Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жалғаулықтардың мәтін түзудегі қызметі

Қазіргі қазақ тіліндегі мәтін синтаксисін қарастыруда сөз таптарының да мәтін байланыстырушылық сипаты ерекше екендігі байқалады. Тіл білімінде соңғы зерттеу 'жүмысчарының бағыты дәстүрлі құрылымдық жүйе деңгейінен асып, тіл қатысым, білім беру, таным құралы ретінде зерттеу деңгейіне көтерілді. Осымен байланысты ерекше назар аударылып зерттеле бастаған тілдік қатысым қүралы — мәтін. Дәстүрлі грамматикада сөз таптарын таптастыруда оның лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік қызметтеріне көңіл бөлініп келді. Сөз таптарының тілімізде жан-жақты зерттелгені белгілі. Алайда, сөз таптарының тағы бір қыры, яғни сөйлемдердің арасын байланыстырушылық қасиеті бар екендігі ғылымда дәлелденіп отыр. Сондықтан мақалада қазақ тіл біліміндегі морфолоіиялық қүрылымдардың мәтін байланыстырудағы қызметі сөз болады. Жалғаулықтарды дербес сөйлемді контекске тәуелді ету үшін жүмсағанда, олардың өздеріне тəн мағынасы даралана, айқындала түсетіні тілдік деректер арқылы көрініс береді. Жалғаулықтардың бірыңғай мүшелердің арасын, қүрмалас сөйлемдердің жəне мәтін арасын байланыстырудағы қызметтері айқындалған.

Мәтін — түтасқан, аяқталған қүрылым. Оны қүраушы элементтер бір-бірімен жымдасып, іштей үйымдасып жатады. Бүл бөлшектердің мәтін қүрамында атқарар қызметі зор. Бір бөлшектің өзгеріске үшырауы, бүтін мәтін қүрылымы мен мағынасының өзгеруіне əкеп соғады. Өйткені барлығы бірлесе келіп, бір идеяны жасауға атсалысады. Сөйтіп, мәтіннің басты сипаты түтастығы жəне оның мүшеленуі болып табылады. Біздің мақсатымыз — шылаулардың, оның ішінде жалғаулықтардың мэтінтүзімдік қызметін қарастыру.

Шылау сөздердің толық мағынасы болмағанымен, атқаратын қызметіне тəн грамматикалық мағынасы болады. Осымен байланысты шылаудың өзіндік мынадай ерекшеліктері бар:

  1. Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды;
  2. Контексте толық мағыналы сөздердің жетегінде қолданылып, оған қосымша əр түрлі грамматикалық мағына, рең үстейді;
  3. Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады;

5. Шылау сөздер түрленбейді, басқа сөз таптарынан жүрнақ арқылы жасалмайды. Олар — лексикалық мағынасынан айрылу негізінде қалыптасқан көмекші сөздер [1; 556].

Грамматикалық сипаттарына қарай шылаулар 3-ке бөлінеді: жалғаулықтар, септеуліктер жəне демеуліктер.

Шылау сөздер жеке сөздердің арасын байланыстыруда ерекше қызмет атқарады. Бүндай ерекшелікті шылаулар арқылы əртурлı синтаксистік қатынасты білдірулермен түсіндіруге болады.

Шылау сөздер осындай ерекшеліктердің негізінен туындайтын сөйлемдерден алдыңғы қатарда жүреді. Себебі сөйлемдер мен сөздер арасын байланыстырудағы өрісінің кеңдігі олардың бойына тəн өзіндік қасиеттерінен шығып жатады. Шылау сөздердің грамматикалық жүйеде алатын орны, оның өзге де категориялық мағынаға əсерí синтаксистік қатынаста ғана жүзеге аспақ [2; 142].

Жалғаулықтар — дербес лексикалық мағыналары дерексізденген, бірақ өздеріне тəн ерекше семантикалық мағыналары мен абстракт грамматикалық қызметтері бар шылау сөздер [3; 363]. Жалғаулық шылаулардың мағыналары мен қызметтері де өмірмен байланысты алуан түрлі заттар мен құбылыстардың аралықтарындағы неше қилы қатынастардың негізінде туып қалыптасқан да, сол негізде сөйлеу тілінде жарыққа үнемі шығып, үнемі көрініп отырады.

Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтар — лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді əр түрлі ыңғайда (мағыналық қатынаста) салаластыра байланыстыратын сөздер [1; 557]. Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің жəне бірыңғай сөйлемдердің аралығындағы әрқилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өзара тең екі сөзге не екі сөз тіркестеріне бірдей қатысты болады. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандьщ– болды егіз (Абай) деген мысалДағы пенен, менен, пен жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Жалғаулықтар салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді де өзара байланыстырып, олардың ара қатынасын білдіру қызметін атқарады. Мысалы: Амɑнтɑй әлсіреп көзін біраз жұмып жатты да, қайтадан ашты (С.Мұқанов). Сөйлемде дɑ жалғаулығы сөйлемдер арасын байланыстыру үшін қолданылған.

Жалғаулықтардың өзге тілдерден де ауысып келгендері бар. Мысалы, əлде, я, яки, егер, яғни сияқты жалғаулық шылаулар араб, иран тілдерінен ауысып келген болса, құй жалғаулығы орыс тілінен енген [4; 132].

Жалғаулықтардың мағыналары мен функцияларын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені олардың сөйлемде қолданылауына байланысты мағыналары əрбíр жалғаулықтың функциялық қызметіне орай жəне соған сəйкес сараланып отырады. Сондықтан жалғаулықтарды жіктегенде, түпкі тірек етіліп, олардың функциялық қызметі негізге алынып отырады. Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан олар: салаластырғыш жалғаулықтар жəне сабақтастырғыш жалғаулықтар деген екі топқа бөлінеді.

Салаластырғыш жалғаулықтар негізінен салалас сөйлемдердің арасын байланыстырады.

Сабақтастырғыш жалғаулықтар тек құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір- бірімен жалғастырып, байланыстырып, солардың арақатынасын анықтап көрсету үшін жұмсалады. Ондай қатынастар байланыстыра түскен сөйлемдердің мағыналары қарсылықты, себептік, салдарлық, шартты, айқындағыш, ұштастырғыш болып бөлінеді [5; 202]. Осылардың ішінде ұштастырғыш жалғаулықтардың мәтін байланыстырудағы қызметіне тоқталуға болады.

Ұштастырғыш жалғаулықтарға ендеше, олай болса шылаулары жатады. Мұндай жалғаулықтар мағына жағынан бір-біріне орай қолданылатын екі жай сөйлемді ұштастырып байланыстыру үшін жұмсалады да, бірінші сөйлемнен кейін іле екінші сөйлемде анықталатын ойды бастау үшін дəнекер ретінде қызмет етеді [6; 80]. Сөйледің сен де аямай. Ал Барластан сөз шығар, Асылдан ұшқан қылаудай (М.Ə.ƒ Мал дүниенің иесі осы кісі. Ендеше бәріміз де әжемнің төрелігіне тоқтайық (М.Əуезов). Ал, ендеше жалғаулығы дəл осы мағынада қолданылып, осы қызметті атқарады. Шылаулардың да мəтíн түзуге қатысатындығын былай көрсетеді: «Шылау сөздер мәтін

құрылымындағы сөйлемдерді мағыналық жағынан іліктестіріп, мəтíндегí ой жалғастығына ықпал етеді. Алдыңғы айтылған сөйлемді кейінгі сөйлеммен байланыстыруда көбінесе сонымен бірге, осыған дейін, сондықтан, сол себепті, бірақ, алайда деген шылау жəне шылау мəндес құрылымдар жиі жұмсалады» [7; 25].

Шылаулар басқа сөздермен тіркесу қабілеті жағынан да, орналасу тəртíбí жағынан да біркелкі емес. Олардың кейбіреулері ешбір сөзді жетектемей, оны басқа сөздермен байланыстырмай, оған тек көмекші, үстеме мағына беріп, оның мағынасын күшейтіп тұрса, екінші біреулері сөздерді немесе сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып, синтаксистік дəнекер қызметін атқарады.

