Антикалық жəне ортағасырлық философия тарихындағы кеңістік пен уақыт категориялары

Мақала антикалық жəне ортағасырлық философия тарихындағы кеңістік пен уақыт категорияларына арналған. Сол заманның ойшылдарының көзқарастарын салыстыра отырып, автор олардың бір-біріне болған жақындығын сипаттайды. Сонымен қатар, антикалық жəне ортағасырлық философтардың мəтіндеріне сүйене отырып кеңістік пен уақыт категориялар туралы ойларды салыстырған. Мақалада антикалық жəне ортағасырлық философтардың кеңістік пен уақыт туралы пікірлерінде бір-біріне сəйкес келетін ұстанымдары көрсетілген. Дегенмен, кейбір жағдайларда антикалық жəне ортағасырлық уақыт пен кеңістік туралы түсініктердің айырмашылығы да айқын көрсетілген. Жұмыста осы көріністердің ең маңызды ерекшеліктері атап өтілген. Сонымен, уақыт — қозғалыс пен бағытқа байланысты. Уақыт пен кеңістік — Құдайдың жаратқаны. Уақыт — оқиғалардың ауысуы. Уақыт пен Мəңгілік — қарама-қарсы үрдістер. Кеңістік — бұл сыйымдылық (вместилище), яғни континуум. Уақыт жан мен рухтың ішінде де өмір сүреді. Кеңістік пен уақыт, өлшеу жəне оларды тең бөліктерге бөлу мəселелерімен тікелей байланысты. Құдай уақыт пен кеңістіктің Негізі жəне олардан жоғары.

Кіріспе

Кеңістік пен уақыт категориялары əрқашанда философия əлемінде ең қызықты мəселелердің бірі болды. Мақалада антикалық философиядан бастап ортағасырлық ойшылдардың идеяларына дейінгі кеңістік пен уақыттың мəні туралы пікірталастардың кейбір аспектілері талданған.

Мақаланың мақсаты — антикалық жəне ортағасырлық философия тарихындағы кеңістік пен уақыт категорияларын қарастыру жəне талдау. Мақаланың міндеті: кеңістік пен уақыт туралы ежелгі жəне ортағасыр кезеңдердегі негізгі философиялық пікірталастарды талдау.

Кеңістік пен уақыт категориялары туралы идеялардың қалыптасу аясында, əдетте, антикалық философияда осы категориялар туралы алғашқы идеялардың бірі Демокрит, Платон, Аристотель, Парменид жəне Зеноның философиялық идеяларымен байланысты қарастыра бастайды. Сондықтан талдау Демокриттегі бостық (пустота) туралы, Аристотель мен Платонның кеңістік пен геометрия, сфера мен ғарыш арасындағы байланыс идеясынан басталады. Мақалада, сонымен қатар ортағасырлық ойшылдары Августин мен Томас Аквинскийдің теориялық ойлар шеңберіндегі кеңістік пен уақыт бейнелерін түсіндіру қиындықтары талқыланады.

Зерттеу əдістері

Зерттеу барысында танымдық, пікірталастық, жалпы, жеке əдістері пайдаланылды. Атап айтқанда: гносеологиялық, логикалық, диалектикалық, талдау, индуктивтік жəне дедуктивтік, салыстырмалы жəне т.б.

Нəтижелер жəне оларды талқылау

Зерттеушілер кеңістік пен уақыттың екі негізгі — субстанциалды жəне реляционды түсінігін ажыратады. Антикалық атомизм философиясының қайнар көздері бар субстанциалды тұжырым Ньютонға дейін философияда кең тараған жоқ. И. Ньютон тарихта алғаш рет өзінің абсолюттік кеңістік пен уақыт туралы зерттеуінде, кеңістік пен уақыттың субстанциалды тұжырымдамаларының негізгі ережелерін айқын тұжырымдады [1, б. 142]. Дəл осы Демокрит пен Ньютонда біз кеңістік туралы терең түсінік таба аламыз. Ньютонның абсолюттік кеңістігі Демокриттің бостығының

