Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілдік оппозиция: антонимдер мен қарама-қарсы мəндес сөздердің пайда болу диалектикасы

Мақалада соңғы жылдардағы қазақ тіл білімінің даму бағыттарының, оның ішінде антропоөзектілік бағыттың рөлі мəселесí қамтылған. Антропоөзектілік бағыттың өзіндік ерекшеліктері адамның ойымен, танымымен, íс-əрекетíмен тікелей байданысча талданған. Жүргізілген зерттеулердің негізінде авторлар тарапынан тілдік дамудың ішкі қайшылықтар мен қарама-қарсылықтар күресіне негізделетіндігі жəне ол қайшылықтар мен қарама-қарсылықтардың табиғат, қоғам, адам санасындағы бірін-бірі жоққа шығаратын жəне сонымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар екендігі тұжырымдалған. Мақалада қарама-қарсылықтар заңының, яғни тақырып аясына қажетті тілдік оппозициялардың ежелгі философ-ойшылдардың еңбектерінен бастау алатындығы жəне қарама-қарсылық мәселесінің антикалық философия мен логикадан басталатындығы дəлелденген. Сонымен қатар қарама-қарсы құбылыстардың міндетті түрде бір текке немесе бір-біріне қарама-қарсы түрге жататыны жəне сондай-ақ, олардың өздері мағыналық жағынан туыстас, сыбайлас тектерді білдіретіні айқындалған.

Кіріспе

Антропоөзектілік бағыт — тіл білімі дамуының соңғы кезеңдерінде басым бағыт алған зерттеу арналарының бірі. Бұл деген тілді зерттеуде адамның ойымен, танымымен, іс-әрекетімен, жалпылай алғанда өзімен тікелей байланыстыра отырып зерттеу деген сөз. Тіл — адам ойының, іс-әрекетінің, көп жылдық тәжірибесінің жемісі. Тәжірибемен бірге образды ойлау, салыстырмалы ойлау, ұқсастыру, баламалау, астастыру, теңестіру секілді ойлаудың формалары арқылы тіл пайда болады. Демек, әлемдегі тілдердің даму үдерісі — адамзат тәжірибесінің құрылымдық жағынан ұйымдастырылған жіктелісі деуге негіз бар.

ХХ ғасыр қазақ тілінің құрылымдық жағынан толық зерттелген дәуірі десек те болғандай. Себебі бұл кезеңде тіліміздің фонетика, лексикологиясы, сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі толығымен зерттеу нысаны, мақсаты, міндеттері айқындалған, терминдері сараланған, пəндермен байланысы анықталған, тіл білімінің жеке саласы ретіндегі критерийлерге жауап беретін бір-бір арна болып қалыптасты. Соңғы жарты жылға жуық кезеңде тілді антропоөзектіліктік бағытта зерттеу жалғасып келеді. Бұл бағыттағы зерттеулерді көптеп атауға болар еді. Әлі күнге бұл бағыттың өзектілігін жоғалтпағанын адам танымымен, санасымен, тәжірибесімен пайда болатын тілдің мүмкіндіктерінің шектеусіз екендігін көрсетеді. Мұның бәрі тілдік қарым-қатынас жасау әрекетінде пайда болатын тілдің қызметімен тікелей байланысты.

Ал тіл арқылы қарым-қатынас жасау әрекетінің мазмұны тәжірибеге негізделеді. Соңғы уақытта зерттеу бағыттарының жаңа мазмұн алуы тілді адам санасында əлем туралы түсінік құрушы, ақиқат əлем туралы таным мен білім жиынтығы, сана қызметінің нәтижесі ретінде тіл мен сананы тұтастықта қарайтын когнитивтік көзқарастың пайда болуына әкелді.

