Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сексеуілдің ботаникалық ерекшеліктері және биохимиялық көрсеткіштері

Аңдатпа

Мақалада сексеуіл өсімдігінің ботаникалық ерекшеліктері мен биохимиялық, құнарлық көрсеткіштері сипатталған. Қазақстан бойынша сексеуіл орман қорының көлемі 5,4млн.га, алкейінгі жылда сексеуіл екпе ағаштарының жалпы ауданы 591,0 мың гектарға көбейді. Қазақстанның оңтүстік аумағында орналасқан Қызылқүм мен Мойынқұм алқаптарында жайылым көлемі 29 миллион гектардан асады. Қызылқүмда жусанды - еркекшөпті, жусанды - сексеуілді жайылымдар басым. Бұл аталған өсімдік түрлері осы аумақта фауна қүрып, құм борандарының және қүм көшкінін тоқтатады. Бағалы мал азығындық өсімдіктерге жататын жүзгін, баялыш, теріскен, изен, еркекшөп, құм жусанды, қылша, таспа, шытыршақ түрлері көп өседі. Сексеуілдің бір жылдық жасыл бүтақтарында 13-15% шикі протеин, клетчатка мөлшері - 10-16%, жаз және күз мезгілдерінде 21%, қыста - 25% увеличивается.. Көпжылдық сабақтарында күл мөлшері 40-42%; бір жылдық сабақтарында - 23,3%. Қүрғақ массада 20 азықтық бірлік болады, күзде - 46 а.б., қыста - 37 а.б. қүрайды.

Kipicne

Құмды өңірлерде сексеуілдің бір жылдық сабақтары мен тұқымын майда малдар жылдың күз және қыс мезгілдерінде құнарлы азық, ал түйелер сексеуілмен жыл бойы қоректенеді. Сексеуіл жайылымының өнімі әр гектардан 8,5-10,8 тоннаға жетеді. Қойлар мен ешкілер сексеуілдің жапырақтарын, жас шыбықшаларын кеміріп жейді. Қыстың қара суығында үй жануарлары үшін құмды аймақтар әрі қорған, әрі таусылмайтын жайлым.

Экологиялық тұрғыдан құмды аймақта сексаул өсімдігі осы өңірдегі құм жылжуын тоқтататып және басқа өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік береді. Осыған орай, сексеуіл өсімдігін құмтоқтатқыш және желден қорғайтын қорғаныс ретінде, сексеуіл өсімдігін егетін арнайы орман шаруашылығы құрылды. Осы мекеме жылсайын арнайы егу жүмыстарын жүргізеді. Республикада егілген сексеуіл жолақтары бар жайылымдар жүз мың гектарды құрайды [1,2].

Зерттеу әдістері

Тәжірибе жүмыстары жыл бойы Түркістан облысының Отырар, Шардара аудандарының Сырдария өзенінің батыс жағалауындағы қызылқұм аймағында өткізілді. Зерттеу нысаны қызылқұм аймағындағы сексеуіл өсімдігі. Зерттеу міндеттеріне сексеуілдің өсіу кезеңдеріне климат факторларының ықпалы және жеке мүшелерінің биохимиялық құрамының көрсеткіштері.

Зерттеу нәтижелері

Сексеуілдің бір жылдық жасыл бүтақтарында 12-16% шикі протеин болады, оның мөлшері жыл мезгілдерінде өзгеріп отырады. Өсімдіктің көп жылдық сабақтарында шикі протеин мөлшері томен болады - 4-5%. Өсімдікте клетчатка мөлшері 10-17% құрайды, ал жас бұтақтарда клетчатка мөлшері 15-17% жетеді. Сонымен бірге, оның мөлшері күз айларында 20-21% құраса, қыста 24-25% жетеді. Күл мөлшері көпжылдық сабақтарында 39-41% құраса, ал бір жылдық сабақтарында күл мөлшері 23,3% болады. Сексеуіл өсімдігінің құрғақ массада 20 азықтық бірлік болады, осы көрсеткіш күздік өсімдікте - 46 азықтық бірлік, ал қыста - 37 азықтық бірлікке көтеріледі.

