Синтагма — коммуникативті грамматиканың нысаны

Макалада синлагмалык зерллеулерге шолу жасалып, оның психолингвисликалык, семанликалык- синлаксислік, семанлика-инлонациялык, функционалдык бірлік релінде караслырылғаны айлылған. Лексикалык араласу, синлаксислік мүшелену синлагмалык зерллеулердің нәлижссі екені көрселілгеіі. Сонымен калар, синлагманың коммуникаливлі граммаликада алалын орны аныклалған. Синлагма субъеклілік жəне объеклілік субсланцияға жіклеледі. Коммуниканллар моделін аныклайлын, коммуникаливлі мағынаның жігін ашалын, ауызша жəне жазбаша лілдік калынаслың лүрлерін, формасын, сөйлеу жағдаялын, сөйлеу мазмұнын аныклауға негіз болалын калегория релінде лалданған. Кілт сөздер: синлагма, субсланция, коммуниканллар моделі, лілдік субъекл, жак калегориясы, предикаливлік калынас, сөйлеу мазмұны.

Кіріспе

Тіл ғылымында синлагма проблемасының ұзак жылдарға созылған ларихы бар. Бұл анликалык дəуíрден баслалып, күні бүгінге дейін лолык шешімін лаппай келе жалкан күрделі мəселе каларына жалады. 1920–1960 жылдары Ф. де Соссюр, С.О. Карцевский, Ш. Балли, Бодуэн де Курланэ, Л.В. Щерба, В.В. Виноградов, В.Г. Адмони, л.б. сынды белгілі ғалымдардың еңбеклерінде бұл мəселе əр кырынан зерллелді. Ғалымдар синлагманы сөйлеу бірлігі релінде лануға əрекел жасап, оны орныклырудың жолдарын лілдің кұрылымдык, семанликалык, фонеликалык жүйесінен іздеді. Нəлижесíнде синлагма әрлүрлі аспекліде караслырылып, оның бірнеше белгілері аныклалды. Алайда синлагманы сөйлеу компоненлі релінде лануға олар лолык мүмкіндік бере алмады.

Синлагма — сөйлеу ағымына лүскен сөздердің байланысынан луындайлын калегория. Оның белгілерін сөйлеу лингвисликасымен байланыслыра зерллеу аса кажел. Қазак ліл білімінде синлагма мəселесí арнайы зерллелген емес. Синлагманы зерллеудің леориялык жəне пракликалык маңызы зор. Теориялык мəнí: біріншіден, ліл лингвисликасы мен сөйлеу лингвисликасының өзіндік ерекшеліклерін ажыралуға негіз болады; екіншіден, коммуникаливлі граммаликаның дамуына үлес косады. Пракликалык мəнí: сөйлемдердің, мэтіндердің кұрамындағы коммуникаливлік мағынаның жігін аныклауға, лілдік бірліклерді колдануға, аударуға, үйренуге, шешендік өнерді игеруге мол мүмкіндік береді жəне граммаликалык калегория аркылы ойлауды дамылады. Білім алушылардың мəлíндер мен сөйлемдерге дискурслык, аклуализациялык лалдау жасай алуына, лингвисликалык кабілелінің дамуына үлес косады.

Синлагма мəселесíн анликалык дəуíрдегí ліл жəне слиль леориясынан баслау алған жəне лілдің кұрылымдык жүйесі мен коммуникаливлік кызмелінің байланысын көрселелін ілім релінде лануға болады. Синлагма леориясының негізін ғалымдар оны әрлүрлі аспекліде зерллеген.

