Алаш Абайтануы

Мақалада тәуелсіздік кезеңіне дейінгі авторларымен бірге репрессияға ұшыраған Алаш кезеңіндегі Абайтану туралы алғашқы қарастырылған. Алғашқы абайтанушылардың ғылыми еңбектері ғылыми айналымға тек 1988 жылы оралды. Бұл жоғары кәсіби əдеби шығармаларда алғаш рет Абай Құнанбаевтың шығармашылығын ғылыми тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері қаланды. Бұл Ә.Бөкейхан, А.Байтүрсынүлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытұлы, М.Жүмабай, М.Əуезов, С.Торайғыров, М.Ж. Көпей, Р.Марсеков, І.Жансүгіров, Қ.Жұбановтың мақалалары. Бұл мақалаларда бірінші рет ғылыми Абайтанудың теориялық негіздері негізделген. Тәуелсіздік кезеңінде ғана абайтану ғылымының қалыптасуының шынайы көрінісі қалпына келтірілді — 1905 жылы шыққан Ə. Бөкейханның Абай Құнанбаевтың Алаш кезеңіндегі бастамасы. Осы мақалада алғаш рет өмірбаяндық мәліметтер келтіріліп, оның ресми жəне зайырлы білім алғаны егжей-тегжейлі анықіалды. Осыған байланысты Ә.Бөкейхан алғаш рет Абай оқыған кічаплардың тізімін жасады. Алғаш рет Абайдың ақындық шеберлігіне жоғары баға беріледі. Сонымен бірге, ақынның жыл мезгілдері туралы лирикасы әлемдік классикалық поэзиямен бір деңгейде екендігі баса айтылды. Қазақ халқының бас ақыны А.Байтұрсынұлының мақаласында алғаш рет Абайдың поэтикалық әлемінің теориялық дискурсын негіздеді. Абайтанушы Абайдың поэтикалық сөзінің мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар бейнесіне бағдарланған баяндау жəне дискурстық ерекшеліктерін талдамалық түрде атап өтті. Сонымен. Абай мәтіндерінде бейнеленген үлт-плқ кодтың жалпыадамзаттық құндылығы орнықты. Сонымен бірге, Алаш кезеңіндегі Абайтану ғылыми абайтанудың қалыптасуы мен дамуының басты кезеңі екендігі анықталды, сондықтан ол қазіргі кезде абайтанудың қазіргі дамуын анықтайды.

Кіріспе

Совет кезінде Абай ақын, ағартушы, демократ деген үш сөзбен ғана сипатталатын. Абайдың алды не соңынан ергендері туралы мағлүмат болмайтын. Тек 1988 жылдан бастап ғылыми айналымға қайта оралған сталиндік репрессияға үшыраған Алаш әдебиеті мен Алаш əдебиеттануы Абайтанудың бастауы мен одан кейінгі кезеңдерінің реттелуіне негіз болды.

Қазіргі Тәуелсіз кездегі əдебиеттану мойындағандай Абайтанудың басында Алаш кезеңіндегі зерттеулер түр. Əлихан Бөкейханның Ресей географиялық қоғамының «Семипалатинский листок» газетінде шыққан «Абай / Ибрагим/ Кунанбаев» [1; 307] атты мақаласында (1905) түңғыш рет Абайдың ата тегі, алған білімі, өмірбаяны мен шығармашылығы сол кездегі саяси әлеуметтік контексте толық қамтылған. Абайдың 14 жасынан бастап маңайындағы әлеуметтік кемшіліктерді сынап жазған өлеңдерінен бастап, аудармалары мен табиғат лирикасы асыл сөздің үлгісі ретінде анықталған.

Зерттеу материалдары

Əлихан Бөкейханның басты мақсаты Абайды орыс тілі арқылы жалпы əлемге таныстыру болғандықтан, осы ретте Абайтанудың басты ғылыми үстанымдары мен шарттары айғақталған. Зерттеуші ақынның шын есімі Ибрагим — Авраам екенін атап өтіп, анасы Ұлжан қойып алған Абай есімі ел ішінде сол кезден бастап тарап кеткенін айтқан. Абайдың ата тегі руы тобықты, арғы бабасы батыр жəне би Ырғызбай екені, атасы Өскембай да әділ би болғаны осы ретте мағлүматты берілген. Әкесі Қүнанбай Қарқаралы аға сүлтаны ретінде ел мойындаған абыройлы ел ағасы болғаны да жазылған. Меккеге қажылыққа барғаннан кейін қалған өмірін қажы атағына сай өмір кешкеніне де назар аударылған. Ақынның нағашы жүрты да тектілер — сонау Қазыбек биден басталатыны, ақынның анасы Ұлжан атақты Бошан Бертіс бидің үрпағы делінген.

