Аңдатпа
Бұл мақалада синтаксистік парадигма және оның ерекшеліктерінің мәселесі қозғалады. Әлемдік лингвистиканың әр түрлі салаларындағы парадигма мен парадигматика ғылымының оқыту процесіндегі аспектілері анықталады. Морфологиялық парадигма мен синтаксистік парадигмалар арасында паралельдер жүргізіліп, синтаксистік деривация мәселесі сипатын тапқан. Сөйлемнің синтаксистік парадигмасының үлгілері берілген.
КІРІСПЕ
Қазіргі тіл білімінің қай саласы болмасын ондағы болып жатқан үдерістер мен өзгерістер туралы сөз етуді қажет етеді. Бұрынғыдай тіл салаларында бұлжымайтын ережелер мен қағидалар ғана зерттелмей, тіл мен ойлау арасындағы байланыс, тілдің психологиялық тұрғыдағы жаңа қырлары, сөз мәдениеті, тіл салаларының арасындағы құрылымдық байланыстар секілді жаңа да өзекті мәселелер туындап, халықаралық тіл білімінің аренасына жаңа ғылымдар мен терминдерді тудыртып жатыр. Атап айтқанда, когнитивті лингвистика, психосемиотика, неология, компьютерлік лингвистика және тағы басқалары. Қазіргі заман көшінен қалмау мәселесін алдыңғы қатарға қойсақ, мұндай жаңалықтар мен толықтырулар тіл дамуын жаңа бір сатыға көтеретіні сөзсіз. Қазіргі қазақ қана емес, әлем лингвистикасында қаралып жүрген мәселелердің бірі- парадигматика.
Парадигматика-тілді жүйелеп оқытудың екі аспектісінің бірі, ол тілдің элементтері мен бірліктері -парадигматикалық және синтагматикалық, арасындағы қатынастардың екі түрін анықтап, қарсы қою арқылы анықтады. Бұл тілдің парадигматикалық қатынастарын, олардың жіктелуі мен қызмет ету аумағын қарастырып, меңгеретін қатынастарымен топтарына сәйкес, синтакматикаға қарсы қойылатын тіл білімінің саласы. Кең ауқымды мағынада- лингвистикалық класстардың-парадигмалардың жиынтығы ретінде түсінідірілетін тілдік жүйе, ол синтагматикада лингвистикалық үдеріс пен мәтін ұғымына синоним ретінде қарастырылады [1,63].
Швейцарияның әйгілі тіл зерттеуші Ф.де Соссюрдің теориясына сүйенсек, тілдік жүйе екі негізгі қатынас түрінде құрылады. Бірі- бүтінді бөлшектерге белу болатын болса, екіншісі-тіл элементтерін олардың ассоциациялық ұқсастықтарына қарай топтау қатынасы. Тілдік жүйе тілдің екі түрлі саласында көрініс табады: тікелей бақыланатын және тікелей бақыланбайтын салалары. Ф.Де Соссюрдің анықтамасы бойынша, әрбір жекелеген тілде барлығы тек тілдік қатынастарға негізделсе, қатынастар не синтагматикалық не ғалым өзі айтқан ассоциациялық қатынастарға тіреледі. Бұл дегеніміз, тілдің механизмін тек берілген қатынастарды орнату арқылы құруға болады [2,156].
Тілдерде әр түрлі қатынас типтері болатыны туралы ойлар И.А.Бодуэн де Куртэнэ мен Н.В.Крушевскийдің де зерттеу жұмыстарында қарастырылған болатын. Алғашқысы, қатынастардың айырмашылығын «тігінен» және «көлденеңнен» деп белее, екіншісі бұл қатынастарды ұқсастықтарына қарай ассоциациялар арқылы болатын айырмашылықтар деп көрсеткен. Н.В. Крушевский сонымен қатар, ұқсастықтар ассоциациялары бір-біріне эсер етіп, тілдің дамуын анықтайды деп атап кеткен. Осы парадигмалық және синтагматикалық байланыстардың өзара тәуелділігі туралы пікірлер қазіргі лингвистикада басқа да ғалымдармен құпталып жүр.
