Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бовари ханым: тоғышарлық, əлде тағы əйел архетипі

Мақала ежелгі дәуірлерден көркем шығармаларға арқау болған əйел дакырыбы. əйел архетипі, әйелдің жағымды жəне жағымсыз бейнелері мəселесíне негізделген. Зерттеуде Г.Флобердің «Бовари ханым» романының бас қаһарманы жаңа қырынан қарастырылған, Бовари ханым туралы əр жылдары жазылған сын пікірлер салыстырыла талданған. Бұрынғы зерттеулерде бас кейіпкер тоғышарлық белгісі ретінде қарастырылса, берілген мақалада авторлар Бовари ханымның ішкі жандүниесіне үңіліп, психологиялық күйзеліс себептерін түсіндіруге тырысады, яғни Эмма образы «тағы» əйел архетипі тұрғысынан сараланған. Зерттеу барысында ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде салыстыру, жүйелеу əдíстерí қолданылған. Психоаналитик К.Г. Юнг ұсынған əйел архетипінің түрлері мен К. П. Эстестің «тағы əйел архетипі» туралы еңбегі басшылыққа алына отырып, Бовари ханым образы жаңа типте талданған. «Архетип» ұғымының негізін салушы К.Г. Юнгтің архетип туралы пікірлері жəне əйел архетипіне қатысты тұжырымдары зерттеудің теориялығын айқындай түседі. К. П. Эстестің еңбектерінен ғылыми дəйектемелер көркем шығармадағы үзінділермен салыстырыла отырып, бас кейіпкердің жандүниесіндегі өзгешеліктер, ауытқулар мен олардың себептерін анықтауға тырысқан.

Кіріспе

Əлем əдебиетíнде, жалпы, өнердің барлық саласында «əйел» тағдыры көне дəуíрлерден бері өзектілігін жойған емес. Оған дəлел, арғы дəуíрлердегí Хауа анадан бастап, Клеопатра, Моно Лиза, София, Мадонна, Тереза ана болса, қазақ халқында Ұмай ана мен Найман ана, Қыз Жібек пен Баян, Күнекей мен Бекторы, Мыстан мен Жалмауыз кемпір сияқты кейіпкерлер арқылы əйелдер образы жан-жақты танылып жатады.

Көне мифтерден бастау алған əйелдер бейнесі əлем əдебиетíнде негізінен екі түрлі формада өрбіген: бірі — əйелдщ «жағымды, жақсы» жақтарын сипаттайтын шығармаларда əйел — мейірбан ана, ақылшы, адал, сүйікті жар, тіршіліктің, игіліктің бастауы ретінде танылса, екіншісі — «жағымсыз» кейіпкерлер ретінде беріліп, əйел бейнесінің көлеңкелі тұстарын шығармаларға арқау ете білген. Мəселен, сайқал, екіжүзді, күтөһар, жеңіл жүрісті, яғни «адьюлтер» əйелдер, мейірімсіз ана, қайырымсыз жар образдарында көрінеді.

«Əйелдщ» күнәлі кейіпкер ретіндегі бейнесі Адам ата мен Хауана туралы аңыздардан бастау алса керек, яғни «күтөһар — күнәсін мойындау — кешірім» контекстінде өрбиді деген тұжырымдар бар. Бұл туралы Е.М. Мелетинскийдің «Əдеби архетиптер туралы» еңбегі негізінде Н.Н. Мельникова «ХІХ-ХХ ғасырдағы орыс əдебиетіндегі күтөһар əйел архетипі» атты зерттеуінде «күюһар əйел» архетипін: ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын образдар, ілкі образ өзегі негізге алынып, əр дəуíрде түрліше жаңғырып отыруы, архимəтíн ретінде көрінуі, мəдени канон ретінде ‹‹кунəìıар» əйел образын меңзеп, метатип түрінде берілуі мүмкін деген тұжырым жасайды [1; 4].

Зерттеудің теориялық негізі

Зерттеу жұмысында əдебиетте кездесетін күтөһар əйел бейнесін даттаудан көрі, кез келген əйел санасында қалыптасқан ілкі образ «тағы əйел» архетипіне бойлай отырып, түсіндіру мəселесíн қарастырады. Осы негізде архетип ұғымын зерттеуші К.Г. Юнг, К.П. Эстес, Е.М. Мелетинский сияқты ғалымдардың ғылыми еңбектері негізге алынып, салыстырмалы-тарихи, герменевтикалық талдау əдíстерí пайдаланылды.

