Солтүстік қазақстандық əйелдердің Ұлы Отан соғысындағы ерліктері

Қазіргі қоғамда əйелдер мəселесі көптеген зерттеушілердің назарын жоғары аударуда. Сонымен бірге бұл мəселенің өзектілігі шетелдік тарихнамадағы гендерлік жолмен жүретіндер арасында əйелдер мəселесінің жаңа бағыттарының пайда болуымен байланысты өсе түсті. Аталмыш үрдіс қазіргі заманғы қазақстандық тарихшылар еңбектерінен де байқалған. Ұлы Отан соғысының сабақтарын талдағанда, халықтың əлеуметтік-географиялық тобының, оның ішінде əйелдердің Жеңіске қосқан үлесінсіз зерттеу мүмкін емес. Ұзақ уақыт бойы əйелдердің əскери қимылдарға қатысуы кең етек алмады, бұл тек қана Ұлы Отан соғысы жылдарында ғана жаппай сипатқа ие болды. Ұлы Отан соғысындағы əйелдер еркектермен қатар жаумен күресте ержүректілік, қаһармандық жəне рухының күшін көрсете алды, əйелдер мен қыздар қанқұйлы басқыншы жаумен шайқасты. Ұлы Отан соғысы кезіндегі əйелдер мəселесін зерттеу бұл сұрақтың шешімін əрбір жекелеген аймақ бойынша есепке алып қарастыру арқылы жүзеге асырылуды талап етеді. Мақала Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941– 1945 жж.) əскер қатарына Қазақ КСР-нің Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарынан шақырылған əйелдердің ерлігіне арналған. Əскери қызметкер əйелдердің ерліктері мұрағат құжаттарының жəне «Ұлы Отан соғысындағы 1941–1945 жж. халықтың ерлігі» электронды банк құжатының негізінде сипатталды. Автор қарапайым жəне елеусіз нəзікжанды батыр əйелдердің майданның барлық шебінде батырлықпен шайқасып, күннен күнге ерен ерліктерімен Жеңіс күнін жақындатқандығын көрсеткен.

Кіріспе

Ұлы Отан соғысы ХХ ғасыр тарихындағы салдары бойынша ең ауқымдысы, ерліктері бойынша ең даңқтысы. Əйелдер ерлермен, балалармен жəне ақсақалдармен бірге соғыстың барлық ауыртпалығын өз иығында алып шықты. Олар соғыстың жылнамасына көптеген жарқын беттерді жазып қалдырды.

Əйелдердің Қарулы күштер құрамына жаппай шақырылуы ХХ ғасыр тарихына тəн сипат алған құбылыс. Жалпы КСРО–ғы жəне шетелдік мемлекеттердің екінші дүниежүзілік кезіндегі Қарулы күштер құрамындағы əйел-жауынгерлердің санына байланысты ақпарат келесідей: КСРО бойынша — 490 235, АҚШ бойынша — 350 000, Ұлыбритания бойынша — 125 000, Франция бойынша — 15 000 (француздық əскерлер құрамында ерікті жалдамалы жұмысшылар ретінде тіркеуге алынған) [1, б. 26, 27].

Соғыстың төрт жылы бойы КСРО-дан əскер қатарына 500 мыңнан 1 миллионға дейін əйелдер шақырылған. Ұлы Отан соғысының басталуымен Е.С. Сенявская «əскерге жүз мыңдаған əйелдер еркектерден қалмай, ең бастысы олармен қатар Отан қорғау құқына ие екендіктеріне, əскери қызметтің барлық қиыншылықтарын көтере алатындықтарына сенімділік сезіммен аттана бастады» деп атап өтеді [2, б. 81]. В.С. Мурманцева бойынша, барлығы қан майданда 800 мыңнан астам əйел жауынгерлер ерлермен бірге елін, жерін қорғаған [3, б. 3]. Көріп отырғанымыздай, Қызыл əскер қатарында болған əйелдердің нақты саны туралы біржақты мəліметтер жоқ.

Сол себептен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы əйелдер мəселесін, əйелдердің майдан мен тылдағы ерліктерін зерттеу бүгінгі күннің өзекті мəселелерінің бірі. Ұлы Отан соғысы тарихындағы гендерлік сипатқа назар аудару аса қажет, бұл Ұлы Отан соғысына қатысқандарды жынысына қарай бөлмей, мəселені кеңінен зерттеуге мүмкіндік береді, жалпы əлеуметтік-демографиялық топ өкілдерінің майдан мен тылдағы ерліктерін жəне жеңіске қосқан үлестерінің бірдей екендігін нақтылауға көмектеседі.

Корреспондент автор. E-mail: gauhar-mukhataeva@yandex.kz (Г.А. Мухатаева)

Мақалада Ұлы Отан соғысына қатысқан солтүстік қазақстандық əйелдердің майдандағы ерліктерін жан-жақты сипатталған.

Методология жəне зерттеу əдістері

Мақаланы жазу барысында əртүрлі эмпирикалық зерттеудің əдістері: салыстыру, сипаттау; теоретикалық танымның əдістері; жалпы логикалық əдістер мен зерттеудің анализ, синтез, аналогия, жүйелік тəсілдері қолданылды. Сонымен бірге əскери кезеңнің материалдары мен қазақстандық мұрағаттардағы (Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, Орталық мемлекеттік мұрағат мен облыстық мұрағаттар) жəне ресейлік мұрағаттардың (Ресей мемлекеттік əлеуметтік-саяси тарихы мұрағаты мен Ресей Федерациясы Қауіпсіздік министрлігінің орталық мұрағаты) құжаттары қолданылды. Тікелей əйелдердің соғыс жылдарындағы ерліктеріне негіздеме Ресей Федерациясы Қауіпсіздік министрлігінің «Ұлы Отан соғысындағы 1941–1945 жж. халықтың ерлігі» ашық ақпараттық ресурс көзі болды жəне тек Қазақ КСР-нің Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарынан əскер қатарына шақырылған əйелдердің ерлігі ғана зерттелді.

Пікір-талас

Ұлы Отан соғысы жылдарында Бас штабтың ұйымдастыру-мобилизациялау басқармасының (ГОМУ ГШ) берген мəліметінде КСРО бойынша əскери қызметке 490 235 əйел мобилизацияланған деп атап көрсетіледі. Оның ішінде: 1941 ж. — 5 594 адам, 1942 ж. — 235 025 адам, 1943 ж. — 194 695 адам, 1944 ж. — 51 306 адам, 1945 ж. — 3 615 адам [4, б. 38]. Көптеген əдебиеттерді талдау барысында Ұлы Отан соғысы жылдарына дейін Қызыл əскер қатарында əйелдердің қызмет етпегенін жəне əйелдерді əскер қатарына шақыру ең көп 1942–1943 жылдарға келгендігін көруге болады, сəйкесінше 47,9 % жəне 39,7 %.