Адам өзін қоршаған әлемді тани отырып, заттар мен құбылыстарға атау береді. Осылайша, сөз тіл иесінің мəдени жəне адамгершілік құндылықтары тоғысатын нысанға айналады. Соның нәтижесінде кез-келген тіл белгілі бір ұлттың менталитетін бейнелейді, тілде сол халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақталған тәжірибесі негізінде қалыптасқан аялық білімі болады. Әлемдегі зат пен құбылысқа атау бере отырып, әрбір ұлт өкілі оларды ұлттық ойдың нысанына айналдырады. Осыған байланысты сөздің лексикалық мағынасын зерттеу барысында оған дәстүрлік таным, мəдени норма мен салт-дәстүрді сақтаушы, жеткізуші ретінде қарау орынды. Осы бағытта «ақ» — «қара» тілдік бірліктерін əлем негізін құрайтын қарама-қарсы концептілердің иерархиясы ретінде қарастырамыз. Әлем қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігінен тұрады. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі — дамудың негізгі өзегі. Олар даму құбылысының ішкі қайнар көздерін ашады, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін анықтайды. Даму ішкі қайшылықтар мен қарама-қарсылықтар күресіне негізделеді. Ал қарама-қарсылықтар тілде антонимдер арқылы бейнеленеді. Бұл мақалада, ең алдымен, зерттеуге негіз болатын теориялық білімді айқындап алу мақсатында когнитивтік тіл білімінің жаңа бағыт ретінде қалыптасудағы ерекшеліктері мен негізгі ұғымдарына талдау жасап, қарама-қарсылықтың философия, логика, психолингвистика, тіл білімі салаларында көрінуін қарастырамыз. Халықтың ойлау жүйесі мен əлемге қарым-қатынасы үлгілері негізінде негізгі ұғымдардың оппозициясы анықталып, концептуалдық талдау жасалу арқылы анықталады.

Өмірдегі қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі — тек қана тілдік емес, кез келген дамудың негізгі өзегі. Олар даму əрекетíнщ ішкі қайнар көздерін ашып, айқындайды, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін түсіндіреді. Осыған қарап, дамудың ішкі қайшылықтар мен қарама- қарсылықтар күресіне негізделетіндігін көруге болады.

Зерттеудің деректері мен әдістері

Философия ғылымында қарама-қарсылықты «табиғат, қоғам, адам санасындағы бірін-бірі жоққа шығаратын жəне сонымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар» деп түсіндіреді [1; 113]. Әлемдегі заттар мен құбылыстар үнемі қарама- қарсылықта болады. Ал қарама-қарсы құбылыстар, заттар бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Кез келген қарама-қарсылықтың екі шегі өзара қалай қарама-қарсы болса, солай бір-бірінен ажырамас бірлікте болады. Қарама-қарсы құбылыстардың бір мүшесі мен екінші мүшесі болғандықтан ғана қарама- қарсылық мəнге ие болады. Бұл философияда қарама-қарсылықтың бірлігі деп аталады. Егер қарама- қарсы жақтардың бірлігі жойылса, онда қарама-қарсылықтың өзі де мəн-маганасын жояды. Мысалы, Ж.М. Жампейсова өз диссертациясында ақ-қара қарама-қарсы мағыналы лексикалық бірліктерін зерттейді. «Ақ пен қара — қарама-қарсы түстерді, əлеуметтíк қарым-қатынастарды, жақсылық мен жамандықты, адам мінез-құлқының қарама-қарсы жақтарын анықтайтын лексикалық бірліктер. Қарама-қарсылықтың бірлігі заңына сүйенсек, ақ болмаса қараны немесе қара болмаса ақты түсіну мүмкін болмас еді. Сондай-ақ, ұзын мен қысқа, жақсы мен жаман, жарық пен қараңғы, күн мен түннің қарама-қарсы жақтарын алып тастаса, онда олардың мәні жойылады. Ақ болмаса қараны, ұзын болмаса қысқаны, жақсы болмаса жаманды, жарық болмаса қараңғыны, күн болмаса түнді түсіну мүмкін емес. Сол себепті, диалектика қарама-қарсы жақтардың екеуін бірдей алып қарауды талап етеді. Егер олардың біреуін сақтап, екіншісін жойса, онда диалектикалық қозғалыс тоқтайды, өзі де мағынасынан айырылады» дейді [2]. Демек, қарама-қарсылықтардың бірлігі — заңды құбылыс. Қарама-қарсылықтардың бірге өмір сүруі, олардың күресі дамудың мәнін құрастырады. Кез-келген зат, құбылыс қарама-қарсылықсыз, олардың бірлігі мен күресінсіз өмір сүре алмайды. Бұл əлемдегí құбылыстардың бəрíне, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың кез келген құбылыстарына тəн сипат. Сондықтан да өмір жақсы мен жаманның, ақ пен қараның, байлық пен кедейліктің, өмір мен өлімнің, қуныш пен қайғының, адал мен арамның, аспан мен жердің, биіктік пен төмендіктің т.б. бірліктерінен тұрады.

