Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бату ханның 1237–1242 жылдары Русь пен Шығыс славяндар жерлерін жаулап алуы жəне Ұлы Ұлыстың (Алтын Орданың) саясаты

XIII ғасыр Еуразия халықтарының тарихындағы ерекше оқиғаларға толы тарихи кезең болды деп айтуға болады. Бұл оқиғалар аталған уақытта Шыңғысханның батысқа бағыттаған моңғол-түрік шапқыншылығы болды. Бүкіл Еуропа мен Азияны дүрліктірген бұл шапқыншылықтың əртүрлі оқиғалары, бағыттары жəне алуан түрлі мақсаттары болғанын бүкілəлемдік тарихта əртүрлі көзқараспен көрсеткені белгілі жағдай. Бірақ, бұл орасан зор тарихи оқиғалар осы уақытқа дейін еуроцентризмді ұстанатын ғалымдардың үлесіне тиіп, олар моңғол-түріктердің Батысқа ұйымдастырылған көп бағыттағы жорықтарын, олардың себептерін, дамуын жəне негізгі оқиғаларын өздерінің бір жақты позициясынан көрсеткісі келгені тарихи объективизмге сəйкес келмейтіні анық. Сондықтан, ғасырлар бойы зерттеліп келе жатқан осы тақырыптың əржақты жəне шынайы зерттелуі қазіргі уақыттың алдында тұрған басты талаптардың бірі екені ешқандай күмəн туғызбайды. Сондықтан, көшпенділердің Батысқа ұйымдастырған жорықтарының саяси-экономикалық астары болғанын, олардың нақты мақсаттарын көрсететін уақыт жеткен сияқты, өйткені, бұл тақырыпты терең зерттемей Еуразия халықтарының тарихын толық түрде көрсету мүмкін емес. Мақалада, Жошының баласы Бату ханның 1237–1242 жылдары Русь пен Шығыс славяндар жерлерін жаулап алған оқиғалары көптеген тарихи деректерге сүйеніп көрсетілген. Сонымен қатар, орыс князьдарының бір-бірімен билік үшін күресі оның тұрғындарының, қалаларының жəне шаруашылықтарының дамуына негативті əсер еткені баяндалған. Мұндай жағдай, жергілікті халық пен оның князьдарының жаулап алушылармен болған қарым-қатынастарында əртүрлі қиыншылықтар мен ерекшеліктер болғанын байқатады. Осыған байланысты, мақалада жаңадан құрылған Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) мемлекетінің өзі бағындырған аймақтарда жүргізген саясатының əртүрлі бағыттары жəне оның ерекшеліктері кең түрде айқындалған. Автор өзінің тұжырымдамасында Алтын Орда империясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалын жəне оның тарихи маңызын шынайылықпен көрсеткен.

Кіріспе

XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында моңғол жерінің тайпалары Байкал мен Амурдан Ертіс пен Енисейдің жоғарғы саласынан Ұлы Қытай қабырғасына дейін жəне Оңтүстік Сібірге дейінгі территорияны мекен етті. Болашақ оқиғаларда ерекше рөл атқарған Моңғолияның ірі тайпалары татарлар, тайчиуттер, керейттер, наймандар жəне меркіттер болды. Сонымен қатар, солтүстік аймақтарда «орман тайпалары» жəне көптеген далалық аймақтарда басым көпшілік болып «далалық тайпалар» мекен етті.

XII ғасырдың аяғында көптеген рулар мен тайпа одақтарының арасында ақсүйектер басқарған күрес ерекше шиеленісе түсті. XIV ғасырдың басында өмір сүрген парсы тарихшысы Рашид-ад-Дин аталған кезең туралы айта келе, əртүрлі билеушілер, князьдердің басқаруымен тайпалардың арасында бақталастық қақтығыстар үзілмей жүріп жататын деп көрсеткен. Наймандар, керейттер, тайчиуттер жəне тағы басқа тайпа одақтары бір-біріне жаңа жерлерді иемдену үшін, сонымен қатар, мал мен байлық жəне құлдар алу үшін шабуыл жасап отырды. Осы соғыстардың нəтижесінде көптеген руларды бағындырған тайпа одақтары пайда болып, оларды қарулы нөкерлері бар хандар басқара бастайды. Осындай ірі тайпа одақтары бір-бірімен соғыса отырып, кейбір көрші халықтарға, оның ішінде Қытайдың жеріне де шабуыл жасап тұрды. Тайпа одақтарының өзара соғыстары, көрші халықтарға шабуыл жасауы аталған тайпалардың қарулы күштерін шынықтырды, соғыс əдістерін молайтты, олардың ірі жорықтар жасауға мүмкіншіліктері бар екенін байқатты.

Осыдан кейінгі моңғолдардың Қытайға, Орталық Азияға жəне моңғол-түріктердің Русь жəне Еуропаға жасаған жойқын жорықтары, алпауыт моңғол империясының пайда болуы, Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) сияқты еуразиялық державаның халықаралық аренаға шығуы, осы жоғарыда айтқандарымызға нақты дəлел бола алады.

Ұсынылып отырған мақаладағы тарихи оқиғалар ең басынан Шығыс авторлары Рашид-ад-Дин, Ибн Батутта, Ибн-аль-Асир, Ан-Насави, Аль Омари, Ибн-халдун, Ибн-аз-Захир, Əбілғазы, Қ. Жалаиридің еңбектерінде көрсетілді, олар XII–XIII ғасырлардағы Орталық Азиядағы тайпалардың бірігіп Моңғол империясының құрылуын, моңғол-түріктердің еуропаға жасаған жорықтарын жəне олардың тарихи маңызын кең түрде көрсете білді. Моңғол империясы, Қытай, Алтын Орда, Ұлы Жібек жолы туралы осы жақта болып, өз көздерімен көргендері туралы қызықты деректерді Еуропа саяхатшылары: В.Рубрук, Плано Карпини, Марко Поло жəне т.б. саяхатшылар қалдырып кетті.