Тұңғыш рет Абайдың алған ресми білімі де нақтыланған: сол кездегі заманға сай — 10 жастан 12 дейін ауыл молдасынан сауатын ашқаны, 12 жаста Семейдегі Ахмет Риза молданың медресесінен өткені. Сонда жүріп орыс мектебінде 3 ай оқып, 14 жасында білімді доғарғаны: 4 жыл медресе мен 3 ай орыс мектебі.

Ата-баба тәрбиесіне сай 15 жасында Абай әкесі Құнанбайға көмекші болып ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне қатысқан. Ә.Бөкейхан жазғандай Абай 20 жасында ел ішінде әділдігімен мойындала басталған шешен би болды: «30 жасында Абай елге абыройлы аты жайылған сыйлы тұлға ретіне мойындалып онымен тектілер дос болуды көздеп, көршілері қас болып қалудан сақтанған».

Ә.Бөкейхан 19 ғ. екінші жартысындағы Ресейдің бодандығындағы Қазақ елінің асыл сөзі де о бастағы тектілер сөзі болған, абыройынан айрылғанын түсіндірген. Бүгінгі Абай қолжазбасына күмәнмен қараушылар үшін осы ретте тойтарыс берілген. Абайдың ақындыққа деген ел ішіндегі сол кездегі дәстүрлі көзқарасы неліктен өзгергені түсіндірілген. Қазақ сұлтандары арасынан не бақсы, не бірде бір ақын шықпағаны ол кезде абырой болып саналған. Абай да о баста ақындықты мойындамағаны, кейінірек ақындардың тек мақтау өлеңді байлардан пайда көру үшін айтқандарын сынға алғанын еске салып Ә.Бөкейхан былай деген: «Абай да ақындыққа осылай қарап өтер ме еді, егер де Ресейден жер аударылып келген саяси тұтқындармен кездеспегенде».

Бұл ретте Ә.Бөкейхан 1880 жылдары Абайдың саяси әлеуметтік көзқарасына ерекше эсер еткен сол кездегі Семейге жер аударылған саяси тұтқындар Грос, Михаэлистермен достығы арқасында Ресей империясының бұратана елдер мен жалпы халыққа көрсетіп отырған озбыр саясатына көзі ашылғаны, рухани достықтың арқасында Абай Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писаревтердің қоғам мен заманға сыни көзбен қараған шығармаларымен танысқаны Абайдың əдебиет пен ақындыққа ерекше мəн беруіне себеп болғаны меңзелген.

Негізгі бөлім

Ә.Бөкейхан тұңғыш рет Абайдың оқыған кітаптарының тізімін анықтап берген: Спенсердың Опыты, Льюистің Позитивтік философиясы, Дрепердің Европа ақылының дамуы, Н.Г. Чернышевскийдің «Современниктегі» демократтық мақалалары. Осы ретте Абайдың Лермонтов поэзиясын ерекше ықыласпен оқып, оның өлеңдерінің қазақ тіліне тұңғыш аудармашысы болғаны аңғарылған: Дума, Кинжал, Парус, Молитва т.б. Абайдың Крыловтың мысалдарын аударғаны — сол кездегі қазақи ортада орын алған саяси элеуметтік кемшіліктерге сыни көзқарас пен ғибрат ретінде қажет болған делінген.

Осы ретте Абайдың Евгений Онегинды аударғаны, Татьянаның хатын əуен қосып, қазақ даласындағы өз еркінен айрылған қыздардың үнін шығарған махаббат гимні делінген. Бұл өлеңді абайтанушы тұңғыш рет 1899 жылы Қоқан болысында ақын Əдíлханньщ скрипкамен сүйемелдеп орындауында естіп таңқалғанын еске алған. Әділханның Абайдың өлеңдерін орындағаны, Лермонтовтан аударған өлеңдерімен қатар Лермонтов өмірге өкпелі болғаны, ал Пушкин тіршілікке даналықпен қарағанын естігенін де еске алып, Абайдың өз өлеңдерімен қатар Лермонтов пен Пушкин аудармаларының домбырамен осындай орындалуын қазақ даласының əр аймағынан естігенін дерек ретінде келтірген.

Абайдың Л.Н. Толстой мен Салтыков шығармаларын мұқият оқығаны осы ретте сөз етілген. Абай жастарға арналған өлеңінде жастардың бэрі пара алғыш тілмаш, адвокат не полиция шенеуігі болуға эуестігін сынай келе, оларға Толстой мен Щедринды оқып заман дерті: саяси элеуметтік кемшіліктерін көруге шақырған. Бұл бүгінгіге де қажетті мысал.

Абайдың ғылымды жас кезінде ескермеген өкінішін осы ретте еске салып, білім алуды Абайша түсінуге шақырған: «Адамның бір қызығы бала деген; Баланы оқытуды жек көрмедім; Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім».