Ендеше, қарама-қарсылықтар заңы, немесе тақырып аясына қажетті тілдік оппозициялар тек бүгінгі күннің ғана зерттеуі болған жоқ. Оның бастауы ежелгі философ-ойшылдардың еңбектерінен өз арнасын тапты. Қарама-қарсылық мəселесí антикалық философия мен логикадан басталады. Ежелгі грек дəуíрíнщ данышпаны Аристотель қарама-қарсы құбылыстар міндетті түрде бір текке немесе бір-біріне қарама-қарсы түрге жататынын немесе өздері мағыналық жағынан туыстас, сыбайлас тектерді білдіретінін айтады. Ол өзінің «Категориялар» атты еңбегінде: «Барлық қарама- қарсылықтар не бір текке, не қарама-қарсы текке жатуы немесе өздері тектерді білдіруі қажет. Ақ пен қара бір текке (олардың тегі, бұл — түс) жатады, әділдік пен əд^т^д^ қарама-қарсы тектерге (бірінші жағдайда тек, бұл — жақсылық, екіншісінде — жамандық); ал жамандық пен жақсылық қандай да бір текке жатпайды, бірақ өздері басқа ұғымдар үшін тектерді құрайды», — деп тұжырымдайды [3; 42].

Антонимдердің логикалық табиғаты туралы маңызды деректерді Платон шығармаларынан да кездестіруге болады. Қарама-қарсылықтардың симметриясы олардың теңдігімен байланысты. «Егер қарама-қарсылықтар бір-бірін үнемі теңгермесе, егер олар тік сызықта, тек бір бағытта ғана пайда болып, қарама-қарсы жаққа бұрылмаса, — онда бəрí, əйтеуíр ақырында тек бір бейне, тек бір қасиетке ие болатын еді де, пайда болу тоқтап қалар еді», — дейді Платон [4; 33]. Сонымен қатар, Платон еңбегінде қарама-қарсылықтардың сызықтық жəне циклдік деп аталатын түрлерін көрсетеді. Сызықтыққа тек бір сызық бойындағы қарама-қарсылықтар жатса, циклдікке шеңбер бойымен бір- біріне өтіп отыратын қарама-қарсы ұғымдар жатады. Философ сызықтыққа әДемі — көріксіз, циклдікке түс — ояну — сергу — ұйықтау мысалдарын келтіреді, «... түстен сергу, сергуден түс пайда болады, ал біреуінен біреуіне өту ұйықтау жəне ояну деп аталады», — дейді [3; 32].

Əлем қарама-қарсылықтар мен олардың күресінен тұратыны туралы пікірді Гегель пікірлерінен де көруге болады. «Қарама-қайшылық — əлемдí қозғаушы... кез-келген қозғалыстың, өмірдің түптамыры; қандай да бір нəрседе қарама-қайшылық болғанда ғана ол қозғалады, импульсқа, іс- əрекетке ие болады... əр нəрсе өзінде қарама-қайшылық болғандықтан ғана өмір сүреді», — дейді ойшыл [3; 520].