Корреспондент автор. E-mail: mery-7878@yandex.kz (М.Т. Уксукбаева) аналогы жəне физикалық нысандардың əрекет ету аумағы болып табылады [2]. Уақыт қандай да бір оған əсер ететін сыртқы əсерлерге қарамастан тəуелсіз жалғаса береді [1, б. 143]. Ал реляциондық тұжырым Платон жəне Аристотельден бастау алады [1, б. 143]. Уақыт дербес өмір сүруші емес жəне іргелі мəннен туындайды [1, б. 143]. Кейбір ойшылдарда уақыт алғашқы бастама ретінде, ал өзгелерде қарым-қатынас ретінде орын алады (осыдан реляциондық тұжырым атауы туындайды). Платон уақытты Құдайдың жаратылысы деп санады, ал Аристотель уақытты жан əрекетінің жəне объективті материалдық қозғалыстың нəтижесі деп санады.

Антикалық ғылымда олар уақытты құбылыс ретінде жəне əлемдегі заттардан алып тастауға тырысты. Мұнда антагонистер ретінде Архимед пен Аристотель, Парменид жəне Гераклит бой көрсетті. Архимед уақыт ағыны заттардың негізінің ерекшелігі емес деп санап уақыттың «элиминациясын» болжады. Аристотель нақты «қалыптасу» жəне уақыт құрылымының болуына орай уақытты іргелі ұғым ретінде қарастырды [3, б. 9]. Архимед үшін табиғат заңдары — бұл тепе-теңдік заңдары болды жəне уақыт қатынастары ешқандай рөл атқармайды, Аристотель уақытты талдамай түсіну мүмкін емес деді. Сонымен бірге ойшыл табиғатты «қозғалыс пен өзгерістің басталуы» деп тұжырымдады [3, б. 11]. Парменид үшін жоғары шындық уақыттан тыс болды, ал Гераклит үшін əлем — заттардың емес, оқиғалардың жиынтығы болды [3, б. 9].

Б.з.д V ғасырда Демокрит, Платон, Аристотель философияларында эволюциядан өте отырып, кеңістік туралы натурфилософиялық түсінік пайда болады. Платонда бейболмыс «өзге» (иное) ретінде, ал Демокритте ол «бостық» (пустота) ретінде болады. Аристотель жəне өзге де сыншылар атомистердің бостығын, яғни «ештеңені» «кеңістік» жəне «орынмен» теңестірді [4, б. 80]. Демокрит бостығы физикалық ұзақтылығына ие. «Демокритте «бостыққа» тəуелсіз «кеңістік» ұғымы болмаған» [4, б. 83]. Демокрит бостығы бірқатар кеңістік қасиеттеріне ие болып келеді. Аристотель денелердің бөлінуін — «атомистикалық бостықтың» негізгі функциясы ретінде бөліп көрсетті [4, б. 87]. Диоген Лаэратский тұжырымына сəйкес, бостық денелер үшін сыйымдылық (вместилище) қызметін атқарады [4, б. 87]. Атомистикада мұндай айқын түрдегі бостық қасиеттерін Эпикур жəне Лукрецияда байқауға болады [4, б. 88]. Бостық, уақыт жəне «тынысты» байланыстырушы бостық ұғымы пифагоршылдардың «шексіздік» түсінігімен іспеттес болды [4, б. 83]. Атомистердің кеңістік- бостығы Эйнштейн физикасындағы уақыт-кеңістік контиуумның шексіздік күйінде уақыт бірлігімен бірге көрініс тапты [5, б. 207]. «Біз кеңістіктің геометриялық түсінігін қалыптасуын ең алдымен Платоннан көре аламыз» [4, б. 85]. Демиург кеңістікті сфера жағдайына дейін жинақтады [6, б. 436]. Ғарыш құрылымын сипаттау үшін ең алдымен кеңістік («сфера», «өзінің ішінде» («в себе самом»)) жəне уақыт («тоқтамау», «қартаймау») туралы түсініктер болуы қажет. Платон кеңістігі — бұл бір сыйымдылық (вместилище) сияқты, яғни «кеңістіктік анықтығы мүмкін болмайтын кеңістіктің онтологиялық (болмыстық) шарты» деп түсінуге болады [4, б. 85]. Платонның пікірінше, соңыра Құдай «жылжымалы кейіптегі мəңгілікті жаратуды ойластырды... оны біз уақыт деп атадық» [6, б. 439]. Мəңгілікке бар деген ұғым, ал уақытқа — болды жəне болады ұғымы тəн болады [6, б. 439]. Уақыт қозғалыс модусында, ал мəңгілік — қозғалмайтын модус аясында түсіндіріледі [6, б. 439–440].

