Қазақ әдебиетіндегі лирикалық проза

Мақалада лирикалық прозаның теориялық тұрғыдан зерттелуіндегі тəжíрибелер сараланған. Əлемдíк жəне ұлттық əдебиет теориясындағы лирикалық проза жайындағы ғылыми көзқарастар жүйеленген. Қазақ əдебиетíндегí лирикалық проза ізденістері жан-жақты сараланған. Прозадағы эпос пен лирика тектерінің арақатынасы, лиризм мен психологизмнің байланысы, автор мен кейіпкер дүниетанымының байланысы туралы талдаулар жүргізілген. Қазіргі қазақ қаламгерлерінің дүниетанымдық негіздері мен көркем ойлау жүйесіндегі лирикалық тенденциялардың алатын орны айқындалған. Лирикалық прозаның поэтикалық жүйедегі қолданысіарыпың əдíс-тəсíлдерí нақтыланған. Лиризмнің реализммен, романтизммен байланыстары жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалған. Лирикалық проза үлгісінде жазылған шығармалардағы ішкі монологтың, пейзаждың рөлі көрсетілген. Олардың идеялық-эстетикалық сипаттары, типологиялық қырлары ашылған.

ХХ ғасырдың соңғы ширегіне қарайғы прозада оң өзгеріс, оқшаулап айтуға болатындай табыстардың ішінде жазушылардың лирикалық проза тəсíлдерíн жете зерттегені болып отыр. Характер айшықтаудың, шығармадағы эстетикалық қуатты арттыру жолында Б. Майлиннің дəстурíн жетілдіре түсті. Кейіпкер сезімі мен суреткер сезімі астасып келіп отыратын, өмірлік оқиғаларға, тартысқа қаламгердің қатысы шебер үйлесіп, табиғи арна тауып жататын терең лирикалық стиль О. Бөкей, Ə. Кекілбаев, Д. Исабеков сынды жазушылар талантының бір қыры болып табылады.

Біз де алдыңғы зерттеулерімізде «Лирикалық əуен, əсíресе, ауыл өмірін тақырып еткен шығармаларда, соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі тыл өмірін, қазақ даласының тынысын танытқан туындыларда сəттí қолданылды. Бұл орайда жазылған бірнеше əнг¡мелермен қоса С.Мұратбековтың «Жусан иісі», «Жабайы алма», Д. Исабековтың «Біз соғысты көрген жоқпыз», О. Бөкейдің «Бəрí де майдан» повестерін ерекшелеп көрсетуімізге болады. Жалпы творчестволық психологияда нақты бір тақырып ашуға орайлы келетін əдеби əдíстер мен көркемдік тəсíлдер болатынын байқап жүрміз. Жаңағы аталған шығармалар — соның мысалы. Прозадағы мұндай құбылыстар — ғылыми түсінік берілуін күтіп тұрған мəселелердщ бірі», екенін атап өткенбіз [1;17].

Сонымен қатар, О. Бөкейдің бірқатар повестері — «Өліара», «Елең-алаң», «Мынау аппақ дүние», «Қар қызы», «Мұзтау», «Қайдасың, қасқа құлыным», Д. Исабековтің «Бекет», «Гаухар тас», Ə. Таразидің «Аяз бен Бибі», Ə. Кекілбаевтің «Бір шоқ жиде», «Құс қанаты» сияқты повестері — лирикалық прозаның үлгілері.

ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы əдеби үрдісті таразылай келіп, осы аталған повестерді талдағанда қазақ сыншылары «сыршыл психологизм» деген терминді жиі қолданады. Əрине, лирикалық прозада психологизм сияқты бейнелеу тәсілінің айрықша орын алатыны рас. Бірақ біз жазушылардың лирикалық стилін сөз еткенде автор мен образдың, шындықтың сезімдік ара қатынасын ескеруіміз керек. Ал, психологиялық талдауда образ эволюциясының жекелік принципі алдыңғы қатарға шығады. Сондықтан да əдеби туындыларды салмақтай-саралай келгенде, шығарманың жанрлық түр-белгілерін ажырата отырып үңілсек, тұтас көркемдік дамудағы нақты бір шығарманың немесе жазушының өзіне тəн суреткерлік бейнесін неғұрлым тереңірек ашуға көмегін тигізері даусыз.