Əдебиетте «күтөһар» əйел архетипі негізінде зорлық-зомбылық, психологиялық ауытқулар мен жарақаттар, азғыру, инцест, əлеуметтíк орта, қоғам, отбасылық жағдай, моральдық-діни көзқарас, дүниетаным барлығы күнәға батудың философиялық аспектілері «адасқан» əйел образын қалыптастырады.

Ақын-жазушылар көркем шығармада әйелді жағымсыз кейіпкер ретінде сипаттап, сол арқылы тоғышарлық пен менмендік, қоғамдық ортаның азғыруы мен әлеуметтің жиіркенішті көрінісін беруде əйелдер бейнесімен бүкіл бір қоғамның проблемасын көрсетуге тырысады. Осы ретте, Г.Флобердің Бовари ханымы, Л.Н. Толстойдың Анна Каренинасы, М.Митчеллдің Скарлет О'харасы, С.Моемнің Джулиясы арқылы өз дәуірінің көлеңкелі, жағымсыз тұстарын əшкере етеді. Аталған шығармаларда халықтың рухани дүниеден гөрі материалдық жағдайды басты орынға қоюы, мансап пен мəртебе, өзімшілдік пен тәкаппарлықты сипаттауда əйелдер бейнесін ұтымды пайдаланғанын көруге болады.

Негізгі бөлім

Г.Флобер өзінің «Бовари ханым» шығармасында жеңіл жүрісті әйелді басты қаһарман дәрежесіне көтеріп, өз дəуíрíнщ буржуазиясын, қарапайым мещандық отбасын, сол кездегі өзекті əлеуметтíк жағдайды сыни тұрғыда көре біліп, шығармаға арқау еткен. Романның басты қаһарманы Эмма Бовари ханымның аянышты тағдыры суреттеледі. Мещандық отбасынан шыққан Эмма Руо бойжеткеннің монастырьде тәлім алып, жастайынан романтикалық шығармаларға əуес болуы, қиялына ерік беріп, зəулíм сарай мен ақбозатты ханзаданы армандауы, ессіз махаббат пен жанкештілікті армандаған арудың шынайы өмірі мүлде басқаша өрбиді.

Автордың негізгі ұстанымы қоғамның моральдық жағынан азғындаған келбетін кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесі, сезім толқынысын бейнелеу арқылы ашуды көздейді. Соның бір айғағы, шығарманың бас қаһарманы Бовари ханым жарына адал бола алмай, сезімнің жетегінде кетіп, ақырында өзінің түбіне жетуі қоғамдағы бассыздық пен қатыгездікті, менмендікті тап басып танытады. Көркем шығармадағы автордың идеясына жетекшілік еткен бас қаһарман сол дəуíрдщ жағымсыз тұстарының айқындалуына себепкер екеніне көз жеткіземіз.

Бұл туралы автор: «қоғамда ең жиі кездесетін əйел бейнесін көрсету» мақсатында шынайы өмірден алыс қарапайым ауыл қызының қиялшыл бейнесін жасайды. Эмма Бовари — сол дəуíрдщ типтік бейнесі, символы ретінде танылады. Тек сырт келбетіне ғана назар аударатын, сезіміне тұрақсыз, ойлау қабілеті төмен, балаға мейірімсіз, өзімшіл əйел ретінде суреттеледі. Шығармада қоғам мен бас қаһарман біртұтас екенін аңғаруға болады. Зерттеушілер көп жағдайда Бовари ханым образын даттап, «тоғышарлық» белгісі деп танып, азған заман бейнесі, адамдар арасындағы шынайылық пен мейірімнің орнын азғындық пен мансапқұмарлық, ашкөздік жайлаған дəуíр бейнесін Эмма кейіпкер арқылы көрсетеді деген ой түйеді. Француз ақыны, сыншы Ш.П. Бодлер мен орыс ғалымы Б.Г. Реизов өз еңбектерінде Эмма Боваридің образын талдау барысында бір-біріне қарама қайшы пікір білдірген болатын.

