Қазақ поэзиясындағы табиғат құбылысы

Мақалада қазақ поэзиясының көркемдік-эстетикалық деңгейінің артықшылығы мен тақырыптық ерекшеліктері мәселесі қақында айтылды. Қазіргі қазақ ақындарының Абай салған сара жолды сабақтастықпен жалғастыруы заңды құбылыс. Лирикалық өлеңдердің қай тақырыпты қозғамасын, өлеңнің өн бойында қаны таза халықтың болмыс-бітімі мен мұндалап тұрады. Ұлттық болмыстың сөз өнерінен көрінуін аша отырып, өлеңнің бітімінен көркемдік пен поэтикалық ерекшелікті іздедім. Ұлықбек Есдәулетов пен Гүлнар Салықбайдың поэзиясындағы табиғат анамен қазақ өмірінің үйлесімділігі айқындалды.

Эр кезеңнің өзіне сай тақырыбы бар, сол тақырыпты оқырман жүрегіне жеткізетін қаламгерлері бар. Адамзаттың күллі дәуір бойына қарыштап дамып, тынымсыз өсу жолымен өркендеп, әрдайым жақсылыққа қол созатынындай, көркем әдебиетте де заманымен бірге алдыға жылжу, суреттеу мен баяндаулардың өзгеріске ұшырауы, тоқтаусыз өрлеп кемелденіп отыруы да байқалып отырады. Ол да қоғамдық құбылыстың бір түрі тұрғысында көркем әдебиет оның ішінде ұлттық поэзияның да өмір үрдісімен сабақтас болуы. Поэзияның шеберлігі, биіктігі заманның қал-ахуалын, тіршіліктің өрбу заңдылығын кестелі ұйқаспен бере алуы. Мүндай шеберлікті басқа ғылымнан да табуға болады. Дегенмен халықтың тарихы фольклормен жалғанғаннан кейін сол фольклордың негізі поэзиямен сабақтасатынын байқаймыз. Тілсіз поэзияның құдіреттілігі ұйқас пен буын иірімдері арқылы сөзді өрнектеу. Сөзге тіл бітіру. Өлеңге ырғапен үйлесімге жақын. Үйлесімнің нәтижесінде дыбыстық әуені қалыптасқан сөз өрнегі туады. Қазақ поэзиясының тарихы терең, әдебиет атты көркемдіктің нәрлі саласы. Бұдан шығатын қорытынды поэзияны түсініп зерделеген сайын біз өзіміздің тарихымызға терең бойлағанымыз. Сөйлем сөзден құралатын нәрсе болғандықтан, сөз ішіндегі буындар, ырғақтар, сөзбен бірге түгелімен сөйлемге кіреді. Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің желісі, теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады. Бұл ырғақ - сөйлемдердің ішіндегі буын санының бірдейлігімен, кестелерінің реттілігімен, сөздерінің әуездес үқсастығымен келетін ырғақ.

Өлеңдегі табиғат құбылысының көрінуі және оның тұтастай елдік мүрат пен рухани болмысқа сабақтастығы жалпы поэзияда жетерлік. Үлықбек Есдәулеттің поэзиясы дала және сол табиғаттың тыныс тіршілігіне және жалпы жаратылыс болмысымен біте қайнасып жатыр.

Дала деген кеңістік қой өр-сайлы,

Уақыт мұнда қозғалыстан шаршайды.

Көз байлана киіз үйге кіріп тұр,

Көз шырымын алдыруды аңсайды.

Уақыт бізден, әсте мүрсат сұрап па?

Кірсін, қонсын!..

Киіз үй көп қыратта.

«Уақыт байғұс сәл тынығып алсын» деп

Малшы алаңдап ұйықтамайды бірақ та [1, 223].

Даланы жырлау, туған елді туған өлкені сағыну. Жалпы қазақтың жаны, дала яғни табиғатпен байланысты. Қазақ поэзиясында оның ішінде елдік, тәуелсіздік тақырыбын жырлағанда табиғат атаулыны сөзге тиек ету жиі байқалады. Солай болуы да заңдылық. Себебі ата-бабамыздың өмір сүру салты табиғатпен тікелей байланысты. Үлттық әдебиетте табиғат көріністерін беру сол баба мұрасына жақындау, байырғы өмірге деген сағыныш. Үлықбек Есдәулетұлының поэзиясындағы ауылдың жайсаң өмірі, қоңырқай тіршіліктің табиғатын жырлау ақынның суреткерлік шеберлігі мен ауылға деген сағынышынан туған десек артық айтқандық болмас.