Аристотельдің «Физика» атты еңбегіндегі кеңістік табиғаты мен уақытын егжей-тегжейлі қарастырмай, олардың маңызды ерекшеліктерін көрсетеміз.

Аристотель осы «үш өлшемді денелердің жетілгені туралы пікірмен дəлелдегісі келген»

кеңістіктің үш өлшемділігі жəне уақыттың бір өлшемділігі [5, б. 203]. Аристотель философиясындағы осы кеңістіктің үш өлшемдік туралы нақты берілген түсінігі арқылы Евклид геометриясындағы көрсетілген «кеңістік туралы антикалық түсініктерді (оның ішінде оның өлшемділігін)» талдауға мүмкіндік пайда болды [5, б. 203]. Аристотель «бірмезгілділік» (одновременность) жəне «енді» (теперь) ұғымдарының айырмашылығын көрсету қажеттілігін көрсете отырып, «бір мезгілділік» ұғымның маңызды сипаттарын бөліп көрсетті [1, б. 139]. Кеңістік пен уақыт туралы мəселелерінің негізгі түсініктері — бұл себеп пен қозғалыс болып табылады. Аристотель себептерді төртке жіктейді [7, б. 140]. Болмыстың Бірінші себебі (Первопричина) ретінде ол бірінші бастаманы (Первоначало) атап өтеді. Бірінші бастаманың арқасында уақыт пен қозғалыс пайда болады. Аристотель осылай тұжырымдады: «... Кейбір қозғалмайтын мəңгілік мəндер қажетті түрде болуы керек... Уақыт ол қозғалыс, немесе қозғалыстың кейбір қасиеттері» [8, б. 327, 328]. Аристотель қозғалыстың төрт түрін бөліп көрсетті [7, б. 147]. Соңғы түрі — орынның ауысуы немесе орын ауыстыруы кеңістікпен байланысты: «Егер бірнəрсе қозғалса... онда оған қатысты кеңістікте өзгеріс пайда болуы мүмкін» [8, б. 331]. «... Өзгерістің ең алғашқысы — кеңістіктегі қозғалыс, ал осы қозғалыс аумағында (біріншісі) — дөңгелектік (круговое) болып келеді» [8, б. 331]. Аристотелдің пікірінше кеңістік ұзақтылық ретінде түсіндіріледі, себебі шеңбер ауданға ие болуы тиіс, ал сфера — қосымша тағы көлемге ие болуы тиіс. Уақыт қозғалыс сипаты ретінде түсіндіріледі. Уақыт пен қозғалыс байланысы, біз уақытты байқамай қалуымызға алып келеді. Қозғалыс — ол сабақтастық. Континуумда ұзақтылық «алдымен» жəне «кейін» деп ерекшеленеді [7, б. 148]. Аристотельде уақыт пен кеңістік «кейбір сандар мен үздіксіз шамалар ретінде анықталады» [8, б. 132].

Қозғалыстың есептелуін атап өту керек, себебі уақытты қабылдау жанның есептеу принципі ретінде қатысуын білдіреді. Жан болмаса, уақыт бола алады ма? Егер есеп болмаса, онда сан да болмайды. Егер заттардың табиғатында жанның ұқсастығы болса, онда жансыз уақыттың болуы мүмкін емес [7, б. 149]. Бұл ой Əулие Августиннің «уақытының спиритуалды қасиеттерін» [7, б. 149] жəне бірқатар заманауи ғылыми тұжырымдарды болжады.