Батыс зерттеушілерінің ішінде қарастырылып отырған тақырыпты алғашқы болып көрсеткен: Д. Арбело, Ж. Дегинь, Д'Оссон, Хаммер-Пургштадты жəне басқаларын атауға болады. Олар Орта Азия тайпаларының, оның ішінде моңғолдар туралы, олардың əлеуметтік, саяси жəне экономикалық жағдайын араб жəне қытай деректеріне сүйене отырып кең түрде көрсете білген.

Мақаладағы тақырыпты зерттеуде революциядан бұрын орыс тарихшылары да назарларынан тыс қалдырмады. Н. Карамзин, В. Татищев, В. Ключевский, С. Соловьев, Х. Фреч, Н. Аристов, В. Бартольд өздерінің көптеген еңбектерінде XII–XIV ғасырлардағы Моңғолия, Орта Азия, Ресей халықтарының тарихына ерекше мəн берді. Бірақ, бұлардың еңбектері көбінесе империялық көзқараспен жазылғаны анық байқалады.

Моңғол-түрік шапқыншылық кезеңі кеңес дəуірінде де кең түрде зерттелді, көптеген авторлар осы тақырыпқа арнап еңбектерін жазды, оның ішінде: Б.А. Рыбаков, «Киевская Русь и русские княжества в XII–XIII вв. М., 1982; Б.Д. Греков, Ю.А. Якубовский, «Золотая Орда и ее падение», М.-Л., 1950; Т.А. Федоров-Давыдов, «Общественный строй Золотой Орды», М., 1973; И.П. Петрушевский, «Татаро-монголы в Азии и Европе», М., 1977; Е.И. Кычанов, «Жизнь Темучина, вздумавшего покорить мир», М., 1972; В.В. Трепавлов, «Государственный строй Монгольской империи XIII в.», М., 1993; жəне т.б. атауға болады. Сонымен қатар, қарастырылып отырған тақырып «Всемирная история в 14 томах» (М., 1955–1985); «История СССР с древнейших времен до наших дней», в 12 томах» (М., 1967–1980) сияқты ірі еңбектерде кең түрде зерттелді. Осыған орай Кеңес заманында шыққан көптеген еңбектерде басқарушы Коммунистік партияның идеологиялық бағытында жазылғандарын атап кету керек.

XIII–XV ғасырлардағы оқиғаларға кейбір Қазақстан тарихшылары да өздерінің еңбектерін арнады, олардың ішінде: М. Қани, «Қазақтың көне тарихы», Алматы, 1993; С.М. Ахинжанов, «Кыпчаки в истории средневекового Казахстана», Алма-Ата, 1989; Б.Е. Кумеков, «Об этническом составе кыпчаков XI – нач. XIII вв. по арабским источникам», М., 1990; Ж.О. Артыкбаев, «Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячелетий», СПб., 2005; т.б. атап кеткен жөн. Сонымен қатар, осы тақырып «Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» (Алматы, 1994–2010) деген 5 томдық ірі еңбекте көлемді көрсетілді.

Соңғы кезде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы ханның əулетін, Алтын Орданың тарихын зерттеуде жаңа көзқарас жаңа бағытты ұстану туралы тарихшылардың алдында мақсат қойғаны белгілі. Сондықтан, ұсынылып отырған мақала осы маңызды тақырыпты жаңаша көрсетуге бағытталған еңбек деп есептеуге болады.

Зерттеу əдістері

Мақаланы дайындау кезінде ғылыми, оның ішінде, пəнаралық бағыттағы зерттеулерді жазу барысында қолданылатын əдістемелік принциптер басшылыққа алынды. XIII ғасырдағы моңғол-түрік шапқыншылығы мəселесімен шұғылданатын зерттеушілердің еңбектерін қарастыру барысында жəне оларды сараптап отырып, талдау жасау кезінде, автор: тарихи-объективтік, логикалық, жүйелілік, салыстырмалы талдау т.б. əдістерді пайдаланды. XII–XIII ғасырлардағы оқиғалар: моңғол-түрік жаулап алушылық саясаты, Алтын орданың құрылуы, оның жүргізген көп бағыттағы саясаты жəне оның ерекшеліктері тарихи-объективтік принцип негізінде көрсетілді. Осыған байланысты, зерттеліп отырған тақырыпты дəлелдеу үшін, сараптамалық анализ əртүрлі бақылау əдістері қолданылды.

Нəтижелері жəне оларды талқылау

XII ғасырдың аяғынан XIII ғасырдың басына дейін Моңғолия жеріндегі моңғол жəне түркі тайпаларының өзара болған соғыстарында Есугей бахадурдың баласы Тэмуджин жеңіске жетті. Соның негізінде 1206 жылы Онон өзенінің жағасында барлық Моңғолия жеріндегі тайпалардың көсемдері жиналып, далалықтардың жиналысы есептелетін құрылтайды өткізді, осы құрылтайда біріккен моңғол мемлекетінің құрылғаны туралы жарияланып, Тэмуджин Шыңғыс хан деген атпен біріккен мемлекеттің ұлы ханы болып жарияланды [1; 517].

Осы оқиғадан кейін біріккен моңғол мемлекетінің нығайуы жəне жаулап алушылық саясаты басталды. 1211 жылға дейін моңғолдар: якут, бурят, қырғыз жəне ұйғырларды өздеріне бағындырып, 1215 жылы Солтүстік-Батыс Қытайды жаулап алып, мол олжаға ие болды. 1219–1221 жылдары Шыңғыс хан басқарған моңғол əскерлері Орта Азияда орналасқан Хорезмшах Мухамедтің орасан зор мемлекетін жаулап алды.

