Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ жəне түрік тілдеріндегі адамның тыныс алу жүйесі атауларына қатысты тұрақты тіркестер

Қазақ лингвистикасында түрақты тіркестерге қатысты ауқымды зерттеулер жасалса да, əлí де ашылмаған қырлары бар. Олардың бірі — объект ретінде тіл түрғысынан зерттелуі. Бүл мақалада лексика-стилистикалық қабатты қолдану ерекшеліктері жан-жақты талданған. Тілдердегі тыныс алу мүшелерінің атауларымен байланысты түрақты үйлесімдерді адам факторы түрғысынан маңызды топтарға жіктеу оның ішкі семантикалық белгілерін анықдаудың үтымды əдíсí болып саналды. Мақала ішкі органдардың атауларымен байланысты соматикалық фразеологизмдердің жекелеген атауларының ерекшелігін көрсете отырып, қазіргі қазақ əдеби тіліндегі орнын анықтау мақсатында жазылған. Ол үшін семантикалық топтарға бөлу əдíсí қолданылды. Яғни, олардың тарихи дəуíрде өз мəртебесíн жоғалтпауы жəне қазіргі əдеби тілге қол жеткізуі, бүл екі тармақ бір-бірінен бөлінбегенін дəлелдеген. Мақалада қазіргі лексикалық қүрам мен тілдік қорды толықтырып түрған түрақты тіркестердің ішінде ішкі соматикалық фразеологизмдердің өзіндік орны бар екендігіне олардың екі тілге ортақ ерекшеліктерін талдау арқылы ішкі мағынасын ашқан.

Қазіргі таңда қазақ əдеби тіліндегі сөздердің жалпы қолданысы аясында түрлі мəселелер кездесіп жүр. Бүған тілдік қор, тілдік қүрамдағы сөздердің қалыптасуы ықпал ететіні айқын. Нақтырақ айтсақ, əр тілдің фразеологиялық қорында 30 % үлесі бар жалпы соматизмдердің аталмыш тілдер семантикасындағы маңызы зор. Сондықтан «адам» концептісінің зерттелуі түрақты тіркестерді салыстыра талдауда өзекті мəселе болмақ. Себебі адам — қоғамның жəне өндірістік қызметтің негізі. Ол қоғам субъектісі болғандықтан, əрбíр үлт оны қабылдау үрдісінде əртÝрлí түжырым жасайды. Адамның ішкі ағза атауларына байланысты фразеологизмдерді талдау арқылы қазақ жəне түрік тілдеріндегі үқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындауға мүмкіндік аламыз. Фразеологизмнің қүрамындағы сөздер өздерінің жеке-дара мағыналарынан айырылып, дербес сөздерге балама ретінде қолданылады. Мүндай сөздердің тіркес қүрамындағы мағынасы жеке алғандағы мағынасына сəйкес келмейді (көре алмау — қызғану; іші күю — өкіну, т.б.).

Гүлдархан Смағүлова «Мағыналас фразеологизмдердің үлддық-мəдени аспектілері» атты еңбегінде қазақ фразеологиясындағы мағыналас қатарлардың топтарын антропоцентрлік жəне тілдегі адамдық фактор түрғысынан фразео-семантикалық өрістерге жіктейді. Яғни, мағыналас қатарларды, ең алдымен, жалпы фразеологиялық семантикаға негіздей отырып, жалпыдан жалқыға сияқты иерархиялық принциппен жүйелейді. Сонымен, тыныс алу жүйесіне жататын ішкі ағза атауларына байланысты фразеологизмдердің қазақ жəне түрік тілдеріндегі семантикалық ерекшелігін ескере отырып, этимология, семасиология, лексикографиямен бірге лексикологияның қүрамында қаралатын фразеология саласындағы талдауларға ойыссақ.