НЕПЗП БӨЛІМ
Парадигманың лексикалық, морфологиялық және синтаксистік түрі жөнінде жалпы тіл білімінде бұрыннан сөз болып келе жатқандығы мәлім. Ал жеке бір функционалдық тұлғаның парадигмасы деген мәселеге әлі ешкім көңіл аудара қойған жоқ. Бұл мәселе алғашқы рет 2000 жылы көсемшенің жұмсалу өрісіне қатысты қолданылған болатын. Қазіргі тіл білімінде парадигма ұғымы тілдің барлық деңгейлеріне қатысты зерттеліп отыр. Соның негізінде фонемалық, акценттік, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік парадигмалар қалыптасты. Синтаксистегі парадигматикалық ұғым да Ф.де Соссюрдің идеясымен сабақтастасып жатады. Синтаксистік бірліктер - сөз тіркесі мен сөйлем синтаксистің негізгі нысандары болғанымен, екеуінің өзіне тән парадигмалық сипаты бар, әрі олардың парадигмасы аталған бірліктердің ерекшелігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар синтаксистік парадигмаға сөйлем парадигмасын ғана алуды ұсынады (П.Адамец). Синтаксистік парадигматика сөйлемдерді трансформациялық талдау әдісі негізінде қалыптасқан еді [3,78]. Бұл әдісті XX ғасырдың 50-жылдары Н.Холмский ғылымға енгізді. П.Адамец сөйлем парадигмасын иерархиялық ұйымдасқан жүйе ретінде көрсетеді. Оған сөйлем ядросы, оның трансформалары, синтагматикадағы мағыналық қырлары, модификациялары, модальдік мағыналары, оның варианттары, морфологиялық категория (шақ, тур (вид), рай, сан) бойынша түрленуін В.Г.Адмони парадигмаға әртүрлі логика-грамматикалық типтегі сөйлемдер мен сөз тіркестерінің синонимиясын жатқызады. Бұрын систаксисте тек сөйлемнің әртүрлі типтері жекеше алынып зерттеліп жүргенімен, бұлардың арасындағы өзара байланысқа жіті назар аударылмайтын. Осыған орай, синтаксис саласы лингвистикалық анықтамалықтарда морфология мен фонологияға қарағанда азғандай жүйелілік танытып келе жатты. Қазіргі уақытта өзара байланысын сипаттау мен синтаксистің құрылымдардың өзара әрекеттестігін табатын әртүрлі әдістер жасақталып жатыр, яғни, синтаксистік парадигматиканың мәселелері қарастырылып келеді.
Жоғарыда атап өткендей,парадигматикалық қатынастар-бұл жүйе аясындағы элементтердің қатынасы. Синтаксистегі парадигматикалық қаты наста р-бұл сөйлемнің құрылымдық типтері мен бір сөйлемнен екінші сөйлемге ауысудың ережелері. Сөйлемдер арасындағы қатынас ең алдымен морфологиялық парадигмаларға ұқсайтын бірнеше синтаксистік құрылымдар қатарына қарсы қойылған синтаксистік парадигмалар аясында жүзеге асады. Мысалы, синтаксистік парадигманы сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне сәйкес келетін құрылымдар түзеді: хабарлы, сұраулы, бұйрықты. Мысалы: Сен ұйықтапжатсың-Сен ұйықтап жатсың ба?-¥йықта! Сөйлем синтаксистік парадигманың өз бетінше мүшесі болып болып табылатынын және морфологиялық парадигмаларға қарағанда (мысалы,етістіктің шақ категориясы мен зат есімнің көпше, жекеше түрлері) аталмыш парадигманың жаңа мүшесін бермейтінін айта кеткеніміз жөн. Синтаксистік парадигмалар мүшелері бір-бірінен тек грамматикалық жолмен ерекшеледі және ондағы негізгі сөздердің мағынасына қарамайды. Сөйлемнің әрбір құрылымдық типі әдетте бірнеше қарсы тұрулар қатарына кіреді. Осылайша, бір уақытта бірнеше парадигмалар мүшесі бола алады. Мысалы, Үсталар уй салып жатыр деген сөйлемнің негізіндегі құрылымдық тип бір қырынан сұрақты және бұйрықты парадигмаларға қарсы қойылса, басқа қырынан пассив парадигмаға да қарсы келеді (Үй ұсталармен салынған). Сондықтан да тек синтаксистік парадигмалар ішіндегі қатынастарды сипаттау ғана емес, олардың араларын да сипаттау мәселесі туындайды [4].
Erep интаксистік парадигмалар мүшелерінің арасындағы қатынас морфологиядағы форма түзуші байланыстарға ұқсас болса, сөз түзуші байланыстырға деривациялық қатынастар сәйкес келеді. Деривациялық қатынастар бір бірінен туындаған сөйлемдер арасындағы қатынастар деп қарастырылса, бастапқы сөйлем жаңа сөйлем туындатқан сөйлемнен синтаксистік қана емес, лексикалық жағынан да айырмашылыққа ие. Мұндай қатынастар мақсатты түрде бір сөйлемнен екінші сөйлемге ауысу ережелерін немесе синтаксистік деривацияның ережелерін сипаттайды. Синтаксистік деривация қағидалары синтаксистік құрылымның белгілі лексикалық толықтыруымен тығыз қатынаста болғандықтан, олар бір синтаксистік парадигманың екінші синтаксистік парадигмаға ауысатынын сипаттайтын ережелерге қарағанда , сөйлемнің «лексемалық» құрамына «тәуелді» келеді.
