Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Патшалық ресей баспасөзі - қазақ даласын отарлау саясатының насихатшысы

Аңдатпа

Түркістан өлкесінің алғашқы генерал-губернаторы Константин Петрович Кауфман (1818-1882) 1868 жылы Түркістан және көрші елдер туралы барлық баспа материалдарын жинап, жүйелеу туралы бұйрық берді. Қазақстан мен Түркістан Ресейге қосылғанға дейін, олар туралы қолда бар әр түрлі әдебиеттерді жүйелеу мен талдауды айтпағанда, патшалық Ресейдің осы алып ұлттық шеткі өңірлерін зерттеу мақсатты түрде жүргізілген жоқ.

Өзінің жоғарыда аталған бұйрығы бойынша К.П. Кауфман әйгілі орыс библиографтарының бірі Владимир Измайлович Межовке (1831-1894) тапсырыс берді. Бұл бірегей көп томдық жүмысты құрастырудың бастамасы болды - ол еңбек «Жалпы Орталық Азияға және оның ішінде Түркістан аймағына қатысты шығармалар мен мақалалардың Түркістан жинағы» (қысқартылған «Түркістан жинағы») деп аталды.

«Түркістан жинағының» жалпы саны 591 томды құрайды. Бүгінде бүл жүмыс Қазақстан мен Орталық Азияның өткенін зерттеп жүрген ғалымдар үшін үлкен ғылыми қызығушылық тудырады.

Kipicne

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі орыс баспасөзі патша өкіметінің Орталық Азияға қатысты жүргізген саясатына әртүрлі баға бергенімен, «Түркістан жинағындағы» мерзімді басылымдар әскери чиновниктер мен генерал- губернаторлардың бүл түрғыдағы іс-әрекеттеріне сөзсіз қолдау білдіріп отырды.

Аталған баспасөз органының осы мәселе жөніндегі ұстанған бағытын айқындау үшін жеке авторлардың жазбаларын емес, «Түркістан жинағындағы» газет-журналдарда жарық көрген қазақ даласын отарлау мәселесіне арналған материалдарды тұтас қарастырғанда ғана ақиқатқа көз жеткізе аламыз. Сонда ғана патшалық Ресей баспасөзі қазақ даласының жаулап алынуының саяси қорытындысына қандай көзқараспен қарағанын, ондай ұстаным қалай өзгеріп отырғанына көз жеткізуге мүмкіндік туады.

Материалдар мен әдістер

Зерттеушілер патшалық Ресейдің Орталық Азияға байланысты жүргізген саясатын мынадай үш кезеңге бөледі:

Бірінші кезеңде, яғни XIX ғасырдың басы мен сол ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықта екі жақ өзара дипломатиялық елшілер арқылы қарым-қатынас жасап, даулы жәйттерді бейбіт жолмен шешуге әрекет жасады. XIX ғасырдың 40-60 жылдарын қамтыған екінші кезеңде Ресейдің бүл аймаққа деген саясаты басқаша сипат алып, «көршіге қыр көрсету» түріне енеді. Орта Азия хандықтарына қарсы алғашқы әскери жорықтар жасала бастады. Ал, XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасы мен 80-жылдарына сәйкес келетін үшінші кезеңде патша өкіметі дипломатиялық келіссөздер жүргізуден тіпті бас тартып, әскер күшімен жаулап алуға белсене кіріседі [1,214 6.].

«Түркістан жинағындағы» орыс баспасөзінен негізінен осы үш кезеңде өткен оқиғалар жан-жақты қамтылған.

Нәтижелер

«Түркістан жинағында» жинақталған орыс баспасөзі материалдарының негізгі тақырыптарының бірі - Кенесары Қасымов пен Садық султан Кенесариннің қазақ даласында жүргізген орыс отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күресі. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі газет-журналдарда жарық көрген мақалаларда негізінен патшалық Ресей мүддесі көзделіп, Кенесары мен Садық «қарақшы» түрінде сипатталған.

Енді «Түркістан жинағындағы» орыс мерзімді баспасөзінің кейбір материалдарын қарастырып көрейік.

«День» газетінің 1865 жылғы №№ 25, 27, 32, 33, 38 нөмірлерінде жарық көрген Заилецкий деген автордың мақаласында [ТЖ. - 1869. - 4 т. - 303-337 бб.] Орта жүз және ¥лы жүз қазақтарының 1832-1845 жылдардағы тарихына қысқаша шолу жасалып, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің жайы, Кенесарының қайғылы қазасы туралы сөз болады. Кенесарының қуатты қарсылығына тап болған орыс әскері Жарғалы (1840), Құсмүрын (1842), Көкпекті (1845) бекіністерін, Ұлытау және Атбасар станицаларын тұрғызғаны айтылады. XIX ғасырдың 40- жылдарындағы қазақ даласындағы жағдай, қанжығалы руы қазақтарының, Арал теңізінің солтүстік жағалауында, Босық құмында көшіп-қонып жүрген қазақтардың турмыс-тіршілігі суреттелген. Сонымен бірге Сыр мен Қуаңдария бойын қоныс еткен қазақтардың егістік егуге қалыптасып келе жатқаны айтылады. Сібір қазақтарын басқару жарғысы мен жүйесі сөз болады.

«Түркістан жинағындағы» тарихи еңбектердің бірі - алдымен «Вестник Европы» журналының 1870 жылғы №№8 және 9 нөмірлерінде жарық көрген Н. Середаның «Қазақ султаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» [ТЖ. -1871.-33 т. - 102- 161 бб.] атты еңбегі. (ТЖ - «Түркістан жинағы»),

Бұл еңбек туралы кезінде көрнекті қазақ тарихшысы Е. Бекмаханов: «Н. Середаның «Қырғыз султаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деп аталатын кітабы нақты деректерге бай, анағурлым толық және патша өкіметі кезіндегі тарихшы үшін барынша объективті түрде жазылған еңбек болып табылады. Бұл еңбектің кеңінен танымал екендігі соншама, ол туралы арнайы сөз етіп жатпаса да болады. Оның Кенесары жөніндегі төңкеріске дейін жазылған еңбектердің ішіндегі ең тәуір және ең байыпты еңбек екенінде дау жоқ» [2, 20-21 бб.], - деп жазған болатын.