Фразеология фразалық түрақты сөз тіркестері мен мақал-мəтелдерге бөлінеді. Ғалым Р.Авакова қандай да бір тілдің фразеологиялық бірліктерін фразеология деуден гөрі морфемика, лексика терминдеріне сəйкестендíрш фраземика деп атау керектігін алға тартып, фраземика терминін үсынған [1; 14]. Сондықтан қазақ тіліндегі түрақты тіркестер мен түрік тіліндегі мақал-мəтел үлгісіндегі фраземикаларды адамның ішкі ағза атаулары түрғысынан қарастыру орынды. Мақал- мəтелдер мен фразеологизмдердің көптеген ортақ белгілері бар. Соған орай түрақтылық белгісі түрғысынан фразеологизмдерге Р.Сəрсенбаев ерекше топ ретінде мақал-мəтелдерді жатқызады [2; 10]. Жалпы тыныс алу жүйесі мүшелері бойынша жүргізілген талдаулар нəтижесíнде табылған фразеологиялық тіркестерді ғалым Г.Смағүлованың еңбегіне сүйеніп, 5 мағыналық топқа бөліп қарауға болады: адамның жағымды, жағымсыз қимыл-əрекеддеріне негізделген, адамның физикалық қалпын бейнелейтін, адамның жеке басына тəн қасиеттері туралы жасалған, уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген, тілек-бата, ырым, садақаға байланысты айтылатын мағыналас тіркестер [3; 72]. Осы топтарға жататын тыныс алу мүшелері атауларына қатысты түрақты тіркестерді қарастырайық.

Адамның жағымды, жағымсыз қимыл-әрекеттеріне негізделген түрақты тіркестер:

  1. Аузы-мүрнын тас қылды. Дыбысын шығармайтындай етіп, аузы-мүрнын əбден бекітті, таңды.

Мысалы: Патша сарайы жігіттің өзіне таныс. Ол күзетшіге байқатпай келіп, оның аузы-мүрнын тас қылып, дыбысын шығартпай, жерге көтеріп үрып, аяқ-қолын байлап тастайды («Қаз. ертегі.») [4; 83];

  1. Аузы-мүрнын шиедей (шие жегендей) қылды. Аузы-мүрнын қан қылды, қан жалатты.

Мысалы: Аңдып жатқан дуадақ жақындаған кезде қанатымен қағып қалып, түлкінің аузы- мүрнын шиедей қылып, жүлынын үзіп кетіпті («Қаз.ертегі.») [4; 86];

  1. Ат түмсығын тіреді. Қонақ болып түсті, белгілі бір межелі жерге келіп жетті, тоқтады.

Мысалы: Абай ауылынан кеткен бетінен қалаға бүтін жетіп, Мүқаметжан жаңа кеп, ат түмсығын тіреген жері осы (М.Əуезов) [4; 72];

  1. Мүрнымен жер тіреп, маңдайымен көк тіреп. Түн үйқысын төрт бөліп деген мағынада да, аспан тіреп түрған кісідей деген мағынада да айтыла береді [4; 95].

Адамның физикалық қалпын бейнелейтін фразеологизмдер:

  1. Аузы-мүрны қисаймай. Бет-аузы бүлк етпей, үялмай, шіміркпей.

Мысалы: Сонда Шермек аузы-мүрны қисаймастан өлсең борыштанбай өлсеңші, неңді бересің деді-ау (Б.Майлин) [4; 82];

  1. Аузы-мүрнынан шығып отыр. Айы-күніне жетіп, босанғалы отырған əйелге айтылады.

Мысалы: Анау отырған біздің тоқал да, — деді Түрағал, жас бір әйелді иегімен нүсқап, — аузы- мүрнынан шығып отыр, оған әлгі бүрау басын сындыртпайды, бірдемеге қолғабыс тигіз десең, іштегі баласына зақым келер деп зыр-зыр етеді (С.Мүқанов) [4; 83].

Адамның жеке басына тəн қасиеттері туралы жасалған фразеологиялық тіркестер:

  1. Ашуы мүрнының үшында. Ашуы тез келетін, шертіп жіберсең, «жарылып» кететін тыз етпе, күйіп-піспе кісі туралы айтылады [4; 93].

Уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген мағыналас фразеологизмдер:

  1. Аузы-мүрнынан келді (шықты). Лық толды.