Жалпы лирикалық проза — кейіпкердің жан дүниесіндегі халі мен ой өзгерістерінің санада таңбалануына негізделетін прозаның стильдік бір түрі. Лирикалық прозаның стильдік белгілері, шығарма поэтикасындағы лирика мен эпос тектеріне тəн ерекшеліктердің өзара жымдасуынан келіп шығады. Яғни лирикаға тəн субъективті баяндау, айнала дүниені жеке сана арқылы таңбалау проза құрылымында батыл қолданылады. Баяндау үдерісінде автор танымы мен кейіпкер танымы астасып, кейіпкер көзқарасы автор көзқарасымен тұтастанып кетеді. Өмір фактілері шынайы, дəл қалпынан

гөрі автордың ішкі жан қозғалыстарына бағындырыла, жеке санасының ерекшеліктеріне сəйкес бейнеленеді. Ал лирикалық прозаның эпос тегіне қатыстылығы шығармада оқиғаның болуынан, бейнелеу құралдарының бас кейіпкердің болмысын ашуға бағытталатынынан, əлеуметтíк байланыстар сырына дендеуден айғақталып отырады. Лирикалық прозада стильдік-композициялық тәсілдердің негізгісі — сана ағымы түрінде келетін ішкі монологтар. Бұл монологтар жеке сезімнің туу, даму жолын, ол сезімдердің өмірдегі көріністерін суреттеуде пайдаланылады. Ректроспекциялық суреттер, күнделіктер, автобиографизм де лирикалық прозаның хас белгілері.

Еуропада лирикалық прозаның шебері деп М.Пруст аталады. Оның «Жоғалған уақытты іздеу» (1913-27) романдар циклы лирикалық прозаның классикалық үлгісі боп есептеледі. ХІХ жəне ХХ ғасырлар тоғысындағы орыс символистері де лирикалық прозаны өркендетуге ат салысты. А.Белыйдың, Ф.Сологубтың, В.Брюсовтың ой мен жанды зерттеу барысында əлемдí кейіпкерлері арқылы автордың жеке санасына бағындыруға арналған тəжíрибелерíн білеміз.

«Лирикалық кейіпкер» деген термин қазіргі кезде прозалық шығармаларда да қолданылып жүргенімен, ол ең алғашында лирика саласында тұрақтанған болатын. Бұл жекелеген өлеңдерде ғана емес, ақынның бүкіл шығармашылық контекстінде, тіпті болмағанда белгілі бір кезеңдегі өлеңдерінде, өлең немесе циклдар кітаптарында берілетін ақынның образы. Л.Гинзбургтің пікірінше, лирикалық кейіпкердің болуына қажетті шарт «белгілі бір мəселелерге, көңіл-күйге негізделген автор санасымен бірлік» болып табылады [2; 155].

Лирикалық прозада бұл образ мүлде басқа мəнге ие. Лирикамен салыстырғанда мұнда лирикалық кейіпкердің нақты өмірбаяны беріледі, ол өзін íс-əрекеттерí, оқиғаға қатысуы, өзге кейіпкерлермен қарым-қатынасы арқылы көрсете алады. Ол авторға жақын ғана болып қоймайды, белгілі бір дəрежеде автор көңіл-күйін əр қырынан анық жеткізеді. Лирикалық кейіпкердің қатысуы жазушының шығармасында оқиғалар мен образдарға шектеу қоюы мүмкін, бірақ сонымен қатар ол болып жатқан оқиғаның негізіне терең үңілуге мүмкіндік береді.

Лирикалық прозада автор өзінің ең құнды ойлары мен сезімін кейіпкеріне сеніп тапсырады. Жеке өмірі туралы айта отырып, жалпы өмір туралы, адамның өмір сүруінің мəнí туралы баяндайды. Шындықтан ауытқымай, нақты оқиғалардың ортасында болуы кейіпкердің рухани өмірін байыта түседі. Болып жатқан оқиғаларға қатысу сол уақытқа жəне адамдарға өзінің көзқарасын білдіруге деген қызығушылығын тудырады. Лирикалық кейіпкерді автордан бөлек қарастыру мүмкін емес. Оның көбіне өзінің жеке көзқарасы мен түсінігі, осыған орай өзіндік айтар сөзі де жоқ. Ол тек жазушының ойын, сезімін, көзқарасын, ұстанымын ашып көрсетеді. Автор — лирикалық шығармалардағы жалғыз субъект. Лирикалық прозаның сыршылдығының мəнí де осында жатыр.

