Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының туризм жүйесінің дамуы, туристік индустрия сипаты мeн имиджінің қалыптасуы

Аңдатпа

Мақалада мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін көтеретін туризм саласының әлемдік нарықтағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыруда туристік әлеуетін ілтерілетудің мақсатында жасалған мемлекеттік бағдарламаның қолдану жолдары жазылды.

Туризм қазіргі заманда көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер экономикасының негізі болып табылатыны белгілі. Бұл әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және едәуір тез дамып келе жатқан саласының бірі. Қазіргі таңда туризм мемлекеттің экономикалық дамуымен, жеке адамдардың қажеттілігін өтеудегі мәні, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік қатынастарды дамытудағы мәнін бағалау мүмкін емес. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап кеткен болатын. Осыған байланысты бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру және болашақта Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру міндеті алға қойылды. Туризмді дамытуды Үкімет экономиканың өсуін қамтамасыз етудің перспективалы бағыттарының бірі деп санайды. Себебі, мемлекеттің экономикалық әлеуетін күшейтетін басты кіріс көздерінің бірі - осы туризм саласы [1].

Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауында мемлекетіміздің қарқынды экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін шикізат бағытынан индустриалды - инновациялық дамуға көшу қажет екені айтылған болатын. Ұлттық экономиканы дамудың кластерлік моделі таңдалып, өзге де қанатқақты қластерлермен бірге «Туризм» кластерін жүзеге асыру басталды. Ежелден Шығыс пен Батыстың өзінше бір цивилизациялық көпірі болатын. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдарының саясатына сәйкес туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жібек жолынан байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысуы, шет мемлекеттермен екі жақты және көпжақты келісімдер жасауы арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан - БҰҰ жүзеге асыра бастаған Жібек жолын дамыту жөніндегі бағдарламаға қатысушы мемлекеттердің бірі. Аталған бағдарлама туризм саласын дамытумен қатар Жібек жолы бойында көршілес жатқан елдердің қарым - қатынасын нығайтуға негізделген. Болашақта Қазақстан әлемге туристік орталық ретінде танылуы мүмкін. Қазақстан әлемге туристік орталық ретінде танылуы мүмкін. Қазақстан халықаралық туристік аренада туристік ел ретінде қалыптасуы маңызды. Елімізге деген қызығушылық күннен күнге арта түсуде. Осыған сай Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру басты назарда болып отыр. Әлемдік туристік нарықтағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетудің мақсатында бағдарламасы жасалды. Онда халықаралық туристік форумдарға қатысу, көрме, жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеа риала рында жарнамалық бейнероликтерді орналастыру және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды қарастырылған. Қазақстан тек қана табиғатымен ерекшеленбейді, сонымен қатар мұнда туризм саласының бірнеше бағыттары дамып келе жатыр: яғни, мәдени - танымдық, экологиялық, экстремальды, іскерлік туризм жатады. Қазақстандағы туристік имидждің қалыптасуы туристік потенциалға үлкен эсер етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның туристік саланың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуда қоғамдағы үлкен мәселе туристік сала экономикалық қызметтің түрі ретінде инвестициялық қызметті аса зор маңызды орын алады. Туристік имиджінің қалыптасуы кластерлік талаптармен жүзеге асырылатындықтан туризм саласындағы жұмысшыларының біліктілігі маңызды [2].

Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру үшін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халықаралық одақта ғаламдық бастамаларды пайдаланады. Бұларға: әлемдегі ірі қоғамдық - саяси іс - шараларға қатысу, Азиядағы өзара әрекеттестік пен сенімді шаралар, шетелдік ивесторлардың бас қосуы, Біртұтас экономикалық, дүниежүзілік діннің құрылтайына қатысуы жатады. Ел Астанасының құрылысы Қазақстанның туристік имиджінің дүниежүзілік аренада сәтті шыққанын көрсетеді. Осының өзі туристік имиджі негізінде Қазақстан өзінің брендін жасап жатыр деуге болады. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда туризм аты болғанымен, іске келгенде әлі толысып nice алмай жатты. 1999 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының қолдауымен Қазақстан Туристік Ассоциациясы ашылған болатын. ҚТА коммерциялық емес, үкіметтік емес, республикалық салалық ассоциация болып табылады. ҚТА - кездесулерді, сан қилы шараларды, ғылыми жұмыстарды, оқу бағдарламаларын, семинарларды, презентацияларды, маркетингтік зерттеулерді және тағы басқа көптеген шараларды өткізуге ыңғайлы орын. Қазақстан Туристік Ассоциациясының негізгі мақсаттарының бірі халықаралық туристік көрмелерге қатысуды ұйымдастыру, сонымен қатар сол жерде көрсетілетін ақпараттық стендтерді жасау, оны жасауға жергілікті ұйымдар мен үкіметті қатыстыру [3].

