Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Украиндық тұқы балықтарының уылдырықтарын жасанды жолмен алу, ұрықтандыру жəне инкубациялау нəтижелері

Мақалада жасанды ортадағы тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғылары (ТЖСҚЕҚ) жағдайында өсірілген украиндық тұқы балықтарының жасанды көбею нəтижелері келтірілген. Оңтайлы температура мен оттегі режимін, сумен жабдықтау циклі бар қондырғылар жағдайында азықтандыру нормаларын құру есебінен балықтардың жыныстық жетілу мерзімі қысқарады. Зерттеуге ТЖСҚЕҚ жағдайында өсірілген жəне жыныстық жетілуге жеткен украиндық тұқы балықтары алынды. Жыныс өнімдері уылдырық пен шоғалды — алу зертханалық жағдайда стерильді ыдыстар мен зертханалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілді. Жыныстық өнімдерді алу кезінде уылдырық пен ұрықтың сапасы балдық шкала бойынша анықталды. Уылдырықты ұрықтандыру үшін тікелей сапасы 4 жəне 5 балға сəйкес келетін украиндық тұқы балықтарының ұрықтары қолданылды. Кейін ұрықтандырылған уылдырық «Вейс» аппаратының колбаларында майсыз сүт пен барботаждың көмегімен шылымсыздандырылды. «Вейс» аппаратының колбаларында тұқы тұқымдас балықтары- ның ұрықтандырылған уылдырықтарын инкубациялау кезіндегі негізгі көрсеткіштер зерттелді. Инкубациялау кезіндегі уылдырықтардың даму ұзақтығына əсер ететін жекеленген температуралар сарапталып сараланды. Мақалада инкубациялық жұмыстары үшін ең қолайлы параметрлер зерттеліп, температура 20–22 ºС тең келіп, ал оттегі мөлшері тұрақты түрде 6–8 мг/л болса инкубациялық жұмыстардың нəтижесі зертханалық жағдайда сəтті өтетіні анықталды. Осы критерийлерді сақтай отырып жұмыстану кезінде украиндық тұқы балығы уылдырықтарының ұрықтану пайызы 75–80 % құрады. Бір аналықтан алынған үш тəуліктік дернəсілдердің шығымы 100–250 мың дана.

Кіріспе

Тұқы — балық өсіру шаруашылықтарының ең маңызды объектілерінің бірі. Олар Европа жəне Азия елдерінің балық шаруашылықтарында кеңінен қолданылады. Мəдениеттендіру процестері нəтижесінде олардың морфологиялық белгілері өзгерді. Қазіргі тұқы тұқымдары өздерінің жоғарғы сапалы өнімділігімен ерекшеленеді. Яғни, жылдам өсуі, жасанды азықтарды жақсы қабылдауы, жоғары төлдегіштігі [1–9].

Тұқы балықтары аулану түрі жағынан реттеусіз болып келеді. Реттеусіз аулану мөлшеріне байланысты бүгінгі таңда тұқы балықтарының популяциясының күрт төмендеуіне əкелуде. Табиғи су қоймаларында мекендейтін тұқы балықтарының популяциясының сандық əсеріне күрт теріс əсер ететін негізгі факторлардың бірі қарақшылық (заңсыз балық аулау). Өзендерді реттеу жəне ауылша- руашылық қажеттіліктері үшін су ресурстарын пайдалану сияқты антропогендік факторлардың əсері тұқы балық түрлерінің табиғи жағдайда өз-өзінен көбеюіне кедергі келтіреді.

Өңіріміздің ішкі суларындағы балықтар қорының төмендеуі, қазіргі кезде балық өнімділігін көтеруге бірден бір себепші болып отыр. Балық өнімділігін көтерудің ең тиімді тəсілі индустриалды аквакультура болып тұр. Судың температуралық жəне оттегі жағдайларына оңтайлы жағдай жасау, сондай-ақ азықтандыру нормаларын оңтайландыру арқылы жасанды жағдайда өсіру кезінде балықтардың жыныстық жетілу мерзімі бірнеше есе қысқарады [10–16].