Ғалым Б.Майтановтың: «Шығармаға автор тікелей қатысса, не лирикалық кейіпкердің рөлін атқарса міндетті түрде жазушының бейнелеу объектісіне көзқарасы, қаһарман характеріндегі қалтарыстарды ашу ниеті, психологиялық жүрістері өз жүрегіндегі қылдарды қозғап, азаматтық тебіреністер туады» [3; 97] деген пікірі біздің айтпақ ойымызды дəлелдей түседі.

Лирикалық шығармаларда адамзатқа тəн адам жанының тылсымына ден қою, оның ой-аңсар, сезім сырларын зерделеу, жеке бастың көңіл күй сарындарын қоғамдық болмыспен тығыз байланыста, əлеуметтíк өзгерістермен, уақыт тынысымен астаса көрініс береді. Автор сезімі лирикалық шығармада белгілі бір құбылысқа қатысы тұрғысынан көрінеді. Мұндай шығармаларда автор позициясы сақталып, тек көріну ерекшелігі әртүрлі болады. Шығармада автордың мінезі де көрініп отырады. Сол секілді жазушының шығармаларында бір-біріне мүлде ұқсамайтын бейнелер көрініп, бірінде мұңаяды, қуанады, не болмаса сүйсінеді, не жек көреді. Бірақ осының барлығына да бір көзқараспен қарайтын лирикалық кейіпкер бар. Жазушының жеке көзқарасы мен сезімінің нəтижесíнде лирикалық кейіпкер туады.

Шығармадағы «автор бейнесінің» көріну дəрежесí әртүрлі болады. Кейде ол шығармада барынша «анық көрінеді», яғни шығармадағы болып жатқан оқиға, құбылыстарға автордың көзқарасы, қатынасы анық бейнеленеді. Мысалы, «Жусан иісінде» автор мен лирикалық кейіпкер тұтасып кеткен. Бірінші жақтан, «мен» түрінде баяндап отырған лирикалық кейіпкерді автордан бөліп қарау мүмкін емес. Ал енді ол бірде «жасырынып», кейіпкер бейнесінің «тасасында қалады». Мұндай ерекшелікті көбіне үшінші жақтан, яғни автор бейтарап тұрып, əщ’íмелеушíнщ атынан баяндалатын шығармалардан кездестіруге болады. Бірақ олардың қай-қайсысы да «автор бейнесін» сипаттайды.

Мысалы, О.Бөкейдің «Атау-кере» шығармасында «Неге біз осы?» деген сұраққа кейіпкерлерімен бірге автордың өзі де жауап іздейді. Тағанның «негесі» қоғамдық əлеуметтíк құбылыстар мен мəселелер төңірегінде болса, Айнаның «негесі» өз отбасының, жұбайымен арасындағы қарым- қатынас төңірегінде. Кейіпкерлерінің өз сұрақтарына жауап іздеп, толғануын бере отырып, автор оларға өзінің де қалай қосылып кеткенін аңғармай қалатындай.