«Түркістан жинағындағы» баспасөз тарихынан сыр шертетін материалдан көрініп турғанындай, бұл еңбек 1870 жылы «Вестник Европы» журналының 1870 жылғы №8, 1871 жылғы №9 сандарында жарияланған. Е. Бекмахановтың дерегі бойынша, еңбектің авторы Н. Середа Полтава губерниясының тұрғыны болған. Ол 1840 жылы туган, Орынбордагы Неплюев кадет корпусында тэрбиеленген. 1875 жылдан бастап ол Орынбордың қала басы қызметіне бекітілген. Осы лауазымда ол кейбір үзілістерді қоспағанда 1892 жылға дейін қызмет атқарған. Е. Бекмаханов бүл өмірбаяндық деректі Середаның Чкаловтағы Мемлекеттік тарихи архивте сақтаулы қызметтік тізімінен алып, жариялаған [2, 382 б.].

«Н.Н. Середа Кенесарының жеке басына мынадай көңіл аударарлық мінездеме береді. «Кенесары өз жасақтарының ықыласына лайық билеуші бола білді, - деп жазды ол. - Оның жасақтарының рухының жоғарылығына еуропалық әскердің қайсысының болсын қолбасшысы қызғана қарайтындай еді... Кенесары өзінің шабуылдары кезінде бейне бір жолындағының бәрін тып-типыл ететін дала дауылы сияқты құйғыта жөнелетін, алдынан қандай кедергі кездессе де тоқтамайтын. Қайта, керісінше, қандай да бір кедергі болмасын оның қайтпас қайсар жігерін жани түсетіндей, өзінің ойлаған мақсатына жету жолында кездескен барлық тосқауылдар, мүның топан суындай арындаған қуатының алдында күйреп бітпейінше оған тоқтау жоқ. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерін біздің көшпелілер жоғары бағалайтын және оның серіктері өз қолбасшысына шексіз беріліп, шын жүректерімен оны қатты қастерлейтін» [2, 222-223 бб.], - дейді Е. Бекмаханов.

«Ата-бабаларымыз мүра еткен, - деп жазды ол осындай хаттарының бірінде, - Есіл, Нүра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Қүсмұрын, Оқият, Оралға дейінгі Тоқзақ - қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерге бекіністер салып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға үшыратуда. Бүл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті» [2, 223 б.].

Сондай-ақ, профессор Ж. Қасымбаевтың пікірінше, «...XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектер арасында 1870 жылы «Вестник Европы» журналының екі санында жарық көрген Н. Середаның құнды зертгеуі оқшау тұр. Әртүрлі деректерді мол пайдалануы жағынан, қарастырылған мәселелерінің аумақтылығына қарай осы автордың біз кеңінен пайдаланған еңбегінің ғылыми құндылығы зор. Кенесарыға берілген автордың бағасы мен көтерілістің сипатын анықтауда автор көзқарасында қайшылық орын алады. Халықтық көтерілісті «бүлік», «қарақшылардың ісі» деп жазса, ханның өзін «құйын мен дауылға» салыстырады. Европа әскерлерінің тамаша қолбасшыларына теңейді» [3, 89-90 бб.].

«Түркістан жинағында» жарияланған Н. Середаның аталған еңбегінде Кенесары Қасымов бастаған көтерілістің қарсаңындағы қазақ даласындағы жағдай, жергілікті халықтың патша билігіне қарсылығының себептері, Қиуа хандығының оған қатысы, Кенесарының ел ішінде жүргізген саясаты, оның қазақ даласында Ресейден де, Қиуа хандығынан да азат дербес хандық құру жолындағы күресі, Кенесары Қасымовтың Орынбор әкімшілігімен жазысқан хаттары, оның Қоқан хандығын бағындыру мақсатында Бұқар хандығымен одақ қүруы және оның себептері, Кенесарының осындай ойының жүзеге асуына кедергі жасау пиғылымен князь Горчаковтың Перовскиймен уағдаластық жасауы, Кенесарының Ташкенттен кейін шегінуі, өлке ішіндегі халықтың толқулары, Сібір ведомоствосына қарасты өлкеде 1842 жылы халық көтерілісінің жандана түсуі, Орынбор отрядының қазақ даласының ішкі аймақтарына жорық жасауы, Кенесары жасақтарының күшейіп, оның Орта жүзге қарай жылжуы және басқа мәселелер қамтылған [ТЖ. -1871.-33 т. - 102-161 бб.].

Н.П. Ивановтың 1839-1840 жылдардағы Қиуа экспедициясы жайындағы естеліктерінде [ТЖ. - 1873. - 68 т. - 175-396 бб.] орыстардың Орта Азия халықтарына деген көзқарасы, Перовскийдің қызметі, Хиуаны қоныс еткен қазақтар, Хиуа ханының «Ресейге қосылудан бас тартпаған барлық қазақ руларының үрім- бүтақтарының бастарын кесіп тастайтынын» айтып қорқытқан қоқан-лоққысы жайында айта келіп, Қасым және Кенесары хандардың өз елін тәуелсіздікке жеткізу жолындағы күресін «қарақшылық», «шапқыншылық» іс-әрекеттер деп жазады.

«Военный сборникте» жарық көрген хабарлардың бірінде [ТЖ. - 1876. - 117 т.] Кенесары Қасымовтың 1844 жылғы Ілектегі қарсылық іс-әрекеттері туралы айтылады. Қазақтардың казак станицаларына шабуыл жасағаны айтылады. Аталған материалда осындағы тұз өндірісі жайында да деректер бар.

«Русский инвалид» газеті 1889 жылғы №176 нөмірінде [ТЖ. - 1907. - 426 т. - 15-16 бб.] Кенесары және Садық сүлтандардың өмірі мен қызметі туралы мәліметтер жариялады.