Жайлау қандай,

Жайлаудағы түн қандай.

Ай да нұрын ақтарып тұр бұлданбай.

Қой шетінде қолбаңдаған қарақшы

«Ит-құс болсаң, әрі жүр» деп тұрғандай.

Қой күйсейді сағыз шайнап жатқандай,

Маңыраса - дауысы да мақпалдай,

Естіледі шегірткенің шырылы

Қарағанның қоңырауын қаққандай.

Отағасы отын үйді ошаққа...

Ot ұқсайды желбіреген шашаққа.

Жел бір жүпар жеткізіп тұр қолқама,

Жалбыз ба, әлде балжуран ба, тосап па?

Жел еседі түнгі ұйқысы бір қанбай,

Саққұлақ та әупілдейді құр қалмай.

Қой шетінде қалбаңдайды қарақшы,

«Қонақ болсаң, торге шық» деп түрғандай [1, 224].

Табиғаттың тылсым сыры қойлы ауылдың түніне жан бітіріп, қазақтың жайсаң келбетін көрсетеді. Түнгі аспаннан нүрын айқара таратып тұрған, жарық ауа, дала тағысынан қорғаштап, қой күзетіп жүрген қойшы, алаңсыз шөп күйсеп жатқан қойдың мамыражай күндегі маңыраған дауысы, айта берсең айтып таусылмайтын керемет ауылдың өмірін, ақын көз алдыңа әкеледі. Белгілі ғалым, әдебиет зерттеушісі Құныпия Алпысбаев айтқандай: «Шыноыкка қүрылган поэзияның гумыры - мәцгілік. Поэзия тагылымыи мурат тутқан мыц жъілОықтар гумырынан дерек беріп, багыноырган іиыңы мен басқан асуы тарихи дамудың ой жүйемен үндестігініц пакты дэлме-дэл айгагы болады» [2, 117]. Расымен ғұмырлы поэзияның дәуірі де ғұмырлы болады. Қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушісі Айқын Нұрқатов өзінің жалпы өлеңнің құрылысы жайлы пікірінде: «Сөз өнері кез-келген үлттың рухани дамып өсуінің көркем гиежіресі гапа болып қоіімаіі, жан дүниесін түсініп соны кестелі түрде жеткізу болып табылатыны аііқып. Кез-келген үлттың дамуы тарихы мен салт-дәстүрін ежелден шлыптасқаптерец мәдениетін жалпы болмысы сол халыңтың лоебиетінен табады. Поэзия - адам баласыныц жалпы өзіндік аоамоық қасиетіи дамытудагы ец мыңты, ец мацызды қүралоарыныц бірден бірегеһі. Әлімсаңтан бері қазақ поэзиясы көктеп өсудіц, жеціс пен рухани майданның жандану мен .жасампазоықтыц тамаша үлгісі болып келеді. Оган,біздіц сусындап отырган арыдан бері келе жатқан алтын цорымыз поэзия сөзімізге дәнекер болады. Сүбелі сөз, көркем тіл, кестелі сөз қолоаныстары, түгиымды тецеулер қайоа оесеціз - қазақ поэзиясына зер салыцыз» [3, 409]. Иа, зерделі поэзия көркем тіл, жүйелі теңеу бәрі-бәрі - қазақ поэзиясында.

Үлттың рухани болмысы қайта тіріліп, ояна бастаған уақыты, елдің мұңнан құтылып азаттыққа аяқ басуымен және арман тілегінің орындалуымен тығыз байланысты. Үлттық әдебиеттің ұлы мүраттар жолында қызмет жасауы заңдылық. XX ғасыр әдебиеті Абай мұрасы және Алаш зиялыларының бай қазынасымен толыққан болса, сол қазынаны жас үрпақтың санасына сіңіру жолын бүгінгі поэзия ту етіп ұстады. Таза, мөлдір кіршіксіз поэзияның тұнықтығына селкеу түсірмей, ұлттың намысына жігер қосты, шабыттандырды. Әдебиет арқылы ұлт тарихына, өткеніне терең бойлай алады. Әдебиет сол біз айтып жүрген өмірді, көркем әрі бейнелі түрде оқырманға жеткізеді. Адамның бойындағы қасиеттерді өмір және өмірдің бөлшегі табиғатпен байланыстыра суреттейді. Ол суреттеу өлеңдерде жиі кездеседі. Кездесіп қана қоймай, өмір мен табиғаттың жалпы айтқанда дәуірлер мен жылдарды байланыстырып, тілге тиек етіп, жырға қосады. Бүгінгі қазақ поэзиясы, ұлттың ғасырлармен жалғасқан арман аңсарын жырға қосты. Азаттық пен азаматтықты өлеңге тірек еткен ақындардың мақсаты да үлт алдындағы міндеті де бір болды. Шындықты сүйген, ақиқатты ту еткен бүгінгі поэзия өкілдері баба жолын жалғап, ұлт аманатын арқалап ұлттық поэзияны жарыққа шығарып келеді.

