалидан табылды.
  2. Бірлік ауылының Кеңесінің төрағасы Дарабаевтың айтуымен Байды ауылының тұрғыны Жүгінісов Харестен Танашевтың 1 сиыры, 1 шөп шабатын машинасы, 1 шөп жинаушы, 9 қанат киіз үй тартып алынды.
  3. Шонанова Ажардың көрсетуімен Бірлік ауылының азаматы Нұржанов Әліпқалидан 1 сиыр бұзауымен тартып алынды.
  4. Танашев Құсайынның бақташысы Сейітовтың көрсетуімен Танашевтың 10 бас малы жайлауда тығылған жерінен қайтарылды.
  5. Бірлік ауылының азаматы Ниязғалиев Өтегеннің көрсетуімен Танашевтың 1 қойы Зорматалық Құдайбергенов Әубәкірден тартып алынды.
  6. Бірлік ауылының азаматы Сайытов Уәлидің көрсетуімен 4 бас ұсақ жандық, 2 арба, Марфин ауданының тұрғыны Танашевтың кіші әйелінің інісі Ахметов Зұлфұқардан табылды.
  7. Танашев Құсайынның туған інісі Хисардың қолынан бір айғыр мен бір бие тартып алынды.

Танашевтан тәркіленген барлығы 53 малдан 11 бас мал Ережеге сай өзіне қайтарылды, 18 бас малды бірлік ауылдық Кеңесіндегі колхоздарға, қалған 20 бас малды аудандағы ұйымдасқан 9 шаруашылыққа бөліп берілді. Колхоз құрамына 15 шаруашылық енді.

Танашевтың тәркіленген мүлкінен: 6 бөлмеден тұратын үй, ас бөлмесі бар екі бөлмелі үй, дүкен, үлкен саман шолан, 1 шөп шабатын машина, 1 тырнауыш, 2 арба,1 кілем, 1200 сом тұратын 1 қайық, 1 соқа, 1 жер тырнауыш. Киіз үй мектепке, қалған үйлері атқару комитетінің қарамағына берілді.Ауыл шаруашылығы құралдары мен қайық жаңадан құрылып жатқан «Жайық» колхозына берілді.

2. Самиев Жұмағали - жалпы жиналыстардың қортындысымен ірі байлар қатарына жатқызылды. Саудагер, қазірге дейін топ құрумен айналысады, айналадағы кедей- кепшіктерді қанап келеді, жасы 37-де, отбасында 14 жанды асырап келеді. Бұны да барлық жиналыстар өз қаулыларымен мал-мүлкін тәркілеп, жер аударуды дұрыс деп тапты. Самиев Жұмағалиды тәркілеу үшін Әжігереев пен Үмбеталиевті іс сапарға жіберді.

1928 жылдың 1 қаңтарында Самиевтің жеке меншігінде 170 бас мал болған, ал тәркілеу кезінде 110 бас мал болды. Осы көрсетілген ПО бас малдан Казсовнаркомның нұсқауына сай 40%, яғни 37 бас мал жаңадан құралған коллектив™ шаруашылық «Талды-Мүше-Оралға» беріліп, ал қалған малдың %, яғни 55 бас мал жеке қожалықтарға тегін бөліп берілді.

Аталған мал шаруашылығы ұжымына 25 шаруашылық енген, оның ішінде: 22 Қосшы серіктері, 3-уі партия мүшесі. Самиевтің мүлкінен 1 саман үй, 2 киіз үй, 2 кілем тәркіленіп, олар Атқару комитеті қарамағына берілді.

3. Құрманбаев Қайырлы- Бірінші округтің 10-15 жыл болыс басшысы болған ол да Танашев сияқты 1916 жылы қазақтарды тонаған, оның әлеуметтік қауіптілігі Танашевтан еш кем емес, сондықтан партиядан тыс кедейлердің жалпы жиналысында сөйлегендер Құрманбаевтың мал-мүлкін тәркілеп, өзін Гурьев округінен тыс жерге жер аударуды талап етті. Құрманбаев Қайырлы ұзақ жылдар бойы мінсіз қызметі үшін патша үкіметінен көптеген белгілер мен марапаттар алған, олардың ішінде Романовтар династиясының 300 жылдығы мен 1897 жылғы халық санағына қатысқаны үшін алғандары бар, сондай-ақ обаға қарсы күрестегі белсенділігі үшін де марапат алыпты. Құрманбаев Қайырлының жасы 54-те, асырауында 15 адам бар. Құрманбаевтың малы мен мүлкін тәркілеу үшін Теңіз аудандық Тағамдар қоғамының төрағасы Шынтеміров жіберілді.

