Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алашорда үкіметі мен Алаш ардагерлері ұлт тілінің мәселелері жайлы

Мақалада ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ жерінде саяси құрылым болған Алашорда мемлекеті мен оған қызмет еткен Алаш ардагерлерінің қазақ тілі жайындағы теориялық, әдістемелік және тәжірибелік еңбектері талданған. Авторлар талдау барысында ардагерлердің ұлттық тілдің көркем әдебиет, публицистикалық және ауызекі сөйлеу тілі ғана емес, ресми және іс қағаздары, ғылыми-педагогикалық стильдерде белсенді қызмет атқарып, толық қанды әдеби тіл деңгейінде қалыптасып дамуы мәселелерін көтеріп қана қойған жоқ, оны өздері тікелей іске асырғандығы олардың еңбектері негізінде дәйектей баяндайды. Мақала авторлары ізденіс нәтижесінде қазақ тілінің қазіргі ұғымдағы «мемлекеттік тіл» мәртебесінің негізін Алашорда қайраткерлері қалаған деген тұжырымға келген.

Кіріспе

«Алаш» ұғымының ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси-мәдени мән-мағынасы кең болды. Алаш ұлттық мүддені іске асыруда әуелде пікірлестердің қозғалысы, саяси одағы және мемлекеттік құрылым ретінде автономия болса, осы қоғамдық іс-әрекеттерді ұйымдастыратын «Алашорда» деген мемлекеттік билік, басқару органына айналды. Сан салалы Алашорда үкіметін ұйымдастырушылар мен оған белсене ат салысқан қайраткерлердің басты мәселесінің бірі қазақ тілін толық әдеби тілге, мемлекеттік қарым-қатынас құралына айналдыру болатын. Біз ол қайраткерлердің барлығына емес, тек қана М.Дулатов пен С.Сәдуақасовтың пікірлері мен көзқарастарына тоқталамыз.

Зерттеу мәліметтері

Қазақ тілінің ірілі-ұсақты сауалдары жайлы Алашорда үкіметінің ресми құжаттары мен Алаш ардагерлерінің ауызша-жазбаша сөздерінде қызу талқыланып, тиесілі шешімдер қабылданып, іс жүзіне асырылып отырды. Алдымен Алашорда үкіметінің ресми жиындары мен құжаттарында сөз болған мәселелерге тоқталайық. Қазақ тілінің қадір-қасиетін арттыруда Алашорда мен Алаш партиясы орасан еңбек етті. Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі, Алаш партиясы және Алаш автономиясының құрылуы тарихи қажеттілік болды. Оған Е.Омаров пен Ə.Бөкейхановтардың сөздерін ғана тілге тиек етсек те жеткілікті. Алашорданың Қостанай уезінің комиссары Елдос Омаров Бүкілроссиялық құрылтай жиналысының 1918 жылғы 5 қаңтардағы қаулысына сәйкес Қостанай уезі шаруаларына үндеуінде құрылтай жиналыс Россияны федеративтік демократиялық республика деп жариялап, халықтардың өзін-өзі билеуіне (автономияға) право бергендігін баяндады. Бұдан әрі үндеуде 1917 жылғы ақпан революциясын Петроград жұмысшылары, 1917 жылғы Қазан революциясы большевиктер төңкерісі екені, оған Петроград жұмысшылары мен 4 жылдық соғыстан шаршаған солдаттар қосылды, бұл революция мен төңкеріске халық қатыспай-ақ жаңа өкіметті үнсіз ғана мойындады дей келіп, Россия масқара болып Брест келісімшартына қол қойды, халық онда да қалғыған күйі қалды. Бұдан шығар қорытынды — Россия халықтары мүлгіген ұйқыда, халық өз Отанының тағдырын шешуге қатыспай, қатыса алмай отыр деген сөз. Ендігі міндет халықтарды өз автономиялы мемлекеттерін құруға, сол арқылы Россия мемлекетін қайта нығайтуға, қатысу екенін, ол үшін Қостанай уезі Алаш автономиясына қосылып, Алашорда мен бүкілроссиялық үкіметтердің өкіметін мойындайтынын жария етеді [1;107]. Ал 1919 жылы 11 ақпанда Əлихан Бөкейханов, бөкейлік Уәлихан Танашев, омскілік Айдархан Тұрлыбаевтар Ішкі істер министрі П.Ф.Коропачинскиймен қазақ халқының мемлекеттік құрылымы жөніндегі ведомство аралық алдын ала жасалған мəжíлíске қатысады. Ə.Бөкейхановтан ең алдымен Алашорда үкіметінің пайда болуы тарихын баяндауын сұрайды. Сондағы Əлекеңнің берген жауабының мазмұны: қазақ халқының шын мағынасында өзін-өзі билеуге көшуінің негізі революциялар кезіндегі облыстық қазақ съездерінде алынған болатын. Бүкілроссиялық құрылтай жиналыстың болу мерзімі кейінге қалдырыла берді. Россияны күтпеген оқиғалар жайлап алды. Өкіметті большевиктер басып алғаннан-ақ елде анархияның басталғаны белгілі болды. Сондықтан біз 1917 жылдың желтоқсанында ІІ жалпы қазақ съезіне жиналып, елімізде анархияны болдырмауға, жерімізде большевизмнің таралуына жол бермеуге қаулы қабылдадық. 1918 жылдың маусымында Сібірдегі большевизм билігі құлап, орнына Сібір уақытша үкіметті құрылды. Бұдан кейін Уфадағы мәжілісте директория ұйымдастырылды. Директорияның жеке-дара облыстық үкіметтер өз қызметтерін тоқтатсын деген жарлығына саяси жағдайды түсінгендіктен бағынып, 1918 жылғы 4 қарашадағы жарлықтан соң қол қусырып бос отырмыз [1;138–139] дейді. Демек, Алашорда үкіметі жік-жік болып атысып-шабысқан Россиядағы нәубеттің қазақ еліне жайылмауы, өз жолдарымен тарихи сәттілікті пайдаланып, тәуелсіз мемлекет болуға талпынғандығын танытады.

