Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нүр-сұлтан қаласының жасыл желегінің бактериялық обыры

Аңдатпа

Нүр-Сұлтан қаласының ішкі территориясында өсіп тұрған жасыл желекке көктем, жаз мезгілдерінде (2019-2020) маршруттық бақылау жүргізіп, ағаш отырғызылымдарының ішінде бактериялық обыр ауруының таралуын зерттедік. Зерттелінген ағаштардың ауруға шалдығу деңгейіне қарай оларды сау, әлсіреген және қатты әлсіреген деп үш топқа бөліп қарастырдық. Aypyra шалдыққан ағаштардың ішінде көп кездескен түрлері қайың (Betula Pendula) мен көктерек (Populus Iremula) болды. Aypy дамыған ағаш діңінің сыртқы қабығындағы және діңнің ішкі құрылысындағы морфологиялық өзгерістері зерттелді. Діңнің ішкі өзгерістерін зерттеу Hagloff бұрғысы арқылы алынған керндерді зерттеуге негізделді.

Kipicne

Еліміздің астанасы Алматыдан Ақмола қаласына көшірілуіне байланысты аты өзгеріп Астана атанған бас қаланың іші-сыртын абаттандыру жүмыстары мықтап қолға алынды. Құрылыс, жол, коммуникация жұмыстары мен қатар қаланы көгалдандыру жүмыстары басты приоритердің қатарына кіргізілді. Көгалдандыруды жүзеге асыратын арнайы мекемелер қүрылды. Сондай мекемелердің бірі, бастысы деп айтуға толық негіз бар - PMK «Жасыл аймақ».Қаланың ішінде, қала айналасындағы жасыл белдеуде және оған жапсарлас аумақтарда жасыл желекті қалыптастыру және оны дамыту мақсатында 2000 жылы арнайы Республикалық мемлекеттік бағдарлама жасалды [1]. Бүгінде Елордамыздың ішкі аумағында жалпы көлемі 396,4 га болатын 9 парк, ауданы 30 гаастам 4 желекжол, сондай-ақ 131,9 га құрайтын 90 гүлбақтар бар. Қаладағы ағаштардың жалпы саны 369 мыңнан асады, қызыл тал, татар үйеңкісі, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен сияқты түрлері жайқалып өсуде [1].

Қалаладағы жасыл желекте ағаштарды залалдайтын әртүрлі өсімдік аурулары кездеседі.Бұлардың қатарында өте зиянды бактериялық обыр да бар. Бүл аурудың кең тараған аймақтарынаҚостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан обылыстары жатады [1]. Солтүстік Қазақстан обылысында бактериялық обыр тараған орман алқаптарының көлемі (анықталғаны) 25 мың га жетті [2]. Оның ішінде 5 мың га қайың ағашы отырғызылымдары [3].

Бактериялық обыр - жүйелі, өзекті-паренхиматозды ауру. Діңдегі, бұтақтар мен тамырдағы барлық ұлпаларды (флоэма, камбий, ксилема, склеренхима), генеративтік мүшелерді онтогенездің барлық сатыларында зақымдайды. Аурудың ағаштағы сыртқы белгілеріерте көктем кездері көріне бастайды. Aypy көздері пайда болған ағаш діңдері мен бүтақтарында дүмпу ісіктер пайда болады, сонан соң қабықтары жарылып, одан сүйық шырыш ага бастайды. Сүйық алғашқыда түссіз, кейінірек сарғыш-қоңыр (янтарь түстес), жағымсыз қышқыл иістіболып келеді. Зақымдалған ағаштардың жоғары бұталарындағы жапырақтары құрап түсе бастайды, кейбір бүтақтары аурудың әсерінен қурап сынып түседі. Aypy асқынған жағдайда ағаш ұшынан бастап толықтай қурап қалады.