ҚР Президент мұрағатындағы мəліметтер бойынша Қазақ КСР-нан əскер қатарына мобилизацияланған əйелдер 5250 адамды құрады. Оның ішінде облыстар бойынша: Алматы — 1780, Жамбыл — 368, Оңтүстік Қазақстан — 755, Қызылорда — 457, Солтүстік Қазақстан — 706, Көкшетау — мəлімет жоқ, Ақмола — 574, Қарағанды — 112, Павлодар — 84, Семей — 74, Шығыс Қазақстан — 333, Талдықорған — 7 [5, б. 4]. Бұл жерде мəліметтің тек сержанттық жəне жауынгерлік құрам бойынша ғана берілгендігін атап өткен жөн.

Өкінішке орай, облыстық мұрағат құжаттары бойынша, облыстық əскери комиссариаттардағы 1941–1945 жж. Қызыл əскер қатарына мобилизацияланғандардың құрастырылған тізімдерінің негізінде ғана барлық əскер қатарына шақырылған жəне еріктілер құрамында болған солтүстік қазақстандық əйелдердің нақты санын кесіп айту мүмкін емес.

Соғыстың алғашқы күндерінен əскери комиссариаттарда еріктілер қатарына жазылған, жалғыз ғана — майданға жіберуге өтінген солтүстік қазақстандықтардың өтініштері көп болды. Мысалы, 1941 жылдың маусым-шілде айларында тек Ақмола теміржол торабының теміржолшыларының атынан ғана 290 осындай мазмұндағы өтініштер түскен [6, б. 4]. Майданға жіберуге сұранғандар қатарында еркектер мен əйелдер де, бозбалалар мен бойжеткендер де, əртүрлі ұлт өкілдері де болды. Осы тұста еріктілер қатарына алу бойынша жазылған өтініштердің жартысына жуығы əйелдерден түскендігін атап өткен жөн.

Осындай өтініштердің бірі Ақмола облысы бойынша біріктірілген аудандық əскери комиссариатқа батальон комиссары Норец жолдасқа комсомол Д. Əбілдинадан жолданған: «Осы өтінішіммен Сіздің рұқсатыңызбен мені еріктілер тізіміне қосуыңызды сұраймын, осылайша мен соңғы тамшы қаным қалғанша өзімнің туған Отанымды қорғағым келеді. Гитлерлік қарақшылармен еркіндік үшін, Отан үшін, Сталин үшін күрескім келеді. Менің өтінішімді жауапсыз қалдыр- мауыңызды сұраймын. 12 тамыз 1941 ж.» [7, б. 4].

«Шаруа-крестьян Қызыл əскер қатарына алуларыңызды сұраймын. Өз атажұртымды соңғы тамшы қаным қалғанша қорғауға уəде етемін» — деп комсомол қалалық комитетіне өнеркəсіп комбинатының жұмыскері Ғазиза Ашмухамбетова жазған. Осындай мазмұндағы өтініштер Амантай Иябековадан, Надежда Дьяченкодан келіп түскен. Соғыстың алғашқы жылдарында еріктілер қатарында майданға аттанғандар құрамында: О.А. Левина-Гудкова, О.Н. Караганова, М.С. Рустем- бекова, Р. Мухаметовалар [8, б. 5] жəне т.б.

жылы Ақмола аудандық əскери комиссариатына түскен 213 еріктілермен жазылған өтініштер тізімінің қатарында С.Д. Серебренникова, Л.Я. Коношенкова, Е.Ф. Мартыщенкова, Е.Ф. Кондрашева, Е.Н. Карандашева, Т. Самаркина, Е.П. Мальцева, М.И. Козловская, Е.А. Фили- повская, С.А. Филипповская, Е. Чернова, Т.В. Чковлева, Р.К. Родионова. жəне т.б. əйелдер бар [9, б. 73].

Көкшетаулық Яхина Марьям Хасановна естеліктерінде: «Ол кезде мен жиырма тоғыз жаста едім. Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Ел басына күн туды. Алты жасар Альфиямды туыстарыма апардым да, əскери комиссариатқа барып, майданға жіберуіңізді өтінемін» дедім. Соғыс комиссариатының қызметкері: «Қарағым, соғыстың аты — соғыс. Үйіңе бар» — деді. Бірақ мен бұл сөзді тыңдаған жоқпын. Үйге қайтып келген бойда Совет Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетіне «Майданға аттануыма рұқсат етіңіздер, сүйікті Отанымызды гитлерлік басқыншылардан қорғағым келеді!» — деп хат жолдадым» деген [10].

Артиллерия дивизиясының минометшісі Жексенова Гүлбану Мұсақызы: «Мен соғысқа аттанамын, майдан даласынан Сағитты іздеп табамын. Жаудан жолдасымның кегін аламын, Отан қорғауға барамын! — деп əскери комиссариатқа барып соғысқа сұранғанмын. Сөйтіп Мəскеудегі соғысқа өз еркімен аттанған майдангер қыз-келіншектер дивизиясына қатардағы жауынгер болып қабылдандым» — деп еске алған [11, б. 1–3].

Əйелдер майданға жіберілместен бұрын арнайы оқудан өтті, себебі 1941 жылдың 1 қазанынан бастап арнайы əскери жалпы оқыту жүйесі енгізілген еді. Бұл қорғаныс үйірмелері жалпы саны 3176 адамды қамтыды: оның ішінде ерлер — 2103, əйелдер — 1073, 391-і үй шаруашылығымен айналысатын əйелдер. Сонымен бірге Ақмолада үш кеңес беру пунктері құрылды (парт. кабинет, спортзал, ескі Ақмола станциясындағы ОСО), бұларда күнделікті таңертеңгі сағат 7 мен 10 арасында арнайы кеңесшілер кезекшіліктерін өтеді. Қалалық емхана мен Ақмола станциясына қарасты емханада 56 адамнан тұратын санитар дружиналары құрылды, оның құрамына жоғары жəне орта білімді дəрігерлер мен медбикелер кірді. Қыздар тарапынан өндіріс орындарынан үзбей қысқа мерзімді (айлық) медбикелер курстары ұйымдастырылды, онда 102 адам оқытылды. Жұмыс істейтін жəне үй шаруашылығымен айналысатын əйелдерге өндіріс орындарынан үзбей жүргізушілер курсы ұйымдастырылды, онда 62 əйел оқиды: 50 адам жұмыс істейтіндер тарапынан жəне 12-сі үй шаруашылығымен айналысатын əйелдер [9, б. 86–87].