Негізгі бөлім

Алашорда үкіметі мен Алаш партиясы жəне автономиясы аласапыран заманда да қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік функциясы, тіпті тарихи миссиясын іске асыруды күн тәртібінен еш түсірген жоқ. Ол үшін Алашорда үкіметінің мемлекеттік мәртебедегі тіл ретінде қызмет ету мәселесі 1917 жылы (2-8 сәуір) Орынборда, осы жылы 19-22 сәуірде Оралда, жазда 21-28 шілдеде тағы да Орынборда, 20–25 тамыз аралығында Ақтөбеде, Орынборда 5–13 желтоқсанында өткен қазақ съездерінің бастауыш білім, сот ісі, оқу-ағарту, баспа, діни істеріне қатысты қаулыларында, Алашорда үкіметі, Алаш партиясының «Қазақ» газетінің 1917 жылдың 21 қарашасында жарияланған Бағдарламасының 5, 9-параграфтарында мəселе ретінде қойылып, іске асырыла бастады. Бірінші съезде бастауыш мектеп жөнінде ұлдар мен қыздар бірге оқып, алғашқы 3 жылда ана тілінде оқу керек десе, үшінші, төртінші съездерде екі жыл болсын деген де шешімге келеді. Сот процесі жəне істер қазақ тілінде жүргізіліп, қазақ балаларының білім алуы үшін мектептен бастап университеттерге дейін ашылуы керек екенін мақсат етеді. Қазақ тілінде газет-журнал, кітаптар мен оқулықтар жасалып, жазу тәртібі «Қазақ» газетінің ережелерін басшылыққа алып, баспаханаларды қазақша шрифтермен қамтамасыз ету керек екенін нақты адамдарға міндеттейді. Алашорданың 1917 жылғы желтоқсанында болған жалпы қазақтың съезінде М.Дулатовтың қазақта медресе мен мектептің, молда мен мұғалімнің тапшылығын, оқулықтың жоқтығын көтерген баяндамасы бойынша бастауыш жəне орта қазақ мектептері үшін оқулық жазу жөнінде 5 адамнан тұратын комиссия құрылды. Комиссияға оқулық құрастырумен бірге: 1) ұлттық мектеп бағдарламасы, 2) мұғалімдерге арналған нұсқаулар, 3) бала тәрбиесіне қатысты кітаптар, 4) қазақ мектептеріндегі халық ағарту ісінің ережесін белгілеу, 5) қазақ тілінің жазу тәртібін түзу, 6) халыққа пайдалы деген кітап-кітапшаларды қазақ тіліне аудару сияқты міндеттерді жүктейді. Бұл істі 1918 жылдан бастап, комиссия ісінің барысын газет бетінде жариялап отыруға қаулы қабылдайды.