Абайтанушы бұл мақалада келтірілген Абай өлеңдерімен қатар олардың орысша мағыналы аудармасын беріп отырған. Əбдрахманды Түмендегі реалдік училищеге оқуға бергенін Абай бала оқытуға ақы жұмсаған тұңғыш қазақ деп мақтанышпен атап өткен. Əбдрахман Петербордағы технологиялық институтта, кейін Лосевскийдің кеңесімен Михайловскідегі артиллериялық училищеде оқығаны, Отанына қажетті қоғам қайраткері болуға дайын Әбдрахманның 1895 жылы артиллериялық академияға түсетін кезде аурудан қайтыс болғаны үлкен өкінішпен айтылған.

Орыс әдебиетінің ұлтшыл, отаншыл концепті Абайға ерекше əсер еткені, осыдан бастап ақындыққа ерекше мəн бергені, бірақ Ә.Бөкейхан айтқандай жазған өлеңдерін жинастырмағаны да айтылған. Бірақ Абай өлеңдерін орындалған бойында тыңдаушылары жаттап алатыны, осылай жалпы елге таралғаны мәлім етілген: «Жан көрінбес сөзіме, Арғын, Найман жиылса, Таңырқаған сөзіме, Қайран сөзім қор болды. Тобықтының езіне». Бұл өлеңнің орыс тіліндегі мағынасын Ә.Бөкейхан қара сөзбен əдемí келтірген. Абай тіршіліктің бітпейтін дау-дамайынан бас тартып шығармашылыққа ден қойғаны ақын өлеңімен дəлелденген: «Өзімде басқа шауып. төске өрледім; Қазаққа қарасөзге дес бермедім; Еңбегімді білерлік еш адам жоқ. Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім». Бұл ретте де «волный перевод прозой» деп өлеңнің мазмұны мен мағынасы орысша əдемí келтірілген.

1904 жылдың 14 майында Абайдың сүйікті ұлы Мағауияның қайтыс болуы Абайға қатты соққы болып тигені, ақын оңаша қалуды қалап, сөйлеуден қалғаны, Мағауияның қырқынан кейін өзі де бұл дүниеден өткені мəлíмделген. ƏБ осы ретте Абайдың 1893 жылы жазылған «Жүрегімді құм қылды. Өткен адам өлген жан; Ақыл іздеп ізерлеп, Бәрін сынап сандалған, Бірін таппай солардың, Енді ішіме ой салған, Тұлабойды улатты, Бәрі алдағыш сұм жалған, Басыңа тиді байқадың, Бәрінен басты шайқадың, Тағы бар ма айтарың, Нанғыш болсаң енді нан». Бұл мәтіннің де мағынасы қара сөзбен орысша берілген.

Мақаланың соңында Ә.Бөкейхан мақалада талданған өлеңдер мен Пушкин, Лермонтов, Крыловтан жасалған аудармалары Абайұлы Тұрағұл жинақтағанын айтып жəне бұл мəтíндер жуырда Ресей географиялық қоғамының Семейдегі бөлімшесінің қолдауымен ƏБ бас редакторлығымен жарық көретінін мəлíмдеген.

«Абай. как это покажут его стихи. представлял недюжинную поэтическую силу и составляет гордость казахского народа. Еще не было казахского поэта. так возвысившего духовное творчество народа. как Абай. Чудные его стихи. посвященные четырем временам года/весна. лето. осень и зима/ сделали бы честь знаменитым поэтам Европы» [2; 1].

Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласында (Қазақ, 1913, 43) Ə.Бөкейхан жоғарыдағы зерттеуінде анықтап берген əдеби құнды мағлұматтардың теориялық негіздері енді əдеби дискурстық тұрғыдан тарқатылып анықталған.

Алаш Абайтануының негізі осы екі зерттеуден басталды.

А.Байтұрсынұлы алғаш рет Абай мəтíндерí жазылған дəптермен 1903 жылы танысқанын айтқан: «Байқап қарасам. басқа ақындардың сөзіндей емес сөзі аз. мағынасы көп. терең. Бұрын естімеген адамша шапшаң оқып шықсаң. азына түсініп. көбінің мағынасына жете алмай қаласың... Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес. оқушылардың түсінерлік дəрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес. оқушыда» [3; 1].

