Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бур абай аймағындағы қыналардың таралуы, олардың систематикалық сипаттамасы

Аңдатпа

Мақалада Батыс Қазақстанда, оның ішінде Бурабай мемлекеттік ұлттық бағында, әр түрлі экотоптарда қыналардың таралуы және олардың систематикалық сипаттамасын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Зерттеу аймағында жүргізілген ғылыми жүмыстар барысында Бурабай аймағы бойынша, әр түрлі экотоптардан қынаның 37-і түрі жиналып, анықталды, оларға систематикалық, экологиялық тұрғыда және маңызына байланысты салыстырмалы зерттеу жүмыстары жүргізілді. Анықталған қына түрлеріне систематикалық сараптама жасауда 16 туыстас, 9 тұқымдас өкілдеріне біріктірілген. Бұл аймақта кездесетін қыналардың ішінде 17 түр кең таралған, олар эпигейлі қыналар тобын құрайды. Қыналарды зерттеуде әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды, олар қыналарды жинау, кептіру, анықтау жэне коллекцияларды жасау. Бурабай аймағында кездесетін қыналардың ішінде пармелия тұқымдасы үш туыстас (Parmelia, Parmeliopsis, Cetraria) өкілдерінен құралған, бүл тұқымдас көптүрлілігі жағынан екінші орында тұр. Бұл тұқымдастардың көптүрлілігі, олар таралған өсімдік типтеріндегі табиғи климаттық жағдайлардың қолайлығына байланысты болуы мүмкін.

Қыналар кез келген фитоценоздың құрамына еніп биогеоценоздың ажырамас бөлігін құрайды. Қына флорасының алуан түрлілігі, басқа өсімдіктердің түрлері сияқты тіршілік ететін табиғи ортаның экологиялық жағдайларының айырмашылықтарымен негізделеді.

Қыналар Батыс Қазақстанда кең тараған өсімдіктер, дегенмен де олардың өте баяу өсуі тез өсетін гүлді өсімдіктермен және мүктермен бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.

Бүгінгі таңда, Қазақстанның кейбір аймақтары, олардың бірі, Батыс Қазақстан облысының Бурабай аймағы лихенология жағынан жан-жақты жеткілікті зертттелген жоқ.

Зерттеу материалы мен әдістері

Ғылыми жүмыстың зерттеу нысаны қыналар, олар Бурабай аймағының далалы, орманды, таулы экотоптарынан жиналды. Қыналарды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін Бурабай мемлекеттік ұлттық бағының территориясында әр түрлі экотоптарға бірнеше рет экспедициялар үйымдастырылды. Қыналарды жинау жұмыстары Бурабай аймағының Абылайхан алаңындағы, Оқ жетпес, Қатар көл, Жасыл қарағайлы орман, үлкен және кіші Шабақты, Балдаурен және Жеке батыр демалыс аймақтарындағы, Ақылбай орман шаруашылығындағы экотоптарда жүргізілді, бүл жерлерде қына түрлері жиналып, оларға систематикалық және өсу ерекшеліктеріне байланысты экологиялық сараптама жасалынды.

Бурабай аймағының қына флорасының систематикалық сипаттамасы, түрлік құрам тізімі меншікті түрде жиналған материалдар негізінде және аталған аймақтар бойынша әдеби деректерге сүйене отырып құрылды [1-3]. Сонымен қатар алдағы уақытта жиналған гербарий үлгілері талданды. Қына түрлерін анықтаған кезде Ресей және шет елдік зерттеушілердің қына анықтағыштары мен деректері қолданылды.

Қыналардың жүйесі жалпы лихенологияда қабылданған әдістер арқылы жасалып, жүйелік бірліктердің атаулары Р.Сантессон деректері арқылы белгіленді, ал қатарлар, тұқымдастар және туыстардың көлемі Д.Хоксворт бойынша берілді. Кейбір номенклатуралық өзгерістер ескерілді. Қына флорасын зерттеу барысында қына коэффициент! ФМаттик ұсынған есептік қатынас арқылы шығарылды [4]. Қыналарды зерттеуде әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды, олар қыналарды жинау, кептіру, анықтау және коллекциялар жасалынды.