Ф. де Соссюр сөздердің сөйлеу кезінде өзара байланыска лүсіп лізбеклелу процесін синлагма деп аласа [1], В.К. Колобаев синлагманы сөйлеу ағымының мүшеленуі нəлижесíнен луындаған «психолингвисликалык бірлік» деп ланиды. Сөйлеуші мен кабылдаушының инленциясына байланыслы синлагма әрлүрлі компоненллерден лұралынын айлады [2]. В.В. Виноградов сөйлеу аркылы берілген хабарды экспрессивлі жəне инлонациялык жаклан лолыклыралын, өмір шындығының белгілі бір үзіндісін көрселелін семанликалык-синлаксислік бірліклі синлагма деп алап, олар сөйлеу барысында баска да семанликалык-синлаксислік бірліклермен мағыналык жаклан лығыз байланысла болалынын алап көрселлі [3]. О.С. Радионова да синлагмаларды сөйлем мүшелерімен араласлыруға болмайлынын айла келіп, синлагманы сөйлеудегі семанликалык-синлаксислік бірліклер деп ланиды [4]. Д.А. Рамазанова мағынасы жакын сөздер бірігіп синлагма кұрайлынын айла келіп, синлагма кұрамындағы əрбíр сөздің функционалдык жəне акценлологиялык дифференциациясы болалынын көрселеді [5]. С.Г. Тер-Минасова синлагманы сөйлеу механизмінің ең маңызды аспеклісі екенін айлып, лолык лексикалык мағынаға ие лілдік бірліклерді сөйлеу кезінде калай кұраслыруға болатынын көрсететін жүйе ретінде қарастырады. Туынды жəне күрделі сөздердің жасалуынан бастап, предикативтік байланыстағы сөздердің тіркесімділігіне дейін талдап, синтагманың құрылымдық жүйесін анықтайды. Оны тіл мен сөйлеудің, сөз тіркесі теориясы мен оны оқытудың, шет тілдерін оқыту əдíстемесíнщ, сөйлеу мəдениетíн көтерудің жолын анықтайтын теориялық ілім ретінде қарастырады [6]. М.В. Влавацкая нақты пікір алысу автоматты түрде лексикалық орналасу (лексическая размешения) мен тіркесімдер арқылы туындайтынын жəне жүзеге асатынын айтады [7]. Бодуэн де Куртанэнің зерттеулерінен синтагманың бірнеше белгілерін көруге болады. Олар: біріншіден, толық мағынаға ие морфологиялық жақтан бөлшектеуге келетін маңызды сөздер; екіншіден, синтаксистік жақтан бөлшектенбейтін бірлік; үшіншіден, сөйлеу барысында өзгермейтін бірнеше сөздердің тіркесімі; төртіншіден, сөйлеу барысында графикалық кідіріспен айқындалатын сөздер; бесіншіден, шығармашылық жұмыс кезінде емес, автоматты түрдегі қайталау кезінде кейбір сөйлемдердің толық синтаксистік бөлінбеу сипатына ие болуы [8]. В.Г. Адмони синтагманы фонетика-синтаксистік тұрғыдан анықтап, оны «сөйлемнің синтагмалық мүшеленуі» деп қарастырды [9; 63]. О.С. Радионова синтагмаларды сөйлем мүшелерімен араластыруға болмайтынын айта келіп, синтагманы сөйлеудегі семантика-синтаксистік бірліктер деп таниды [10]. В.В. Лущай сөйлем құрамындағы сөздердің функционалдық эквиваленттілікке жауап беретін белгілі бір позициялық компоненті болатынын айтса [11], М. Орап сөздер белгілі бір сөйлеу жағдаятында бір- бірімен тіркесіп, тек контексте ғана мағынаға ие болатынын айтады [12]. О.В. Раева мен Е.Г. Риехакайнен синтагманың интонациялық сипатына талдау жасай келе, синтагма тексті оқу барысында семантика-интонациялық жақтан бүтін жұмсалатын бірлік деп таниды [13]. А.А. Реформатский «синтагма» терминіне қатысты ғылыми тұжырымдар әртүрлі екенін жан-жақты талдай келе, синтагманы интонацияның термині ретінде қарастыруға келіспейтінін айтады [14].