Ахмет Байтұрсынұлы Абай неге қазақтың басты ақыны екенін келесі кəсíби әдебиеттанулық дискурстық қағидалармен айғақтаған:

  1. «Не нəрсе жайынан жазса да Абай түбірін. тамырын. ішкі сырын. қасиетін қармап жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң. сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып. емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса. сөз оқушыларды сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау. олардың сөзінен үздік. артық».
  2. «Заман бұрыңғыдай болса, Абай Алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып. жұрт билейтін заман өтіп. тасың би болатын заманға қарсы туған. Білімі көптер жұрт билемей. малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған. Абай жұрт алдына білімін салғанда. басқалар малын салған. жұрттың беті малға ауып. ел билігі Абай қолына еркін тимеген. Білімнен мал артық болушы ма еді деп. Абай жұрттың онысына көнбей. таласқан. сөйтіп. партия ылаңына кіріп кеткен. Өнер білімін партия ісіне салған. Білімінің қызығын жалғыз ғана Тобықтылар көріп. басқаларға пайдасы тимей. болыстыққа құмар көп қазақтың бірі болып. бəлки. сол күйімен өліп те кетуі ықтимал еді. Қазақтың бағына ондай болудан Құдай сақтаған» [4; 141].
  3. «1880 жж. жер аударылып жүрген Михаэлис деген білімді кісімен. қазақ ғұрпындағы қағидаларды жиюға елге шыққан Гросс екеуімен араласқан Абай ақын сөзінің құдыретіне мойынсұнды. Ғылымды жұртта өлеңі жазу. сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін Абай енді ұққан. Ақындық. өлеңшілдік ел көзіне қадірсіз көрінсе. ол кемшілік ақындық пен өлеңшілікте емес. ақындық пен өлеңшілікті орнына жұмсамағандықта екеніндігін. ақындық пен өлеңшілікті қазақ ақындары. өлеңшілері қайыршы-тіленшілік орынға жұмсағаннан өлеңнің қадірі кеткенін Абай əбден білген соң. өлең жазуға түскен» [4; 143]. «Орыс ақындарымен танысып. өлең орны қайда екенін білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет, ықыласпен күтіп алып, төр түгіл, тақтан орын берген».
  4. «Бірақ басқа сөзден өлеңнің таққа мінгендей артықшылығы қандай? Оны да көрсетіп, айтып қойған. Айтушы мен тыңдаушының көбі надан болғандықтан, өлең болып айтылып, тыңдалып жүргендердің көбі өлең емес екендігі, жұрт мағыналы, маңызды, терең сөзден гөрі мағына жоқ, маңыз жоқ, желдей гулеп, құлаққа дыбысы тиіп, өте шығатын жеңіл сөздерді тыңдауға құмар екендігі Абайдың өлең жайынан жазған сөздерінде көрсетілген. Сол сөзінен Абайдың сыншылығы, өлең жақсы болуға не керектігін білетіні де көрініп тұр».
  5. «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. СөзДің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған».
  6. «Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Ол өрнектерді ойдан шығармай, орыстан алса да, орыс өлеңдерінің өрнектері қазақ тіліне жарайтындығын бастап көрсеткені де зор көсемдік. Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген, сондықтан өлеңі қай тарапынан болса да толық. Абайдың өзі тексергіш болған соң, оның өлеңін тексеріп, қате шығарып ешкім жарыта алмайды». Осы ретте «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» мәтіні талданған.
  7. «Абайдың асылын танып, дұрыс баға берген нәрсесі жалғыз өлең емес. Көп нәрсені Абай сөз қылған, сол Сөздерінің бәрінде де Абайдың әр нәрсенің асылын танығаны, білгені көрінеді. Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан қарап сөйлегендіктен. Басқа ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғаны даусыз».
  8. «Басқа ақындар аз білімін сөздің ажарымен толтыруға тырысқан. Абай сөздің ажарына қарамай, сыпайылығына қарамай, әр нәрсенің бар қалыбын сол қалыбынша дұрыс айтуды сүйген» (Аттың сыны талданған).
  9. «Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда, «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайышылыққа кемшілігі болар» деп, тайсақтап, тартынбаған. Хақиқатты хақиқат қалыбында, тереңді терең қалыбында жазған. Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әртүрлі Европа білім иелерінің кітаптарын оқыған». Осы ретте Ә.Бөкейханға сілтеме берілген.
  10. «Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең пікірлі ақынның өлеңдерін сүйіп оқыған. Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып, жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар. Тіпті осының мағынасы не деп сұрағандары да бар. Сол өлеңді алып қарасақ, айтылған пікірде, ол пікірді сөзбен келістіріп айтуында еш кемшілік жоқ. Түсіне алмаса, ол кемшілік оқушыда». Сондай түсінуге қиын көретін сөздерінің бірі мынау деп: «Көк тұман алдыңдағы келер заман» талданған. «Абайдың осы сөзінің дұрыс емес, қате айтылған, теріп айтылған, жұмбақ қылып, ашпай айтылған еш нәрсесі жоқ. Бәрі де дұрыс, түзу, тиісті орнында айтылған сөздер. Оған оқушылар түсінбесе, ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушылары шаңына ере алмағанын көрсетеді». Асыл сөз қай заманда да өз уақытынан ілгері жүретіні осылай меңзелген.