Осыған байланысты, тұқы балықтарының жасанды көбеюіне бағытталған жұмыстар аквакультура жəне жалпы балық шаруашылығы саласында өзекті болып табылады.

Жұмыста жасанды ортадағы тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғылары жағдайында (ТЖСҚЕҚ) өсірілген украиндық тұқы балықтарының жасанды көбеюту жұмыстарының нəтижелері келтірілген.

Материалдар мен зерттеу əдістері

Зерттеу жұмыстарына Жəңгір хан атындағы БҚАТУ-нің Ғылым басқармасы ҒЗИ-ның «Ихтиология жəне аквакультура» зертханасындағы украиндық тұқы балықтарының жоғарғы жұмысшы топтары алынды. Зерттеу жұмыстары 2019 жылдың мамыр айында жүргізілді.

Тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғыларында жасанды өсіру биотехникасы бірнеше биотехникалық процестер мен келесі этаптарды құрайды:

- уылдырықтау алдында өндіргіштерді ұстау;

- өндіргіштердің пісіп-жетілуі үшін гормоналды ынталандыру;

- инъекциядан кейін өндіргіштерді ұстау;

- пісіп-жетілген жыныс өнімдерін алу;

- уылдырықтарды ұрықтандыру жəне шылымсыздандыру;

- уылдырықтарды инкубациялау;

- дернəсілдердің шығуы жəне оларды сыртқы қоректенуге дейін ұстап өсіру;

- табиғи суларға жіберу.

Балық уылдырықтарымен шоғалдарын алу, сонымен қатар уылдырықтарды ұрықтандыру зертханада жүргізілді. Уылдырықтармен шоғал алатын ыдыстар құрғақ болуы шарт. Əрбір аналықтан алынған уылдырықтар араластырылмай жекеленген бөлек ыдыстарға алынды жəне алынған уылдырықтар өлшеніп жалпы көлемі анықталып отырды. Аналықтардан сығып алынған уылдырық ұрықтандыруға өзінің сапасын 30–45 минут аралығында жоғалтпайды [17]. Уылдырық алынған ыдыстың беті газды сеткамен жабылды.

Зерттеу жұмыстары мен нəтижелері

Алынған уылдырықтармен шоғалдарға судың қосылмауы қадағаланып отырды, өйтпеген жағдайда су араласып кетсе жақсы сападағы уылдырықтармен шоғалдар ұрықтану процесіне ертерек түсіп, белсенді ұрықтану қасиетін жоғалтып алады.

Пісіп-жетілген аналықтарды балық аулау сачоктар көмегімен аулап, уылдырық беретін аналық саңылауларын саусақ ұшымен баса отырып уылдырықтың шашылып қалмауына көңіл бөлінді. Ауланған аналықтарды құрғақ марліге орап уылдырық беретін жерлерін құрғақ шүберекпен шырыштарынан тазартып, сүртіп уылдырығын сығып алуға дайындалды. Аналықтың шүберекпен оралған құйрық бөлігі сол қолмен қысып ұсталды, ал балықтың бас жақ бөлігі оң қолдың шынтағымен ыңғайлы етіп басылып тұрды. Балықтың уылдырық беретін жыныс саңылау орыны уылдырықты сығып алатын ыдыстың шетіне ілігіп тұрды, өйткені алынған уылдырықтар ыдыстың ортасына нақты түспей, ыдыс қабырғасымен ығысып барып ыдыс түбінен жинақталуы қажет болатын. Жақсы пісіп-жетілген аналық балықтар уылдырықтарының көп бөлігі балықтарды қыспай- ақ өз-өздігінен бөлініп отырды. Балық бойындағы қалған уылдырықтар балықтардың кеуде бөлігінен бүйір бөлігіне қарай жеңіл массаждай отырып, сығып алынды. Осы бағыттағы сығып алу жұмысы түйіршіктеліп, біріккен уылдырықтар мен қан араласып шыға бастаған кезде тоқтатылды.