1223 жылы моңғолдардың атақты қолбасшылары Жебе мен Сүбедей басқарған əскерлері Батыс жаққа «барлау жорығын» жүргізді, соның негізінде Калка өзенінің жағасында біріккен орыс-қыпшақ əскерлерін талқандап, Солтүстік Кавказға сəтті жорық жасап қайтты, осы жорықта моңғолдар Шығыс Əзірбайжанды, Шығыс Грузияны жəне Арменияны бағындырды.

Моңғолияны империя ретінде қалыптастырған Шыңғыс хан оны төрт ұлысқа бөліп, өзінің балаларына билеуге берді. Кіші баласы Толыға қара шанырақ болып есептелетін Моңғолияны, екінші ұлы Шағатайға Оңтүстік-Алтайдан Амударияға дейінгі жерлерді (оған Шығыс Түркістан, Жетісу жəне Мауераннахр кірген), үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия, Ертістің жоғарғы сағасы жəне Тарбағатай өңірі берілді. Ал, өзімен барлық жорықтарда бірге болып, өзі сияқты жеңімпаз қолбасшы болған үлкен ұлы Жошыға қазіргі Қазақстан аумағы түгелге жуық, Шығысында Алтай, Ертістен, батысында Еділге, оңтүстігінде Жетісу, қазіргі өзбек жерлерінен Солтүстігінде Сібірге дейінгі бұрынғы Дешті-Қыпшақ аталған ұлы даланы жəне болашақта моңғол атының тұяғы жететін жерлерді берді. Осы территория кейін «Жошы ұлысы» атанып кетті [2; 74].

1227 жылы əкесінен бұрын Жошы қайтыс болып, оның орнына баласы Бату хан сайланып, ол 1235 жылы Қарақорымда болған құрылтайға қатысты. Осы жиналыста Батысқа, жалпы моңғолға жорық жасау туралы шешім қабылданып, ол жорықты басқаруға Бату хан белгіленді [3; 35]. Батысқа жорық Бату ханның басқаруымен 1236 жылы басталды, оны тарихта моңғолдардың жорығы деп ғасырлар бойы атап кетті. Шын мəнінде, Бату хан əскерінде, 5–6 мың моңғолдар ғана болды, ал əскердің көпшілігі осы ұлыстан жиылған түркі тілдес жауынгерлерден құралды, сондықтан, бұл жорықты моңғол-түрік жорығы деп атаған тарихи шындыққа жатар еді, осыған байланысты моңғол шапқыншылығының кейбір тұстарын қайтадан қарайтын уақыт жеткен сияқты, əсіресе Бату хан əскерлерінің құрамы туралы мəселеге келгенде.

жылы Бату хан басқарған əскерлер Еділ бойындағы Булгарияны, ал 1237 жылдың бірінші жартысында Еділ мен Дон арасындағы қыпшақтарды, мордвалар мен буртас тайпаларын жаулап алып, орыс жерлеріне төніп келді.

Əрине, моңғолдар туралы орыс князьдері бірқатар мəліметтер алған болатын. Көп деректерді Шығыстан Батысқа дейін сауда жасайтын көпестер берген болатын. Орыстар олардан Орта Азия қалаларының, Булгар мемлекетінің қандай душарға ұшырағанын жақсы білетін. Бірақ, бұл кезде Русьте белгілі феодалдық бытыраңшылық орын алған кез болып, орыс жерлері бір-бірімен жауласып, қырқысып жатқан жағдайда еді. Осыған байланысты кейбір орыс тарихшыларының айтуы бойынша орыс князьдері өздерінің қалаларының қорғандарын келе жатқан моңғолдарға қарсы емес, қайта бір- бірінен қорғанатын бекіністер ретінде қарады дейді, сондықтан осы дəлелдермен толық келісуге болатын сияқты.

жылдың қысында Бату хан əскерлерін Воронеж өзеніне əкеліп, Рязан князьдігіне шабуыл бастады. Далалықтардың көбінесе жаз айларында болатын шабуылдарына үйреніп қалған орыстар қысқы шабуылға тіпті дайын емес еді. Рязан князі Владимир жəне Чернигов князьдерінен көмек сұраса да, олар көмек беруден бас тартты. Шабуыл алдында Бату хан рязандықтарға елшілерін жіберіп, өзінің билігін мойындап, салық төлеуді талап етті, бірақ рязандықтар «біз өлгеннен кейін бəрін аларсың» деген жауап беріп, қарсыласуға дайындық жүргізеді. Басталған соғыс кезінде рязандықтардың далаға шыққан əскерлері жеңіліс тауып, қалғандары Рязан қаласына бекінеді, соған қарамастан, 6 күннен кейін моңғол-түріктер қаланы алып, өздерінің биліктерін орнатты. Рязан жерін басып алғаннан кейін Бату өз əскерін Владимир князьдігіне қарсы бағыттады. Ұлы князь Юрий Всеволодович өзінің жинаған əскерімен Коломна түбінде ұрысқа шықты, бұл шайқаста моңғол- түріктер владимирликтердің əскерін толық талқандап, жол-жөнекей Мəскеу қаласын жермен-жексен қылды.

  1. жылдың ақпан айында Бату хан əскерлері Владимир қаласын алып, талқандады оны қорғаған орыстардың көбісі шайқаста қаза тапты. Осыдан кейін орыстардың 14 қаласы талқандалды, олардың ішінде: Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Галич, Дмитров, Тверь жəне басқа қалалар болды. 1238 жылдың наурыз айында Сити өзенінің бойында болған шешуші шайқаста моңғол-түрік əскерлері біріккен князьдердің əскерлерін толық талқандап жойып жіберді, осы шайқаста ұлы князь Владимир Всеволодович қаза тапты. Осылай, Бату хан əскерлері қысқа мерзімде Солтүстік-Шығыс Русьтің жерлерін жаулап алып, оларды өзіне бағындырды [4; 533].