Қодар қиналып, қатуланған соң, Жәмпейіс өз естігенін тегіс айтқан жоқ. Жəне айтам десе де, өзі сөз білмейтін, сөзін ұғымды ғып кісіге айта алмайтын аса бір орашолақ адам еді. Сонысынан тағы жасқанып, Қодарды қинамайын деп қойған-ды (М.Əуезов). Бұл үзіндіде жəне жалғаулығы өзінен бұрынғы сөйлемде айтылған ойды нақтылау үшін жұмсалып тұр.

  1. Бұл ауылдағы осындай барлық бейіл, бар ажар Абайға дəл бір өз туысының, жақын жанының үйіне келгендей жылылық, достық белгісін білдірді. 2.Тегінде, Жігітек, Көтібақ сияқты өзге жақын елдермен салыстырғанДа, Абай Бөкеншіні әрқашан артық көруші еді. 3.Жəне бұл ауылДарДың адамында өзгеше бір мінезділік пен адал момындық бар. 4.Жəне жақсы көрген адамынан қолда барын аямайтын шыншыл бейіл бар. (М.Əуезов). Жəне жалғаулығы 3, 4-сөйлемдердің басында келíп, оларды бíр-бíрíмен байланыстыру үшін, əpi қазiргi қазақ тіліндегі жəне жалғаулығы мəнíнде қолданылған.

Қазіргі қазақ тілінде осы жəне жалғаулығымен синонимдес келетін «уа» жалғаулығының бірыңғай мүшелер арасында, тіпті кейде белгілі бір оқиғаны, көріністі баяндау, суреттеу түрінде келетін бір тектес сөйлемдер арасында да бірнеше рет қайталанып келетін түрі өте жиі кездеседі. «Уа» жалғаулығының бірыңғай мүшелерден кейінгі қолданылатын орны — сөйлем арасы. Бұл орында ол бір оқиғадан екінші оқиғаға, бір ойдан екінші ойға көшуге табалдырық тәрізді қызмет атқарады [8; 102]. Осы көзқарастан шылаулардың күрделі синтаксистік бірлік арасын байланыстыратын құрал екендігін байқаймыз.

Жоғарыда келтірілген Т.Қордабаевтың пікіріне тағы бір нығыз дəлел — уа жалғаулығының Абайдың қара сөздерінде осылайша қолданылуы. Мысалы: Уа жəне назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бəлки жоғалар еді (3-қара сөзінен).

Мұндай қолданыста дербес сөйлемде, яғни мәтін жосығында қолданылуында уа жалғаулығы дербес сөйлемдерді байланыстырып қана қоймайды, оның өзіне қатысты ақпаратты актуалдандыратын да қызметі бар. Әрі үстемелік мəн айырықшалана түседі. Сөз зергері М.Әуезовтің «жəне» жалғаулығын бас әріппен дербес сөйлемде еркін қолдана беруі автордың стильдік ерекшелігі (нормадан ауытқуы) ғана емес, мәтін түзу дәстүрін жалғастыруы деп санаған да жөн. Дəлел үшін бір мысал: Абай бір жағынан еріксіз күліп, екіншіден қысылып, бойын жиып алайын деп еді. Денесі кесек, қолы қайратты Оспан түрегеліп алып, шалқалата жығып салды. Жəне соның үстіне, ұртына тығып жүрген бір сілекейлі қатты нəрсенí əп сəтте Абайдың көйлегінің омырауын ашып, жалаңаш етіне тигізіп тастап жіберді (М.Əуезов).

Л.Г. Бабенко мен Ю.В. Казарин «мәтінде суреттелген заттар, құбылыстар, оқиғалардың шындығында бір-бірімен байланыстылығы, бұзылмағандығы тек мазмұндық жəне композициялық деңгейде ғана берілмейді, сонымен қатар мəтíннен тыс логика-мағыналық байланыстар түрінде де беріледі. Ондай байланыстардың негізгі құралы шылаулар болып табылатындығын көрсетеді» [9; 186].

Жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан сөйлемдер тек ресми құжаттардың мəтíнíнде ғана көзге түспейді. Көркем əдебиет стилінде, əсíресе, өлеңнің синтаксистік құрылысында күрделі синтаксистік тұтастық құрамына енген сөйлемдердің ең соңғысының алдында тұрып, оны алдыңғы тармақтармен байланыстырады. Мәтін — коммуникацияның əмбебаптык формасы ретінде көрінеді, автор мен адресаттың арасындағы сөйлеу өзара әрекеттестікті жүзеге асырады, әр уақытта автордың білім аясы, идеясы, ойы, санасы т.б. мәтінде өз көрінісін табады, белгілі қарым-қатынас аясының ерекшелігі танылады, барлық уақытта адресатқа бағытталады, информация таратады, стилистикалық амал-тәсілдерді қолданады, осының арқасында прагматикалық тиімділікті жүзеге асырып отырады [10; 21].

Тарихи шежірелердің синтаксистік құрылысын зерттеген ғалым Т.Қордабаев уа жалғаулығы туралы былай дейді: «Уа жалғаулығы қазақ тілі жазбаларында ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Ол ХҮШ ғасырдағы қазақ хандарының, би, сұлтандарының қатынас қағаздарында, ХІХ ғасырдың аяқ кезіндегі мерзімді баспасөздерде едәуір жиі қолданылғанымен, қазақ тіліне сіңісе алмады. Оны қазіргі да (де, та, те), мен, пен, я, не деген тәрізді жалғаулықтар ығыстырып шығарып тастады. Сөз болып отырған еңбекте уа жалғаулығы дара түрде, һәм (уаһәм), яна (уаяна), тақы (уатақы) ләкін (уаләкін) жалғаулықтарымен бірігіп күрделенген түрде өте жиі кездеседі жəне оның мағынасы мен қолданылу орны да түрлі-түрлі» [8; 55]. Мысалы: 1. Уа тақы Гурбасу хатун ерді, ол найман ның Тайан хан (ы) ның улуғ хатуны ерді. 2. Чиңгиз хан Тайан хан ны өлтүрген дін соң ол хатунны Чиңгиз хан моғол дəстүрінче никак қылыб алды. 3. Тақы таңқут ның падшаһы ның қызыны Чиңгиз хан ға сауқат келтүрүб берүб ерді. 4. Аны Һәм кім ерсə гə бахшиш қылды. 5. Уа тақы Чиңгиз хан ның алған хатун лары Һәр бірі бір уилайат ның Һәр бір қаум ның улуғы ның қызы ерді. 6. Нечə анлар улуғлар қызы болса, бу баш хатун дын оздурмады лар (Жами ат- Тауарихтан). — Аудармасы: 1. Жəне тағы Гурбасу хатун еді, əуелí Таян ханның үлкен хатуны еді.

  1. Шыңғыс хан Таян ханды өлтіргеннен соң, ол хатунды Шыңғыс хан моғол дəстүрінше неке қылып алды. 3. Тағы да таңғұт патшасының қызын Шыңғыс ханға сауқат (сыйлық) ретінДе әкеліп берДі.
  2. Сондай-ақ Шыңғыс ханның хатундары әрқайсысы бір уәлаяттың әлдебір қауымның ұлықтарының қызы еді. 5. Олар қанша ұлықтың қыздары болғанмен, әлгі бес хатуннан оздырмады, яғни олармен тең дəрежеде жете алмады. Бұл жерде уа жалғаулығы уа тақы түрінде қолданылып, жəне мағынасында қайталанып келіп, контекстегі сөйлемдер арасын байланыстырушы мəнде қолданылып тұр. Немесе: 1. Бешінші оғлы Белгүтай нойан ерді. 2. Аның анасы башқа ерді. 3. Дайим Қутула хан, оның ұлы Жошы хан еді. 4. Өз әскерімен Чиңгиз хан ның хикматы дан айрылмады.
  3. Аның оғлан лары көб ерді. б.Қайм мақамында Жауту атлығ оғлы бар ерді. 7. Уа бу сабабдын Жауту ат берділер. 8. Аның йүз хатуны бар ерді. 9. Уа йүз оғлы бар ерді (Жами ат-Тауарихтан). — Аудармасы: 1. Бесінші ұлы Белгүтай ноян еді. 2.Оның бұлардан анасы басқа еді. 3. Қутула хан, оның ұлы Жошы хан еді. 4. Əрдайым Шыңғыс ханның қызметінен айрылмады. 5. Оның оғландары көп еді.
  4. Каим Мукамындағы оның Жауту атты ұлы бар еді. 7. Жəне бұл Жаутуға осы себептен Жауту ат берді. 8. Оның жүз хатуны бар еді. 9. Жəне жүз ұлы бар еді. Осы мысалдағы уа (жəне) шылауы сол сөйлемге ерекше назар аудартып тұр жəне өзіне екпін түсіріп, әрі ерекше интонациямен айтылып, одан соң ой жалғастығын қажет етеді.