Аналықтардан уылдырықтарды сығып алғаннан кейін аталықтардан шоғал алуға кірістік. Əрбір аталық балықтардың шоғал сапасының əр түрлі болатынын ескере отырып, əрбір аталықтан алынған шоғалдар жекеленген колбалы ыдыстарға сығып алынды. Сонымен қатар əрбір аталық шоғалдарының сапасы анықталып отырды.

Ол үшін төсеніш шыныға шоғалдың тамшыдан төмен бір бөлігі тамызылып, оның қасына үлкен тамшы су дайындап қояды. Микроскоппен бақылай отырып, шоғалдар көрінгенше үлкейте отырып сумен шоғалды араластырады. Шоғалдар суға түскеннен кейін тез қозғалғыш болады жəне сумен араласқан жердің барлығына тарап кетеді. Шоғалдардың қозғалғыш жылдамдықтағы дəрежелері бес балдық шкала арқылы анықталды [18].

Сперматозойдтары тез жылдамдықтағы жəне көпшілігі қозғалыстағы балық шоғалдары жақсы сапада деп саналады. Олардың сапасы 4 жəне 5 балл деп бағаланды жəне олар ұрықтандыруға белсенді немес жарамды болып саналады [19]. Ал кейбір шоғалдардағы сперматозойдтарының көпшілігі төменгі қозғалыста болса немесе қозғалыссыз күйде болатын болса ол ұрықтандыру процесіне жарамсыз болады.

0,5 л уылдырықты ұрықтандыру үшін 2–3 мл шоғалды уылдырыққа араластырылды (1-сурет.).

Осыдан кейін ұрықтандырылған уылдырықтар шылымсыздандырылды.

«Вейс» аппаратының колбаларына 2–3 л шылымсыздандыру сұйықтықтарын құяды, ол үшін сиыр сүтін (1:5) ара қатынасында сумен араластырып, содан кейін барботажды көпірту үшін компрессорды қосады. Бұл процесті уылдырықтарды ұрықтандырмас бұрын дайындап алады. Бұдан кейін ұрықтандырылған уылдырықтарды шылымсыздандыру үшін «Вейс» аппараты колбаларына салады. Салу кезінде суды көпірткіш ауаның көп немесе аз болмауын бақылау үшін крандық реттегішпен көпірткіш ауаны реттеп отырады. Өйткені шылымсыздануға түскен уылдырық қарқынды араласу керек, сонымен қатар колба қабырғасына шашырап жабысып қалмауы қажет. Егер уылдырықтар колба қабырғасына шашырап жабыса бастаса құс қанатынан дайындалынған сыпырғышпен сүртіп алып тастау керек.

Ауа таратқышты жылжымалы етіп немесе «Вейс» құрылғысына арналған тірекпен бірге орнатуға болады. Қосқышы бар резеңке шлангалар мен тройниктердің көмегімен «Вейс» аппараттары су жəне ауа тарату құбырларымен бір уақытта қосылды. Уылдырықты салмас бұрын «Вейс» аппаратында əлсіз су ағыны (0,5 л/мин) орнатылды (2-сурет.).

Əр аппаратқа орта есеппен 300–400 мың ұрықтандырылған уылдырық салынды — шамамен 400 г (1-кесте).

 

1-кесте

Аппараттың сыйымдылығы

8 л

Уылдырықты бір аппаратқа салу

300–400 мың дана

400 г

Бір аппаратқа су шығыны

0,05–0,08 л/с

Оттегінің мөлшері

6–8 мг/л

Инкубациялық кезеңдегі эмбриондардың тірі қалуы

50 %

Уылдырықты ұрықтандыру

75–80 %

Үш тəуліктік дернəсілдердің бір аналықтан шығуы

100–250 мың дана

«Вейс» аппаратында уылдырықты инкубациялаудың негізгі параметрлері

1-кестеге сəйкес уылдырықты ұрықтандыру 75–80 % шегінде болды, «Вейс» аппаратының бір колбасына 400 г ұрықтандырылған уылдырықты салынды, инкубацияның барлық кезеңінде оттегінің мөлшері 6-дан 8 мг/л аралығында болды.