Алаш партиясының Бағдарламасының 5-параграфы сот ісіне арналып, «соттар жергілікті тілді білуге тиісті. Əр түрлі ұлттар аралас жерлердегі жауап алу мен сот шешімі саны жағынан басым ұлттың тілінде болуы керек. … Ал қазақтар көп жердегі іс қарау қазақ тілінде жүргізіліп, заседательдер қазақ болуы керек» [1; 89] дейді. Жергілікті халықтың табиғи да заңды қызметіне тұсау салу 1918 жылғы 4 қарашада (Омбыда) Бүкілроссиялық уақытша үкіметі Алашордаға арналған Жарлығында бұл үкіметтің таратылып, барлық мемлекеттік басқармаларының бір Министрлер кеңесіне бағынатынын жариялаудан басталады. Осы жарлықтың негізінде «Сібірдегі ұлттар автономиясының шекаралары жөніндегі негізгі ережелер» деген қаулы қабылдайды. Қаулының 4- тарауының 1-тармағында жекелеген ұлттарға: «Бастауыш оқу орнынан бастап жоғары оқу орындарына дейін ұйымдастыруға мүмкіндік беріліп, оларда жергілікті тілмен қатар арнайы оқылатын пән ретінде орыс тіліне де жеткілікті орын берілуі тиіс [1;135] делінсе, 3-тармағында: «Халықтың 50 %-ті жергілікті тілде сөйлесетін ауылдық, қалалық басқару орындарында және іс қағаздарын жүргізуде де орыс тілі жергілікті тілмен тең дәрежеде қолданылады» [1; 136], «жергілікті басқару органдары мен соттары мемлекеттік мекемелермен орыс тілінде қатынас жасайды» [1; 136], ал 7-тарауында: «Жергілікті тілмен сөйлеушілер саны 50 %-тен аз жерлерде елге қолайлы болу үшін лауазым иелері мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мүмкіндігінше жергілікті тілді жеткілікті дәрежеде білетін адамдардан тағайындалады» [1; 136] деген солқылдақ сөздермен мәймөңкелейді. Ерекшеленген тұстардың мазмұны уақытша ғана ғұмыр кешкен «уақытша үкіметтің» орыс тілін қазақ еліне ұлы орыстық шовинизм пиғылымен таңа түсуінің кеселді де кесапатты жалғасы болды.