«Русские ведомости» газетінің 1867 жылғы №86 нөмірінде жарық көрген бүрын №1 форт деп аталған Қазалы қаласынан хат жолдаған Хлудов деген автордың заметкасында [ТЖ. - 1868. - 2 т. - 33-34 бб.] Садық Кенесарин жасағының есаул Ончаков басшылығындағы Орынбор казактарының отрядына жасаған шабуылы жан- жақты суреттелген. Ол куәлардың әңгімелеріне негізделіп жазылған. Садық әскерінің күшінен қаймыққан, сондай-ақ, қазақ даласының шөлі мен ыстығына шыдамаған казак отряды кері шегінуге мәжбүр болған.

«Голос» газетінің 1867 жылғы №169 нөмірінде жарияланған хабарда [ТЖ. - 1868. - 2 т. - 43-45 бб.] Садық Кенесарин туралы мәліметтер келтірілген. Автор Садықтың «қызық тұлға» болғанын айтып, оған толық сипаттама береді. Оның тегі жайында шежірелік деректер айтады. Оның әкесі Кенесары Қасымовты қырғыздар аса жауыздықпен өлтірген деген дерек айтады.

«Московские ведомости» газетінің 1867 жылғы №117 нөмірінде жарық көрген хабарда [ТЖ. - 1867. - 2 т. - 55 бб.] Садық сұлтан туралы жан-жақты мәліметтер берілген. Садық Кенесариннің қызметі оқиғаның болған уақыты өз кезегімен тіркеп отыратын тізбе бойынша берілген. Қазақтар арасындағы толқулар туралы айтыла келіп: «Садық орыс билігіне мойынсұнған қазақтарды тонады», - деп кінә артылады.

«Голос» газетінің 1867 жылғы №191 санында Орынбор генерал- губернаторының патшалық Ресей әскери министріне жазған хатынан үзінді [ТЖ. - 1868. - 2 т. - 7-11 бб.] жарияланды. Онда Садық сұлтанның орыс отаршылдығына қарсы күрескен қалың қолына «шайка Садыка» деген атау берілген. Сондай-ақ, шөмекей руы қазақтарының Садыққа көзқарасы, генерал-губернатор мен Бұқар әмірі арасындағы келіссіз, Жаңақорғанда 7 маусым күні болған оқиға, түркімендердің Жызақ пен Заамин тұрғындарын тонауы, соның салдарынан халықтың Ұратөбе мен Hay тауларына қарай көшіп кетуі және басқа мәселелер сөз болған.

«Московские ведомости» газетінің 1867 жылғы №127 нөмірінде Орынбордан қазақ даласына қарай әскери жорыққа шыққан орыс әскеріне №1 және №2 форт маңайында Садық Кенесариннің жасақтары шабуыл жасағаны хабарланып [ТЖ. - 1868. - 1 т,- 147 б.], газет авторы оларды «шайки Садыка Кенесарина» деп атаған.

«Русские ведомости» газетінің 1867 жылғы №70 нөмірінде жарық көрген материалда [ТЖ. - 1868. - 2 т. - 47 бб.] да Садық Кенесариннің жасағына «шайка Садыка Кенесары» деген бага берілген. Газет авторы «№1 форттан жіберілген орынборлык казак командасына Сорбұлақ түбінде қырқыншы жылдарда бүлік ұйымдастыруымен көзге түсіп, белгілі болған Кенесары Қасымовтың баласы Садық Кенесарының әскері шабуыл жасағанын» хабарлаған. Оған қоса газетте бүқарлық көпестер керуендерінің тоналғаны, сарттар арасында пайда болған көтерілістер туралы сөз болады.

Аталған газеттің №83 нөмірінде жарық көрген Түркістан облысындағы ішкі жағдай туралы мақалада [ТЖ. - 1868. - 1 т. - 143-145 бб.] «Бұқар әмірінің партизаны» Садық Кенесариннің қолын «шайкалар» деп аталып, олардың Сырдариядағы іс-әрекеттеріне «тәртіпсіздіктер» деген баға берілген.

«Русский инвалид» газетінің 1869 жылгы №120 нөмірінде жарық көрген хабарда [ТЖ. - 1870. - 28 т. - 269 б.] Садық сұлтанның және Қиуаға қарасты басқа да жасақтардың орыс әскерлеріне қарсы шабуылы және оларға қарсы қолданылған әскери шаралар сөз болған.

«Москва» мерзімді басылымының 1868 жылғы №35 нөмірінде жарық көрген Бұқар хандығындағы жағдай туралы қысқаша хабарда [ТЖ. - 1869. - 8 т. - 189 б.] кезінде №1 форт маңайындағы орыс иелігіне өткен өңірлерге шабуыл жасаған Садық Кенесариннің көшпелі қазақтар мен түркімендерден құрылған барлық атты әскердің бастығы болып тағайындалғаны жайында айтылған.

«Сибирские ведомости» газетінің 1867 жылгы №184 нөмірінде жарық көрген мақалада орыс әскерінің Орта Азия шекара желісі бойындағы әлсіздігі салдарынан №1 форт ауданы мен Сарышығанақ шатқалында бұқарлықтармен бірге Садық жасағы пайда болғаны хабарланған. Автор: «Біздің Иіржардағы іс-қимылдарымыз бен Қожентті алғаннан кейінгі тоқмейілсіген әрекетсіздігіміз ортаазиялықтарды мызғымас одаққа біріктіруі мүмкін, соның салдарынан Садықтың №1 форттан жіберілген 70 казакты жеңуі Түркістан облысының тұрғындары болып табылатын Сырдария қазақтарына ғана емес, Орынбор облысында көшіп-қонып жүрген қазақтарға да ерекше эсер етуі ғажап емес» [ТЖ. - 1868. - 2 т. - 57 б.], - деген тұжырым жасайды. Мұндай пікірдің негізсіз емес екендігіне дэлел ретінде сол кезде орыс эскерлері ұмыта қоймаған султан Кенесары Қасымов пен батыр Есет Көтібаровтың жауынгерлік жеңістерін еске салады.

«Рижский вестник» газетінің 1873 жылгы №196 нөмірінде бір қазақтың хиуалықтар Түркістан эскеріне қарсы қалай күрескені туралы эңгімесі [ТЖ. - 1873. - 72 т. - 52-58 бб.] жарияланған. Онда Кенесары Қасымовтың ұлы Садық султанның кезінде Қиуаға барып паналағаны, сол жақтан Қиуаға эскери жорық ұйымдастырған орыс жауынгерлеріне қарсы жүргізілген күреске белсене қатысқаны айтыла келіп, қазақтардың генерал К. П. Кауфманға деген көзқарасы да тілге тиек етіледі.