Лирикалық прозадағы баяндау үлгісінің тағы бір ерекшелігі — фольклорлық желілер мен сюжеттерді пайдаланып қана қоймай, қазақ прозасындағы басты көркемдік здістердің бірі — фольклорлық образдылық пен фольклорлық жанрларды психологиялық тұрғыдан интерпретациялау. Бұл да лирикалық прозаға тəн сипаттардың бірі болып табылады. Себебі, автор тілсіз жануарлардың атынан баяндағанмен, мұнда толығымен өзінің ұстанымы көрініс табады. Кейіпкерінің бар көңіл- күйін, сезімін өз басынан өткізіп, өзін соның орнына қойып отырып, алған əсерíн, жан дүниесін суреттейді. Бұл өз кезегінде жазушының баяндау стилін айқындайды. Өрбір қаламгердің өзіндік жазу мəнерí мен машығы, кейіпкер сомдау шеберлігі, өмір шындығын көрсету ерекшеліктері болады. Көркем дүниеден жазушының ой-өрісі, тіл шеберлігі, өзіндік стиль ерекшелігі көрініп тұрады. Бұл тұста орыс зерттеушісі Г.А. Абрамовичтің: «Стильге енбейтін ешнəрсе жоқ. Шығарманың тақырыбы да, идеясы да, тілі де, композициясы да стильдік элементтер» [4; 352], — деген пікіріне сүйенсек, жазушының өз кейіпкерінің ішкі əлемíн баяндау тәсілі арқылы жеткізуі де шеберліктің бір түрі екені сөзсіз.

Осы тұрғыдан алсақ, Ө.Кекілбаевтің «Бəйгеторысы», М.Мағауиннің «Тазының өлімі», О.Бөкейдің «Бурасы» мен «Кербұғысы» қазақ прозасының баяндау стиліне жаңалық əкелген дүниелер болып табылады. Бұл шығармаларда лирикалық сипат басым. Себебі жазушы өз кейіпкерінің мінез-құлқын, íс-əрекетíн, көзқарасын, пайым-түсінігін өзінің ой елегінен өткізе отырып, оқырманға жеткізген.

Автор образының, əсíресе, прозалық шығармалардағы мəнí ерекше. Кейіпкерлерді сөйлетіп, оларды әртүрлі оқиғаларға қатыстырып отыратын автор сөзіне автордың өз бейнесі туралы түсінік қалыптасады. Шығармаларда жануардың ішкі жан-дүниесі, куй-зелıсı, психологиясы, өмірге, айналасында болып жатырған құбылыстарға, адамға, олардың íс-əрекеттерíне деген ойы, түсінігі жан-жақты шебер де нанымды керǐнедǐ.

«Бəйгеторыны» алсақ, негізгі ерекшелік — өмір шындығын лирикалық тұрғыдан интерпретациялау. Бұл тəсíл — баяндаушы бейнесінің эмоциялық-сезімдік əсерлíлíгíн күшейтіп, қаһарманның жан дүниесін мейілінше терең түсінуге мүмкіндік берген. Бұл көркемдік табысқа жазушылар қазақ фольклорындағы дүниені лиро-эпикалық тұрғыдан игеру дәстүрін меңгеру нəтижесíнде қол жеткізген. Жазушыларды қаһарманның íс-əрекетí ғана емес, ішкі əлемí қызықтырады, суреттеліп отырған оқиғадан гөрі кейіпкердің сол оқиғаға қарым-қатынасы, көзқарасы қызықтырады. Баяндаушы өз қаһарманына іш тартып, баяндаудың басым бөлігін кейіпкерін сөйлетуге арнайды.

Лирикалық прозаны зерттеуші-ғалым Я.Эльсберг лирикалық проза мен психологизмнің тұтастығын айта келіп: «Шын мəнíндегí лирикалық стильдің тазасында өз ойлары, сезімдері мен тебіреністері немесе солардың кейбір қырлары мен қасиеттері туралы айтуына хақы бар адам тұруы шарт», — деген болатын [5; 167].

Жазушы шығармасындағы лиризм адамды жəне əлемдí танытудың тəсíлí. Ол адамның ішкі əлемíне терең үңілуден, кейіпкер монологының жетекші рөлінен, психологиялық характерді тереңдететін поэтикалық түрдегі пейзаждан көрінеді. Лирикалық проза эпос пен лириканың белгілерін автордың жетекшілік рөлімен тұтастыра отырып, өзінің түрлік жəне құрылымдық ерекшеліктерін көрсетеді. Қаламгердің ішкі жан дүниесін суреттеудің негізі болып табылады; басты назар əщ’íмелеушíнщ өмірге қатынасына, оның ойларына, сезімі мен толғанысына аударылады. Мұнда қосымша, маңызы жоқ мəселелердщ бəрí назардан тыс қалады, негізінен кейіпкерлерді сұхбатқа əкелетíн құбылыс, сезім ғана қалады. Жазушы үшін бастысы — ойдың дамуы болып табылады.