Владимир жерлерін бағындырғаннан кейін жаулап алушылар бай қала Новгородты басып алуға аттанады, бірақ көктем кезінде қалыптасқан қиындықтар моңғол-түрік əскерлерін бұл жорықтан бас тартуға мəжбүр етті. Соған қарамастан 1238 жылдың көктемінде Бату əскерлері Переяслав князьдігін, Чернигов-Север жерлерін жаулап алып, Киевке бағыт алды.

Біраз демалыстан кейін моңғол-түрік əскерлері Шығыс славяндар жерлеріне жорығын бастады. Шығыс славян князьдері талқандалған Солтүстік-Шығыс князьдіктерінің тағдырынан ешқандай сабақ алмады, келе жатқан жауға қарсы бір-бірімен қырқысқан Оңтүстіктің князьдері бірігіп күш жинауға шамалары келмеді. Шығыс славяндардың бірқатар жерін қарсылықтарына қарамай Бату əскерлері тез арада талқандап, тізе бүктірді. Осындай жылжудың арқасында моңғол-түрік əскерлері 1240 жылдың күзінде Киев қаласына жетті [5; 64]. Днепр өзенінен өткеннен кейін Киев қаласы қоршауға алынып, оны басып алу үшін шайқас басталды. Киев князі Михаил қашып кеткен соң қаланы қорғауды Дмитр воевода басқарды, ол қорғанысты ұйымдастырып, Киевті қорғаушылар өздерінің қаласы үшін жан аямай ұрыс жүргізді. Бірақ, қорғанысты бұзып кірген моңғол-түрік əскерлері Киев қаласын 19 қарашада басып алды, осылай шығыс славяндар астанасы тізе бүгуге мəжбүр болды. Əрине, Киев қаласы талқандалып, оның көптеген тұрғындары қаза тапты, бұл оқиға кейін славяндардың жылнамаларында үлкен қайғы-қасірет ретінде көрсетілгені мəлім [6; 202]. Осыған келгенде айта кететін бір мəселе бар, қай заманнан бері Ресей, КСРО тарихшылары моңғол- түріктерді аяушылықты білмейтін қанішерлер ретінде көрсетумен болды, бірақ Бату хан жəне оның жауынгерлері қарсы соғысып, ерекше батырлық көрсеткен адамдардың ерліктерін бағалай білді, мысалы Киев қорғаушыларын басқарып, қаһармандығымен көзге түскен Дмитр воеводаны моңғол- түрік сарбаздары жараланып қолға түскеннен кейін босатып, еркіндік берді. Орыс жылнамаларында осындай тағы бір оқиға көрсетілді, өзіне азғантай қолмен қарсы шығып, соғысып ерлікпен қаза тапқан Евпатий Коловрат деген князьдің тұтқынға түскен сарбаздарын Бату хан босатып, оларға өздерінің ерекше ерлік көрсеткен қолбасшысын атағына, ерлігіне қарай салтанатты түрде жерлеуге бұйрық береді. Осындай көптеген мысалдар жеңімпаз моңғол-түрік сарбаздарының басшылары өздеріне қарсы жан аямай соғысқан жауларына кейбір жағдайда кеңшілік жəне аяушылықпен қарағанын көрсетеді. Киевтен кейін жаулап алушылар Галицк-Волын жерлерін жəне басқа ондаған славян қалаларын тізе бүктіріп, өзіне бағындырды. Бату ханның осы жорығының негізінде, ежелгі орыс князьдіктер жəне Киевке бағынған шығыс славян жерлері толық жаулап алынды [7; 306].

Осылай булгар, орыс жерлерін талқандағаннан кейін: Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, Валахияны, Трансильванияны ойрандап, Адриат теңізінің жағасына ат басын тіреген, жеңіліс көрмеген ұлы қолбасшы Бату хан, Ұлытаудан кейінгі екінші өзінің ордасы орнаған Еділдің сағасына қайтып келіп, мұнда ол тарихқа Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) деген атпен танылған жаңа моңғол-түрік мемлекетін құрды [8; 103]. Бату хан құрған мемлекет Орта ғасыр заманындағы ұлы империя ретінде қалыптасты, ол өзінің жаулап алынған жерлерінің көбісінен алым-салық жинаумен шектелді. Ал, орыс жəне шығыс славян жерлерінде Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) өзінің ерекше саясатын жүргізді. Бұл жерлерде міндетті түрде əртүрлі салық жиналып тұрды осы территорияларды өздерінің князьдеріне Ордадан алатын жарлық арқылы билетіп қойды. 1243 жылы Бату хан ордасына Сити өзенінің бойындағы шайқаста қаза тапқан Юрий Всеволодовичтің інісі Ярослав шақырылып алынды жəне моңғол-түріктердің билігін мойындаған оған Солтүстік-Шығыс жерлерін билеуге жарлық берілді [9; 983].

Осыдан кейін Ордадан өз жерлерін билеуге жарлық алу үшін орыстың князьдері бірінен соң бірі келіп, Ордада белгіленген заң бойынша жарлық алатын болды. Аталып отырған заң (кейін дəстүр болды) бойынша жарлық алуға келген орыс князі Бату ханның алдында тізерлеп отырып, оның етігіне бас тигізу керек болған, осыдан кейін оның алдына ханның атын алып келіп, оған орыс князінің бас киіміне салған сұлы беретін болған, осыдан ханның аты сұлыға тойса, орыс князіне жарлық берген, ал ат тоймай қалса, жарлық беру кейінге қалдырылып отырған. Осыған байланысты жарлық алуды тілеген орыс князьдері Ордаға сұлы көп сиятын үлкен бас киім киіп баратын болған, міне осы кезден бастап, орыс князьдері «Тяжела ты шапка Мономаха!» деген мақал шығарған дейді. Осы жарлық алу көрінісін бір белгілі орыс суретшісі өзінің тарихи картинасында шындықпен бейнелеген, бірақ кейін бұл картина империялықтардың намысын туғызып, қоймаға тығып қойылған.