Тұтас алғанда, «Түркістан жинағына» жинақталған орыс баспасөзі беттерінде жарық көрген Кенесары Қасымов пен Садық султан Кенесариннің орыс отаршылдығына қарсы күресі туралы мақалалардың идеялық мазмұны патшалық Ресей өкіметінің басқыншылық саясатымен үндес келеді. «Түркістан жинағындағы» орыс мерзімді басылымдары Садық Кенесарыулының есімін бірде «Садық», ал енді кейде «Сыздық» деп жазған. Ал, Садық султан Кенесариннің қол астында патша эскеріне қарсы шайқасқан қазақ сарбаздары да ата қонысты жаудан қорғауға бел шеше кіріскен батырлар емес, эншейін керуен жолдарын аңдудан қолы босамаған, жолаушыларды тонаумен ғана күн көрген «қарақшылар» ретінде суретгеледі.

Талқылау

«Түркістан жинағындағы» газет-журналдардың басым көпшілігі билік етуші өкіметтің тікелей бақылауы мен қарамағындағы баспасөз болып табылатындықтан, мундай басылымдар қазақ даласында жүргізілген басқыншылық саясатты Ресей империясының беделіне нұқсан келтірмейтін, мэжбүрліктен туған эділетті, басқа көрші мемлекеттерден қорғанудан туған эрекет ретінде түсіндірді.

Бұл тақырыпқа арналған материалдарды қарастырсақ, Түркістан өлкесінің отаршылдық отына күйіп, соғыс түтініне туншыққанын көреміз. Оған «Түркістан жинағындағы» мерзімді баспасөз беттерінен жэне сол эскери іс-қимылдар баяндалатын өзге де зерттеулерден алынған деректерді бір-бірімен өзара салыстыра қарастыру дэлел бола алады.

Айталық, «Түркістан жинағының» 1873 жылғы 70 томының 1-226 беттеріне енгізілген, Санкт-Петерборда 1873 жылы жеке кітап болып басылып шыққан А. Вамберидің «История Бухары или Трансоксании» атты еңбегінде және басқа да орыс газеттерінің деректеріне сүйенсек, патша әскері Түркістан өлкесіндегі сауда және саясат саласында ерекше маңызды орны бар Ташкент және Сайрам қалаларын 1865 жылы басып алды. Opыс жасақтарының бүл жеңісі Бұқар әмірі Мұзаффардың қарсы қимылын тудырды.

Бұқар әмірі орыс патшасының жетегінде кетті деп Қоқан қыпшақтарын қарудың күшімен жазалады. Сонымен бірге, патша армиясын Перовскийден кейін басқарған генерал М.Г. Черняевқа хат жіберді. Онда Черняевтан тартып алынған жерлерді түгел қайтаруды талап етті. Талабы жүзеге аспаған жағдайда сарбаздарын жинап, ақтық шайқасқа шығатынын хабарлады. Осындай хабармен Петерборға елші етіп Қожа Нәжімеддин деген өкілін жіберді. Патшаның әскер басылары айламен елші Қожа Нәжімеддинді Қазалының маңайында ұстап алып, абақтыға жауып қойды. Сөйтіп, Бұқар әмірінің тамырын басып көру ниетімен генерал Черняев өз өкілін - полковник Струвені қасына бірнеше адам қосып, Мүзаффар ханға жүмсады. Елшісінің жау қақпанына түскенін білген Бұқар әмірі де қарап отырмай, патша өкіметіне кек қайтарып, елшілерге қарсылық білдірді. Мұндай әрекетке генерал Черняев қуана қоймады. Ол 1866 жылы ақпан айында Қожент арқылы Жызаққа өтіп, қарсыласымен есеп айырысуды ойлады.

Бірақ, бүл жолы Ресей патшасының үмітін ақтай алмаған Черняевтің әскері тізе бүгіп, ойсырай жеңілді. Ал, Черняев бұл үшін қызметінен айырылып, оның орнына әскербасылыққа генерал Д.И. Романовский тағайындалды.

Мына жеңіс Бұқар әмірін масаттандырып жіберді. Ол қарсы шабуылға шығып, 5 сәуір күні Шыназ бекінісінің түбінде ұрысқа кірісіп, соғыс ашады. Мұзаффар ханның жасағы Ташкент қаласын орыс әскерінен тазартып, қайтарып алуға ниеттенді. 1866 жылғы 8(20) мамыр күні Сырдария өзенінің жағалауындағы Иіржар алқабында болған қанды шайқаста құрамында 45 мың жауынгері бар, 21 отты зеңбірекпен қаруланған Бұқар әмірінің әскері өзінен мүмкіндігі мен күші он еседей аз орыс жасағынан ойсырай жеңіліс тапты. Кейінірек тарихқа «Иіржар шайқасы» деген атпен кірген осы қантөгісте Мүзаффар хан 10 мың жауынгерінен өлідей және тірідей айырылды. Басқа шарасы қалмағандықтан, ол Жызақты паналап жасырынуға мәжбүр болды [ТЖ. - 1873. - 70 т. - 1-226 бб.].

Орыс әскеріне қарсы жүргізілген осы соғысқа Садық султан Кенесарыұлы да қатысты. Ол Сыр бойындағы Қоңырат тайпасы қазақтарынан жасақ құрып, дария арқылы жоғарыға қарай жүзіп келе жатқан кемелерге оқ жаудырды. Олардың жанар- жағар майларын өртеп жіберді. Иіржар түбінде, Шардара бекінісі маңайында бірнеше орыс жауынгерін өлтіріп, бастарын кесіп алды. Осында біраз уақыт аялдаған соң Мұзаффар ханның жеңіліп, Самарқан жаққа қарай шегінгенін естігенде, патша әскерлерінің кесілген бастарын апарып, әмірге тарту етті. Әмір мүндай тарту-таралғыға қатты қуанып, Садық сұлтанды бірге алып, Жызақтан Бұқарға бірге кетті [4, 42 б.].