Б.Г. Реизов: «Флобер көпшіліктің қарсылығын біле тұра жағымсыз кейіпкерлер туғызуды жақсы көреді. Оның бас қаһарманы Бовари ханым өзі өмір сүрген қоғам сияқты өзімшіл жəне арсыз, ал оның іздеген «идеалы» да сол қоғамнан табылды, яғни сол кез əдебиетíнде кездесетін арсыз образдар еді. Автор айналасындағы қатыгездік пен сұрқиялықты көрмейтін, рухани құндылық пен абыройдан жұрдай бейшара əйел бейнесін бас қаһарман етіп жасады» [2] деген пікірінен ғалымның роман кейіпкерлеріне деген көзқарасын көруге болады. Ол Флобердің кейіпкерлерін даттап та, ақтап та алуға тырыспайтынын, оны оқырманның еншісіне қалдырғанын да тілге тиек етеді.

Ертеректе Ш.П. Бодлер басқа зерттеушілермен келіспей өз тұжырымдамасын ұсынады, Бовари ханымның жандүниесінің кереметтігін əспеттеп, адамзаттық құндылықтардың барлығын бас қаһарманның бойынан көре білген: еш қорықпайтын қайсарлық, ермінезділік танытып, батыл шешімдер қабылдауы, жүрек қалауымен жүруі, сезімге берілу, махаббатқа мас болып алдануы, сүйгені үшін көзсіз ерліктерге баруы, жанкүйзелісін көрсетуі сияқты қасиеттеріне жете мəн береді. Ерлік пен нәзіктікті қатар алып жүрген роман қаһарманының бұл қасиеттерді бойына жинауы қоғам мен ортаға деген қарсылығын көрсетуі деген ой түйеді [3].

Психоаналитик К.Г. Юнг əйел архетипін зерттеуде негізгі төрт типке бөліп, əр архетиптің жағымды жəне жағымсыз жақтарын қарастырады:

  1. Ханшайым/күтоһар əйел
  2. Муза/вампир əйел
  3. Аңшы əйел/Амазонка — жабайы əйел
  4. Үй шаруасындағы əйел/жаман əйел, мейірімсіз ана

Берілген архетиптердің түрлі жағдайларда: отбасы, ортасы, мінезі мен болмысы, эмоционалдық- психологиялық жараларға байланысты жағымды архетиптің жағымсызға ауысуын атап өтеді [4].

Бірінші типтегі Ханшайым кейпіндегі «арсыз» əйел архетипінде К.Г. Юнгтің: «... Бұл ата- анасынан құтылуды ойлаған, сол арқылы отбасының қатаң бақылауында жасай алмаған қиялындағысын іске асыруда жанкешті оқиғаларға құштар қыз. Негізгі ұстанымы «Мені үйретпеңдер!», «Менің өміріме араласпаңдар!», «Бәрі маған міндетті!». Дегенмен оған

айналасындағылардың ойы маңызды, гиперэмоционалды: ашуланшақ, жылауық келеді, көңіл-күйі тез құбылып тұрады, суицидке бейім. Жағымды Ханшайымнан айырмашылығы — ата-анасынан безінуі, би кештеріне құмар, сыртқы болмысы, жан сұлулығынан маңызды» [4] деген анықтамасынан Бовари ханымның психологиялық портретін көруге болады. Ғалымның теориялық тұжырымдары Г.Флобердің шығармасындағы Бовари ханымының бойында толығымен ұшырасатынын байқау қиын емес.

К.Г. Юнгтің шәкірті К.П. Эстестің еңбектерінде де əйел архетипі жан-жақты зерттелген. К.П. Эстестің «Бегущая с волками» еңбегінде «тағы əйел» архетипін көне мифтер мен ертегілер негізінде талдай отырып, кез келген әйелдің ішінде «тағы əйел» (дикая женщина — волчица) прообразының болуымен түсіндіреді. Ғалымның айтуынша, Эмма Бовари сияқты өмірден өз жолын таба алмай, түрлі соқпақтарға ұрынған әйелдің өзіндік «менінен» айырылуы, ішіндегі «тағы» əйел архетипін жоғалтуы себепші. К.П. Эстес тағдырдың тауқыметін көрген нәзік жандарды даттаудан гөрі ақтап алуға, себебіне түсінуге тырысады.

