Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Математика сабығында деңгейлік тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында деңтейлік тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері қарастырылады.

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Білім беру жүйесінің басты - міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.

Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман - математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі - профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Осы аталған технологияны бастауыш математика сабағында қолдану өте тиімді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:

  1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
  2. Деңгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
  3. Дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;
  4. Оқушының ынтасын, қабілетін арттыру.

Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты: жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар; оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді; дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды; әр оқушы өзін-өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады, материалды толық меңгереді; жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі; тест арқылы тақырып меңгеріледі; өзіндік жұмыстар жүргізіледі; бақылау жұмысы алынады; бақылау парағы жасалады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші. Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады. Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады: 1-деңгей: міндетті, оқушылық; 2- деңгей: алгоритмдік; 3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру; 4- денгей: шығармашылық - өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.

Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса,соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Erep бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса,ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан, қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет. Мысалы, математика сабағында оқулықпен ғана шектеліп қалмай, әр түрлі қызықты есептер берілу керек. Сабақты қызықты етіп өткізу үшін мұғалім өзі даярлану керек, яғни мынадай нәрселерді біліп - ескеруі қажет:

  • математика сабағында оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек;
  • берілетін есептің шығарылу тәсілдерін біліп, оны ұғыну керек;
  • қосымша әдебиеттер оқып,білімді күнделікті толықтыру керек;
  • есеп шығарудың әр түрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек;
  • оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.

Міне, өз білімін осылайша толықтырып отыратын мұғалім оқушысын еш уақытта жалықтырмайды деп есептеймін. Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндетті деңгейі өтілген жаңа сабақты бекітуге және өткен сабақтарды пысықтауға арнап құрылады, бұл деңгейді сынып оқушылары толық орындайды, яғни үлгірмеуші жоқ екенін осыдан анықтауға болады.

Деңгейлік тапсырмаларды бере отырып, күтілетін нәтижеге келсек:

  1. Оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін- өзі жетілдіру.
  2. Дарынды балалар болса оқушының - зерттеу жұмыстарын дамыту.
  3. Мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады.

Тек мұғалім үшін туғызар қиыншылықтары бар. Сабақ барысында деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге көшу керек, осы кезде мұғалімге бүкіл сыныпты тексеріп шығу өте ауыр. Бұған бірте-бірте төселіп, ыңғайлы болу үшін 1 қатарға 3 деңгейді бірдей уақытта орындайтын оқушыларды отырғызуға, 2 қатарға 2 деңгейді бірдей уақытта орындайтын оқушыларды, 3 қатарға 1 деңгейді ғана орындайтын оқушыларды отырғызуға болады. Оқушылардың бұл тапсырмаларды қызыға, ынталана орындағандарын еске ала отырып, кез-келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге болады деп есептеймін.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, оқушылардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, жаңа технологияларды пайдалану негізінде одан әрі дамытылуда. Оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой өрісі кеңейе түседі. Оқушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады. Математика пәнінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі қажеттілігі туады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыны үнемі тапсырма орындайды, үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қараев Ж.А, Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. Алматы. 2005 г.
  2. Кобдикова Ж.У., Деңгейлеп саралап оқыту, 2000 ж., 15 б.
  3. Ахметов C., Білім берудің тиімді жолдары, 1989 ж., 254 б.
  4. Жақыпбекова Г.Т. Математика сабағында математикалық сауаттылықты қалыптастыру. Автореферат: Алматы. 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.