Аурудың ішкі белгілері сүректе жұлдызша, немесе тарамдалған сызықша тәрізді дымқыл патологиялық шоғырлардың пайда болумен, сүректің түсінің қоңырқай тартуымен байқалады [4]. Бактерия бөліп шығаратын фермент пектиназа паренхиманы, өткізгіш ұлпаларды, тірек ұлпасын бұзады [5]. Бактерия клеткаларының шоғыры өткізгіш үлпаларды бітеп, онымен жүретін заттар ағынын тоқтатып тастайды. Клеткааралық пектиннің ыдыраған жолымен, сондай-ақ, алғашқыда әлі де бұзыла қоймаған флоема және ксилема арқылы көбейе бастаған бактерия клеткалары ағаштың сау бөліктеріне таралады. Бүл ауру созылмалы, бірнеше жылдарға созылатын індет. Мұндай ауруға шалдыққан ағаштар індет ошағы болап табылады. Cay ағаштарға ауру осы инфекция көздерінен таралады.

Бактериялық обырдың қоздырғышы эндогенді паразит болуы себепті онымен күресу оңай шаруа емес. Бактеряцидтер ағаш діңінің терең ішіне орналасқан ауру қоздырғышқа тиімсіз, яғни ауруға шалдығып үлгергенағашты препаратпен сырттау өңдеу ешқандай нәтиже бермейді. Мұндай өңдеу ауру тасымалдаушы жәндіктерді жою арқылы індетті таратпауға, яғни профилактикалық мақсатта ғана тиімді болмақ. Сондақтан ауру ошағын жоюдың бірден-бір жолы жаппай апробация жүргізіп, ауруға шалдыққан ағаштарды анықтап, жою болып табылады.

Зерттеу нысандары мен әдістері

Зерттеу нысандары етіп Нұр-Сұлтан қаласының Абылайхан, Тәуелсіздік даңғылдары, Қажымүқан, Бауыржан Момышұлы, Күйші Дина, Жирентаев, Бараев, Петров, Сәтпаев көшелері бойларында, Жерұйық, Триатлон парктерінде өсіп тұрған қайың мен терек ағаштары және оларда кездесетін бактериялық обыр ауруы алынды. Мониторигтік бақылау көктем, жаз айларында жүргізілді. Тексеру барысында ауру белгілері бар ағаштар есепке алынып,мүндай ағаштардың тіршілік күйі, аурудың даму барысындағы морфологиялық сыртқы өзгерістері бақылауға алынды. Aram діңіндегі ішкі өзгерістерді анықтау Hagloff бұрғысы арқылы алынған керндерді зерттеуге негізделді (1 сурет).

11

Зерттеу нәтижесін талдау

Нүр-Сұлтан қаласының ішкі территориясының жасыл желегі 2019-2020 жылдардың көктем-күз айларында фитопатологиялық мониторингтік бақылауға алып, қайың және терек ағаштарында анықталған бактериялық обырдың сыртқы және ішкі морфологиялық өзгерістеріне талдау жүргізілді. Бірінші жылғы зерттеу қайың ағаштарының ауруға ұшырағандары теректерге қарағанда басым екенін көрсетті. Абылайхан даңғылы, Қажымұхан к/сі, Триатлон паркіндегі қайың ағаштары діңдерінде әртүрлі көлемдегі дүмпу ісіктер мен олардан аққан қызғылт-қоңыр түсті, жағымсыз иістіэксудат ағымдар,негізінен, ағаштың төменгі бөлігінде шоғырланған. Aram діңінің барлық қабаттары толықтай зақымданған (1-сурет: керндер). Дүмпу ісіктің беті жарылып, қабығы қарайып, кеуіп, қатпаршақтанып діңде 3-5-тен ойық жаралар пайда болған (2-сурет). Бүталарында ауру белгілері анықталмады. Бүл жерлердегі ауру ағаштар қатты зарарданған ағаштар тобына жатады.

Келесі,ағаш отырғызылымдары жаппай ауруға шалдықпаған, діңдерінде 2-3 обыр жаралары бар, жапырақтары өзгеріссіз, бүталарында ауру белгілері байқалмаған топқа Жерұйық паркі қайыңдары жатады. Абылайхан даңғылы, Қажымүхан көшесі бойларында өсіп тұрған қайың ағаштарда 1-2-ден ауру жарақаттар кездесті, бұтақтары cay. Aypyra жас теректер көбірек шалдыққан, әлсіреген. Зерттелген басқа аймақтардың теректерідеауру белгілері анықталмады.