«Түркістан жинағындағы» баспасөз беттерінде жарияланған тағы бір тарихи деректерде Иіржар шайқасының орны дәл көрсетіліп, Сырдария теміржол стансасы мен Черняев теміржол стансасы маңындағы Хаваст елді мекені және Николаевское поселкесі аралығында болғаны айтылады. Бұл шайқас басқа соғыс ошақтарына қарағанда қауырт әскери іс-қимылдарының және жаппай оққа ұшып,

жараланушылардың аздығымен ерекшеленсе де, Иіржар - патшалық Ресейдің Орталық Азия аймағын жаулап алуы кезіндегі Бұқар әмірі Мұзаффар ханның жасақтары кері шегінген жер ретінде тарихта қалды.

Самарқан облысының әскери губернаторы Н.С. Лыкошин Қожент уезінің Hay болысындағы Бекабад ауылының 77 жастағы тұрғыны, паршажүз руының қазағы Әбдірахман Өтелбаевтан жазып алып, «Туркестанские ведомости» газетінің 1907 жылдың 5(18) қыркүйектегі №147 нөмірінде жарияланған естелігіне назар аударайық.

Әбдірахман Өтелбаевтың көрсетуіне қарағанда, қазақ даласының оңтүстігіндегі Мырзашөл өңірінің Николаевский поселкесінің маңайындағы Қият деген жерден Конно-Гвардейский поселкесіне апаратын жолдан 1,5 верст оңға бұрылған тұста «Әмір қашқан төбе» деп аталатын биік төбе болған. Бұл төбе туралы екі түрлі пікір қалыптасқан. Оның бірінде ол Мұзаффар хан үшін Иіржар шайқасының алдында арнайы тұрақ үшін қолдан жасалған делінсе, екінші біреулер қазақ даласындағы ежелгі керуен жолдарының бойындағы бүрыннан қалған төбелердің бірі ретінде билеушілердің аялдайтын қонысына айналған деседі.

«Әмір қашқан төбеде» Мұзаффар ханның ордасы орналасты. Құрамында 3 Орынбор линиялық батальонының төрт ротасы, 4 Орынбор линиялық батальонының үш ротасы, 7 Орынбор линиялық батальонының екі ротасы, 6 Орынбор линиялық батальонының бір ротасы, Орынбор атқыштар батальонының торт ротасы, Орынбор артиллерия бригадасының жиырма жасағы, сегіз ракета атқыш жэне Орынбор мен Оралдың бес жүз казагы бар орыс әскері Орта Азия теміржолының Сырдария стансасы төңірегіндегі Үштөбе деген жерге келіп тоқтайды. Ал, сол кезде шайқастан отыз күн бүрын, Үратөбенің Маңғыттан шыққан бегі Аллаяр Дуанбегі де отыз мың әскерімен Айымкөл көлінің жағалауында лагерь құрып жатады. Аллаяр бектің әскерін Мұзаффар ханның жақын адамдары Шерәлі-ипак, Якуб-ипак және Шүкір- ипақ басқарады екен. Олар - Бұқар әмірлерінің ордасында ерекше сенімге ие болған бұрынғы парсылық құлдар болған. Бұл үшеуінің құлдан шыққанын ұмытқысы келмейтін әскер сарбаздары арасында олардың оншалықты беделі болмаса да, сарбаздар оларға қорыққанынан бағынуға мәжбүр болады.

Бұқарада жатқан Мүзаффар хан Аллаяр бекке әскерді Айымкөлге апаруды бұйырып, өзі де Үратөбе керуен жолы арқылы сол бағытқа қарай қозғалады. Иіржар шайқасынан он күн бұрын Мұзаффар хан Үратөбе қаласынан Черняев стансасына қарай бағытта 8 верст қашықтықтағы Ругунд елді мекенінің маңайында түнейді.

Осы жерде жатқанда әмір Үратөбенің бегі Аллаяр Дуанбегінің он жасар қызын тоқалдыққа алуды ойлайды да, болашақ жарын ордасына әкеледі. Келесі күні таңертең сол төңіректегілер Аллаярдың қызын пышақталып, қанға боялып жатқан жерінен тауып алады. Қаралы хабар эскер басындағы бақытсыз экеге лезде-ақ жетеді. Мұны естіген Аллаяр Дуанбегі есінен танып, басына түскен қасіреттің салдарынан өзіне-өзі келе алмай бірнеше күн жатады.

Бұл кезде Бұқар эмірі Иіржарға бет алған сапарда жүреді.

Айымкөл маңайында орналасқан жасақтардың эскер басылары арасында алаңдаушылық пайда болады. Әмірдің өзіне жақын ипактарға - бұрынғы парсылық құлдарға әскер ішінде жоғары билік беріп қойғанына көңілдері толмағандықтан жэне оның Аллаяр ханның қызын өлтіргеніне қорланып, намыстанғандықтан Аллаярдың туған-туыстары, Маңғыттан шыққан Тоқтамыс бек пен Фазыл датқа сарбаздарды Мұзаффар ханнан кек алуға үгіттей бастайды. Орыс эскерлері жақындай түскеннен-ақ үрыссыз шегіну керек деген шешімге келеді.

Олар солай жасайды да. Алыстан жорыққа шыққан Ресей патшасының алғашқы жасақтары қара көрсетісімен-ақ әмірдің Аллаяр Дуанбегі мен оның туысқандары Тоқтамыс бек пен Фазыл датқаның билігіндегі ең мықты әскері бірден туларын жинап алып, ешқандай қарсы қимыл жасамай, Қауасқа қарай аттанып кетеді. Құл әскер басыларының қарумен өте нашар жасақталған бұқарлық жасақтары ғана қалады. Олардың арасында әмір қарсыластарын жеңген жағдайда оларды тонатамын деген үмітпен арнайы әкелген он екі мың қаралы аш-жалаңаш, жалаңаяқ Бұқар «бай-баштары» да бар болады. Әлгі байғұстар, расында да, жеңістен дәмеленіп, орыс жауынгерлерінің киім-кешегін, азық-түлігін талап алуға дайын тұрғанымен, бірақ өздері соғысуға дәрменсіздік танытады.