Зерттеу нәтижелері мен талқылау

Қыналар тұқымдастарын өзара салыстырмалы зерттеу Кладония (Cladoniaceae) және Пармелия (Parmeliaceae) тұқымдастары көптүрлі болып келетіндігін көрсетті. Бұл тұқымдастар жапырақты және бұталы қыналар, олар дала және орман өсімдік бірлестіктерінде өте көп таралады [5]. таралған. Кладония тұқымдасы 12 түрден тұратын бір ғана Кладония (Calodonia) туысын құрайды. Бұл туыстас көп түрлі, Бурабай аймағында кездесетін барлық қыналардың 32,4 % құрайды.

Бурабай аймағында кездесетін қыналардың ішінде Пармелия тұқымдасы үш туыстас (Parmelia, Parmeliopsis, Cetraria) өкілдерінен құралған, бұл тұқымдас көптүрлілігі жағынан екінші орында тұр. Анықталған қыналардың 5-уі осы Пармелия тұқымдасына жатады, олар біз зерттеген аймақтағы қыналардың 13,6 % құрайды. Бұл тұқымдастардың көптүрлілігі, олар таралған өсімдік типтеріндегі табиғи климаттық жағдайлардың қолайлығына байланысты болуы мүмкін. Қалған тұқымдастар 1 -2 туыстас және түрлерден тұрады, олар зерттеу аймағындағы таралған қыналардың 54 % құрайды. (диаграмма 1)

Диаграмма 1

Ғылыми жүмысты орындауға байланысты Бурабай аймағы бойынша, жоғарыда көрсетілген экотоптарда қынаның 37 түр жиналып, анықталды, оларға систематикалық, экологиялық тұрғыда және маңызына байланысты салыстырмалы зерттеу жүмыстары жүргізілді [6].

Кестеде (кесте 1) көрсетілгендей анықталған 37 түр систематикалық сараптама жасауда 16 туыстас, 9 түқымдас өкілдеріне біріктірілген.

Бурабай аймағында кездесетін қыналардың ішінде 17 түр (46 %) кең таралған, олар эпигейлі қыналар тобын құрайды. Орналасу жағдайына қарай эпигейлі қыналар екіге бөлінеді, ашық жерлерде және орманды жерлерде де өседі [7]. Зерттеу аймағында ашық жерде өсетін қыналарға Жалган пелыпигера (Peltigera spuria), Ит пелътигерасы (Peltigera сапіпа), Алъпілік кладония (Cladonia alpicola), Шогыршақ кладония (Cladonia Uerteillata), Пішіисіз кладония (Cladonia deformis), Жука кладония (Cladonia tenius) жатады. Бұл қыналар басқа жоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктер өсе алмайтын қолайсыз жағдайларда, құнарсыз топырақтарда өседі [8].

Орманды жерлерде кездесетін эпигейлі түрлеріне зерттелген қыналардың ішінен Орман кладониясы (Cladonia Sidvatica), Бугы кладониясы (Cladonia rangiferina) жатады, олар көлеңке және ылғалсүйгіш қыналар [9].

Бурабай аймағындағы қыналардың систематикалық сипаттамасы

Kecme 1

Туқымдас

Туыс

Түрі

Маңызы

I. Дерматокарпон (Dermatocarpaceae)

1. Дерматокарпон (Dermatocar- роп)

1. Өзен дерматокарпон (Dermatocarpon aquaticum)

Топырақ пионері

II.

Веррукариялықтар (Verrucariaceae)

2.Веррукария (Verrucaria)

2. Қарайған веррукария (Verrucaria nigrescens)

Топырақ пионері

III.

Пельтигералықтар (Peltigeraceae)

3. Пельтигера (Peltigera)

3. Жалған пельтигера (Peltigera spuria)

Қоршаған ортаның индикато-ры

III.