Ұрықтанған уылдырықтың даму ұзақтығына қатты əсер ететін параметр — бұл температуралық жағдай. Эмбриондардың дамуы үшін оңтайлы температура 20–22 ºC құрайды (2-кесте).

Кезеңдегі судың температурасы

Даму ұзақтығы, инкубация, °С күн

22

2,5–3

20

3,5–4

18

4,5–6

16-дан төмен

7-ден астам

Əр түрлі температурада уылдырықтың даму ұзақтығы

2-кесте

Уылдырықтардың ұрықтану пайызы ұрықтандырғаннан кейінгі ертеңгі күні анықталды. Бассейнге қойылған газдық сеткаларға бір қалыпта жайылып төселген ұрықтандырылған уылдырықтар саны есептелінді. Дамымай келе жатқан уылдырықтар əдетте мөлдір болмайды. Егер 100 немесе одан да көп уылдырық болса, дамып келе жатқан эмбриондардың пайызы есептелді. Уылдырықтардың ұрықтануы 75–80 % аралығында болды. Тұқының эмбриондық кезеңі 3–6 күнге созылды.

20 °C орташа температурада уылдырықтың бөлінуі ұрықтанудан 1–1,5 сағаттан кейін басталды, гаструляция 3–4 сағаттан кейін, алғашқы соматикалық сегменттердің пайда болуы 15–16 сағаттан кейін басталды. Эмбриондардың қозғалғыштығы 25 сағаттан кейін тіркелді, жүзу көпіршігінің ауамен толтырылуы дернəсілдерді босатудан 37–40 сағаттан кейін байқалды (3-сурет).

Дернəсілдерді аулау газды тор аулармен жəне сачоктар көмегі арқылы жүргізілді.

 