Ұлы Отан соғысы əйелдердің барлық əскери мамандықтарды игеруінің жарқын үлгісі, бұл жылдары олар пулеметші, барлаушы, байланысшы, танк жүргізушісі, ұшқыш та, мерген де бола білді. Əрине соғыста дəрігерлердің үлкен маңызға ие болғаны сөзсіз. Қызыл əскер қатарына алғашқылардың бірі болып медициналық қызметкерлер алынды. Ұлы Отан соғысы жылдарында əскер мен флотта 200 мың дəрігер жəне 500 мыңнан аса фельдшерлер, медбикелер, санинструкторлар мен санитарлар əскери қызметтерін өтеді [3, б. 16]. Демек, Ұлы Отан соғысы жылдарында əскер қатарында 40 % əйел-дəрігерлер мен 80 %–дан аса кіші жəне орта медицина қызметкерлері болған. Қазақстан да майданға медициналық қызметкерлерді жіберуде ауқымды рөл атқарды.

Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысының əскери комиссариаттарынан майдан қатарына шақырылған əйелдер 1941 жылы желтоқсан – 1942 жылы ақпанда Ақмолада құрылған 29-шы (72-ші гвардиялық) атқыштар дивизиясы мен 1941 жылы шілде-тамыз айларында құрылған 310-шы Ленин Орденді Қызыл тулы Новгород атқыштар жəне 1941 жылы тамыздың аяғы мен қарашаның басында құрылған 387-ші Перекоп атқыштар дивизияларының құрамында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында 1941 жылы шілде – тамыз айларында жасақталған 314-ші Кутузов Орденді Кингисепп атқыштар дивизиясының жеке медико-санитарлық батальондар құрамында əскери қызметтерін өтеген.

310-шы атқыштар дивизиясының 245-ші жеке медико-санитарлық батальонының құрамында Ақмола облысы Рузаев АƏК-мен əскер қатарына шақырылған Давыдова Анна Ефимовна мен Речута Мария Михайловна, Ақмола облысы Атбасар АƏК-мен əскер қатарына шақырылған Величко Пелагея Андреевна мен Полянская Пелагея Ильинична, Ақмола облысы Вишневск АƏК-мен əскер қатарына шақырылған Плотникова Ирина Ивановна, Ақмола облысы Арықбалық АƏК-мен əскер қатарына шақырылған медбике Фильчукова Анна Илларионовна [12, б. 7] жəне Ақмола АƏК-мен əскер қатарына шақырылған Завертяева Клавдия Ивановна, Ақмола АƏК бойынша еріктілер қатарынан болған Гудкова Ольга Анатольевна болды [13, б. 37].

310-шы атқыштар дивизиясының 1082 полкінің əскери фельдшері Завертяева Клавдия Ивановна 1917 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына Ақмола АƏК-мен шақырылған.

11 мамыр 1942 жылғы № 016/н бұйрығы бойынша «Қызыл Жұлдыз» орденіне марапаттау парағынан: «7 ай бойы ұрыс даласында Завертяева қоршауда бірнеше жауынгерлерге алғашқы көмек көрсетті. Дер кезінде көрсетілген көмек арқасында командирлер мен жауынгерлер өлімнен аман қалды. Гонтовая-Липка бойындағы Гайтолово, Тортолово, Кругла рощада миномет пен артиллерияның үзілмеген оқтарына қарамастан Завертяева ұрыс даласында 100 командир мен бірнеше жүз жауынгерлерге дер кезінде көмек көрсетіп, оларды полктерге жіберіп отырды. Командирлік пунктіні атқылау кезінде дивизия штабының командирі, аға лейтенант Голубевтің қолын жұлып əкетті. Завертяева ұрыс даласында жаудың толассыз миномет оқтарының астында Голубев жолдастың дер кезінде жарасын таңу арқылы оның өмірін сақтап қалды» [14].

310-шы атқыштар дивизиясының 245-ші жеке медико-санитарлық батальонының аға медбикесі Гудкова Ольга Анатольевна 1906 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1941 жылы шілде айында Ақмола АƏК бойынша еріктілермен келген.

11 мамыр 1942 жылы № 14/н бұйрығының жəне 11 наурыз 1944 жылы № 19/н бұйрығының негізінде «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен екі мəрте марапатталған.

Марапаттау парағынан: «Аға əскери фельдшер Гудкова Ольга Анатольевна Қызыл əскер қатарына ерікті ретінде келіп, 245-ші жеке медико-санитарлық батальонының алғашқы құрылу күндерінен аға хирургиялық медбике лауазымында. Жұмыс істеу уақытында өзін ең жақсы отансүйгіш азамат ретінде көрсете білді. Хирургиялық бригада құрамында хирург дəрігермен 257 ауыр ота жасады, əсіресе қыркүйек айында Путилово селосының түбінде Гудкова жұмыс істейтін бригада ота жасап жатқан сəтте жау авиациясы взводтың орналасқан жерін бомбалауға ұшыратса да, бригада отаны үзбей, əрі қарай жалғастыра берді. Гудкованың өмірінде мұндай мысалдар көп. Жара- ланған жауынгерлерге аналық мейіріммен қарайды. Батальон құрамында беделге ие. Сол себептен партия ұйымы Гудкованы партиялық бюроның хатшысы етіп сайлады. Хирургиялық бригада медбикесі мен партиялық бюроның хатшысы ретінде өз қызметін жақсы орындайды. Үздік атқарған жұмысы үшін Гудкова бөлім басшылығының екі алғыс хатымен жəне əскери құрамалар қолбасшы- лығының бір алғыс хатымен марапатталған. Гудкова үкімет пен партия шешімдерін өмірде белсенді түрде насихаттайды. Өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнердің белсенді қатысушысы» [14].

314-шы атқыштар дивизиясының 243-ші жеке медико-санитарлық батальонының құрамындағы солтүстік қазақстандық əйелдер: Елисеева Анна Александровна, Лобахина Мария Александровна, Бочерикова Елена Ивановна, Головина Просковья Федоровна, Жвакина Вера Георгиевна [15, б. 27, 28].

Елисеева Анна Александровна 1912 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1941 жылдың 26 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл ҚƏК-мен шақырылған [16, б. 80]. Соғыс жылдарында «Жауынгерлік ерлігі үшін» (4 желтоқсан 1941 ж.), «Ленинградты қорғағаны үшін» (5 шілде 1943 ж.), «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен (9 мамыр 1945 ж.) марапатталған.