Əулие Августин философиялық жүйесінің маңызды сұрақтарының бірі: «уақыт түсінігі қандай?». Əулие Августин «Тəубе» атты еңбегінде осы сұрақтарға жауап береді: «Уақыт дегеніміз не? [9, б. 26] Кім бұл сұраққа нақты, əрі қысқаша жауап береді?... Егер ештеңе өтпесе, онда өткен шақ болмаушы еді; егер ештеңе келмесе (бастау алмаса), онда келер шақ болмаушы еді; егер мүлдем ештеңе болмаса, онда нақты осы шақ болмаушы еді» [9, б. 26–27]. Августин уақыт пен мəңгілікті салыстыра отырып уақытты үш кезеңге бөлді: өткен, келер жəне нақ осы шақ. Мəңгілікті Құдай ғана болады жəне барлық уақытты жаратады. Оның бір күні — ол мəңгілік [10, б. 11, 12]. Уақыт ол ұсақ бөлшектерге бөлінбейтін ұзақтылық болып табылады. Мұндай ұзақтылық — ол сəт, яғни дəл осы уақыт болып табылады [9, б. 27]. Оның қысқалығы ондағы ұзақтықты жоққа шығарады. «Егер ол шексіз жалғаса бергенде, онда болашақтан өткен шақты бөліп ала алатын едік; осы шақ жалғаспайды» [9, б. 27]. Өлшеусіз уақыт, шын мəнісінде біздің жанымызда ғана бар: «Сенде, менің жаным, уақытты мен өлшеймін». Августин бойынша уақыт «онтологиялық (болмыстық) статустан айырылған, ол — субъекттің жанында немесе рухында жаратылыс (тварное) болмысының тек белгілі бір сипаты болып табылады» [9, б. 28].

Августиндегі осы шақтың қарама-қайшылығы кесіндіні шексіздікке дейін бөлу мүмкіндігінен шығады. Антикалық философия, керісінше, мұндай бөлінудің мүскін екенін алға тартты (Зенон апориялары). Августин осы шақты нүкте ретінде түсінеді, яғни нөлдік өлшемдіктің кеңістік нысаны. Августин де, Зенон да кеңістіктік кесінділердің сəйкес келу мəселесін, яғни өлшеу кесіндісінің өлшенетін өлшемге сəйкестігі жəне кез-келген кесіндегі бірліктердің (нүктелердің) белгілі бір мүлде бірегей санын мүлде дəл өлшеу мүмкіндігі туралы түсінеді.

Орта ғасырлардағы кеңістік пен уақыт туралы түсінік антикалық тəжірибеге қатысы бар болып келеді. Платонизм, перипатетика, Əулие Августиннің ілімі кеңістік пен уақыт туралы ортағасырлық ой қалыптасуының іргесі болды. XIII ғ. басына дейін христиан дінінде Платонның мұрасы үстем бол- ды. XIII ғасырдың басында Аристотельдің еңбектері латын аудармасында таралды. Шіркеу ілімдерімен бірге оның натурфилософиясының біріктірушілері ретінде Ұлы Альберт жəне Фома Аквинский болды [11, б. 104–108]. Алайда, шын мəнінде өзге де концепциялар болды, мысалы өзіне шіркеу айыптауын тілеп алған Сигер Брабантский дамытқан париждік аверроистерінің циклдік уақыт идеясы болды [12, б. 156]. XV-XVI ғ. Николай Кузанский мен Джордано Бруно уақыт шексіздігі жəне оның ұзақтығы туралы көзқарасқа жүгінді [13, б. 121]. Сонымен қатар, əртүрлі таптар мен қоғамдық топтар арасындағы кеңістік пен уақыт туралы түсініктердің айырмашылықтары туралы еске түсіруге болады [12, б. 51].