Қарама-қарсылық туралы ой-пікірлерді шығыс ғұлама ғалымдарының еңбектерінен де молынан кездестіруге болады. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, аты əлемге жайылған ойшыл Əбу Насыр əл-Фараби Аристотель іліміндегі диалектика элементтеріне, мəселенí қарама-қарсы қоюына белгілі дəрежеде көңіл бөлген. Ол өзінің «Əлеуметтíк этикалық трактаттарында» этиканы жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарайды. Ғалым ұстамдылықты жақсы құлық деп есептейді, ал ұстамды болу үшін, шамадан тыс молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай ауытқып, ондай молшылықтан арылу керек жəне керісінше жетіспеушілік болса, онда молшылық жағына қарай ауытқу керек, сөйтіп мінез-құлықты ұстамдылықты қалыптастырғанша осылай ете беру керектігін айтады. Ойшыл мінез-құлықты қалыптастыруда адам бойындағы қарама-қарсы жақтардың күресі маңызды рөл атқаратындығына баса назар аударады [4].

Өмір мен өлім, адам мен ажал арасындағы күрес философиясын Қорқыт туралы аңыздардан кездестіреміз. Ж.К. Каракузова мен М.Ш. Хасанов еңбектерінде қазақ халқының алғашқы жаратылысы туралы мифтер Қорқыт есімімен байланыстырылған. Бүкіл əлем мəдениетíнде алғашқы жаратылыс өмірдің бастауы ретінде түнектен үйлесімділіктің пайда болуымен сипатталады. Қорқыт жерге ақ түйемен (немесе құспен) ұшып келген екен. Ол Сыр бойына келіп, өз қобызын өзеннің ортасына қойыпты. Зерттеушілер Қорқытты қазақ халқының бірінші ата-бабасы деп көрсетіп, оның есімі «қор» жəне «құт» қарама-қарсы сөздерінен құралғандығын айтады. «Қор» — «жамандық», «бақытсыздық», «құт» — «жақсылық», «бақыт» деген мағыналарды білдіреді. Қазақ халқы жамандықтан құтылу үшін «қор болма» десе, біреуге бақыт, жақсылық тілегенде «құтты бол» дейді. Осылайша «Қорқыт» есімі екі бастаудың жақсылық пен жамандықтың бірігуінен жасалған.

Бірінші ата-баба есіміне жақсылық пен жамандық адамзат санасында əлí бөлінбей тұрғанда біріккен. Жамандық пен жақсылықтың бөлінуі қоршаған ортаға деген қарым-қатынасты анықтауға мүмкіндік береді. Осыдан қорқыныш пен қуаныш пайда болды. Қорқыныш жердегі əлí белгісіз, тылсым дүниелерден, қуаныш саналы өмір сүруден болады [5; 7].

Нəтижелер мен оларДың талқылануы

Философияда болмыстың бастамасы бір-біріне тең жəне тəуелсíз екі — материалдық жəне идеалдық субстанциялар деп танитын монизмге қарама-қарсы ілім дуализм (лат. Dualis — екі жақты) деп аталады. Дуализм ұғымы ежелгі ерте шығыстың діни-моральдық жəне ертедегі Грецияның діни- космологиялық ілімдерінде кездеседі: дүние процесі өзара үнемі күресетін екі бастамадан тұрады: жақсылық пен жамандықтан құралады [6; 38]. Философиялық əдебиеттерде қарама-қарсылық пен қарама-қайшылықтың өмір сүруі мен сипаты дамудың қозғаушы күші мен қайнар бұлағы ретінде дəлелденедí. Қарама-қарсылық ұғымы салыстырудың логикалық əрекетíне жатады. Бұл — ажырату мен сəйкестíк ажырамас бірлікте болатын əлемдí тану процесінің негізгі логикалық здістерінің бірі.

Қарама-қарсы қатынастың логика-философиялық категориямен белгілі бір байланыстылығы болады десек, онда қарама-қарсы қатынастағы тілдік бірліктердің мағыналары белгілі бір жағдайда ойлаудың қисындық заңдарына бағынады. Логикадағы қатынас ұғымдар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Салыстырылып отырған ұғымдар ғана логикалық қатынаста болады. Қарама- қарсылықты салыстырудың соңғы нəтижесí ретінде қарастыруға болатындықтан, оның логикалық негізін қарама-қарсы ұғымдардың салыстырылуы құрайды деуге болады. Қарама-қарсы мүшелердің логикалық сəйкестíгí қарама-қарсы мағынадағы тілдік бірліктердің негізі болып саналады.