Аталған зерттеулердің барлығы да синтагма теориясының қалыптасып, дамуына өз үлесін қосуда. Əдебиеттерге шолу жасау барысында синтагманың психолингвистикамен, функционалды тіл білімімен, лексикологиямен, морфологиямен, синтаксиспен, стилистикамен тығыз байланыста екенін көреміз. Солай болуы заңды. Себебі синтагма — сөйлеу бірлігі. Сондықтан тілдің барлық саласында көрініс табады. Соның ішінде синтагманың коммуникативті грамматиканың қалыптасып, дамуына қосар үлесі зор. Коммуникативті грамматика — сөйлеу лингвистикасының бір саласы. Сөйлеу — лингвистикамен, психологиямен, тілдік қатынаспен, логикамен, философиямен т.б. тығыз байланысты өте үлкен антропологиялық ілім. Адамдар неліктен сөйлейді, əрине, ойын сыртқа шығару үшін сөйлейді. А.Байтұрсынұлының «Адамдар ойын өзі үші айтпайды. Өзге үшін айтады»,- деген [15; 349 б.] тұжырымына зер салсақ, сөйлеу адамдардың тіл арқылы қарым-қатынасқа түсу жолын көрсететін ілім екеніне көз жеткізуге болады. Синтагма — сөйлеу кезіндегі сөздердің байланысуын, тізбектелуін анықтайтын бірлік. Сөйлеу кезінде сөздер грамматикалық амал-тəсíлдер арқылы байланысады. Оған грамматикалық формалар арқылы жəне орын тәртібі арқылы байланысу жатады. Олар тек сөздердің байланысу жолдарын, жүйесін ғана көрсетіп қоймайды, синтагманың атқаратын қызметін, білдіретін мағынасын анықтайды, тілдік қатынасқа түсушілерді, олардың сөйлеу актісіндегі орнын көрсетеді. Сондықтан синтагма коммуникативті грамматиканың нысаны ретінде ерекшеленеді.

Талқы жəне нəтиже

Синтагманы коммуникативтік грамматиканың нысаны ретінде зерттеуде коммуникативтік принципке сүйенеміз. Коммуникативтік принцип сөйлеуші мен тыңдаушының (автор мен қабылдаушының) сөйлеу процесіндегі орнын анықтауды басшылыққа алады. Синтагма арқылы сөйлеу процесіндегі сөйлеушінің, тыңдаушының, автордың, қабылдаушының кім екенін анықтап, коммуниканттар моделін көруге болады. Оған предикативтік қатынастағы синтагмалар ғана негіз болады. Предикативті қатынастағы синтагма — заттар мен құбылыстардың ĸимыл-əрекетí, әртүрлі сапалық қасиеті туралы ақпарат беретін синтагмалар. Бұл синтагмаларды екі түрлі субстанцияға жіктеуге болады: 1) субъектілік субстанция; 2) объектілік субстанция.

Субъектілік субстанцияға сөйлеу мазмұны тек адаммен байланысты синтагмалар жатады. Мысалы: Мен жаздым, Мен мұғаліммін, Мен сұлумын, Мен отыздамын, Марат он бесте, т.б. Субъектілік субстанциядағы синтагмалар МЕН, СЕН, ОЛ (Асқар, Жанар, Марат т.б.) түрінде І, ІІ, ІІІ жақта қолданылады. Синтагма құрамындағы МЕН, СЕН, ОЛ сөздерін тілдік субъект деп атаймыз. Олар басқа сөздермен семантикалық үйлесім тауып байланысқанда сөйлеудің мазмұны анықталады. Мысалы: Мен келдім, Сен келдің, Ол келді синтагмасының сөйлеу мазмұнына зер салсақ, тілдік субъект (мен, сен, ол сөздері) íс-əрекеттщ иесі екенін; Мен сұлумын, Сен сұлусың, Ол сұлу десек, тілдік субъект сындық сапаның иесі; Мен жиырмадамын, Сен жиырмадасың, Ол жиырмада десек, тілдік субъект сандық сапаның иесі; Мен дəрíгермíн, Сен дəрíгерсщ, Ол дəрíгер дегенде тілдік субъект кәсіптің (мамандықтың) иесі екенін көреміз.

