Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көгалдандыру үшін бақша раушандарын өсірудің биологиялық ерекшеліктері

Аңдатпа

Мақалада көгалдандыру үшін Ақтөбе облысы жағдайында түрлі бақша раушандарының морфобиологиялық, фенологиялық және сәндік ерекшеліктері сипатталған.

Әлемдік ауқымда 35 мыңға жуық раушан сорттары бар, олар шығу-тегі, биологиялық және сәндік ерекшеліктеріне сәйкес 10 бақшалық раушан топтарына бірігеді.

Сәндік бағбандықта атақты және өндірістік гүл бақшаларының топтарына: шай - гибридті, флорибунда, грандифлора, өрлемелі және жартылай өрлемелі, полиантты, майда, ругоз, ағылшын раушандары, топырақ жамылмалы түрлері белгілі.

Осы заманғы бәсекеге қабілетті туризм жэне жалпы еліміздің индустриясын қалыптастыру үшін ұйымдастырушылық жэне инновациялық негіздерді дамыту өзекті мэселе болып табылады. Үйымдастырушылық, инновациялық негіздер астарында жоғары талғаммен көгалдандырылған, эрі көздің жауын алатын ландшафтты көркейту жатыр. Бақ немесе ландшафтық дизайндағы композиция түсінігі - кеңістіктегі бақ немесе оның компоненттерінің сэйкестенуі болып табылады. Раушанның бірнеше сорттарын біріктіре алудың негізінде көркем көрініс тудыруға болады. Ол бордюрлерді, жолды немесе кез келген ғимаратты көркейте алады. Кез келген жазық алаңды көгалдандырудың осындай элементі көркем болады.

Қазіргі заманның басымдылық көрсететін міндеттерінің бірі - адамның қоршаған ортасын оңтайландыру. Адамның өмірін ыңғайлы, эрі оңтайлы жағдай жасауда маңызды рөлді халық қоныстанған аймақтарды көгалдандыру болып саналады. Осы мэселеге байланысты ботаникалық бақылаудың интродукциясы мен селекциясы басты міндет болып табылады, нэтижесінде көгалдандыру үшін жергілікті жердің климатына оңтайлы өсімдіктердің ауқымы жаңарады жэне көбейеді [1].

Осыған орай, Қ. Жүбанов атындағы АӨУ-нің «Жүбанов саябағында» интродукция, интродукциялық танып-біліу жэне бақша раушандарының сорттарына жүйелі бага беру арқылы Ақтөбе қаласын көгалдандыру үшін перспективті раушан сорттарын таңдау.

Әлемдік ауқымда 35 мыңға жуық раушан сорттары бар, олар шығу-тегі, биологиялық жэне сэндік ерекшеліктеріне сэйкес 10 бақшалық раушан топтарына бірігеді [2]. Сэндік бағбандықта атақты жэне өндірістік гүл бақшаларының топтарына: шай - гибридті, флорибунда, грандифлора, өрлемелі жэне жартылай өрлемелі, полиантты, майда, ругоз, топырақ жамылмалы түрлері белгілі [3, 4].

Зерттеу мақсаты - Ақтөбе облысы жағдайында жақсы өсетін раушан гибридтерін таңдау.

Зерттеу нысаны ретінде ағылшындық жэне шай-гибридті раушандар тобына жататын 3 бақша раушан сорттары (Red magic, Gloria Dei, Graham Thomas) алынды.

Раушан гүлдерінің сорттарына фенологиялық бақылау негізінде төмендегі критерийлер бойынша бага берілді: бұтаның морфологиялық ерекшеліктері, гүлдеу үзақтығы, гүл мен бүтаның сэндік қасиеттері, аурулар мен зиянкестерге бейімділігі, гүлшоғыры, гүлі. Сонымен қатар гүлдің реңі және оның күн көзіне күйіп кетпеуге төзімділігі, гүлдің мөлшері, гүл пішіні мен гүлшоғыры, иісі, гүлдің қолайсыз жағдайға төзімділігі, бүта формасы, жапырақтары, сорттың түпнұсқалылығы, гүлдің көптігі, гүлдің жалпы жағдайы секілді белгілері ескеріледі [5].

Раушан гүлдеріне салыстырмалы кешенді бага беру арқылы ағылшын раушанының 1 сорты мен шай-гибридті раушандарының 2 сорттарын Ақтөбе облысында өсіруге ұсыныс беру арқылы интродукциялық сипаттама бере алдық.

Ақтөбе қаласы жағдайында раушан гүлдердің кең тараған буданына Шай гибриді жатады.