Бұл сәтте Мүзаффар хан жоғарыда суреттелген төбедегі ордасында жатады. Баспасөзде жарық көрген мақалада әскерінің қарсыласпай кері шегінгенін естіп, сасқалақтап қалған ол тіпті қазанда пісіп тұрған тәттілігі тіл үйірер палаудан дэм татуға да, етігінің бір сыңарын киюге де үлгерместен атқа қона салып, Қауасқа қарай қаша жөнелгені жан-жақты суреттелген. Сөйтіп, бұл төбе халық жадында «Әмір қашқан тебе» деген атпен қалады.

Естелік айтушы - паршажүз қазағы Әбдірахман Өтелбаев ол кезде Аллаяр Дуанбегінің нөкері болғандықтан, мұның барлығын өз көзімен көреді. Мұзаффар ханның жалаңаяқ жалшылары оққа ұшқандарды асығыс-үсігіс жерлеп, олар да Хавастқа бет алады.

Генерал Романовскийдің әскерінде адам шығыны болмайды, тек 12 төменгі шендегі жауынгерлер жараланады. «Бай-баштар» қауыздарда түнеп шығады. Бұқарадан алып келіп, жеңіске жетемін, тізе бүккен орыс отрядтарын тонап аласыңдар деген уәдесін орындай алмаған билеушілерін балағаттаумен болады. Түні бойы басылмаған мұндай өкпе-ренішке толы сөздерді Қауасқа келіп жеткен Мүзаффар хан да өз құлағымен естиді. Әмірдің осында екенін жалшылар таңертең бір-ақ біледі.

Осы жерде Құдияр хан Қоқаннан Бұқар әміріне көмекке қарулы күш жібергені, бірақ бұл отряд кешігіп қалып, Иіржар шайқасындағы жеңіліс туралы Қожентте естігені жайында хабар жетеді. Қоқандықтар почта-байланыс трактінде тонау әрекеттерін жасайды. Соның салдарынан Қожентте ерекше отряд шақырылып, патша әскері қаланы 1866 жылғы 24 мамырда басып алады.

Әмір Мүзаффар хан Қауастан Бұқараға кетеді. Алайда, оның Керминеде тұратын ұлы Сейіт Мәлік төре (кейін ол Пешаварға көшіп кетеді) әкесін сатқын деп жариялап, оған қарсы жасақ жинауға кіріседі. Ол әкесіне қарсы екі рет: Керкі мен Бұқараның аралығындағы Нұратаға таяу жатқан Қыштып деген жерде жэне Чарджоу майында қарулы шабуыл жасайды.

Ал, Фазыл Дуанбегі мен Якуббек-ипак Мүзаффар ханның назарын аудару мақсатында Сейіт Мэлікті алдаусыратып, қолға түсіруге эрекет жасайды. Ол үшін Якуббек-ипак Сейіт Мэліктің отрядына шабуыл жасап, одан кейін оны құмда жасырынып жатқан Фазыл Дуанбегінің тың күштеріне ұстап беру үшін эдейі қашып кету жайын ойластырады.

Бірақ Сейіт Мэліктің тыңшылары бұл қулықты біліп қойып, төре Якуббек- ипактың отрядына өзі шауып, Фазыл Дуанбегіне де қарулы қол жібереді. Төренің тұтқиылдан бас салатынын күтпеген Фазыл Дуанбегі жеңіліп, мерт болады.

Якуббектің эскерін қуа жөнелген Сейіт Мэлік Чарджоуға келеді. Якуббек эмірге хабар жіберіп, Сейіт Мэлікті жеңуге күші жетпейтінін айтады, қосымша қол жіберуді өтінеді. Әмір Якуббекке көмек ретінде Ұратөбенің бегі Омарбектің «қырық-жүздерден» тұратын эскерін жұмсайды. «Қырық-жүздер» келген соң Сейіт Мәлік әкесіне қарсы күресте жеңіске жете алмайтынын байқап, Үшқорғандағы Құдияр ханды паналауды жөн көреді.

Қүдияр хан Бұқар әмірінің қашқын баласын барлық ықыласымен қарсы алып, оған он сегіз мың теңге беріп, Қашқардағы Якуббекке жібереді. Сейіт Мәлік қашқарлық Якуббектің қарамағында Ауған әмірі Досмұхаммед өзіне қызмет етуге шақырғанға дейін болады. 1907 жылы Бұқар әмірі Мүзаффар ханның ұлы Сейіт Мәлік Ауғанстанда тұрып жатқаны және ағылшын үкіметінен күніне 17 рупий жалақы алып тұратыны туралы хабар жетеді.

Осыны баяндай келіп, Н.С. Лыкошин «Туркестанские ведомости» газетіндегі мақаласының соңында Иіржар шайқасын мәңгі есте қалдыру үшін Орта Азия теміржолының Сырдария стансасына жақын жатқан Үштөбе деген жердегі төбелердің ең биігіне арнайы ескерткіш түрғызуды ұсынады.

«Ал, «Әмірқашқан» төбесіне келсек, ол айдалада, жолсыз жерде орналасқан, әрі аласа, оның үстіне солай аталуымен-ақ біздің Орта Азияны бағындыру үшін жүргізген соғыстарымызда ерекше маңызы болған әмір Мұзаффар ханның жеңілісін есімізге салып тұр», - деп жазады автор.

Патшаның әскери шенеуніктері Иіржар шайқасына ескерткіш тұрғызуды ұсынған Үштөбе төбесі Иіржар болысының Ақтөбе ауылының аумағында орналасқан болатын [ТВ. - 1907. - №147. - 5(18) қыркүйек].

Зерттеуші Армений (Герман) Вамбери: «Иіржардағы осынау қантөгіс өрті Түркістан аймағының сан мыңдаған жылдар бойына салтанат құрған тәуелсіздігіне зор нұқсан келтіріп, азат елді азаттығынан, іргелес жатқан мемлекетерге жүргізіп келген мәдени-экономикалық, діни және рухани ықпалынан да қоса айырды» [ТЖ. - 1873. - 70 т. - 1-226 бб.], - деп Иіржар шайқасының салдарына қабырғасы қайыса баға берді.