Субъектілік субстанциядағы синтагмалар сөйлеуші мен тыңдаушының моделін анықтайды. Сөйлеу ағымында І жақтағы синтагмалар жұмсалса, синтагма құрамындағы МЕН субъектісі өзінің кимыл-əрекет¡ немесе сапасы туралы ақпарат беріп тұрған сөйлеуші болады. Мен жаздым десе, Мен сөзі сөйлеуші ретінде жұмсалады. Тыңдаушы басқа адам. Адам өзі туралы ақпаратты өзіне айтпайды, тек қасында тыңдаушы басқа адам болса ғана айтады. Сондықтан І жақтағы синтагманың коммуникативтік моделін былайша көрсетуге болады: МЕН сөйлеуші — БАСҚА адам тыңдаушы. Бұл модель сөйлеушінің де, тыңдаушының да сөйлеу актісіне көзбе-көз қатысып тұратынын көрсетеді.

Сөйлеу ағымында ІІ жақтағы синтагмалар жұмсалса, синтагма құрамындағы СЕН субъектісі өзінің цимыл-əреке'пн немесе сапасын басқадан естіп тұрған тыңдаушы болады. ІІ жақтағы синтагманың коммуникативтік моделі: СЕН тыңдаушы — БАСҚА АДАМ сөйлеуші. Сен жаздың десе, СЕН субъектісі өзінің əрекетíн басқа адамнан естіп тұрғанын көреміз. Мұнда да сөйлеуші мен тыңдаушы сөйлеу актісіне көзбе-көз қатысып тұрғаны белгілі.

Сөйлеу ағымында ІІІ жақтағы синтагмалар жұмсалса, синтагма құрамындағы ОЛ (немесе Асқар, Марат) субъектісі сөйлеуші де емес, тыңдаушы да емес. ОЛ бөгде адамдардың өзара сөйлесуіне, сөйлеу актісіне түсуіне себеп болған АГЕНС. Бөгде адамдар сөйлеу актісіне қатыспаған адамның кимыл-əрекет¡ немесе сапасы туралы ақпарат алмасады. Бұл синтагманың коммуникативтік моделі: ОЛ агенс — БӨГДЕ АДАМ сөйлеуші — БӨГДЕ АДАМ тыңдаушы.

І-ІІ жақтағы синтагмада адам аттары (жалқы есімдер) қолданылмайды. Олардың орнына мен, сен орынбасар сөздері қолданылады. Мен ойладым; Сен ойладың. Оның себебі де синтагманың коммуникативтік сипатымен байланысты. І жақтағы синтагмада сөйлеуші өзінің іс-қимылы туралы өзі ақпарат береді дегенбіз. Ал əркíм өзі туралы ақпаратты өзінің атын айту арқылы бере алмайды. Мəселен, сіздің атыңыз Марат болса, өзіңіз туралы ақпаратты Марат ойладым түрінде жеткізе алмайсыз. Өйткені адам өзі туралы ақпаратты өзіне емес, басқа адамға айтады. Сондықтан бұрын аталып қойған өзінің атының орнына мен сөзін қолданады (Мен ойладым).

ІІ жақтық синтагмада басқа адамның іс-қимылы туралы ақпаратты сол əрекеттщ иесі болып тұрған адамның өзіне жеткізеді дедік. Ақпарат көзі болған іс-қимылдың иесі тыңдаушы болғандықтан, сөйлеуші оның аты туралы өзіне мəлíмет бермейді, оның цимылорекет! туралы мəлíмет беруді мақсат етеді. Сондықтан тыңдаушыға бұрын қойылған өзінің атын емес, оның орнына орынбасар сен сөзін қолданады. Сіздің тыңдаушыңыздың аты Дина болса, оның іс-қимылы туралы ақпаратты өзіне жеткізу үшін Дина ойладың түрінде емес, сен ойладың түрінде жеткіземіз.

Объектілік субстанцияға қатысты синтагмалар адамнан тыс заттар жəне құбылыстармен байланысты қолданылады. Мысалы: Жел соқты; Бейбітшілік орнады; Су тасыды, Телефон шырылдады т.б.