Мысалы: Сөйтіп əр жерден сығылысып өтер жымба із жасап, екі бөлмені аузы-мүрнынан келтіре сықап толтырды да қойды (С.Шаймерденов). Аласа, қараңғы мектеп үйі аузы-мүрнынан шығып түр (Б.Майлин) [4;83];

  1. Аузы-мүрнынан шыққанша. Кеңірдегінен келгенше ішіп-жеп, ыңқия тою [4;83].

Тілек-бата, ырым, садақаға байланысты айтылатын түрақты тіркестер:

  1. Алаөкпе тигір (болғыр)! қ а р ғ ы с. Кеселге үшырағыр!

Мысалы: Мына алаөкпе тигірлеріңді кидірмелетіп қайда апарасың, үйге кіргізейін деп пе едің соншама? (Х.Есенжанов) [4;40];

  1. Жегенің мүрныңнан (желкеңнен) шықсын! қ а р ғ ы с. Өзіңе бүйырмасын деген мағынада.

Мысалы: Таңқыбай: — Келінжан-ау, ақ келін-ау, түн көрмейін, күн көрмейін, жегенім мүрнымнан шықсын, Шоқ бикенің өзі мені қорқытып, қолындағыны қағып жүр (С.Адамбеков). Мен төремін. Білмедім қатер төнерін. Болмады дегенім, Желкемнен шықты жегенім (Д.Еркімбеков) [4; 42].

Негізінен адамзаттың өзіне тəн даму жолы кез келген бір іс-әрекетпен шүғылдануына тікелей байланысты болып келеді. Жоғарыдағы түрақты тіркестердің алғашқы төртеуі түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған үдеріске байланысты. Яғни, «организмге оттегінің түсуін, көмірқышқыл газы мен су буларының организмнен шығарылуын қамтамасыз ететін» [5; 38] тыныс алу жүйесі мүшелерінің атауларына қатысты түрақты тіркестердің біршама үлесі адамның қимылына негізделеді. Аталған жүйеге, ең алдымен, мүрын қуысы жатады. Мүрын бірде ауызбен қосарланып келіп бірнеше фразеологизмнің жасалуына үйытқы болса, енді бірде синонимдері арқылы да түрақты тіркес қүрай алады. Демек, мүрын қуысы атауының қазақ əдеби тіліндегі фразеологиялық тіркес ретіндегі қолданыс аясы өте кең. Оның ауызбен қосарланып келуі адамның айналасында стереотип түрғыда өтіп жататын қалыпты жағдайда да көрініс табады. Мəселен, үялмай, шіміркпестен деген мағынадағы аузы-мұрны қисаймай тіркесі ешқандай эмоцияға бағынбай, тек табиғи қалыпта болады. Сол секілді айы-күні жетіп отырған əйелге аузы-мұрнынан шығып отыр деген тіркес айтылады.

Жеке дара субъект ретінде қарағанда кез келген адам өзіне тəн қасиеттері арқылы басқалардан ерекшеленіп тұрады. Демек ашуы мұрнының ұшында тұрған адамның өзіндік ашуланшақтық қасиеті дараланып көрінеді. Бұл тіркестің мағынасы сөздікте көбінесе мысқал ретінде қолданылатынын дəйектейдí. Ал қазақ мəдениетíнде бұрыннан қабылдау ерекшеліктерімен түсіндіріліп келген өлшем ұғымына тоқталар болсақ, жоғарыда аталған мағыналары ұқсас фразеологизмдердің белгілі бір шекті, өлшемді білдіретіні сөзсіз. Аузы-мұрнынан шыққан кез келген дүниенің асып-тасып, лық толып жататыны бəрíмíзге белгілі. Мұның бірі мұрын қуысын ауыспалы мағынада қолданса, екіншісі ыңқия тойып алған адамның аузы-мұрнын тура мағынада бейнелеп тұр.