9 ақпан 1945 жылы № 05/н бұйрығына сəйкес «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапаттау парағындағы ерлігі: «Елисеева медсанбатта аға хирургиялық медбике қызметінде жараланған жауынгерлер мен офицерлерге ота жасау үстелінің маңайында бірнеше тəулік бойы хирургтерге білікті хирургиялық көмек көрсетті. Ұрыс кезінде 800 адамға залалсыздандырылған материал дайындап, 30 минуттың ішінде 150-ден аса таңып байлауды жүзеге асырды, 15 қан құю ісін орындады» [14].

Лобахина Мария Александровна 1914 жылы туылған, орыс. Əскер қатарында 1941 жылдың 26 тамызында Солтүстік Қазақстан Петропавл ҚƏК-мен шақырылған [16, б. 80].

Марапаттау парағынан: «Лобахина 1944 жылдың 26 қаңтарында Кингисепп қаласының маңында ауыр жараланған жəне көшіруге мүмкін емес науқастарға көмек етуде ерекше көзге түскен. 30 рет қан құйып, 50-ден аса əртүрлі ерітіндіні көктамырға енгізіп, жараланған науқастарға шешелік мейірім танытып бірнеше тəулік бойы ұйқысыз, демалыссыз көмек көрсеткен. Оның тікелей қамқоршылы- ғының арқасында 30-дан аса жауынгер жақсы халде эвакуацияланды. Лобахина «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне лайықты». Марапаттауға ұсынған 243-ші жеке медико-санитарлық батальонының командирі, медициналық қызметтің капитаны В. Сухичев. 15 ақпан 1944 жыл» [14].

9 ақпан 1945 жылғы № 05/н бұйрығына сəйкес үкіметтік «Қызыл Жұлдыз» орденіне марапаттау парағындағы М.А. Лобахина ерлігінің қысқаша баяндалуы: «Лобахина медсанбаттың аға медбикесі қызметінде операциядан кейінгі ауыр жараланған науқастарға көмектесуде жəне оларды емдеуде үлкен жұмыс атқарды. Оның көмегімен 30 ауыр жараланған науқас жақсы халде эвакуацияланды. Өзі жеке 20 рет қан құйып, 15 рет əртүрлі стерильді ерітінділерді енгізіп, 50-ден аса таңғыш ораған. Жұмыстан тыс уақытта жараланған жауынгерлер мен офицерлерге газет оқып, туғандарына хат жазуға көмектескен» [14].

Бочерикова Елена Ивановна 1919 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1941 жылдың 17 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл ҚƏК-мен шақырылған [16, б. 80]. Соғыс жылдарында «Ленинградты қорғағаны үшін» (22 желтоқсан 1942 ж.), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (8 наурыз 1944 ж.), «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен (9 мамыр 1945 ж.) марапатталған.

28 ақпан 1945 жылғы № 08/н бұйрығына сəйкес үкіметтік «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Марапаттау парағынан: «Медсанбаттың аға медбикесі Бочерикова əскери шайқастар кезінде жараланғандар офицерлер мен қатардағы жауынгерлерге бірнеше тəулік бойы қызмет көрсетті. 30-дан аса қан құйып, 40-тан аса таңғыштар жасап, 10 ірі ота жасау барысына қатысты, 200 адамға залалсыздандырылған материал дайындады» [14].

314-шы атқыштар дивизиясының 471-ші медико-санитарлық батальонының құрамында солтүс- тік қазақстандық əйелдер Плескачевская Мария Тимофеевна мен Чернова Таисия Тарасовна болған.

Ақмола медициналық училищесінің түлегі, медбике Плескачевская Мария Тимофеевна 1922 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1941 жылдың тамыз айында Ақмола АƏК-мен шақырылған.

22 желтоқсан 1942 жылы «Сталинградты қорғағаны үшін», 20 сəуір 1943 жылы «Жауынгерлік ерлігі үшін», 31 желтоқсан 1945 жылы «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Плескачевская Мария Тимофеевна естеліктерінде: «дала госпитальдарында санинструкторлар, əскери фельдшерлер, медбикелер мен əскери дəрігерлер жараланғандардың өмірін сақтап қалуға барлық күш-жігерін салды. 15 сағат бойы хирургтер мен көмекшілер ота жасау үстелдерінен алыстамады» деп еске алған [17, б. 69].

Ерлігі: «471 мсб госпитальдық взводының аға медбикесі Плескачевская Қызыл əскер құрамында 1941 жылдың тамыз айынан, майдан даласында 1941 жылдың желтоқсанынан бастап. Оңтүстік-батыс майданда үнемі атқылаған оқтар астында хирургиялық топ құрамында болды. Ауыр жарақаттанған 900 адамға көмек көрсетті» [14].

Медициналық қызметтің лейтенанты Чернова Таисия Тарасовна 1919 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1941 жылдың тамыз айында Ақмола АƏК-мен шақырылған.

14 қазан 1944 жылғы № 037/н бұйрығына сəйкес «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапаттау парағынан: «Чернова медико-санитарлық батальонының құрамында құрылған күнінен қызмет етуде, осы уақыт ішінде өзін білікті медбике ретінде көрсетті. Жараланғандардың ағымы көп болғанда демалыссыз жауынгерлерге көмек көрсетумен болды. Қан құю техникасын жетік меңгеріп алған. Ұрыс кездерінде үнемі алдыңғы шепке хирургиялық топ құрамында ота жасауға, таңғыш орауға шығып отырған. Чернова ірі 150 ота жасауға қатысқан, ол 1800 жауынгерге хирургиялық көмек беріп, дəке таңған. Сол себептен де үкіметтік марапатқа лайықты» [14]. Сонымен бірге соғыс жылдарында «Сталинградты қорғағаны үшін» (22 желтоқсан 1942 ж.), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (21 наурыз 1943 ж.), «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» (31 желтоқсан 1945 ж.) медальдарымен де марапатталған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес үкіметі əйелдерді əскери қызметке тарту мақсатында бірнеше қаулылар шығарған, солардың ішіндегі тек ең ауқымдылары бойынша 1942 жылғы үш мобилизацияға сай əскер қатарына алынған солтүстік қазақстандық əйелдердің ерліктері төменде қарастырылатын болады.

Бірінші мобилизация Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес үкіметі əйелдерді əскери қызметке тарту мақсатында Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 1942 жылы 25 наурыздағы ГОКО № 1488сс «Комсомол қыздарды əуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдеріне мобилизациялау туралы» Қаулысына сəйкес жүзеге асырылды, онда келесі мамандықтар бойынша: телефонист, радист, зенит артиллериясының қару-жарақшысы, зенит артиллериясының барлаушылары, кейбір прожекторлық станциялардың, зенит пулеметтерінің жəне аэростаттардың бақылаушылары, сонымен бірге қызмет көрсету бөлімінің əртүрлі мамандары ретінде 19–25 жас шамасындағы 40 % толық орташа білім алған жəне 5–7 сыныптық білімдері бар 100 000 комсомол қыздарды əскер қатарына алу жоспарланды [18, б. 157].