Бұл синтагманың ерекшелігі: біріншіден, тек ІІІ жақта қолданылады, ешқашан І, ІІ жақта қолданылмайды; екіншіден, əр заттың атауы өз орнымен жұмсалады; үшіншіден, синтагма құрамынан коммуниканттар көрінбейді.

Синтагма адамнан басқа заттар мен құбылыстар туралы айтылатын ойды білдіретіндіктен, ойдың иесі автор ретінде қызмет атқарып, сөйлеу актісінен тыс тұрады. Автордың коммуникациядағы орны сөйлеу жағдаятымен байланысты анықталады. Синтагма күнделікті қарым- қатынасқа байланысты сөйлеу жағдаятында қолданылса, автор мен тыңдаушы көзбе-көз тілдесіп, сөйлеу актісіне тікелей қатысып тұрады. Мысалы: Жаңбыр жауып тұр. Күн суытты, т.б. Керісінше синтагма философиялық, ғылыми, эмоционалдық, экспрессивтік қызмет атқарса, сөйлеу жағдаяты біріншіден, жазбаша формаға сүйенеді. Автор тыңдаушымен тікелей қарым-қатынаста болмайды. Терең ойын қағазға түсіреді немесе жадына жазады. Мысалы: фотосфера анықталды, комета — мұз кесектері сияқты ғылыми мазмұндағы синтагмалар; көлеңке бауырға кіріп кетті (күн қатты ыстық дегенді білдіреді) сияқты көркем мазмұндағы окказионал синтагмалар т.б. жазба тіл арқылы қолданылады жəне жазу, оқу арқылы қабылданады. Сондықтан объектілік субстанциядағы синтагмалардың коммуникативтік моделі: АВТОР — ҚАБЫЛДАУШЫ болады.

Автор өз ойын тек жазу əрекетí арқылы жарыққа шығарады. Ондағы мақсат өз ойын сақтау, дамыту, баршаға дұрыс жеткізу, тарату. Ой шынайы, сенімді, түсінікті болуы үшін тілдік білім (құзыреттілік) мен интеллектуалдық қабілет үндесім табуы керек. Осы талаптар орындалған жағдайда жазылған ой өз оқырманын табады. Нəтижесíнде жазбаша тілдік қатынас орнайды. Жазбаша тілдік қатынас араға сағаттар, жылдар, ғасырлар салып жүзеге аса береді. Себебі коммуниканттар жазбаша сөйлеген адаммен (автормен) жазылған таңба арқылы тілдік қарым- қатынасқа түседі. Автор ойын жазып жеткізеді, оқырман оқып қабылдайды.

Қорыта келгенде, синтагма құрамынан коммуниканттар моделін анықтаудың маңызы зор. Бұл коммуникативті грамматиканың дамуына; коммуниканттардың сөйлеу актісіндегі орнын анықтауға, сөйлеу жағдаяты мен сөйлеу формаларының байланысын анықтауға, ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынас теориясының дамуына өз үлесін қосады.

Эксперимент

Синтагмалық зерттеулер тілді оқытуда, үйретуде коммуникативтік, функционалдық (семантикалық) тапсырмалар құрастыруға, грамматикалық категориялар арқылы білім алушылардың креативті ойлау қабілетін дамытуға зор үлес қосады. Синтагманы коммуникативті грамматиканың нысаны екенін практикалық тұрғыдан дəлелдеу үшін төмендегідей тапсырмалар беруге болады.