Қызылүм аймағындағы сексеуіл өсімдігінің тамыр жүйесінің ботаникалық ерекшеліктері. Топырақтың құрғақшылық деңгейіне байланысты сексеуілдің бойы мен тамыр қзындығының өсу қарқыны біркелкі болмайды. Жер бетінің топырағының құрғақ болуына байланысты, сексеуілдің тамыры 1- жылы тереңдеп өсетіндігі қазған кездерде байқалды. Олардың тамыры тереңге 182 см дейін жеткен, жер бетіндегі биіктігінен 3 есе үзын болды, көлденең өскіні 17 см. болды.

Сексеуілдің негізгі және жанама тамырлар жүйесінің ұзындығын анықтауда, зерттеуімізде 4-5 жылдық сексеуіл ағаштарының тамыры қазылды. Негізгі тамырдың жан - жаққа таралуы, негізгі тамырдың тек 75 см. тереңдіктен басталды. Қара сексеуілдің 3 - жылдық өсімдігінің бойының биіктігі 800 см. болды, сол ағаштың тамыры 420 см. тереңге бойлап кеткен, тамыр мойына 170 см. тереңдікке дейін 5,5 см. болып анық көрініп, төменге дейін тіке бойлаған. Бұл жерде айналасына майда тамыршалар болып жайылып төмендеп борпылдақ ылғал топыраққа тірелген. 45 см. тереңдікте айналасына майда ақ түсті тамыршалар жайған, олар көлденең жайылып өскен (1 Кесте).

Кесте 1 Сексеуілдің әр жылдағы өсімдік биіктігі мен тамыр жүйесінің өсім
көрсеркіштері

Жеке мүшелерінің көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Өсімдік жасы

1 - ші жылы

3 - ші жылы

6 - шы жылы

Өсімдіктің биіктігі

CM

20

82

125

Тамырдың тереңдеп өсуі

CM

190

425

765

Көлденең жайлып өскен тамырлардың үзындығы

CM

19

241

480

Тамыр мойнының диаметрі

MM

19

58

147

Сексеуілдің негізгі тамыр жүйесінің жан - жағына тарамданып жайылуы 100 — 120см. тереңдік қабаттан басталады. Тамырдың топырақтың жоғарғы қабатында тарамдалуы сирек болады. Жанама тамырлар негізгі тамырдан 140 см. дейін жан - жаққа өсіп кетеді, кейде олар өсімдіктен 239 см. дейін қашықтыққа өсіп кетеді. Негізгі тамырлар да, жанама тамырлар да топырақтың тығыз қабаттарын жарып өтіп жіңішкереді кейде майысып, жабысып қалады. Алты жылдық сексеуілдің тамыр жүйесі, жайылып өсуі жөнінен үш жылдағымен салыстырғанда кең көлемге таралуымен анықталған.

Қара сексеуіл биіктігі - 130-150 см жетеді, ал олардың тамырларының өсу тереңдігі 760 см жетеді. Мүнда негізгі тамыр 60-70 см. тереңдікте жан-жағына тарамданып кеткен, ал негізгі тамырдың жуандаулары майдалау төрт тамыршаға бөлініп кетсе, ал екінші тамыр 3 тармаққа бөлінген. Қызылқұм аймағында қара сексеуілдің тамырларының жинақты өскендігі көрінеді, жанама тамырлар да тіке төменге қарай бағытталған. Мұнда бірінші сатыдағы тамырлар жақсы дамыған, ал қосалқы жанама тамырлары әлсіздеу дамыған [2, 3].

Сексеуіл өсімдігінің құнарлылығы мен биохимиялық құрамы жас бүтақшаларды өсіре отырып оның құрамындағы протеин мөлшерінің 16,8%, бұл ассимиляциялық өскіндерде 12,3% құрады. Өсімдік құрамында шикі майдың мөлшері сәйкесінше 1,7% және 1,8% қүрады. Ал клетчатка мөлшері - 17,66-14,44%, шикі күл - 40,48-34,05% болды (2 Кесте).