Әлемнің көптеген елдері үшін туризм экономикасының ең табысты салаларының бірі болып табылады, бірақ Қазақстанның зор табиғи әлеуетінің болуына қарамастан бұл танденция біздің еліміз үшін әлі шынайы емес. Дамыған инфрақұрылым, қазіргі заманғы қонақүй кешендері, халықаралық стандартты әуежайлар болмай, біз үлкен туристік ағымдарды, сәйкесінше табыстарды да күте алмаймыз. Қазіргі күні Қазақстан шетел азаматтары үшін демалыс орны ретінде көрінбейді. Бұл бірнеше объективті себептерге байланысты. Қазақстандық туризм дамуының 5 негізгі мәселесін атап көрсетуге болады:

  • Білікті мамандардың болмауы мен зерттеулердің аз мөлшері

Туризм саласында зерттеулермен шұғылданатын арнайы институттар жоқ (қазіргі уақытта тек мемлекеттік мекемелер зерттеулер жүргізуде). Қазақстандық компаниялар нарықты зерделеуді өз күштерімен жүргізеді. Сондай-ақ, туристік объектілерді, мысалы, ойын-сауық паркінің құрылысын әзірлейтін компаниялар жоқ. Қазақстан ұсына алатын туристік қызметтерге халықаралық сұраныс, сондай-ақ Қазақстанға келуші туристердің қалаулары жеткіліксіз зерделенді. Туризм саласының барлық білім беру институттары аталмыш саланы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуге қабілеті бар мамандармен қамтамасыз етпейді. Білім беру жүйесі құрылатын кластерлер үшін қажетті мамандарды даярлауда қолдау көрсетуді ынталандыру қажет.

Туристік кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін мыналарды орындау қажет:

  • Халықаралық тәжірибеге сәйкес Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды «Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктемесіне» енгізу. ДТҰ ұсынатын туризм мамандықтары келесідей: туризм менеджері, халықаралық туризм менеджері, маркетинг пен жарнама бойынша менеджер, ақпараттық технологиялар бойынша менеджер, туристік агенттіктерде сатулар бойынша менеджер, туризмнің белсенді түрлері, жолсеріктер мен экскурсия жүргізушілерін даярлау;
  • туристік сала мамандары үшін мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарына туристік білім беру сапасының «WTO - Ted <2иаІ»сертификатын енгізу;
  • республикада ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді және кадр дайындау мен туристік индустрияны дамытудың негізгі мәселелері жөніндегі халықаралық туристік индустрияны дамытудың негізгі мәселелері жөніндегі халықаралық туристік іс-шараларға Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру;
  • туристік кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдары, оқулықтар мен көрнекі материалдарды әзірлеуге қатысу;
  • гидтер, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын қоса алғанда, туристік индустрия мамандарын, оның ішінде айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттік ұлттық парктер үшін, оқытып-үйрету семинарлары мен біліктілігін арттыру курстарын тұрақты негізде жүргізу.

Eypona білім беру қоры мен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде дайындалған «Туризм саласындағы ұлттық біліктілік құрылымы» (ҰБҚ) пилоттық жобасын іске асыруды және Алматы қаласында ҰБҚ әзірлеу жөніндегі Үйлестіру орталығын және ортаазиялық өңір елдері үшін басқа да бірлескен халықаралық жобалар құруды жүзеге асыру.Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі маңызды шаралардың бірі оның ғылыми-әдістемелік базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секілді әлемнің дамыған елдерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ұлттық туризмнің даму болашағын зерттеу және болжамдау жөніндегі орталықтар бар [4].

  • Инфрақұрылым мен демалыс индустриясының осал дамуы

Негізгі мәселе дамыған инфрақұрылымның, атап айтқанда, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қызмет көрсету саласының жетіспеушілігі болып табылады. Туристік ынтаның көптеген нысандары жеткілікті дәрежеде дамымаған. Өзекті мәселелердің бірі - негізінен нашар халдегі жолдарға байланысты нысандарға жету қиындығы болып табылады. Көптеген, әсіресе, аймақтардағы қонақүйлер, кемпингтер, мейрамханалар Кеңес Одағының кезінде салынған. Қазіргі уақытта олардың ахуалы сын көтермейді және жөндеуді талап етеді. Мамандардың ойынша, туризмнің дамуына неғұрлым эсер ететін қонақүй бизнесі, көлік, туристік агенттіктер, сонымен қатар броньдау мен резервтеудің компьютерлік жүйелері үлкен маңызға ие. Сондықтан осы нысандарға ерекше көңіл бөліп, олардың қызмет көрсету аясын кеңейтуді жүзеге асыру керек. Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулілігін ескере отырып, өңірлерде үш, екі жұлдызды санаттағы қонақ үйлер желісі мен туркластар құрылысына бағытталған өңірлік деңгейдегі «Еурокемпинг» жобасын іске асыру шеңберінде мейманханалар, қонақ үйлер мен мотелдер, сондай-ақ кемпингтер желісін салудың бірінші кезектегі құрылысының басымдықтарын айқындау қажет.