Қазақ халқының мəдени өмірі əдет-ғұрып түрлеріне аса бай. Солардың бірегейі — тілек-бата, садақа жəне ырымдар. Тілектің кейбір элементтері қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде жиі кездеседі. Мысалы, алаөкпе тигір, жегенің мұрныңнан шықсын деген тіркестер қарғыс мағынасында жұмсалып, тыныс алу жүйесі мүшелеріне байланысты фразеологизмдер қатарын толықтырып тұр.

Қазақ тіліндегі адамның ішкі ағзасына қатысты тұрақты тіркестер тұлғасы мен мағынасы жағынан түрік тіліндегі макал-мəтел үлгісіндегі фразеологиялық тіркестерге ұқсас болып келеді. Ö.Ä. Aksoy сынды түрік ғалымдарының фразеологиялық сөздіктерінде тыныс алу мүшелері қатысатын көптеген тіркестер кездеседі. Солардың кейбіріне тоқталып талдау жүргізетін болсақ, екі тілдегі ішкі соматикалық фразеологизмдердің ортақ ерекшеліктерін айқындаймыз.

Kulaktan burun yakιn, кагđеşţеп karιn yakιn [6; 603]. Адам тыныс алуының қалыпты тіршілік əрекетíн қамтамасыз ететін мұрын қуысы фразеологизмдердің бұл ерекше тобында үйленгеннен кейін əрбíр адамның ең жақыны қасындағы жары болатынын салыстырмалы түрде сипаттайды. Мұрынның тыныс алудан басқа, иіс сезу қызметін де атқаратыны осы тұста көрініп тұр. Яғни, кез келген иіске қатысты ақпаратты мұрын арқылы тез білуге болады. Надандық, түк білмейтіндік мағынасындағы onun burnu koku almaz [6; 719] тіркесінде иіс сезбейтін мұрын ауыспалы мағынада ақылсыздықпен, оқымағандықпен сəйкес алынған. Бұл тұста 3-жақ тəуелдíк жалғауының қосылғанынан burun түбіріндегі екінші дауысты дыбыстың түсіп қалғанын байқаймыз.

Özveri, яғни адалдықты, берілгендікті білдіретін burun, kulak Ьɑşɑ sadaka olsun [6; 235] тіркесі де құлақ атауымен бірге тіркесіп келіп бір мағынаны береді. Сол секілді аузы-мұрны қатар қолданылатын öкśüź kιz beslersen, аğźıп burnun уɑğ olur; öкśüź оğìап beslersen, аğźıп burnun kan olur [6; 796] деген макал-мəтел үлгісіндегі фразеологиялық бірлік қыз баланың əрқашан өзіңе қамқоршы, жақын болып келетінін білдіріп тұр. Ал белгілі бір мəселе мағынасындағы burun уüźđеп đüşегśе elden arbet olur [6; 290] тіркесінде мұрынның адам денесіндегі аса маңызды тыныс алу мүшелерінің бірі екенін түрік тіліндегі нұсқада дəлелдейдí. Қазақ тіліндегі əр нəрсеге киліге берме, мұрныңды көкке көтерме деген сияқты тыйым сөздер мағынасын білдіретін burnunu her đеİİğе sokma [6; 200], Ьаşıп ĝöкţе, burnun havada olmasιn [6; 163] деген сынды фраземикалардың біріне «kişi kendisini ilgilendirmeyen her işe kalk^mamalι, aksi halde başma dert açabilir» анықтамасы берілсе, екіншісі gurur, яғни мақтаншақтық, кеудемсоқтық ұғымдарымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, ана сүтін ақтамау, ана сүтін көкке сауу деген сияқты негативті мағынадағы тіркестер түрік тілінде мұрынға қатысты айтылады. Мысалы, «aci çekme» дегенді білдіретін анɑśıнđɑн етđíğí śüţ burnundan (fitil fitil) geldi [6; 101] фраземикасы бар. Яғни, ана сүтінің қадір-қасиетімен өлшенердей қатты қайғыланды деген мағынада айтылған.