Шай-гибриді (Chg.). Бүгінгі күні ең көп таралған сорт шаймен Ремонттантты раушанды будандастыруы нәтижесінде пайда болды. Ля Франс шай- гибридті раушанның бірінші сортын 1867 жылы Францияда Гийо алды. Бүгінгі таңда ассортимент үнемі жетілдіріліп отыруда. Глория Дей, Супер-Стар, Баккара сияқты сорттар кеңінен танымал. Соңғы 20 жылда раушандар гүлдердің жаңа түпнұсқалық түстерімен алынды. Олардың арасында көгілдір-сирень (Майнцер Фастнахт, Интермеццццо, Сильвер Стар), екі түсті "түрлі түсті" (Роз Гожар, Пикадилли, Бразилия, Баяцццо Саопенз), қара-қызыл (Оклахома, Мейян), отты-қызыл (Аллегро, Оранж Дельбар, Қызыл магия), алтын-сары және қоңыр-қола (Кроне, Вннер Чарм). Шай гибридті раушанның ақ сорттарының кең ассортимент! (Вирго, Паскали, Джон Кеннеди, Атена). Шайгибридті раушанның гүлдеуі маусым айының соңынан басталады және аязға дейін аз үзілістермен жалғасады. Бұталары 60-80 см-ге дейін жетеді. Бұны ашық алаңды гүлмен безендіру үшін кеңінен қолданады. Ақтөбенің климаттық жағдайларында олар мүқият жабуды қажет етеді, себебі -8—IOoC үзіп қалу қаупі бар. Раушандар көбінесе қалемшелермен көбейеді [6].

'Gloria Dei' (F. Meilland, 1945). Сарғылт реңі, нәзік иісімен ерекшеленетін ұзақ гүлдейтін раушан сорты. Ауа-райының келеңсіз жағдайларына төзімді және жақсы қыстайды. Ерекше бағалануының себебі - гүл диаметрі 15 см-ге дейін жетеді. Бұта биіктігі 1,2 м-ге дейін.

'Red Magic' (Tantau, 1997). Қызыл магия - қанық қызыл түсті, түкті және әлсіз раушан майы иісі бар гүлі болады. Орталық гүл түйіні кеш ашылады, соның есебінен гүлдеу уақыты ұзақ. Бүта биіктігі 100 см, гүл диаметрі 8-10 см. Аязды, салқын ауа- райына, әртүрлі фитопатогенді ауруларға төзімді. Жартылай көлеңке және ашық кеңістікте өседі [7].

Агылшын раушан тобы (English Rose)- салыстырмалы түрде жаңа сорт. Көпжылдық өсімдіктерден әлемдік көгалдандыру үшін қолданылатын гүлдерден ағылшын гүлдері алдыңғы қатарда. Ол Rosa galica (француз раушаны), Rosa damascene (дамаск раушаны) және Rosa bourbon (бурбон раушаны) сорттарын шай- гибридті раушандар тобына жататын флорибундамен шағылыстыру нәтижесінде пайда болған. Бұта биіктіктері 250 см-ге жетеді. Ерекшелігі сол, гүлшоғыры формасының әртүрлілігімен көзге түседі. Гүл диаметрі 12 см құрайды. Бұл гүлдердің артықшылығы - хош иісті болуы.

'Graham Thomas' (English Rose, 1983). Англияда сары түсті раушан - махаббат символы. Бұтадан шамамен 6-8 гүл шығады, иісі нәзік. Вирустар мен ауруларға толерантты. Бұл сортты қысқартып, қиып тұру қажет, себебі 200 см-ге дейін өсіп кетеді [8, 9].

5.06.2020 жылы Ақтөбе облысы Маржанбүлақ ауылының жеке үй үлескесінде шай-гибридті және ағылшын бақша раушандарының 3 сорты өсірілді. Бұл сорттар жер теліміне көшетпен отырғызылды. Отырғызу барысында агротехникалық шаралар ескерілді. Нәтижелер орташа көрсеткіштермен берілді (кесте 1).

Кесте 1 - Раушан сорттарының салыстырмалы морфологиялық керсеткіштері

 

'Red Magic1

'Gloria Dei1

'Graham Thomas'

Көшет ұзындығы

9

10

8

Бұта биіктігі

54

47

45

Нағыз жапырақ

ұзындығы

4

2

3

Гүл диаметрі

7

6

6

Есепке раушандардың гүлдеген уақыты тіркелді. Мәселен, Red Magic 4.07 алғашқы гүлін жарса, Gloria Dei 16.07, Graham Thomas 12.07 күні гүлдеді. Есепке алған күннен бастап раушан сорттарының гүлдеу үзақтықтары саланды: Red Magic 56 күн, Gloria Dei 24 күн, Graham Thomas 30 күн. Red Magic сорты гүлінің ортасында гүл түйіні кеш ашылады және гүлдеу жиілігі бойынша тез болғандықтан гүлдеу ұзақтығы мейлінше көп.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, барлық көрсеткіштер бойынша 'Red Magicсорты басымдылық көрсетті (сурет 1).