Көркем өнердің ішіндегі ұлысы - сөз өнері. Сол сөздің көркемдігі табиғатпен байланысты. Табиғат арқылы ақын заманның көңіл күйін, өмірді және айналасындағы болып жатқан дүниені сезеді, тебіренеді және жарлайды. Табиғат пен адамзаттың үйлесімділігі поэзияда тіпті бөлек, көркем суреттеледі. Шын туайтында нағыз қайталанбас туынды көркемдік тұрғысынан да құрылысы жағынан да сүлу әсем суреттелетін, табиғат тақырыбындағы лирика. Табиғат тақырыбындағы поэзия - терең мағынасымен бейнелі сюжетімен, көркемділігімен маңызды. Табиғатқа байланысты өлеңдердің тағы бір екерекшелігі қоғамды әрі шынайы табиғатты бүгінгі тіршілікпен байланыстырады. Жалпы алғанда, ақындық шабыт талмай үзілссіз ізденістен тұрса, сол ізденіске деген махаббатты қаламгер табиғаттан алады. Белгілі ақын қызымыз Гүлнар Салықбайда табиғатқа деген жан сезімін, мұңы мен сырын ақтарады.

Жаңбырлы түнде жан жылар,

Жаныңнан артық қайда бар?

Көшеде көңіл қаңғырар, Арманның ізін аймалар. Қуаныш, қайғы табысар, Жүректің көзі жасаурап. Басыңмен сосын алысар

Басқадан қашан асау бақ.

Жаңбырлы түнде жан жылар,

Жан бар ма басу айтатын?

Сән қүрар ағаш салбырар -

Жапырағы жоқ байытатын [4, 59].

Табиғаттың көркем бейнесі жаңбырлы түнді адамның көңіл-күйі арқылы суреттейді. Адамның құлазыған жанын суреттеп тұрғандай. Қуаныш пен қайғының өмірде алмасып жататынын да ақын тілге тиек етеді. Күйзелістен мұңайған адамның келбетін жаңбырлы түннің бейнесі арқылы келтіреді. Тағы бір өлеңінде,

Жып-жылы бір жел есті маужыратып,

Салқындықты қуалап, қалжыратып.

Жылы ағаштар жып-жылы көзін ашты,

Сыз илеген кеудені саңғыратып.

Жылы жерден жылы шөп жылтың қағып,

Жылы көкке қарайды бұлтың бағып.

Алма ағашы Алладан бақ тілейді -

Сырғаларын тағып ап, сылқымданып [4, 139].

Қай халықтың болмасын өзіне сай, болмыс табиғаты болатыны айқын. Жалпы қасиеттер барлығына ортақ болғанымен кез-келген халықтың таным-түсінігіне сай өзгешеліктер байқалады. Сол бір өзгешелік халықты өзгеден дара бітімін бөлек етеді. Қазақтың өзгеден ерегі табиғатты жүрегімен түсіне алуында. Жоғарыдағы өлеңді алып қарасақ, даланы маужыратып өз әлеміне алып бара жатқан самал жел. Кейде маңғаз даланы ұйықыға әкетіп кейде сілкіндіріп оятып алатын табиғаттың мінезін өлеңге сыйдырады. Ағаштардың өзі самал желдің ығына жығылап тіріліп табиғатпен танысып жатқандай көріністі ақын көз алдымызға кестелі сөзбен жеткізеді. Алма ағашын сырғасын таққан әдемі қызға теңейді. Көздерінде жып- жылы жалыны бар қарапайымдылықтың өзінен жылылықты табатын, көздерінен жылу төгетін, жайсаң жандарды да ақын өлеңнен іздейді. Ақын өлеңнің түйінін былай аяқтайды.

Жылы-жылы жел есті.

Селт еткізді,

Жапырағын жанымның желп еткізді, - деп толғанады [38, 139].