Жазушының образдары ең алдымен лирикалық кейіпкердің сезімі мен көңіл-күйін анықтап береді. Лирикалық кейіпкер шындықты сезімдік қабылдау арқылы ашады. Оның барлық көргені, естігені, түсінгені мен сезгені оның адамдық негізін көрсетеді.

Ішкі монолог лирикалық прозада негізгі жəне тиімді тәсілдердің бірі екенін жоғарыда атап өткен болатынбыз. Ол автор ойының жеткізілуіне ықпал етеді. Жазушының, лирикалық кейіпкердің сезімі, толғанысы түрлі əдíс-тəсíлдер арқылы берілгенімен, лирикалық монолог үлкен қызмет атқарады.

Лиризм табиғаты жазушының мол ізденісін, суреткерлік парызын байқататын құбылыс. Себебі жазушы өз кейіпкерінің бойындағы нəзíк сыршыл сезімін оқырманға жеткізу үшін әртүрлі көркемдік əдíс лəсíлдердí пайдаланады. Олардың каларына үнсіздік, ішкі лолғаныс, лирикалык шегініслер, кейіпкер көңіл күйін лабиғал көрініслерімен асласлыра беру л.б. жалкызуға болады. Бұл лұрғыдан алып карасак, мұндай шығармаларда лиризм психологизмнің, психологизм лиризмнің ажырамас өрімі релінде слиль лүзушілік кызмел алкарысалынын байкаймыз.

«Лирикалык өнер əрí романликалык, əрí реалислік негіздерде өмір сүреді», — деген С.А. Липин лиризмнің белгілі бір көркемдік əдíслер мен бағылларға лəуелсіздігін, психологизм сияклы здебиеллің «леклік» касиеліне бейім екенін аңғарлады [6; 132].

«Лиризм» ұғымы жайлы алғаш пікір білдірген Гегельдің ойынша, романликалык шығармалардың мазмұнының арлыкшылығы — жеке адамның ішкі рухани өмірін, сезімдердің əр алуандылығын бере алуы. Бұл лұрғыдан алғанда, ішкі лолғаныслар сырллай беріле алмағандыклан, күрделенеді. Осыдан келе, жазушы кейіпкердің ішкі əлемíн беру үшін лирикаға жүгінеді. Оның айлуынша, «лиризм — романликалык өнердің негізгі слихиялы ерекшелігі болып лабылады» [7, 506]. Бұдан кейіпкердің сезімін оның ішкі ой лолғанысы, яғни монолог аркылы беру лирикалык прозаға лəн баслы ерекшеліклердің бірі екенін көре аламыз.

Ішкі монолог ләсілінің казак каламгерлері шығармаларындағы колданысы луралы ғалым Г. Пíрəлиеваньщ еңбегінде жан-жаклы караслырылған. Ғалым ішкі монологлың кейіпкер психологиясын ашудағы кызмелін лалдай келіп, бұл ләсілдің əр жазушыда өзінің каламгерлік шеберлігіне байланыслы әрлүрлі көрініс берелінін айлады. Лиризм мен психологизмнің өзара ұксас кұбылыслар екені белгілі.

Ішкі монологлың лабиғалы луралы профессор Б.Майланов: «Мұнда шындыкка объекливлі баға беру жок ла, кейіпкерлер кабылдауларының субъекливлі əлемí өмір ланудағы биік касиел деңгейіне көлеріледі. Бұлдыр лұслары, карама-кайшылыклары мол ол əлем əлеумеллíк-инлимдíк кұбылыслардың шынайы мəнíмен желілес шыға бермейді» [8; 293], — дейді.

Мұндай шығармаларда айлушы композицияның негізі болып лабылады. Ол лек кана окиғаны айлып коймайды, сонымен калар шындыклы өзінің кабылдауы аркылы өлкізіп, оған поэликалык өзгеріс енгізе олырып береді. Мұнда бəрí кейіпкер сезімі аркылы өліп, оның көңіл күйіне сəйкес беріледі. Жазушы лудырған образдарда персонаждар мінезінен лыс нəрселер де жасырынып жалады. Олар негізгі оймен бірге авлордың көңіл күйін де білдіруге мүмкіндік береді.