К.П. Эстестің «Все мы тоскуем по первозданному. Культура предлагает не слишком большой выбор противоядий от тоски. Нас научили стыдиться таких влечений. Мы отпустили длинные волосы и привыкли скрывать под ними свои чувства. Но днем и ночью за нашей спиной таиться тень Первозданной Дикой Женщины. Где бы мы ни ступали, эта тень крадется следом и — определенно — опирается на четыре лапы» [5; 7] деген алғысөзінен қоғамда əйел затының түрлі себептерге байланысты ілкі тамырынан, тағы əйел архетипінен айырылып, соның салдарынан қиындықтарға ұшырап жатқанын, əйелдщ өз еркіне, сезіміне ие болуы мен өз ісіне есеп бере білуі жəне қоғамдағы орны, өмірдегі қатып қалған қағиданың құрбаны болу мəселесíнщ əлí де шешімін таппаған үлкен проблема екені аңғаруға болады.

Əйел тағдырының талқыға түсуі, өмір сүрген заманның құрбанына айналуы, мысалы, Бовари ханымның қоғамдық заңдылықтарға сəйкес мещандық отбасынан шығуы, оқуды тəмамдаған соң тұрмыс құруы, күйеуінің қас-қабағына қарап, баланы бағып-қағуы барлығы да белгілі бір қағидаларға сəйкес болуы шарт, бұны «бақытты əйел» формуласы ретінде көрсетуі, алайда бұл ережелерде қыздың жандүниесі, арман-мұраттары мен еркіндігі ескерілмейді. Тек қоғам заңдылығы ғана басты орында, осының салдарынан арсыз, күтоһар əйел образы туындайды.

«Кез келген əйелдщ ішінде өмірмен күресе алатын тағы əйел инстингі болады. Ішкі табиғи инстинк əйел адамды ешқашан алдамайды, ол жетелеуші, бағыт беруші қызметін атқарады. Алайда, əйелде еркіндік болмаса, қалауы орындалмаса, əрдайым өзіне тежеу қойып, көндіге берсе, іштегі күшті басып тастайды, сол арқылы сезіну, түйсіну, сенімділік қасиеттері де бəсендей береді» [5;221], деген тұжырымға сүйенсек, осы жағдай Бовари ханымның басында, өзінің жан қалауын орындай алмаған ол бейсаналы түрде ессіз, арсыз істерге барып, теріс жолға түседі. Өмірінің мәнін жоғалтып, өмірін құртады. Себебі ішкі инстинкті жоғалтқан Бовари ханым өмірдің мəнíн түйсінбейді, жақсы мен жаманның аражігін ажырата алмайды. Психологияда бұны адамның «Өзін» жоғалтумен түсіндіреді.

Романда Эмма Руоның алғашқы өкініші Шарльге тұрмысқа шыққаннан кейін сезіле бастайды, дегенмен Эмма арудың алғашында Бовари мырзаға деген сезімі болғаны анық еді. Қиялындағы бақытты, романтикалық сезімнің орнын күйбең тіршілік басып, керемет бал айын армандаған ару фермаға келіп, сезімдері су сепкендей басылады: «...еркек бəрíн білуге, əрдайым биіктен көрінуге, əйелдердщ құштарлық сезімдерін оятуға, өмірдің күрмеуі қиын күрделі құбылыстарын ашып көрсетуге, оны тіршіліктің барша құпия сырымен таныстыруға тиіс емес пе еді? Бұл болса ештеңе көрсеткен жоқ... Оның алаңсыз байсалдылығы, өзіне-өзінің мызғымас сенімділігі, тіпті оның өзімен бақытты ғұмыр кешіп жатқандығы да Эмманың жынын келтіретін» [6] деп Шарльге деген өкпе- назын білдірсе, ары қарай барлығы шиеленісе түседі: «Шарльдің сөздері көңіл жібітпейтін, тұрпайы болатын жəне қиялға батырмақ түгіл, басқа біреулердің ойларын қарабайыр қайталау толқытпайтын да, күлдірмейтін де» [6] деген үзіндіден жарына көңілі толмайтыны, жаны басқаны қалайтыны анық байқалады. Тіпті Шарльдің Эмманы еркелетуі де белгілі бір уақытта, дастарқан басында ғана айтатыны қынжылтатын.