Тілдік антонимияны түсіндіру үшін қолданылатын қарама-қарсылық категориясы логикалық категорияға жатады. Логикада ұғым мазмұнындағы әртүрлі дерексіз белгілермен байланысты қарама- қарсылықтың әртүрлі түрлері (контрарлы, контрадикторлы, конверсивті) айқындалған. Тілдік антонимдерді зерттеуде тілшілер осы логикалық ұғымдарды пайдалана отырып, оларға жіктеу жасайды. Сөйлеуде бір-біріне қарама-қарсы қойылатын сөздердің əртурлıлıп нақты логикалық модельдерге сүйенбейді. Мағына қарама-қарсылығын антонимдердің негізгі белгісі деп танығанмен, ол субъективті болады. Себебі тек дерексіз үғымдар ғана қисындық түрғыдан талданады. Сондықтан қарама-қарсылық терминінің нақты психологиялық мазмүны жоқ. С.Л. Рубинштейннің пікірі бойынша, салыстыру қоршаған əлемдí танудың алғашқы кезеңдерінде, яғни танудың эмпирикалық деңгейінде көріністенеді: «Сравнение — это конкретная форма взаимосвязи синтеза и анализа, осуществляющая эмпирическое обобщение и классификацию явлений» [7; 137]. Қазіргі психологиядағы психикалық бейнелеудің әртүрлі деңгейлері мен олардың жеке тұлға өміріндегі өзара үздіксіз байланысы туралы мəлíметтердí ескере отырып, салыстыруды болмыстағы нысандар арасындағы үқсастық пен айырмашылықты анықтайтын əмбебап əрекет деп түжырымдауға болады.

Екі нысанды салыстыру үшін ортақ негіз болуы керек. Салыстыру нысандарды талдау негізінде анықталатын бір немесе бірнеше белгілер арқылы өтеді. Салыстыру барысында нысандар арасында сəйкестíк, айырмашылық, қарама-қарсылық, қайшылық, бірлік болуы мүмкін. Сəйкестíк дегеніміз — белгілі бір нысанның өзіне-өзі немесе басқа заттарға теңдігі, үйлесімділігі. Алайда үқсас заттар арасында да айырмашылық болады. Айырмашылық — заттардың арақатынасы бірдей емес, тепе-тең болмайтындығын көрсететін ұғым. Сəйкестíк пен айырмашылық арасында белгілі бір диалектика болады. Олар елеулі немесе елеусіз болуы мүмкін. Шын мəнíнде, айырмашылық — заттардың қарама-қарсылығының не бастапқы, не соңғы кезеңі, яғни айырмашылықтың ең тереңдеген шегі — қарама-қарсылық. Гегельдің көрсетуінше, «сəйкестíк айырмашылыққа, ал айырмашылық қарама- қарсылыққа өтеді» [8; 63].

Диалектикалық қарама-қайшылық — бүтіннің бір-бірін жоққа шығаратын қарама-қарсылыққа бөлінуі жəне олардың өзара қарым-қатынасы. Өзара бір-бірін жоққа шығаратын қарама-қарсылықтар — ажырамас бірлікте əрí күресте болатын қарама-қайшылықтың екі шегі, яғни олар өзара бір-бірін еске түсіреді, бірін айтқанда екіншісі еріксіз ойыңа келеді. Қарама-қайшылықтың екі шегі деп түсіну қарама-қарсылықтардың сипаты мен өткірлік деңгейіне, іске асу саласына тəуелсíз кез-келген диалектикалық қарама-қарсылықтың бəрíне ортақ белгісі болып табылады. Бірігу, ажырату қатынастары қарама-қарсылықтық қатынасқа жатады.