Қорытынды

Бүгінгі таңда тұқы балықтарын жасанды өсіру өте жеткілікті жоғары деңгейде. Тұқы балықтарын жасанды өсіруге мыналар кіреді: өндіргіштерді өсіру жəне дайындау технологиясы, олардан жыныстық өнімдер алу, ұрықтандыру, шылымсыздандыру жəне инкубация. Балық өсірудің өнеркəсіптік əдістерімен уылдырық эмбриондардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын етіп жасалған арнайы аппараттарда инкубацияланады. Осылайша, тұқы балықтарын уылдырығын ұрықтандыру пайызы 75–80 % құрады, бір аналықтан үш күндік дернəсілдердің шығуы 100–250 мың дана аралығында болды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сергалиев Н.Х. Аквакультура: оқу құр. / Н.Х . Сергалиев, Б.Т. Сариев, А.Н. Туменов. — Орал, 2014. — 23 б.
  2. Sivakumaran K.P. Maturation and Reproductive Biology of Female Wild Carp, Cyprinus carpio, in Victoria, Australia / K.P. Sivakumaran, P. Brown, D. Stoessel, A. Giles // Environmental Biology of Fishes. — 2003. — Vol. 68. — P. 321–332. https://doi.org/10.1023/A:1027381304091.
  3. Saikia S.K. Feeding ecology of common carp (Cyprinus carpio L.) in a rice–fish culture system of the Apatani plateau (Arunachal Pradesh, India) / S.K. Saikia, D.N. Das // Aquat Ecol. — 2009. — Vol. 43. — P. 559–568. https://doi.org/10.1007/ s10452–008–9174-y.
  4. Woynarovich A. Better management practices for carp production in Central and Eastern Europe, the Caucasus and Central Asia / A. Woynarovich, P.B. Bueno, O. Altan, Z. Jeney, M. Reantaso, Y. Xin-hua, R.V. Anrooy // Food and Agriculture Organization. — 2011. — Vol. 566. — 172 p.
  5. Cuddington K. Could an Asian carp population establish in the Great Lakes from a small introduction? / K. Cuddington, W.J.S. Currie, M.A. Koops // Biol. Invasions. — 2014. — Vol. 16. — P. 903–917. https://doi.org/10.1007/s10530–013–0547–3.
  6. Rahman M.M. Role of common carp (Cyprinus carpio) in aquaculture production systems / M.M. Rahman // Frontiers in Life Science. — 2015. — Vol. 8:4. — P. 399–410. https://doi.org/10.1080/21553769.2015.1045629
  7. Horváth L. Training manual on the artificial propagation of carps. A handout for on-farm training workshops on artificial propagation of common carp and Chinese major carps in Central and Eastern Europe, the Caucasus and Central Asia. Second revised edition / L. Horváth, G. Tamás, A.G. Coche, E. Kovács, T. Moth-Poulsen, A. Woynarovich // Food and Agriculture Organization of the United Nations. — Budapest. — 2015. — 32 p.
  8. Réalis-Doyelle E. How climate change may affect the early life stages of one of the most common freshwater fish species worldwide: the common carp (Cyprinus carpio) / E. Réalis-Doyelle, A. Pasquet, P. Fontaine, F. Teletchea // Hydrobiologia. — 2018. — Vol. 805. — P. 365–375. https://doi.org/10.1007/s10750–017–3324-y.
  9. Taher M. Growth Performance of Common Carp (Cyprinus carpio) in Earthen Ponds in Basrah Province, Iraq by Using Different Stocking Densities / M. Taher, A. Al-Dubakel // Bio. Appl. Environ. Res. — 2020. — Vol. 4(1). — P. 71–79.
  10. Hinojosa-Garro D. Interactions of common carp (Cyprinus carpio) with benthic crayfish decapods in shallow ponds / D. Hinojosa-Garro, L. Zambrano // Hydrobiologia. — 2004. — Vol. 515. — P. 115–122. https://doi.org/10.1023/B: HYDR.0000027323.77213.39.
  11. Жигин А.В.Интегрированные технологии в замкнутых системах / А.В. Жигин // Аквакультура и интегрированные технологии: проблемы и возможности. — 2005. — Т. 1, Вып. 45. — 52 с.
  12. Поляков А.Д. Технология беспрерывного выращивания товарного карпа / А.Д. Поляков, Г.Т. Бузмаков // Успехи современного образования. — 2007. — № 12. — С. 161–163.
  13. Krupska J. Effects of grass carp introduction on macrophyte communities in a shallow lake / J. Krupska, М. Pełechaty, А. Pukacz, Р. Ossowski // Ocean and Hydro. — 2012. — Vol. 41. — P. 35–40. https://doi.org/10.2478/s13545–012–0004–4.
  14. Сергалиев Н.Х. Эффективность применения синтетических препаратов, стимулирующих созревание половых продуктов у производителей леща в зависимости от температуры преднерестового выдерживания / Н.Х. Сергалиев, А.Н. Туменов, Б.Т. Сариев, А.А. Жангалиев // Новости науки Казахстана. — 2014. — № 4(122). — 105 с.
  15. Żarski D. Application of different activating solutions to in vitro fertilization of crucian carp, Carassius carassius (L.), eggs / D. Żarski, A. Horváth, G. Bernáth, K. Palińska-Żarska, S. Krejszeff, T. Müller, D. Kucharczyk // Aquacult Int. — 2014. — Vol. 22. — P. 173–184. https://doi.org/10.1007/s10499–013–9692-z.
  16. Brzuska E. Characteristics of the reproduction effectiveness of four Hungarian breeding lines of carp Cyprinus carpio (L.) / E. Brzuska // Aquacult Int. — 2014. — Vol. 22. — P. 149–158. https://doi.org/10.1007/s10499–013–9675–0.
  17. Капитонова И.Г. Рыбоводная и биохимическая характеристика молоди карпа, выращенной при разной температуре / И.Г. Капитонова // Сб. науч. тр. ГосНИОРХ. — 1979. — № 143. — С. 61–74.
  18. Кривцов В.Ф. Современное оборудование для инкубации икры и подращивания личинок как средство оптимизации искусственного воспроизводства / В.Ф. Кривцов. — Адлер, 2000. — С. 30–32.
  19. Виноградов В.К. Рыбохозяйственное освоение растительноядных ещё впереди / В.К. Виноградов, А.М. Багров // Рыбоводство и рыболовство. — 2000. — № 3. — С. 3–5.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.