Синтаксистік деривация ережелері , атап айтқанда, сөйлемнің таралуы немесе керісінше, оның жиналуын (кері деривация) қандай жолмен жасалатынын да анықтайды. Мысалы , Ол келді деген сөйлемді басқа сөйлемге енгізу үшін оны жайылма сөйлемге айналдыруға керек-Л7ен оның келтенін білемін. Синтаксистік парадигматикада перифраздаудың ережелері деп аталатын құбылыс арнайы орынға ие. Бұл ережелер сөйлемді оның мағынасын сақтай отырып, қандай жолмен өзгертуге болатын ережелерді айқындайды. Перифраздаудың ережелерін екі түрлі аспектіде қарастыруға болады: бірі- мағынаның әртүрлі синтаксистік құрылымдарға ауысу ережелері және екіншісі-мағынаны сақтай отырып, сөйлемдердің өзара ауысуы. Бірінші аспект сөйлесімді тудыру үшін қажет болса, екінші аспект өзіндік жүйе ішіндегі өзара қатынастарды орнату үшін қажет. Перифраздаудың қағидалары сөйлемнің синтаксистік құрылымын ғана, мысалы, актив сөйлемнен пассив сөйлемге айналу қозғап емес, сонымен қатар оның лексикалық құрамына да өзгерістер енгізе алады.Перифраздаудың қағидалары арқылы туындайтын сөйлем турлері:
- Ол бұл ойдан қорқып отыр;
- Бұл ой оған оған қорқыныш ұялатып отыр;
- Бұл ой оны қорқытып отыр.
Алғашқы екі сөйлемде енгізілген өзгерістер сөйлемнің лексикалық құрамына елеулі өзгерістер әкелмеген, тек сөйлемдегі синтаксистік құрылым өзгереді, ал үшінші сөйлемде лексемалардың орын ауысуы байқалады. Мұндай өзгерістер орын алғанымен, берілген үш сөйлемнің лексикалық мағынасы бірдей екенін атап өткеніміз жөн.
Сөйлем мағынасын оның лексикалық құрамы айқындамайтын болғандықтан, синтаксистік парадигманың мүшелері арасындағы қатынастар кейде перифраздаудың қағидаларын анықтаса, кейде мұндай қағидаларға мүлде жат келеді.
Ал синтастиктік деривация ережелеріне келеек, олар перифраздаудың ережелері болып мүлде келе алмайды.
Сипатталған синтаксистік қатынастар мен ережелердің барлық типтері тілімізді игеруде маңызды фактор болатын еді.
Қорытындай келе, парадигматика дегеніміз:
Біріншіден, адам санасында немесе жадында олардың формаларының немесе мазмұнының ортақтығына байланысты немесе бір мезгілде сол екеуінің ұқсастығы негізіндегі әлде бір әсерлер арқылы жинақталған және салыстыру қатынасына байланысты тіл жүйесінің элементтері ретіндегі лингвистикалық бірліктерді зерттеу аспектісі;
Екіншіден, лингвистикалық топтардың - парадигмалардың жиынтығын құрайтын тілдік жүйесі» болды [5,267].
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, сөйлемнің грамматикалық мағынасы - предикативтілік- синтаксистің уақыт пен рай категориясында көрініс табатын болғандықтан, сөйлемнің грамматикалық формаларының жүйесін синтаксист!к рай категориясының формаларын түрлендіретін сыртқы өзгерістер құрайтынын атап өтеміз. Бұл сөйлемнің әртүрлі объективті-модальді мағыналарын және синтаксистік уақыт формаларын айқындайтын нұсқалар сөйлем синтаксисінің парадигмасын құрайды және өзіндік ерекшелігі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
- Ельмслев Л. Пролегомены к теории языка, пер. с англ., в кн.: Новое в лингвистике, в. 1.- M., 1960
- Соссюр Ф. Де. Труды по языкознанию, пер. C франц.- M., 1977
- Адамец П. К Вопросу о синтаксической парадигматике //Geskoslovenska rusistica. - 1966 .- XI . - №2. - С. 76-80
- Апресян Ю. Д. Идеи и методы современной структурной лингвистики. - M., 1966.
- Тіл білімі сөздігі / Ред. Басқарған Э.Д. Сулейменова. - Алматы: Ғылым, 1998. - 544 б.