М.М. Розенталь «Диалектикалық логика принциптері» атты зерттеуінде логикалық қарама- қайшылық пен диалектикалық қарама-қайшылықты ажыратады: «Так как термин «логическое противоречие» в истории философии, а также современной литературе приобрел именно тот оттенок мысли, о котором шла речь выше, т.е. так как под ним подразумевают логическую непоследовательность и путаницу мысли, то приходится оперировать им именно в этом смысле» [9; 97].

Зерттеушінің пікірінше, қисындық қарама-қайшылыққа қисынға сыйымсыздық, ойдың шатысуы жатады. Ал диалектикалық қарама-қайшылыққа қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес қатынастары енеді. Мүнда қарама-қарсылықтар қайшылықтардың екі шегін, яғни заттардағы, қүбылыстардағы бір-бірін еске түсіретін жəне жоққа шығаратын элементтер, күштер, ерекшеліктерді білдіреді. Мүндай элементтерге, мысалы сутегінің неондалған атомындағы оң жəне теріс зарядты электрондар, қарама-қарсылықтарға тартылыс — тебіліс күштері, жаңа мен ескінің, жағымдылық пен жағымсыздықтың, шектілік пен шексіздіктің ерекшеліктері енеді.

Қарама-қарсылықтың психолингвистикалық түрғыдан зерттелуін А.А. Брудный, Э.И. Родичева, И.Л. Медведева сияқты ғалымдар еңбектерінен кездестіруге болады. Қарама-қарсылықтың психолингвистикалық негізі ассоциативтік экспериментке, яғни адамның ойлау жүйесі мен тәжірибесінің ұштасуына негізделеді. Психолингвистикалық тұрғыдан кез-келген сөздің қарама- қарсылық өрісі болады, алайда олардың белсенділік деңгейі әртүрлі. Бұл зерттеу қатысушының тəжíрибесíне тəуелдí. Адам өзінің тəжíрибесíнде ұғымның белгілі бір жұптарын салыстыру, қарама- қарсы қою қажеттілігін жиі кездестірсе, онда бүл дағды жылдам қалыптасады да, бір сөзді айтқанда екінші сөз еш ойланбастан еске түседі. Біздің санамызда бір-бірі арқылы анықталатын, жүптасып сақталған үғымның белгілі жүйесі болады. Бүл үғымдарға біріне-бірін қарсы қоюға, салыстыруға, ажыратуға болатын заттар, белгілер, íс-əрекеттер сияқты тағы да басқа құбылыстар арасындағы қатынасты жатқызамыз. Қарама-қарсы үғымдардың психолингвистикалық негізі сөйлеумен тығыз байланысты. Себебі біз әртүрлі заттарды қарама-қарсы қойғанда дерексіз антонимдерге емес, нəтижелерí санамызда бекітілген өзіміздің тəжíрибемíзге жүгінеміз. Соның салдарынан психолигвистикалық экспериментке жауап берушілер тілдік заңдылықтарды ескере бермейді. Сонымен қарама-қарсылықтардың пихолингвистикада көріністенуі туралы мынандай қорытынды шығаруға болады: тілде сөздерді қарама-қарсы қою адам тəжíрибесíне, ақиқат əлемдí тану заңдылықтарына сүйенеді. Ал олар ақиқат əлем туралы көріністердің синтезі мен анализі, заттарды ажырату, олардың арасындағы ұқсастықтарды табу, нысандарды қарама-қарсы қою, оларды салыстыру процестерімен тығыз байланысты. И.Л. Медведева тіл білімінде мойындалған лексикалық антонимдерді адам санасында жүретін айырмашылықтар мен салыстырулардың ауқымды жүйесінің бір бөлігі, көрінісі ғана деп тұжырымдайды [10; 80].

