Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Цифрлық мəдениетті қалыптастыру жəне цифрландырудың əлеуметтік жəне білім беру аспектілері

Цифрлық қоғам — адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне жəне жұмысына, сонымен қатар мемлекет, бизнес жəне қоғам арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы шешуші əсер ететін, қоғам өмірінің барлық салаларында білім мен ақпараттық доминантты рөлімен ерекшеленетін өркениет дамуының заманауи кезеңі. Мəдениеттің жаңа түрін қалыптастыру үрдісі қазіргі заманғы университетте білім беру процесін ұйымдастыру тəсілін жаңартуға негізделуі тиіс. Болашақ маманның цифрлық мəдениетін жалпы гуманистік құндылықтарға, цифрлық құзыреттіліктің болуына, цифрлық шынайылыққа оңтайлы бағдарлану технологияларын меңгеруге жəне ақпараттық кеңістіктегі нəтижелі қарым-қатынасқа қайшы келмейтін цифрландыру құндылықтары ретінде анықтау ұсынылған. Мақалада адам өмірінің барлық салаларын цифрландыру жағдайына талдау жасалып, цифрлық мəдениетке көшудің сипаттамалары мен ерекшеліктері сипатталған. «Цифрлық мəдениет» тұжырымдамасын қараудың негізгі деңгейлері ұсынылып, «болашақ маманның цифрлық мəдениеті» түсінігі түсіндірілген. Педагогикалық аспектілердегі зерттеулер жəне зерттелген мəдениеттің негізгі бағыттары айқындалған.

Кіріспе

Қазіргі заманғы постиндустриалды дəуірдегі ақпарат — əлеуметтік үрдістердің жұмыс істеу негіздерінің бірі жəне ақпарат алмасу осы процестер арасындағы қарым-қатынастың шарты болып табылады.

Ақпараттық кеңістік жаһандық желі арқылы географиялық, саяси шекараларды еңсеруге мүмкіндік бере отырып, мəдениеттің əлемдік құндылықтарын əркімге ұғыну үшін қолжетімді етеді жəне адам өмірінің экономикалық саласын виртуалдандырып, адам мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ақпараттық ағындардың таралу жылдамдығы қоғамдық үрдістер мен индивидуумдардың өмірін жаппай цифрландыру ахуалына алып келеді.

Мəдени парадигмалардың ауысуы біздің көз алдымызда нақты уақыт жағдайында орын алып жатыр. «Ақпараттандыру» термині өзекті болып, бүгінгі ұрпақ цифрлық форматқа бейімделуде. Олар қалыптасқан құндылықтар жүйесі бар дəстүрлі мəдениет форматын сандар мен пайда болған салдар арқылы қабылдайды. Мысалы: клип мəдениеті, экрандық мəдениет, компьютерлік ойындар мəдениеті. Біртұтас қазіргі цифрлық мəдениетті анықтайтын негізгі феноменге дербес компьютер жəне барлық цифрлық құрылғыларды, яғни интернет, жасанды интеллект, жүйелік жəне қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік графика жəне виртуалды шындық жүйелері, дəстүрлі коммуникация құралдарының цифрлық форматтарын жатқызуға болады [1].

Негізгі бөлім

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу, экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық экожүйені прогрессивті дамытуға бағдарланған. Оның мақсаты республика экономикасының даму қарқынын жеделдету жəне орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ болашақта Қазақстан экономикасының цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін қағидатты жаңа даму траекториясына көшуі үшін жағдайлар жасау болып

*Корреспондент автор. E-mail: ghadira@rambler.ru табылады. Осы бағытта білім беру саласында цифрлық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында белсенді жұмыстар атқарылып жатыр.

Цифрландыру əлеуметтік құбылыс ретінде ХХ ғасырдың 60-шы-70-ші жылдары таралды, оның негізгі үш сипаттамасы бар:

  1. Контенттің барлық түрлері аналогтық, физикалық жəне статикалық цифрларға ауысады, сонымен қатар мобильді жəне дербес болады.
  2. Коммуникацияның қарапайым технологияларына көшу жүзеге асырылады (технология тек қатынас құралы ғана болады), құрылғы мен технологияның жетекші сипаттамасы – басқарылу.
  3. Тармақты коммуникация маңыздылығын жояды, оның орнына желілік құрылымды коммуникация келеді [2].