Кедейлердің жалпы жиналысының мәліметі бойынша Құрманбаевтың 1928 жылы 1 қаңтарда 60 бас малы болған, бірақ кәмпеске кезінде 51 бас малы болды, оның ішінде 11 басын Құрманбаевтың өзіне қалдырып, бір түйесі салық төлеуге алынды, қалған 39 бас малы ауданның 14 шаруашылығына: 4 партия мүшесіне, 2 комсомол мүшесіне, 4 қосшы мүшесіне, 4 кедейге пышақ үстінде бөлініп берілді.

Байдың малый бөліске салған кезде ауданның кедейлерінің көңіл күйлері өте көтеріңкі болды, үлес алғандары «Әкелері базардан келгендей» қуанса, ала алмағандары тартып алынған малдар әйтеуір колхозға, ортаға түсетініне сенімді болып, масайрады.

Барлығы аудан бойынша 337 бас мал тәркіленді.

ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Теңіз ауданы партия ұйымдарының тікелей басшылығымен тәркілеу жөніндегі жұмыстарға алдын- ала дайындықты, сондай- ақ тәркілеу кампаниясын дер кезінде жүргізудің арқасында алынған малдарды кедей жұртшылыққа дұрыс бөлініп берілді.
  2. Тәркілеу кезінде байларға жақ болған бірқатар жауапты қызметкерлер, атап айтқанда Зормата партия ұясының хатшысы Оразбаев, Ботақан ауылының кеңесінің хатшысы Әлекешов, № 14 Госрыбпром кәсіподағының төрағасы Нұғманов жұмыстан алынып, жауапқа тартылды.
  3. Тартып алынған малдарды шаруашылықтарды дұрыс өсіру үшін Орталықтың алдына мәселе қойып, әрбір қожалыққа 5000 сомнан қарыз беріп, оны өтеуді 2 жыл мерзімге белгілеу қажет.
  4. Жаңадан құрылған мал колхоздары тарап кетпеу үшін Округтік жер басқармасы мамандарын шақыртып, оларға нұсқаулар бергізу қажет.
  5. Өткізілген тәркілеу кампаниясы менің пікірімше, кедейлерді орта шаруалармен ынтымақтастыра отырып, байлардың, атқамінерлердің, хандар мен сұлтандардың ұрпақтарын қалың жұртшылықтың арасында Кеңестер саясатына қарсы дұшпандық ниеттерін ашуға үлкен көмегін тигізумен қатар, Советтердің кезекті сайлауына бағытталған жұмыстарына игі ықпал етті.
  6. Мен БКП (б) аудандық Комитетінің кейбір мүшелерінің байларға қарсы жүргізілген тәркілеу шарасын дұрыс емес деген пікірлеріне мүлде қарсымын, керісінше қазіргі тап күресі өршіп тұрған уақытта тәркілеу саясатын жекеленген байларға ғана қарсы емес, бүкіл байларға қарсы жүргізу қажет деп санаймын.
  7. Кедейлер мен орта шаруалардың жалпы көңіл күйін жақсы деп бағалаймын. Олар Теңіз ауданында жүргізілген байларды тәркілеу кезінде өздерінің ғасырлар бойы қанаушыларына қарсы күреске дайын екендіктерін көрсетті.