Алаш қайраткері М.Дулатов 1912-1926 жылдары қазақ тілінің түрлі мəселелерíн қозғаған «Жазу тəртíбí» (1912), «Мұғалімдерге», «Манап» драмасы (1914), «Тіл құрал» (1915), «А.Байтұрсынов» (1922), «Қазақ-қырғыз білімпаздарының І съезінде сөйлеген сөзі» (1924), «Қазақ тілін жүргізетін комиссияның құлағына алтын сырға» (1925), «Қазақ тілінің мұңы» (1926) деген мақалаларында сауалдардың бəрí А.Байтұрсынұлымен байланыстырыла баяндалған. «Жазу тəртíбí» [2; 223–226] — Ш.Жияшевтің «Бірге қозғалайық!» атты мақаласына қарсы жазылған мақала. Мұнда М. Дулатов А.Байтұрсынұлына жақтастықтың жөнімен емес, өзіндік пікірлерімен ой тастайды. А.Байтұрсыновтың қазақ тілінде неше дыбыс болса, сонша əрíп белгілегенін, сөйтіп артық əрíптердí кемітіп, қазақша оқуды оңайлатқаны; не айтылса, соның жазылуы керек екенін ұстанғанын айта келіп, қазақ əлíппесíне Ф жəне Х əрíптерí де кірсе екен деген ұсыныс білдіреді. Ш.Жияшевқа «кемшілігімізді көрмей, қатемізді түземей, құр «біз де түркі баласымыз» деп атаның əруағына сүйенумен қазіргі өнер-білімнің қызу заманында бəйгеге қосыла аламыз ба?» [2; 222-225] деген сауалмен жауап береді. «Мұғалімдерге» — 1914 жылы «Қирағат» кітабына жазылған алғы сөз. Бұл кітаптың негізгі мақсаты — «өзі білу мен өзгелерге білдіру екі басқа. Білгенін кісіге білдіру, яғни балаларды оқыту — өз алдына бір ғылым. Ғылым — педагогика» [2; 238], демек, қирағат — баяндап оқыту əдíсí деген сөз. Көркем шығарманы құр саулатып оқыта бермей, оқығанын есте сақтауға, мағына-қасиетін ұғынуға, ойлануға үйрету керек екенін, бұл ретте келтірілген жазу тəртíбí негізіндегі ана тілінде оқытудың басты мақсаты екенін түсіндіреді. «Манап» драмасы» атты мақаласында «Айқап» журналының, біріншіден, бұл драма аудармасын жариялау арқылы «қазақ тілін түзетіп сақтау» мақсатынан ауытқығанын, екіншіден, Алматы уезінің начальнигі Лиханов шығарған драмада қазақ тіршілігінің сорақы, арсыз түрде бұрмаланғаны, аудармасының тіпті сын көтермейтінін, үшіншіден, «əдебиет өрнегі болғандай» журнал алқасына қазақ тілі мен қазақ туралы жазылған материалдарға талғампаздықпен қарауы қажет деген талап қояды. «Тіл құралы» атты мақаласында А.Байтұрсынұлының «Тіл — құрал» оқулығы қазақ тілінің жалпы қағидаларына сүйеніп, жүйелі тəртíппен баяндалғанын, Ш.Жияшевтің Ахаң дауысты, дауыссыз деп бөлген дыбыстарын оның барлығы жарты дауысты деп «ешуақытта естілмеген жаңа хабар» жеткізіп отырғанын айта келіп, Бұқара, Мекке, Мəдине, Стамбулда оқып қайтқандардың арабшылап, сартшылап, ноғайшылап қайтып жүргенін, олардың шəкíрт тіліне кері əсер етіп жүргенін; тіпті өзінің «Оян, қазақты» жазып жүргенде əлгí «əдеби тілдерді» көбірек кіргізгенін, Абайды, Ахметтің «Қырық мысалын» оқып өзінен-өзі ұялғанын, адасып жүргенін; сол кезеңдегі шын қазақша жазып, «тіл мəселесíн қолына ала туған» «Қазақ» газеті екенін сөз етеді. М.Дулатовтың Е.Омаровпен бірігіп жазған «А.Б.Байтурсунов» атты орысша мақаласы (1922) — ұлы ғалым жөніндегі ең алғашқы биографиялық очерк. Очеркте Ахаңның өмірлік кредосы «Қазақ» газетінің алғашқы санындағы бағдарламалық мақаласында өз тəуелсɪздɪгɪмɪздɪ сақтау үшін бар күшімізді біріктіріп, білім мен мəдениетке жетуге ұмтылуымыз керек; бұл үшін алдымен ана тіліміздегі əдебиеттí дамытуымыз қажет болғанын ерекше атап өтеді. «Қазақ тілін жүргізетін комиссияға …», «Қазақ тілінің мұңы» атты мақалаларында мемлекеттік тіл қазақ тілін жүзеге асыруға тиісті орындардың жеткілікті көңіл бөлмей отырғандығын жəне іс қағаздарының, əсíресе аударма іс қағаздарының қазақ тілінде дұрыс жүргізілмейтінін сынайды.