Антикалық беделділерге жүгінудің көптеген мысалдарды келтіруге болады. «Уақыт пен мəңгілік бір ұғым емес; мəңгілік — ол болмыстың мөлшері, ал уақыт — ол қозғалыстың мөлшері» — деп, Фома Аквинский айтып кетті [14, б. 833]. «Періштелік доктор» деп аталатын Фома Аквинский Аристотельдің «Метафизика» атты еңбегіне сүйеніп, осылай деді: «Уақыт — ол қозғалыс, немесе қозғалыстың қандай да бір қасиеті» [8, б. 327]. Сонымен бірге Платонның «Тимей» еңбегіне де сүйеніп, «Уақыт өте келе пайда болатын оқиғаға қатысты болды жəне болады, өйткені екеуі де қозғалыстың мəні болып табылады» деген [6, б. 440]. Əулие Августинге сілтеме жасап Фома Аквинский «жадқа бағынған өткен шақтың түсінігін» көрсеткен кезде байқалады [14, б. 855].

Ансельм Кентерберийскийдің «Монологион» атты еңбегінде Əулие Августиннің түсініктеріне ұқсас тұжырымдарды кездестіре аламыз. Жоғары табиғаттың (Құдайдың) қасиеттерін сипаттай отырып, ол осылай тұжырымдады: «Оның (Жоғары табиғаттың) ғасыры — нағыз мəңгіліктен өзге ештеңе емес — ол өткен, келер жəне осы шақ деп бөлінбейді» [15, б. 70]. Платонда да, Августинде де, Ансельм Кентерберийскийде де қасиетті табиғатқа байланысты уақыт пен мəңгілік ұғымдарында қарама-қайшылықтарды көре аламыз [15, б. 74]. Құдайдың кеңістіктік шексіздігі туралы пікірді Ансельм Кентерберийский Августиннің ойымен келісе отырып: «Құдай ол санамыз арқылы қабылданатын фигура, оның орталығы барлық жерде, бірақ шеңбері еш жерде жоқ» деген түсінік келтіреді [16, б. 167].

Гонорий Августодунскийдің уақыт туралы түсінігін осылай мəлімдейді: «Уақыт — ол заттардың (оқиғалардың) алмасуы (кезегі) (vicissitudo rerum)» [12, б. 51]. Ортағасырлық ойшыл антикалық философы Гераклиттің «əлем заттардың емес, оқиғалар жиынтығы болып табылады» — деген сөздерін қайталайды [3, б. 9].

Уақыттың аяқталуын Мейстер Экхарт осылай түсіндіреді: «Уақыттың мүлдем болмаған кезі — уақыттың аяқталуы» [17, б. 22]. Уақыт мəңгілік тіршіліктің, Құдайдың жəне өлмейтін жанның атрибуты болып табылмайды [17, б. 22]. Əулие Августинді еске ала отырып Экхарт онымен уақыт пен жан туралы түсінігімен келіседі, алайда Құдайдың күні — ол тұрақты «бүгінгі» күн деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, Əулие Августин ойымен келісіп, «Қазір Құдай əлемді дəл алғашқы тіршілікті жаратқандай жаратады» деген [17, б. 22]. Экхарт бойынша уақытты мəңгілікте қайшылық ретінде қарастырды. Оның пікірінше уақыт Құдайдың жаратылысынан бастау алды жəне ақыр заманмен аяқталады; сəтке қысылған уақыт мəңгіліктің шынайы сəті болып қалады [17, б. 22]. Уақыт аксиологиялық мағынада шамалы жəне зұлымдықпен байланысты [17, б. 26]. Сол себептен кейбір ұсқынсыз заттар, сонымен бірге əдемі жəне асқақтық заттар да кеңістіктік жəне уақыттық қасиеттерге ие емес, мысалы аспанды алайық [17, б. 64]. Егер жан аспанға көтеріліп Құдайды танығысы келсе, онда оны уақыт пен кеңістіктен тыс тану қажет, өйткені «Құдайды тануда уақыт пен кеңістік кедергі болады» [17, б. 64]. Экхарт өзінің еңбектерінде Əулие Августин есімін атап өтеді, бірақ зерттеушілер оның қызметін антикалық сөйлемдерге негіздеді [17, б. 12].