Пельтигералықтар (Peltigeraceae)

IV. Лецидеялықтар (Lecideaceae)

3. Пельтигера (Peltigera)

4. Псора

(Psora)

4. Пт пельтигерасы (Peltigera canina)

Іш, өкпе, эпилепсия, безгек ауруына қарсы дәрі- дәрмек

5. Устрицалық псора (Psora ostreata)

Биосферадағы заттар айналымы на қатысады

IV. Лецидеялықтар (Lecideaceae) V. Кладониялықтар (Cladoniaceae)

5.Ризокарпон (Rhizocarpon)

6. География- лық ризокарпон (Rhizocarpon geographicum)

Топырақ пионері

6. Лецидея (Lecidea)

7. Соредиялы лецидея (Lecidea gl omerulosa)

Топырақ пионері

7. Кладония (Cladonia)

8. Шашақты кладония (Cladonia fimbriata)

Жануарлардың қорегі

   

9. Мүсінді кладония (Cladonia grasis)

Бұғылар- дың негізгі қорегі

VI.

Леканоралықтар (Lecanoraceae)

8. Гематомма (Haematomma)

10. Орман кладониясы (Cladonia sulvatica)

Бұғылар- дың негізгі қорегі

11. Бугы кладониясы (Cladonia rangiferina)

Бұғылар- дың негізгі қорегі

12.Қызылжеміс ті кладония (Cladonia coccifera)

Биосфера- дағы заттар айналымына

 

     

қатысады

13. Альпілік кладониясы (Cladonia alpicola)

Қоршаған ортаның индикаторы

14. Шоғыршақ кладония (Cladonia Uerteillata)

Қоршаған ортаның индикаторы

15. Пішінсіз кладония (Cladonia deformis)

Жануарлардың қорегі

16. Бұйра кладония (Cladonia crispata)

Жануарлардың қорегі

17. Мүйізді кладония (Cladonia comyta)

Қоршаған ортаның индикаторы

18. Жүқа кладония (Cladonia tenius)

Биосфера- дағы заттар айналымына қатысады

19. Бүршікті кладония (Cladonia coniocraea)

Биосфера- дағы заттар айналымына қатысады

20. Желдік гематомма (Haematomma ventosum)

Топырақ пионері

VII.

Пармелиялықтар (Parmeliaceae)

9. Пармелия (Parmelia)

21. Кезеген пармелия (Parmelia vegans)

Іш, өкпе, эпилепсия, безгек ауруына қарсы дәрі- дәрмек

VII.

Пармелиялықтар (Parmeliaceae)

VIII.

T елошистиялықтар (Teloschistaceae)

9. Пармелия (Parmelia) Ю.Пармелиоп сис (Parmeliopsis)

22. Борозд алы пармелия (Parmeliaceal sulcata)

Өкпе туберкулез ауруына қарсы дәрі-дәрмек

23. Ешкі пармелиясы (Parmeliaceal caperata)

Өкпе туберкулез ауруына қарсы дәрі-дәрмек

24. Табақшалы пармелия (Parmeliaceal acetabulum)

Дәмдеуіштер жасауда қолданы- лады

25. Успан пармелиясы (Parmeliaceal Conspersa)

Биосфера- дағы заттар айналымына қатысады

 

   

26. Қошқыл пармелиопсис (Parmeliopsis hyperopta)

Топырақ омыртқа- сыздары-ның қорегі

ІО.Пармелиоп сис (Parmeliopsis) 11. Цетрария (Cetraria)

27. Бозарған пармелиопсис (Parmeliopsis pallescens)

Топырақ омыртқа- сыздары-ның қорегі

28. Көкшіл-сүр цетрария (Cetraria glauca)

Бұғылар- дың негізгі қорегі

11. Цетрария (Cetraria) 12.Калоплака (Caloplaca)

29. Қарағайлы цетрария (Cetraria pinastri)

Бұғылар- дың негізгі қорегі

30. Қабырға калоплакасы (Caloplaca murrorum)

Топырақ пионері

VIII.