Алаштың келесі бір ардагері — Смағұл Сəдуақасұлы. Оның «Нужды аула (очерки киргизской жизни)» атты мақаласы 1919 жылы «Трудовая Сибирь» (Омбы) журналының екі санында жарық көрген. Мақалада халық ағарту мəселесíн көтеріп, қазақ ауылына ең керегі ағарту ісі екенін, əлемнщ білімді, өркениетті халықтары көп ғасырлық еңбектерінің жемісін жинап жатса, қазақ əлí оның тұқымын да сепкен жоқ деп өкіне əнг¡ме бастайды. Қазақ сауатты кездейсоқ, яғни бірі əкесíнен, бірі танысынан, енді бірі кездейсоқ алды, ал жүйелі сауаттанудың мектеп жəне медресе деген екі түрі болды дейді. Қысқасы, мектеп — діни білімнің бастамасы, ал медресе жоғары түрі болғанын айта келіп, бұл оқу орындарындағы оқыту жүйесі, оқыту əдíсí, оқыту құрылымын талдап, оның пайдалы тұстары мен кемшін жағдайларын ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы білім беру мен ағартушылық істе қайталамаудың жолдарын ұсынады. Араб əлíппесíмен оқытуда қадым (ескі) жəне жадид əдíстерí қолданылатынын, олардың өзіндік ерекшеліктерін түптеп түсіндіреді. Қадым əдíсí бойынша жазуда таңбалардың бүтін бір буындарды белгілейтіні, арабтың тіл дыбыстарының көбіне қазақтың сөйлеу тілінде кездеспейді, дауысты дыбыстар мүлдем жазылмайды да, дауыссыз дыбыстардан құрылып жазылған сөздер дыбысталуымен не нобайлап оқылатынын ескертеді. Мұндай оқу мен жазудың қиындығынан 5-6 жыл оқыған қазақтың оқи да, жаза да алмайтындары жиі кездесетініне қынжылады. Қадымша оқытудың қиындауының екінші бір себебі оқытылатын түрікше жəне арабша кітаптар болған. Қадымша оқытуды қолдаушылар кез келген зайырлы ғылым саласын мектеп пен медреседе оқыту мүсылмандыққа қарсы бағыт болып есептелді де, жадидті жақтаушыларды жау санады. Смағүл Сәдуақасүлының сөз түйінінде Ресей мүсылмандарының білім беруде артта қалуының, мешеулігінің басты кесірі — кадым фанатизмі дейді [3, 8]. Жаңа, озық бағыт үстанушы жадидшілер шамамен ХХ ғасырдың 1905 жылы кезінде пайда бола бастады. Әрине, оларды əуелде қүшақ жая қарсы алған жоқ. Бірақ олардың озық әдісі, елді сауаттандыру мен білімдендірудегі нәтижесі ағартушылық жүйеде белең алуына негіз болды. Смағүл Сәдуақасүлы жадид әдесінің бірнеше маңызын, яғни сауат ашу мен білім беруде оқытудың дыбыстық әдісі қолданылғанын, зайырлы ғылым салалары (арифметика, география, жаратылыстану жəне т.б.) оқытылғанын атап өтеді. Жадид жолының қазақ елінде, басқа да түркі халықтарында дамуын «Қазақ арасында бастауыш білім ісінің табысты өрлеуі А.Байтүрсыновтың грамматикасының жарыққа шығуымен байланысты» [3; 8] дейді. Бүдан дыбыстық жазудың буындық жазудан гөрі прогрессивті рөлін бағамдауға болады. «Қазақстанда халық ағарту мәселелері» атты еңбегінің негізгі мазмүны 1927 жылы Қазақстан мүғалімдерінің І съезінде баяндама ретінде оқылса, біраз бөлігі осы жылы «Жаңа мектеп» журналында жарияланған. 1927 жылы кітапша болып та шыққан. Осы баяндаманың 7-тараушасы «Оқу қүралдары жəне тіл туралы» деп аталады. Бүл тараушада орта, орта арнаулы жəне жоғары оқу орындарында қазақ тіліндегі оқулықтардың тапшы болып отырғанын, оларды жазатын адамдар мен мамандардың аз жəне тапшы болуымен түсіндіре келіп, «Ылға оқу кітаптарын жазуға ғана жалғыз Байтүрсынүлы. Басқа адамымыз жоқ» [2; 140] дейді. «Оқу кітаптарын жазу үшін қүр хат танитын болу жетпейді, жазушы оқыту ғылымына жетік болуы керек. Балалардың психологиясын білу керек, жалпы алғанда оқымысты болу керек. Әйтпегенде пайда орнына зиян шығаруы мүмкін. Адамды бүзып бітіргеннен де, оған еш нәрсені оқытпағанның өзі артық» [3; 140-141] деген топшылау бүгінгі күннің мәселелерімен қандай үндес!