Орта ғасырда кеңістік туралы ұғымға антикалық математиканың əсері айқын көрініс тапты. Оксфорд философиялық жəне жаратылыстану мектебінің негізін қалаған Роберт Гроссетест кеңістіктің квантталғандығына сүйене отырып, кеңістіктің ықтимал дискреттілігі туралы Пифагор теоремасын болжамнан шығаруға тырысты [18, б. 18]. Ол кезде Оксфордтта кеңістікті континуум ретінде қарастыра бастады, яғни бір өлшемді құрайтын бірыңғай нүктелер жиынтығы ретінде. Континуум ретінде кеңістік туралы түсінік Никола Ореманың ілімінде негіз қалады. «О конфигурациях качеств» трактатында, ол дене жылдамдығының ауытқуын зерттеу үшін тікбұрышты координаталар жүйесін құру əрекетін жүзеге асырады [11, б. 121, 122].

Қорытынды

Сонымен, антикалық жəне ортағасырлық сипаттамалардың ұқсастығын атап өтейік.

Біріншіден, кеңістік пен уақыттың реляциондық концепциясы бойынша осы категориялар фундаменталды мəнінен туындайды немесе олар содан жасалған (Платон, Аристотель, Фома Аквинский, Ансельм Кентерберийский).

Екіншіден, уақыт — ол қозғалыстың мəні жəне өзгеріске бағынады. Мəңгілік — қозғалыссыз жəне өзгермейді (Платон, Аристотель, Августин, Фома Аквинский, Ансельм Кентерберий).

Үшіншіден, уақыт пен кеңістікті Құдай жаратқан (Платон, Августин, Мейстер Экхарт).

Төртіншіден, уақыт — ол оқиғалардың ауысуы (Гераклит, Гонорий Августодунский).

Бесіншіден, мəңгілік уақытқа қарама-қайшы тұрады (Платон, Аврелий Августин, Фома Аквинский, Ансельм Кентерберийский).

Алтыншыдан, кеңістік — бостық — сыйымдылық — континуум (Демокрит, Платон, Аристотель, Роберт Гроссетест, Н. Орем).

Жетіншіден, уақыт — жанның ішінде (Аристотель, Августин, Фома Аквинский).

Сегізіншіден, уақыт — жаратылыс əлемнің өлшемі (Августин, Мейстер Экхарт).

Тоғызыншыдан, Құдай уақытта да, кеңістікте де өмір сүрмейді (Августин, Ансельм Кентерберийский, Фома Аквинский, Мейстер Экхарт).

Оныншыдан, Құдайдың уақыты — тұрақты бүгінгі күн (Августин, Мейстер Экхарт).

Он біріншіден, уақыт пен кеңістіктің алғашқы себебі — ол Құдай.