Цифрлық мəдениет саласындағы дағдылары бар маман қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ұсынатын құралдарды қалай пайдалану керектігін біледі. Сонымен қатар, цифрлық мəдениет адамның цифрлық этиканы сақтауын, басқа қолданушылармен байланыс құруды, өзі туралы ақпаратты қалай ұсынуды, қандай деректер ашық жəне қайсысы ашық емес, ақпараттық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуді, деректермен жұмыс істеу саласында қандай заңнама бар екендігі жөнінде біліктілігі болуын талап етеді. Басқаша айтқанда, цифрлық құзыреттілік, цифрлық шындықта бағдарлау технологияларын меңгеру, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктегі тиімді байланыс құралдарын қолдана білу, деректерді өңдеу, талдау жəне осы саладағы мəселелерді шешуге қандай технологиялар сəйкес келетінін жəне қандай нəтижелерге сенуге болатындығын түсінеді.

Цифрлық мəдениеттің қалыптасуы төмендегідей бірқатар факторларға негізделген: ғылыми- технологиялық даму стратегиялары, саяси шешімдер, ақпараттық қажеттілікті қалыптастыру жəне қандай да бір түрде ұсынылған ақпаратты сұрау, іздеу, таңдау, бағалау жəне түсіндіру біліктіліктері [3]. Цифрлық мəдениетті талдаудағы əдістемелік тəсілдер оның ұғымындағы философтар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің (гуманитарлық немесе техникалық) құндылықтық ұстанымдарын бейнелейді. Талдау мəдениеттегі дигитализация үрдістері рефлексиясының əртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылады. Əдістемелік тəсілдердің көптүрлілігі арасында сандық мəдениетті талдауда негізгі екі тенденцияны бөлуге болады: гуманитарлық жəне технократиялық.

Цифрлық мəдениетті талдаудағы технократиялық тəсіл тарихи-əлеуметтік зерттеулерде, трансгуманизм қозғалысында, отандық жəне шетелдік зерттеушілердің футурологиялық жобаларында, философиялық дискурсінде, нано — биоақпараттық — когнитивтік-əлеуметтік технологияларды (NBICS технология) жобалау саласында бейнеленген.

Тарихи-əлеуметтік тəсіл (Д. Белл, Э. Гидденс, Д. Нейсбит, М. Кастельс) ақпараттық революциялар нəтижесінде цифрлық мəдениеттің даму кезеңдерін сипаттайды. Осы тəсілдің өкілдері ақпараттық қоғамның əлеуметтік құрылымын өзгертудегі цифрлық технологиялар рөліне, əлеуметтік- құқықтық жəне саяси мəдениеттің түрлеріне, əлеуметтік коммуникациялар виртуализациясына көңіл бөледі.

Қазіргі білім беру жүйесі компьютерлендіру мен ақпараттандырудың белсенді кезеңінен өтті. Инфроқұрылымдық өзгерістерге тəуелді емес цифрландыру кезеңі алдыңғы əлеуметтік өзгерістердің салдары болып табылады. Цифрландыруды университетке əр студент өз гаджитімен (смартфон, планшетімен жəне т.б.) əкеледі, ол арнайы бағдарламаны енгізуді қажет етпейді, оған қосымша ресурстар қажет емес. Цифрландырудың негізгі құраушыларына — деректерді берудің максималды жылдамдығы, бейнелеу жəне қолдану қарапайымдылығы жатады. Цифрлық құралдардың мəдени маңыздылығы олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тəуелді емес. Олардың таралуымен халықтың күнделікті өмірі, қалыптасқан мəдени иерархиялар, адамның бір-бірімен жəне олардың айналасындағы əлеммен өзара іс-қимыл жасау тəсілдері өзгереді. Жалпы мəдени тəжірибені қалыптастыру жүйесі, мəдениеттің барлық базалық салалары өзгереді [3; 5].

Ақпараттық құндылықтардың жаңа жүйесі ерекше сипатқа ие. Оның кейбір ерекшеліктері төмендегідей:

  •  интернетті абсолютті білім көзі ретінде бейнелеу. Д .Е. Прокудин, Е.Г. Соколов бұл туралы былай түсіндіреді: «Цифрлық виртуалды кеңістікте өскен ұрпақтар үшін, барлық википедиялары, блогтары, əлеуметтік желілері, жаңалықтар арналары бар интернет соңғы инстанцияда ақиқат болып табылады — оған бағынышты болады, олармен өзінің мəдени құндылықтарын өтейді» [4; 89];
  •  мағыналық жəне мазмұндық бақылаудың толық болмауы жəне əр түрлі контентпен жаңа ашық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;
  •  заманауи адамның өмірінің барлық жақтарына қатысты барлық дерлік халықтардың, дəуірлер мен уақыттың көптеген мəдени алаңдарын игерудің шектеулі қолжетімділігі мен қарапайымдылығы еңбекті жеңілдетеді (əсіресе интеллектуалды), ресурстар мен уақытты үнемдейді, сондай-ақ тынығуға мүмкіндік береді;
  •  «сұраныс бойынша» ақпаратты іздеудің дəстүрлі жүйесі бір уақытта жұмыс істейтін көптеген ақпараттық көздерден ақпаратты қабылдаудың ерекше түрін тудырады.

Бұл тізім толық емес, оның құрамы нақты уақыт режимінде тұрақты өзгеруде. Цифрландыру салдарларын оң немесе теріс бағалау мүмкін емес. Олар білім беру жүйесі үшін өзекті, цифрда тəрбиеленген ұрпаққа жақын қарым-қатынаста болатын болашақ ұрпағы [5] дəстүрлі еуропалық құндылықтарды сақтаумен жəне таратумен байланысты міндеттерді айқын анықтайды. Коммуникация жүйесіндегі өзгерістер цифрлық дəуірдегі құндылықтар жүйесінің өзгеруіне əкеп соғады. «Цифрлық мəдениет» категориясы ғылыми-əдістемелік ұғыну пəніне айналады. Цифрландыру жəне оның жаһандық салдарларының мəдени-ағарту мəселесі білім беру үрдістерін жаңғырту жағдайында өзектілендіріледі. Цифрлық мəдениет жоғары оқу орнында цифрлық дəуірдің болашақ маманына бағытталған жұмыс принциптері мен əдістерін жаңарту қажеттілігін туындатады.

Цифрлық мəдениет философия, əлеуметтану жəне мəдениеттану бойынша бірқатар еңбектерде талданады. Мəдени-философиялық аспектіде цифрлық мəдениет болмыстың жаңа түрі ретінде түсіндіріледі, «үшінші табиғат» (дəстүрлі түрде «екінші табиғат» деп жалпы мəдениет түсіндіріледі), табиғи тіршілік ету ортасын жəне «заттар əлемін» жалғастырады. Адам виртуалды кеңістікте жаңа болмысқа ие болады, сонымен қатар нақты əлемнің құндылығы біртіндеп виртуалды кеңістікке қарай жылжиды. Олардың арасында шекара болмай, болмысқа қатысты иллюзия күшейеді [6; 58]. Мəдениеттің кез келген түрі сияқты, цифрлық мəдениет өмір салтын, мотивацияны, коммуникацияның ерекшеліктерін, адамның мінез-құлқын анықтайды. Д.В. Галкин [6] цифрлық мəдениетті түсінудің бірнеше деңгейлерін қарастырады:

Цифрлық мəдениеттің материалдық деңгейі — ондағы талдау объектісі алуан түрлі цифрлық құрылғылар болып табылады.

Цифрлық мəдениеттің функционалдық деңгейі — Д.В. Галкин жазғандай, əлеуметтік институттар жататын [6; 15], коммуникацияларды, қатынастарды, сенімділікті, халықтың мəдени əлеуметтік тобының ішіндегі құндылықтар жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып, цифрлық технологиялар көмегімен институционалдық мəдени тəжірибені жүзеге асыру.

Цифрлық мəдениеттің символдық деңгейі – арнайы тілдермен байланысты, цифрлық мəдениетте бұл бағдарламалау тілі болып табылады.

Цифрлық мəдениеттің менталдық деңгейі – жеке тұлғаның дəстүрлі мəдениетіндегі, қалыптасқан қағидалар мен құндылықтар жүйесіндегі цифрлардың көрінісі болып табылады, олар ақпаратпен жəне цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларында тікелей бейнеленеді [6; 15].

Цифрлық мəдениеттің рухани деңгейі. «Ұлттық, ұлтаралық этникалық жəне жергілікті контекстегі рухани құндылықтарды қалыптастыру жəне қолдау» ұстанымымен біз бұл жерде цифрландырудың құндылықтық негізі бар, дəлірек айтқанда «рухани құндылықтарды ұлттық, ұлтаралық этникалық жəне жергілікті контекстерде» қалыптастыру жəне қолдау ұстанымымен айналысамыз» [6;15]. Бұл деңгейде цифрлық мəдениет қоғамның рухани мəдениетінің жалпы даму деңгейіне əсер етеді.