Қазақ əдебиеттануында тұңғыш рет Абайдың ақындық әлемінің дискурсы пəн сөздері арқылы теориялық деңгейде осылай анықталған. Абайдың өлең құрылысынан басталған тұжырымдар мен басты этикалық концепты мен асыл сөзге деген көзқарасы көркемдік ұстанымдар тұрғысынан осы ретте тұңғыш рет теориялық тұрғыда айқындалған.

Алаш Абайтануы Міржақып Дулатұлының «Уақыт» газетінде шыққан Ибраһим ибн Құнанбаев (1908. Саны 383), «Қазақ» газетінде шыққан «Қазақ ақыны» (1913.саны 9), «Абай екі мақалаларында Абайтанудың мағыналы негіздері дамытылған: «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш — Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нəрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттылығы сол. Бәлкім, мұнан кейін Абайдан үздік ақындар, жазушылар шығар, бірақ, ең жоғарғы, ардақты орын — Абайдікі, қазақ халқына сəуле беріп, алғашқы атқан жұлдыз — Абай».

Мақала Абайдың өмірден өткеніне 10 жылына байланысты жазылған: «Орыста бірінші жазушы — Ломоносов бір балықшының баласы. Онан кейін сан жүйріктер шығып жатыр, сонда да орыс әдебиетінің тарихында бірінші орын, бас бəйге Ломоносовқа арнаулы. Біз де Абайға сол көзбен қарарға керекАбайдың есімін, сөзін өте құрметтеп, ұмытпастай басына белгі орнатып, құрметіне ізгі жайлар ашарға керек. Абай сынды ақынның қадірін білмеу — қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды. Себебі қазақтың басқа жұртпен үзеңгі қағысып, тең халық болып жасай алмауы — тарихы, әдебиеті жоқтығынан. Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Тарихы, әдебиеті жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады» [5; 192].

Осы мақалада М.Дулатұлы Алаш әдебиеттануының əдебиет не үшін қажет деген басты ұстанымын соқырға таяқ ұстатқандай былай анықтап берген: «Қай жұртта болса да оның жаны — əдебиет, жансыз тəн жасамақ емес. Қайдан өрбігенін, қайдан өскенін, ата бабалары кім болғанын, не істегенін білмеген жұртқа бұл талас-тартыс, тар заманда арнаулы орын жоқ. Сондықтан Абайдың аты жоғалуы, мұнан кейін шығатын Абайлар сондай ескерусіз ұмытылу ықтималы қазақтың жоғалуымен, қазақ атты халықтың жоғалуымен бірдей».

М.Дулатұлы мақала соңында Ә.Бөкейханның тұңғыш мақаласын атап өтіп, «1909 ж Абайдың балалары Һәм інілерінің разылығымен, Һәм Əлиханньщ ыждаһатымен» Абай кітабы Петербургте Бораганский баспаханасынан шыққанын мәлім етіп: бұл бірінші баспасы деп аталған [6; 73, 74].

Райымжан Мәрсекұлының 1915 жылы Семейдегі əдебиет кешінде сөйлеген сөзі «Қазақта» «Қазақ әдебиеті жайынан» деп жарияланған (Қазақ, 1915, саны 112-113). Петербор университеті заңгер түлегі Р.Мәрсекұлы əдебиет туралы: «Халықтың ойлаған ойын, пікірін білдіретін, мұңын, мұқтажын көрсететін — осы əдебиет. Бұл жұрттың айнасы» [6; 76].

Р.Мəрсек⅛лы осы ретте Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Қаражігіт билердің сөздері — «халық даналығы мен тұрмыс тіршілік көрінісі деген». Ресейге қарағаннан бастап Абайға дейінгі кезең — бұл күрес заманы деп анықтаған: діни сарын мен шығыстық сюжеттердің басым болған кезі. Р.Мəрсекеұлы ұлттық əдебиеттщ тығырыққа тірелуі — қазақтың өз еркінен айырылып, отаршылдық саясаттың күшейе түсуінде деп санаған. Осы тығырықтан қазақ əдебиетíн алып шыққан Абай екені осы ретте нақты аналитикалық талдау арқылы анықталған: «Абай жаңа әдебиеттің көшбасшысы. Қазақ әдебиетін көркейтіп, түрлендіріп, сөз қадірі кетіп бара жатқан уақытта сыртына өң беріп, ішіне жан кіргізіп, сөз қадірін танытқан осы Абай болды» [6; 77]. «Абай бұрын қазақта жоқ уәзіндерді (қалауларды) білгізді, неше түрлі мақаммен таныстырды, сөздерін, ойларын жұртқа мирас қылып қалдырды. Абайдың һәм Алтынсариннің өлеңдері қазақтан шыққан жас ақындарға үлгі болды» дей келіп, «Өлең — сөздің патшасы» мен Ыбырайдың «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері талданған.