Осы тұста «Ол өзінің көңіл-күйі жайлы біреумен бөліскісі келген болуы керек, шамасы. Нақ бір бұлт сияқты құбылмалы, нақ бір жел сияқты өткінші түсініп болмас үрейді қалай айтып жеткізбек? Ол айтар сөз таппаған, ретін келтіре алмаған, батылдығы жетпеген» [6] деген үзіндіден ішкі болмысы алай-дүлей болып жатқан, жаны жалғыздықтан құса болған Эмманы аңғаруға болады.

Эмманың өміріне өзгеріс əкелген сəт Вобьесар қамалындағы сауық кешіне барумен басталады. Жан қалауы мен қоғам алдындағы бейнесі, жас ханымның жан-дүниесіндегі арпалыс оны тура жолдан тайдырады. «Өмірде өз жолын таппаған адамдар көбінесе ізденіс үстінде жүріп, түрлі еліктіргіш gүшиелерге еріп, түзу жолдан тайып жатады. Бұған, əсíресе, тағы, рухани аш жандар бейсаналы түрде тез еріп кетеді» [5;111] — деген К.П. Эстестің тұжырымына сүйенсек, яғни Бовари ханымның бөгде еркектерге елітуінің бірден-бір себебі өзінің «Менін» жоғалту себебі, ілкі табиғи болмысынан айырылуы осындай пасық қадамдарға баруына түрткі болуда.

Алғашында тек еркелік, еліктеуден басталған жас заңгер Леон Дюпюий арасындағы қарым- қатынастың соңы ханымның өмірін түбегейлі құртып тындырады. «Рухани аш əйел кез келген жаста, əсíресе жас болса, көп жылдық рухани аштықтың орнын толтыру амалын қарастырады. Өз басын қауіп-қатерге тігіп, жанкешті əрекеттерге барып, еш тұрақтылық пен қорған болмайтын алдамшы адамдардың жетегінде кете береді. Бұндай əйел қай кезде, қай жерде болмасын, алдынан түрлі арбаулар дайын тұрады» [5;190] деген түсініктеме Бовари ханымның басынан өткен оқиғаға дəлел. Өмірден баз кешкен ханымның өмірінде сүйкімді жас жігіт Леон Дюпюиді кездестіруі немесе кейшнен Родольф Буланжемен болған арақатынастың еш жақсылық əкелмеуí, олардың Эмманы тек ермек еткендігінен көруге болады. Түп тамырынан нəр алмаған бейшара əйел жас балаша сеніп, алдамшы сезім жетегінде кете береді, жаны жаралы əйел жүрегінде бір үміт бар, алайда бұл өмірдің кезекті тұзағы ғана екенін түсіне алмайды.

«Жаны таза адамның сырт келбетінен көрініп тұрады... Ал, егер адамның жаны жаралы болса, ішінде қатты уайымы болса, ол адамның қарапайым өмірге қайта оралуы қиын, дегенмен де бірнеше шартты орындаса, барлығын қалпына келтіруге болады: шынайылық, төзімділік, мейірімділік пен сүйіспеншілік болған жағдайда адам жаны қайта сабырға келеді» [5;172]. Шығармада Эмма ханым отбасылық өмірде күйеуі мен қызына көңіл бөліп, отбасын сақтап қалуға тырысып, күйеуіне сенім артып, ота жасатуға көндіреді, сол арқылы ортасындағы өз беделін, күйеуінің мəртебесíн арттыру арқылы жан қалауын орындамақ болады. Алайда, ол ойы да іске аспай, Бовари мырзаның дарынсыз, ештеңеге ебі жоқ, бейшара күйге түсуі Эмманың көңіл-күйін түсіреді, соңғы үміті сөнгендей күй кешеді. Бұл кезде де Бовари ханым жан жарасын емдеу жолында күноті істерге барып, батпаққа одан əрмен батуы, оның түбегейлі өзін жоғалтқанын байқатады.