  1. тапсырма 3 деңгейден тұрады:
  2. деңгей. Берілген синтагмаларды пайдалана отырып, төмендегі тапсырманы орындаңыздар. Мен шықтым, Сен шықтың, Ол шықты; Гүл шықты, Гүл шығады; Гүл шыққан; Мен шығамын, Сен шығасың, Ол шығады; Күн шықты, Күн шығады, Күн шыққан. Мен шыққанмын; Сен шыққансың; Ол шыққан; Ай шықты, Ай шығады, Ай шыққан.
    1. Сөйлеуші өзінің ісі туралы ақпарат беріп тұрған синтагмаларды тауып, қасыңыздағы адаммен кезектесіп айтыңыз.
    2. Тыңдаушы өз íс-əрекетíн басқадан естіп тұрғаны туралы ақпарат беретін синтагмаларды тауып, қасыңыздағы адаммен кезектесіп айтыңыз.
    3. Басқа адамның íс-əрекетí туралы ақпарат беретін синтагмаларды тауып, бір-біріңізге кезекпен айтыңыздар.
  3. деңгей. А) «Шығу» íс-əрекетíнщ сөйлеп тұрған уақыттан сəл ғана бұрын болғанын білдіретін синтагмалар қатарын тауып, оны қандай грамматикалық формалар білдіріп тұрғанын анықтаңыздар.
  4. «Шығу» íс-əрекетíнщ сөйлеп тұрған уақытта болмағанын, енді болатынын білдіретін синтагмаларды тауып, оны қандай грамматикалық формалар білдіріп тұрғанын анықтаңыздар.
  5. «Шығу» íс-əрекетíнщ сөйлеп тұрған уақыттан əлдеқайда бұрын болып кеткенін білдіретін синтагмаларды тауып, оның қандай грамматикалық формалар білдіріп тұрғанын анықтаңыздар.
  6. деңгей. Өр синтагманың қандай грамматикалық амал-тəсíлдер арқылы байланысқанын анықтаңыздар (қажет болған жағдайда оқытушының көмегіне жүгінуге болады).
  7. тапсырма 3 деңгейден тұрады:
  8. деңгей. Сөйлеу объектісі адам болатын синтагмаларды анықтаңыздар. Күн жылыды. Мен қуандым. Қар еріді. Су ақты. Асан келді. Құстар келді. Оқушылар əн салды. Сен көрмедің.
  9. деңгей. Сөйлеу объектісі адам болған синтагмалардың қандай ақпараттық семантика беріп тұрғанын анықтаңыздар.
  10. деңгей. Синтагма құрамынан коммуниканттар моделін анықтаңыздар.
  11. тапсырма 3 деңгейден тұрады.
  12. деңгей. Сөйлеу объектісі адамнан басқа заттар мен құбылыстар болатын синтагмаларды анықтаңыздар. Мен көрдім. Аспан ашық. Күн шықты. Ауа таза. Гүлдер өсіп тұр. Көбелектер ұшып жүр. Сен отырсың. Балалар ойнап жүр.
  13. деңгей. Синтагмалардың қандай ақпараттық семантика беріп тұрғанын анықтаңыздар.
  14. деңгей. Синтагма құрамынан коммуниканттар моделін анықтаңыздар.

Қорытынды

Синтагманы коммуникативтік грамматиканың нысаны ретінде тануға мына факторлар себеп болады:

біріншіден, адамдар сөйлегенде ойын өзі үшін емес басқалар үшін айтады. Олар айтылған ойды қиналмай түсінуі үшін əр сөздің мағынасын, семантикасын, атқаратын қызметін біліп, сөздерді дұрыс байланыстыруы керек;

екіншіден, адамдар өзі немесе төңірегі жайлы білгенін айту үшін сөйлейді. Ол үшін білген нəрселерíнщ атын білдіретін сөздерді қолданады. Бұл кезде сөздерді қолданудың динамикасы артып, сөздер дербес күйінде емес, өзара комбинацияланып, ойды білдірудің бөлшектері ретінде жұмсалады;

үшіншіден, синтагма сөйлеу кезіндегі мағынаның жігін ашуға қызмет атқарады. Айтылатын ойдың мағыналық бөлшектері ретінде жұмсалады. Әрбір синтагманың өзіне тəн коммуникативтік семантикасы болады. Олар айтылатын ойға қатысты ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді;

төртіншіден, синтагма құрамындағы қосымшалардың (жұрнақтар мен жалғаулар) атқаратын қызметі зор. Олар ақпараттың мазмұнын, коммуниканттардың сөйлеу əрекетíндегí орнын, ақпаратқа қатысын көрсетеді;

бесіншіден, синтагма адамдардың тілдік қатынасқа түсу жолдарын айқындауға мүмкіндік беретін құбылыс. Сөйлеуші//тыңдаушы моделін айқындайтын синтагмалар адамдардың ауызша тілдік қатынасқа түскенін білдіреді. Автор//қабылдаушы моделін айқындайтын синтагмалар адамдардың жазбаша тілдік қатынасқа түсетінін көрсетеді.