Баяндамада Смағүл Сәдуақасүлының Халық ағарту комиссары ретінде қойған келесі талабы — қазақ мектептерінде үлттық-оқу кітапханаларының негізін қүру. Комиссардың бүгінгі күнмен идеялас бір ойы комплекс әдісімен оқытудың негізі аймақтану екенін ерекше ескерте келіп, «орыс оқытушыларының міндеті Мәскеудің жіберген кітабын ғана оқытып қана қанағат қылмай, өздері де жазуға кірісіп, кеңесті Қазақстан еліне көзін салып қарауы керек. Біздің Кеңестер одағынан өзгешелігіміз қазақ болғандығымыз ғана емес, орыс болсын, қазақ болсын — жалпы Қазақстан болып біріккенде кейбір өзгешелігіміз бар» [3; 141-142]; «Біздің Қазақстанда, меніңше, әрбір қазақ орысша керек те, орыс қазақша білу керек» [2; 143] деген түжырымға келеді. Орта мектепте орыс тілін үйретуді енгізу мен орта арнаулы мектептерге орысша оқытуды қолдайтынын уақытша, амалдың жоқтығынан болып отырған шара екендігін түсіндіре келіп, өз ойын ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап жапон елінің білім мен ғылымды ағылшын тілінде игергендігі жөнінде айтып негіздейді. Әрине, Смағүл Сәдуақасүлының бүл уақытша шарасы тарихи қажеттілік болды, орта, орта арнаулы жəне жоғары оқу орындарына қазақ тілінде оқулықтар жазылып толық болмаса да іске асты. Жоғарыдағы Смағүл Сәдуақасүлының мақалалары, еңбектері жəне баяндамалардың мазмүны оның қазақ тілінің білім жəне ғылым тілі болуына, іске асуына тікелей ат салысқан қайраткерлігін көрсетеді. Смағүл Сздуақасүлының өзінен жасы үлкен еңбегі зор замандастарына өзінің əдíл де ашық бағасын беріп отырған. Соның жарқын бір көрінісі — үлт үстазы А. Байтүрсынүлы жайлы пікірлері. Смағүл Сздуақасов «Айқап» журналының негізін мүсылман мектебінің шəирттерр ал «Қазақ» газетін орыс мектебінің түлектері негіздегенін атап өте келе, «Огромную услугу киргизской литературе оказал А.Байтурсунов, редактор газеты «Қазақ». Он первый пионер в области создания чисто киргизского языка: составил первую киргизскую азбуку и грамматику (до этого киргизы пользовались арабской азбукой). Байтурсунов поэт-народник и духовный учитель молодежи. Он перевел почти все басни Крылова, снабдив каждую соответсвующими заключениями и приспособив к обличению беспечной жизни киргизов» деген баға береді [4; 224]. «А.Байтурсунов — ученый словесник; автор первой (пока что единственный) казахской грамматики, реформатор казахской письменности и редактор первой казахской газеты, вышедший в 1913 году. В настоящее время А.Байтурсунов занимается, исключительно, научной работой и пишет учебники» деген баға береді 1928 жылы Мəскеуде шыққан қазақ жазушыларының əнгǐмелер жинағының алғы сөзінде [5; 343]. Абайдан бастап «ақын» сөзінің бүрынғы мағынасы жоғалды. Енді ақын деп суырып салмаларды ғана емес, суырып салма ақын бола түра өлең жазатындарды «ақын» деп атайды деп келіп, Абайдың ХХ ғасыр басындағы алғашқы ізбасарлары пайда болды, оларға қазіргі А.Байтүрсынов, М.Дулатов, М.Жүмабаев жəне марқұм болған С.Торайғыров, Б.Күлеев, О.Қарашев жəне т.б. дейді. Бұлардың алғашқы екеуіне ерекше тоқталып өту керек. Олар кезінде қазақтың ұлттық көсемсөзші-жазушылар болғанына ерекше көңіл аударады.

Зерттеу нәтижелері

ХХ ғасыр басындағы аумалы-төкпелі заманда қазақ тілінің мэселесі екі тұрғыда қарастырылды. Олар: 1) Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі автономиялық мемлекеттік құрылым санатында тіліміздің мэртебесін мемлекеттік тіл деңгейінде сөз етсе, 2) Алаш ардагерлері осы бағытта еңбек ете отырып, тіліміздің эдеби тіл ретіндегі оның тазалығы, нормалары мен ережелері, емлесі мен эліппесі, лексикалық байлығы мен грамматикалық құрылымының негізгі категорияларын білім мен ғылым нысандарында талқылады, түйіндер жасады, жүйеледі. Түйіндей келгенде, қазақ лингвистикасының өз заманына сай талаптарын атқаруына жол салды.

 

Пайдаланылған əдебиеттер

  1. Алашорда. Сборник документов/ Сост. Н.Мартыненко. — Алматы: Айкап, 1992. — 190 с.
  2. Дулатов М., Омаров Е. А.Байтурсынов / М.Дулатов, Е.Омаров // Дулатов М. Шығармалары. — Алматы, 1991. — Б. 295–302.– 320 б.
  3. Сэдуақасұлы С. Екі томдық шығармалар жинағы. 2-ші том / Құрастырған Д. Қамзабекұлы. — Алматы: Алаш, 2003. — 360 б.
  4. Сэдуақасұлы С. Киргизская литература (историко-критическая литература): екí том. шығ. жин. // С. Сэдуақасұлы. – 1-т. – Алматы: Алаш, 2003. — Б. 240–247.
  5. Сэдуақасұлы С. Предисловие к сборнику рассказов «Молодой Казахстан»: екı том. шығ. жин. / С. Сэдуақасұлы. – 1т. — Алматы: Алаш, 2003. – Б. 342–345.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.