«Жан жарасы терең, рухани аш əйелдер көбінесе сырт көзге «өте сыпайы, мейірімді» болып көрінуі мүмкін. Бірақ ішінде буырқанған асау толқын тулап жатады, алып цуннами жолындағының бəрíн жайпап өтуге дайын. Сыртқа мейірімді, жақсы болып көріну арқылы айналасындағы жаманшылық пен пасықтыққа көз жұма қарап, соған бойсұнады. Соған көндігу арқылы əйел табиғи инстинктінен айырылып, дұрыс шешімдер қабылдауға қауқарсыз күй кешеді» [5;216], — деген «рухани аш əйелдер» туралы ғылыми тұжырымнан Эмма Бовариді көреміз, қаншама арсыз істерге барса да сырт көзге осындай бей^нə кейіп танытып жүреді. Елдің алдында Шарльдің пациенттерімен жақсы қарым-қатынаста болып, барлығымен емен-жарқын араласып жүрген жас ханымның ішкі дүниесі екі ұдайы күй кешуде, шығармада: «...сырт көзге ол өте мұңлы жəне сабырлы, мейірімді жəне өте ұстамды болып көрінетін. Əйелдер оның тыянақтылығына, пациенттер — ұқыптылығына, кедей-кепшік — мейірімділігіне қайран қалатын. Ал, шындығында, оның жүрегі ашу-ызаға, қатыгездікке толы болатын» [6] деп сипаттауынан бас қаһарманның өзінің арсыз істеріне еш қымсынбайтынын, бастысы, сыртқа əдемí болып көріну, басқасына көз жұма қарап, елемейтінін аңғаруға болады. Бұл жағдайда əйел адам өзінің жан күйзелісін жасыру мақсатында осындай амалдарға барады, Эмма ханымның да шарасыздықтан осындай күйге түскенін байқауға болады.

Эмма ханымның жағдайында бастапқы болмысынан айырылған жан бір қателікке қайта-қайта ұрына береді, мəселен, Леонның кетіп қалуы, кейін Родольфтың қашып кетуі, Леонның қайта келіп, керек кезінде қолдамауы өзін жоғалтқан Бовари ханым үшін түсініксіз, себебі, ол рухани құндылықтарды жоғалтқан, ақиқат үшін күресуге қауқары жоқ, дəрменсíз күй кешуде.

Ана құрсағында жатқаннан ана мейірімін көрмеген қызына да Бовари ханымның аналық сезімінің оянбау себебі де жан жарасы. Оның сыры тереңде жатыр, əу-баста, автор Эмманың мещандық отбасынан шығаруы тегін емес, яғни күндерін əзер көріп отырған, сараң, рухани жұпыны отбасынан шыққан бас қаһарманның бар арманы өзі оқыған романтикалық шығармалардағыдай салтанаты жарасқан отбасы, байлық пен ессіз махаббат, атак-дəреже, мансап қана болады: «Эмма өзіне өзі сауал қойды: басқа бір жағдайда өзге біреуді кездестіруі мүмкін емес пе еді? Ол осынау болмаған оқиғаның қалай өтерін, мүлде басқа өмірі қалай қалыптасарын. Сол белгісіз күйеуінің қандай адам болуы мүмкін екенін көз алдына елестетуге тырысты. Шын мəнíсíнде, жұрттың бəрí Шарль секілді емес қой. Оның күйеуі сұлу, ақылды, тəрбиелí, сүйкімді болуы мүмкін еді ғой» [6] деген ойлар жанын жегідей жейтін. Алайда, əйелí өлген, қарапайым, романтикадан жұрдай, ештеңеге қызықпайтын, ауыл дəрíгерí Шарльге күйеуге шыққан Эмма ханымның арманы аяқ-асты болып, жанкүйзелісіне ұшырайды. Тіпті, құрсағындағы баласының қыз болатынына да еш қуанбайды, себебі, өзі армандаған өмірді сыйлай алмайды. Бейкʌнə сəбидí күтуші өсіреді, тырнағы өскен, киімі жұпыны қызын көрген анасы аз да болса қарап, қамқорлығына алуға тырысады, алайда ол да қолынан келмейді, себебі жаны жаралы Ханымның өзіне көмек қажет еді. Жан дүниесі құлазып, құлдыраған, рухани күш-қуат алатын тағы, ілкі əйел архетипінен тамыры үзілген.