Окрисполком өкілі:
Орынтаев

Міне, 1928 жылы Гурьев округінің Теңіз ауданында байлар мен феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу осылай жүргізілген екен. Бұл мәліметтер Атырау облыстық мұрағаттың №3 қорындағы, 4 тізімнен, №1 істен алынды. Істің тақырыбы: «Теңіз ауданындағы ірі байлар мен феодалдарды тәркілеуге дайындық және оның шын мәніндегі жүрісі» деп аталады. Бұл мәліметтер мұрағатта 88 жыл бойы қозғалмай жатты. Оны көтеру, зерттеу бізге неге керек? Биыл біздің еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 25 жыл толады. Соған байланысты біздің отандастарымыз, әсіресе жастарымыз өткеніміз қандай болды, кеңестік дәуірде біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүрді, қандай қиыншылықтарды бастарынан өткізді және т.б мәселелерді білуі қажет. Біздің тарихымыздың ең бір қасіретті кезеңі - байларды тәркілеу және шаруаларды ұжымдастыру болып табылады. Сол кездегі ұр да жық кеңестік саясаттың айқын көрінісін сол кездегі үкіметтің белсендісі, Округисполкомының уәкілі Орынтаевтың жоғарыдағы баяндамасынан көреміз. Бұл баяндамамен мұқият танысу мақсатында, оны орыс тілінен сол күйінде аударып оқушы назарына ұсынып отырмыз.

Коммунистік идеологиямен мейлінше уланған Орынтаев сияқтылар кедейлерге, батрактарға «Заман сендердікі, байлардың мал-мүлкін тартып алыңдар, ортаға салыңдар» деп үгіттеді.

Кеңестік бюрократтың баяндамасымен мұқият танысқан қазіргі оқырман бейне бір трагикомедия жанрының туындысымен танысқандай эсер алатыны сөзсіз. Өйткені бұнда сол жанрдың барлық белгілері бар. Күні кеше бірге жүрген, бір жердің суын ішкен адамдар бірін-бірі ұстап беріп, ауылдастарының тек бай болғаны үшін олардан безіп қана қоймай, сол адамдардың халыққа жасаған шапағаты мен жақсылықтарын ұмытып, мал-мүлкін тәркілеп қана қоймай, оларды туған жерінен жер аударуға бір кісідей дауыс бергендерін қалай түсінуге болады? Теңіз ауданында 10-15 жыл болыс болып ел басқарған Құрманбаев Қайырлы деген азаматқа тағылған айыптардың арасында ақ патшадан шен мен белгі алған деген айып бар екен. Оның ішінде Құрманбаевқа обаға қарсы күресте сіңірген еңбегі үшін медаль беріліпті. Соны да кеңестік шенеуніктер айыпқа санапты. Сол кездегі жағдайдан хабардар болу үшін Құрманбаевтың Совет үкіметіне жазған арызын оқушы назарына ұсынуды жөн көрдік.

Гурьев округтік кәмпескелеу комиссиясына

Гурьев округі Теңіз ауданы Забурун аулының азаматы Құрманбаев Қайырлыдан

Арыз

Жергілікті комиссиямен окрисполкомның уәкілі Қазақ үкіметінің үстіміздегі жылғы 28 тамыздағы байлар мен феодалдардың мал- мүлкін тәркілеу және өздерін жер аудару туралы Декреттің негізінде мені кәмпеселеу туралы шешім шығарды., жергілікті комиссия мен уәкілдің бұл шешімін дұрыс емес деп есептеймін.