Тарихи жазбаларда кездесетін уа жалғаулығы жəне жалғаулығымен мағыналас келіп, қазірде тілімізде қолданылатындығын байқадық.

Жалғаулықтардың құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыруы мен дербес сөйлемдерді байланыстыруының арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Дербес сөйлемнің синсемантикалылығының көрсеткіші ретінде жалғаулықты қолдануда айтушының-жазушының субъективті-коммуникативтік мүддесі болады. Қарапайым айтқанда, жазушы жалғаулықты жеке сөйлемге жіберіп я бас әріппен жазуына қайтсе де белгілі бір мақсат болады, ал ауызша сөйлеуде сөйлемнің басты белгілерінің бірі интонация құрмалас сөйлем жағдайына қарағанда өзгеше болады [11; 52]. Ғалым пікірін тілдік деректер арқылы дəлелдеп көрейік.

  1. Ал Сүйіндік сол сөзді оп-оңай, бір айналмай айтып салса ертеңгі тауқымет мұнда. 2. Жəне алдымен Қодардың сол Құнанбай айтқандай айыптылығына да көзі жеткен емес.3. Ол Қаратайдың шапшаңдығынан бір пайда тапқандай болды (М.Əуезов). Немесе: 1. Бүгін түсте шешелері Абайды шақырып алып, мәлім етіп еді: қонақтар ертең түстеніп аттанатын болса, ет аздық етеді.
  2. Ұялып қалмас үшін қазірден қаи ету керек. 3. Абайдың ас қызығына бармай қалғаны сол болатын.
  3. Ол Ызғұтты мен Мырзаханды Ботақандағы Құдайбердіге шаптырды. 5. Бөгелмей, тез ғана қысырдың бес тайын ұстатып жіберсін деп тапсырды. 6. Сол сойысты күтті. 7. Жəне арттағы ауылдар ас бітті деп салақсып қалып, ертеңгі қымыздан құр тастамасын. 8. Өзге жұрттың дені кешке тараса да, Абай қонақтары қайтпайды. 9. Соны білдіріп қадағалау керек (М.Əуезов). Бірінші үзіндінің екінші сөйлеміндегі жəне шылауы сол сөйлемге айрықша назар аудартып тұр, оның үстіне осы контексте бұл жалғаулықта ыңғайластықтан басқа үстеме мағына байқалады, әрі осы жалғаулықтың салдарынан бұл сөйлем логикалық жағынан тиянақсыз. Сол сияқты екінші контекстің 7-сөйлеміндегі жəне шылауы да алдыңғы ойларды жалғастыру үшін қолданылған.

Кейде жəне жалғаулығы не бірыңғай сөйлем мүшесі де емес, не құрмалас сөйлем де емес, өзара аралас бір топтарды да жалғастырады [12; 126]. Біз бұл пікірден автордың жəне шылауының күрделі синтаксистік бірліктердің арасын байланыстырушылық қасиетін айтып тұрғанын аңғарамыз. Осы көзқарастың дұрыстығын жоғарыдағы мысалдар дəлелдей алады.