Жүсіпбек Аймауытұлының өтінішімен əдеби мұраны жинастырып саралауға тапсырма алған М. Жүсіп Көпей «Қара мес», «Қара кітап» қолжазбаларында қазақ поэзиясы туралы құнды мағлұматтар бергені белгілі. Абайдың афоризмдері — нақыл сөздерін тұңғыш рет арнайы қарастырған М.Ж. Көпей болды. М.Ж. Көпей «Дала уалаяты» газетінде Абайдың ғұламалығын мойындап Абайды өз атымен Ыбыраһим деп атау жөн деп санаған: «Ақынды айт Ақмолда мен Ыбырайды, Үлгісін өнер-білім жұртқа жайды». Ақынның «Адам бір боқ көтерген боқтың қабы» өлеңін сөз етіп: «Соңғы ел білімдарлары — бұл адамды адам санына кіргізбей жүрген қарындағы бір қап «жұмбақ» екенін білді де, ішіп-жемекті аз қылды. Аз жеуді, аз ұйықтауды, аз сөйлеуді мұрат тұтты» [7]. Бұл хакім Абайдың асыл сөзіндегі рухани кодтың əр кезде қажет болуын түсіндірген тұңғыш анықтау болды. Сонау Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінен» келе жатқан Асыл сөз — Ақыл сөзді Абай өз заманына сай дамытқанын — асыл сөздің басты рухани этикалық ғибратты коды осылай сақталғанын М.Ж. Көпей айқындап берген.

«Əдебиет танытқышта» Ахмет Байтұрсынұлы анықтағандай: маңайымыздағы заттық əлем адамның жан сақтау мен жан қоштау қажетіне қызмет етеді. Сөз өнері адамның жан қоштауына тікелей ықпал ететіні осы ретте айтылған. Ұлы далада асыл сөз — ақыл сөзі болған — адамның жанына қажетті сөзді айта білу — асыл сөздің басты шарты делінген.

Осы орайда 20 ғасыр басында «Айқап» журналында қазақ тілі тазалығын сақтау мен қазақ поэзиясының ескі жəне жаңа өлеңі туралы пікірлер орын алған. Сұлтанмахмұт Торайғырұлының «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» (1913) мақаласында қазақ поэзиясының келбеті мен дамуы сөз етілген. Ақын осы ретте «Бұрыңғы Зарқұмдарды құмға көміп, Сал-салдарын суға лақтырып, пері қыздарын аспанға ұшырып, ақырында ескі достарына қош айтыса бастаған қазақ өлеңі киесінен айырылып қалмаса екен» дейді. Әдебиетші сол кездегі «Əдебиет өрнегі», «Ахырет» өлең жинақтарын сынап: «Қайда қиысқан назым? Қайда көңілге, тілге ұнау, теп-тегіс өрескелсіз өлең? Өлеңнің мағыналы, көркем болуымен қатар, оның заманға сай қажетті тақырыптар мен жаңа ойларды

жырлауын, оның анық ақсүйек, аты жоғалмайтын өлең, өнер» деген шартқа сай болуын алға тартқан. С.Торайғырұлы осы ретте Абайдан үлгі өнеге алуды ұсынады. Жаңа поэзия Абайдан басталғаны осы ретте меңзелген: «Басқаларға қарағанда Пайғамбардың жүрегінен құйылған Құрандай, соқыр кісі сыбдырынан танырлық аққұла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері сияқты». Осы қатарға СТ Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» соңдарынан айтқандары секілді деп М.Дулатұлының «Азаматтың», «Қайтер едің», «Шағым» деп өз басына түскендерін айтуы секілді деп мысалы Абайша: «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас»... Ахмет

Байтұрсынұлының «Бәленің түрін көрген мен Сары маса», М.Дулатұлының «Бəйге алмас болғанымен жүйрік шаппай» деген өлеңдерін салыстырып талдап шыққан. СТ нағыз асыл сөз бен жалғанды осылай ажыратып берген. Абай сөзінің нəрíн, мағыналығын жалғастырған Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлылардың лирикасы екенін осылай тұңғыш рет айқындап берген СТ екенін есте сақтау керек. СТ «Өлең Һәм оны айтушылар» мақаласында да жаңаның дұрысы мен бұрысы бар деп көркемдіктің шарттарын Абай, Ахмет, Міржақып өлеңдерімен танытады: «Шағатай тілі 20 ғасыр басындағы əдеби тілге жат болса, хикаят болса да тілі қазақша, рухы қазақы дейді». Сондықтан СТ «Пайғамбардың жүрегінен құйылған Құрандай аққұла ашық жолды Абай үлгісінде» деп нұсқайды. Абай дәстүрінің жалғасын СТ Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысалы» мен Міржақыптың «Қайтер едің?», «Шағым» өлеңдерінен анықтап былай түйіндеген: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жат тоқып ал көңілге. Сөз мәнісін білмесең, Өлең оқып не керек? Не айтқанын сезбесең, Жарапазан не беред?»