Дегенмен, кейбір жағдайларда антикалық жəне ортағасырлық уақыт пен кеңістік туралы түсініктердің айырмашылығы айқын болса да, сəйкес келетін көптеген позициялар бар. Бұл көріністердің ең маңызды ерекшеліктерін атап өтейік. Уақыт — қозғалыс пен бағытқа байланысты. Уақыт пен кеңістік — Құдайдың жаратқаны. Уақыт — ол оқиғалардың ауысуы. Уақыт пен Мəңгілік — қарама-қарсы үрдістер. Кеңістік — сыйымдылық (вместилище) — континуум. Уақыт — жанның ішінде. Кеңістік пен уақыт, өлшеу жəне оларды тең бөліктерге бөлу мəселелерімен тікелей байланысты. Құдай уақыт пен кеңістіктің Негізі жəне олардан жоғары.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Молчанов Ю.Б. Понятие одновременности и концепция времени в специальной теории относительности / Ю.Б. Молчанов // Эйнштейн и философские проблемы физики ХХ века / [Д.П. Грибанов и др.]; отв. ред. д-р филос. наук. Э.М. Чудинов; Науч. совет по философским вопросам современного естествознания; Ин-т истории естествознания и техники; Ин-т философии. — М.: Наука, 1979. — С. 138–163.
  2. Акчурин И.А. Эйнштейн и развитие понятия пространство / И.А. Акчурин, М.Д. Ахундов // Эйнштейн и философские проблемы физики ХХ века / [Д.П. Грибанов и др.]; отв. ред. д-р филос. н. Э.М. Чудинов; Науч. совет по философским вопросам современного естествознания; Ин-т истории естествознания и техники; Ин-т философии. — М.: Наука, 1979. — С. 163–202.
  3. Уитроу Дж. Естественная философия времени / Дж. Уитроу; под ред. М.Э. Омельяновского; пер. с англ. Ю. Молчанова. — М.: Едиториал УРСС, 2003. — 400 с.
  4. Визгин В. П. Взаимосвязь онтологии и физики в атомизме Демокрита (на примере анализа пустоты) / В.П. Визгин // Философия природы в античности и в средние века / [П.П. Гайденко и др.]; под общ. ред. П.П. Гайденко, В.В. Петрова; РАН; Ин-т философии. — М.: Прогресс – Традиция, 2000. — С. 78–91.
  5. Горелик Г.Е. Общая теория относительности и проблема размерности пространства-времени / Г.Е. Горелик // Эйнштейн и философские проблемы физики ХХ века / [Д.П. Грибанов и др.]; отв. ред. д-р. филос. н. Э.М. Чудинов; Науч. совет по философским вопросам современного естествознания; Ин-т истории естествознания и техники; Ин-т философии. — М.: Наука, 1979. — С. 202–223.
  6. Платон. Тимей / Платон [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.100bestbooks.ru/files/Platon_ Timey.pdf.
  7. Реале Дж. Западная философия от истоков до наших дней: [В 4-х т.]. — Т. 1: Античность / Дж Реале, Д. Антисери; под ред. Э. Соколова; пер. с итал. С. Мальцева. — СПб.: Петрополис, 1994. — 688 с.
  8. Аристотель. Метафизика / Аристотель; пер. А. В. Кубицкого. — Р . н/ Д.: Феникс, 1999. — 600 с.
  9. Бычков В.В. Эстетика Аврелия Августина / В. В. Бычков. — М.: Искусство, 1984. — 264 с.
  10. Блаженный Августин Аврелий. Исповедь / А. Августин; под ред. О.М. Гладковой; пер. с лат. М.Е. Сергиенко. — М.: Дарь, 2005. — 544 с.
  11. Марчукова С.М. Естественнонаучные представления в средневековой Европе / С.М. Марчукова. — СПб.: Европейский дом, 1999. — 192 с.
  12. Гуревич А.Я. Категории средневековой культуры / А.Я. Гуревич. — М.: Искусство, 1984. — 350 с.
  13. Вернадский В.И. Размышления натуралиста. Пространство и время в неживой и живой природе / В.И. Вернадский. — М .: Наука, 1975. — 175 с .
  14. Антология мировой философии: [В 4-х т.]. / под ред. В.В. Соколова. — М.: Мысль, 1969. — Т. 1. — 833 с.
  15. Кентерберийский А. Монологион // Сочинения / А. Кентерберийский; под ред. В.М. Бакусева; пер. с лат. И.В. Купреева. — М.: Канон, 1995. — С. 32–123.
  16. Юнг К.Г. Архетип и символ / К.Г. Юнг; пер. с англ. В.В. Зеленского. — М.: Ренессанс, 1991. — 304 с.
  17. Экхарт Мейстер. Духовные проповеди и рассуждения / М. Экхарт; пер. с нем. М.В. Сабашникова. — СПб.: Азбука, 2000. — 215 с.
  18. Грюнбаум А. Философские проблемы пространства и времени / А. Грюнбаум; под ред. Э.М. Чудинова; пер. с англ. Ю.Б. Молчанова. — М.: Прогресс, 1969. — 591 с.
Тег: Талдау
Жыл: 2020
Категория: Тарих