Мен қарапайым қазақ жанұясынан шыққан адаммын, руым Беріш, оның Есен бөлімі. Ауыл мектебінде оқыдым. Кейін хатшы болып түрлі болыстарда істедім. Кейін әртүрлі әкімшілік қызметтерде болып, учаскелік болыс басқарушысына дейін көтерілдім. Барлығы патша кезінде 17-18 жыл қызметте болдым. Ерекше марапаттар алған емеспін. Тек маған зорлағандай қылып берген Романовтардың 300 жылдығына орай белгімен, обаға қарсы күрес үшін, 1897 жылғы халық санағына қатысқаным үшін берілген 2 медаль, оның несі айып? Патшалық кезеңде мен идеологиялық құлшыныс көрсетіп таптық жағдайға байланысты қызмет еткенім жоқ, ол кезде басқа ешқандай жұмыс болған емес, тамақ асырау үшін ғана еңбек еттім. Мені сауатты адам ретінде қызметке пайдаланды. 1917 жылғы қазан төңкерісін барлық қазақ еңбекшілері сияқты үлкен үмітпен және қуанышпен қарсы алдым. 1919 жылы біздің ауданды ақгвардияшылар басып алып, біздерді патша үкіметінің бұрынғы қызметкерлерін жергілікті халыққа салық салу ісіне зорлап пайдаланғысы келді. Олардың тапсырмасын шарасыз орындай отырып, біз халықтың тауқыметін қалай болса да жеңілдетуге тырыстық. Ал қызылдар біздің ауданды ақгвардияшылдардан азат еткеннен кейін, мен кеңес үкіметінің маған тапсырған барлық жұмысын адал атқаруға тырыстым. 1920 жылы мен үгіт-насихат бөлімін басқаруға сайландым, одан кейін юстиция органдарында, ал 1920 жылдан 1922 жылға дейін халық соты болып істедім. 1923 жылдан қазірге дейін Кеңес үкіметі органдарында адал қызмет еттім. Қазір менің жасым 54-те, жанұямда 9 жан бар, олардың 3-еуі 14-ке толмағандар, 3 аурулы. Алып бара жатқан мүлкім жоқ, жерүйден басқа, 36 бас малым бар, меншігімде ешқандай жер жоқ. Біздің тұратын жеріміз егіске де, малға да өте қолайсыз. Қарамағымда жалданым жұмыс істейтін ешбір қызметшім жоқ, ешуақытта болған емес. Менің тарапымнан ауылда Кеңестердің саясатына қарсы іс-әрекеттер болған емес, болмайды да. Осы айтылғандарды ескеріп, мені тәркілеумен жер аударудан босатуыңызды сұраймын. Шындығын айтқанда, менде кәмпескелейтін ештеңе жоқ. Ал, Петропавловск округіне жер аудару менің өліміммен тең, себебі жанұя мүшелерінің жартысы ауру, оның үстіне соншалықты алыс аймаққа көшіп баруға оның қисапсыз шығымын көтеруге біздің экономикалық мүмкіндігіміз көтермейді. Сондықтан мені өзімнің туған жерімде қалдыру мүмкіндігі табылмаған жағдайда, округтің атқару комитеті менің ауыр жағдайымды ескеріп, ең болмағанда бізге жақын көршілес орналасқан орыс аудандарына жер аударса екен деп жалынып сұраймын. Осы арызыма жауапты төмендегі адреске хабарласуыңызды сұраймын.

Гурьев округі Теңіз ауданы

Забурун ауылы Қ.Құрманбаевқа

Бұл азаматқа Гурьев округі басшыларының қалай деп жауап қайтарғанын бізге белгісіз. Erep жүректері тастан жаратылмаса, Қайырлының жанайқайын естіп, дұрыс та әділ шарасын қабылдаған шығар деп ойлаймыз. Атырау архивіне сақталған осы құжат сол кездегі қатыгез заманның жаңғырығындай эсер қалдырады біздерге, ылайым ондай кезең енді қайталанбаса екен деп тілейік.

Осы мақаланың соңын Сервантестің «Тарих - біздің іс-әрекетіміздін қазынасы, өткеннің куәгері қазіргі кезеңге үлгі және ақыл, болашаққа ескерту» деген сөзіммен аяқтағымыз келеді.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана. Социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1920-1930-е гг.)., А., 1991.
  2. Алланиязов Т. О некоторых вопросах методологии и историографии коллективизации в Казахстане. // Мысль - 2002.№5.
  3. Козыбаев М.К., Алдажуманов К.С. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. Алматы, - 1997.
  4. Козыбаев М.К., Алдажуманов К.С., Абылхожин Ж.Б. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. - Алматы, -1992.
  5. Кушнер П.И. Об этнографическом изучении социалистической культуры и быта народов СССР Ц Советская этнография, 1953, № 1.
  6. ОмарбековТ. 20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы: Санат, 1997
  7. Атырау облыстық мұрағаты, №3 қор, 4 тізім, №1 іс.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.