Жалғаулықтарды дербес сөйлемді контекске тәуелді ету үшін жұмсағанда олардың өздеріне тəн мағынасы даралана, айқындала түседі. Осыдан болар, есімдік негізгі жалғаулықтар дербес сөйлемде қолданылғанда, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы: Абай әкесінің сөз желісін, түп мәнісін түсінген жоқ. Кейбір мақалдарын ғана таңдана шешіп отыр. Осы бар үлкеннің мұндай жердегі салты бойынша, әкесі де тұспалдап, орағытып ұқтырмай сөйлейді. Бір сөзімен бір сөзін жалғастыруға Абай үлгірмей, адасып қап отыр. Өзіне салса, жаңағы көңілді үйге, шешесінің жанына қазір кетер еді. Бірақ әкесі шақырған соң енді шығып болмайды.

Сондықтан біруақыт ол əке сөзінің сыртын, ағымын тыңдайды (М.Əуезов). Берілген үзіндінің соңғы сөйлеміндегі сондықтан жалғаулығы өзінің алдындағы контексте берілген ойларды бойына жинақтап тұрғандықтан «неліктен» деген себеп пысықтауыштың сұрағына жауап бере алатынын байқауға болады.

1. Оспан әкесі ұрғанда жыламаса да, шешесі ұрған уақытта тіпті жылауық. 2. Әкесі жылағанға қарамайды. 3. Ал, шешесіне қарсы кейде бұның емі бар. 4. Бас қорғаудың жылауы.

  1. Қазірде де бақырып, бар даусымен шырқап, азан-қазан қылды. 6. Шешесінен босап барып сол жақтағы биік сүйек төсектің үстіне секіріп шығып, етпетінен жатып ап жылады. 7. Бірақ бұл жолы қанша жыласа да, оған қайысып, уатам деген шеше жоқ. 8. Оны біледі. 9. Сондықтан аяқ кезде көзде жас болмаса да, өтірік анда-санда бір бақырып қойып жатыр (М.Əуезов). Мəтíндегí 9- сөйлемдегі сондықтан шылауы алдыңғы ойларды айқындау мақсатында, яғни Оспанның не себепті бақырып жатқандығын білдіріп, əрí сөйлем қызметін (пысықтауыш) атқарып тұр. Сондықтан салдарлық жалғаулығының да мотінтүзімдік қасиеті байқалады.

Сол себепті жалғаулығы да мəтíн байланыстыруда ерекше қызмет атқарады. Оны төмендегі мысалдардан байқауға болады.

  1. Құнанбай — өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы. 2. Қара шаңырақ иесі.
  2. Қалың дəулет пен әмір, билік иесі. 4. Жасқа да көп туысынан өзі үлкен. 5. Сол себепті үлкен әкесі Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма ауылдың мынандай топтарының ішінен бірде-бір жан әлі күнге Құнанбайдың алдынан көлденең шығып көрген емес. Тіпті, өкпе-назы болса да, ашып-жарып айта алмайтын (М.Əуезов). 5-сөйлемдегі сол себепті шылауы өзінен бұрын ойдың болғандығын көрсетіп, Құнанбайдың алдынан көлденең шықпауының себебін өзінен бұрынғы сөйлемдер аңғартып тұр.

Өйткені (үйткені) жалғаулығы да тұтастық арасын байланыстыра алады. Мысалы: 1. Оның ата- тегінде бар Тобықты, бар Қарқаралы «Қаракөк» деп атайды. 2. Алшынбай белгілі би Тіленшінің баласы, одан арғы атасы — Қазыбек би. 3. Осының бəрíне қарағанда Абайдың қалыңдығы Дíлдə, тіпті бір үлкен, асқақ жердің қызы тəрíзденедí. 4. Сол қалыңдықтың қалың малы да осал болмаған болу керек. 5. Үйткені Құнанбай аулынан Қарқаралыға қарай шығатын топ-топ жылқы, түйе, көбінше, осы Алшынбай аулына барушы еді. 6. Жалғыз ғана құлдық па, жоқ басқа ілік пе, əйтеуíр Алшынбай, Құнанбай əбден айқасқан, ішек-қарын араласқан дейтін жақындардың өздері (М.Əуезов). Мотіндс үйткені жалғаулығы сөйлемдер арасында себептік мағына тудырып, əрí сөйлемдер арасын байланыстыру үшін жұмсалып тұр.

