Аңдатпа
Мақалада генотипі әртүрлі қозылардың өсуі мен дамуына орта факторларының ықпалын зерттеу нәтижелері енгізілген. Көктемде Қаракөл қойларының саулықтарының төлдеу кезеңі мен өсімдіктің жер бетіне шығуы және олардың өсіп жетілу бірдей кезенде өтеді. Климат өзгергіштігі сыртқы фактор ретінде төлдің тірі салмағына және өсуіне эсер етеді. Жануарлар генетикалық факторлар мен орта жағдайларының күрделі эрекеттесуінен қалыптасады. мұнда сыртқы орта ағзаның дамуын іске асырып, оның фенотиптік көрінуін анықтайды. Жануарлардың экстерьер көрінісі олардың генотипінің сыртқы ортада да қаншалықты бейімділігін көрсетеді. Азықтандыру жануарлар организіміне ықпал етуші басты фактор. Азықтандыру арқылы малды тұлғасын, іш қүрылыстарын өзгертуге болады. Азықтың эсерімен оның эртүрлі органдарының қызметін нашарлатуға. ксрісінше, күшейтуге болады. Селекциялық жұмыстар арқылы, малдың өнімділігі мен олардың өсіп - дамуын,реттеуге болады.
Kipicne
Республикадағы шөл аймақтың қоршаған ортасының табиғат ерекшелігі ылғал тапшылығы, ауа температурасының тұрақсыздығы. Климаттық өзгеріске байланысты осында өсетін өсімдіктер қүрғақ аймаққа бейімделген. Шел өсімдігінің құрылымдық морфологиялық айырмашылықтары, жапырақтың көлемінің, тамыр ұзындығының өзгеруіне әкелді. Мал шаруашылығының қажеттілігін өтейтін азықтың үштен екісін табиғи жайылымдар береді. Бұл жердегі табиғи жайылымдар өсімдіктер түріне және топырақ құрамына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар негізінен солтүстіктен оңтүстікке қарай гидро - термикалық факторлардың ықпалына қарай өзгеріске үшырап отырады. Осыған орай олар үш климаттық топтарына жіктеледі: солтүстік, орталық және оңтүстік шөлейттер. Бұл жайылымдардың әр қайсысы өзінің макро және микро жағдайларына байланысты экологиялық ерекшеліктерімен көрінеді [1,2].
Жануарлар белгілерінің өзгергіштік дәрежесі генетикалық факторлар мен орта жағдайларының күрделі әрекеттесуінен қалыптасады, мұнда сыртқы орта ағзаның дамуын іске асырып, оның фенотиптік көрінуін анықтайды. Жануарлардың тұлға көрінісі олардың генотипінің сыртқы ортада да қаншалықты бейімділігін көрсетеді. Жануарлар организіміне сыртқы ортаның басты ықпал етуші факторлары азықтандыру. Азықтандыру арқылы малды тұлғасын, іш құрылыстарын өзгертуге болады. Азықтың әсерімен оның әртүрлі органдарының қызметін нашарлатуға, керісінше, күшейту арқылы малдың сыртқы түріне ықпал етеді. Селекциялық жүмыстардың нәтижесі, малдың өнімділігі мен олардың өсіп - даму, конституция және бейімделу белгілерімен бірге жүргізілген жағдайда ғана жоғары деңгейде сақталады [2, 3].
Зерттеу әдістері
Зерттеудің тәжірибе бөлімі Түркістан облысының қаракөл қойын өсіруге мамандандырылған «Құмкент» шаруашылығында өткізілді. Қаракөл қойының өсуіп - жетілуі 1-3 күндігінде, 4-4,5 айлығында және 1,5 жасында оның салмағы, дене өлшемдері - қиғаш ұзындығы, шоқтығының биіктігі, аяқтарының орамы, кеуде орамын өлшеу арқылы анықталды [4]. Алынған сандық мәліметтер Е.К. Меркурьева вариациялық статистика әдісімен [5] өңделді.
Зерттеу нәтижелері
Генотипі әркелкі түрлі - түсті төлдердің жасына байланысты салмағының динамикалық өзгерісі. Қойдың селекциялық белгілері сыртқы ортаның факторларымен ықпалдасу дәрежесі әркелкі. Саны аз генімен бақыланатын сапалық белгілер сыртқы орта факторларымен ықпалдасу дәрежесі томен немесе тіптен жоқ болғандықтан олар фенотипте толық айқындалады. Полигендерді сандық белгілер сыртқы факторлардың ықпалына көп ұшырайды. Сондықтан, сандық белгілердің нәсілдік қасиеттері сыртқы факторлармен ықпалдасу ауқымы кең болғандықтан фенотипте айқындалуы кезеңінде генотипі толық байқалмайды.