«Жан азығы туралы сөз болғанда, əр адамның өз қалауына байланысты болады. Кей əйелдерге таза ауа, түн тыныштығы немесе күн шуағы керек болса, кейбірі үшін рухани азық кітап пен жылы сөз, ал енді бірі секіріп, билегенді қалайды»[5;173], ал, Бовари ханым үшін жан азығы, жан лəззаты, ақшасы жетпесе де үйіне, өзіне қымбат заттар сатып алуы, сүйіктілеріне бағалы сыйлықтар жасауы, кейіннен сатушы Лереге қарызға белшеден батып, үйінен айырылуы, күйеуіне деген тағы бір опасыздығымен жалғасады. Өз қиялындағы өмірді аңсап, реалды өмірді еш елемейді. Бұның себебі психологиялық ауруда жатыр, тағы əйел архетипінен айырылған Эмманың жаны әлсіз, сондықтан да қарсыласуға шамасы келмейді, бұл жерде де тұзақ екенін ажырата алмай ақырында өз-өзіне қол салады.

Қорытынды

Бұндай тағдыр өмірде де көптеген өнер адамдарында қайталанған, МЭрлин Монро, Эдит Пиаф Френсис Фармер сияқты жұлдыздардың тағдыры қыршын қиылғанына тарих куə. Əйел адамның ішкі жандүниесімен келісім таба алмай, тағы əйелге тəн қасиеттерден айырылуы салдарынан өмірі қор болған тағдырлар соның айғағы. Оған себеп əйел адамның əубастағы тамырынан ажырауы, түрлі сыртқы факторлар мен адамның өз-өзімен жұмыс жасамауының салдары болып табылады деген ой түйеді К.П. Эстес өз зерттеулерінде.

Қорыта айтар болсақ, Г.Флобердің Бовари ханымы бүгінде өз бағасын алған образ, əлемдíк əдебиет пен мəдениетте əлеумет пен əйел проблемасын ашуда дəл бейнеленген образ ретінде сипатталады. Шетел əдебиетíнде Бовари ханым бейнесін әртүрлі қырынан танып, зерттеген сын- пікірлер жеткілікті, басым көпшілігі бас кейіпкерді қоғам өмірімен тығыз байланыстырып, ал жеке тұлға, əйел ретінде қарастыру сирек. Сондықтан да Эмма образын тек бір жақты ғана қарастырмай, басқа да қырларының ашылуы алдағы уақыт еншісінде. Бүгінде ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты бас қаһарман бейнесі психоанализ, герменевтика, құрылымдық тұрғыдан әлі де толық талдауды қажет етеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мельникова Н.Н. Архетип грешницы в русской литературе конца XIX начала ХХ вв.: автореф. дис. ... канд. филол. наук: спец. 10.01.01 – «Русская литература» / Н.Н. Мельникова. — М., 2011. — 33 с.
  2. Реизов Б.Г. Гюстав Флобер. «Госпoжа Бовари» ∣Электрондык ресурс] / Б.Г. Реизов. — Қолжетімділік тәртібі: http://19v-euro-lit.niv.ru/19v-euro-lit/articles-fra/reizov-flober-gospozha-bovari.htm
  3. Бодлер Ш.П. «Госпoжа Бовари» — сочинение Гюстава Флобера [Электрондық ресурс] / Ш.П. Бодлер. — Қолжетімділік тəртíбí: http://bodler.ru/GoSPOZHA-BOVARI.html
  4. Юнг К.Г. Архетипы женщин — 4 вида [Электрондық ресурс] / К.Г. Юнг. — Қолжетімділік тəртíбí: http://b17.ru/blog/arxetipi_jenshin/
  5. Эстес К.П. Бегущая с волками: Женский архетип в мифах и сказаниях / К.П. Эстес. — М.: София, 2020. — 447 с.
  6. Флобер Г. Бовари ханым. — Кітап.кз [Электрондық ресурс] / Г. Флобер. — Қолжетімділік тəртíбí: http: kitap.kz/book/928/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.