Бірақ жалғаулығы сөйлемдер арасын байланыстырып, қарсылықты мағынада қолданылады. Қарсылықты жалғаулықтар негізінде бұрынғы сөйлемде айтылған ойға соңғы сөйлемдегі ойдың мағына жағынан қарама-қарсы екенін аңғартуға дəнекер болады.

1. Жұмабайдың қалаға бұл жолы не жұмыспен барғанын Абай дəлдí білмейді. 2. Бірақ оның Байтасқа айтқан бір сөзінде Құнанбай тапсырған бір жұмыспен барып келе жатқаны мәлім еді (М.Əуезов).

Немесе: 1. Бұл Көтібақ ішінде Байсалдың жақын туысқаны Шоқанның баласы. 2. Байсал əрдайым қасына ертіп жүреді. 3. Əрí жігіті, əрí сөз ұғып, адам болар деген жасы. 4. Ол эңгіме атаулыны көп біледі. 5. Қызық көп айтады. 6. Өзі күлдіргі. 7. Абайды еркелетіп қоятын кезі бар-ды. 8. Қазіргі осы жиында Абайдың оңаша кездесуді іздейтін жалғыз ыңғайлы көрер адамы осы.

9. Бірақ оның шыны ма, я əдейí үлкендерге көз қыла ма, əйтеуíр қазір Құнанбай сөзінен басқа бар дүниені ұмытқан. 10.Сонымен бірге Абайды да былай қоя тұрған сияқты (М.Əуезов). Бірінші мысалда бірақ қарсылықты жалғаулығы күрделі синтаксистік тұтастық арасын байланыстыруда жұмсалса, екінші мысалда абзац арасын байланыстыру үшін қолданылған.

Əрí жалғаулығыныңда мотінтүзімдік сипатын аңғаруға болады. Іштерінен осының бəрíне жеткізіп, өзге қазақтан бұларды əрí жуан, əрí сыйлы қып жүрген Құнанбайға дəн риза (М.Əуезов). Мұнда əрí жалғаулығы бірыңғай мүшелердің арасын байланыстырып тұр.

Балық аз түсіпті, əрí тайызға салған аудың арқалығы мұзға жабысып қатып қалған екен. (Ә.Нұрпейісов.). Əрí жалғаулығы құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыруға атсалысып тұр. Енді əрí жалғаулығының сөйлемдер арасын байланыстырудағы қызметін мысалдар арқылы дəлелдеп көрейік.

1. Қадырбай бұл мəжíлíстер тұсында даңғыл жолға түскендей боп, жазылып кетті. 2. Кейде соқтырып өлең айтып кетеді. 3. Өзі жаңылып ұмытыңқырап қалған жерлер болса, жалт етіп Қуандыққа қарайды. 4. Əрí сұлу, əрí майда мінезді Қуандық экесінің мүдірген жерлерін тез айтып, есіне түсіріп жібереді. (М.Əуезов).

1. Мынандай жанның маңында күңгірт кеш те, жабық көңіл де болмау керек. 2. Оның аты — үлкен үміт. 3. Əрí сұлу, əрí сенімді, мықты үміт. 4. Оның бас иер күші жоқ (М.Əуезов).

Үзінділердегі əрí жалғаулығы өзінен бұрынғы ойды нақтылау үшін жұмсалып тұр.

Не, немесе жалғаулықтары контексте қолданылу ерекшеліктеріне қарай салалас құрмаластардың құрамындағы жеке сөйлемдердің арақатынастарын білдіру үшін де қолданылады.

Не Көкше, не оның балапан таулары, не көлдері еш уақытта Асқарды тойғызған емес. (С.М.). Бүл жерде бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін колданылған.