Қаракөл қойларының саулықтарының төлдеу кезеңі көктемде өсімдіктің жер бетіне шығып және олардың өсіп жетілу кезеңіне сәйкес келеді. Жайлым өнімінің өзгергіштігі сыртқы фактор ретінде төлдің тірі салмағына, жүн талшығына, елтірі сапасына және оның ассортимент! нің өзгеруіне ықпал етеді.
Көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың тіршілікке бейімделігі, қойлардың жүн талшықтарының пигменттену дәрежесі мен сипатына байланысты. Мал организімін күн инсоляциясынан қорғайтын меланин түрлі түсті қойларда қара түстімен салыстырғанда томен болады.
Тәжірибедегі қанықтылығы әркелкі дәрежедегі қара түсті қойлар өсу динамикасы бойынша тугаи кезде, 1 айлық, 4,5 айлық жастарында зерттелінді (1 Кесте).
Кесте 1 Генотипі әркелкі төлдің салмағына орта факторларының
ықпалы (килограм есебімен)
Қара түстің қанықтылық дәрежелері |
Төлдің жасы |
Орта факторларының ықпал дәрежесі |
||
ықпалы жоғары жыл |
ықпалы томен жыл |
айырмасы |
||
Өте қанық |
туған кезде |
4,6±0,07 |
4,6±0,05 |
— |
1 айлық |
9,9±0,18 |
9,9±0,15 |
— |
|
4,5 айлық |
27,8±0,24 |
27,8±0,20 |
— |
|
Орта дәрежедегі қанық |
туған кезде |
4,5±0,04 |
4,4±0,05 |
0,1 |
1 айлық |
9,8±0,13 |
9,7±0,15 |
0,1 |
|
4,5 айлық |
27,8±0,22 |
26,5±0,26 |
1,3 |
|
Томен дәрежедегі қанық |
туған кезде |
4,4±0,05 |
4,3±0,06 |
0,1 |
1 айлық |
9,8±0,15 |
9,6±0,16 |
0,2 |
|
4,5 айлық |
28,0±0,23 |
26,1±0,26 |
1.9 |
Жалпы, төл туған кезіндегі салмағы 4,3 кг - 4,6 кг, 1 айлық жасында 9,6 кг - 9,9 кг, 4,5 айлық жасында 27,7 кг - 27,9 кг болды.
Сыртық орта факторлары әртүрлі жылдары пигментация қанықтылығы генотипі бойынша әркелкі төлдердің салмақ көрсеткіші сарапталынды. Жүн жамылғысы өте қанық типтегі қозылар салмағы туған кезінде, 1 және 4,5 айлық жастарында орта факторлары әркелкі жылдары бірдей болды. Ал, пигментация қанықтылығы орта жэне томен дәрежедегі қозылардың салмагы орта факторларының өзгеруіне қарай өзгеріп отырды. Мұнда, қозы салмагы орта ықпалы томен жылы аза йып кетті. Туған кезде 0,1 кг, 1 айлық жасында 0,1 кг - 0,2 кг, 4,5 айлық жасында 1,3 кг - 1,9 кг қүрады.
Қозылардың жасына байланысты салмағының абсолюттік айырмашылығын сараптағанда, жайлы жылы қанықтылығы орта дәрежедегі қозылар салмагы 18,0 кг, қанықтылығы томен дәрежедегі қозыларда 18,2 кг жетті. Бұл көрсеткіш - II топтағы қозыларда 1,2 кг, III топтағы қозыларда 1,7 кг құрады (2 Кесте)
Кесте 2 Төл жасына байланысты салмағының абсолюттік
айырмашылығы (килограм есебімен)
Қара түстің қанықтылық дәрежелері |
Төлдің жасы |
Орта факторларының ықпал дә |
эежесі |
|
ықпалы жоғары жыл |
ықпалы томен жыл |
айырмасы |
||
Өте қанық |
туған кезде |
4,6 |
4,6 |
— |
туған кезінен 1 айға дейін |
5,3 |
5,3 |
— |
|
Іайдан 4,5 айға дейін |
17,9 |
17,9 |
— |
|
Орта дәрежедегі қанық |
туған кезде |
4.5 |
4.4 |
0.1 |
туған кезінен 1 айға дейін |
5.3 |
5.3 |
— |
|
Іайдан 4,5 айға дейін |
18.0 |
16.8 |
1.2 |
|
Томен дәрежедегі қанық |
туған кезде |
4.4 |
4.3 |
0.1 |
туған кезінен 1 айға дейін |
5.4 |
5.3 |
0.1 |
|
Іайдан 4,5 айға дейін |
18.2 |
16.5 |
1.7 |
Пигментация қанықтылығы бойынша генотипі әркелкі қозылар салмағының сыртқы орта факторларымен әрекеттесуі әркелкі болғандықтан салмақтың фенотипте айқындалу дәрежесі тұрақсыз болды.