Қорыта келгенде, синтагма сөйлеу лингвистикасының бір саласы коммуникативті грамматиканың нысаны болып табылады. Синтагма грамматиканың антропоөзекті лингвистикамен, функционалды лингвистикамен, прагмалингвистикамен, лингводидактикамен тығыз байланысты категория деп айтуға болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Соссюр Фернинанд де. Курс общей лингвистики / Фернинанд де Соссюр. — Екатеринбург: Изд-во Урал. ун-та, 1999.1— 432 с.
  2. Колобаев В.К. Подвижность границ синтагмы: последствие для лингвистического и методического прогнозирования [Электронный ресурс] / В.К. Колобаев // СПбГМА. — СПб., 1996–2008. — Режим доступа: http: www.mechnik.spb.ru/lat pb3.htm].
  3. Виноградов В. В. Понятие синтагмы в синтаксисе русского языка / В. В. Виноградов // Вопросы синтаксиса современного русского языка. — М.: Наука,1950. — С. 205–231.
  4. Радионова О.С. К вопросу о кодификации произношения современного немецкого языка / О.С. Радионова // Изв. высш. учеб. зав. Поволжский регион. Гуманитарные науки. — Пенза, 2012. — № 4. — С. 109–113.
  5. Рамазанова Д.А. Синтагма как лингводидактическая проблема / Д.А. Рамазанова // Дагестан. гос. пед. ун-т // Изв. ДГПУ. — 2009. — № 1. — С. 96–98.
  6. Тер-Минасова С. Г. Синтагматика речи: онтология и эвристика: общая и английская синтагматика составных номинативных групп / С.Г. Тер-Минасова. — 2-е изд. — М.: URSS; ЛИБРОКОМ, 2009. — 200 с.
  7. Влавацкая М.В. Комбинаторная лингвистика: аспекты изучения сочетаемости слов / М.В. Влавацкая. — Новосибирск: НГТУ, 2016. — 244 с.
  8. Бодуэн де Куртенэ И.А. Лекции по введениию в языковедение / И.А. Бодуэн де Куртенэ. — М.: ЛКИ, 2010. — 216 с.
  9. Адмони В.Г. Введение в синтаксис современного немецкого языка / В.Г. Адмони. — М.: Высш. шк., 1963. — 336 с.
  10. Радионова О.С. К вопросу о синтагме и средствах ее реализации / О.С. Радионова // Вестн. Саратов. гос. юрид. акад. — 2014. — № 5. — С. 171–178.
  11. Лущай В.В. Заполнение позиционного состава предложения по принципу функциональной эквивалентности: интроспективный анализ в русле экспликационной грамматики / В.В. Лущай. — Донецк, 2010. — 254 с.
  12. Орап М. Синтагма как единица анализа речевого опыта [Электронный ресурс]. — Режим доступа: // amazonaws.com/academia.edu.documents/42620508/eejpl_journal_2_1_2015.pdf
  13. Раева О.В. Синтагма и сегментация устной спонтанной речи / О.В. Раева, Е.Г. Риехакайнен // Вестн. Перм. ун-та. Российская и зарубежная филология. — 2015. — Вып. 4 (32). — С. 14–20.
  14. Реформатский А. А. Фонология и морфонология. Избранные работы: учеб. пос. для вузов (Сер. автор. учеб.) / А.А. Реформатский, М.А. Реформатская. — М.: Изд-во «Юраит», 2018. — 299 с.
  15. Байтұрсынов А. Сөйлеу әусзділігі / А. Байтұрсынов // Ақ жол. Өлеңдер мен тəржıмалар. Мақалалар жəне əдеби зерттеу. — Алматы: Жалын,1991. — 460 б.
Жыл: 2020
Категория: Филология