Зерттелінген құжаттар негізінде көптеген ерлік істерді байланысшы жəне радист қыздардың жасағанын көруге болады. Қызыл əскердің əскери-есептік мамандықтары ішінде бұлар жаяу əскер қатарында.

Сол əйелдердің бірі телефонист қызметін атқарған Колесникова Анна Алексеевна, 1922 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1943 Ақмола облысы Щучинск АƏК-мен шақырылған.

Ерлігінен қысқаша баяндау: «Штабтық ротаның ең үздік телефонисі. Өз ісінің техникасын өте жақсы меңгерген. Кескілескен ұрыстар кезінде телефон коммутаторының жұмысын қамтамасыз етеді, жұмыстағы үлкен жүктемеге қарамастан үнемі басшылықтың телефон желісі арқылы келісімсөздерді өз деңгейінде жүрзілуін жауаптылықпен орындайды. 13.10.1944 жылы Литва КСР-де телефон коммутаторына қызмет ету барысында жау толассыз оқтар жаудырып, коммутаторлық пункт ауыр оқ-дəрінің астында қалса да Колесникова өз жанын пида етіп, ештеңеден қорықпай жұмысын əрі қарай жалғастыра берді. 23.10–28.10.1944 жылы Латвия КСР-нің Калинин деревнясында өз кезекшілігі кезінде жұмыстың ауыр қарқына қарамастан басшылықты байланыспен қамтыды. Ұрыс үстінде үздік байланыспен қамтамасыз ете алғаны үшін мемлекеттік «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталуға ұсынылады. Марапатқа ұсынушы: 130 ГОБС командирі, гвардия подполковнигі Злобин. Марапатқа ұсынылу күні: 28 қазан 1944 жыл» [14].

6-шы аралас авиакорпусының 291 жеке байланыс ротасының телефонист-телетайписті Климова Евдокия Сергеевна, 1920 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1942 жылы мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау АƏК-мен шақырылған.

жылдың 5–11 шілде аралығында жасаған ерлігінен: «Телефонист-телетайпист Климова 6-шы аралас авиакорпусының 291 жеке байланыс ротасының құрамында 1943 жылдың наурыз айынан. Майданда 1942 жылдың мамыр айынан. Осы уақыт аралығында СТ–35 жəне Морзе телеграфты аппараттарын жақсы меңгерген. СТ-35 аппаратында сағатына 1500 сөз терсе, Морзе аппаратында 1 сағатта 500 топ құрайды. Əсіресе Климова 1943 жылдың 5 шілдесінен 11 шілдесі аралығында Орловск-Курск операциясының барысында ерекшеленді, онда телеграф аппараттарын тез жəне ширақ меңгергендігін көрсете алды. Əскери құжаттарды уақытылы қабылдап, тəулігіне телеграф аппараттары жалпы сөз саны 33500 сөзден тұратын 315 телеграмманың келуіне қарамастан əскери мəліметтерді бұрмалаусыз əрі қарай жіберіліп отыруын қамтамасыз етті. Тікелей байланыс барысында келіссөздерді тез жүргізді, басқа байланыстар бос болмағанда өзі жеке жолдастарына əскери бұйрықтардың жеткізілуіне тікелей көмек етті. Тəулігіне 12–15 сағат жұмыс жасап басқа телеграфистерге көмектесті» [14].

Радист Матюшко Анна Тимофеевна 1923 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1942 жылдың мамыр айында Ақмола облысы Щучинск АƏК-мен шақырылған.

«Ерлігі үшін» (18 тамыз 1943 ж.), «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» (16 мамыр 1945 ж.) медальдарымен жəне «Қызыл Жұлдыз» орденімен (16 мамыр 1945 ж.) марапатталған [14].

Əскери ерлігінің қысқаша баяндалуы: «Майданда 1943 жылдың тамызынан. Шынайы ұрыстар барысында сержант Матюшка ерекше ержүректілік пен қаһармандық көрсетті. Кескілескен шайқастарда дивизия командирінің корпус командирімен байланысын үзіліссіз жұмыс жасауын қамтамасыз етті. Одер өзені бойындағы ең кескілескен ұрыстарда жаудың толассыз оғының астында радиобайланыстың үздіксіз болуын жүзеге асырды. Ынталы, тапқыр радист ауыр сəтттерде сасқалақтамайды, жұмысына ықтуатты, радиостанцияда тəулігіне 16–18 сағат кезекшілік етіп, барлық күш-жігерін үздіксіз радиобайланыспен қамтамасыз етуге жұмсайды» [14].

Сержант Ельцова Мария Федоровна, 1923 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1942 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысы Красноармейск АƏК-мен шақырылған. 37 гвардиялық дивизиясының 40-шы жеке гвардиялық барлаушы ротасының барлаушысы.

Майданда 1942 жылдың қазан айынан, Ұлы Отан соғысының келесі майдандарының қатысушысы: Калинин майданы (1942 ж. қазан), Волховск майданы (1942 ж. желтоқсан), Ленинград майданы (1943 ж. ақпан), Орталық майдан (1943 ж. мамыр), Витебск бағытындағы майдан (1944 ж. мамыр), Прибалтика майданы (1944 ж. тамыз), II Белорус майданы (1945 ж. қаңтар).

Марапаттау парағынан: «Гвардия сержанты Ельцова Мария Федоровна 1942 жылдың қазан айынан 1945 жылдың қаңтар айына дейін бақылау ротасында өзін тəртіпті, бұйрықтар мен нұсқауларды бұлжытпай орындайды. Одер өзенін шабуылдау кезінде гвардия старшинасы Ельцова Одердің батыс жағында болған барлаушыларды уақытылы тамақпен қамтамасыз етіп отырды. II Белорус майданы бойынша № 0131 бұйрыққа сəйкес гвардия старшинасы Ельцова «Қызыл Жұлдыз» орденіне лайықты» [14].

Келесі Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 1942 жылы 13 сəуірдегі ГОКО № 1595сс «Майдан- дағы, армиядағы жəне байланыстың батыс бөлімдерінде, байланыстың тылдағы орталығындағы қызыл əскерлерді əйелдермен алмастыру туралы» Қаулысының бірінші пунктінде: «Майдандағы, армиядағы жəне байланыстың батыс бөлімдерінде, байланыстың тылдағы орталығындағы Қызыл əскерлерді 30 мың əйелдермен алмастыру туралы. Оған сəйкес келесі мамандықтар бойынша: а) бодистер, эстистер, морзистер, телефонистер, радистер, телеграф техниктері, телефон-телеграф шеберлері, радиомастерлер, кино-радиомеханиктер, дала поштасының жұмыскерлері мен экспедиторлар — барлығы 24 144 адам. б) сызбашы, кеңсе хатшысы, іс жүргізуші, аспазшы, қоймашы, фельдшер, кітапханашы, тігінші жəне басқа да қызмет көрсетушілер — барлығы 5856 адам» [19, б. 105–107] мобилизациялау жоспарланды.