Алаш ақыны Мағжан Жұмабай Абайды танытуға қатысты өлеңінде ұлттық код — Хакім Абай деген түсінікті былай деп нақтылаған: Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанды, Дүние қолын жайып енді күтпес. («Атақты ақын сөзі алтын — Хакім Абайға». Шолпан журналы. 1912). Алаш Абайтануының басты ұстанымы тағы бір рет осылай айқындалған.

Алаш Абайтануының келесі теориялық негізі Ж.Аймауытұлы мен М.Əуезовтщ «Екеу» деген псевдониммен шыққан «Абайдың өнері һәм қызметі» /1918. Саны 2/ атты «Абай» журналында шыққан мақаласында келесі ретпен нақтыланған: 1. «... Тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық аждаханы өртеуге Құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды... Абайдың ең бір артық өзгешілдігі — заманның ыңғайына жүрмей, үлгілі жерден өрнек алып келген кісідей ашық көзбен қарап, қылт еткенді көретін қырағыдай сыншылдығы». Əдебиетшíлер Абайдың ақындық дискурсының 8 қырын анықтап берген: мінез түзететіндік /ахлақ/, тереңнен толғайтындық /пəлсапа/, сыншылдық /критика/, суретшілдік /художественность/, жүректің мұң- зарын, сырын тапқыштық /лирика/, ащы тілдік, ызалықпен күлетіндік /сатира/, һәм керемет переводшиктік.

Бұл дискурстық ерекшеліктер мақалада нақты талдаулар арқылы анықталған. Басты тіл ерекшелігі Ахмет Байтұрсынұлынша берілген: «Абайдың тіл жағына келсек, тілі ұғымды; қысқа, аз сөзге көп мағына сыйғызғыш». Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырған мектебі туралы тұңғыш ғылыми пікір де осы «Екеудің» «Абайдан соңғы ақындар» атты мақалада нақтыланған /Абай журналы 1918,15 саны/: 1. «Сезімге əсер берерлік суретті өлеңдер Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмұт пен Ахмет Мәметовтікі. Бұлар сыршыл — лирик ақындар делінген. 2. Ахмет Байтұрсынұлы, Сəбит Дөнентаев, Шәһкерім, Бекет Өтетілеуов. Бұлар халықшыл /народник/ ақындар. 3. Ескі өлең, жыр, тақпақтарына еліктеп, құбажондатып келетін Ғұмар Қараш». Абайдың ақындық мектебі туралы тұңғыш мағлұмат осы ретте берілгенін ескеру керек [6, 30–55].

Зерттеу нәтижелері

Ілияс Жансүгіров «Абайдың сөз өрнегі» (Əдебиет майданы, 1934, № 11) мақаласында Алаш Абайтануының негізгі теориясын ұстанып Абайды феодалшыл деп жоққа шығарған совет белсенділерінен ақынның поэзиясы, Қара сөзі мен аудармаларының мәңгілік көркемдік құндылығын қорғап шыққан. І.Жансүгіров 1933 жылы шыққан Абай шығармалар жинағына жазған алғысөзінде тұңғыш рет Абай текстологиясына қатысты ғылыми негізді түсініктемелер берген. Баспадан кеткен қателіктер деп І.Жансүгіров аса маңызды 21 ғылыми түсінік ескертпе жасап, Абайды Пушкин, Толстой, Шекспир, Фирдоуси, Гете, Гейнелермен бір қатарға қойып қарастырған. Абайдың ақындық дискурсы осы ретте жаңа контексте анықталған. Бұл туралы мағлұматты талдау «Алаш əдебиеттануы» монографиямыздың «Ілияс Жансүгіров» атты тарауында толық берілген [6; 343–365].