Алтын Орда (Ұлы Ұлыс) орыс князьдерін жарлық бойынша билік беріп отырса да, олардың үстінен салық жинауды бақылайтын арнайы өкілдері басқақтарды жіберіп отырған. Осы басқақтардың жіберіп отырған мəліметтері бойынша Алтын Орда ханы орыс князьдерінің əртүрлі жұмыстарын біліп отырып, жарлық бойынша жұмыс істемеген князьдарды Ордаға шақырып алып жазалап отырған, мысалы 1246 жылы орыстарды моңғол-түріктерге қарсы біріктіргісі келген Ярослав князь Орданың шешімі бойынша Қарақорымға жіберіліп, сонда Гуюк ханның бұйрығы бойынша өлім жазасына кесілген, ал осыдан бір жыл бұрын Орданың хандарына бағынғысы келмеген Чернигов князі Михаил Бату ханның бұйрығымен өлтірілген болатын. Мұндай жағдай Орданың қаталдығы емес, оған себептер де болды. Мысалы, кейбір орыс князьдері «Жарлық» алу үшін бірін-бірі жамандап ханға шағым түсіріп тұрған, осыған байланысты, тергеу жүргізген Орда кейбір орыс князьдерін қатал жазалап отырған. Əрине, моңғол-түріктер орыс князьдерінің арасындағы алауыздықты жақсы пайдалана білді, мысалы Ярослав князьдің балалары Александр мен Андрейдің билікке таласуын пайдаланып, Александрды Киев князі етіп тағайындап, Андрейге ұлы князь атағын береді. Бірақ, Андрей ордалықтардың сенімін ақтамай, Алтын Ордаға қарсы күрес бастады. Осыған байланысты, Александрдың сұрауы бойынша Андрей князьге қарсы моңғол-түркі əскерлері жорық жасап, оны талқандап, Швецияға қашуға мəжбүр етті.

Енді, ең басымен Орданың билігін мойындап, оның сеніміне кірген Ярославтың екінші ұлы Александрдың саясатына тоқталған жөн деп есептейміз. Ресей тарихшылары оны ғасырлар бойы орыс жерінің патриоты жəне ұлы қолбасшы деп мадақтайды, бірақ, бұл шындыққа жатпайтын жағдай, өйткені Александр ең басынан өмірінің соңына дейін Алтын Ордаға қызмет етумен болды, сондықтан, оны орыс коллаборационистерінің басшысы болды деп есептеуге болады. Француз тілінен шыққан «коллаборационизм» деген сөз «жаумен тіл табысып, ынтымақтастықта болған» деген мағынаны көрсетеді. Александрдың қабылетті қолбасшы болғанын атап кетуге болады, ол 1240 жылы орыс жеріне басып кірген швед отрядтарын жеңгені үшін «Невский» аталып, 1242 жылы Ливон əскерлерін жеңгені тарихта белгілі, бірақ, ол осы жетістіктерге Бату хан жіберген моңғол-түрік атты əскерінің көмегімен жеткені туралы орыс тарихнамасында əдейі көрсетілмейді, сөйтіп, империялық пиғылдағы ғалымсымақтар тарихи шындықты өздерінше бұрмалайды [10; 409]. Андрей князь шетелге қуылғаннан кейін ұлы князь деп танылған Александр өмір бойы Алтын Орданың саясатын белсенді жүргізіп қолдап отырды. Ол Ордаға қарсы болған көтерілістерді аса қаталдықпен басып тастап отырды, мысалы 1257 жылы болған халық санағына қарсы көтерілгенде Новгород халқының, 1259 жылы орын алған Ростов аймағындағы көтерілісті т.б. орыс халқының толқуларын моңғол-түрік əскерлерімен бірге қатал түрде басып тастағаны тарихқа белгілі болған [11; 20]. Александр Невский 1263 жылы өлер алдында өзінің мұрагерлеріне Алтын Ордаға адал қызмет етуге өсиетін айтып кеткен. Сондықтан ресей идеологтарының Александр Невскийді ұлы патриот деп көрсететін концепциялары ешқандай сын көтермейтін əрекет деп есептеуге болады.

1255 жылы ұлы атасы Шыңғыс хан, қолбасшы əкесі Жошы сияқты жеңіліс дегенді білмеген, Батысты жаулап алушы əйгілі қолбасшы Бату хан қайтыс болып, оның орнына таққа баласы Сартақ отырды. Бірақ, екі жыл ғана билеген Сартақ өмірден озғаннан кейін Ұлы Ұлысты (Алтын Орданы) билеуге Батуханның інісі Берке хан келді (1257–1266 жж.) [12; 88]. 1257 жылы Русь жəне Шығыс славян жерлерінде бірінші рет халық санағы өткізілді, бұл науқанның мақсаты: жаулап алған жерлерде қанша халық тұратынын жəне олардың нақты қаншасы салық төлеу керек екенін білу үшін өткізілді. Алтын Орда билеушілері өткізген халық санағы Ресей тарихындағы ең алғаш жүргізілген санақ болды жəне оны өткізуге моңғол-түрік нояндары мен басқақтарына қосылып, орыс князьдері де белсенді қатысты. Əрине, халық санағын жаулап алынған жерлердің халқы əртүрлі қабылдады: кейбіреулері оны қолдаса, басқалары оған қарсы көтеріліске шыққан, осы оқиғаларды көне жылнамаларының өздері талай сипаттап жазған.