Түрлі раушан сорттарының Ақтөбе облысы жағдайына адаптацпялық деңгейлері (Кесте 2) бойынша Red Magic гүлдеу үзақтығы, гүл реңі, пішіні, иісі, гүлдің қолайсыз жағдайларға төзімділігі, фитопатогенді аурулар мен зиянкестерге жоғары төзімділігі, қысқы мерзімге бейімділігі бойынша жоғары баға алды.

Кесте 2 - Ағылшын және шай-гибридті раушан сорттарына интегралды бага беру

*Ескерту: бағалау жүйесі 100-баллдық жүйемен бағаланды.

Бағалау критерий

Раушан сорттары

'Red Magic1

'Gloria Dei1

'Graham Thomas'

Гүлдеу үзақтығы

96

82

85

Гүлдің морфологиялық / сәндік қасиетгері:

     

- гүлдің реңі:

100

100

100

- гүл пішіні;

100

100

100

- гүл иісі;

100

100

100

- гүлшоғыры;

92

90

88

- гүлдің қолайсыз жағдайға төзімділігі;

96

94

60

- гүлдің мөлшері;

52

50

50

-гүлдің көптігі

88

86

48

Бұтаның морфологиялық / сәндік қасиеттері:

     

- бүта формасы;

88

86

82

- бүта биіктігі

50

48

46

Жапырақтың морфологиялық қасиеттері:

     

- жапырақ пішіні;

90

90

90

- жапырақ мөлшері

90

90

90

Аурулар мен зиянкестерге бейімділігі

100

90

86

Гүлшоғыры

100

100

100

Сорттың түпнүсқал ы лы ғы

100

100

100

Қысқа төзімділігі

100

100

100

Көбеюге қабілеттілік

50

50

50

Перспективалық топ

I

II

II

38

Қорытынды

Раушан гүлдерінің сорттарына фенологиялық бақылау негізінде төмендегі критерийлер бойынша баға берілді: бұтаның морфологиялық ерекшелігі, гүл реңі, гүл диаметрі, гүлдеу ұзақтығы. Барлық критерий бойынша Red Magic раушаны басым болды.

Раушан сорттарын интродукциялық талдау барысында мынадай қорытындыға келуге болады, ағылшын және шай-гибридті раушан сорттары Ақтөбе облысының климаты мен жағдайына төзімді. Демек, бүл раушан гүлдерінің негізгі артықшылығы - ерте гүлдеу, жағымды, нәзік иісі, түкті, әрі реңді күлтежапырақтары, гүлдеу уақытының ұзақтығы. Дегенмен, қалыпты жағдайда ағылшын және шай-гибридті раушан гүлдерінің бүтағы биіктігі 100 см-ден жоғары болуы тиіс. Зерттеу жүмысымыздың жағдайында гүлдің орташа биіктігі 50 см. Әлі де интродукциялық талдау жүргізумен қатар, агротехникалық шаралармен де танысу жүретін болады.

 

Пайдаланған деректер тізімі

  1. Repetskaya А.І., Savushkina I.G., Leonov V.V., Kirpichiova L.F.,The Botanical Garden of Taurida National V.I. Vernadsky University, p.232. (Lybid, Kiev, 2008)
  2. Modem Roses, (The American Rosa Society Shreveport, Louisiana) - 12,576 (2007).
  3. Репецкая А.И. Аннотированный каталог растений Ботанического сада Крымского федерального университета имени В.И. Вернадского / под ред. А.И. Репецкой. - Симферополь: ИТ "АРИАЛ", 2014. - 184 с.
  4. Городняя Е.В. Коллекция роз Ботанического сада Таврического национального университета им. В.И. Вернадского / Е.В. Городняя, А.В. Томилко, С.В. Максимов // Перспективы интродукции декоративных растений в ботанических садах и дендропарках : междунирод. науч, конф., 23-26 сент. 2014г. : тезисы док. - Симферополь, 2014. - С. 23-24.
  5. Клименко В.Н. Методика первичного сортоизучения садовых роз / В.Н. Клименко, З.К. Клименко. - Ялта : ГНБС, 1971. - 20 с.
  6. Сушкой К. А., Бессчетнова М.В. «Розы» - Алма-Ата:2001.
  7. Соколова, Т. А. Декоративное растениеводство. Цветоводство / Т. А. Соколова, И. Ю. Бочкова. - M.: Academia, 2004. - 427 с.
  8. David Austin. Handbook of Roses 2011\12 European Edition. -120 p.
  9. Клименко 3.K.Зыкова В.К., Кузменко Д.К., Кравченко И.Н. Краткие результаты изучения сортов роз Д. Остина с целью культивирования на юге России //Субтропическое и декоративное садоводство: сб. науч. тр. /ФГБНУ ВНИИЦиСК, 2017. Вып. 63. С. 38-44.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.