Əскери мамандықтар ішіндегі ерекше деп əскери аспазшы кəсібін атауға болады. Майдандағы аспазшыларға солдаттар мен офицерлер ерекше ілтипат көрсеткен. Бұл Қызыл əскердің əскери- есептік мамандықтар тізімінде қызмет көрсету құрамына жатқызылған.

Аспазшы Лозицкая Мария Яковлевна 1921 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1943 жылдың 6 ақпан айында Ақмола облысы Атбасар АƏК-мен шақырылған. 11-жеке гвардиялық танк полкінің 3 танк батальонының гвардия кіші сержанты аспаз қызметін атқарған.

«Ұрыс кезінде 12 маусым 1944 жылы Редну Митрополия маңында бөлім аспазы қызметін атқару барысында жауынгерлік экипаждар үшін уақытылы дəмді жəне сапалы тамақ дайындады. Бірнеше рет жаудың жаудырған минометтік артиллериялық оқтарының астында танкшыларға тамақты жеткізумен айналысты».

Қорытынды 3-танк батальонының гвардия капитаны Панфиловпен: Жауынгерлік экипаждар үшін уақытылы сапалы тамақ дайындағаны үшін мемлекеттік «Ерлігі үшін» марапатқа ие болуға лайықты деп берілген [14].

Иванова Мария Филипповна 224-ші гвардиялық атқыштар полкінің 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 3-ші атқыштар батальонының взвод аспазшысы, қатардағы жауынгер, 1915 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1942 жылы 18 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Чистоозерск АƏК-мен шақырылған.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ұсынылған марапат парағынан: «Грон өзенінің батыс жағалауында жаудың ауыр артиллеристік-минометтік оқтарының астында батальонның алдыңғы шебіндегі офицерлер мен жауынгерлерге дер кезінде ыстық тамақты əкеліп отырған. Немістердің толастамаған оқтарына қарамай əрбір жауынгер үшін тамақты жеткізіп беріп отырған, осы үшін оны батальонның офицерлері мен жауынгерлері аса құрметтейді. Тамақты дəмді жəне уақытылы дайындауға тырысады. Кезекті ұрыс кезінде Солдико селосының маңында 1945 жылдың 18 ақпанында өзі жараланған» [14].

Аспазшы Никитченко Ираида Васильевна, украиндық. 1920 жылы туылған. Əскер қатарына 1942 жылы 11 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Пресновск АƏК-мен шақырылған.

«Күнделікті жауынгерлерге күтім жасап, əскердің ұзақ уақытқа шабуыл жасау кезінде дəмді ас дайындап, жауынгерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз еткені үшін 1945 жылдың 30 мамырындағы № 018/н бұйрығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған [14].

Қаулының «б» тармағына сəйкес мобилизациялауға қарастырылған кеңсе хатшылары мен іс жүргізушілері де Қызыл əскердің əскери-есептік мамандықтар тізімініне сəйкес қызмет көрсететін құрамға жатқан.

II дəрежелі бақылаушы Мальцева Анна Георгиевна, 1924 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1943 жылы Петропавл АƏК-мен шақырылған. 1943 жылдан 60-шы армияның құрамында əскери цензура бөлімінде əскери қызметін өтеген.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» (24 ақпан 1945 ж.) жəне «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» (9 мамыр 1945 ж.) медальдарымен марапатталған.

Марапаттау парағынан: «Жұмысына өте ықтуатты, əділ, барлық күш-жігерін неміс басқыншыларына қарсы күреске жұмылдырған. Соңғы 3 айда Мальцева майданнан жəне тылдан келетін 130 мың хатты бақылаған, тексеру барысында аса қырағылық танытып маңызы бар оперативті жəне ақпараттық мəліметтерге ие болды» [14].

322-ші атқылаушы авиациялық дивизиясының оперативті барлау бөлімі басқармасының кеңсе хатшысы-машинист, кіші сержант Коваль Вера Кирилловна. 1923 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1942 жылы Петропавл АƏК-мен шақырылған.

15 наурыз 1944 жылғы № 03/н бұйрығына сəйкес əскери ерлігінің баяндалуы: «Писарь, аға машинист жұмысын атқару барысында Коваль өзін қиындықтарға қарсы тұра алатын кіші командир ретінде көрсете алды. Дивизияның I–ші Прибалтикалық майдан кезінде уақытпен санаспай əскери бұйрықтарды, нұсқаулықтарды жəне оперативті құжаттарды күнімен-түнімен терді, осы əрекетімен дивизияның əскери тапсырмаларды сəтті орындауына тікелей əсер етті. Əскери жəне оперативті құжаттарды тез, əрі Қызыл əскердің штабтарына дала қызметіне қойылатын талаптарға жəне НКО № 0150 бұйрығына сəйкес теріп отырды. Кез-келген жағдайда əскери жəне оперативті құжаттарды қабылдап жəне жіберіп отырғаны үшін, əскери бұйрықтарды, нұсқаулықтарды жəне оперативті құжаттарды уақытылы жəне сауатты тергені жалпы дивизияның əскери тапсырмаларды сəтті орындауына тікелей əсер еткені үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне лайықты» [14].

Екі аптаға жетер жетпес уақыт аралығында Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 1942 жылы 18 сəуірде ГОКО–№ 1618сс «Тылдағы бөлімдер мен Қызыл əскердің əскери əуе күштерінің мекемелерінде əскери қызметкер еркектерді əйелдермен алмастыру туралы» Қаулысы қабылданды. Бұл Қаулыға сəйкес əйелдердің үшінші ауқымды мобилизациясы жарияланды. Бұл жолы жастары 19– 25 шамасындағы 40 000 əйел əкімшілік-шаруашылық қызметтерге (қойма меңгерушісі, жүргізуші, тракторшы, аспаз, қоймашы, есепші) жəне алдыңғы шақыртуларды толықтыру үшін қосымша байланыс əскеріне бағытталды. Мобилизацияланған əйелдердің бір бөлігі алдымен оқыту курстарына жіберіліп, кейін 1,5–2 айдан соң майданға аттандырылса, екінші бөлігі мобилизациялаудан кейін бірден майданға жіберіліп отырды. Бұл Қаулының 4-тармағына сəйкес əскери қызметтен босатылған жауынгерлер мен кіші командирлерді майданның жердегі жəне авиациялық бөлімдерін толықтыруға жіберу қарастырылды [20, б. 106–108].

Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының əскери комиссариаттарынан майданға шақырылған əйелдерді зерттеу барысында көбіне əуе əскерінде əйелдер қосымша қызметтерге (авиақаруландыру ісінің ісмерлері, бомбалаушы ұшақтарды қару-жарақтармен жабдықтайтын ұшақ механиктері, арнайы электрожабдықтар шеберлері, мотористер жəне т.б.) тағайындалып, ұшақтардың жəне оның қарулануын күнделікті қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды атқарғаны анықталынды.

249 авиациялық дивизиясының 305 истребительді авиациялық полкінің 3-авиаэскадрильясында авиақаруландыру ісінің ісмері, кіші сержант Шамшура Жүсіпова 1921 жылы туылған, қазақ. Қызыл əскер қатарына 1942 жылдың 24 маусымында Ақмола АƏК-мен шақырылған.

2 қыркүйек 1945 жылғы № 0147 бұйрығы бойынша «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапаттау парағынан: «305 истребительді авиациялық полкінің кіші сержанты Жүсіпова авиақаруландырудың материалдық бөлігін өте жақсы игерген. Қаруландырудың материалдық бөлігіне қатысты жұмыстарды өз бетінше жүзеге асырады жəне материалдық бөлігін өте таза ұстайды. Жапон жаулап алушыларына қарсы əскери іс–қимылдар барысында Жүсіпова Шамшура дайындаған самолет толығымен жабдықталған, 6 рет əскери амалдарға қатысып, жұмысында ақау болмады» [14].

Өмірі ұшақпен байланысты болған тағы бір қазақ қызы, ұшақ механигі мамандығын игерген көкшетаулық Мəдина Ысқақова. 1924 жылы туылған, қазақ. 1942 жылы мамыр айында ол жеке куə- ліктегі 1924 жылды 1921 жылға ауыстырып, өз еркімен əскери бөлімшенің əскер қатарына қабылдау пунктісіне барған, онда 17 қызды іріктеп алып Кемерова қаласындағы əуе байланысы мектебіне жібереді. 6 ай бойы қыздар 2 жылға жоспарланған бағдарламаны күніне 14–16 сағат бойы игерген. Авиациялық құрылғылардың бақылаушысы маманы болған Мəдина Ысқақова самолеттің оттегімен жабдықталуын қадағалаған. Кемерова қаласындағы əуе байланысы мектебін бітірген соң 240-шы жойғыш авиация полкіне қабылданып, атақты ұшқыш Иван Кожедубтың жеке механигі болды. Будапешт, София, Вена, Курск, Орел, Белгород қалаларын жаудан азат етуге қатысқан. Иван Кожедуб 330 рет əскери əуе шайқасына қатысып, жаудың 62 ұшағын жойғаны үшін үш мəрте Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды, осы ерлікке Мəдинаның да үлесі бар екені анық [21, б. 24–25].

Қызыл əскердің əскери-есептік мамандықтар ішінде қатардағы жауынгер құрамына мергендер жатқызылды.

Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 1942 жылы 13 мамырдағы ГОКО–№ 1744сс «Майдандағы мергендерге атақтарды тағайындау жəне еңбекақысын көтеру туралы» Қаулысына сəйкес мергендік істі дамыту үшін жəне мергендердің əскери қызметін ынталандыру мақсатында өз жұмысын өте жақсы игерген мергендерге оқу бітірген соң ефрейтор лауазымын беріп, 1942 жылдың 1 мамырынан мерген-ефрейтордың жалақысын айына 25 сом етіп тағайындау. Ұрыс даласында ерекшеленген мерген-ефрейторларға кіші сержант жəне сержант лауазымын беріп, 1–2 жыл əскери қызметте болғандарға — 30 жəне 35 сом, 3 жыл əскери қызметтегі кіші сержант пен сержантқа — 100 жəне 200 сом тағайындау туралы қарастырылды. Мемлекеттік марапаттарға ұсынған кезде шайқастардағы ерекшеленген мергендерге баса назар аудару қажеттілігі туралы айтылды [22].

Осы мергендердің қатарында ерліктерімен көзге түскен солтүстік қазақстандық əйелдер болған. Олар: Киселева Нина Александровна мен Ванцакова Анна Григорьевна (Ақмола облысы Ақмола АƏК-мен шақырылған), Осина Мария Федоровна, Землянова Мария Никитична, Поротикова Мария Александровна, Коталевич Тамара Григорьевна, Носырава Екатерина Григорьевна, Шишкина Мария Иосифовна, Цыпченко Надежда Ивановна (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют АƏК-мен шақырылған), Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл ҚƏК-мен шақырылған Григорьева Любовь Семеновна [14]. Осы аталған мерген-əйелдердің кейбіреулерінің ерліктеріне тоқталайып өтейік.

Осина Мария Федоровна, 1922 жылы туылған, орыс. 1943 жылы əскер қатарына Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют АƏК-мен шақырылған. 63-атқыштар полкі 1-атқыштар ротасының снайпері. Ерлігі: «1-атқыштар ротасының снайпері Осина Мария Федоровна 1944 жылдың 22 маусымында ұрыс даласындағы жау оқтарының астынан 10 жараланған жауынгерлерді қаруларымен алып шықты. Өзінің əскери есебінде 6 жойылған жауға ие».

жылдың 26 маусым № 055 бұйрығына сəйкес 63-атқыштар полкі 176-атқыштар дивизиясы бойынша «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған [14].

Ефрейтор Киселева Нина Александровна, 1920 жылы туылған, орыс. Əскер қатарына 1943 жылы Ақмола АƏК-мен шақырылған. 122 атқыштар дивизиясының 596 атқыштар полкінің мергені.

Əскери ерлігінің қысқаша сипаттамасы: «Кисилева жолдас 2 сəуір 1944 жылы алдыңғы шепте жаудың толассыз оғының астында неміс-фин жаулап алушыларын қырып-жоюда шебер. Мергендік істі жоғары дəрежеде меңгеріп, күндіз-түні өміріне қауіп төніп тұрса да біздің қорғаныстың алдыңғы шебіне бірінші болып жер бауырлап барып, жауды қырағылықпен аңдып, дəлдеп оқ жібереді. Қауіпті елемей ол бар күш-жігерін Отан қорғауға бағыттайды. Өзінің əскери, жанкешті əрекеттерімен басқа мерген қыздарды фашистерді жоюға еліктіреді. Қиындықтар мен əскери ауыртпашылықтарға қарамастан өзінің мергендік винтовкасымен 6 неміс-фин жаулап алушыларының көзін жойды. Өзінің əскери шеберлігі мен дағдыларымен басқа мерген қыздарға үлгі болып, оларға неміс жаулап алушылармен күресте олардың ерік-жігерлеріне сенім ұялатты. Қорытынды: мергендік істі шебер меңгергені үшін, оны істе жауды жоюға нəтижелі қолданғаны үшін мемлекеттік марапатқа лайықты».