Қорытынды

Сонымен, қарама-қарсы мағыналы сөздердің пайда болуы сыртқы ортамен байланысты. Қоршаған əлем тек заттардан, құбылыстардан ғана тұрмайды, сонымен қатар қасиеттер мен қатынастардан құралады. Бұл кешеннің құрамдары — заттар, құбылыстар, қасиеттер мен қатынастар — бір-бірімен байланысты, өзара тəуелдí жəне бір мезгілде өмір сүреді. Сондықтан адам заттарды тану барысында оларды бір-бірімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды табады. Ол санада заттардың қасиеттері мен олардың арасындағы қатынас түрінде көрінеді. Осыдан мағына қарама-қарсылығы мен қарама-қарсы мағына ұғымдары шығады. Қарама- қарсы мағына санада қарама-қарсы мағыналы сөзді тудыратын қасиетке ие, ал мағына қарама- қарсылығы — осындай қасиеттер арасындағы қатынас. Қарама-қарсы мағына өзі сияқты басқа семантикалық бірліктермен антонимдік қатынасқа түсу қабілетін анықтайды, ал мағына қарама- қарсылығы антонимдер арасындағы қатынасты білдіреді.

Логикалық-философиялық мазмұн бойынша, тілдік антонимия қарама-қарсылықтың тілдегі көрінісі. Мағыналары бойынша бір-бірін жоққа шығаратын немесе бір-біріне қарама-қарсы сөздер логикада сыйымсыз ұғымдарға, яғни бір-бірін толығымен жоққа шығаратын топқа жатады.

Осындай пікірді қазақ тіл білімінде антонимдерді алғаш рет арнайы зерттеген Ж. Мусин мен А.Жүсіпов еңбектерінен де кездестіреміз. Ж. Мусин «қарама-қарсылық» пен «қайшылық» ұғымдарының айырмашылығы мен мәнін ашып бере отырып, қайшылықты ұғымдардың тілдегі болымсыздық категориясына, қарама-қарсы ұғымдардың тілдегі антонимияға сəйкес келетіндігін дəлелдейді [11; 5].

Ұғымдардың қарама-қарсылығы заттардың, құбылыстардың сапасын, белгісін, қасиетін, қарым- қатынасын ашатын кең ұғымдардың шектерінде жүзеге асады. Яғни белгілі бір сапаның, белгінің, қасиеттің немесе қатынастың қарама-қарсы көріністерінің шегі антонимия деп аталса, ал сол шектің мазмұны антонимдерді білдіреді. Тілдік антонимияда қарама-қарсылық ұғымы негізгі маңызды орынға ие.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Философиялық сөздік / Құраст. Н. Нұрғалиев, Ғ. Ақманбетов, Ж. Əбдíлдин. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. — 224 б.
  2. Жампейсова Ж.М. «Ақ» — «Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі: филол. ғыл. канд. ... дис. / Ж.М. Жампейсова. — Алматы, 2007. — 131 б.
  3. Аристотель / Аристотель. Категории. — М.: Директ-Медиа, 2002. — 115 с.
  4. Платон. Греческая философия: бобр. соч.: [В 3-х т.]. — Т. 2 / Платон. — М.: Мысль, 1968. — 623 с.
  5. Каракузова Ж.К. Космос казахской культуры / Ж.К. Каракузова, М.Ш. Хасанов. — Алматы: Евразия, 1993. — 80 с.
  6. Қазақ Совет Энциклопедиясы: [14 т.]. — 4 т. / Бас ред. М.Қ. Қаратаев. — Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы, 1974. — 672 б.
  7. Рубинштейн С.Л. Избранные философско-психологические труды: основы онтологии, логики и психологии / С.Л. Рубинштейн. — М. Госполитиздат, 1997. — 463 с.
  8. Гегель Г. Наука логики / Г. Гегель. — М.: Мысль, 1972. — 374 с.
  9. Розенталь М.М. Принципы диалектической логики / М.М. Розенталь. — М.: Соцэкгиз, 1960. — 478 с.
  10. Медведева И.Л. Опыт психолингвистического исследования антонимии / И. Л. Медведева // Психолингвистические исследования в области лексики и фонетики / И.Л. Медведева; под ред. А.А. Залевской. — Калинин: КГУ, 1981. — С. 68–81.
  11. Жүсіпов А. Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары: филол. ғыл. канд. дис. автореф.: 10.02.02 – «Қазақ тілі» / А. Жүсіпов. — Астана, 2004. — 29 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.