Болашақ маманның ақпараттық мəдениеті деп: кəсіби қызметтің міндеттерін шешу үшін АКТ мүмкіндіктерін іске асыру; ақпараттық қызметтің салдарын болжау; ақпараттық өзара іс-қимыл жасау қабілетін түсінеміз. Бүгінгі таңда ақпараттық мəдениет пен білім адамның жеке мəртебесі мен кəсіби құзыреттілігін сақтауды жəне байытуды қамтамасыз ететін өмір бойы жалғасатын процесс ретінде анықталуда.

Қазіргі жағдайда АКТ құралдары адамның цифрлық мəдениетінің элементі болып табылады.

АКТ құзыреттілігі, ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар саласындағы білімдерін, біліктері мен дағдыларын практикада пайдалана білуі болашақ маманның жұмысқа орналасуының кепілі болып табылады.

Цифрлық мəдениет келесі жағдайларда қалыптасады:

  •  əртүрлі ақпарат көздерінен қажетті деректерді іздеу қабілетінде;
  •  өз қызметінде компьютерлік технологияларды пайдалану мүмкіндігі болғанда;
  •  өзінің кəсіби қызметінде ақпараттық процестерді ажырата білу жəне оларды басқаруда;
  •  түрлі ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық тəсілдерін меңгеруде;
  •  ақпаратпен жұмыс істеудің моральдық-этикалық нормаларын білуде.

Болашақ мамандардың цифрлық мəдениетін қалыптастыру үшін келесі шарттар сақталуы керек:

  1. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары мазмұнының нақты салалардағы ақпараттық технологияларды дамыту үрдістеріне сəйкестігі.
  2. Білім беруге жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.
  3. Студенттердің информатика жəне есептеу техникасы құралдарын меңгеруде кəсібилігін жəне олардың қызмет бейіні бойынша жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру.
  4. Ақпараттық жəне компьютерлік технологиялар саласындағы оқытушы-мамандардың кəсіби дайындығының жоғары деңгейі.
  5. Қазіргі заманғы техникалық (компьютерлік) базаның болуы.

Қорытынды

Қорыта келе, цифрлық мəдениетті төмендегідей анықтай аламыз:

  •  біріншіден, коммуникативтік механизмді қамтитын техникалық жүйелерде іске асырылған цифрлық кодтауға негізделген қазіргі заманғы қоғамның құндылықтары ретінде;
  •  екіншіден, цифрлық дəуірдің мəдениетімен байланысты тəжірибелерді, адам қызметінің өнімдерін өзгерту жүйесі ретінде;
  •  үшіншіден, қалыптасатын тұрақты əлеуметтік-саяси қасиеттер мен жеке тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы, белгілі бір цифрлық ортада мінез-құлықтың стереотиптерін қабылдау (немесе қабылдамау), желілік қарым-қатынастың қандай да бір əдеттерін бекіту жəне ақпаратпен жұмыс істеу [7].

Біздің зерттеуіміздің нысаны жоғары білім беру жүйесінде цифрландырудың материалдық жəне рухани құндылықтарының жүйесі ретінде оның рухани аспектісінде цифрлық мəдениетті қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар, цифрлық мəдениеттің өзін болашақ маманның кəсіби маңызды сапасы ретінде қарастырамыз, оны қалыптастыру цифрлық дəуірде басталды.

Осылайша, болашақ маманның цифрлық мəдениетін жалпы гуманистік құндылықтарға, цифрлық құзыреттіліктің болуына, цифрлық шынайылыққа оңтайлы бағдарлану технологияларын меңгеруге жəне ақпараттық кеңістіктегі нəтижелі қарым-қатынасқа қайшы келмейтін цифрландыру құндылықтары ретінде анықтаймыз. Болашақ маманның зерттелетін мəдениет түрін қалыптастыру виртуалды-ақпараттық ортадағы жұмыс жағдайларына мəдениеттанулық бейімделуге, білім беру үрдісін ұйымдастыруда инновациялық көзқарас пен ашықтықты талап ететін оқытудың цифрлық құралдарын сынақтан өткізуді енгізуге, цифрлық технологиялар əлемінде өскен ұрпақпен жұмыс істеуге психологиялық дайындыққа негізделген оның кəсіби дайындығы процесінде жүзеге асырылады.