Генотипі әркелкі түрлі - түсті төлдердің тұлға көрсеткіштері. Қанықтылығы әркелкі қозылар тұлға көрсеткіштеріның биіктігі, кеуде орамы, сирақ орамы бойынша зерттелінеді. Тәжірибеге алыған барлық қозылар иық биіктігінің көрсеткіші 38,1 - 38,4 см, кеуде орамы 36,6 - 36,9 см, сирақ орамы 5,7 - 5,8 см қүрады (3 Кесте).
Кесте 3 Төлдің тұлға көрсеткіштеріне орта факторларының
ықпалы (сантиметр есебімен)
Қара түстің қанықтылық дәрежелері |
дене өлшемдері |
Орта факторларының ықпал дәрежесі |
||
ықпалы жоғары жыл |
ықпалы төмен жыл |
айырмасы |
||
Өте қанық (п= 45) |
Иық биіктігі |
38,2 |
38,2 |
— |
Кеуде орамы |
36,8 |
36,8 |
— |
|
Сирақ орамы |
5,8 |
5,8 |
— |
|
Орта дәрежедегі қанық (п= 50) |
Иық биіктігі |
38,3 |
38,2 |
0,1 |
Кеуде орамы |
36,9 |
36,7 |
0,2 |
|
Сирақ орамы |
5,8 |
5,8 |
- |
|
Теме н дәрежедегі қанық (п= 48) |
Иық биіктігі |
38,4 |
38,1 |
0,3 |
Кеуде орамы |
36,8 |
36,6 |
0,2 |
|
Сирақ орамы |
5,8 |
5,7 |
0,1 |
Мұндай айырмашылық әр түстің ішіндегі қозыларда байқалады. Иық биіктілігі өте қанық қара қозыларда 38,2 см, қанықтылығы төменде - 38,1 см - 38,4 см болды. Осындай тенденция кеуде орамы бойынша қанықтылығы әркелкі қозыларда қайталанады. Сирақ орамы көрсеткіші біршама тұрақтылығын байқатты.
Генотипі әркелкі қозылардың тұлға көрсеткіштеріне орта факторының ықпалы әркелкі болды. Мұнда төлдің сирақ орамына орта факторының ықпалы әсері томен деңгейде сақталды. Тек қана қанықтылығы томен дәрежедегі төлде ғана олардың ықпалы байқалды - 0,1 см (5,8 см; 5,7 см). Орта факторларымен жоғары дәрежедегі ықпалдасу иық биіктігі белгісінде анықталды - 0,1-0,3 см. Аталған белгінің кең ауқымда ықпалдасуы генотипі қанықтылығы томен дәрежедегі қозыларда байқалды - 0,3 см (38,4 см; 38,1 см).
Қорытынды
Пигментация қанықтылығы бойынша генотипі әркелкі қозылар салмағының сыртқы орта факторларымен әрекеттесуі әркелкі болғандықтан салмақтың фенотипте айқындалу дәрежесі тұрақсыз болды. Сыртық орта факторлары әртүрлі жылдары пигментация қанықтылығы генотипі бойынша әркелкі төлдердің салмақ көрсеткіші сарапталынды. Жүн жамылғысы өте қанық типтегі қозылар салмағы туған кезінде, 1 және 4,5 айлық жастарында орта факторлары әркелкі жылдары бірдей болды.
Әдебиет:
- Стакан Г.А. Взаимодействие генотипа со средой в процессе преобразующего отбора по количественным признакам: Автореф. дисс. доктора биологических наук. - Новосибирск, 1968. - 107 с.
- Байжұманов Ә. Мал өсіру. - Алматы: Кайнар, 1981. - 224 б.
- Борисенко Е.Я. Разведение сельскохозяйственных животных. - M.: Сельхозгиз, 1952. - С. 486.
- Меркурьева Е.К. Биометрия в селекции и генетике сельскохозяйственных животных. - M.: Колос, 1970. - 423 с.