Кесте 2 Сексеуіл өсімдігінің биохимиялық құрамы

Химиялық құрамы, (таза қүрғақ заттар)

Өлшем бірлігі

Сексеуілдың 3 жылдық өсімдігі

ассимиляциялық өскіндер

ағаштың түбінен шыққан бүтақшалар

Шикі протеин

%

12,3

16,8

Шикі май

%

1,7

1,8

Шикі клетчатка

%

14,5

17,7

БЭВ

%

37,0

23,3

Шикі күл

%

34,1

40,4

Барлығы

%

100,0

100,0

Кальций

г/кг

1,40

1,66

Фосфор,

г/кг

0,1

0,6

Сексеуіл өсімдігінің жас бүтақшалары биохимиялық қүрамы бойынша мен ассимиляциялық өскіндердің айырмашылығы байқалды. Мұндағы айырмашылық тек азотсыз экстробелсенді заттарда (БЭВ) болып түр. Аталған көрсеткіш ассимиляциялық өскіндерде 37,0% құраса, жас бүтақшаларда 23,3% болды. Сексеуілдің химиялық құрамын анықтау үшін берілген бүл мәліметтерден 16,8% шикі протеин, 1,8% шикі май, шикі күл клетчатка мөлшері 17,7% қүрады.

Сексеуілдің жас бүтақшаларының құнарлылық көрсеткіштері мен химиялық құрамының жыл мезгілдеріне өзгеретіні анықталды (3 Кесте).

Кесте 3 Сексеуілдың жас бүтақтарының жыл мезгілдеріндегі құнарлығы және
химиялық құрамы

Жыл мезгілдері

Тек қана құрғақ заттар, %

Протеин

Май

Клетчатка

БЭВ

Күл

Көктем

17,8

3,5

19,4

31,8

27,5

Жаз

12,4

1,6

20,8

27,5

37,7

Күз

9,4

2,9

20,0

31,6

36,1

Қыс

8,3

2,7

26,7

21,6

40,7

Мұнда шикі протеин мөлшерінің көктемгі мерзімде 17,8% көбейсе, қыс мезгілінде 8,3% дейін төмендейтіні байқалды. Майдың мөлшері көктемде 3,5% болса, жазда күрт томен түсіп - 1,6% қүрады. Бүл көрсеткіш күздік - қыстық мезгілдерде 2,9- 2,7% болады. Клетчатка мөлшері сабақтардың өсуіне, қүрылымына қарай өзгеріп отырады, көктемде 19,4% және қысқа қарай 26,8% дейін өседі.

Ссексеуілдің ерекшелігі, жас бүтақшаларында азотсыз экстробелсенді заттар мөлшерінің мол болуында - 31,8-21,4% және шикі күлдер мөлшері 27,5-40,7% қүрады. Жыл мезгілдеріндегі сексеуілдің жас шыбықтарының қүнарлық көрсеткіштері: жазда 72,2% және 12,5%, күзде 62,6 6 бүтақтарындағы судың мөлшері, көктемде - 88,9% - 92,3%, жазда - 76,7% , күзде 58,0% - 64% - 70%, және қыста 25% - 25% - 30% болады.

Сексеуілдің құрғақ бүтақтарындағы су мөлшері 5,2% - 6,5%, 6,6% - 10,3% шикі протеин, 1,5% - 1,6% май, 13,2% - 14,9% клетчатка, 47,9% - 48,8% БЭВ, және 20,0% - 23,7% күл болады.

Қорытынды

Сексеуілдің негізгі тамыр жүйесінің жан - жағына тарамданып жайылуы 100-120 см. тереңдік қабаттан басталады. Тамырдың топырақтың жоғарғы қабатында тарамдалуы сирек болады. Жанама тамырлар негізгі тамырдан 140 см. дейін жан-жаққа өсіп кетеді, кейде олар өсімдіктен 239 см. дейін қашықтыққа өсіп кетеді. Мүндағы айырмашылық тек азотсыз экстробелсенді заттарда (БЭВ) болып тұр. БЭВ ассимиляциялық өскіндерде 37,0% құраса, жас бүтақшаларда 23,3% болды. Сексеуілдің химиялық құрамын анықтау үшін берілген бүл мәліметтерден 16,8% шикі протеин, 1,8% шикі май, шикі күл клетчатка мөлшері 17,7% құрады.

 

Әдебиет:

  1. Абдраимов С.А. Аридные пастбища Казахстана - Алма - Ата: Кайнар,1988 - 140 б.
  2. Абдраимов С.А., Сейткаримов А.Ибрагимов Т.С Оңтүстік Казахстан шел жайылымдарын пайдалану және жақсарту. - Алматы: «Бастау» 2004. - 24 б.
  3. Ескараев Н. Қызылқум алқабында қүмды бекіту мен жайлымды қорғау жұмыстары. Каракулеводство, верблюдоводства и аридное ормопроизводство.. Алматы 2003, Б. 249 - 251.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.