T елошистиялықтар (Teloschistaceae)

12.Калоплака

(Caloplaca)

13. Ксантория (Xantoria)

31. Қызғылт сары калоплака (Caloplaca aurantiaca)

Топырақ пионері

32. Балауызды ксантория (Xantoria Candelaria)

Қоршаған ортаның индикаторы

IX. Фисциялықтар (Physciaceae)

14. Фисция (Physcia)

33. Аиполия фисциясы (Physcia аіроііа)

Топырақ омыртқа- сыздары-ның қорегі

IX. Фисциялықтар (Physciaceae)

14. Фисция (Physcia)

15. Гаспарриния (Gasparrinia)

34. Жүлдызды фисция (Physcia Stellaris)

Қоршаған ортаның индикаторы

35. Көркем гаспарриния (Gasparrinia elegans)

Топырақ пионері

 

16. Гирофора (Gyrophora)

36. Сүрғылт гирофора (Gyrophora murina)

Қоршаған ортаның индикаторы

Барлығы

16. Гирофора (Gyrophora) 9 тұқымдас

37. Көпжапырақты гирофора (Gyrophora polyphylla)

Қоршаған ортаның индикаторы

16 туыс

37 түр

Қорытынды

Қыналар - табиғатта және адам өмірінде маңызы бар төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Ерте көктемде қыналардың кейбір түрлерімен жабайы және үй жануарлары қоректенеді. Бурабай аймағында зерттелген қыналардың 11 түрі жан- жануарлардың қорегі болып саналады.

Қыналардың көптеген түрлері дәрілік өсімдіктер ретінде пайдаланылады, олар асқазан-ішек, өкпе, эпилепсия, безгек ауруларына қарсы дәрі есебінде қолданылады.

Сонымен қатар эпилитті қына түрлері тастақты жерлерде өсуге байланысты топырақ пионерлері болып есептеледі, олардың көпшілігі қаспақты қыналар. Қыналардың басты бір ерекшелігі - қына қышқылын түзуінде, қына қышқылы тау жыныстарының үгілуіне себепші болып, топырақтың пайда болуында үлкен роль атқарады. Мұндай жерлерде басқа да өсімдіктер өсе бастайды, сөйтіп қыналар өсімдіктердің таралуында алғашқы болып жағдай жасайды.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Андреева, Е. И. Флора споровых растений Казахстана. Т. XI. Лишайники. Кн. 1. Сфсриальные (Sphacriales) — Лсцидсевые (Lecidcalcs) / Е. И. Андреева. — Алма- Ата : Наука, 1978, — 264 с.
  2. Андреева, Е. И. Флора споровых растений Казахстана. Т. XI. Лишайники. Кн. 2. Лецидесвые (Lecidcalcs) Лекаиоровые (Lecanorales) / Е. И. Андреева. — Алма-А та : Наука, 1983. - 308 с.
  3. Андреева, Е. //. Флора споровых растений Казахстана. Т. XI. Лишайники. Кн. 3. Лекаиоровые (Lccanorales) — Фисцисвые (Physcialcs) / Е. И. Андреева. — Алма- Ата : Наука, 1987, —296 с.
  4. Нуркенова А.Т. Сары-Арқа қыналар флорасына жүйелік талдау/ Қаз¥У Хабаршысы. Биология сериясы №4 (50) 2011
  5. Куприянов А.Н., Михайлов В.Г. Список растений Каркаралинского национального парка // Ботанические исследования Сибири и Казахстана : сб. науч, трудов. Кемерово : Ирбис, 2007. Вып. 13. С. 5-37.
  6. Нуркенова А.Т., Абдрахманов О.А., Абиев С.А. Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларының лихенофлорасына талдау // ҚарМУ хабаршысы. - Биология, медицина, география сериясы. - Қарағанды, 2008,- № 3 (51).- Б. 20-28.
  7. Султангазина Г.Ж., Куприянов А.Н., Хрусталева И.А. Редкие виды растений национального парка «Бурабай» (Центральный Казахстан)/ Султангазина Г.Ж., Куприянов А.Н., Хрусталева И.А. // Вестник ТГУ, серия Биология. - 2012. - № 4 (20). -С. 118-126.
  8. Флора национального природного парка «Бурабай» / Г.Ж. Султангазина, И.А. Хрусталева, А.Н. Куприянов, С.М. Адекенов. - Новосибирск: Изд. СО РАН, 2014. - 242 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.