Берке хан Алтын Орда территориясында мемлекеттік дін ретінде исламды қабылдатқызды, бірақ осы империяда тұратын көптеген халықтардың діндеріне таңғаларлық кеңшілік берілді. Тағы бір көрсететін жағдай мынандай болды, Алтын Орда территориясында христиан шіркеулері мен монастырлары, еврей синагогалары, буддистік храмдар жəне соларда қызмет ететін діни қызметкерлер салық төлеуден толық босатылды [13; 159].

Ұлы князь Александр Невский қайтыс болғаннан кейін (1263 ж.), Русь жерлерінде князьдардың арасында талас-тартыс қайта басталды, 1281 жылы мұндай жағдайдың қалыптасуына Александрдың екі баласы Дмитрий мен Андрейдің араларындағы ұлы князьдік үшін күрес болды. Ордадан ұлы князьдікке жарлық алған Андрей моңғол-түрік əскерлерін ертіп келіп, өзінің ағасы Дмитрийді Новгород пен Псков жаққа қуып тастап, оның жерлеріне ойран салады, осының арқасында: Переяславль, Владимир, Юрьев, Суздаль, Ростов, Тверь жəне Торжок қалалары талқандалып, олардың тұрғындары тоналып, ал қалған бір бөлігі құлдар ретінде Ордаға айдалады. Монастырь жылнамашысы: «Андрей князь ұлы князьдік үшін күресте Русь жерлеріне моңғолдардан да жаман зұлымдық жасады» деп көрсеткені белгілі.

Жаулап алушыларға қарсы күресті ұйымдастырушы орталық ретінде Ростов князьдігі болған соң Алтын Орда билеушілері мұнда ерекше саясат жүргізді. Мысалы, жергілікті боярларды өз жақтарына бағындырып, оларға Ордада қызмет беріп жаулап алушылар Ростов князьдігіндегі вечелердің ықпалын толық жойды. Сарайдағы жоғарғы қызметкерлер Ростов князьдарымен құда-құдандастық қатынастарға барып, осы князьдікті толық өздеріне бағындырды. Русь князьдерінің кезекті араздықтары басталғанда Андрей Александрович пен бірге басқа орыс князьдары 1293 жəне 1297 жылдары Орда қолбасшысы Туданды əскерімен бірге шақырып, өздерінің қолдары мен моңғол-түрік əскерлерімен бірігіп, Русьтің 14 қаласын талқандап олжаны жаулап алушылармен бөлісіп алды. Əрине, орыс князьдерінің осылай өз жерлеріне, халқына жасаған опасыздықтары Алтын Орданың Русь территориясындағы ерекше саясатын жеңілдетті [14; 62]. Осы кезде ірі халық көтерілістері болып тұрды, мысалы 1304 ж. Костромада, 1305 ж. Нижний Новгородта, 1340 ж. Торжок пен Новгородта, ірі көтерілістер орын алды. Бір қызығы, бұл көтерілістер көбінесе Ордаға қарсы емес, қайта бір-бірімен қырқысып елді бүлдірген орыс князьдері мен боярларына жəне олардың жаулап алушылармен ауыз жаласып жүргізген саясатына қарсы бағытталды.

Алтын Орда Берке (1257–1266), Мөңке Темір (1266–1280), Туда-Мөңке (1280–1287), Төле-Бұқа (1287–1291), Тоқты (1266–1312), Өзбек (1312–1342), Жəнібек (1342–1357) хандар тұсында кемеліне келіп, сол замандағы ірі мемлекеттердің біріне айналды.

XIV ғасырдың басында Русь жерінде Тверь жəне жаңа көтеріліп келе жатқан Мəскеу князьдерінің арасында ұлы князьдікке тағы да талас басталып, осы саясаттарымен елдің жағдайын шиеленістірген Тверь князі Михаил жəне оның баласы Дмитрий Ордаға шақырылып, Өзбек ханның бұйрығымен өлім жазасына кесілді. Осындай жағдайда Тверьде Ордаға қарсы көтеріліс болып, оны моңғол-түрік əскерін басқарып келген Мəскеу князі Иван Данилович ерекше қаталдықпен басып тастап, ұлы князь дəрежесін алады. Осындай еңбегі үшін Алтын Орда ханы Өзбек Иван Даниловичке (Калитаға) ұлы князь деген дəреже беріп, оған бүкіл орыс жерлерінен салықты жинауға рұқсат береді. Салық жинау кезінде бір бөлігін Ордаға, бір бөлігін жасырып өзіне қалдырып отырған Иван князь тез байып, «Иван Қалта» атанып кетеді [15; 471]. Осыдан кейін, Иван Калитаның мұрагерлері Семен (1353–1359) жəне Дмитрий (1359–1389) кездерінде Мəскеу қаласының рөлі өсіп, оның билеушілері Ордадан «ұлы князь» дəрежесін алып тұрды.

Ресейдің империялық жəне кеңестік тарихшылары, Алтын Орда билеп тұрған кезеңде Русь жерлері дамуы жағынан Еуропадан қалып қойды деген жалған концепцияны таратып келді. Шын мəнінде бұл концепциялар ешқандай шындыққа жатпайды. Орда билеген уақытта қалалар қалпына келтіріліп, ірі экономикалық орталықтарға айналды. Алтын Орда билеушілері Батыс пен Шығыс арасындағы сауданың дамуына қамқоршылық жасап, соның негізінде: Новгород, Сарай, Астрахань, Тверь, Торжок, Нижний Новгород қалалары кең түрде сауда жүргізетін қалаларға айналды. Сонымен қатар, алым-салық беріп тұрған Русь территорияларындағы ауыл-шаруашылығының дамуына кедергі жасалған жоқ. Орданың жүргізген кеңшілік саясатының арқасында Русь жерлеріндегі христиан діні сақталып, өзінің рөлін күшейтті. Переяславль, Юрьев, Новгород, Псков, Звенигород, Владимир жəне басқа көптеген қалаларда соборлар мен монастырлар салынып, діни қызметкерлер жəне орталықтар салықтан мүлдем босатылды. Осыған байланысты, христиандардың діни басшылары Ордаға қарсы шықпай, оынң саясатын қолдап отырды [16; 157].