Ал, «Туркестанские ведомости» газеті бүл мәселеге басқаша қарады. Ғалым Армений (Герман) Вамберидің пікірі мен газеттің көзқарасын өзара салыстырып қарасақ, А. Вамбери жаугершілік деп бағалаған патшалық Ресей әскерінің іс- қимылдары «Түркістан жинағындағы» орыс басылымдарында жарияланған мақалаларда қазақ даласын игеру жолындағы үлкен табыс ретінде мадақталып, марапатталады.

Қазақ даласының оңтүстігіндегі Иіржар өңіріндегі жеңістерін патшаға жалданған Орынбор казактары қалай тойлап, салтанатпен атап өткені «Туркестанские ведомости» газетінің «Өткен майдан күндерінен (куәгердің естелігі)» айдарымен 1904 жылғы 16(29) маусымдағы №82 нөмірінде жарық көрген «Орынбор казак жасағының бесінші жүздігі Иіржар түбінде» атты материалда сөз етілген. Материал авторы священник М. Омелюстый осы соғыста Бұқар сарбаздарының қалай мертігіп, ажал аузына түскенін суреттеп, казак жүзбасыларының бірі К.-ге «батылдығы үшін» деген жазуы бар алтын қылыш тарту етілгенін жазады.

Осы газеттің 1871 жылғы 7 ақпанындағы №3 нөміріндегі «Қазақ халқының 1732-1868 жылдар аралығындағы тарихының очеркі» атты материалда: «1866 жылғы 8 мамырда Бұқар әмірінің үлкен күші бытырата шашылып, езілген, Иіржар түбіндегі шайқас Ресейдің Орта Азияны жаулап алуын жеңілдетіп, кезекті жаңа жеңістерге жол ашты» [ТВ. - 1871. - №3. - 7 ақпан], - деген түйін жасалған.

Түркістанды отарлау жөніндегі мәселеге байланысты өз ойын ортаға салған келесі материалдың авторы О. Гескет Иіржар шайқасының тарихтағы маңызына: «Иіржар шайқасы, Қоженттің, одан кейін Ұратөбенің, Жызақтың, Самарқанның алынуы тұтас тізбектей бірінен кейін бірі үласып, жағдайды жеңілдетті» [ТВ. - 1881. - №39. - 6 қазан; №46. - 24 қараша], - деп жоғары баға берді.

«Туркестанские ведомостиде» жарық көрген 1868 жылдың Түркістан өлкесі тарихындағы орнын айқындауға арналған материалда да бүл пікір жалғастырылып: «Бұқарлықтардың бірнеше рет сәтсіз аяқталған әскери қимылдарынан әмірдің күшті армиясы Иіржарда жеңіліске ұшырағанына қарамастан, әмір Сейіт-Мұзаффар Ресейге қарсы күресу мүмкін емес екендігін жете түсінбеді» [ТВ. - 1908. - №98. - 6(19) мамыр], - деген ой айтылады.

Ал, Түркістан генерал-губернаторлыгы бас штабының офицері Г.А. Аминов 1869 жылы Сырдария өзеніне жақын жатқан Айымкөл көлінің жағалауынан осы Иіржар шайқасынан қалған белгілерді кездестірген [ТВ. - 1873. - №27. - 10 шілде].

Иіржар шайқасының орыс отаршылдығының қанатын кеңейтудегі мәні мен маңызы жайында «Туркестанские ведомости» газетінен басқа мерзімді басылымдар да жиі жазған.

«Русский вестник» журналының 1868 жылғы №3 нөмірінде жарияланған «Ұратөбе мен Жызақтың алынуы» атты тарихи мақалада Иіржарда болған соғыс жан-жақты баяндалған. Автор Бұқар әмірінің Иіржарда тізе бүккенін айта келіп: «Шын мәнінде, азиаттықтардың дала шайқасы кезінде орыс әскерімен бетпе-бет текетіресетіндей жағдайы жоқ. Қатары қаншалықты сансыз көп болғанымен олар батыл және жігерлі түрде шабуылға шыққан ең бір әлсіз колоннаның ығынан сескеніп шыға келеді. Мылтықтарының ұшын алға қарай кезене үстаған жауынгерлердің алдыңғы қатары-ақ азиаттықтардың зәресін үшырады. Дала шайқастарының нәтижесінде үнемі бүқарлықтар толық жеңіліп, тым-тырақай қаша жөнеледі, біздің тарапымыздан шығын елеусіз ғана болады. Генерал Романовский 40 мың бүқарлықты оққа үшыратып, 12 адамынан ғана айырылған Иіржар шайқасы орыс және бүқар күштері арасындағы айырмашылық қаншалықты жер мен көктей болса да, Орта Азиядағы дала соғысында біз үшін сәтсіз жорықтар болуы мүмкін еместігін айқын дәлелдеп берді» [РВ. - 1868. - №3], - дейді.

1889 жылы Ташкенте жарық көрген және «Туркестанские ведомости» газетінің 1889 жылғы 18 шілдедегі №29 нөмірінде рецензия берілген Ахмет султан Кенесариннің «Кенесары және Садық султандар» атты еңбегінің бірнеше тарауы [5] Иіржар шайқасына арналды. Бірақ автор оған қатысқан орыс әскерін басқарған генералдардың аты-жөндері мен кейбір жер-су атауларын шатастырып алған.

Сондай-ақ, В.В. Бартольдтың [6, 90 б.]Н. Павловтың [7, 416 б.] еңбектерінде де осы мәселеге ғылыми тұрғыдан баға берілді.

Осы жерде айтпауға болмайтын бір мәселе бар. Орыс тарихшылары мен жылнамашыларының «Түркістан жинағындағы» еңбектерінде патша әскерлерінің басқыншылық жорықтарын идеологиялық жағынан барынша мақтап, мадақтап, аспанға көтере дәріптейтін сарын басым. Патшалық Ресей баспасөзінің материалдарын оқып отырғанда, Мұзаффар ханның сарбаздары ешқандай қарсылық көрсетпей-ақ шегіне бергендей эсер береді.