Не ғылым жоқ немесе еңбек те жоқ. Ең болмағанда кеттің ғой мал баға алмай. (Абай) дегенде. күрмалас сөйлемдерді байланыстыруда кызмет етіп түр.

1. Отырғандар осы күйді танып қалды. 2. Құнанбайдың бұлай беттеп алғанда қайта оралар қайырымы жоқ, оны бәрі біледі.

  1. Не айтысып, шарпысып кету бар. 4. Немесе іштен қоштамаған уақытта Байсал, Бөжейдің бір тәсілі: міндет, мысалды Құнанбайдың өзіне бастатып, артын өзіне тастап кететін әдеті барды (М.Өуезов). Мүнда күрделі синтаксистік түтастык арасын байланыстырып мәлінлүзімдік қызмет аткарған.

1. Піспеген адамның қолындағы билік жас баланың қолындағы ұстара пышақ есепті. 2. Не өзі арандайды. 3. Не өзгені арандатады. 4. Абай өзін аямаса да, бұған еріксіз күні түсетін халықты аяйды (М.Өуезов). Бүл мысалда да не талғаулык шылауы автордың стильдік колданысына байланысты мəтíн байланыстыру мақсатында қолданылған.Күрделі синтаксистік лүласлыклы калыптастыру үшін немесе шылауының кызметі ерекше көрініс тапкан.

Қорыта келгенде. тіліміздегі шылаулардың. оның ішінде. жалғаулыктардың күрделі синтаксистік түтастыктар арасын байланыстырудағы кызметі ерекше екендігі байкалады. Өсіресе. ыңғайластык. себеп. қарсылықты. талғаулықты жалғаулықтардың мэтінтүзімдік қызметі зор.

 

Өдебиеттер тізімі

  1. Қазак грамматикасы. Фонетика. сөзжасам. морфология. синтаксис. — Астана. 2002. — 784 б.
  2. Молғаждаров Қ. Руника жазбаларындағы шылау сөздерді зерттеудің тиімді жолдары. (Дөңгелек үстел материалдары) / Қ. Молғаждаров // Көне түркі жазуларының зерттелуі: бүгіні мен болашағы. — Астана. 2004. — 230 б.
  3. Ыскаков А. Қазіргі казак тілі: морфология / А. Ыскаков. — Алматы: Ана тілі. 1996. — 329 б.
  4. Бейсенбаева К.А. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков / К.А. Бейсенбаева. — Алматы: Ана тілі. 1994. — 240 с.
  5. Оралбаева Н. Қазак тілі / Н. Оралбаева. Ғ. Мадина. А. Өбілкаев. — Алматы: Қазак университеті. 1993. — 336 б.
  6. Сариева К. Қазак тілі / К.Сариев. — Алматы: Білім. 1997. — 104 б.
  7. Абикенова Г. Көркем мәтінтүзуші мағыналык-күрылымдык бірліктердің теориялық негіздері: фил. ғыл. док. ғылыми дəрежесíн алу үшін дайындағаіі дис. авторефераты: 10.02.02 / Г. Абикенова. — Алматы. 2010. — 40 б.
  8. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мəселелерí / Т. Қордабаев. — Алматы: Ғылым. 1964. — 244 б.
  9. Бабенко Л.Г. Линвистический анализ художественного текста / Л.Г. Бабенко. Ю.В. Казарин. — М.: Флинта; Наука. 2004. — 496 c.
  10. Өлкебаева Д. Қазак тілінің прагмастилистикасы / Д.Өлкебаева. — Алматы: Қазак университеті. 2008. — 258 б.
  11. Жакупов Ж.А. Сложные синтаксические единства в современном казахском языке: дис. … канд. филол. наук: 10.02.02 - «Казахский язык» / Ж.А. Жакупов. — Алма-Ата. 1990. — 140 б.
  12. Иманалиева Ғ.Қ. Қазіргі казак тіліндегі шылаулардың синтаксисі: фил. ғыл. канд. … дис / Ғ.Қ. Иманалиева. — Алматы. 1994. — 117 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.