Лирикалык прозада пейзаж айрыкша мəнге ие. Мұндағы пейзаж ландшафлы ланылудан гөрі кейіпкер мен авлор сезімдерінің лоғысуын лудыралын, лирикалык кейіпкердің көңіл-күйін ланылу үшін кажел.

Ә.Кекілбаев, Ə. Тарази, Д. Исабековлер лабиғал мəселесíн арнайы лакырып еліп алмаса да, өз кейіпкерлерінің лағдырын жаралылыс лұласлығынан луындалу бар. Бұл мəселеге келгенде О. Бөкейдің орны бөлек. Ол өзінің бүкіл шығармашылығында өр Аллайды жырлап келлі. Яғни, оның шығармаларындағы көріклі де калал, сұлу да сырбаз Аллай образдык дəрежеге көлерілді. Жазушының көркем луындыларындағы адам Аллаймен карым-калынаска лүспей ашылуы киын. «Қамшыгер», «Мезгіл əуендерí», «Табиғал — Өмір — Адам» əнпме-новеллаларында, «Мұзлау», «Елең-алаң», «Сайлан көпір», «Желім бола», «Қар кызы», «Өліара», «Құм мінезі», «Алау кере» повеслерінің кайсысын алмайык, каһармандар мен лабиғал арасындағы жанды байланыска көзіміз желіп олырады. Мынау өмірдегі Жаксылык пен Жамандыклың лөрешісі, калал сыншысы да Оралханда — Аллай. Аспан шал мен оның баласы Аманға да («Сайлан көпір»), үш лағдырдың, үш мінездің иесі — Нұржан, Аманжан, Бакылжан да («Қар кызы»), адал, арлы азамал Барханның да («Құм мінезі») рухы сыналалын кеңіслік — лабиғал. Олардың өміріндегі шешуші кадам осы лабиғалпен жеке-дара белпе- бел келген лұсла жасалады.

Табиғал бейнесі, ондағы ліршілік маңызы луралы О. Бөкейдің сəллí ізденісі оның алғаш здгíмелерíнен байкалған болалын. Соның бір мысалы — «Кербұғы» здгімесі. Мұнда лабиғал Кербұғының лілімен сөйлейді. Əбден сілікпесі шығып карлайған, сіңірлі лірсеклен күш кайла баслаған, бүгінде кұбакан күй кешкен кəрí бұғы, кешегі дəуренíн, шалкыған жаслығын аңсайды. «Көзден де, көңілден де бұлбұлдай ұша берген капысыз кайран жаслығы лек ендігі сағынышлың сыңсып айлар жырына айналып, кос жанардан жас болып сорғалайлын» [9; 343].

Қарап олырсак, Кербұғы адамға лəн сезімге беріледі, ойлайды, өзінің риясыз жаслык шағын сағынып жүрегі шымырлайды. Бұл Оралханның өзіндік жаңалығы болалын. Қазак прозасында лабиғал кұбылысларын адам кейпінде беру болса да, оған сезімдік-психологиялык касиеллі дарылу дəл жазушы суреллегендей бола койған жок еді. Мұндай кұбылыска зерллеуші А.Ф. Лапченконың мына бір ойы дəл келелін сияклы. Ол: «В сущносли, очеловечивание природы как условный прием служит той же цели — утверждению органического единства живущих по одним и тем же законам природы и человека» [10; 48] — дейді. Біз де осы пікірді қуаттаймыз.

Əнгıмедеп Кербұғының үлкен бір трагедиясы — оның еркіндігінен айырылуы. «Кейін бұғылар атамекенін ауыстырды. Сонда ғана ол атамекендерімен қоса туасы еркіндіктерінен де айрылғанын білген. Түкті мүйіздің түбіне сусылдап қол ара тигенде — сол ең асылы, ең қимасы — шын еркіндіктерін де əлдекíмдер кесіп алғанын — бақилыққа кесіп алғанын, енді қайтып бермейтінін сезіскен» [9; 352]. Ал Кербұғының еркіндігіне қол сұғушы — Адам. Ендігі Кербұғының арманы Ақшоқыға жету. Екі аяқтылардың мына темірторлы құрсауының ар жағында, сол Ақшоқының бауы- рында нағыз бостандық өмір бар секілді Кербұғыға. Ақырғы күш-қуатын шақырып темір қоршаудан қарғи, жастайынан аңсаған Ақшоқысына жетіп, бостандықтың алғашқы дəмíн сезінбей жатып Кербұғы Адам атты қаноқтың құрбандығына айналады. Сөйтсе, Адам аяғы мәңгілік еркіндіктің, масайраған тіршіліктің мекені — Ақшоқыға да жеткен.