  • Әкімшілік кедергілердің болуы

Әкімшілік кедергілердің болуы да өзекті мәселе болып табылады. Бөліп айтар болсақ, құқықтық-нормативтік базаны жетілдіру және визалық, әкімшілік процедуларды оңайлатумен байланысты мәселелерді шешу маңызды. Бұл мәселе өз кезегінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға барлық мүдделі тараптардың қатысуын, мемлекеттік және жеке секторлардың серіктесе қызмет етуін талап етеді. Сондықтан туристік индустрия нысандарын дамытуда барлық мүдделі министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің жұмылдырылуы бұл күнде аса маңызды болып отыр. Туризм саласында бұл мәселені шешу үшін түрлі елдер азаматтары визалары тек өкілеттіліктерде ғана емес, сонымен бірге аэропорттарда да алу мүмкіндігі жөнінде ұсыныстар қарастырылуда. Азаматтары жеңілденетін визалық және тіркеу режимдері құқығына ие елдер тізімін үлкейту қажет. Сонымен бірге, туристік кластер шеңберінде қызмет ететін қатысушыларға салық төлеуге жеңілдіктер, тіркелу процедураларының күрделі еместігі де шешу жолдарының бірі бола алар еді. Мұндай жалпы мәселелерді жекелеген компаниялар шеше алмайды. Сондықтан олар мақсатты бағытталған мемлекеттік саясат тарапынан бақылануы тиіс.

  • Маркетингтің болмауы

Елімізде көптеген әсем орындар болса да, олар шетел туристері арасында танымал емес. Ғажайып туристік әлеуеті бар, бүкіл әлем үшін ашық, туристерге қауіпсіз туристік орталық ретінде Қазақстанның стратегиясын жасау оларды елге тартудың маңызды факторы болып табылады.

Маркетинг стратегиясы келесі бағыттарда жүзеге асады:

  • «Қазақстандағы туризм» атты бірегей ақпараттық ғаламтор порталын жасау. Ғаламтордан Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпаратты жекелеген сайттардан іздеу арқылы табуға болады;
  • әлеуетті туризм түрлері бойынша BBC, CNN, Euronews, Discovery, Tourizm and Adventures, тағы басқа әлемдік медиаканалдарда видеоматериалдарды көрсетуді ұйымдастыру;
  • Қазақстанның туристік әлеуеті бойынша брифинг, презентация ла рды ұйымдастыру;
  • мақсатты нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, жекелеген видеороликтерді әзірлеу;
  • алдыңғы қатарлы БАҚ мен ірі туроператорлардың өкілдері үшін ақпараттық және пресс тураларды ұйымдастыру;
  • ірі көрмелерге қатысу және сонымен бірге осындай көрмелерді Қазақстанның өзінде де ұйымдастыру көзделген. Мысалы, 2008 жылы Берлин қаласында серіктес ретінде «ГГВ»халықаралық көрмесінде Қазақстан презентациясын ұйымдастыру, ал 2007 жылы Германиядағы БАҚ өкілдері мен алдыңғы қатарлар туроператорлар үшін презентацияны өткізу.
  • Қаржылық ресурстар мәселесі

Қаржылық ресуртар мәселесі, бұл мәселе кластердегі барлық «экспериментті» кәсіпорындар қақтығысуымен шартталады. Салаға мол инвестиция тарту мен Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруда мемлекеттік қолаудың мықты болуын талап етеді. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:

  • туристік мамандарды арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөніндегі нормалардың, ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру мәселелерін пысықтау;
  • туристік ортаны қорғау және күзету;
  • қорғану және қауіпсіздік мәселелері бойынша халықты және туристерді ақпараттандыруды қамтамсыз ету;
  • ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестікке және адам саудасына, әйелдер мен балаларды жұмыспен және жыныстық қатынаспен қанауға қарсы күрес жүргізу;
  • Қазақстанға туристік және өзге де көші-қон ағындарының кіріп кету, оның ішінде туристің атын жамылған эктремистердің «ыстық нүктелерге» өтіп кету мүмкіндігінің алдын алу үшін бақылауды күшейту [5].

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның басымдығы ұсынылатын туристік түрлерінің сипатында болып табылады. Бұлардың әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты бірқатар мәселелерге ие. Туризм - бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президент! мен Үкіметінің қатаң назарындағы ұлттық - экономиканың маңызды секторы. Үшінші мыңжылдықтың басында туризм ғаламшардағы қуатты әлеуметтік - экономикалық және саяси құбылысқа айналды.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. 1 14 желтоқсан 2012 жылы ҚР Президент! Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты атты Қазақстан халқына жолдауы
  2. Кайсенова Ж, Лютерович О, Ягофаров Г. Алматы - центр туризма Казахстана , Алматы 2003 - 80с.
  3. Ердавлетов С.Р. География туризма / С.Р. Ердавлетов Алматы: 2000.- 356с
  4. Биржаков М.Б. Введение в туризм / М.Б Биржаков Невский Фонд, Москва: 2000. - 315 с.
  5. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире / В.А. Ермаков. Алматы: 2001. -215 с

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.