Болашақ маманның цифрлық мəдениетін қалыптастыру үрдісінің жетекші векторларын белгілейміз:

  1. Цифрлық мəдени шындықты түсіну, оның бағдарлану принциптерін меңгеру.
  2. Кəсіби қызметте цифрлық технологияларды тиімді іске асыру бойынша құзыреттілікті меңгеру.
  3. Ақпараттық дереккөздерді оңтайландырылған ақпараттық іздеу жəне талдауды жүзеге асыра білу.
  4. Кəсіби міндеттерді шешу үшін жемісті ақпараттық байланыстар жүйесін ұйымдастыру.
  5. Моральдық-этикалық нормаларға сəйкес цифрлық ортада мінез-құлықтың түрлі модельдерін жүзеге асыру.

Мəдениеттің жаңа түрін қалыптастыру үрдісі қазіргі заманғы университетте білім беру процесін ұйымдастыру тəсілін жаңартуға негізделуі тиіс. Білім беру сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті — білім беру сапасын арттыру. Болашақ мамандар халықаралық деңгейде əр түрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект жəне ауқымды деректер жасау саласында бəсекеге қабілетті болуға тиіс. Болашақ маманның заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу принциптерін меңгеру, цифрлық сауаттылық жəне сандық этиканың ұғымдарын қалыптастыру мақсатында Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде барлық мамандық студенттеріне 3 кредит көлемінде «IT жəне цифрлық мəдениет» пəні енгізілді. Оқу жұмыс бағдарламасы қолданбалы бағдарлама мен интернет жəне мультимедиалық технология модульдерінен тұрады. Бірінші модульде операциялық жүйелер, электрондық кестелер, мəліметтер базасы туралы оқытылса, екінші модульде интернет оның графикалық мүмкіндіктері, мультимедиалық технологиялар, E-технология туралы қарастырылады. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «елді цифрландыру — бұл мақсат емес, бұл — Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті жəне кешенді тəсілді талап етеді» [8].

Цифрлық ортаға бейімделу — біздің уақытымыз үшін сөзсіз шындық. Бұл тұлғаның кəсіби мүдделері мен бейімділігін сезінуіне дейін орын алады. Цифрлық ортада қызмет етудің құндылықтық-мағыналық бағдарларын цифрландыру жəне қалыптастыру ағымдағы уақыт кезеңінің өзекті əлеуметтік мəселесіне айналуы тиіс.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Галкин Д.В. От кибернетических автоматов к искусственной жизни: теоретические и историкокультурные аспекты формирования цифровой культуры: автореф. дис. ... д-ра филос. наук: 24.00.01 — «Теория и история культуры» / Д.В. Галкин. — Томск, 2013. — 51 с.
  2. Сергеева И. Л. Трансформация массовой культуры в цифровой среде / И.Л . Сергеева // Культура и цивилизация. — 2016. — Т. 6. — № 6А. — С. 55–65.
  3. Соколова Н. Л. Цифровая культура, или культура в цифровую эпоху / Н. Л. Соколова // Междунар. журн. исслед. культуры. — 2012. — № 3. — С. 6–10.
  4. Прокудин Д.Е. «Цифровая культура» & «Аналоговая культура» / Д.Е. Прокудин, Е.Г. Соколов // Вестн. СПбГУ. — Сер. 17. — 2013. — Вып. 4. — С. 83–91.
  5. Тэйлор М. Л. Поколение next: студент эпохи постмодерна / М.Л . Тейлор // Отечественные записки. — 2006. — № 3. — Режим доступа: http://jarki.ru/wpress/2009/01/26/413/).
  6. Галкин Д. В. Digital Culture: методологические вопросы исследования культурной динамики от цифровых автоматов до техно-био-тварей / Д.В. Галкин // Междунар. журн. исслед. культуры. — 2012. — № 3. — С. 11, 12.
  7. Колонтаевская И. Ф. Цифровая культура инженера: проблемы и решения / И.Ф. Колонтаевская, О. А. Исабекова. «Наука – 2014: проблемы и перспективы»: материалы Междунар. науч.-практ. конф. (Москва, 26 января 2015 г.). — М.: Грифон, 2015. — С. 72–76.
  8. Edunews.kz ақпарат агенттігінің сайты [Электронды ресурс]. – Қолжетімділік тəртібі: http://edunews.kz/importantnews/1503-cifrlandyru-bgng-blm-berudeg-zhaa-negzg-bayt.html.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.