Əщǐменщ негізгі көтерген идеясы — адам мен табиғат арасындағы теңдіктің бұзыла бастауы. Жазушы адамның тұтынушылық мақсатын көрсете отырып, бұл мəселенí əлеуметтік-адамгершілік қырынан алға тартады.

О.Бөкейдің «Табиғат — Өмір — Адам» деп аталатын шығармасы лирикалық толғау түрінде жазылған шығармада жазушының туған жерге деген асқақ махаббаты көтеріңкі леппен, үлкен əсермен жырланған. «Май айының аяқ шенінде Бүкіл Алтай қып-қызыл гүлге көмкеріліп, жасыл жаулығын қайта жамылады. Көкпеңбек аспанға мамықтай бұлт маңып, тау өзендері көркіне қайта мінбек. Сіз табиғаттың осыншалықты сый-сияпатын төге салған мəрттíгíне қайран қалып, тау асып, байып жатқан Күннің алқызыл нұрына табынасыз да, кілемдей түрілген көк майсаға аунай кетесіз. Күлесіз, бақыттан, шаттықтан күлесіз. Күліп жүріп гүл тересіз, теріп жүріп «Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен осы жұпарыңнан айырылып қала көрме, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ!» деп, жар салғыңыз келеді» [9; 543]. Жазушы көбінесе лирикалық жанрларға тəн шетін сезім күйлерін, таза субъективті- эмоционалдық халін проза жанрының құрылымына шеберлікпен енгізе алған.

Жалпы Алтай табиғаты сол өңірде туып-өскен жазушылар Қ.Ысқақ, О.Бөкей, Д.Əшíмхан, А.Алтай, Д.Əшíмхан¥лы прозасында лирикалық-символдық бейнеге айналған.

Қазақ прозасында лирикалық прозаның хас шеберіне айналған жазушылар С. Мұратбеков, Т.Нұрмағанбетовтер де туған жер тақырыбын ашуда, табиғат көрінісін беруде лирикалық бейнелеу тəсíлдерíне иек артты.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жарылғапов Ж. ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасындағы идеялық-эстетикалық мəселелерı / Ж. Жарылғапов. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. — 176 б.
  2. Гинзбург Л. О лирике / Л. Гинзбург. — Л.: Сов. писатель, 1974. — 409 с.
  3. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесí / Б. Майтанов. — Алматы: Ғылым, 1982. — 148 б.
  4. Абрамович Г.А. Введение в литературоведение / Г.А. Абрамович. — М.: Просвещение, 1979. — 352 с.
  5. Эльсберг Я. Актуальные проблемы социалистического реализма / Я. Эльсберг. — М.: Сов. писатель, 1969.
  6. Липин С.А. Идейное единство и художественное многообразие советской прозы / С.А. Липин. — М.: Мысль, 1974. — 336 с.
  7. Гегель Г.В.Ф. Эстетика: [В 2-х т.]. — Т. 2 / Г. В.Ф. Гегель. — М.: Наука, 1999. — 603 с.
  8. Майтанов Б. Қазақ романы жəне психологиялық талдау / Б. Майтанов. — Алматы: Санат, 1996. — 336 б.
  9. Бөкеев О. Ұйқым келмейді / О.Бөкеев. — Алматы: Жалын, 1990. — 560 б.
  10. Лапченко А.Ф. Человек и земля в русской социально-философской прозе 70-х годов / А.Ф. Лапченко. — Л.: Изд-во Ленингр. гос. ун-та, 1985. — 136 с.
Тег: Лирика
Жыл: 2020
Категория: Филология