«Түркістан жинағындағы» орыс баспасөзінің мүндай көзқарасы - отаршылдық үгіт-насихаттың бұрыннан белгілі өте өктемшіл, сурқия түрі.

Бұқар хандығы сарбаздары арасында да, Қоқан хандығы жасақтары арасында да отан үшін от кешіп, ортақ жауға қарсы қаймықпай соғысқан қазақ батырлары көп болған. Олардың ерлік іс-эрекеттері мен аты-жөндерін элі де нақтылай түсу - келешектің ісі.

Қазақ даласының оңтүстігіндегі Иіржар шайқасы қазақ ауыз эдебиетінде де өз ізін қалдырды.

Отаршылдардың жергілікті тұрғындарды халықты баудай түсіріп, жер бетін қанға бояуы қазақ халқын қайғыға көміп, қасірет тартқызды. Майлықожа Сүлтанқожаұлының (1835-1898) «Қонысты орыс алғаны» атты дастанында Иіржарда өткен сол шайқас жан-жақты суреттелген.

Бұл жыр жолдары тарихи оқиғаны поэзия тілімен дәл бейнелей білуімен дастанның құндылығын арттырып тұр.

Алайда, Майлықожаның аталған дастаны маңызды тарихи деректерге бай болғанымен қосымша түсінік беруді қажет етеді. Жырдағы оқиғаны суреттеу мәнеріне қарағанда, Майлықожа Иіржар шайқасын 1882-1883 жылдары болғандай етіп жырлайды. Сондай-ақ, Бұқар әмірі Мүзаффар хан генерал Черняевтан жеңілді дейді.

Бұрын мүндай жыр-аңыздар «...оқиғаның ыстық ізімен емес, көбіне сол оқиғаның ізі суып, екінші түрлі бір таусыншылық күн туған кезде пайда болатындықтан» [8, 72 б.] және ауызша айтып, жаттап алу арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырғандықтан, мүндай алшақтықтар кездесуі әбден мүмкін.

Шын мәнінде Иіржар шайқасы 1882-1883 жылдары емес, 1866 жылғы 8(20) мамырда болған және Мүзаффар хан генерал Черняевпен емес, генерал Романовскиймен соғысқан.

Соған қарамастан, «Түркістан жинағындағы» баспасөз материалдарында келтірген деректік мәліметтерді, оқиға мерзімдерін, жер-су атауларын т.б. еліміздің тарихына байланысты мәліметтермен салыстыра қарастырудың мәні ерекше. Сол секілді, кейбір қазіргі қазақ зерттеушілерінің XIX-XX ғасырларда жарық көрген орыс басылымдарында бар мағлүматтарды елемеуінің салдарынан бәзбір оқиғалардың жылы мен мерзімі бүрмаланып, қате көрсетіліп жүргенін айтуға тиіспіз. Атап айтқанда, «Иіржар» - елді мекен аты (Шымкент обл.) 1863 жылдың жазында орыс армиясы қоқандықтарды жеңген жер. Сонымен байланысты Иіржар беріде Ержарға айналып кетті» [9, 126 б.], - деген мүлдем қате мәліметтер келтіретін зерттеушілер де бар.

Қорытынды

«Түркістан жинағындағы» газет-журналдарда жарияланған, патшалық Ресейдің қазақ даласындағы соғыс қимылдары суреттелген материалдар газеттің көзқарасын білдірумен бірге өкімет саясатының ресми көрсеткішіне айналды. Көп жағдайда Түркістан өлкесі баспасөзінде жарық көрген мұндай тақырыптағы материалдарды Ресейдің астанасында басылып тұрған либералдық-демократиялық газет-журналдар көшіріп жариялап тұрды немесе арнайы сілтеме жасап, деректерін пайдаланды. Өйткені, Ресейдің қазақ даласында жүргізген саясатын олардың өз бетінше талдап, дербес көзқарас білдіру тұрғысында материалдарын жариялауына цензура комитет! рүқсат етпеді. Баспасөз еркіндігіне осылай шектеу қою тәртібі жария етілмей, жасырын ұсталғанымен, басқа басылымдардың ресми газеттерге жиі жүгінуінің өзі- ақ ақпарат алудағы тәуелділіктің толық күшінде тұрғанын жоққа шығара алмайды.

Сонымен, «Түркістан жинағындағы» мазмүны мен тақырыбы бір-біріне үқсас болып келетін орыс баспасөзінде жарық көрген мақалалар, біріншіден, патшалық Ресей өкіметінің қазақ даласын жаулап алу және отаршылдық саясатын одан әрі орнықтыру жолындағы жаугершілік іс-әрекеттерін патша әскерінің жеңісі деп көрсетуді; екіншіден, ресми үстемдік пиғылын қоныс аударушылар мен жергілікті «бүратаналардың» санасына сіңіруді, сөйтіп, оқырмандардың бойына басқыншылық саясаттың дұрыстығына деген сенімділікті, ал, жергілікті қазақтарға әлсіздік пен сенімсіздік, үрей мен қорқыныш сезімдерін қалыптастыруды көздеді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TBIMI

  1. Киняпина Н.С., Блиев MM.Дегоев В.В. Кавказ и Средняя Азия во внешней политике Рессии: вторая половина XVIII - 80-е годы XIX вв. - M.: Изд-во МГУ, 1984. - С. 214.
  2. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. - Алматы: Санат, 1994. - 416 б.
  3. Қасымбаев Ж. Кенесары хан. - Алматы: Қазақстан, 1993. - 89-90 бб.
  4. Кенесарин А. Султаны Кенесары и Сыздык. - Ташкент, 1889. - С. 42.
  5. Рецензия на книгу А. Кенесарина «Султаны Кенесары и Сыздык» // ТВ. - 1889. - 18 июля.
  6. Об Ирждарской битве // Бартольд В.В. Собр. соч.: в 9 т. - M., 1963-1977. - Т. 1. - С. 90.
  7. Павлов Н. Бодандықтан бой тартқан. Сыздық султан хақындағы сөз // Хан кене. - Алматы, 1993. - 416 б.
  8. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы жэне туркология. - Алматы, 1987. - 72 б.
  9. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. - Алматы, 1985. - 126 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.