XVIII–XX ғасырлардың бірінші жартысында, Русь өзінің қарсылығымен Еуропаны Алтын Ордадан сақтап қалды деген Ресей тарихшыларының ешқандай сын көтермейтін жүйесіз концепциясы тарихнамада кең орын алды. Бұл империялық пиғылдағы бағытты: В. Татищев, М. Ломоносов, Н. Карамзин, С. Соловьев т.б. ғалымдар қолдады. Тіпті, атасы африкандық болған, бірақ, империялық идеологияны бойына сіңіріп үлгерген А.С. Пушкин «России определено было высокое предначертание. Ее необозримые равнины поглотили силу монголов и остановили нашествие на самом краю Европы; варвары не осмелились оставить у себя в тылу порабощенную Русь...» деп көрсеткені бар [14; 47].

Ақиқатқа сүйенсек, өзі жауланып алынған моңғол-түрік езгісіне көніп отырған орыс жерлері, Еуропаны қалай қорғап қалатын шамасы болды? — деген сұраққа əркім объективті түрде жауап бере алатыны анық. Қайта Алтын Орда кезінде Александр Невскийге Бату хан əскери көмек көрсеткеннен кейін бір де бір Батыс жаулап алушылары көп жылдар бойы орыс жерлеріне шабуыл жасаған жоқ, сондықтан тарихи шындыққа сүйенсек, қайта Алтын Орда Русь территориясын Батыс жəне басқа да жаулап алушылардан сақтап қалды деп айтуымызға толық болады.

Қазіргі уақытта солтүстік көршіміздің кейбір саясаткер идеологтары Ресей самодержавиесі Алтын Орда билігі негізінде қалыптасты деген ойларын білдіріп жүр, осы мəселеге тереңірек назар аударсақ, жоғарыда аталған саясаткерлер Ресейді Алтын Орданың мұрагері ретінде көрсеткілері келгені анық байқалады.

Мұрагерлік туралы мəселеге көшсек, онда мынандай тарихи шындық жатыр, қазіргі Қазақстан территориясын Шыңғыс ханның баласы ұлы қолбасшы Жошы билеп, кейін ол билік оның баласы Бату ханға көшіп, ол Батысқа əйгілі жорығын жасап, Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) империясын құрды жəне Қазақ жерлері осы ұлы мемлекеттің негізгі бөлігін құрады. Сондықтан, қазіргі уақытта Алтын Орда империясының заңды мұрагері — Қазақ хандығы болғанын дүние тарихында мойындататын аса жауапты, əрі ең мүдделі, ең маңызды кезең туған сияқты. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дəуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекет- терінің, бергі замандағы: Ұлы түрік қағандығы, Дешті-Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды» деген тарихи мəлімдемесі осы маңызды тақырыпты дамытуға жол салып отырғанын атап кетуіміз керек [17].

Ұлы Ұлыс (Алтын Орданың) тарихын, оның бір кезде жүргізген саясатын терең зерттеу керектігін Президентіміз Қ.-Ж. Тоқаевта бірнеше рет өзінің баяндамаларында атап отырғаны белгілі. «Біз Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына əлемнің назарын аудару... өте маңызды міндет» деп нақты көрсетіп берді [18]. Ал, осы ұлы билеушіміз Жошы ханның жеңімпаз қолбасшы баласы Бату хан Батысқа тарихи жорық жасап, орта ғасырдағы əлемдік маңызда болған Алтын Орданы құрғанын есептесек, Алтын Орданың мұрагері қазіргі Қазақстан екеніне объективтік түрде қарайтын ешкімнің күмəні болмауы керек сияқты. Осындай бағытта терең зерттеуді дамыту, Қазақ мемлекетінің тарихына жаңа құбылыс береді деп қорытындылауға болады.

Қорытынды

XIII ғасырда Еуразия кеңістігінде орын алған тарихи оқиғалар оның ішінде: Моңғол империясының құрылуы, одан кейін моңғол-түріктердің Бату ханның басшылығымен Батысқа жасаған жойқын жорығы жəне Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) сияқты көп ұлтты алып державаның пайда болуы адамзат тарихындағы орасан зор маңызы бар оқиға деп есептеуге болады. Бірақ, осы дүниежүзілік маңызы бар оқиғалар əртүрлі кезеңдерде зерттеушілердің еңбектерінде, əсіресе еуроцентристердің жұмыстарында бұрмаланып бағалау кезінде біржақты көрсетіліп келгені белгілі. Шын мəнінде тарихи-объективистік көзқараспен осы тақырыпты зерттеп зерделесек, онда мынандай дəлелді ақиқат жақтары өз-өзімен анықталады.