Гүлнәр Салықбай поэзиясындағы табиғат пен өмірдің әдемі гормониясы осылай үйлесім тапты. Шынында, алаш баласының еш халыққа үқсамайтын, өзінің рухани болмысына етене жақын салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бар.

Алаш баласының тарихы тамыры табиғатпен жалғанған. Табиғаттың өзінен қуат алатын қазақтың биіктік өлшемі де табиғатпен өлшенеді. Қазақ елінің аспанынан бұлт кетіп күн көтерілген тұсынан бастап, әдебиетіміздің де кең көсіліп қарыштауына жол ашылды. Қазақ елі өзінің рухани байлығын түгендеп, өткенін зердедеп, келешекке деген мақсатын бағамдап бойын тіктеп, алдыға алшаң қадам бастады. Ақын Ұлықбек Есдәулет айтқандай,

Қазақиям - азат үям, қоңыр жұртым, ұлы елім, қаңқылдаған қаз атынан сөз саптаған сүлейім.

Шыңбысың сен - Хан-тәңірім, әлде Бетпақ - шөлмісің, қаңсыса да қан тамырың, қыңқ етпейтін көнбісім [1, 155].

Үлықбек ақын айтқандай қарапайымдылықты жанынан артық жақсы көретін, жылқы мінезді қоңыр жұртымыздың рухы - азат, арманы - асқақ. Ғалым, Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет не үшін қажет?» деп әдеби қауымға келелі тұжырым ұсынуы, бүгінгі тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттің болашағы үшін жасалған ой толғаныстар. Әдебиет - қоғамның дамуына жүйелі түрде ат салысып отыратын ең маңызды қасиеті мен киесі бар дүние. Әдебиет жалпы көркем сөзден құралады. Сол сөздің рухы мен бейнесі шығармада образ тұрғысынан көрініс береді. Тәуелсіздік ауқымы қашанда азаттық, еркіндік ұғымымен біте қайнасып жатыр. Үлттық әдебиетімізді ұлттық жауһарлармен өрнектей білсек, тәуелсіз әдебиеттің бітім- болмысын жасай алғанымыз. Алаш зиялыларының басты мақсаты - ұлттық өркениетімізді биікке көтеру, ұлт жолында қызмет ету болды. Әлімсақтан басталатын қазақ әдебиетінің тарихында әр заманның көрнекті өкілдері, ұлттың рухани жүгін арқалаған ұлт майталмандары тұтастай қазақ елінің дамуына қызмет атқарды. Қалың елі қазақты рухтандырды, жігерлендірді. Яғни Алаштың әдеби үрдісінің бүгінгі жасампаз ғылыммен жалғасып жатуы, бабалар мен ұрпақтар арасындағы сабақтастықты білдіреді. Поэзия рухани еркіндік пен ойдың жүйелілігін қалайтыны әуел бастан белгілі. Ақиқат пен адалдық бірге жүрген сәтте ғұмырлы өлең дүниеге келеді. Қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік идеясы әлі талай қазақ халқының ең биік, ең ауқымды рухани жауһарары санатына косылып, ұрпақ санасында жатталатыны сөзсіз. Жоғарыдағы біз айтқан ақындар поэзиясындағы табиғат құбылысы да бүгінгі кезең поэзиясының алтын жәдігерлері. Себебі, табиғат тақырыбындағы өлең арқылы күллі адамның қоғамдық өмірдегі түр-әлпетін бере алуы, асқан шеберлік. Өзі қозғап, өлеңмен өріп отырған табиғат көріністері арқылы ұлт жайлы және өзінің жеке азаматтық ойын сабақтастыра суреттеп отыру талғамы биік ақындардың қолынан келетін іс. Өмірдің белесті сәттерін өлеңмен өріп, табиғат құбылыстарымен байланыстыра білген ақындардың сөзі көркем, әрі күллі жаратылысты шебер тілмен суреттейді.

 

Әдебиеттер

  1. Есдәулет ¥. Екі томдық таңдамалы шығармалар, 1 том: Алтын тамыр. Ел мен жер жырлары. - Алматы: Жазушы, 2006. - 392 б.
  2. Алпыспаев Қ. Поэзия парасаты. - Алматы, 2006. - 300 б.
  3. Нүрқатов Айқын. Абайдың ақындық дәстүрі. Монография. Шығармалар жинағы. - Алматы, 2010. - 476 б.
  4. Салықбай Г. Аспандағы аңсарым. - Алматы: Жазушы, 2001. - 144 б.
Тег: Ақын
Жыл: 2020
Категория: Филология