Келесі 2020 жылғы бақылау барысында Абылайхан даңғылы, Қажымұхан көшесі Жерұйық паркі, Триатлон паркі қайың ағаштарын әлсіреген деп бағалап, төмендегідей белгілерді көрдік. Aram діңдерінде жара ошақтары аз, шырышты ағым шамалы, жара көлемдері бойлық бағытта 10-15 см дейін, жас ағаштар cay. Aypy негізінен 25-30 жастан жоғары ағаштарда кездеседі.

12

13

Аурудан қатты әлсіреген топқа жара көздері эр ағашта 1-2-ден, діңдегі жарақат көлемі үлкен -15-20 см дейін, бүтақтары қураған, жара көздері ойық қабыршақтанып қатқан, иісі қиға үқсас. Бүларға Абылайхан даңғылы мен Қажымүхан көшесі бойларында кездескен кейбір теректерді жатқызуға болады.

Келесі топқа эр ағашта 1-ден, кейде 2-ден обыр жаралары бар, бүтақтары таза, тек діңдерінде қоңыр түсті кепкен эксудат сақталғанҚабанбай батыр, Бараев көшелері бойында, Жерүйық паркінде өсіп тұрған теректерді жатқызамыз. Бүлар бактериалық обырға орташа шалдыққан топ. Қалған зерттелген қала кварталдарындағы ағаш тектестерде айтарлықтай ауру симптомдары байқалмады.

Бактериялық обырға шалдыққан ағаштардан алынған керндерденағаш діңінің ішкі қабаттарының қаншалақты зақымдалатынын, яғни аурудың өзекті-паренхималы аурулар қатарына жататынын айқын аңғаруға болады.

Қала ішіндегі жүргізілген бақылау нысандарындағыағаштардың жағдайының бактериялық обырға қатысты жалпы сипаттамасы 1 - кестеде көрсетілген.

Қорытынды

2019 және 2020 жж. көктем-жаз айларында Нұр-Сүлтан қаласының жасыл желегіне жүргізілген фитосанитарлық бақылау мұндағы ағаштектестерде бактериялық обыр ауруының қаншалықты таралғаны жайлы біршама мағлүмат алуға мүмкіндік берді. Жалпы нәтиже мақалада келтірілген. Бақылауға алынған екі жылдың салыстырмалы нәтижелері екі түрлі болды. Айталық,2019 жылы қайың ағаштары (Betula Pendula) терек ағаштарына (Populus /ге/ии/а)қарағанда бактериялық обырға көбірек шалдыққан. 2020 жылғы бақылауда бұл көрсеткіш керісінше болды, яғни қайың ағаштары бақылауға алынған жерлердің көп бөлігінде сау, немесе аз зақымдалған болса, оның есесіне терек ағаштары жоғарғы деңгейде ауруға шалдыққан.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Леса CKO поражены опасной болезнью деревьев https://www.zakon.kz/4499806-lesa-sko-porazheny-opasnojj-boleznju.html (дата обращения 10.06.20)
  2. Мироненко О.H., Кабанова С.А., Баранов О.Ю., Данченко М.А. Бактериальное заболевание березняков в Казахстане // Вестник ПГТУ 2016,- № 6.-С. 90.
  3. Черпаков В.В. Этиология бактериальной водянки древесных растений// Известия Санкт-Петербургской лесотехнической академии 2017. № 220.
  4. Черпаков, В.В. Бактериальный ожог лесных пород // III Всесоюз. конф, по бактериальным болезням растений. -Тбилиси, 1976. - С. 195-197
  5. Шелухо В.П., Сидоров В.А. Бактериальная водянка березы и эффективность мероприятий по борьбе с ней в насаждениях зон смешанных и широколиственных лесов. -Брянск.: БГИТА, 2009. -117 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.