  1. Жошы ханның ұлы Батудың қазіргі қазақ жерінде болған Ордасынан көтеріліп, Батысқа жорық ұйымдастыру, ол ұлы атасы Шыңғысханның өсиетін орындау болды, өйткені «көшпенділер соңғы теңізге дейінгі жерлерді бағындыру керек» деген, сол кісінің идеясы болған.
  2. Мақалада көрсетілгендей, моңғол-түріктердің жорығы деген сөздерге айқын дəлел бар, өйткені, Бату ханның армиясы əкесінен қалған 5–6 мың моңғол гвардиясынан басқасы, 90 пайыздан астамы түркі тайпаларынан жиған жауынгерлер болды.
  3. Осыған байланысты, моңғол-түріктерден құралған Бату əскері сол замандағы көшпенділердің озық соғыс тактикасы мен стратегиясын пайдаланып, қысқа мерзімде Русь жəне Шығыс славяндар жерлерін бағындырғаны тарихтағы ақиқат жағдай.
  4. Шығыс Еуропаға жасаған жеңісті жорықтарынан кейін, Бату ханның Ұлы Ұлыс (Алтын Орданың) державасын құрып, жаулап алынған Русь жəне Шығыс славяндар жеріндегі орыс князьдерінің таусылмайтын өзара соғыстарын тоқтатып, сол территорияларда бейбіт өмір ұйымдастырып, шаруашылықтарын, қалаларын, сауда жағын дамытуға əсер еткенін атап кетуіміз керек.
  5. Солтүстік көршілеріміздің тарихшыларында көп жыл бойы қалыптасқан «Орыстар өзінің күресімен Еуропаны моңғол-түріктерден сақтап қалды» деген, ешқандай жөні жоқ концепцияларына тоқталсақ, айтарымыз мынандай: Алтын Ордадан қаймыққан Еуропа мемлекеттері Шығыс славян жерлеріне үйреншікті шабуылдарын тоқтатқаны мəлім, сондықтан Русь жəне Шығыс славян жерлерінің сақталып қалуы Алтын Орданың арқасында болғанын айтатын уақыт жеткен сияқты.
  6. Бату хан құрған Алтын Орда шын мəнінде, көпұлтты империя болды, ол Шығыс пен Батыстың жақындасуына ерекше əсер етті. Сол кездерде оның территориясында шаруашылықтың дамуына, көптеген қолөнер-сауда орталықтарына айналған қалаларды салуға жағдай жасалды. Сонымен қатар, бұрын болмаған байланыс жүйелері ұйымдастырылып, Шығыстан Батысқа дейінгі сауда артериялары Алтын Орда хандарының қатал бақылауында болғаннан кейін, халықаралық сауда, мəдени қарым-қатынастар жоғарғы деңгейде болғанын атап кету керек.
  7. Шаруашылықтағы жағдайды анықтау, алым-салық жүйесін реттеу үшін, жаулап алынған Русь жəне Шығыс славян жерлерінде 1257 жылы тарихта бірінші рет халық санағы да Алтын Орда кезінде өткізілгенін айтқан жөн.
  8. Жошының ұлы Бату хан құрған Алтын Орда көптеген мемлекеттермен саяси-дипломатиялық байланысы болған ортағасырлық ұлы империя болғанын жəне оның əлемдік тарихта өзінің ерекше орны болғанын объективті түрде көрсету біздің алдымыздағы басты мақсат.
  9. Алтын Орда мұрагері қай мемлекет деген мəселе көп көтеріліп жатыр. Осы мəселеге келсек, айтатын бір ғана қағида бар. Алтын Орданы құрушы Ұлы Даланы билеген Жошы ханның баласы Бату хан қазақ жерінен шықса, оның жеңімпаз армиясының басым көпшілігі дала жауынгерлері болса, XV ғасырдың орта кезінде дербес Қазақ хандығының құрғандар ұлы Шыңғыс хан əулетінен шыққан Керей мен Жəнібек болса, Алтын Орданың нағыз мұрагері Қазақстан деп айтатын уақыт жеткен сияқты.

Ұсынылып отырған мақала, жоғарыда айтылған проблемаларға жауап ретінде жазылған еңбек деп есептеуге болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Всемирная история. Энциклопедия: [В 10 т.]. — М .: Госполитиздат, 1957. — Т. 3. — 896 с.
  2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней: [В 5 т.]. — Алматы: Атамұра, 1997. — Т. 2. — 620 с.
  3. Салғарин Қ. Хандар кестесі / Қ. Салғарин. — Алматы: Жалын, 1992. — 48 б.
  4. Советская историческая энциклопедия. / гл. ред. Е. Жуков. — Т. 3. — М.: Сов. энцикл., 1963. — 975 с.
  5. Пособие по истории СССР: учеб. пос. — М.: Высш. шк., 1987. — 735 с.
  6. Советская историческая энциклопедия. — М.: Сов. энцикл., 1965. — Т. 7. — 1022 с.
  7. Брокгауз Ф.А. Энциклопедический словарь / Ф. А. Брокгауз, И. А. Ефрон. — М .: ЭКСМО, 2007. — 560 с.
  8. Қазақстан тарихы. Очерктер. — Алматы: Дəуір, 1994. — 446 б.
  9. Советская историческая энциклопедия / гл. ред. Е .М. Жуков. — М.: Сов. энцикл., 1975. — Т. 16. — 1002 с.
  10. Большая советская энциклопедия. — М.: Сов. энцикл., 1970. — 608 с.
  11. Зуев М.Н. История России: учеб. для вузов / М.Н. Зуев. — М.: Приор-издат, 2005. — 688 с.
  12. Кузембайулы А. История Казахстана: учеб. для вузов / А. Кузембайулы, Е.А. Абиль. — СПб.: Соларт, 2004. — 419 с.
  13. Соловьев С.М. История России с древнейших времен до наших дней:[В 15 кн.]. / С.М. Соловьев. — М.: Изд-во соц.- экон. лит-ры, 1963. — Кн. II. — 782 с.
  14. История СССР с древнейших времен и до наших дней: [В 12 т.]. — М.: Наука, 1966. — Т. 2. — 622 с.
  15. Советский энциклопедический словарь. — М.: Сов. энцикл., 1985. — 1600 с.
  16. История СССР с древнейших времен до конца XVIII в.: учеб. для вузов. — М.: Высш. шк., 1983. — 415 с.
  17. Жұртбай Т. Қазақ хандығы — Алтын Орданың заңды мұрагері / Т. Жұртбай // Егемен Қазақстан. — 2015. — 15 қыркүйек.
  18. Тоқаев Қ.-Ж. Жошы ханды ұлықтамақ / Қ.-Ж. Тоқаев // Жас Алаш. — 2019. — 21 тамыз.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.