1944 жылдың 5 маусым № 0229 бұйрығына сəйкес, əскери тапсырманы үлгілі орындағаны үшін жəне неміс жаулап алушыларымен күресте жауынгерлік айбын мен ерлік көрсеткені үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған [14].

Қорытынды

Осылайша, əйелдердің Ұлы Отан соғысы жылдарында жеңіске қосқан үлесі өте ауқымды. Солтүстік қазақстандық əйелдер Ұлы Отан соғысында ғаламат табандылық пен теңдесі жоқ ерліктің үлгісіндей бола алды. Əйелдердің əскери мамандықтарды игеруі, шайқастар кезіндегі қайсарлықтары, нəзікжандылардың ерен ерліктері, атқылаған оқтар астында басқаның жанына араша түсуі, Отанды қорғауға қосқан жеке үлестері тəнті етпей қоймайды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық əскер қатарына шақырылған жəне еріктілер құрамында болған солтүстік қазақстандық əйелдердің санын нақтылап көрсету мүмкін емес. КСРО бойынша Бас штабтың ұйымдастыру-мобилизациялау басқармасының берген мəліметіне сəйкес əскери қызметке 490 235 əйел шақырылған. Басқа мəліметтерде соғысқа қатысқан əйелдердің саны 800 мыңнан 1 миллионға дейін деп көрсетіледі. Бұл Бас штабтың ұйымдастыру-мобилизациялау басқармасы өзінің есебіне тек əскери қызметтегі əйелдерді ғана есепке алуымен байланысты болуы мүмкін.

Сонымен бірге, Қызыл əскер қатарына əйелдерді мобилизациялаудың шарықтау шегі 1942 жыл- ға сай келген (47,9 % құраған). Əрине бұл əйелдердің барлығы дерлік əскери іс-қимылдарға қатыспа- ған, жауынгер əйелдер көбіне авиация əскерінде, флотта жəне атқыштар əскерінде көптеп кездескен. Басым көпшілігі байланыс бөлімдерінде, автомобиль, гидрометеорологиялық əскер қатарында, тыл- дағы қызмет көрсету бөлімдерінде, əскери-медициналық бөлімдерде жəне т.б. болған. Сонымен бірге ұрыс даласынан алыс орналасқан зенит артиллерияларының бөлімдерінде, əуе бақылау бөлімдерінде, прожекторлық бөлімдерде көптеп əскери қызметтерін өтеген. Жарияланған құжаттар арқылы əскер қатарына шақырылған əйелдердің қызмет ету аясының кең болғандығын байқауға болады.

Зерттеу жұмысының барысында солтүстік қазақстандық майдангер əйелдер туралы электрондық база құрастырылды, онда əрбір əскер қатарына шақырылған əйелдің аты-жөні, туған жылы, майданға қашан жəне қайдан шақырылғаны, қызмет ету орны, əскери шені, марапаттары, қайда жерленгендігі туралы мəліметтер қарастырылды. Нəтижесінде 870 солтүстік қазақстандық майдангер əйелдер туралы мағлұмат жинақталды, жұмыс əлі де жалғасуда.

Ұсыныстар

Тарихнамада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан əйелдері тарихшылардың кешенді зерттеулерінің объектісі бола алмады. Аталған мəселенің тарихнамада жеткілікті тұрғыда қарастырылмауы осы мəселеге жіті назар аударуды талап етеді. Сонымен бірге соғыстағы əйел феномені, əйелдердің сұрапыл соғысты жеке қабылдау ерекшеліктері, майдандағы əйелдерге деген еркектердің қатынасы, майдандағы əйелдердің күнделікті өмір тарихы сияқты мəселелерді гендерлік тұрғыдан зерттеу қажет.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Барсукова Н. В. Женщины в Вооруженных Cилах СССР в 1941–1945 гг. (по материалам Краснодарского края): авто- реф. дис. ... канд. ист. наук: спец. 07.00.02 — «Отечественная история» / Н.В. Барсукова. — Красноярск, 2005. — 23 с.
  2. Сенявская Е .С. Человек на войне. Историко-психологические очерки / Е.С. Сенявская. — М.: Ин-т Российской истории РАН, 1997. — 232 с.
  3. Мурманцева В.С. Советские женщины в Великой Отечественной войне / В.С. Мурманцева. — М.: Знание, 1987. — 64 с.
  4. Великая Отечественная война без грифа секретности. Книга потерь / Г.Ф. Кривошеев, В.М . Андроников, П.Б. Буриков, В.В. Гуркин. — М.: Вече, 2010. — 384 с.
  5. ҚР ПМ. — Қ . 708. — Т . 9. — І . 1363.
  6. АОММ. — Қ. П–51. — Т. 1. — І. 190.
  7. ҚР ОММ. — Қ. 1660. — Т. 1. — І . 24.
  8. АОММ. — Қ. 258. — Т. 9. — І. 474.
  9. АОММ. — Қ. П–1. — Т. 1. — І . 256.
  10. АОТӨМ ағымдық мұрағат қорынан. КПФ 1013.
  11. АОММ. — Қ. 1525. — Т. 1. — І. 148.
  12. ЦАМО РФ. — Қ. 36649. — Т. 25627. — І. 3.
  13. ЦАМО РФ. — Қ. 1618. — Т. 2. — І. 37
  14. Электронный банк документов «Подвиг народа в Великой Отечественной войне 1941–1945 гг.» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://podvignaroda.ru/?#tab=navHome.
  15. ЦАМО РФ. — Қ. 1623. — Т. 2. — І. 18.
  16. ЦАМО РФ. — Қ. 1623. — Т. 2. — І. 6.
  17. АОММ. — Қ. П–51. — Т. 1. — І. 183.
  18. РГАСПИ. — Қ. 644. — Т. 2. — І. 43.
  19. РГАСПИ. — Қ. 644. — Т. 2. — І. 51.
  20. РГАСПИ. — Қ. 644. — Т. 2. — І. 53.
  21. Мэри. Естеліктер мен деректі əңгімелер / Құраст. А. Шикатаева. — Алматы: Телеарна, 2015. — 104 б.
  22. Материалы Государственного комитета обороны СССР за май 1942 года [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://teatrskazka.com/Raznoe/PostanovGKO/194205/gko_1744.html.
Жыл: 2020
Категория: Тарих