Анатомиялық еңбектердегі мəлíмет бойынша тыныс алу жүйесіне көмей де жатқызылады. Соған байланысты төменде берілген түрік тіліндегі фраземикаларды талдайтын болсақ, осы соматизмдердің мағыналық ерекшеліктері толықтырыла түсетіні анық. Мысалы, hocanιn аğźı ile дưİìаğı arasιna bir kuzu sιgαr [6; 356] тіркесі астарлы түрде 'æzde dindar ⅛i aç gözlü olur» дегенді білдіріп тұр. Яғни, білімді екенін тек сөзбен ғана дəлелдейтíн адамның «аузы мен көмейінің арасы бір қозы сиятындай» болады. Қозы денесінің көлемін ескерсек, бұл тіркестің ауыспалы мағынада берер мағынасы толық ашылады. Ал əйел затының ерекше қасиетін түрік тілінде «kadinin ihtiyaçlaπ sιnιrsιzdιr, ne kadar iyi şekilde ka^ilanirsa ka^ilansm hep daha fazlasini ister» деп түсіндіреді. Демек, kadιnιn gιrilcaξι olmaz [6; 446] деген фраземиканың сөздікте кездесуі тыныс алу жүйесіне қатысты тұрақты тіркестердің қатарын толықтыра түседі. Girtlak сөзі тамақ ұғымында да кездеседі. Демек, 3-жақ тəуелдíк жалғауының жалғануынан қатаңды ұяңға айналдыратын үндестік заңы түрік тілінде де көрініс табады. Сонымен, қазақ жəне түрік тілдеріндегі тыныс алу мүшелері атауларына қатысты фразеологизмдердің мағыналары ашылып, салыстырыла талдану барысында оларға тұлғасы жағынан да, ішкі мағынасы жағынан да ортақ адам факторының əсерí тиетініне көз жеткіздік.

Тыныс алу мүшелерін анатомиядағы ғылым тілінде респираторлык жүйе деп атайды. Осы респираторлык жүйе мүшелерінің көпшілігі аталған екі тілдегі түракты тіркестерге негіз болып отыр. Қарастырған фразеологизмдердің ерекшеліктерін ескере отырып. осы түркі тілдері үксастыктарының болуын екі үлкен ғылым саласының бір-бірімен тығыз байланысты екенінің бір белгісі деп білеміз. Қазіргі лексикалык күрам мен тілдік корды толыктырып түрған түракты тіркестердің ішінде ішкі соматикалык фразеологизмдердің өзіндік орны бар екендігіне олардың екі тілге ортак ерекшеліктерін талдау аркылы ішкі мағынасын аша отырып көз жеткіздік. Яғни. казіргі тіл білімі ғылымының даму үдерісінде антропоцентристік бағыттағы жалпы адамзаттык мəселелер аясында респираторлык жүйе мүшелеріне негізделген фразеологизмдерді салыстырмалы əдíс түрғысынан талдаудың тарихи да. тілдік те күны артып. сапасы салмактана түспесе. кемімейтіні айкын.

 

Өдебиеттер тізімі

  1. Авакова Р. Фразеология теориясы / Р. Авакова. — Алматы: Қазак университеті. 2009. — 290 б.
  2. Сарсенбаев Р. Лексико-семантические особенности казахских пословиц и поговорок: автореф. дис. ... канд. филол. наук / Р. Сарсенбаев. — Алма-Ата. 1961. — 21 с.
  3. Смағүлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің Ýлттыкумəдени аспектілері / Г. Смағүлова. — Алматы: Елтаным баспасы. 2010. — 244 б.
  4. Кеңесбаев I. Фразеологиялык сөздік / I. Кеңесбаев. — Алматы: «Арыс» баспасы. 2007. — 356 б.
  5. Сонин Н.И.. Қисымкызы Ө. Биология. 8 сынып. Адам: Жалпы білім беретін мектептерге арналған окулык / Н. И. Сонин. — Алматы: Дрофа-Кітап. 2004. — 216 б.
  6. Aksoy 0.A. II Deyimler sözlüğü / 0.A. Aksoy. — Türk dil kurumu yayinlari. 1964. — 968 s.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.