Құдайбсргсн Жұбанов «Абай — қазақ әдебиетінің классигі» («Өдсбист майданы», 1934,11-12) зерттеуінде совет кезіндегі Абайтануды дамытқан. Алаш ғалымдарының еңбектеріне тыйым салынған ксздс Қ.Жұбанов Абайды əлем əдсбистíндсгí мойындалған классиктердің қатарына қойып оның мұрасын əлемдíк контексте қорғап шыққан. ҚЖ Абайдың ренессанстық мұрасын М.Лютердің /16 ғ./ неміс тілі мен мәдснистінс танытқан реформасымен салыстырып былай деген: «Ол кезде таза қазақ тілімен жазып, ол жазғанын классикалық əдебиет деңгейінде шығарған адам болған жоқ. Абай — өз ортасының Данте сияқты адамы». Зерттеудің «Еленбеген ерекшілік», «Абай жəне шағатай əдсбистí», «Абай жəнс халық əдсбистí» тарауларында Абайдың мұрасы ксң көлсмді тарихи контскстс қарастырылған: «Абайдың арқасында 19 ғ. қазақ әдебиеті өзінің атам заманғы азалы ақ көрпесін сілке тастап, Европаның классикалық әдебиетінің қалыбына түседі, сөйте тұра қазақ әдебиеті болушылығын да бұзбайды» /ҚЖұбанов. Абай — қазақ әдебиетінің классигі/ [6, 365-369].

М.О. Өуезовтің 1925, 1927 жж. жарыққа шыққан «Өдебиет тарихы» монографиясының соңғы сөздсрі: «Қазақ әдебиетінің тарихы зар заман дәуірінен соң Абайға келіп тіреледі. Сол себептен енді Абайға көшеміз» делінген. М.О. Өуезовтің Абайға көшуі соцреалистік совет кезінде іске асты. Өзі ұстаз деп санаған Алаш Абайтанушылардың есімдерін атай алмаған советтік заманда Мұхтар Өусзов бар саналы ғұмырын қолдан кслгсншс Алаш əдсбисттануыньщ басты қағидаларын танытуды ғалымдық парыз деп санады. Абайтанушы Өуезов өзі қатаң цензураға ұшырап жүрген совет заманында басын қатерге тігіп Абайтанулық зерттеулерімен қатар Қайым Мұхаммедхан сияқты шəкíрттí шынықтырып «Абайдың мсктсбі — ақындық айналасы» дсгсн диссертация қорғатты: бұл сонау 1918 жылы Ж.Аймауытұлы екеуі шығарған жоғарыда аталған мақаланың жалғасы болды.

А.Байтұрсынұлының «Өдсбист танытқышындағы» қазақ эдсбистінің дəуíрлсу ксзсңдсрін М.Өуезов «Өдебиет тарихы» зерттеуінде нақтылап шықты. Алаш жолы — Қазақ жолы деген концептке тыйым салынған кезде Өуезов «Абай жолы» эпопеясын жазу арқылы Алаштың аманатын орындауға бүкіл ғұмырын бағыштап, бұл істі абыроймен атқарып, соцреализм құрсауындағы қатаң цензуралық кезеңді Абайды танытумен атқарды. А.Байтұрсынұлының «Өдебиет танытқыш» пен «Қазақтың бас ақыны» зерттеуіндегі əдебиет теориясын М.Өуезов «Өдебиет тарихы» мен соцрсалистік қиын ксзсңдс жазылған абайтанулық сңбсктсрімсн дамытып əксттí. «Абай жолы» романын да осы басты концепты орнықтыру үшін жазғанын есте сақтауымыз қажет. Өдебиетші жазушының əр сөзін бақылап отырған цензуралық соцреалистік кезде М.Өуезов Алаш аманатын — қазақ эдсбистінің тарихы мсн тсориясының нсгізін ұлттық əдсбисттíц Тсмірқазығы (М.Дулатұы айтқандай!) — Абайды таныту арқылы толық қалыптастырып берді [6; 369, 416].

Қазіргі Абайтану Алаш кезеңін басты етіп ұстанған кезде ғана заманауи сұранысына сай жаңаша дамуы мүмкін екенін есте сақтауымыз қажет.

 

Өдебиеттер тізімі

  1. Бөкейхан Ө. Таңдамалы: монографиялар, мақалалары, сөздері, баяндамалары, аудармалары, хаттары / Ө. Бөкейхан.Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. — 475 б.
  2. Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев. Некролог / A. Букейханов // Семипалатинский листок. — 25-27.11.1905.№ 250-252. — Семипалатинск, 1905 — C. 2, 3.
  3. Байтұрсынұлы А. Қазақтың бас ақыны (Басы 39 һәм 40-ыншы нөмірлерінде). — Орынбор: Қазақ, 1913.22.12, № 43.Б. 2-3.
  4. Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы Т. І. / A. Байтұрсынұлы. — Алматы: Ел-шежіре, — 2013. —384 б.
  5. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы / М. Дулатұлы. — Алматы: Мектеп, 2003. — 394 б.
  6. Ісімақова А. Алаш əдебиеттануы / А. Ісімақова. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. — 480 б.
  7. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. — Т. 4 / Ж. Аймауытов. — Алматы: Ғылым, 1998. — 448 б.
Жыл: 2020
Категория: Филология